Платежные системы казахстана


жылдан бастап 2012 жыл аралығындағы төлем жүйелеріндегі төлемдер ағынының динамикасы



жүктеу 1,01 Mb.
бет3/7
Дата04.12.2017
өлшемі1,01 Mb.
#2937
1   2   3   4   5   6   7

2008 жылдан бастап 2012 жыл аралығындағы төлем жүйелеріндегі төлемдер ағынының динамикасы



Бұл ретте төлемдер көлемінің азаюы негізінен клиенттердің депозиттермен және жеке қаражатын аударумен операциялар бойынша төлемдер сомасының 40,3%-ға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған бағалы қағаздар мен вексельдермен операциялар бойынша төлемдердің 12,1%-ға азаюына байланысты.



Төлем мақсатының түрлері бойынша төлемдердің көлемі


Көрсеткіштердің атауы

2011 жыл

2012 жыл

Өзгеруі

млрд. теңге

Жалпы көлемге %-бен

млрд. теңге

Жалпы көлемге %-бен

млрд. теңге

%

Шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар

25 847,2

13,4%

26 209,6

15,4%

362,4

1,4%

Депозиттер

42 405,6

22,0%

25 304,8

14,8%

-17 100,8

-40,3%

Қарыздар

1 749,1

0,9%

2 035,4

1,2%

286,3

16,4%

ҚР резидент еместері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер мен депозиттік сертификаттар

157,4

0,1%

199,9

0,1%

42,4

27,0%

ҚР резиденттері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер

83 148,0

43,2%

73 070,0

42,8%

-10 078,0

-12,1%

Тауарлар және материалдық емес активтер

11 239,2

5,8%

12 817,6

7,5%

1 578,4

14,0%

Қызметтер

8 225,6

4,3%

9 875,1

5,8%

1 649,5

20,1%

Басқа төлемдер

19 618,9

10,2%

21 194,6

12,4%

1 575,7

8,0%

Жиынтығы

192 391,1

100,0%

170 706,9

100,0%

-21 684,2

-11,3%


II.I. БАНКАРАЛЫҚ АҚША АУДАРУ ЖҮЙЕСІ
БААЖ тұтастай алғанда сипатына қарай әлемдегі RTGS жүйесімен көбіне ұқсас. Мысалы, Швейцарияның SIC жүйесімен (Швейцарияның Ұлттық Банкінде орналастырылған активтер есебінен нақты уақыт режимінде төлемдерді есептеу), Англияның CHAPS жүйесімен (электрондық төлемдер жүйесі, төлемдер нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады), Украина ЭТЖ, Сингапур MEPS, Қырғыз МНУЕЖ, Жапония BOJ-NET ұқсас. БААЖ пайдаланушылар саны 01.01.2013 жылғы жағдай бойынша 50 болды.

2012 жылы БААЖ арқылы 166,5 трлн. теңгеге (1 116,5 млрд.$) 12,3 млн. транзакция жүргізілді, бұл Қазақстанның ЖІӨ 5,8 есе көп. Бұл ретте айына орташа БААЖ арқылы елдің ЖІӨ жылдық көлемінің жартысына жуығы өткізіледі.



Салыстыру үшін 2011 жылы Ресейдің БЭТЖ көлемі 6920,6 млрд.$ (елдің ЖІӨ 4,1 есе көп), Швейцарияның SIC 2011 жылы – 66 698,3 млрд.$ (елдің ЖІӨ 6,8 есе көп), Сингапурда 2012 жылы – 11 618 млрд.$ (елдің ЖІӨ 3,6 есе көп) құрады.

2011 жылмен салыстырғанда БААЖ-ғы төлемдердің саны 3,9% ұлғайды, төлемдер сомасы 11,8% азайды.

Бұл ретте 2012 жылы БААЖ-ғы бір төлем құжатының орташа сомасы 13,6 млн. теңге болды.

2012 жылы БААЖ-да төлем құжатын есептеу үшін пайдаланылған орташа уақыт 13 секундты (ең көп уақыт – 2 минут 16 секунд) құрады, бұл төлем құжаттарын өңдеудің жоғары жылдамдығын көрсетеді.
2008 жылдан бастап 2012 жыл аралығындағы БААЖ-да төлемдер ағынының динамикасы



2011 және 2012 жылдардағы БААЖ-ғы төлемдердің көлемі

Төлемдер саны



Төлемдер сомасы


Бұл ретте БААЖ арқылы 2012 жылы елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы сомасының 97,5% және олардың жалпы санының 38,0% өткізілді, бұл оның елдің маңызды жүйелік төлем жүйесі ретінде сипаттамасын растайды. Жүйе арқылы негізінен Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен (БААЖ төлемдердің жалпы көлемінің 43,9%), банкаралық депозиттермен және банктердің және олардың клиенттерінің жеке қаражатын аудару бойынша операциялар бойынша (тиісінше 15,1%), сол сияқты шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар бойынша (15,7%) төлемдер жүргізілді. Тауарлар мен қызметтер үшін төлемдердің көлемі 2012 жылы төлемдердің жалпы көлемінің 12,1%-ын құрады.



2012 жылы сомалар аралықтары бойынша төлемдердің ең көп саны 3 млн. теңгеге дейін, ал ең аз саны 500 мыңнан 1 млрд. теңгеге дейін және 1 млрд. теңгеден артық аралықтарында байқалды. Уақыт аралықтары бойынша төлемдердің ең көп саны сомасы 15:00-ден бастап 18:00-ға дейінгі уақыт аралығында жүргізілген.


жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау