Оқытуды гуманитаризациялау сәйкес оқу сабақтарында (әлемдік көзқарас, әдіснамалық, тарихи-биографиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару. Дифференциациялау оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру. Қазіргі уақытта жалпы орта білім беруді әртүрлі типтегі: мектепте, гимназияда, лицейде, колледжде, жеке меншік мектептерде, жалпы білім беру мекемелерінен алуға болады. Гимназия - V-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін, ой еңбегіне бейімді оқушыларды дамытатын және тәрбиелетін орта жалпы білім беретін оқу орны. Лицей - VIII-XI немесе X-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін кәсіптік бағытталған жалпы білім беретін мекеме. Колледж – кәсіптік дайындықты жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі. Жеке меншік мектептер қоғамдық ұйымдардың, әртүрлі ассоциациясының және фондтардың, мекемелер мен жеке адамдардың ұсыныстары бойынша құрылады. Жеке меншік мектептің өзінің уставы және білім беру іскерлігін жүзеге асыруға бағытталған, сәйкес білім беру департаментінен берілген лицензиясы болуы міндетті. «Білім туралы» заңымен метептердің төмендегідей құрылымы бекітіледі: I-IV (III) – бастауыш мектеп, V-IX – негізгі мектеп, X-XI – жалпы білім беретін (толық) орта мектеп. Осы құрылым негізінде міндетті болып он екі жылдық білім беру болып табылады, ал жоғарғы мектеп бағыттық болып қалады. Әртүрлі типегі оқу мекемлерінде білім алу мүмкіндігі, бұрынырақ өзінің білім беру стратегиясын анықтауға құқылы және әртүрлі оқу бағдарламалары мен құралдарды қолданатын, білім беру стандарттарын жасауды талап етеді. Орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін екінші құжат, базистік оқу жоспары болып табылады, ол оқушылардың оқу жүктемесінің максимал көлемін анықтайды, мемлекеттік білім беру стандартының компоненттерін меңгеруге бөлінген оқу уақытын анықтайды. Базистік оқу жоспары пәндерді қамтымайды, білім беру аймағын қамтиды және екі бөлімнен тұрады: инвариантты және вариативті. Инвариантты бөлімінде мемлекеттік білім беру стандартының компоненттері толықтай жүзеге асады, жалпы білім беретін мекемелердің түлектеріне қажетті білімдермен, іскерліктермен және дағдылармен қаруландырады. Вариативті бөлімінде мектептік және регионалды компоненттерін жүзеге асырады. Базистік оқу жоспарының қосымшасына сәйкес физиканы меңгеруге 7-11 сыныптар бойынша аптасына екі сағаттан аз уақыт бөлінбеуі керек. Оқу процесін реттейтін үшінші құжат, мемлекеттік білім беру стандарттары болып табылады, ол оқушылардың міндетті дайындық деңгейінің талаптарын анықтайды. Білім беру стандарттары пән бойынша бағдарлама болып табылмайды. Олар базистік оқу жоспары сияқты оқу бағдарламаларын құру үшін қолданылады.
«Физиканы оқыту әдістемесі», «физиканы оқу әдістемесі», оқыту технологиясы ұғымдары
Физиканы оқыту әдістемесі – оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту үрдісінде тәрбиелейтін және дамытатын ғылым.
Мектептегі білім беру ісінде физика пәнінің алатын орны, физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі маңызымен, оның ғылымның қарқындап дамуына тигізетін шешуі ықпалымен анықталады.
Мектепте физиканы оқу барысында оқушының қалыптасуы, ең алдымен оның жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс. Физиканы үйрету – белгілі бір жүйеде (жоспар) бойынша мұғалімнің басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады. Физиканы оқу әдістемесі міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру т.б. кіреді.
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең кең қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қай түрі болмасын анықтаманы қажет етеді.
Технология – «техно»-өнер, шебер, қол өнер, «логия» – ғылым деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, «технология» терминінің қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.
Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:
1. Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік амалдардың, әдістер мен үдерісінің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.
2. Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.
Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырылады.
Ал оқыту технологиясы дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін оқыту технологиясына берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:
Технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.
Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.
Технология дегеніміз – оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.
Технология дегеніміз – білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.
Технология дегеніміз – тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.
Оқыту технологиясы – қойылған білім беру мақсатын практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің теориялық негізделген әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы
3. Физиканы оқыту міндеті. Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелері Қандай да бір мәселенің өзектілігін анықтау кезінде әрқашанда оқыту алдындағы міндеттер арасындағы бар қарама-қайшылықтан және оқытудың теориясы мен практикасындағы осы мәселенің жасалуының деңгейі мен дәрежесінен шығады. Сондықтан, біз орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі алдында тұрған қарама-қайшылықтарды бөліп аламыз және олардың негізінде өзекті мәселелерді қалыптастырамыз. Орта мектеп оқытуды демократизациялау, гуманизациялау, гуманитаризациялау сияқты принциптерден құрылады. Бұл принциптердің көрінісі әр типті оқу мекемелерін, әртүрлі оқу бағдарламалары мен оқулықтар құру болып табылады. Сәйкесінше осы уақытқа дейінгі орта физикалық білім берудің бірдей деңгейі, оқу бағдарламасы мен оқу құралы және оқушылардың оқу мекмесін және оқу бағдарламасы мен оқу құралын таңдау арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұл қарама-қайшылық әртүрлі типтегі оқу мекемелеріндегі, бағыттары әртүрлі кластардағы физикалық білім беру мазмұнын анықтауды негіздейді. Практикаға жеке бағыттылық оқытуды енгізу, мұнда мұғалім «орта» оқушыға бағытталады, ол үшін қабілетімен, қызығушылығымен және икемділігімен жеке адам болып табылатын ал әрбір нақты оқушыға жаңа әдістерді, жоспарларды және оқытудың әртүрлі формаларын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыру процесі жүріп жатыр, еліміздің барлық өмірінде, ең аз уақыт аралығында білім беруді жаппай ақпараттандыру болады. Әзірге бұл процесс баяу жүріп жатыр, бірақ оның темпі қарқынды жүріп жатқаны байқалады. Біздің оқушылар физиканы оқу процесінде ЭЕМ-ны тек есептеу құралы ретінде пайдаланбауы керек, сондай-ақ оқыту құралы және дайындықты бақылау құралы ретінде де пайдалануылары керек. Қазірдің өзінде де мектепте моделдеуші, бақылаушы және оқытушы компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылады. Компьютер барлық пәндер бойынша да оқу процесіне әлі де кеңінен енетін болады, соның ішінде физика бойынша да. Физиканы оқытуда компьютерді қолдану технологиясын құру – физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі.
Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар
Физиканы үйрету – белгілі бір жүйеде (жоспар) бойынша мұғалімнің басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады. Физиканы оқу әдістемесі міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру т.б. кіреді.
Физиканы оқыту әдістемесі – оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту үрдісінде тәрбиелейтін және дамытатын ғылым.
Оқыту технологиясы – қойылған білім беру мақсатын практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің теориялық негізделген әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы
Оқытуды гуманизациялау – барлық оқу-тәрбиелеу процесінің орталық суьбектісі болып табылатын баланың жеке қасиеттеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды гуманитаризациялау – сәйкес оқу сабақтарында (әлемдік көзқарас, әдіснамалық, тарихи-биографиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды дифференциациялау – оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.
Базистік оқу жоспары - орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін құжат.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
Физиканы оқыту әдістемесі.
Физиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері.
Орта жалпы білім беретін мекемелердегі оқу процесін реттейтін құжаттар.
Физиканы оқыту әдістемесі, физиканы оқу әдістемесі, оқыту технологиясы ұғымдарының мәнін көрсетіңіз
2-тақырып. Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері
Дәріс жоспары
Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері: физика ғылымының негізін меңгеру (бағдарламалық мәселелерді білу, іскерліктер мен дағдыларды меңгеру)
Оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру
Дәрістің қысқаша мазмұны
1.Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері: физика ғылымының негізін меңгеру (бағдарламалық мәселелерді білу, іскерліктер мен дағдыларды меңгеру) оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі педагогика ғылымының негізгі саласының бірі болып табылады.
Қазіргі кезде ғылымның қарқындап дамуына байланысты әрбір ғылым негізінің мазмұны кеңейіп, тереңдеп, сәйкесінші оларды оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері де пайда болуда. Сол себепті әр пәнді оқыту әдістемесі ждеке ғылым саласы болып қалыптасып, ірге тасы қалануда. Барлық жеке пәндерді оқыту әдістері дидиактикаға негізделеді.
Мектептегі білім беру ісінде физика пәнінің алатын орны, физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі маңызымен, оның ғылымның қарқындап дамуына тигізетін шешуі ықпалымен анықталады.
Мектепте физиканы оқыту барысында оқушының қалыптасуы, ең алдымен оның жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс. Физиканы үйрету – белгілі бір жүйеде жоспар бойынша мұғалімнің басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады. Физиканы оқыту әдістемесі міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру т.б. кіреді.
Мектепте физиканы оқыту кезеңінде оқушыларға білім білім беру, оларды жан-жақты дамыту, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндет атқарылады.
Білім беру міндеті – физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеті. Соның нәтижесінде оқушылар физиканың негізгі заңдылықтарынан білім жинақтайды, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.
Дамыту міндеті – оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие етеді. Әртүрлі ақпараттарды дұрыс бағдарлай білуге, логикалық амалдарды меңгере алуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға жеткізеді.
Тәрбиелеу міндеті – негізгі міндеттердің бірі. Себебі, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері - өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы.
Сондықтан мектепте мұғалім қызметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындауға бағытталады. Олай болса, физиканы оқыту негізінен алғанда, оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, ой-өрісінің дамуына жәрдемдесіп, өнегелі-үлгілі болуға баулиды.
Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушыларға физиканың негізі бойынша терең де берік білімді қалыптастыру болып келеді. Қазіргі кезеңде белгілі бір көлемде оқушыларға белгілі бір көлемде оқушыларға физикалық білімді қалыптастыру барысында оларды тәрбиелеп, дамыту мақсаттары тұр. Физиканы оқыту мақсаттарының құрамы да кеңейді: оқушыларға физиканың зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру, физиканы оқыту барысында мамандық таңдауға әзірлеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген мақсаттар соңғы кезде енді.
Орта мектептерде физиканы оқыту мақсаттарын топтап, әр топқа сәйкес оқытудың нақты мақсаттарын мына кесте арқылы көрсетуге болады:
Кесте 1
Оқыту мақсаттарының тобы
|
Физиканы оқытудың нақты мақсаттары
|
Алдыңғы ұрпақтың жинаған білімі мен тәжірибесін меңгеру
|
Негізгі физикалық білімдерді қалыптастыру: фактілер, ұғымдар, теориялар, заңдар, әлемнің физикалық бейнесі. Физикадағы танымның әдістері туралы білімдерді қалыптастыру. Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен техниканың ғылыми негіздері туралы білімді қалыптастыру.
Құбылыстарды түсіндіре білу, білімді есеп шығаруда қолдана білу ебдейліктері мен эксперименталдық ебдейліктерін қалыптастыру.
Ғылыми дүние танымдық көзқарас қалыптастыру. Физиканың қоғам өміріндегі ролі туралы, қоғамның, техниканың, басқа ғылымдардың дамуы мен физиканың дамуының арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
Мамандық таңдауға, практикалық іс-әрекетке әзірлеу.
|
Тұлғаның психикасының функцияналдық механизмін дамыту
|
Есте сақтау, сөйлеу, қабылдау, елестету қабілеттерін дамыту.
Ойлау қабілеттерін дамыту.
|
Тұлғаның жалпы типологиялық қасиеттерін қалыптастыру
|
Жалпы қабілеттерін дамыту.
Өз бетімен еңбек ету дағдысын қалыптастыру.
Тұлғада адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Бағалай білу ебдейліктерін қалыптастыру.
|
Тұлғаның жеке басының қасиеттерін дамыту
|
Физикаға деген қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту.
Оқу мотивін қалыптастыру.
|
Физиканы оқыту мақсаттары өзара байланысты болып келеді. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсаты олардың білімдерін есептер шығаруда қолдана білу икемділіктері мен дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру барысында жүзеге асады.
Әртүрлі кәсіп бағытындағы сынып оқушыларына физиканы оқыту мақсаттарының өз ерекшеліктері бар. Мысалы, физика-математикалық бағыттағы сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң физика-математикалық бағыттағы жоғары оқу орына түседі. Сондықтан оларды танымның физикалық әдістерімен таныстырып, оларда зерттеушілік эксперименттік ебдейліктерді, физикалық есептер шығаруда жоғары математикалық аппаратты қолдана білу икемділіктерін қалыптастыру қажет.
Жалпы білім беру мектептеріне арналған бағдарламаның түсініктемелік жазбасында оқушылар меңгеруге тиісті білім элементтері: эксперименттік фактілер, ұғымдар, заңдар, теориялар, әлемнің физикалық бейнесі, физика заңдарының техика мен технологияда қолданылуы көрсетілген.
Бұл білім элементтерін оқушылар әртүрлі деңгейде меңгеруі мүмкін. Практикалық мақсаттарға біршама ыңғайлысы оқытудың мақсатын анықтайтын американ ғалымы Блумның таксономиясына негізделген игеру деңгейлерінің жүйесі болып табылады. Оған сәйкес:
1-деңгей – білімдерді есте сақтау;
2-деңгей – білімдерді түсіну;
3-деңгей – таныс жағдайда білімдерді қолдану;
4-деңгей – жаңа жағдайда білімдерді қолдану болып табылады.
3-деңгей білімді, іс-әрекетті үлгі бойынша орындай білуді, 4-деңгей – білімді шығармашылық деңгейде орындай білуді көрсетеді. Сонымен білімді меңгеру деңгейлерін енгізу оқушылардың меңгерген физикалық білім элементтерінің оларды әртүрлі жағдайларда: есеп шығаруда, табиғаттағы құбылыстарды түсіндіруде, машиналардың жұмыс істеу принципін т.б. қарастыруда қолданумен тығыз байланысты екенін көрсетеді.
Мысалы, оқушыларға Ньютонның екінші заңы туралы білімді қалыптастыруды қарастырсақ: бұл заңды меңгерудің І деңгейіне – заңның формуласының жазылуын, оқылуын білу, бұл заңды дәлелдейтін тәжірибені түсіндіру, заңның қолданылу шегін айту. Білім меңгерудің ІІ деңгейіне заңның мағынасын түсіндіруді, заңдағы себеп-салдардың байланысын түсіндіре білуді көздейді. Білім меңгерудің ІІІ деңгейіне белгілі алгоритм негізінде, осы заңды қолданатын есептерді шығару; мұғалімнің берген нұсқауының көмегімен дененің үдеуінің оған әсер ететін күшпен оның массасына тәуелділігін тағайындауға эксперимент жасау; өмірде кездесетін құбылыстарға заңды қолдана білу жатады. Білім меңгерудің ІY деңгейіне оқушылардың стандартты емес есептерді шығара білуі, заңды зерделеуде өз бетімен жұмысты жоспарлап, өткізуі жатады.
ІY деңгейге сәйкес білім меңгеру жеке тұлғаның даму мүмкіндігіне байланысты. Сондықтан барлық оқушылардың бұл деңгейге сәйкес білімді бірдей меңгеруі мүмкін емес. Білімнің бір деңгейінен келесі деңгейлеріне өту бірте-бірте жүреді. Жаңа материалды қарастырғанда білім әуелі бірінші деңгейде меңгеріліп, кейін түсініліп, сосын білімді қолданудың іскерліктері қалыптасады.
Физиканы оқыту әдістемесі мынадай мәселелерді шешеді:
-физиканы оқыту мақсатын негіздеп беру;
-тәрбиені физиканың негізін оқытумен үйлестіре отырып іске асыру;
-мектеп физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтау және оны үнемі жүйелі түрде жетілдіру;
-аса тиімді әдістер мен тәсілдерді ойластырып, әрі оны тікелей тәжірибе түрінде тексеруден өткізу және оны оқу жүйесіне енгізу.
Сонымен физиканы оқыту әдістемесінің негізгі мақсаты физиканы оқыту жолындағы теорияны жетілдіру, оқыту үрдісі барысында негізгі заңдылықтарды ашып беру, оқушылардың физиканы қаншалықты меңгергенін зерттеу, физиканы оқыту негізінде оқушыларды тәрбиелеу, ой-өрісінің өсіп жетілуін өзектеу, жалпы дамуын жандандыру.
Жалпы алғанда мынадай қорытындыға келеміз:
Физиканы оқыту әдістемесі – оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту үрдісінде тәрбиелейтін және дамытатын ғылым.
Физиканы оқытудың негізгі міндеттері
Физиканы оқыту міндеттеріне мыналар жатады:
-ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде физиканың атқаратын маңызы және оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан үлесін ашып көрсету негізінде оқушыларға идеялық, патриоттық тәрбие беру;
-ғылыми білімдерді, эксперименттік фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс-тәсілдерін, дүниенің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін қалыптастыру;
-материяның құрылымдық сарқылмастығы мен біртұтастығын, физикадағы аса маңызды сақталу заңынының жан-жақтылығын, физикалық құбылыстардың диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы дамытудағы теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс-тәжірибенің атқарар маңызын ашу;
-ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарымен, атап айтқанда, кешенді автоматтандырумен, электрониканың және микропроцессорлық техниканың, роботты техниканың, атомдық энергетиканың дамуымен, жаңа материалдарды жасау және өңдеу технологиясымен, физика заңдарының техника және өндіріс технологиясында қолданылуымен таныстыру;
-өзбетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу; сондай-ақ, оқулық, анықтамалық және хрестоматия әдебиеттерін пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
-қайсыбір эксперименттік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды пайдалана білу; өлшеу нәтижелерін шығара білу, және тәжірибе мәліметтері негізінде қорытынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу;
-физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, шығармашылық қабілетін дамыту, мамандықты саналы таңдауға дайындау;
-оқушыларға адамгершілік тәрбие беру, білім беру және сол білімдерін жетілдіру, еңбек етуге дайындау;
-оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру – негізгі фактілер, ұғымдар, заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде физикалық құбылыстарды кең ауқымды қорытындылауға үйрету;
-физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі бастапқы қағидаларын қолдана білуге үйрету;
-оқушыларға физиканың ғылыми және теориялық негіздерін меңгерту;
-оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту – физикалық құбылыстардың, заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру, құбылыстардың қалай болатынын алдын-ала болжау;
Достарыңызбен бөлісу: |