Платежные системы казахстана


Уақыт және сомалар аралықтары бойынша БААЖ-да жүргізілген төлемдер



жүктеу 1,01 Mb.
бет4/7
Дата04.12.2017
өлшемі1,01 Mb.
#2937
1   2   3   4   5   6   7
Уақыт және сомалар аралықтары бойынша БААЖ-да жүргізілген төлемдер

Уақыт аралықтары бойынша төлемдер саны



Сомалар аралықтары бойынша төлемдер сомалары


Уақыт аралықтары бойынша төлемдер саны



Уақыт аралықтары бойынша төлемдер сомалары



Елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығына айтарлықтай ықпалын тигізуі мүмкін өтімділік тәуекелін3 және жүйелік тәуекелін4 басқару мақсатында Ұлттық Банк және төлем жүйелерін пайдаланушылар жүйедегі пайдаланушылардың позицияларына тұрақты негізде мониторинг және бақылау жүргізеді.

Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі өтімділік тәуекелін және жүйелік тәуекелін басқару мақсатында БААЖ-дың ақша айналымдылығы коэффициентін (ААК)5 және өтімділік коэффициентін (АӨК) 6күн сайынғы негізде есептейді және олардың белгіленген мәндерге7 сәйкестігін талдауды жүзеге асырады.



2008ж. бастап 2012 ж. дейінгі БААЖ-дағы пайдаланушылар өтімділігінің көрсеткіштері

Жүйеде өтімділіктің орташа күндік көлемі (пайдаланушылар төлемдерді және ақша аударымын жүзеге асыру үшін жүйеге аударатын ақша сомасы) 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 7,9%-ға ұлғайып, 912,0 млрд. теңге құрады. Бұл ретте өтімділіктің орташа күндік көрсеткіші орташа күндік төлемдер сомасының 135,3% құрайды, бұл жүйені пайдаланушылардың төлемдер жүргізу үшін өтімділікпен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілгенін сипаттайды.


2012 жылы БААЖ-да пайдаланушылар өтімділігінің өзгеру динамикасы

БААЖ-да ақша айналымының орташа күндік коэффициенті (ААК) 0,74, ақша өтімділігі коэффициенті (АӨК) - 1,48 болды, бұл кредиттік, өтімділік және жүйелік тәуекелдер ең төменгі болып саналатын мәндерге сәйкес келеді.

II. БАНКАРАЛЫҚ КЛИРИНГ ЖҮЙЕСІ


Банкаралық клиринг жүйесінде қатысушылар саны 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 37 болды.

Осы жүйе бойынша статистикалық деректер оның аз сомаларға бөлшек төлемдердің негізгі ағынын өткізудегі өзінің рөлін атқарғанын дәлелдейді. Мәселен, 2012 жылы барлық қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 62,0% осы жүйе арқылы өңделді. Клиринг жүйесінде төлемдердің негізгі көлемі тауарлар мен материалдық емес активтер (жүйеде төлемдердің жалпы көлеміндегі үлесі 32,7% құрады), көрсетілген қызметтер (үлесі – 26,9%) үшін есеп айырысу бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің төлемдеріне келеді

2012 жылы Банкаралық клиринг жүйесі арқылы 4 218,5 млрд. теңге (немесе 28,3 млрд. долл.) сомасына 20,1 млн. төлем құжаты өтті.

2011 жылмен салыстырғанда клиринг жүйесінде құжаттардың саны 2,2%-ға өсті, төлемдер сомасы 13,3%-ға ұлғайды.


2008 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі Банкаралық клиринг жүйесінде төлемдер ағынының динамикасы

Бұл ретте 2012 жылы орташа алғанда күніне клиринг жүйесі арқылы 17,1 млрд. теңге сомасына 81,2 мың құжат өткізіліп отырған.


жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау