Адам құндылықтары
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз жан-дүниеміздің құндылықтарына назар аудара бермейміз. Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады. Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары.
Сіздің үйіңіз, материалдық жағдайыңыз, айналысатын ісіңіз, әуесқойлығыңыз да құндылықтар қатарында. Аналар үшін баласы үлкен құндылық.
Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынадыңыз. Ол азар да безер болып, сізге ренжіді. Неге? Өйткені ол үшін оның шығармасы оның құндылығы. Ол оған жанын салды. Ал сіз үшін ол мүлдем құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, ол сол құндылығын жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек.
Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де жөндеуді талап ететін шығар немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды кешіріңіз. Солай, достар... (173 сөз.)
https://massaget.kz/blogs/4033/
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]
1-мәтін
«Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің магистрі Н.Тұрсынжанқызының
«Қазақ әдебиетін ұлттық құндылық ретінде таныту» мақаласына
АННОТАЦИЯ
Мақалада автор қазақ әдебиеті пәнінің адам бойындағы ұлттық құндылықтардың қалыптасуына тигізетін әсеріне жан - жақты талдау жасайды. Автор «құндылық» түсінігінің тарихына тоқталып, әдебиет жасөспірімдерге әдебиеттануға, сөз маржандарының қыр-сырын игеруге жөн сілтеу ғана беріп қоймай, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, асылы жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы екеніне кеңінен тоқталады. Осы пән арқылы оқушылардың рухани дүниесі байып, туған тілін сүюден адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері қалыптасатынын сөз қылады. Автордың мақсаты – қазақ әдебиеті пәнінде көркем туындыны оқыта отырып, тұнып тұрған ұлттық құндылықтарды оқушы бойына дарыту, оқушы пікірі мен ойына ерекше көңіл бөлу. Осы орайда бүгінгі таңда әдебиетті оқыта отырып, тәрбиенің өзіндік басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленеді. (125 сөз). https://bsh.kz/news/13
2-мәтін
«Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан,
халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын,
пайдалы азамат шықпайды.»
Мұстафа Шоқай.
Қазақ халқын ерекше, болмысы мен тарихы бөлек болып тұратын, басқа халықтардан ерек көрсетететін әрине, негізгі ұлттық құндылық санатына жатқыза алатын құнды мәдениетіміз, тіліміз, дініміз, діліміз, ұрпақтар сабақтастығы, ертегілер, мақал-мәтелдер, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпымыз, салт-санамыз, менталитетіміз, ұлттық өнеріміз, ұлттық тағамдарымыз, ұлттық қолөнеріміз, тұрмыстық бұйымдарымыз, ұлттық ойындарымыз т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттеріміздің бар болғандығы. Ұлттық сана, Ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы біздің рөліміз, біздің еңбегіміз қандай болмақ деген заңды сұрақ туындайды.
Осы тұста «Мәңгілік Елдің – Мәңгілік біліміне» айналатын ұлттық білім беру жүйесін дамытып жатқанымыз рас. Тек кәсіптік бағыт - бағдардағы емес, тұлға, патриот, рухани жан-дүниесі бай Қазақстанның азаматы болуына ықпалдастық жасайтынымыз рас. Ғаламдану үрдісінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрін сақтау жолындағы күрес, ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну, яғни, ұлттық сана-сезімімен мінез-құлқының ана тілінде, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрді меңгеруі негізінде қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу міндетін айтамыз.
Қорыта келгенде, рухани ұлттық құндылықтар мен тәрбиені бойына сіңіре отырып, келешегі кемеңгер, болашағы жарқын Ұлт, Мемлекет бола аламыз. Сөзімді Елбасының сөзімен аяқтағаным жөн болар: «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» (212 сөз). http://internet-konkursy.com/statii/ulttyk-kundylyk-ulttyn-tiregi/
1-мәтін
|
2-мәтін
|
Тақырыбы
|
|
|
Жанры, жанрлық ерекшеліктері неде?
|
|
|
Құрылымы қандай мәтін бөлімдерінен тұрады?
|
|
|
Мәтіндер қалай ресімделген?
|
|
|
Жазылым
Төменде берілген мәтінді оқып, оның мазмұны мен көтерілген басты мәселесін, мәтіннің толық нұсқасын оқуға мақсатты аудиторияның қызығушылығын тудыратындай ғылыми-ақпараттық стильде аннотация жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |