Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Политехникалық оқыту және кәсіптік бағыт беру қалай жүзеге асады?



жүктеу 2,77 Mb.
бет7/51
Дата16.01.2020
өлшемі2,77 Mb.
#26849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51

4. Политехникалық оқыту және кәсіптік бағыт беру қалай жүзеге асады?


5. Экологиялық білім деген не?
4 -тақырып. Физиканы оқытудың қазіргі заманға концепциясы
Дәріс жоспары
  1. Мектеп физика курсының бірінші және екінші басқышының мазмұны мен жүйесі.

  2. Мектеп физика курсының даму болашағы.



Дәрістің қысқаша мазмұны

1.Мектеп физика курсының бірінші және екінші басқышының мазмұны мен жүйесі

Физиканы бірінші сатыдағы оқытудың мақсаты оқушыларды жоғарғы сыныптарда физиканы оқытуға дайындық және негізгі физикалық ұғымдармен, шамалармен таныстыру.

Физиканы екінші сатыдағы оқытудың мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету, дамыту және өздерінде бар білімдерін жан-жақты жағдайларға қолдану. Алған білімдерін пәнаралық байланыстарға қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Орта мектепте физиканы оқытудың екінші сатысында мынадай негізгі міндеттер тұр:



  1. физика пәнінен алған алғашқы білімдер жүйесін дамытуы;

  2. оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, арттыру;

  3. мамандық таңдауда оқушыларға бағыт-бағдар беру.

Физиканы оқытудың екінші сатысында кейбір бірінші сатыдағы материалдар тереңдетіліп беріледі. Ол материалдарды оқыту барысында бірінші сатыда алынған білімдерін қайталамай, оны тереңдетіп, жан-жақты дамытып беру керек.

9-сыныпта 7-сыныпта алған қозғалыс ұғымы дамытылады, мұнда қозғалыс түрлерімен, үдеу ұғымымен таныстырылады, сонымен бірге механикадағы сақталу заңдары, сақталу заңдарын қолдану, тербелістер және толқындар жайындағы білімдер беріледі.

10-сыныпта 8-сыныптағы жылу құбылыстары жайында алған алғашқы білім мағлұматтары кеңейтіледі. Сонымен бірге химия курсынан алған салыстырмалы молекулалық масса, зат мөлшері, мольдік масса ұғымдары дамытылады. МКТ – негізгі қағидалары дәлелдемелерімен танысады. 8-сыныпта алған жылу мөлшері, термодинамиканың бірінші бастамасы, тұрақты ток заңдары және т.б туралы мағлұматтар тереңінен түсіндіріледі.

Ондаған жылдар бойы физика курсын жоғарғы сыныптарда оқытудың алғашқы дайындық бөлімі ретінде оқытылып келген бірінші сатының бағдарламасының құрылымы және мазмұны өзгертілді. Жаңа бағдарламада екінші сатыда жоғарғы сыныптарда физиканы саралап оқыту негізінде мазмұны мен құрылымы қайтадан қарастырылды. Мұнда негізгі мектептен кейін оқушылардың таңдауына байланысты физика пәнінің бағдарламасы жаратылыстану және гуманитарлық бағытга немесе кәсіптік мамандықтарға, арнаулы орта білім беретін оқу орындарына, сыртгай оқуға, әр пәнді тереңірек оқытуға тәуелді өзгереді.

Осы жағдайларға байланысты негізгі (базалық) мектептегі білім берудің ролі артады, себебі ары қарай жалпы білім беретін мектепте немесе арнаулы мамандар дайындайтын оқу орындарында оқуларын жалғастырушы таңдауға қызығушылығын ояту міндеттері тұр. Осының барлығы физика пәніне де тән.

Мектеп физика курсын жаңартудың жаңа бір бағыты ретінде Қазақстан Республикасы мектептерінде орта білім беруді жетілдіру бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мектеп физика курсын жетілдірудің бағыты бойынша физика пәні 7-9 сыныптар үшін «Физика және астрономия» болып біріктіріліп өтеді де, 10-11 сыныптарда гуманитарлық, жаратылыстану, физика-математика бағыттарында оқытылу көзделген. Осыған сәйкес физикалық білім берудің стандарты жасалды.

2.«Физика және астрономия» бағдарламасы бойынша біріктіріліп оқытылатын «Физика және астрономия» курсының өзіндік ерекшелігі – әлемнің біртұтастығы мен материяның бірлігі деген әдіснамалық негізі өзек ретінде алынады. Жарық материяның әмбебап түрі деп қарастыру мақсатында физика курсының бірінші басқышы жарық құбылыстары жайлы ілімнен басталады. Бұл бағдарламаның тағы да бір ерекшелігі – әр сыныптың барлық тарауларында астрономия элементтерін физикамен байланыстыра отырып оқыту көзделген.

Жаңа «Физика және астрономия» курсы бірінші басқышта мынадай 7-басқыштан тұрады.



  1. Геометриялық оптика.

  2. Тұрақты ток.

  3. Механика.

  4. Жылу және термодинамика.

  5. Электродинамика элементтері.

  6. Тербелістер мен толқындар.

  7. Атом ядросы.

Бұл құрылым бойынша «Оптика» мен «Тербеліс – толқындар» және «Электродинамика» элементтері 7 және 9 сыныптарда, ал «Механика, жылу, термодинамика» 8-сыныпта, «Атом және атом ядросы» 9-сыныпта оқытылатын болады.
    1. Мектеп физика курсының даму болашағы.


Қазіргі заманғы: а) ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына сәйкес физика ғылымы ролінің өсуіне; ә) ғылым мен техниканың өзара әсерінің күнделікті күшеюіне; б) ғылымның өндіріс күшіне айналуына байланысты мектепте физикалық білім берудің мақсаттары да күрделеніп, арта түсуде. Осыған сәйкес мектеп физикасының мазмұнын жаңартып жақсарту міндеттері алға қойылып отыр. Мұндай жаңа міндеттерді шешу, оқу материалдарын жетекші физикалық идеялардың төңірегінде біріктіріп топтастыру принципі негізінде жүзеге асырылып келеді. Басты физикалық идеялар негізгі физикалық теориялар арқылы айқындалуда. Осыған сәйкес жетілдірілген мектеп физика курсын инварианттық және вариациялық компоненттерден тұратын функциялық бағдарлама негізінде оқыту қолға алынуда.

Кез-келген физикалық теорияны: а) негізге; ә) ядроға; б) қорытынды түйінге жіктеуге болады. Теорияның негізін эксперименттік факті, идеал объектілер, физикалық ұғымдар мен шамалар құрайды. Теорияның ядросына физикалық заңдар, принциптер, постулаттар, іргелі тұрақты шамалар жатады. Нақты өндірістік-техникалық мәселелерді шешуде физикалық теорияның қолданылуы, оның түпкілікті түйіні болып саналады. Мысалы, молекула-кинетикалық теорияның (МКТ) негізі ретінде «идеал газдың» моделі алынады. Оның ядросын идеал газ үшін МКТ-ның негізгі теңдеуі құрайды. Дербес газ заңдары арқылы газдардың қасиеттерін түсіндіруде теорияның қолданылуы, оның қорытынды түйіні болып саналады.

Мектеп физика курсы Германияда заттың құрылысы, электромагниттік өріс, энергия туралы ілім негізінде құрылған.

Қазіргі мектеп физика курсын құрылымдық тұрғыдан талдасақ, ол механика, молекулалық физика, электродинамика, кванттық физика болып 4 бөлімнен, 23 тараудан тұрады. Ол бөлімдердің материалдарын мектепте оқытуға бөлінген сағат сандарының үлесі бөлімдерге сәйкес 33%, 15%, 25%, 15% мөлшерін алады, ал қалған 14% лабораториялық-практикалық жұмыстарды орындауға және 8% қайталау-қорытынды сабақтар мен экскурсияларды өткізуге арналған.



Егер мектеп физика курсын материяның құрылымдық негіздері принципінде оқытатын болсақ, онда ол 5 бөлімге бөлінетін болады: 1-бөлім. «Қозғалыс және күштер. Тартылыс өрісі»; 2-бөлім. «Заттың кинематикалық теориясы»; 3-бөлім. «Электромагниттік өріс және сәуле шығару»; 4-бөлім. «Заттың құрылысы мен қасиеттері»; 5-бөлім. «Космостық физика». Бұл бөлімдер өзара логикалық байланысты 12 тарауға, 30 үлкен тақырыптарға бөлінетін болады. Мұның әдістемелік артықшылығы – физикалық жүйелердің өзара бір-біріне айналу процесі мына түрде өтеді: Газ – сұйық, сұйық – қатты дене, қатты дене – газ.


3-сурет. Физика курсының өрістік көзқарас тұрғысынан құрылуы.

Физика курсын материяның құрылымы, өзара әсерлесу, физикалық процестер деген тұрғыдан да былай құруға болады (4-сурет). Мектеп физикасының бұл жүйесі 19 тарауға, 50 ден астам жеке тақырыптарға жіктеледі.



4-сурет. Мектеп физика курсының өзара әсерлесу принципі негізіндегі құрылымы.



Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар

Білім беру концепциясы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат.

Мектеп физика курсының бірінші басқышы – 7-9 класс.

Мектеп физика курсының екінші басқышы – 10-11 класс.

Физикалық теория – негізге, ядроға, қорытынды түйінге жіктеледі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Мектеп физика курсының бірінші және екінші басқышының мазмұны мен жүйесін көрсетіңіз.

2. Физикалық теорияның жіктелуін көрсетіңіз.


5 -тақырып. Физиканың басқа оқу пәндерімен байланысы
Дәріс жоспары

1. Пәнаралық байланыстың әдістемелік және дидактикалық мәні

2.Физика және басқа оқу пәндерінің байланысы
Дәрістің қысқаша мазмұны

1.Пәнаралық байланыстың әдістемелік және дидактикалық мәні

Ғылыми ұғымдарды қалыптастыруда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың басты мақсаты оқушыларды жан-жақты дамыту, оларға ғылыми көзқарас қалыптастыру және бір пәннен алған білімін екінші пәнді игеруде қолдана білуге дағдыландыру.

Е.Аққошқаров өзінің «Физикалық ұғымдарды қалыптастырудың және терминдерді меңгертудің тәсілдері» атты еңбегінде: “Әрбір оқу пәні бір-бірімен жүйелі түрде байланысқан және бірін-бірі толықтырып, дамытып отыратын ұғымдардан құралады. Өйткені, жеке оқу пәні шеңберінде тұйықталған, дараланған байланыс жүйелері толық білім алуға, дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін пән ішіндегі байланысты пәнаралық байланыс дәрежесіне көтерудің маңызы зор”-деп көрсеткен.

Олай болса, пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқушылардың білімін жетілдіруге, бір пәннен алған білімін екінші пәнді оқып үйрену барысында пайдалана білу дағдысын арттыруда маңызы зор.

Пәнаралық байланыс дегеніміз – әр түрлі оқу пәндерін кіріктіре оқытудың үйлесімділігі. Соңғы жылдары физиканың, астрономияның, математиканың, химияның, биологияның және т.б. жаратылыстану пәндерінің өзара байланысы осы пәндерді дәрістеуді қайта қарауды, білім беруді кең тұрғыдан қамтуды, олардың терең байланысын оқыту процесінде тиімді пайдалануды көздеуде.

Пәнаралық байланысты әдіскер-ғалымдар екі түрге жіктейді:

1.Уақыттық белгісі бойынша.

2.Мазмұндық белгісі бойынша.

Уақыттық белгісі бойынша пәнаралық байланыстарды болып өткен, ілеспелі және келешекте болатын байланыстарға бөледі.

Мазмұндық байланыстарды – факті жүзіндегі, ұғымдық және теориялық деп ажыратады.

Оқушыларға ғылым негіздерін игерту процесінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың мынадай тәсілдерін көрсетуге болады:

1) жаңа оқу материалын меңгертуде оқушылардың басқа пәндер сабақтарында алған білімін пайдалану, мұнда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың үш кезеңі қарастырылады:

- жаңа ұғымды қабылдауға оқушыларды дайындауда пәнаралық байланысты жүзеге асыру;

- жаңа ұғымды меңгерту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру;

- жаңа оқу материалын бекітуде және есептер шығаруда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру;

2) пәнаралық сипаттағы экскурсиялар өткізу, мысалы, физика және биология бойынша табиғатқа топ серуен жасау;

3) қорытындылау сипатындағы қайталау сабағын өткізу, мұнда әр түрлі пәндерді оқып үйрену кезінде алған білім біртұтас етіп біріктіріледі, мысалы, физиканы, химияны және биологияны оқып үйрену процесінде энергия туралы алған білімін қорытындылау, соның нәтижесінде оқушылар энергияның сақталу және айналу заңын толық әрі терең түсінеді. Іргелі ұғымдар әртүрлі пәндердің өзара байланысқан ұғымдарының жалғасымдылықпен қалыптастырылуы барысында ұзақ процесс нәтижесінде меңгертіледі. Мысалы, “зат” ұғымын қалыптастыру физиканы, химияны және биологияны оқыту нәтижесінде жүзеге асады; бұл ұғым осы оқу пәндерін оқып игергенде ғана қалыптасқан болып саналады.

Көптеген әдіскерлердің зерттеулері мектеп оқушыларында іргелі ұғымдарды қалыптастыру және дамыту берік бекіген пәнаралық байланыстарды тағайындау нәтижесінде жүзеге асатындығын көрсетеді.

7-8 сыныптарда физика мен химияны оқыту кезінде заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың негізгі кезеңдерін қарастырайық:

I кезең 7- сыныпта физиканы оқытуда.

Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды молекулалық деңгейде қалыптастыру. Молекулалардың қозғалысы. Дене температурасының молекулалардың қозғалыс жылдамдығымен байланыстылығы. Молекулалар арасындағы өзара әрекет.

II кезең 8- сыныпта химияны оқытуда.

Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды атом-молекулалық деңгейде түсіндіру. Жай және күрделі заттардағы молекулалар құрамы. Физикалық құбылыстар кезінде молекулалардың сақталу және химиялық құбылыс кезінде бұзылуы. Молекулалардың кинетикалық және потенциалдық энергиясы.

III кезең 8- сыныпта физиканы оқытуда.

Заттардың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды қалыптастыру.

Атомның ядролық моделі. Ядро заряды және атомдағы электрондар саны. Денелердің электрленуі құбылысының мәнін, металдрдағы және электролиттердегі электр тогының табиғатын, өткізгіштердің кедергісін және т.б. түсіндіру кезінде заттың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды нақтылау және жүйелеу.



жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау