3-мәтін
Табиғи ресурстар
Жамбыл облысы оның жер қойнауында ашылған пайдалы қазбалардың әртүрлілігі бойынша елімізде өзіне тең келері жоқ. Облыс фосфорит және плавикошпат шикізатының бірегей базасы болып табылады, түсті металлдарға (мыс, молибден, алтын, күміс, селен, теллур, қорғасын мен мырыш және т.б.), баритке, көмірге, қаптырма, әшекей және техникалық тастарға (гранит, амазонитті гранит, мрамориз, ізбестас, мрамор, техникалық және түсті халцедон, абразивті шикізат, гематит-кровавик, хлорит-гранат), құрылыс материалдарына (асбест, тальк, слюда, құмтас, цемент және керамзитті шикізат, гипс пен ангидрит, және т.б.), табиғи газға бай.
Облыс территориясында Республикалық баланс қорындағы фосфориттің 71,9% (ТМД территориясындағы ең ірі қоры), плавикалық шпаттың 68% (плавикалық шпаттың қоры бойынша әлемде жетекші орындардың бірінде), кварциттің 65,1%, алтынның 8,8%, мыстың 3% , уранның 0,7% орналасқан. Азықтық және техникалық тұз қоры 10 млн. тоннаны құрайды.
Кварциттің 2 кен орны бар - Жаңатас (баланстық қоры 38 800 мың тоннаны құрайды) және Мақбел республикадағы ең ірі (137 040 мың тонна). Қордай ауданындағы Тымлай титан-магнетит кен орындары анықталған. Қорғасын-мырыш минерализациясының келешегі бар кен орындары Шу-Іле ауданында анықталған. Мыс кенін өндіру Шу ауданындағы Шатыркөл полиметалл кен орнында жүргізіліп жатыр. Өнеркәсіптік қызығушылықты Сарысу ауданындағы қоры 10 млн. тонна азықтық және техникалық тұз кен орындары құрайды. Оның территориясында Шу – Сарысу ойпатының шеңберінде табиғи газдың бірнеше кен орындары барланған. (195 сөз). http://dppzhambyl.gov.kz/kz/city/natural-resources.php
4-мәтін
Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Қазақстан минералдық ресурстарға бай. Қазақстан дүниежүзі елінің ішінде вольфрам, қорғасын, барийдің және басқа да пайдалы қазба байлықтарының қоры бойынша алдыңғы қатарларда. Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бірі, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан. Енді энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап, электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады екен.
Ластаушы компоненттердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты. Қатты отынды жаққанда күл, ыс, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Сұйық отынды (мұнай мен оның өнделген өнімдерін) қолданғанда, ауаға күкірт пен көміртектің қосылыстары бөлінеді. Ал газды (отынды табиғи мен сұйытылған газ) жаққанда, қоршаған орта тек азот оксидімен ластанады. Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқа да қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын қондырғыларды (сүзгіштерді) қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттарды ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады. (159 сөз). https://stud.kz/referat/show/24485
Оқылым
Тапсырма
1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбын, мәтіндердің типтерін, құрылымын салыстырыңыз. Мәтіндер қандай стильде жазылған?
[5]
Достарыңызбен бөлісу: |