Ұсынылатын әдебиет
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдері). – Алматы: ЮРИСТ, 2006.
Основы гражданского законодательства Союза ССР и республик от 31 мая 1991.
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 10 маусымындағы заңы.
«Қазақстан Республикасының патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 16 шілдесіндегі заңы.
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 13 шілдесіндегі заңы.
«Тауарлық белгілер, қызмет белгілері және тауарлардың шығу тегінің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 26 шілдесіндегі заңы.
Положение о Комитете по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан.- Утв. постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2001 г. № 411.
Введение в интеллектуальную собственность.- Публикация ВОИС-Женева. - 1998.
Вещные права в Республике Казахстан /Отв. редактор М.К. Сулейменов. -Алматы: Жеті-жарғы, 1999.
Гражданское право. Учебник. Часть 3 /Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого.- М.: ПРОСПЕКТ, 1998.
Гражданский кодекс. - Модель. Часть третья. Рекомендательный законодательный акт СНГ- Санкт-Петербург, 1995.
Иващенко И.В. Понятие и содержание интеллектуальной собственности //Юрист. 1999, № 2.
Каудыров Т.Е. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности: Монография. – Алматы: Жеті-жарғы,
Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в Российской Федерации. - М.: Теис, 1996.
Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. -М.: Юрид. лит, 1975.
Щенникова Л.В. Вешные права в гражданском праве России.- М. :Издательство БЕК, 1996.
Тақырып 10 Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау
1. Патент құқығының түсінігі мен мазмұны
2. Патент берілетін интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілері
3. Қазақстан республикасында патент қатынастарын реттейтін ұлттық заңнама
4. Қазақстан республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар
1. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеңнен енді-енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халықтың әл-ауқатын көрсететін оның экономикасының мықты болу қажеттілігі сөзсіз. Кеңес социалистік республикалар одағының жетпіс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, экономикасының даму бағытын «нарықтық» деп 1993 жылғы, одан кейін 1995 жылғы Конституцияларында бекітті.
Жоғары деңгейдегі шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу «Қазақстан-2030» стратегиясының маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі.
Бүгінгі таңдағы білімге негізделген экономикада зияткерлік активтер негізгі валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалық есудің қарқынына жетуі, оның әлемдік нарық құрылымына толық енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалық және технологиялық, базасын кұруға ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес.
Бұл Елбасының кәсіпкерлікті колдау жөніндегі тапсырмалары және «Қазақстан Республикасының индустриалдық инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын» іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және саудада ең колайлы жағдайларға кол жеткізу үшін басты шарттардың бірі болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік меншік құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін сақтаудын, кажетті шарттары мен кепілдіктерінің бірі.
Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық, және сауда аспектілерімен тығыз байланысы бар зияткерлік меншік кұқықтарын корғау саласы саяси сипатка ие болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарын корғау саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша саясаты Қазакстан Үкіметі мен ДЗМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасының ережелерінде белгіленген және анық жазылған. Зият - бұл елдің маңызды және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек кана осындай мәртебесінде мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қызмет ететін қорғалатын зияткерлік меншікте.
Нарықтық экономикада қандай да бір кәсіпкердің алдында тұратын мәселе - тауарларының бәсекеге қабілетті болуы. Кәсіпкерлердің қазіргі таңда «ұлттық, өндірушіні қорғау және қолдау - өндірушінің өз қолымен» деген ұранды ұстауы - маңызды. Кәсіпкерлер үшін осындай қорғанудың бір жолы болып кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында инновациялық қызметті дамытуы табылады.
1992 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды.
Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік корғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазакстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттін берген кұқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардьщ құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.
Құқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекетіміз 1994 жылы экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудін негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бекітті. Азаматтық заңнамадағы «интеллектуалдық меншікті» құқықтың жеке объектісі ретінде қарастыру, теориялық жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс арқылы интеллектуалдық меншік объектілерінің иелеріне «ерекше құқық» бекітілді.
Қазақстан Республикасының үкіметі арыз берушіге ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай, рәсімдеу төлемі арзан, сараптамалық және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы, патенттік құқықты корғаудың жеңіл жолдары бар, халықаралық патенттік жүйенің талаптарына сәйкес келетін ұлттық патенттік жүйесін қалыптастыруға мемлекетіміздің құрылуының алғашқы күндерінен-ақ жағдай жасауда.
Қазіргі таңда жоғарыда керсетілген жағдайлардың тек кейбіреуі ғана көрініс алуда. Ал, патенттік органға түсіп жатқан арыздардың саны жылдан-жылға көбеюде. Мысалы, 1992-2001 жылдар аралығында өндірістік меншік объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік объектілеріне алдын ала патент пен патент бар.
1. Патенттердің саны көбейген сайын пайда табуға талпынған патент иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет болып табылғандыктан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш шаралар қолданылмаған.
Казақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін корғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа «интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрыкша құқық» ұғымдары енді.
Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі - өнертабушы автор ез кұқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен ресімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кенес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу аркылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын.
Енді кұқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушінің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана пайдалану жолға койылған. Бұл құқық «айрыкша құқық» деп аталады. Және ол ҚР АК-нің 125, 964-баптарымен бекітілген.
Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық корғау принциптері түбірімен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті. 1992 жылы Ұлттық Патенттік ведомство патенттеудің бірегей жүйесін қалыптастырды (явочно-проверочную) және оның кұқықтық реттелуін Қазақстан Республикасынын Патент Заңында бекітті. Бұл жүйені кейіннен Орталық Азия, Закавказьенің көптеген тәуелсіз мемлекеттері және Украина да қолдады.
Бұл патенттеу жүйесі бойынша қарапайым тіркеу мен сараптама элементтері бірігеді. Біздің жүйенің көлімдік және тіркелімдік сипаты патенттің формалды сараптама жүргізгеннен кейін берілетіндігінде көрінеді. Қазакстан Республикасы Патент Заңының 22-бабы формалды сараптама кезінде қажетті дәлелдемелердің болуы, оларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуы және өтінім берілген ұсыныстың құқықтық корғау берілетін объектілерге жататындығы тексерілетіндігін бекітеді.
Патент мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Оның жүргізілу барысында өтінім берілген шешімнің патентке қабілеттігі талаптарына сәйкестігі анықталады.
Өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент және пайдалы модельге патент «қорғау құжаты» түсінігімен бірігеді.
Қазақстан бір өнертабысқа екі корғау құжаты - заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі сараптамасы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны жүйе жасады.
Бұл екі корғау құжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы) және уақытша әрекет ету шегі бар. Өнертабысқа алдын ала өтінімнің патент ведоствосына берілген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады.
Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ үш жылдан аспауы керек.
Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патент өтінімнің патент ведоствосына берілген күннен бастап бес жыл әрекет етеді. Өнеркәсіптік үлгіге патент он жыл бойы күшін сақтайды, патент иесінін өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек.
Патент - patent — мына мән-жайларды:
1) аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін;
2) авторы болып белгілі бір тұлға екендігін;
3) аталған тұлға немесе оның мұрагері осы өнертабысқа айрықша құқық иеленетіндігін куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство мемлекеті аумағында әрекет етеді. Шетел құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келісімге қол жеткізілген кезде, иесіне сыйақы төлей отырып, патентті мемлекет немесе онын еркі бойынша белгілі бір ұйымның колданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін. Көптеген елдерде кезделген патент иесінің құқықтарын қорғау шараларының бірі ұқсас өнертабыс көрінетін бұйымдарды енгізуге жаза қолдану болып табылады (өтемақы, келтірілген зиянды жою туралы талап арыз қою т.б.). Патент беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар койылады: «өнертапқыштық деңгей», «прогрессивтілігі», «колданылуға жарамдылығы» және міндетті түрде жаңалығы. Кейбір елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың қайда болғанына байланыссыз мемлекет ішінде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейді. Екінші рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетінде де, шетел елінде де жариялау мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемлекетінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін халықаралық келісімдер жасасу қолданылады.
Патенттеу мақсаты - сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.
Патенттің негізгі қызметі жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.
Патенттің монополия және өнеркәсіп меншігінің объектісі ретінде түсінігі аса кең тараған. Патент иеленуші өзінің өнертабысын пайдалануына айрықша құқықты иеленеді, аталған монополиялық ұқсастық меншік иесінің өз құқықтарымен сипатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектіні пайдалануы заңсыз деп есептеледі.
2. Өнертабыстар. Өнертабыс түсінігі мен объектілері.
Белгілі бір өнертабыс негізі болған шығармашылықтың деңгейін бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру мүмкін емес. Сондықтан, Қазакстан Республикасының Патент Заңында бұл түсініктің анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетілген:
- жаңалығы;
- өнертапқыштық деңгейдің болуы;
- өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешімнің болуы.
Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі. Алайда, өнертабысты мәселенің шығармашылық-техникалық шешімі ретінде анықталатын құбылыс ретінде қарастыру заңды. «Техникалық шешім» термині техниканың әр түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету құралы ретінде, сонымен катар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы өнер; спорт көмекші кұралдарын жасау аркылы спорт; жаңа емдеу әдістерін, дәрі-дәрмектерді жасау арқылы медицина және т.б. салаларда кең мағынада қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдістері техниканың жалпы түсінігіне жатпайды. Бұған қарамастан, емдеудің терапиялық әдістері емдеу құралдарын нақты белгіленген мөлшерде, белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір кезектілікпен және т.б. қолдануды мензейтіндіктен, бұл арқылы емдеу техникасы анықталады. Бұл мағынада емдеу тәсілдері техникалық шешім ретінде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника, ауыл шаруашылық, мәдениет, білім беру салаларындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін табады, бірақ бұл жерде өзге (экономикалық, әкімшілік, ұйымдастырушылық т.б.) техникалық әдістер мен құралдар қолданылмауы тиіс.
Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық кажетгілікті қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. Өнертабыс объектілерінің түрлері қойылған мақсатқа жету үшін техникалық шешімдерде көрсетілген құралдарға тәуелді анықталады.
Құрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар клеткаларының тегі, сондай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты текті жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектілері бола алады.
Өнертабыс объектілерін нақтылау патент иесінің құқықтар көлемін анықтау заңмен корғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі үшін құқықтық маңызы зор.
Құрылғы - өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектілері ретінде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғы болып танылады. Бұл машиналар - мысалы, «Қар жинаушы машина»; құрылғылар - «Магнит өрісі датчигі»; механизмдер - «Шарнирорычажный механизм».
Жетілдірілген инструмент, мысалы, «Геологиялық балға», «Қозғалмалы пышақ» немесе қандай болмасын құрал, мысалы, «Тормозное устройство для железнодорожного вагона», «Гидравлическое устройство для удержания руля относительно рамы мотоцикла» объект - құрылғы категориясына жатқызылуы мүмкін.
Құрылғы болып көлік құралдары, жабдық құрылыстар, сонымен қатар, әр түрлі бұйымдар танылады мысалы, «Әмбебап оку партасы». Электр схемалары да құрылғының бір түрі болып табылады.
Патенттік қорғалуға құрылғының өзі ғана емес, олардың бөлек элементтері де: түйіндері, бөлшектері т.б. жатады.
Құрылғы өнертабыс объектісі ретінде келесі конструктивтік белгілермен сипатталады:
- конструктивтік элементтердің болуы;
- элементтер арасында байланыстың болуы;
- элементтердің өзара орналасуы;
- құрылғының немесе оның элементтерінің орындалу нысаны, атап айтқанда, геометриялық нысанда жасалуы;
- элементтер арасындағы байланыстың орындалу нысаны;
- элементтер параметрлері мен өзге сипаттамалары және олардың өзара байланысы;
- құрылғы немесе оның элементтері жасалған материал;
- құрылғының кез келген элементінің қызметін орындайтын аясы;
- техникалық шешімнің басқа түрлерімен салыстырғанда құрылғы - өнертабыс олардың фактілі түрде қолданылуына бақылануды қамтамасыз етеді. Бұл олардың кеңтаралуын анықтайды.
Тәсіл - өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде тәсілдерге материалдық объектілер көмегімен материалдық объектілерге әрекет ету процестері жатады. Тәсіл - белгілі бір тәртіппен немесе белгілі бір ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдістер жиынтығы.
Материалдық объектілерге әрекет ету процестері ретінде тәсілдерді былай бөлуге болады:
- өнім (бұйымдар, заттар т.б.) өндіруге бағытталған әдістер, мысалы, «Құрылыс материалын жасау тәсілі», «Ацетилен алу әдісі»;
- белгілі бір өнім алмай материалдық заттардың жағдайының өзгеруіне бағытталған әдістер (тасымалдау, ретгеу, өңдеу т.б.). Мысалы, «Жер өндеу тәсілі», «Электромагниттік клапанды басқару әдісі»;
- нәтижесінде материалдық дүние заттарының жағдайы анықталатын әдістер (бақылау, өлшеу, диагностика т.б.). Мысалы, «Аса таза кварцтың шыққан жерін іздеу әдісі».
Өнімдер алу әдісіне берілген қорғау құжаттарының күші тікелей осы әдіспен алынған әнімге де таралады.
Патенттер аурудың алдын алу, диагностика және емдеу әдістеріне де беріледі, мысалы, «Тістер кариесін алдын алу әдісі», «Артериальді гипертония диагностикасының әдісі».
Өнертабыс объектісі «Әдіс» келесі белгілермен сипатталады:
- белгілі бір әрекеттің немесе әрекеттер жиынтығынын болуы: «...тұзды ерітеді...»;
- осындай әрекеттерді уақыт бойынша орындау тәртібі (кезекпен, бір уақытта, әр түрлі жолдармен т.б.) «...кышқылмен өндегеннен кейін пленканы дистилденген сумен шаяды...»;
- әрекеттерді жүзеге асырудың режимдері мен шарттары (температура, қысым, куаттылығы, жылдамдығы т.б.). «...40°С-ға дейін қыздыру кезінде ерітеді...»;
- заттар немесе материалдарды пайдалану (алғашқы шикізат, реагенттер, катализаторлар, микроорганизмдер тектері және т.б.). «...процессті инертті газ атмосферасында жүргізеді...»;
- құрылғыларды (кұралдарды, жабдықтар т.б.) пайдалану. «...реагенттің электрохимиялық өндеуін ерітілмеген электродтары бар электролизде жүргізеді...».
Зат өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде заттарға:
- жеке химиялық қосындылар, сонымен катар, оларға жоғары молекулярлық қосындылар және гендік инженерия өнімдері (рекомбинантты нуклеидтік кышқылдар, векторлар т.б.). Мысалы, «гидрохлорид-1-(2-этоксиэтил)-4-ацетил-4-ацетиксипиперидина»;
- композициялар (қүрамдар, коспалар), мысалы, «псориазды емдеу майы», «фурфуролды гидрирлеу катализаторы»;
- ядролық айналу өнімдері жатады.
Жеке химиялық қосындыларды сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады:
сапалық және сандық құрам;
атомдар арасындағы байланыс және олардын молекулада
химиялық құрылымдық формулалары сипатталған өзара орналасуы.
Бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты, текті жаңа мақсатта қолдану. Құқықтық қорғау таралатын өнертабыстың бұл түрі болып бұрыннан белгілі болған құрылғы, зат, әдіс, тектің жаңа мақсаттарда қолданылуы табылады.
Өнертабыстың бұл объектісі өзге өнертабыстардан қызметінің сипаттамасымен байланысты пайда болуымен ерекшеленеді.
Егер құрылғы, әдіс, зат, тек коғамдық қажеттілікті қанағаттандырудың жаңа құралы болса және олардың бағытталған синтезі жасалса, онда өнертабыстың бұл обьектісі белгілі обьектінің жаңа мүмкіндіктерін (белгісіз қасиетін) анықтау аркылы пайда болады.
Бұл объектінің негізінде белгілі техникалық құралды, бұл өнертабыс пайда болған кезде қолданылған мақсатқа қарағанда, өзге мақсаттарда қолдану. Бұрыннан белгілі болған құрал ол иеленетін қызметке қарағанда, жаңаша қызметте пайдаланылып, осыған байланысты өзге қажеттілікті қанағаттандырады.
Мысалы, бояу ретінде қолдану үшін арнайы синтезделген белгілі «А» заты белгілі бір жағдайда зиянды бактериялар үшін күшті әсер ететін у ретінде колданыла алады. Белгілі затгың жаңа касиетін анықтау нәтижесінде зиянды бактерияларды жою үшін жана құрал ұсынылады.
Бұл жерде белгілі бір мақсатпен арнайы алынған заттардан басқа, яғни белгілі бір қолданудан басқа, тәжірибеден алынған табиғи немесе аралық, косындылар немесе өндіріс қалдықтары бар екендігін атап ету қажет. Бұндай касиетті анықтау алдында белгілі болған құрылғы, әдіс, зат, тектін жаңа мақсаттарда қолданылуын өнертабыс ретінде саралауға болады.
Өнертабыстың бұл обьектісі заттарға (жеке заттар, композициялар, тектер т.б.) тән, себебі, олар қолданылу шарттарына сәйкес көріне алатын қасиеттерді иеленеді, сондыктан әр түрлі мақсаттарда қолданыс таба алады.
Аталмыш обьект құрылғыларға аса тән емес, себебі олар белгілі бір қызметті атқару үшін жасалады және олардың анық көрінетін мақсаты бар. Сондықтан құрылғыға қандай да бір өзгеріс енгізбей өзге мақсаттарда қолдану, көбінесе, мүмкін емес.
Биотехнология объектілері.
Сонғы ондаған жылдар ішінде теориялық мүддеге ғана ие ғылымнан биология тәжірибелік маңыздылығымен сипатталатын ғылымға айналды. Өнеркәсіпті «биологизациалау» өрісі байқалуда. Биотехнология ғылыми-техникалық прогресстің басым бағытына айналып жатыр. Биотехнологияның кең тәжірибелік мүмкіндіктері гендік инженерия арқылы адамдарды емдеу әдістерінен қоршаған ортаны корғау әдістеріне дейінгі әр түрлі биологиялық обьектілерге байланысты өнертабыстар санының артуына алып келді.
Патенттер биология және биотехнологияны «коммерциялизациялау» ісінде және биотехнологиялық өнімді сату нарығы үшін қүресте аса маңызды құрал болып жатыр. Биотехнологиялық өнертабыстарды корғау мәселесі әлі де ұлттық, халықаралық деңгейде талкыланып жатыр.
Аталған объектілер тірі - тектер, тірі емес - заттар бола алады.
Тірі объектілер:
- микроорганизмдердің жеке тектері;
- өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының жеке тектері.
Тірі емес объектілер:
- биотехнологиялық әдіспен алынған қосындылар, антибиотиктер, ферменттер, вакциналар және т.б.;
гендік инженерия өнімдері ДНК мен РНК кезектілігі,
гендер, плазмидтер, векторлар, белоктар т.б.
Биотехнология саласына, сонымен қатар, микроорганизмдер тектерін, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының тектері, антиботиктерді, нуклеин қышқылдарын пайдаланумен әр түрлі әдістер, вакциналар өндіру әдістері т.б. жатады.
«Тек» термині белгілі бір қайнар көзден немесе жасанды жолмен алынған (мутация нәтижесінде) және өзіндік физиологиялық-биохимиялық белгілерімен сипатгалатын микроорганизмдердің бір түрлі мәдениетін білдіреді.
«Микроорганизм» түсінігінің нақты таксономиялық мәні жоқ, яғни қандай да бір таксонға - түрге, жынысқа, семьяға т.б. жатқызылмайды. Ол микроскопиялық өлшемдегі әрбір организм микроорганизмге жататындығын меңзейді. Бірақ, бұл түсінік шартты, себебі дәстүрлі микроскопиялық объектілер арасында макроскопиялық объектілер болатыны белгілі, ал бір тектің өлшемі культизациялау және өзге факторларға байланысты өзгере алады.
Патент рәсімі үшін «тек» объектісіне микроскопиялық өлшемдегі өмірге қабілетті әр түрлі организмдер - бактериялар, вирустар, қарапайым микроскопиялық омыртқасыз жануарлар және өзге де жеке тектер, микроорганизмдердің консорциумдары, сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарлардың культивацияланатын соматикалық клеткалары кіреді. Тәжірибелік (пайдалы) қасиеттері анықталған тек қана құқықтық қорғау объектісі бола алады. Ғылыми көзқарас негізінде белгілі бір касиеттер жиынтығымен сипатталған тек қорғау объектісі болмайды.
Өнертабыстың патентке қабілеттігінің талаптары. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес өнертабысқа, егер ол жаңа, оның өнертапқыштық деңгейі және өнеркәсіптік қолдануға жарамды болса, құқықтық корғау беріледі. Өнертабыс патент қабілеттігінің бұл талаптары әлемнің кептеген елдерінің патент заңдарында анықталған.
Жаңашылдық. Өнертабыстың жаңалығы онын патент қабілеттігінің негізгі және міндетті талабы болып саналады. Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер өнертабыс техника деңгейі туралы мәліметтерден белгілі болмаса, жаңа болып табылады. Техника деңгейі туралы мәліметтерге өнертабыс басымдық мерзіміне дейін әлемде жалпы қол жетерлік болған кез келген мәліметтер кіреді. Жалпыға қол жетерлік мәліметтер ретінде кез келген тұлға таныла алатын мазмұны заңды түрде хабарланған қайнар көздерде көрсетілген мәліметтер танылады. Қызметтік, жабық, кұпия және т.с.с. ақпаратқа назар аударылмайды. Өнертабыс жаңалығы бітімгершілік сипатты фактіге ие болып табылады, яғни техника деңгейіне Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелдерде де жалпы кол жетімді болған мәліметтер жатқызылады.
Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес өтінім берушіге жаңашылдық бойынша жеңілдік беріледі. Бұл автордың, өтініш берушінің немесе осы акпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген тұлғаның өнертабысқа жататын ақпаратты жария түрде ашу, сонымен қатар, Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттің аймағында ұйымдастырылған ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде экспонат ретінде өнертабысты көрсету өнертабысқа өтінім патент ведомствосына ол ашылған күннен немесе көрмеге орналасуы күнінен 6 ай кешіктірмей берілген болса, өнертабыс патент қабілеттігін тануға жол бермейтін жағдай деп танылмайды. Мұвдай жеңіддік өтініш бергенге дейін мәні ашылған өнертабысты қорғауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |