Сонымен қатар Қазақстанда функционалдық мүмкіндіктердің көп болуына байланысты болашақта банк дүңгіршектерінің айтарлықтай серпінді дамуын күтуге болады.
Электрондық банк терминалдарының сандық көрсеткіштерінің төлем карточкаларын ұстаушылармен арақатынасы жағдайында 1000 ұстаушыға 3 терминал және 1 банкоматтан келеді. Бұл ретте банкоматтар бойынша бұл көрсеткіш дамыған елдердің көрсеткіштеріне ұқсас. Мәселен, Сингапурда 1000 ұстаушыға 0,5 банкоматтан келеді. Орнатылған терминалдарға қатысты Қазақстанның көрсеткіші дамыған елдердің көрсеткіштерінен төмен, мәселен, Англияда 1 000 ұстаушыға 8 терминалдан, Сингапурда – 17 терминалдан, Швейцарияда – шамамен 10 терминалдан келеді.
Сонымен қатар жабдық санының көп болуы төлем инфрақұрылымының дамығандығын және тиімділігін білдірмейді. Мәселен, Алматы қаласында өткен жұмыс кездесуінің және төлем инфрақұрылымын бағалау шеңберінде дүниежүзілік банктің және VISA компаниясының өкілдері банкоматтардың белгілі бір жерлерде ғана шоғырланғанын атап өтті, бұл Еуропа мен АҚШ-та байқалмайды. Осылайша, банктер арасында жабдықты орналастыру жөнінде де, төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету бойынша да проблема орын алып отыр.
Төлемдер инфрақұрылымының дамуын интернет, мобильді телефонды және т.б. пайдалану сияқты қашықтықтан қол жеткізу жүйелері арқылы осы жүйелер арқылы жасалған транзакциялар көлемінің өзгеру динамикасын қарау жолымен бағалауға болады. Мәселен, 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда интернет және мобильді телефондар арқылы жүзеге асырылған төлемдер санының өсуі 27,3%-ды құрады, бұл банктердің бизнесті электрондық түрде жүргізуге қызығушылығының бар екендігін білдіреді.
Сонымен қатар бизнесті электрондық түрде жүргізу оның негізгі кемшілігі де болып табылады. Электрондық банктік қызметтер нарығына бұрын көңіл бөліп, дамытып жатқан батыс сарапшыларының атап өтуінше, халықтың көпшілігі оны қабылдамайды, ал кейбірі электрондық банктік қызмет көрсетуді пайдаланып көріп, одан бас тартады.
Мұның негізгі себебін банктердің клиенттері виртуалды қызмет көрсету кезінде олардың сұраныстарының барлығын есепке алудың мүмкін еместігімен атап өтеді, бұл электрондық төлемдерді және өзге де қаржылық операцияларды жүзеге асыру рәсімдерін өздігінен зерделеуге ниетсіз екендігін болжайды.
Осылайша, электрондық банктік қызмет көрсетудің барынша ыңғайлылығына қарамастан, қаржы операцияларын, оның ақша төлемі мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде халық дәстүрлі түрде ақшаны қолға ұстап есеп айырысудан бас тартуға әлі дайын емес. Бұл көбіне қоғамның оншалықты прогрессивті емес бөлігіне қатысты.
Қазақстанның өңірлері бойынша электрондық банктік қызметтер нарығының даму көрсеткіштерінің айтарлықтай дифференциациясы, яғни ірі қалаларда – дәстүрлі мәдени орталықтарда көрсеткіштерді жоғары, облыстарда төмен болуы осындай қорытынды жасаудың растаушы факторларының бірі болып табылады. Жоғарыда атап өтілгендей, электрондық банк терминалдары көрсеткіштерінің айтарлықтай дамыған желісі Алматы қаласында байқалады, оған барлық POS-терминалдардың 32,0%-ы, банкоматтардың 18,8%-ы және банк дүңгіршектерінің 17,8%-ы тиесілі. Астана қаласында POS-терминалдардың 13,4%-ы, банкоматтардың 10,1%-ы және банк дүңгіршектерінің 8,5%-ы орнатылған. Қалған барлық дерлік аймақтарда бұл көрсеткіштер 10%-дан төмен.
Ресейде осындай ахуал байқалады, мәселен, 2012 жылы жүргізілген Бүкілресейлік бастамашылық пікіртерімінің деректері бойынша, интернет-банкингті қоса алғанда, электрондық банк қызметтерін негізгі пайдаланушылар Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында тұрады. Қазақстанда 2012 жылдың соңында 14 173 сауда және қызмет көрсететін кәсіпорын жұмыс істеген, олар өздерінің 21 329 сауда және сервис пункттерінде (ССП) POS-терминалдар орнатуға банктермен шарт жасасқан. 2012 жылы көрсетілген кәсіпкерлердің саны 17,8%-ға, ал ССП 15,8%-ға ұлғайды.
Кәсіпкерлер мен ССП негізгі бөлігі Алматы қаласында – тиісінше 32,8% 34,6%, Астана қаласында – 14,8% және 14,4%.
Бұл ретте, 2013 жылдың басында Үкіметтің қаулысы қолданысқа енгізілді, оған сәйкес жеке кәсіпкерлер (ЖК) қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыра отырып, төлем карточкаларын ақы төлеуге қабылдауға, тиісінше POS-терминалдар орнатуға міндеттенеді. Салық комитетінің деректері бойынша мұндай ЖК саны 160 мыңнан асады. Осыған байланысты төлем карточкаларын қолдану аясы айтарлықтай ұлғаяды деп күткен жөн. Бірақ оң күтулерге қарамастан, белгілі бір шешілмеген мәселелер бар. Мәселен, жоғарыда көрсетілген қаулы контейнерлерден және сөрелерден жүзеге асырылатын, яғни базарлардағы саудаға қолданылмайды. Ал тауар айналымы, тиісінше базардағы жеке сөренің немесе контейнердің ақша массасының айналысы POS-терминалдың орнатылуы міндетті ССП айналымынан бірнеше есе артық болуы мүмкін.
Сондай-ақ POS-терминалдар жұмысының іркілісі болуы мүмкін. Мысалы, 2012 жылы бір POS-терминал бойынша бір күнде кемінде 2 транзакция жасалды. Банкоматтар мен банктік дүңгіршектердің жүктемелері де шамалы болды. Мысалы, 2012 жылы бір банкомат бойынша бір күнде қолма-қол ақша алу бойынша 46 транзакция және қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру бойынша 5, банктік дүңгіршектер бойынша 21 транзакция, оның ішінде қолма-қол ақша салу арқылы 19 транзакция жасалды. Салыстыру үшін, Ресейде бір банкомат бойынша орташа алғанда бір күнде 40 транзакция жасалады.
2012 жылдың аяғында Қазақстанда 24 банк және «Қазпочта» АҚ төлем карточкаларын шығарды. Жыл ішінде 4 банк төлем карточкаларын шығару кірісті, бұл соңғы 7 жылдағы рекордтық көрсеткіш болып табылады.
Банктер үшін төлем карточкаларын шығару тек клиенттерді қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесіне аудару ғана емес, сонымен қатар жарнамалық акция болып табылады.
Қазақстанда бір тұрғынға 0,8 төлем карточкаларынан келеді, бұл дамыған шет елдердің көрсеткішінен төмен. Мәселен, дамыған елдерде бір тұрғынға 3 – 5 төлем карточкаларынан келеді, бұл осы эмитенттердің осы төлем құралын өзін-өзі жарнамалау ретінде белсенді пайдаланатынын растайды. Англияда бір тұрғынға 3 карточкадан, Швейцарияда 2 карточкадан, Ресейде 2,8 карточкадан келеді. Осылайша, Қазақстанда айналыстағы төлем карточкаларының саны тұрғындардың жалпы саннан аз екенін ескере отырып, банктерде эмитенттік қызметті дамыту үшін кеңестік бар.
Алайда қазіргі кезде шығарылған карточкалардың жалпы санының тек жартысы ғана пайдаланылады, бұл халықтың карточкаларды пайдалануға қызығушылығын арттыру бойынша одан кейінгі шараларды талап етеді.
Қазақстандағы төлем карточкалары нарығына тән ерекшелік айналыстағы төлем карточкаларының жылына кемінде 10% қалыпты өсуі болып табылады, оларды жалпы саны 2013 жылғы 1 қаңтарға 12,1 млн. бірлікті құрады, бұл олардың 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша санынан 26,9% көп. Бұл ретте төлем карточкаларын ұстаушылардың саны 11,1 млн. адамды құрады, бұл елдің экономикалық белсенді халқынан 2 млн. адамға көп.
Айналыстағы кредиттік төлем карточкалары үлесінің 2012 жылы айтарлықтай (11,4%-дан 17,6%-ға) ұлғаюына ерекше назар аудару керек.
2012 жылы Қазақстандағы айналыстағы кредиттік төлем карточкаларының айтарлықтай (2,2 есе) ұлғаюының Ресейдегі ахуалмен ұқсас екенін атап өткен дұрыс, онда 2012 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша кредиттік төлем карточкаларының саны рекордтық 60,3% ұлғайды, ал сарапшылардың болжамдары бойынша өсу 80% асуы мүмкін.
Айналыстағы кредиттік төлем карточкаларының негізгі үлесін халықаралық төлем жүйелері құрайды – 95,4%, олар VISA International (83,2%), MasterCard Worldwide (11,9%), China Union Pay (0,1%) және American Express International (0,2%) төлем карточкаларымен ұсынылған. Жергілікті жүйелер нарықтың 4,6% құрайды.
Қазақстандағы төлем карточкалары нарығының аймақтар бойынша бөлінісі айналыстағы төлем карточкаларының және олардың ұстаушыларының үштен бірі Алматы қ. тиесілі екенін көрсетеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарына және Астана қ. айналыстағы кредиттік төлем карточкаларының жалпы санының тиісінше 7,7%, 7,0%, 6,8% және 6,8% тиесілі. Басқа аймақтарда осы көрсеткіш 5% аз.
2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып 5,6 трлн. теңге сомаға 187,6 млн. транзакция жасалды. 2011 жылмен салыстырғанда транзакциялардың саны 20,5%, ал сомасы 27,9% ұлғайды. Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша алу бойынша операциялардың саны 2011 жылмен салыстырғанда саны бойынша 17,2% және сомасы бойынша 27,4% ұлғая отырып, 4,7 трлн. теңге сомадағы 146,4 млн. транзакцияны құрады (санының 97,8% және сомасының 88,6% банкоматтар арқылы жүзеге асырылды). Тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол емес төлемдер жасау 2011 жылмен салыстырғанда саны бойынша 33,9% және сомасы бойынша 31,6% ұлғая отырып, 0,8 трлн. теңге сомадағы 41,2 млн. транзакцияны құрады.
Осылайша, Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған төлемдердің жалпы құрылымындағы қолма-қол емес төлемдердің үлесі санының 20,9% және сомасының 12,8% құрайды.
Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған қолма-қол емес төлемдердің өзгеру үрдісі мынадай болды: соңғы 5 жылда қолма-қол емес төлемдердің сомасының үлесі аса өзгермеген кезде, саны үлесінің біртіндеп өсуі байқалды.
Қалыптасқан жағдай төлем карточкаларының басым бөлігінің, әдетте қолма-қол ақшаның бүкіл сомасын алуға дағдыланған ұстаушыларға «жалақы жобалары» шеңберінде берілгеніне байланысты. Осыған байланысты, аталған ұстаушылардың жалақысының өсуі төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған төлемдердің құрылымына тікелей ықпал етеді.
Бұл ретте қолма-қол емес төлемдер үлесінің ұлғаюы сондай-ақ банкоматтардың функционалдық мүмкіндіктерінің дамуына және нарықта қолма-қол емес төлемдердің жүзеге асыруға болатын банк дүңгіршектерінің пайда болуына байланысты. Алайда, көрсетілген төлемдер, әдетте, шамалы сомалармен жасалады.
Мәселен, 2012 жылы банкоматтар арқылы Қазақстан эмитенттерінің және шетелдік эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған барлық қолма-қол емес төлемдер санының 42,4% және сомасының 24,2% жүзеге асырылды, ал бастапқыда қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыруға арналған POS-терминалдар арқылы көрсетілген төлемдер санының 46,1% және сомасының 66,1% жүзеге асырылды.
Қазақстанның бүкіл аумағында 2012 жылы банктік электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы (клиент банк жүйесін қоспағанда) Қазақстан эмитенттерінің және шетелдік эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбай 1,1 трлн. теңге (7,5 млрд.$) сомаға 52,8 млн. транзакция жасалды.
Банктік электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы жасалған төлемдер
Терминалдың немесе қашықтан кіру жүйесінің атауы
|
Төлем карточкаларын пайдалан отырып жасалған қолма-қол емес төлемдер
|
Төлем карточкалары пайдаланылмай жасалған қолма-қол емес төлемдер
|
Төлем карточкалары пайдаланылмай, қолма-қол ақша салу арқылы жасалған төлемдер
|
саны (мың транз.)
|
сомасы (млн. теңге)
|
саны (мың транз.)
|
сомасы (млн. теңге)
|
саны (мың транз.)
|
сомасы (млн. теңге)
|
POS-терминал
|
16 058,3
|
440 505,0
|
-
|
-
|
-
|
-
|
үлесі %
|
46,5%
|
68,9%
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Банкомат
|
15 867,6
|
162 518,1
|
-
|
-
|
404,5
|
18 433,9
|
үлесі %
|
46,0%
|
25,4%
|
-
|
-
|
3,5%
|
7,8%
|
Банк дүңгіршегі
|
777,3
|
21 056,1
|
-
|
-
|
10 983,2
|
214 800,6
|
үлесі %
|
2,3%
|
3,3%
|
-
|
-
|
96,1%
|
90,7%
|
Интернет
|
1 619,7
|
14 453,2
|
5 066,8
|
118 920,2
|
-
|
-
|
үлесі %
|
4,7%
|
2,3%
|
74,2%
|
47,7%
|
-
|
-
|
Мобильдік телефон
|
195,7
|
182,9
|
349,2
|
752,9
|
-
|
-
|
үлесі %
|
0,6%
|
0,03%
|
5,1%
|
0,3%
|
-
|
-
|
Өзге құрылғылар
|
10,0
|
250,5
|
1 408,2
|
129 422,5
|
35,7
|
3 713,5
|
үлесі %
|
0,03%
|
0,04%
|
20,6%
|
52,0%
|
0,3%
|
1,6%
|
Жиынтығы:
|
34 528,6
|
638 965,8
|
6 824,1
|
249 095,5
|
11 423,4
|
236 948,0
|
Салыстыру үшін, 2012 жылы электрондық терминалдар арқылы Ресейде 49,8 млрд.$, Англияда 753,1 млрд .$, Швейцарияда 84,9 млрд .$ төлемдер жасалды, бұл Қазақстанның банк терминалдары нарығының тек бастапқы даму сатысында тұрғанын растайды.
Банктік электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы жасалған төлемдердің негізгі үлесі Алматы қ. (санының 37,4% және сомасының 40,2%) және Астана қ. (тиісінше 11,3% және 11,5%). Бұл ретте төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша алу бойынша операциялардың үлесі Алматы қ. (қолма-қол ақша алу бойынша операциялар санының және сомасының 17,8% және 20,9%) және Астана қ. (тиісінше 9,5% және 9,9%) қолма-қол төлемдер құрылымындағы тиісті үлестен төмен болды, бұл осы қалалар тұрғындарының қаржылық сауаттылығының жоғары екенін растайды.
Интернет-банкинг
Қазіргі уақытта 12 екінші деңгейдегі банк Интернет арқылы төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетеді. Оның ішінде 6 банк осы қызметті төлем карточкаларын пайдалана отырып, басқалары оларды пайдаланбай көрсетеді.
2012 жылы төлем карточкаларын немесе оның деректемелерін пайдалана отырып Интернет арқылы жүзеге асырылған барлық төлемдердің басым саны ұялы байланыс операторларының қызметіне ақы төлеуге тиесілі. Бұл ретте осы операциялардың көлемінің негізгі үлесін бір банк шотынан басқа банк шотына аударымдар алады.
Интернет арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдер
Операцияның түрі
|
Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын төлемдер
|
Төлем карточкаларын пайдаланбай қолма-қол жасалмайтын төлемдер
|
Жиынтығы:
|
Саны (мың транз.)
|
сомасы (млн. теңге)
|
Саны (мың транз.)
|
сомасы (млн. теңге)
|
Саны (мың транз.)
|
сомасы (млн. теңге)
|
ұялы байланыс операторларының қызметіне ақы төлеу
|
1 081,5
|
925,8
|
2 104,9
|
2 868,8
|
3 186,4
|
3 794,5
|
%-бен үлесі
|
67,0%
|
6,5%
|
41,5%
|
2,4%
|
47,7%
|
2,8%
|
Клиенттің бір банк шотынан басқа банк шотына аударымдар
|
166,3
|
11 665,4
|
213,4
|
16 618,3
|
379,6
|
28 283,7
|
%-бен үлесі
|
10,3%
|
81,6%
|
4,2%
|
14,0%
|
5,7%
|
21,2%
|
Коммуналдық қызметке ақы төлеу
|
147,9
|
718,3
|
454,7
|
4 263,4
|
602,7
|
4 981,7
|
%-бен үлесі
|
9,2%
|
5,0%
|
9,0%
|
3,6%
|
9,0%
|
3,7%
|
«Қазақтелеком» АҚ қызметіне ақы төлеу
|
112,4
|
489,0
|
601,7
|
2 328,6
|
714,2
|
2 817,7
|
доля %
|
7,0%
|
3,4%
|
11,9%
|
2,0%
|
10,7%
|
2,1%
|
Тауарларға және материалдық емес құндылықтарға ақы төлеу
|
66,3
|
164,4
|
437,7
|
9 838,2
|
503,9
|
10 002,6
|
%-бен үлесі
|
4,1%
|
1,2%
|
8,6%
|
8,3%
|
7,5%
|
7,5%
|
өзге төлемдер
|
45,3
|
490,3
|
1 254,3
|
83 002,7
|
1 299,7
|
83 493,1
|
%-бен үлесі
|
2,8%
|
3,4%
|
24,8%
|
69,8%
|
19,4%
|
62,6%
|
Жиынтығы:
|
1 619,7
|
14 453,2
|
5 066,8
|
118 920,2
|
6 686,5
|
133 373,4
|
Ұялы банкинг.
Қазіргі уақытта 6 екінші деңгейдегі банк ұялы телефон арқылы ақша төлемін және аударымын жүзеге асыру қызметін ұсынады. Оның ішінде 4 банк төлем карточкаларын пайдалана отырып осы қызметті ұсынады, басқалары оларды пайдаланбай-ақ ұсынады.
2012 жылы төлем карточкаларын немесе оның деректемелерін пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбай-ақ ұялы телефон арқылы жүзеге асырылған барлық операциялардың негізгі саны және сомасы ұялы байланыс операторларының қызметіне ақы төлеуге тиесілі.
Ұялы телефон арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдер
Операцияның түрі
|
Төлем карточкаларын пайдалана отырып
|
Төлем карточкаларын пайдаланбай
|
Жиынтығы
|
Саны (мың транз.)
|
сомасы (млн. теңге)
|
Саны (мың транз.)
|
сомасы (млн. теңге)
|
Саны (мың транз.)
|
сомасы (млн. теңге)
|
ұялы байланыс операторларының қызметіне ақы төлеу
|
185,7
|
172,8
|
334,9
|
342,2
|
520,6
|
514,9
|
%-бен үлесі
|
94,9%
|
94,5%
|
95,9%
|
45,4%
|
95,5%
|
55,0%
|
Клиенттің бір банк шотынан басқа банк шотына аударымдар
|
-
|
-
|
9,5
|
389,8
|
9,5
|
389,8
|
%-бен үлесі
|
-
|
-
|
2,7%
|
51,8%
|
1,7%
|
41,7%
|
«Қазақтелеком» АҚ қызметіне ақы төлеу
|
0,02
|
0,04
|
3,1
|
13,2
|
3,1
|
13,2
|
%-бен үлесі
|
0,01%
|
0,02%
|
0,9%
|
1,7%
|
0,6%
|
1,4%
|
өзге төлемдер
|
-
|
-
|
1,4
|
3,9
|
1,4
|
3,9
|
%-бен үлесі
|
-
|
-
|
0,004
|
0,005
|
0,003
|
0,004
|
Жиынтығы:
|
195,7
|
182,9
|
349,2
|
752,9
|
544,9
|
935,8
|
II. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ
Банкаралық төлем жүйелерінің тиімді дамуының ең негізгі көрсеткіштерінің бірі төлем жүйелері (ЖҮК) жұмысының үздіксіздігінің (жұмыс істеу қабілетінің) жоғары коэффициентін1 ұстап тұру болып табылады, бұл елдің аймағында төлемдердің уақтылы жүргізілуіне ықпал етеді. Әлемдік стандарттарға2 сәйкес осы көрсеткіш 90% аспауы тиіс. Бұл ретте 99%-дан астам көрсеткіш елдегі жұмыс істейтін жүйелердің жоғары тиімділігін сипаттайды.
Тұтастай алғанда, 2012 жыл бойы төлем жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті коэффициенттерінің мәні 99,9%-дан астам деңгейде сақталды, бұл қойылған мақсаттарға сәйкес келеді. Орташа алғанда 2012 жылы БААЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 99,989% болды, Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 99,998% болды, бұл төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды.
Төлем жүйелерінің 2012 жылғы жұмыс істеу қабілеті
коэффициентінің өзгеру динамикасы
Сонымен қатар, бірқатар елдерде орталықтың сенімділіктің сол немесе өзге деңгейін қамтамасыз ету қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін орталықтарды үй-жайлармен жабдықтау бойынша стандарттар бар. АҚШ-та американдық (ANSI) TIA-942 стандарты қабылданды, ол деректерді өңдеу орталықтарын құру бойынша ұсынымдарға жауап береді және орталықтарды сенімділік дәрежесі бойынша бөледі. Шын мәнінде, TIA-942 дүние жүзінде деректерді өңдеу орталықтары үшін деректерді көлемі және сенімділігі бойынша жіктейтін бірыңғай стандарт ретінде қабылданады.
Сипаттамалардың жалпы кестесіне сәйкес сенімділік талаптарының ең жоғары деңгейі бойынша деректерді өңдеу орталығында кез келген жұмысты тоқтаусыз жүргізу мүмкіндігі болуы тиіс, инженерлік жүйелер қосалқы болуы тиіс (мысалы, екі үздіксіз қуат көзі). Бұл ретте апат кезінде 26 минуттан аспайтын тұрып қалу уақытына жол беріледі.
Мәселен, 2012 жылы төлем жүйелерінің тұрып қалуының жалпы уақыты 19 минут (БААЖ – 19 минут, БКЖ – 8 минут) болды, 2011 жылмен салыстырғанда (БААЖ – 4 сағат 25 минут, БКЖ – 3 сағат 14 минут) осы көрсеткіш 14 есе жақсарды.
Төлем жүйелерінің 2010 - 2012 жылдар аралығындағы
тұрып қалу уақыты (минуттар).
Төлем жүйелерінің сенімділік және жұмыс істеу қабілетінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында 2011 жыл - 2012 жыл аралығындағы кезеңде ҚБЕО негізгі және резервтер аралығындағы электр қуаты жүйелерін жетілдіру және қосымша шифрлеу арнасын орнату бойынша жұмыс жүргізілді.
Атап айтқанда, төлем жүйелерінің серверлері үшін Ұлттық Банктің дизель-генераторына қосылатын үздіксіз электр қуатының қосымша көзі орнатылды. Аталған жұмыс электр қуатының тұрып қалу тәуекелін екі есе төмендетуге және тиісінше электр қуатының проблемалары болған жағдайда бас тарту тұрақтылығын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ҚБЕО негізгі және резервтік орталықтарындағы қосымша қорғалған оптикалық біріктіруді қосу жұмысы жүргізілді. Аталған жұмыс ҚБЕО негізгі және резервтік орталықтары арасындағы төлем жүйелерінің серверлері желілерінің қорғаныштық деңгейін және бас тарту тұрақтылығын арттырды.
Төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және резервтік орталықты тұрақты дайындықта қолдау мақсатында ҚБЕО 2012 жыл бойы төлем жүйелерінің жұмысын резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аударуды екі рет жүзеге асырды. Мәселен, 2012 жылғы 26 наурызда ҚБЕО төлем жүйелерінің жұмысын резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аударуды жүзеге асырды. Төлем жүйелерінің жұмысын кері аудару 2012 жылғы 30 наурызда жүзеге асырылды. Сонымен қатар 2012 жылғы 11 шілде – 2012 жылғы 18 шілде аралығында төлем жүйесінің жұмысы резервтік серверлерде жүзеге асырылды. БААЖ, Банкаралық клиринг жүйесінің және Банк хабарламаларын алмасу жүйесінің төлемдік және коммуникациялық жүйелері резервтік орталықтың серверлерінде үздіксіз жұмыс істеді.
Тұтастай алғанда, 2012 жылы Қазақстаның төлем жүйесі арқылы 170,7 трлн. теңге (немесе 1 144,8 млрд.$) сомаға 32,4 млн. транзакциялар жүргізілді. 2011 жылмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 2,8%-ға ұлғайды, төлемдердің сомасы 11,3%-ға азайды.
Орташа алғанда бір күнде Қазақстаның төлем жүйесі арқылы 2012 жылы 693,0 млрд. теңге сомаға 131,1 мың. транзакциялар жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |