Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Патент құқығының түсінігі мен мазмұнын ашу.
2. Патент берілетін интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілерін сипаттау.
3. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын реттейтін ұлттық заңнаманы талдау.
4. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдарды қарастыру.
Ұсынылатын әдебиет
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазакстан Республикасының Конституциясы.
1994 жылғы 27 кыркүйектегі Қазакстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім).
1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім).
1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Патент Заңы.
1992 жылғы 24 шілдедегі Казакстан Республикасының Патент Заңы.
Аскаров Е.С. Защита промышленной интеллектуальной собственности в Казахстане. Учебное пособие. Алматы, 2003.
Богуславский М.М. Международная охрана промышленной собственности. М., 1967.
Основы патентного права и патентоведения в Республике Казахстан /Отв. ред. Т.Е. Каудыров. Алматы: Жеті жарғы, 2003.
Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1999.
Тақырып 11 Халықаралық дербес құқықтағы еңбек құқығы
1. Халықаралық дербес құқықтағы еңбек қатынастарындағы коллизиялық байланымдар
2. Халықаралық еңбек құқығы мен қазақстан республикасының еңбек құқығы
3. Шетелдік жұмыс күшін тартудағы мемлекеттің саясаты
1. Қазакстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономикада елеулі өзгерістер орын алды. КСРО-ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды. Халықаралық дербес құқықтағы шетел элементімен күрделенген еңбек қатынастарын кұқықтық реттеу Казакстан үшін өте маңызды, себебі, Қазақстан Республикасының кәсіпорындарына шетел азаматтарын жұмысқа тарту кеңінен таралды және Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен инвестицияланған Қазақстан кәсіпорындарындағы жаңа қатынаска түсті. Кеңес Одағының еңбек құқығында шетел азаматтарының еңбегін реттеу қарастырылмады, сондықтан Қазақстанның еңбек заңнамасы әлі күнге дейін бұл мәселені толығымен қамтымайды. Шетел элементімен күрделенген қатынастарда, бір еңбек қатынасын реттеуде екі немесе одан да көп мемлекеттердің заңдары бәсекелестікке түседі. Сол кезде, қай мемлекеттің заңын қолдануы керек екендігін таңдаймыз. Бүгінгі таңдағы доктрина мен тәжірибе бұл жағдайларды коллизиялық нормаларды қолдану аркылы шешеді. Коллизиялық норманы қолданғанда даулы мәселе толық мәнінде шешілмейді, коллизиялық норма тек колайлы мемлекеттің ұлттық заңнамаларындағы материалдық нормаларға сілтеме жасайды.
Еңбек құқығындағы коллизиялық, мәселені шешу үшін дүниежүзілік тәжірибеде келесі байланымдар қолданылады:
Құқықты таңдау еркіндігі (Lex voluntatis).
Жұмыс орнының заңы (Lex loci laboris).
Жұмыс берушінің орналасқан жерінің заңы.
Ту елінің заңы (Lex flagi).
Жұмыс берушінің азаматтығы (Lex patrie).
Жалдау мәмілесін жасап отырған елдің заңы (Lex loci contractus).
Тараптардың болжаулы еркі немесе ниеті.
Қай заң бұл құқықтық қатынаспен неғұрлым жақын байланыста (proper law of the contract).
Сонымен, жоғарыда аталып кеткен коллизиялық байланымдарды анықтайық.
Lex voluntatis байланымы көптеген мемлекеттерде қолданылады, демек, басым заңды таңдау құқығы еңбек шартының тараптарына берілген. Халықаралық дербес құқықта бұл қағиданың мәні ретінде, мемлекеттердің ішкі заңнамаларына немесе халықаралық келісімдердің қатысушыларына өз келісімдері бойынша қатынастарды реттеу үшін бір мемлекеттің заңы қолданылады. Кейбір мемлекеттердің заңнамалары мен сот тәжірибесі Lex voluntatis-ті қолдануға жасырын түрде шектеулер қояды. Алайда, көптеген мемлекеттердің енбек қатынастарында бұл қағиданы қолдануға ешбір шектеулер жасалмайды. Мысалға Ұлыбритания, Германия, Канада, Австрия, Италия, Чехословакия мемлекеттерін келтіруге болады. АҚШ пен Польша мемлекеттері Lex voluntatis-ті таңдалған заң мен еңбек қатынастарынын арасында дара байланыс болған жағдайда қолдануға рұқсат береді. Испания, Албания, Австрия мемлекеттері таңдалған құқықтың нақты көрініс табуын талап етеді. Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия мемлекеттерінде таңдау еріктілігі жоқ болған жағдайда қолданылатын заңның императивтік нормаларында көрсетілген қорғаудан жұмысшыны айырса, таңдалған заң қолданылмайды. Ендеше, келесі мәселеге көңіл бөлейік: Lex voluntatis қағидасы орын алғанда тараптар кез келген мемлекеттің заңын таңдай алады ма, әлде белгілі шектеулер бар ма? Бүгінгі уақытқа дейін әлемдік тәжірибеде тараптарға жат құқықтық жүйені таңдау жағдайы орын алмады. Көбінесе, жұмыс орны елінің заңы, кәсіпорынның орналасқан елінің заңы немесе жұмысшының заңдары қолданылады. Герман заңының 27-бабында «тараптарға мәміленің толығымен немесе оның бір бөлігіне қатысты заңды таңдау еріктілігіне рұқсат берілген». Біздің пікірімізше, бұл шешімді әр тарап өзінің мүддесін көздеп, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдануы мүмкін. Бұл тек жария болған халықаралық құқықта қолданылуы керек, себебі, тараптар экономикалық жағынан теңдей жағдайға ие. Ал халықаралық дербес құқықта Lex voluntatis-ті асыра пайдалануы мүмкін.
Кейбір мемлекеттерде Lex voluntatis емес, Lex loci laboris қолданылады. Венгрия, Испанияның заң актілерінде Lex loci laboris - жұмысшыны әдетте, жұмыс орындайтын елінің заңы деп талқыланса, Швейцарияда жұмысшыны еңбек міндеттемелерін орындайтын елдің заңы көрсетіледі. Егер кәсіпорын бір мемлекетте, ал басқару органы екінші мемлекетте орналасса, жұмыс орнының заңы болып, кәсіпорынның орналасқан жері саналады. Австрия, Испания, Швейцария, Нидерланд, Бразилия Lex loci laboris-ті негізгі коллизиялық байланым ретінде алған. Венгрия 1979 жылғы заңында «Егер заңнамамен (шартпен) өзгеше көзделмесе, жұмыс қай мемлекетте орындалса, сол мемлекеттің заңы қолданылады. Осы кағида 1980 жылғы Шарттық міндеттемелерге қолданылатын» делінген құқық туралы Еуропа конвенциясында көрініс тапты.
Жұмысшы бірнеше мемлекеттерде өзінің жұмысын жүзеге асырса және оның әдеттегі жұмыс орнын анықтау мүмкін болмаса, онда жұмысшының әдеттегі тұрғылықты жері немесе өз қызметін көбінесе жүзеге асыратын жердің заңы қолданылады (Австрияның заңы). Көптеген авторлардын пікірінше Lex loci laboris қолданылған кезде жұмысшының құқықтарымен мүдделері ескерілмейді немесе шектелуі де мүмкін. Жұмысшы жұмыс берушіге қарағанда экономикалық жағынан әлсіз, оған төтеп бере алмайды, Lex loci laboris-тің бір кемшілігі: жұмыс берушінің жағдайы едәуір ауқымды қорғалған; жұмыс беруші өз басқарушылық саясатын тұрақты жүргізеді; жұмыс беруші бұл байланымды көбінесе асыра пайдаланады. Қорыта келгенде, жұмыс орны мемлекетінің заңын қолданғанда, жұмысшының жағдайын корғау мәселесі көзделуі тиіс.
Ту елінің заңы (Lex flagi). Еңбек келісіміне сәйкес, су немесе әуе көлігінде өз қызметін орындаған жұмысшының еңбек қатынастары көлік құралы тіркелген мемлекеттің заңымен реттеледі. Мысалы: РФ КТМ - 57б. Кеме экипажының мүшелерін жұмысқа қабылдау (соның ішінде шетелдіктерді), олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек жағдайы мен ақы төлеу, жұмыстан шығару тәртібі мен негізі Ресей Федерациясының заңнамасымен реттеледі.
Румын заңының 140-бабыңда егер өзгеше тараптар өзге заңды таңдамаса, теңіз немесе өзен кемесінің ту заңы немесе әуе кемесі тіркелген елінің заңы кеме экипажының жалдау шартын реттейді. Келесі коллизиялық байланымдар: ту заңы теңіз көлігінде (Италия, Франция, Венгрия), кеменің тіркелген елдің заңы әуе және су көліктерінде (Албания), тасымалдаушының заңы - теміржол мен автомобиль көліктеріне (Венгрия) қатысты қолданылады. Кейбір мемлекеттерде өзге баламалы байланыс - бірлескен тұрғылықты орнын қолдану теңденциясы байқалуда. Бөлек жағдайларда теңізшімен, шетел компаниясымен жасасқан мөмілені шетелге барған іс-сапар аналогы деп қарастырады.
Жұмыс берушінің жеке заңы - жеке немесе заңды тұлғаның (Lex personalis, lex societatis). Егер венгрлік жұмыс берушінің жұмысшылары ұзақ немесе қысқа мерзімді іс-сапармен шетелде жұмыс істесе, онда құқықтық қатынасқа венгр заңы қолданылады. Жоғарыдағы қағида, егер жұмыс орнын нақты анықтау мүмкін болмағанда немесе жұмыс екі немесе одан да көп мемлекеттерде жүзеге асырылса ғана қолданылады.
Белгілі бір мемлекеттің ұйымы өз жұмыс көріп шетелге уақытша жұмысқа жіберсе, онда ұйым орналасқан жердін заңы (Lex loci delegations) қолданылады.
Жалдау шартын жасасқан мемлекеттің заңы (Lex loci contractus). Мысалы, АҚШ пен Англия заңнамаларына сәйкес, еңбек қатынастарын реттейтін шарт осы мемлекеттерде жасалса, жергілікті құқық қолданылады делінген.
Ресей ғалымдарының пікірінше, еңбек құқығында эксаумақты қолдану 2 жағдайда рұқсат етіледі: а) арнайы келісімді жасау арқылы б) егер коллизиялық нормалар тікелей шетел заңдарына сілтеме жасаса, онда барлық жағдайларда шетел заңнамасы қолданылады.
Егер олар мемлекетгің жария тәртібіне қайшы келсе, кез келген мемлекет өз аумағында шетел заңдарын қолдануға тыйым салуға құқылы. Кейбір мемлекеттер өздерінің еңбек заңнамаларының эксаумақтық әрекет етуін кеңейтуге ұмтылады. Мысалы, АҚШ-тың еңбек жағдайларының әділеттілігі, мүгедектер туралы заңдары. Бұл заңдар тек АҚШ аумағында ғана әрекет етпейді, сонымен қатар шетелде тұратын американдықтар мен америка компанияларына таралады. Lex loci laboris кейде әмбебап бола алмайды. Сондықтан Чехияның халықаралық дербес құқығында Lex loci laboris пен қатар косымша коллизиялық байланымды жұмыс берушінің кәсіпкерлік қызмет жерінің заңы.
Контрактімен неғұрлым жақын елдің заңы көптеген даулы жағдайлар тараптар өз құқықтық қатынастарын реттейтін құқықты таңдау кезінде келісімге келмеуі нәтижесінде пайда болады. Бұл байланым факторлардың жиынтығы немесе бір басымдылыққа ие факторларды карастырады. Мысалы, кәсіпорынның орналасқан жері, компанияның басшылығы, шарт тараптарының жалпы азаматтығы, жұмысшының өндірістік нұсқаулықтарды алатын қайнар көзі, жалақы төлеу қайнар көзі мен валюта енбек шартының типі т.б. «тығыз байланысы осы мемлекеттің еңбек шартын жасасқан жері немесе еңбек қызметін орындап жатқан жер екенін дәлелдейді. Шартта кұқықты таңдау жөнінде тараптардың еріктілігі болмаса, онда судья белгілі бір байланыстырушы факторды негізге ала отырып өз таңдауын жасайды. Бұл коллизиялық байланымды англо-американдық құқықтың тәжірибесі мен доктринасы қалыптастырды. Кейбір ғалымдар осы байланым арқылы құқықты қолдану мәселесі шешіледі деген пікірді ұстанса, ал басқалары оны өз мүддесіне қорғау үшін қолданады деген пікірде. А. Лунцтың пікірінше, англо-американдық соттар бұл байланымға сүйенгенде өз елінін құқығын қолданудағы субъективизмді көрсетеді. Мысалы, Европалық құқықта Іех уоіипіаіікті жұмыс беруші асыра пайдаланатын және Lex loci laboris-ті кемшіліктерін ескере отырып жұмысшыны максимум корғауға бағытталған байланыстарды қолдануға ұмтылады. Еуропада Lex voluntatis тек жұмысшыны корғауға бағытталған. Еуропалық конвенцияның 6-бабы 2-тарауында қолданылатын құқық таңдалмаса, а) контракт жұмысшының шартқа сәйкес әдеттегі қызметті орындайтын жерінің заңы; б) егер жұмысшы бірде-бір мемлекетте қызметті орындамаса, онда жалдаушы мемлекеттің кәсіпорынның орналасқан елінің заңы қолданылады. Егер контракт мазмұнынан контракт өзге мемлекетпен неғұрлым тығыз байланыста екені анықталса, бұл жағдайда ол өзге мемлекеттің заңымен реттеледі. Сөйтіп, конвенцияны дайындаушылар Lex loci laboris-ті қолдайды, бірақ ол жалғыз байланым болуын қаламайды. Себебі өзге мемлекет контрактпен неғұрлым жақын байланыста болуы мүмкін. Lex loci laboris бұл ереже екендігіне күмән жоқ, бірақ неғұрлым жақын байланыс осы ереженің ескертпесі ретінде қолдануда.
Мысалы, осы ескертпе Германияның Еңбек даулары жөніндегі Федералды сотпен қолданылды. Американдық авиакомпания Германияда тұрақты тұратын бірақ шығу тегі американдық ұшқыштарды Германияға жұмысқа алады, кейін дау қай елдің заңы қолдануға келетіндігі жөнінде туындайды. Еңбек даулары жөніндегі Герман соты істің барлық мән-жайларын ескеріп, жұмысқа жалдау контракті Нью-Йорк штатымен (бас авиакомпанияның орналасқан жері) неғұрлым жақын байланыста екендігін шешті.
Егер тараптар § 6.2 жазылған құқықтан өзге құқықты таңдаса, бұл таңдау заңды болады, бірақ ол қолданылмайды. Егер § 6.2 қолданылатын императивтік заңдарда көрсетілген жұмысшыны берілген қорғау кұқығын айыратын болса.
Неғұрлым жақын құқықты қолдану кағидасының негізгі мақсаты:
Lex voluntatis-ті асыра пайдаланушылыққа жол бермеу;
контракті таныс емес құқыққа бағындырудан сақтау.
Бұл теория екі құқық жүйесін қолдануды қарастырады, яғни жұмысшы өз мүддесіне сәйкес келетін нормалардың қолдануын талап етуге кұқылы. Кейіннен бұл қағида Еуропалық мемлекеттердің заңнамасына тікелей енгізілді. Мысалы: Estatuo de los Trabajadores 1.4. Шетелдегі испан компанияларына жұмысқа жалданатын испан жұмысшылары испан құқығымен берілетін барлық басымдылықтар мен артықшылықтарды талап етуге құқылы.
Субъективтік теория - болжаулы ниет, ерік теориясы. Мәміледе көрсетілген мән-жайлардың жиынтығы қолданылатын құқықты нақтылайды. Тараптардың дауды қарауға таңдаған сот қай елдің құқығы бойынша шешуді тікелей анықтайды.
Жұмысшының еңбек құқығы, әрекет кабілеттігінің жеке заңы бойынша анықталады. Әлбетте, тұлғаның әрекет қабілеттілігі Лизарди ісінде сияқты мәміле жасалған жердің заңының пайдасына шешілуі мүмкін. Мысалы, Англия мен АҚШ заңнамасында шетел азаматы өз заңы бойынша әрекетке кабілеттігі жоқ болса да, ол шарт жасасқан жердің заңы бойынша әрекетке қабілетті деп танылса, онда Lex loci contractus қолданылады.
Еңбек туралы дау пайда болғанда әр мемлекетте әр түрлі коллизиялық формациялар қолданылады. Мысалы, Францияда талапкердің немесе жауапкердің азаматтылығы басымдылық маңызға ие. Германия, Австрия, Швейцария, Нидерландта шешуші басымдылық маңызға жауапкердің тұрғылықты жері ие. Ұлыбританияда Lex voluntatis шешуші болып табылады, яғни тараптар өздері қай сот елінің заңы қолданылатындығын таңдайды. Неғұрлым жақын байланыс теориясында жұмысшы қызметін орындайтын сот елінің заңы істі қарайды.
Алайда, нақты бір мемлекеттің құқығы коллизиялық нормаларды жекелей дифференцияласа да, олар еңбек жағдайларының әр алуандығымен еңбек қатынастарының барлық, элементтерін қамти алмайды. Дегенмен де, Қазақстан құқығында халықаралық дербес енбек қатынастарына қатысты коллизиялық нормалардың жүйесін дайындағанда, осы саладағы шетел тәжірибесін пайдалануымыз кажет. Соңғы жылдарда, әр түрлі мемлекеттердің заң шығарушы органдары нормативтік актілерде еңбек аясында заң қақтығыстары жағдайларының орын алуын көрсетеді. Дания, Венгрия, Испания, Австрия мемлекеттерінің халықаралық дербес құқық туралы немесе Азаматтық кодекстердің сәйкес тарауларында арнайы енбек коллизиялық нормалары бар. Қазіргі Қазақстан Республикасының заңнамасында және бұрыңғы Одақ мемлекеттерінде халықаралық еңбек қатынастарына байланысты коллизиялық нормалар жоқ немесе бірыңғай нормативтік актіде жинақталған коллизиялық нормалар бекітілмеген. Казақстан Республикасының «Енбек туралы Заңында» (10.12.99); АК-нің (Ерекше бөлімінде) еңбек қатынастарына қатысты коллизиялық нормалар жоқ.
Ескерту ретінде АК-нің 1095-бабында, жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі оның жеке заңымен анықталады. Бұл байланымды заң аналогиясы ретінде жеке тұлғаның еңбекке әрекет қабілеттілігін анықтағанда қолдануымыз мүмкін. Жалған коллизиялық байланымдар әр түрлі нормативтік актілерде бар. Мысалы: «Шетел инвестициялары туралы» Қазақстан Республикасының заңында (27.12.94) келесі 2 коллизиялық, байланым қарастырылған: жалпы - тараптар заңды таңдайды (Lex voluntatis ) және субсидарлы - (Lex loci laboris). Тараптар еңбек қатынастарының мазмұнын өздері таңдаған заңмен анықтайды немесе Қазақстанның заңнамасына сілтей алады немесе жұмысшының шығу тегіне байланысты мемлекеттің заңына (шетел заңына) жүгіне алатын болған. 2003 жылы 8 каңтарда Инвестициялар туралы жаңа заң қабылданды. Осы заңға сәйкес 24, 25 баптар алынып тасталынды, яғни Lex voluntatis және Lex loci laboris туралы ештеңе айтылмайды, тек Еңбек туралы заңға сілтеме жасалған (10.12.99 3-бап). Осы заңның қолданылу аясы:
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейді.
Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Заңның күші Қазақстан Республикасының аумағындағы енбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ, адамдарға да қолданылады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан құрылтайшылары немесе меншік иелері толығынан немесе ішінара шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Еңбек» туралы заңдары қолданылады.
Демек, осы заң Lex loci laboris-ті заңды түрде бекітіп отыр. Халықаралық дербес құқықтың қазақстандық доктринасында шартқа ішкі құқықты емес, тараптар шетел құқығын таңдаған болса рұқсат береді. Қазақстан Республикасының еңбек құқығында керсетілген императивтік нормаларды шетелдіктер сақтай отырып, ішкі заңнамаға қарағанда, жұмысшының жағдайын нашарлатпауға міндетті. Егер мұндай жағдай орын алса, онда шетел заңнамасын қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасына шетел жұмыс күшін тарту қазіргі уақытта және келешекте өзекті мәселе болып отыр. Сол себептен, Қазақстанның халықаралық дербес құқығында еңбек қатынастарына қатысты ғылыми-теориялық базаны қалыптастырып, дамытуға ат салысуымыз керек. Келешекте, жоғарыдағы аталған ұсыныстар Қазакстан Республикасының шетел азаматтарының еңбек қызметі туралы коллизиялық нормалар бар жетілдірілген нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауына негіз болады. Осы кезде ғана, шетел азаматтарының заңды құқықтары мен мүдделері жоғары дәрежеде қорғалады, ал бұл өз кезегінде Казақстан Республикасында демократия институттарының қалыптасуы мен халықаралық аренада Республика беделінің өсуіне әкеледі.
2. Социалистік мемлекеттердің нарықтық саясатқа өтуі мен ашық саясатты жүргізгеніне байланысты дүние жүзінде жаңа геоэкономикалық жағдай өзгеріп, ұлттық экономикалардың бір-біріне тәуелділігі нығая түсті. Жана экономикалық үлгідегі қатынасқа көшу барысында Қазақстанда еңбек нарығы елеулі өзгерістерге үшырады.
Еңбек нарығы - нарыктық экономиканың күрделі элементі. Егеменді Қазақстан еңбекті халықаралық реттеудің қатысушысы болып табылады.
Еңбек қатынастарын реттейтін көп жақты конвенциялардың саны көп. Оларды бірнеше топтарға бөліп карастырамыз.
1-ші топ: Адам құқығы саласындағы жалпы танылған актілер - Адам құқықтары туралы жалпы декларациянын (1948 ж. 10 желтоқсан) 23-бабында: «Әр адамның еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, әділ және қолайлы енбек жағдайына, жұмыссыздықтан корғалуына құқығы бар» делінген.
1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 6-бабында: «Әр адам кұндылығы тең еңбегі үшін, нендей бір кемітусіз, тең енбекақы алуға құқылы. Әр адамға қауіпсіз және гигиеналық талаптарға сай енбек жағдайлары қамтамасыз етілуі тиіс» делінген.
2-ші топ: Халықаралық еңбек ұйымы (бұдан әрі ХЕҰ) қабылдаған халықаралық көп жақты конвенциялардан тұрады. Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бастап ХЕҰ-ның қатысушысы болды. Осы жылдан біздің республикамыз еңбекпен қамту, енбекті қорғау, әлеуметтік қорғаудың халықаралық үрдісіне тартылды, өз кезегінде бұл үрдіс Қазақстаннын еңбек базасын жетілдірді.
Көп жағдайда конвенциялар адамдардың еңбекке кұқығы мен қолайлы еңбек жағдайын іс жүзіне асыруына бағытталған. 1990 жылдың 1 қаңтарында ХЕҰ №169 Конвенцияны дайындады. 1919 жылғы Версаль бейбітшілік келісіміне сәйкес ХЕҰ құрылды, ол БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемесі. Негізгі мақсаты - еңбек жағдайы мен еңбекшілердің өміріне арналған конвенциялар мен ұсыныстарды қабылдауға бағытталады. Ортаазиялық өңірде ХЕҰ өкілдігі Алматыда 1995 жылдың ақпан айында ашылды. ХЕҰ-ның ратификацияланған конвенциялары Қазакстан Республикасында құқықтық реформа жүргізуге және ұлттық заңнаманың негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі, Орталық Еуропа мемлекеттерінің тәжірибесіне сүйенсек, халықаралық сахнада еңбек саласында беделді орынға ие болу үшін мемлекет бірлескен мемлекеттер одақтарымен қатынасқа түсуі кажет. Қазақстан Республикасы ХЕҰ-мен келесі бағыттар бойынша әрекеттестікті жүзеге асыруда: шағын қалаларда жұмыспен қамту; өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту; жабылған кәсіпорынның жұмысшыларын әлеуметтік корғау мен жұмыспен қамтамасыз ету, жеке бизнес пен кәсіпкерлікті ауылдық жерлерде ұйымдастыру; жергілікті мамандардан кеңесші мен сараптамалық көмек беретіндерді, халықаралық-құқықтық актілерді қолдануды дайындау т.б. ХЕҰ еңбек мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын корғау жөнінде конвенциялар мен ұсыныстар қабылдады. 1958 жылғы еңбек саласындағы кемітушілік туралы конвенция; 1949 жылғы Еңбекші мигранттар туралы конвенция; 1975 жылғы Көші-қон саласындағы асыра пайдаланушылық, пен еңбекші мигранттарға сотка жүгінуге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жөніндегі конвенция; 1970 жылғы Ақы төленетін демалыс жөніндегі әлеуметтік камтамасыз ету саласында құқықтарды корғау; Бірлестіктердің еркіндігі мен ұйымдастыру құқығын қорғау туралы 1948 жылы қабылданған конвенциялар бар.
Енбекші мигранттар туралы конвенцияға дәлірек токталатын болсақ, онда ХЕҰ-ға мүше мемлекет, заңды түрде мемлекеттің аумағына келген иммигранттарға ешбір нәсілдік, ұлттық, діни, жыныстық белгілер бойынша кемсітпей, өз азаматтары пайдаланатын құқықтарды (жалақы алу, жұмыс уақыты, мерзімнен тыс жұмысқа ақы төлеу т.б.) ұсынуға міндетті. ХЕҰ ұсыныстары мен конвенциялары мигранттарды барлық деңгейде қорғайды. Мигранттар саясатын бақылауды мемлекеттің өкілетті органдары жүргізеді. Иммигранттар жұмыс орнына келгенге дейін кедендік баждардан босатылуы тиіс, сондай-ақ оларға талапқа сәйкес жұмыспен камтамасыз ету мәселелері қарастырылған. «Мигранттар жұмыстарын белгіленген уақыттан бұрын тоқтату туралы шығарылған шешімге шағымдануға құқылы және егер олар мемлекеттен шығарылса, әкімшілік немесе заңды процедураларды жүзеге асыру барысында ешбір шығынды өтемейді, ХЕҰ конвенцияларының бірқатары ең төмен жалақы төлеу, еңбек жағдайы, қауіпсіздік техникасы, ынталандыру, әлеуметтік камсыздандыру, кәсіптік одақтардың құқықтарына, орын ауыстыру еркіндігі және сотқа жүгіну құқығы, денсаулық қорғау және кауіпсіздікке арналған.
Қазақстан ХЕҰ еңбекті қолданудың әр түрлі мәселелері бойынша конвенциялар қабылдады, атап айтқанда - жұмыспен қамтамасыз ету саласындағы саясат туралы, кейбір салаларда жұмысқа қабылданатын ең төменгі жас мөлшері, ананы қорғау туралы, өндірістік кәсіпорындардағы апта сайынғы демалыс туралы, жұмыс уақытын кырық сағатқа дейін қысқарту туралы т.б. Ратификацияланған конвенцияларға «Өндірістік ортадағы еңбек тазалығы мен кауіпсіздігі» туралы және «Жұмысшыларды жұмыс орындарында шу, вибрация, ауа ластануының нәтижесінен пайда болатын кәсіби тәуекелден қорғау» туралы конвенциялар жатады.
Конвенцияның 4-бабына сәйкес: «ұйымның әр мүшесі ұлттық жағдай мен тәжірибеге сай өндірістік ортада еңбек тазалығы мен еңбек қауіпсіздігі саласында өкілетті ұйымдармен, кәсіпкерлермен және жұмысшылармен бірлесіп, жүйелі түрде келісіммен ұлттық саясатты жүргізеді».
Конвенцияның 4-бабында: «ұлттық заңнамада жұмыс орындарында шу, вибрация, ауа ластануының нәтижесінен туындайтын кәсіби тәуекелдің алдын алуға және шектеуге бағытталған шаралар қолданылу тиіс» делінген.
Өкінішке орай, бүгінгі таңда жоғарыда аталған конвенциялардың тиісті баптары іс жүзіне асырылмай отыр. Сондыктан, 2 Конвенция толығымен іс жүзіне асырылуы үшін қосымша ұлттық нормативтік актілерді төтенше тәртіпте кабылдау керек.
Анығына келсек, конвенция еңбек құқығында ұсыныстық сипаттағы халықаралық шартқа жатады, онда бір елдің ішкі еңбек заңнамасына араласу мақсаты жоқ. Бірақ, егер қандай да бір елдің парламенті конвенцияны бекітсе, ол еңбек туралы ұлттық заңнаманың құрама бөлігі болады.
1990 жылдың желтоқсанында БҰҰ жалпы Ассамблеясы «Жұмысшы мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің барлық құқықтарын корғау» туралы халықаралық конвенцияны қабылдады. 8-бапқа сәйкес: «Жұмысшы мигрант және оның отбасы мүшелері кез келген мемлекетті, соның ішінде өзі шыққан мемлекетін қоса, еркін түрде қалдырып кетуге құқылы. Жұмысшы мигранттың жалдау шарты бойынша, келген мемлекетте уақыты аяқталса, ол өз еліне тапқан жалақысын аударуға және өз жеке мүлкін алып кетуге құқылы».
Мигранттарды корғау жөніндегі халықаралық нормалар екі жақты шарттарда, БҰҰ, ХЕҰ мен өзге ұйымдардың шенберінде қабылданған конвенцияларда бар. Екі жақты келісімдер 60-жылдарда жасалына бастады. Жұмыс күшінің тапшылығына ұшыраған Батыс Еуропа елдері, дәлірек айтқанда Бельгия, Нидерланд, ГФР, Франция, Швейцария, Алжир, Испания, Греция, Португалия, Түркия, Марокко және Туниспен жұмыс күшінің импорты туралы екі жақты келісімдерді жасасты. Бұл шарттарда келесі мәселелер карастырылған:
- жұмысшыларды шетелге жіберу сұрақтарымен айналысатын мемлекеттің уәкілетті органының мәртебесі;
- ақпарат алмасу тәртібі мен бос орындар жөнінде хабарландыру;
- заңсыз мигранттар. Мигранттар заңсыз жолмен белгілі бір мемлекетке келсе, онда оны шығару тәртібі;
- кандидаттардың тізімі;
- алдын ала сұрыптап алу;
- медициналық көмек көрсету;
- кіру құжаттары және жұмысқа орналасуға рұқсат;
- жеке еңбек шарты. Қанша тілде еңбек шарты жасалу кажеттілігі;
- баспана. Жұмысшыны жұмыс істеуге келген мемлекет баспанамен қамтамасыз ету мүмкіндігі;
- юрисдикция. Дау туындаған жағдайда қай елдің құқығы қолданылады.
Енбек көші-қонының маңыздылығын ескеріп, ұлттық заңнамаларды еңбекші мигранттардың құқықтарын қорғауды жоғары дәрежеге жеткізу үшін ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы заңды ұсыныстық сипатка ие акт қабылдады.
Қазақстан Республикасының ТМД шеңберінде жасалған халықаралық келісімдері:
- ТМД жарғысы (22.01.93);
- Еңбек, көші-қон және ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің тұрғындарын әлеуметтік қорғау үшін Кеңесші Кенесті кұру туралы келісім (13.11.92);
- Азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Минск конвенциясы (22.01.93);
- Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету туралы келісім (24.12.93);
- Экономикалық Одақты кұру туралы шарт (24.09.93);
- Еңбек миграциясы мен жұмысшы мигранттарды әлеуметік қорғау саласындағы қызметтестік туралы Келісім (15.04.94). Қазақстан осы келісімді ратификациялады (8.09.94);
- ТМД қатысушы-мемлекеттердің азаматтарының зейнетақы мен қамсыздандыру саласында құқықтарының кепілдігі туралы келісім (13.03.92);
- Көші-қон саласындағы қызметтестік туралы Қазақстан, Өзбекстан, Кырғызстан Республикалары арасындағы Меморандум (8.07.94).
ТМД Жарғысының 4-бабы әлеуметтік және көші-қон саясатына арналған. ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер келесі әлеуметтік және экономикалық бағыттар бойынша қызметтестікті жүзеге асырады: нарықтық қатынастардың негізінде ортақ экономикалық аймақты қалыптастыру және тауарлар, қызметтердің, капиталдардың және жұмыс күшінің еркін орын ауысуы; әлеуметтік саясатты бақылау мен ұйымдастыру; ортақ әлеуметтік бағдарламаларды дайындау.
ТМД Жарғысына қарағанда, экономикалық Одақты құру туралы шарт еңбек қатынастарын нақтырақ реттейді. 5-тарау «Әлеуметтік саясаты Жалпы танылған халықаралық, ережелер ескеріп енбекті корғау мен еңбек жағдайлары саласында ортақ саясатты жүргізу, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларына жалпы талаптарды дайындау, еңбек жағдайларына қатысты мемлекеттік бақылау мен сараптама жүргізу; жұмыс күшінің көші-қоны мен әлеуметтік сақтандыру, азаматтарды зейнетақымен камсыздандыру саласында өзара міндеттемелерді реттейтін арнайы келісімдерді жасау.
Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина мен Казақстан Республикалары үкіметтері арасында жасалған, 1994 жылы 15 сәуірде Мәскеу каласында қол койылған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 8 қыркүйекте №147 қаулысымен бекітті. Келісім экономикалық Одақ құру жөніндегі Шарттың ережелеріне; БҰҰ-ның ХЕҰ шеңберінде жасалған адам құқықтары мен қағидалары саласындағы негізгі аралық құжаттарына сүйенуге; ТМД мемлекеттері арасындағы еңбектік көші-қонның масштабы мен мәндеріне, сондай-ақ, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің аталған елдер аумағында еңбекші мигранттардың еңбек қызметі және оларды әлеуметтік қорғау саласындағы осы Келісімді жан-жақты дамытуға негізделген.
Осы Келісімге кол койған мемлекеттердің біреуінің аумағында тұрақты тұратын қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің меншік түрі мен шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, басқа бір мемлекеттің аумағында кәсіпорындағы еңбек қызметі мен оларды әлеуметтік корғау саласындағы Келісімге отырған ТМД елдері арасындағы қарым-қатынастың негізгі бағыттарын реттейді.
Келісім босқындарға және лажсыз қоныс аударушыларға; кысқа мерзімге шыққан еркін кәсіптегі адамдар мен әртістерге; білім алу мақсатында арнайы келген адамдарға қолданылмайды. Қызметкер мигрант мәртебесін өзі шыққан жақтың аумағында тұрақты тұратын және жұмысқа орналасқан жақта, заңды негізде ақылы қызметпен айналысатын адамдар алады. Түсініктеме ретінде айта кету керек, жұмыс алу ретінде басқа мемлекетке қоныс аударған адамның өзі тұрақты тұратын елі оның шыққан жағы болып есептеледі. Басқа мемлекеттен келген қызметкер мигранттың аумағында өз еңбек қызметін еңбек шарты бойынша жүзеге асыратын мемлекет енбекке орналасу жағы болып табылады.
Еңбек көші-қоны және жұмысшы мигранттарды әлеуметтік корғау саласындағы ынтымактастық туралы Келісімге кол койған ТМД елдеріне Казакстан Республикасы жұмысқа бармақ ниеті бар адамдарға, егер екі жақты келісімде өзгеше көрсетілмесе, сол еңбекке орналасатын елдің заңында көзделген жұмысқа тарту тәртібі, біліктілікке, жасқа койылатын және басқа талаптар таралады.
Келісімге кол қойған ТМД елдерінің әрқайсысы жұмысқа орналасатын мемлекеттің тіліне немесе орыс тіліне аударылған, шыққан жақтың аумағында белгіленген тәртіпте күрделендірілген дипломдарды, білімі туралы куәліктерді, атак, разряд, біліктілік берілгендігі туралы тиісті құжаттарды және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кажетті басқа құжаттарды мойындайды.
Еңбек көші-қоны және жұмысшы мигранттарды әлеуметтік қорғау туралы Келісімге қол койған басқа елдерге Қазақстан Республикасынан жұмысқа барған адамдардың жеңілдік негіздегі және мамандық бойынша өтімдерімен қоса, жалпы еңбек өтімін еңбекке орналастырған жақ өзара мойындайды. Сондықтан да, қызметкер мигрант жұмысқа орналасқан жақтан біржолата кеткенде, жұмыс беруші (жалдаушы) қанша жалақы алып тұрғандығы жайында мәліметі бар анықтама немесе басқадай құжат береді.
Қызметкер мигранттардың Қазақстан аумағынан Келісімге кол қойған басқа мемлекеттің (субъект орналасатын жақтың) аумағына баруы, онда болуы және ол жерден кетуі күшіндегі заңнамаға және сол мемлекеттермен Қазақстан Республикасы арасында жасалған келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Ал, жұмысқа орналасқан елдің заңдарын бұзған немесе сол елде шетел азаматтарының болуы тәртібі сақталмаған жағдайда жұмысқа орналастырған ел қызметкермен арадағы шарттың мерзімінен бұрын бұзылуын және қызметкер мигранттардың Казақстан Республикасына қайтарылуын талап ете алады.
ХЕҰ-дан өзге көші-қонмен айналысатын халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымы (ХКҰ) үкіметаралық ұйым, 76 мемлекет құрды. ХКҰ-ға косымша 46 мемлекет бақылаушылар ретінде кіреді. ХҚҰ-ның ресми өкілдігі Алматыда 1997 жылы ашылды, осы кезден бастап, Қазақстан бақылаушы мәртебесін иеленді.
1998 жылдың қаңтарында Қазакстан Республикасымен ХКҰ арасында ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, Астанада 1999 жылы ХҚҰ-ның тағы бір кеңсесі ашылды. 2002 жылы Сыртқы істер Министрлігінің мемлекеттік хатшысы министр Қасымжомарт Токаев ХҚҰ-ның басшысы Б. Маккинлинге 2002 жылғы 15 қазандағы Қазакстан Республикасы Президентінің «Казақстан Республикасының КХҰ-на мүшелігі туралы» Жарлығына сәйкес, дипломатиялық жолдар аркылы Қазакстан Республикасында осы ұйымға қабылдау туралы өтінішін жіберді.
ХКҰ Қазакстан Республикасының өтінішін 84-ші сессиясында қарастырды. 2002 жылы 2 желтоксанда Қазақстан КХҰ-ның толық мүшесі болды.
ХКҰ бұл БҰҰ-ның арнайы мекемесі болмағанымен, оның көптеген бөлімдерімен ортақ қызмет аткаруда.
ХКҰ 1951 жылы құрылып, 2001 жылы өзінің 50 жылдығын атап өтті. Үкіметаралық ұйым болған соң, ХКҰ 6 бағытта өз қызметін атқаруда:
Босқындарды 3-ші мемлекеттерге қоныс аудару, мигранттарды тасымалдау, оларға көмек көрсету.
Жоғары білікті ұлттық кадрларды өз мемлекеттеріне жіберу (олар білім алған соң).
Мигранттар үшін медициналық көмекті ұйымдастыру.
Көші-қон үрдісін басқару.
Көші-қонмен байланысты ақпараттық компанияларды ұйымдастыру.
Траффиктің алдын алу.
ХКҰ әр мемлекетке көші-қон саясатын анықтауға, оны дұрыс әрі тиімді қалыптастыру мен дамуына көмектеседі. ХКҰ көші-қонды басқаруды 3 бөлімге бөледі; құрылысы, құжаттарды ресімдеу; бақылаушы өткізуші пункттерді ұйымдастыру.
Құрылысы миграциялық саясаттың негізгі, заң шығарушы база және онымен байланысты рәсімдеу.
Құжаттарды ресімдеу және идентификациялау - паспорт, ұлттық визаны және өзге тұлғаны куәландыратын құжаттарды беру.
Бақылаушы өткізуші пункттер - заңсыз мигранттарды ұстауға ықпал жасайды. Құжаттарды бақылау мен зерттеу автомобиль, теміржол, әуе порттарында, кеме порттарының пункттерінде қатаң түрде жүргізілуі керек.
ХКҰ-ның кейбір жобаларында иммигранттарға тіл курстарын ұйымдастыру қарастырылған. ХКҰ Канадаға жіберілген 93 ауғандық боскынға өз көмегін тигізді. ХҚҰ-ның бақылауымен АҚШ-қа тұрақты тұруға кететін эмигранттарды медициналық тексеруден өткізуі Бельгия қаржыландырылған жобаны ХКҰ іс жүзіне асырды, нәтижесінде, осы мемлекетте заңсыз иммиграттар саны күрт төмендеді. ХКҰ адамдардың траффигі туралы ең бірінші рет халықаралық деңгейде қозғаған ұйым. 1997 жылдан бастап, ХКҰ ТМД мемлекеттеріндегі траффикті зерттеуге кірісті. Бұл үрдіс белсенді түрде Украинадан басталды.
Адамдардың траффигі әсіресе, әйелдер мен балалар траффигі - адамдарды мемлекет ішінде немесе шетелге сату, сатып алу, оларды сексуалдық және еңбек жұмыстарына мәжбүрлеуге беру.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы мен ХКҰ көші-қон үрдісін басқару жөніндегі жобалар бойынша бірлесіп, қызмет атқаруда. ХКҰ Қазақстанның миграциялық саясатын зерттеп, Республикамызға арналған күрделі, көп жылғы көші-қондық бағдарламаны ұсынды. Бұл бағдарламада көші-қондық үрдісті жан-жақты, толық дамыту бағыттары көрсетілген. Мысалы: құқықтық институттын базасын дамыту, көші-қондық қызметтің жұмысшыларын оқыту және тәжірибе алмастыруға жіберу, осы қызметтің саясатын дұрыс анықтау т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |