Пікір жазғандар
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис. Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис Жасөспірім және заң. Синтаксис Тыңдалым мен айтылым 1-нұсқа Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз (оқыңыз). Мәтінді тыңдау (оқу) барысында онда кездесетін термин сөздерді түртіп алыңыз. Мәтіннің астарлы ойы нені меңзейді? Сұраққа түртіп алған термин сөздеріңізді қолданып, жауап беріңіз. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің негізгі ойына қатысты айтқан жұбыңыздың пікірімен қаншалықты келісесіз? Келісетін не келіспейтін тұстарыңызды дәлелдеп, жүйелі кері байланыс беріңіз. [10] Мәтіндер 1-мәтін Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер кітабы – Қызыл кітабы. Оның мұқабасының тысы қызыл. Бұл түстің таңдалып алынуы кездейсоқ емес. Қызыл түс үрейдің, қауіп-қатердің белгісі іспетті ғой. Кітап жер бетінен жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің жоғалып кету қаупі төнгенін алдын ала ескертеді. Мәселен, керіктер, орангутандар, қолтырауындар, жолбарыстар, қабыландар өте сирек ұшырасатын болды. Олар Қызыл кітапқа жазылып, қорғауға алынды. Еліміздің Қызыл кітабына тау барысы мен қоқи қаз, құлан мен бүркіт, қарақұйрық пен ақ тырна, бұқар бұғысы мен аққулар, тағы басқа толып жатқан аңдар мен құстар енгізілген. Кезінде жабайы бұқалар – зубрларды қорғап қалғаны сияқты, бұл жануарларды да қорғауға тырысып жатыр және міндетті түрде қорғап қалады. 1927 жылы бүкіл дүние жүзінде бар болғаны 48 ғана зубр сақталып қалған еді, олардың өзі де бостандықта емес, әр елдің хайуаннаттар паркінде жүрген. Ал қазір тек біздің елдің ормандарында ғана бұл жүндес алып хайуандардың мыңнан астамы жайылып жүр. Бұл – зубрларды көптен бері қорғауға алғанның пайдасы. Оларды аулауға тыйым салынған. Қорық қызметкерлері олардың әрқайсысының денсаулығын бақылайды, жұтаң қыстарда шөп беріп қоректендіреді. Құндызды да біржола құрып кетуден сақтап қала алдық. Бейшара құндыздарды XX ғасырдың басына таман оның терісіне бола мүлдем қырып бітіруге таяп еді. Бірнеше жүз аң бұл апаттан кездейсоқ аман қалған. Адам қамқорлығының арқасында олар қазір мыңдап саналады. Біз тек жануарлар мен өсімдіктерді ғана емес, сондай-ақ, бүкіл қоршаған ортаны, өзендерді, көлдерді, ормандарды да қорғаймыз. Судың таза болуының қамын жасаймыз, себебі оны өзіміз ішеміз ғой. Ауаның таза болуының қамын ойлаймыз, өйткені онымен өзіміз тыныстаймыз ғой. Бізде табиғатты қорғау туралы заң бар, оны бұзуға ешкімге рұқсат жоқ. (254 сөз). https://www.uniface.kz/interfacts/index.php?post=article&id=741 2-мәтін «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. «Қазақстанның Қызыл кітабының» екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. 1996 жылы «Қазақстанның Қызыл кітабының» үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы «Жануарлар», оның бірінші бөлімі «Омыртқалылар» деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген. «Қазақстанның Қызыл кітабының» үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. «Қазақстанның Қызыл кітабының» әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.(157 сөз). https://kk.wikipedia.org/wiki/ жүктеу 0,6 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |