5. Пән бойынша дәріс конспектілері
Дәріс 1.
Тақырыбы: «Саяси география геосаясат негіздерімен» пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Дәріс мазмұны.
1. «Саяси география геосаясат негіздерімен» пәнінің пайда болуы.
2.Саяси география геосаясат негіздерімен» пәнінің мақсаты және міндеттері.
Геосаясат
Дәріс мақсаты: саяси география геосаясат негіздерімен пәнінің мақсат міндеттерімен танысу.
Қажетті сөздер: саяси география, геосаясат, елтану, мемлекеттік құрылым.
1. «Саяси география геосаясат негіздерімен» пәнінің пайда болуы.
Саяси география - география және саясаттану ғылымдарының қиылысында пайда болды.
Саяси география тәуелді ғылыми бағыт ретінде 19 ғ. аяғында 20 ғасырдың басында. Ол неміс географы Ф. Ратцельдің «Саяси география» атты кітабімен байланысты.
2.Саяси география геосаясат негіздерімен» пәнінің мақсаты және міндеттері.
Саяси географияның анықтамасы өте көп, солардың бірі; саяси география дегеніміз саяси құбылыстардың және процесстердің территориалды бөлінуі туралы ғылым. Глабалды және аймақтық деңгейде саяси географияның назары дүние жүзінің саяси картасына, мемлекеттік билеу түріне, халықаралық одақтарға ауысу керек.
3. Геосаясат
Саяси географияның жаңа бағыты – геосаясат. Саяси –географиялық елтануының назарына жататын мәселелер:
қоғамдық және мемлекеттік құрылысының ерекшелігі
мемлекеттің территориясының қалыптасуы
халықтың әлеуметтік құрамының географиялық ерекшеліктері және т.б.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
Саяси география геосаясат негіздерімен пәнінің пайда болу кезеңі.
Саяси география геосаясат негіздерімен пәнінің мақсаты.
Саяси география геосаясат негіздерімен пәнінің міндеттері.
Геосаясат дегеніміз не?
Әдебиет: 5. 218-226 бет
Дәріс 2.
Тақырыбы: Дүние жүзі саяси картасының пайда болу кезендері.
Дәріс мазмұны.
1. Ежелгі заман
2. Орта ғасыр заман кезеңі.
3. Жаңа заман кезеңі
Дәріс мақсаты: Дүние жүзі саяси картасының пайда болуына сипат беру.
Қажетті сөздер: отарлау, мемлекет,социалистік, ұлы географиялық ашулар.
1. Ежелгі заман
Дүние жүзі саяси картасының пайда болуы мындаған жылдар бойы болған. Картаның пайда болу кезеңін бөледі.
Ежелгі кезең (бірінші мемлекеттердің пайда болуынан біздің ғасырымыздың 5 ғ. дейін) – алғашқы мемлекеттердің дамуы мен ыдыраумен сипатталады. Бұл территориалардың өзгеруіне әкеліп соқтырады.
2. Орта ғасыр заман кезеңі.
Ортағасыр кезеңі (5-15 ғғ) феодал мемлекеттің саяси функциялары күрделене түседі. Ішті базар қалыптасады, аймақтардың бөлектенуі жойылды.
3. Жаңа заман кезеңі
15-16 ғ. жаңа кезең басталады.
Бұл кезеңде капиталисттік қарым – қатынас пайда болады. Ұлы географиялық ашулар нәтижесінде Испания және Португалия отаршал елдер атанды. 1876 жылы Африканың 10 пайыз жері отарланған болса, 1900 жылы 90 пайыз.
Жаңа кезең саяси картасының қалыптасуына 1 Дүние жүзілік соғыс әсерін тигізеді. Содан соң 2 Дүние жүзілік соғыс, және 1980-1990 жж. Саяси картада үлкен өзгерістер туындады.
Бірінші кезеңде картада алғашқы социалистік мемлекет пайда болды.
Австро-Венгрия ыдырап, көптеген елдер тәуелсіздік алды.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
Ежелгі кезең картасында қандай өзгерістер болды?
Орта ғасыр кезенінің күрделенуі?
1 Дүние жүзілік соғыстан кеінгі өзгерістер.
Дәріс 3.
Тақырыбы: Мемлекет түрлері: билеу түрі.
Дәріс мазмұны.
1. Республикалық билеу түрі.
2. Монархия.
Дәріс мақсаты: Мемлекеттік билеу түрлерімен танысу, әр – қайсысына сипаттама беру.
Қажетті сөздер: республика, монархия, сұлтанат, эмират, конституциялық монархия, теократиялық, абсолюттық.
1. Республикалық билеу түрі.
Әр бір мемлекет билеу түрімен сипатталады. Билеу түрінің 2 түрі бар: республика және монархия. Республикалық билеу түрі ертеде пайда болды (Афина демократиялық республикасы, Спарта аристократиялық республикасы, Рим республикася, қала – республика – Флоренция, Венеция ) Бірақ кең таралымды жаңа тарих кезеңінде тапқан. 1991 жылы дүние жүзінде 127 республика болса, СССР ыдырағаннан кейін 140 астам болды.
2. Монархия.
Монархиялық билеу түрі: құлдық қоғам кезеңінде қалыптасқан. Феодализм кезеніңде мемлекеттік билеу түрінің негізгісі болған.
Мемлекеттік билеудің алғашқысы Ежелгі шығыс монархия болған.
Қазіргі кезде дүние жүзі саяси картасында 30 монархия мемлекеттері бар – Америкада жоқ, Азияда – 14, Европада – 12, Африкада – 3, Мұхит аралдарында - 1. Олар империя, патшалық, сұлтанат, эмират және т.тб.
Теократиялық монархияға Ватикан жатады. Монархиялардың көбі – конституциялық, олардан басқасы абсолюттік монархия да бар.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
Билеу түрінің неше түрлері бар?
Алғашқы республикаларды ата?
1991 жылы неше республика болды?
Монархия түолерін ата?
Дәріс 4.
Тақырыбы: Дүние жүзі елдерінің типологиясы.
Дәріс мазмұны.
Жоғары дамыған елдер.
Орта дамыған елдер.
Төмен дамыған елдер.
Дәріс мақсаты: Дүние жүзі елдерінің типологиясын суреттеп, танысу.
Қажетті сөздер: тәуелсіз мемлекет, микромемлекеттер, бірұлтты, көпұлтты, жоғары дамыған елдер, даму үстіндегі елдер, көшпелі капитализм елдері.
Қазіргі заман саяси картасында 230 жуық мемлекет және территория бар, оның 190- тәуелді.
Олардың ішінде ауданы және халық саны бойынша ірі мемлекеттер бар (Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ) және мүлдем кішкентай елдер де бар – Европаның микромемлекеттері – Монако, Андорра, Ватикан т.б.
Бір ұлтты мемлекеттер (Япония, швеция) және көп ұлтты (Үндістан, Ресей, Нигерия, АҚШ); табиғи ресурстарға бай елдер де бар. Теңізге шығатын елдер, континент ішінде орналасқан мемлекеттер бар.
Әр бір мемлекеттін өзінің қайталанбас ерекшеліктері бар. Типологиясы әр түрлі, ол үшін экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, тарихи және саяси аспектілері қажет. Қазіргі кезде деңгейі және дамуына қарап 3 типология түрі бар:
экономикалық тұрғыда өте жоғары дамыған елдер (АҚШ, Канада, Батыс Европа елдері, Япония)
Батыс Европаның экономикалық тұрғыдан жоғары дамыған кішкене елдер
Басты капиталистік елдер
«Көшпелі капитализм» елдері
Капитализм дамуындағы орта деңгйлі елдер
Капиталистік жүйе билеуінде саяси тәуелсіздік алған ел.
Орта дамыған елдер.
Экономикалық тұрғыдан төмен дамыған елдер.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
Экономикалық тұрғыда өте жоғары дамыған елдер (АҚШ, Канада, Батыс Европа елдері, Япония) сипатта.
Батыс Европаның экономикалық тұрғыдан жоғары дамыған кішкене елдер
«Көшпелі капитализм» елдері
Экономикалық тұрғыдан төмен дамыған елдер.
Дәріс 5.
Тақырыбы: Дүние жүзі мемлекеттерінің топтпмасы және саны.
Дәріс мазмұны.
Территория көлемі бойынша топталу.
Халық саны бойынша топталу.
3. Географиялық орын бойынша топталу
Дәріс мақсаты: Дүние жүзі елдерінің топтпмасы және саны бойынша сипаттама беру.
Қажетті сөздер: БҰҰ, архипелаг елдер.
1. Территория көлемі бойынша топталу.
20 ғасыр бойы дүние жүзінде мемлекет саны көбейе бастайды. Бұнын себебі, біріншіден, 1 және 2 дүние жүзі соғыстан кейінгі жер бөлісуі. Сонымен қатар тәелді елдер саны да өсіп келді.
БҰҰ мүшелерінің өсуі 1950-1989 жж. Отаршылықтын кетіп, тәелді ел болып БҰҰ құрамына кіру болды.
Дүние жүзі мемлекеттерін территория көлемі бойынша өте ірі, ірі, орта, кіші және тым кіші деп бөлінеді. Ең ірі мемлекеттер жердің 55 пайыз алады.
2.Халық саны бойынша топталу.
Халық саны бойынша бөлінуі. Ең бірінші орында Қытай.
3. Географиялық орын бойынша топталу
Географиялық орын ерекшеліктері бойынша дүние жүзілік мұхитқа шығатын және шықпайтын елдер.
Теңіз маңы елдер арасында аралдарда ерекше көрсетуге болады. (Мыс. Ирландия, Исландия, Куба) Аралды елдердің бір түрі - архипелаг елдері. Мұхитқа шыға алмайтын тек 42 ел бар.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
Көлемі бойынша мемлекеттерді қандай түрлерге бөледі?
Халық саны бойынша 1 орындағы мемлекеттер?
Архипелаг елдер дегеніміз не?
Дәріс 6.
Тақырыбы: Қазіргі заманның қарулы конфликтері.
Дәріс мазмұны. 1. Геоконфликтология.
2.Африка және Евразия елдерінің конфликттері.
Дәріс мақсаты: Дүние жүзінің қарулы конфликттерінің сипаттамасын беру.
Қажетті сөздер: Геоконфликтология, БҰҰ, Стокгольм институты, қарулы конфликттер.
1. Геоконфликтология
Геоконфликтология – саяси географияның жаңа бағыты. 20 ғасырдың 90-шы жылдары салқын соғыс аяқталғаннан соң, 2 әлем жүйесі арасындағы соғыс саяси конфронтация жоққа айналды. Көптеген аймақтық және локалды конфликтер шешілді. Бірақ көптеген халықаралық араздастықтар әлі күнге дейін жойылған жоқ. Соғыс конфликттерін халықаралық бейбітшілік мәселелерін Стокгольм институты зерттейді.
2.Африка және Евразия елдерінің конфликттері.
20 ғасыр 90шы жылдарының аяғында қарулы конфликттер саны бойынша Африка болды, оны конфликттер континенті деп аталды. Қарулы конфликттер Азия елдеріне де тән. Оңтүстік – Батыс Азияда аяқталмайтын араб – израиль конфликті. Оңтүстік Азияда негізгі жерлері Үндістан. Латын Америкада қарулы конфликттер Перу, Колумбия және Мексикаға тән. Қарулы конфликттердің басым қайыру ушін БҰҰ күреседі.
21 ғ. Басында қарулы конфликттер әлем ушін өте қауіпті.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
Геоконфликтология дегеніміз не?
Стокгольм институты қандай мәселелерді зерттейді?
Латын Американың Қарулы конфликттер ошағын ата?
Дәріс 7.
Тақырыбы: Европаның саяси картасы.
Дәріс мазмұны.
1. 1. Дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси картадағы өзгерістер.
2. 2 .Дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси картадағы өзгерістер.
Дәріс мақсаты: Европаның саяси картасының пайда болуының кезеңдерін зерттеу.
Қажетті сөздер: субаймақтар, үлкен жетілік, карлик мемлекеттер.
1. Дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси картадағы өзгерістер.
Қазіргі кезде Европада 40 астам мемлекет бар, ауданы, халқы саны, мемлекеттік билеуі және әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ерекшеленген. Олардың ішінде ең көбі республика, 12 монархия. Европа аймағы планетаның саяси өмірі мен дүние жүзінің шаруашылықта маңызды рөл атқарды. Батыс Орталық және Шығыс Европа елдері деген субаймақтарға бөлінеді.
2 .Дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси картадағы өзгерістер.
Батыс Европада экономикалық тұрғыдан дамыған елдер жатады, және де оның 4 «үлкен жетілік» елдері (Франция, Италия, Германия және Ұлыбритания).
10 млн. Халық саны бар үлкен емес елдер басым. 5 карлик – мемлекеттер бар – Андорра, Монако, Сан-Марино, Лихтенштейн, Ватикан.
Батыс Европа елдерін тек географиялық орын емес, тығыз экономикалық және саяси байланыстар да біріктіреді.
Орталық және Шығыс Европа елдеріне әсіресе социалисттік елдер жатады және тәуелсіз республикалар
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
Европада неше мемлекет бар?
Қандай субаймақтарға бөлінеді?
Қандай Европаның елдері «үлкен жетілікке жатады»?
Дәріс 8.
Тақырыбы: Американың саяси картасы.
Дәріс мазмұны. 1. Америка саяси картасының калыптасуы.
2. Латын Америка мемлекеттерінің топтамасы.
Дәріс мақсаты: Американың картасының пайда болуының кезеңдерін және ерекшеліктерін зерттеу.
Қажетті сөздер: штаттар, плантациялық елдер, анклавты мемлекеттер, пәтер тапсырушы елдер.
1. Америка саяси картасының калыптасуы.
Солтүстік Америка материгінің үлкен бір бөлігін – АҚШ және Канада елдері жатады. АҚШ елдері федерациялық мемлекет. Ел басында президент тұрады.
2. Латын Америка мемлекеттерінің топтамасы.
Латын Америка – Солтүстік Америка материгінің оңтүстік бөлігінде орналасқан елдердін жалпы атауы. Американың саяси картасының қалыптасуының ұзақ тарихы бар.
Қазіргі кезде АҚШ пен Канада – екі жоғары дамыған капиталлистік мемлекеттер. Американың капиталистік елдер ішінде - бір социалистік мемлекет бар – Куба. Латын Америка елдері табиғи ресурстарға бай. Өздерінің пайда болуы кезінен бастап қазіргі кезге дейін олар Европа елдеріне экономикалық және қаржы жағынан байланысты болған.
Латын Америка елдері келесідей топқа бөлінеді:
ірі потенциалды елдер
капитализмнің дамуының көшпенді елдері
капитализмнің ірі анклавты дамуының елдері
плантациялық щаруашылық елдері
концессиялық дамуының кішкене елдері
«пәтер тапсытушы» ұсақ елдер
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
АҚШ мемлекетінің басында кім тұр?
Пәтертапсырушы елдерді ата?
Плантациялық шаруашылық елдерді ата?
Дәріс 9.
Тақырыбы: Азияның саяси картасы.
Дәріс мазмұны. 1. Оңтүстік Батыс Азия.
Дәріс мақсаты: Азияның картасының пайда болуының кезеңдерін және ерекшеліктерін зерттеу.
Қажетті сөздер: монархия, шекара конфликттері.
1. Оңтүстік Батыс Азия.
Азия аймағында планетамыздың жартыдан көп халқы тұрады. Азияның көптеген тәуелді мемлекеттері - республика болып келеді, 14 монархия елдері бар.
Оңтүстік – Батыс Азия елдеріне 16 мемлекет жатады. Бұл аймақта феодалды қатынас қалдықтары өте күшті сақталған, бірақ республика билеу түрі Азияда басым.
1919 ж. – Афганистан тәуелсіздігін жариялады.
1923 ж – Турция республикасы тәуелсіздігін жариялады.
1943 ж. – Сирия және Ливан тәуелсіздігін жариялады.
1961 ж. – Кувейт тәуелсіздігін жариялады.
1970 ж. – Осман сұлтанатының пайда болуы.
Отаршылық уақыт кезіндегі мемлекеттік шекаралар үшін қазіргі кезге дейін шекара конфликттерін, қарулы қақтығыстар және соғыстар болады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
Азияда неше монархия мемлекеті бар?
Оңтүстік – Батыс Азия бөлігіне неше мемлекет жатады?
Сирия сұлтанатының пайда болған жылы?
Дәріс 10.
Тақырыбы: Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің саяси картасы.
Дәріс мазмұны. 1. Оңтүстік Азия.
2. Оңтүстік – Шығыс Азия.
Дәріс мақсаты: Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің саяси картасының ерекшеліктерімен танысу.
Қажетті сөздер: монархия, АСЕАН.
1. Оңтүстік Азия
Бұл аймақта Индокитай түбегі және Малай архипелагының көптеген аралдары жатады және Тынық және Үнді мұхит арасындағы шекарада жатады.
Оңтүстік Азия аймағына Евразияның 7 мемлекеті жатады, халық саны 1 млрд астам. Ежелгі мемлекеттердің бірі – Үндістан. Ол 200 жылдан астам уақыт Ұлыбритания колониясы болды. Тек 1950 жылы тәуелсіздігін жариялады.
2. Оңтүстік – Шығыс Азия.
Оңтүстік – Шығыс елдері үстінен маңызды сауда жолдары жатыр. 20 ғ. Басында бұл аймақтағы жерлердің көбі британ колониялары болды.
1972 жылы Цейлон (Шри-Ланка) республикася пайда болды. Қазіргі кезде Оңтүстік Азияның баолық мемлекеттері тәуелсіздігін жариялады.
1945 ж – Индонезия тәуелсіздігін жариялады.
1948 ж. – Бирма тәуелсіздігін жариялады.
1953 ж. – Камбоджа тәуелсіздігін жариялады.
1984 ж. – Бруней сұлтанаты тәуелсіздігін жариялады.
1967 жылы Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы құрылды (АСЕАН) – Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филлипин, сонынан Бруней, Вбетнам, Лаос және мьянма қосылды.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
Оңтүстік Азия аймағына жататын елдер?
Бруней сұлтанатының тәуелсіздік жариялаған жылы?
АСЕАН ұйымына кіретін елдерді ата?.
Дәріс 11.
Тақырыбы: Орталық және Шығыс Азия елдерінің саяси картасы.
Дәріс мазмұны. 1. Жапония.
2. Монголия.
3. Қытай.
Дәріс мақсаты: Орталық – Шығыс Азия елдерінің саяси картасының ерекшеліктерімен танысу.
Қажетті сөздер:.
1. Жапония.
Бұл аймақтың құрамына келесі территориялар кіреді: Жанония, Корея Халық Демократиялық республикасы, Корея республикасы, Қытай, Тайвань, Монголия және Аомынь. Аомынь – кішкене саяси бағынған Оңтүстік – Қытай теңізін жағалауында орналасқан. (Португалия жері)
Бұл аймақта мемлекеттердің даму деңгейлері әр түрлі.
Экономикалық – географиялық типология бойынша Жапония экономикалық тұрғыдан жоғары дамыған мемлекет болып саналады. (АҚШтан кейін 2 орында). Қытай, КХДР бұранғыдай социалисттік мемлекеттер, Монғолия – постсоциалистік мемлекет, Тайвань және Корея республикасы даму үстіндегі елдер.
Жапония – бұл аймақтың жоғары дамыған мемлекеті, конституциялық монархия. Мемлекет басында император «мемлекет символы және халық бірлігі» деп саналады.
2. Монголия.
Монголия – ел басында президент, аграрлы – индустриялық мемлекет
Корея - Шығыс Азияның ең ежелгі мемлекеттерінің бірі. 1948 жылы Сеулде ресми түрде республика жарияланды (Оңтүстік Корея), Пхеньянда – Халық демократиялық республика (Солтүстік Корея). 1991 жылы БҰҰ-на 2 мемлекетте мүшесі атанды.
3. Қытай.
Қытай – Ашық экономикалық саясат жүргізуде.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
Аймаққа жататын елдерді ата?
Жапония мемлекетінін сипатын бер?
Қытай мемлекеті қандай саясат жүргізуде?
Дәріс 12.
Тақырыбы: Африканың саяси картасы.
Дәріс мазмұны. 1. Отаршылық кезеңі.
2. Жаңа картаның калыптасуы.
Дәріс мақсаты: Африка елдерінің саяси картасының ерекшеліктерімен танысу.
Қажетті сөздер:.
1. Отаршылық кезеңі
Материк барлық жер шарының 1/5 алып жатыр. Көлемі бойынша Евразиядан кейін тұрады. Халқы саны – 600 млн астам. Қазіргі кезде континентте 50 астам тәуелсіз мемлекет бар, олардың көбі 20 ғасырдың ортасына дейін колония болған.
2. Жаңа картаның калыптасуы.
1950 ж. Басында континентте тек 4 заңды тәуелсіз мемлекет болған – Египет, Эфиопия, Либерия және ОАР. Африканың барлық елдері даму үстіндегі мемлекеттер. Африканың ең соңғы колония елі – Намибия – 1990 жылы тәуелсіздігін алды. Континентте 3 монархия – Марокко, Лесото, Свазиленд, қалғандары республика.
1963 ж. – Африка бірлестігі ұйымы пайда болды.
1945 ж. – Араб мемлекеттерінің лигасы пайда болды.
Африка континентінде француз, Ұлыбритания, Германия, Португалия, Испания6 Бельгия және Италия колониялары болды.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
Континентте неше тәуелсіз мемлекеттер бар?
Африка ұйымы пайда болған жыл?
Араб мемлекеттерінің лигасының пайда болған жыл?
Дәріс 13
Тақырыбы: Австралия және Мұхит аралдарының саяси картасы.
Дәріс мазмұны. 1. Австралиялық одақ.
2. Мұхит аралдары.
Дәріс мақсаты: Австралия және Мұхит аралдарының саяси картасының ерекшеліктерімен танысу.
Қажетті сөздер: аграрлық мемлекет, Бірлестік құрамы, Тынық мұхит аралдары
. 1. Австралиялық одақ.
Аймақ экономикалық және саяси дамуында өте әр түрлі. Жоғары дамыған Австралия және Жаңа Зеланидия елдері, төмен дамыған аралды мемлекеттер, әлі күнге дейін колония болып қалған.
Австралия одағы – түгел материкті алып жатыр, Бірлестік құрамына кіретін федерациялық ел. Қазіргі кезде Австралия көптеген халықаралық мәселелерге қатысып отыр. БҰҰнығ мүшесі.
2. Мұхит аралдары.
Жаңа Зеландия – Британ империясының құрамындағы мемлекет. 2 ірі және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан. Ұлыбритания колониясы болған. Қазіргі кезде - жоғары дамыған индустриалды – агралық мемлекет.
Мұхит аралдары – планетадағы аралдардың ең ірі жиынтығы (90 мыңға жуық). Тыңық мұхиттың орталық және оңтүстік – батыс бөлігінде орналасқан.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
Материктерде түгел орналасқан мемлекет?
Британ империясының құрамындағы арал?
Мұхит аралдары дегеніміз не?
Дәріс 14
Тақырыбы: Халықаралық ұйымдар.
Дәрістің мазмұны: 1. Халықаралық ұйымдар.
2. БҰҰ.
3. НАТО.
4. Европалық одақ.
Дәріс мақсаты: Халықаралық ұйымдардың сипаттамасын беру.
Қажетті сөздер: халықаралық ұйымдар, МАГАТЭ, БҰҰ, НАТО, Евроодақ.
1. Халықаралық ұйымдар
Халықаралық ұйымдар – мемлекеттер арасындағы ең маңызды жан – жақты қарымқатынас түрі. Ол қатысушылар арасындағы келісім бойынша, қатысушылары және қызметі бойынша бөлінеді.
БҰҰ.
Халықаралық ұйымдар арасында маңызды, негізгі орынды – БҰҰ алады. БҰҰ 1945 жылы құрылды. БҰҰ 17 әдейіленген ұйыдары және атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенствосы бар (МАГАТЭ).
Қазіргі кезде 180 астам мүшесі бар.
Құрамы: 1. Генералды Ассамблея.
Қауіпсіздік одағы.
Экономикалық және әлеуметтік одақ
Асырау жөніндегі одақ.
Халықаралық сот.
Хатшы бөлімі.
3. НАТО.
НАТО 1949 жылы құралды. 16 мемлекет мүшесі болып келеді. Штаб-пәтері – Брюссель қаласында.
4. Европалық одақ.
Евроодақ – 1992 жылы пайда болды. Маастрихте 12 мемлекет мүшесі бар. Алғашқы болып Бельгия, Нидерланды, ЛЮксембург, Германия, Франция және Италия құрамына кірді.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
БҰҰ құрылған жылы?
БҰҰның неше әдеіленген ұйымдары бар?
МАГАТӘ ұйымы не үшін?
БҰҰ неше мүшесі бар?
Дәріс 15
Тақырыбы: Қазақстанның саяси картасы.
Дәріс мазмұны: 1. Географиялық орны.
2. Сыртқы саясаты.
Дәріс мақсаты: Қазақстанның саяси картасының ерекшеліктерін сипаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |