3. Мемлекеттің экономикаға араласуы заңмен реттелген және логикалық жүйеге сәйкес келуі арқылы шаруашылықтың дамуына белсенді әсер етуімен түсіндіріледі және реттейтін әртүрлі және өзара байланысты кешендерді қосады. Мемлекеттің экономикаға ықпалы функционалды тиімділіктің негізгі тәртібін сақтауға бағытталған. Қазіргі нарықтық шаруашылықты өкімет экономикалық (жанама) және әкімшілік (тура) әдістерімен ықпал етеді. Экономикалық әдістердің өзгермелі мағыналары бар. Олар: нарықты функционалдау механизміне жеткілікті жұмыс енеді әрі мемлекетке экономикалық процестерді әсер етуге рұқсат береді. Сондықтан мемлекеттің орналасуы туралы белгілі бір дәрежеде экономикалық және әкімшілік әдістермен шектеу шарты.
ЭМР-дің әдістері
Әкімшілік Экономикалық
Рұқсат Рұқсат Мәжбүр
етілуі етілмеуі ету Бюджеттік Ақшалай-несиелік
Жекелей Кейбір Кейбір сала Бюджеттік қорлардың 1) Ақша-несиелік
салалар-ң сала түрлерін қолданылуының ба- лік саясаты
рұқсат түрлеріне мәжбүрлікпен ғыттары мен түрлері 2) Салықтық , кедендік сая-
ететіндей тыйым салу енгізу сат
түрлері
Экономикаға мем-ң тура әсер етуі Экономикаға мем-к жанама түрде әсер етуі.
Кез келген экономикалық әдістің өзінде әкімшілік шешім құралы арқылы іске қосылады және сәйкес мемлекеттік органдардың бақылауында болады. Экономикалық және әкімшілік әдістердің кейбір ұқсастығына қарамастан бір-біріне қарама-қарсы болады. Әкімшілік әдістер еркін таңдауды елеулі шектейді, ал экономикалық жоқ.
Экономикалық қатынастарға қатысушыларға қосымша стимулдар қалыптастырылады.
4. Экономикаға мемлекеттің қатысуын функциялар арқылы байқалады:
1) Экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық міндеттемелерін құру, мемлекет кәспкерлер қызметтерін, азаматтардың құқығын және міндеттерін анықтайтын заңдарды дамытады және қабылдайды.
2) Экономикалық тұрақтануы үкімет бюджеттік-салық саясатын және несие-ақша саясаты өндірістің құлдырауын жеңу үшін, инфляцияны төмендету баға мен ұлттық валютаның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданады.
3) Ресурстарды бөлудің әлеуметтік құралдары.
Мемлекет жеке сектор айналыспайтын туарларды, қызмет көрсетуді өндірістерін ұйымдастырады. Ол ауыл шаруашылығын, байланыстың, көліктің дамуына жағдай жасайды және ғылымға шығыдарды айқындайды және т.б.
4) Әлеуметтік қорғау, әлеуметтік кепілді қамтамсыз ету. Соның ішінде минималды жалақы, зейнетақы, мүгедектерге, жұмыссыздарға жәрдемақы, әртүрлі көмектер.
5) Халықаралық-экономикалық қатынастардың дамуы.
4. Дәріс.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері
1. ЭМР-ң әдістері: әкімшілік және экономикалық
2. Эко-ны ұзақ мерзімге, орта мерзімге ж/е күнделікті реттеудегі әртүрлі құралдардың үйлесуі.
1. Шаруа-қ жүргізудің нарықтық жүйесі бар елдерде мемлекеттік басқару 2 бағытқа бөлінеді:
- экономикалық
- әкімшілік
Әкімшілік басқару мемлекет меншігіндегі объектілер мен мемлекеттік ұйымдарға жүргізіледі. Мемлекет объектілерге қатысты мынадай құқықтарға ие:
• олардың қызмет етуі мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес жүргізілуін талап ете алады
• басшыларын жалдап, тағайындап және ауыстыра алады.
• Объектілерді құру және жою, сатып алу және сату, оның табысын бөлуге, үйлесіне үміткер бола алады
• өзінің объект басқаруда өкілдікті мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдар мен құрылымдарға табыстай алады.
• басты басқару құқығын өзіне қабылдай отырып, мемлекет тиімді жағдайда белгілі бір кезең аралығында сенімгерлік басқаруды енгізу.
• тікелей мемлекеттік басқаруындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тексеру және бақылау.
1) Тікелей мемлекеттік басқару объектілеріне мыналар жатады:
А) мем-к бағдарламалар
В) мем-к ұйымдар
С) мем-к бюджет қаржылары
Д) мем-к акция пакеттері
Е) аса маңызды объектілер мен ресурстар ( қарулы күштер, пайда қазбалары, ұлттық қорлар, тарихи ескерткіштер ж/е т.б.)
2) Әкімш. мемлекеттік басқару субъектілері
А) мемлекеттің, биліктің атқарушы органдары
В) заң шығарушы және сот органдары
Экономикалық әдістер. Экономикалық басқару субъектілерге кәсіпорынға, компанияларға, кәсіпкерлерге, ұйымдарға, мемлекеттің бекітілген ережелер, нормалар, шектеулер арқылы ықпал етуі және ол бұл ережелердің мүлтіксіз орындалуы мемлекет тарапынан талап етіледі.
Экономикалық немесе жанама мемлекеттік реттеу ретінде ақшалай-несиелік инструменттер. Ақшалай-несиелік инструменттер 2 түрге бөлінеді:
1) Ақшалай эммисиясы, ірі қаржылық ставкасын орнату, Орталық банкте қаржылық инструментінің, резервті қорының минималды көлемін орнату және де бағалы бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік мекемелердің операцияларын жүргізу. (бағалы қағаздар нарығында)
2) Экспортты, импортты квоталар, лицензиялар, кедендік баж салықтар, салықтық тағайындамалар, салықтық жеңілдіктер, салықтық несиелер.
Мемлекеттің экономикаға араласуы мүмкін бағаның тең жайылған болып:
1) нарық экономикасы субъект (ойыншықтарын) жасап шығару
2) мемлекеттік секторды жасау және оны басқару
3) табыстарды қайта бөлу
4) экономикалық дамуын қарастыру
5) табиғи монополияны басқару, монополиялармен күресу
6) бағалар мен еңбекақыны қадағалау
7) есеп ставкасын қадағалау
8) эммисиялық қызметті жүргізу
9) салықтарды қадағалау
10) фирмалар мен комп-ң сыртқы эк-қ қызметін ынталандыру
ЭМР-ң негізгі формаларын қатастырсақ оның мұндай әсер етуінің бір аспектісінде баға қалыптастыруын біле аламыз.
-
Тура әдістер
|
Жанама әдістер
|
1) Бағалық субсидиялар
2) Акциздер
3) Қосылған құнға салық салу
4) Салықтан босату
5) Экспорттық субсидиялар
|
1) Сыртқы саудадағы үлесі
2) Кедендік баж салығы
3) Эмиссия
4) Реқаржылық
5) Кейбір салықтар
|
2. Экономиканы тікелей басқару негізінен әлеуметтік-экономикалық жоспарлау және бағдармалау арқылы жүзеге асырылады.
Жоспарлау экономиканы реттеудің бір бөлігі б.т. Жоспарға оны толықтыратын болжау және экономикалық талдау жүргізіледі.
Болжау дегеніміз – белгілі бір объектінің болашақтығы жәй-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелдеу. Болжамдарды зерттеп, дайындау процесі болжау д.а. Болжау-қоғам өнімінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады. Қоғам дамуының болжаудың негізгі бағыты болып экономикалық болжау саналады.
Экономикалық болжау - қоғамдық ұдайы өндіріс процесі, ал зерттеу заты экономикалық объектілердің даму заңдылықтары, болашақ жай-күйі экономикалық жоспарлау, әзірлеу әдістері. Сондықтан экономикалық болжау дегеніміз эономикалық процестің барлық әдіс тәсілдерін, құралдарын қолдануға экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжам жасау процесі.
Экономикалық болжау келесі 4 топқа жіктеледі:
1) болжау кеңестеріне б-ты:
ә) макроэкономикалық (халық шаруашылық)
а) құрылымдық (салааралық , аймақтық)
б) экономикалық кешендер (агроөнеркәсіптік, отынэнергия инвестициялық)
2) болжау мінездеме бай-ты
ә) оперативті (1 айға дейін)
а) қысқа мерзімді (1 ай-1 ж. дейін)
б) орта мерзімді (1 ж.-5 ж)
в) ұзақ мерзімді (5-15,20 ж)
г) алыс мерзімді (20-дан артық)
3) зерттеу объектісіне бай-ты:
ә) өндірістік қатынастың даму болжамы
а) ғылыми-техникалық процесс даму болжамы
б) халық шаруашылығының даму динамикасы
в) мемлекеи ресурстардың даму болжамы
4) функционалдық белгісі б-ша:
а) барлау болжамдары
б) нормативтік болжамдар
5. Дәріс. Экономиканы ақша-несиелік реттеу
1. Ақша нарығы және мемлекеттің ақша саясаты
2. Экономикадағы ақша ұсынысына Ұлттық банктің әсері
3. Ұлттық банк қолданатын экономиканы реттеу құралдары
4. Коммерциялық банктердің қызметін реттеу
1. Нарықтық экономика өзінің қалыпты дамуында спецификалық ақша нарығы қалыптасады.
Ақша нарығы бұл-нарықтық ақшаға сұраныс пен ұсыныстың әсерлесуі нәтижесінде тұрақты пайыз ставкасы белгіленеді. Ол өзінің ақша бағасын елестетеді. Ақша нарығы өзіне ақша сұранысы мен ұсынысының әсерлесуінен қамтамасыз ететін институттарға қосады. Мемлекеттік ақша бұл несие саясатында ақша айналымын және несиесін реттейтін. Ақша-бірыңғай эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.
Ақша несие саясаты-қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің маңызды тәсәлі. Нарықтық экономиканың өсуіне аса қолайлы жағдай жасау мақсаты болып табылады. Бұл Ұлттық банкпен жүргізіледі. Ақша эмиссиясын реттейді және коммерциялық банктерге несие беруді жеңілдетеді. Ұлттық банк арқылы жеке инвестициялық мерзімділікке, тұтынушының сұраныс динамикасына, баға деңгейіне әсер етеді. Елдегі ұйымның ақша айналымын жалпы мем-к заңдармен реттеуді өзі ашық жүйесін жүргізеді. ҚР-ның ақша Республика Президентінің жарлығына сәйкес ұйымдастырылған «ҚР Ұлттық банкі» туралы 1995ж. 30 наурызынан бастап заңды күші бар. Жарлық ұйымның ақша айналымының құықтық нормалары мен формаларын белгілейді. Ол өзіне тұрақты ақша бірлігін, ақша монетасын, эммисиясын белгіленген бақылау тәртібін ақша айналымын ұйымдастыруды және реттеуді қосады. Ақша жүйесі өзіне тиесілі элементтерді қосады:
ақша белгілері мен түрлері
ақша бірлігінің атауы
эммисия тәртібі
ақша түрлері
валюталық бағам
Ақша белгілері мен түрлері егер 1991ж. 1-ші қаңтарына дейін айналымда қазынашылық билеттер б-са, онда қазіргі кезде ҚР-ң ақша белгілері, банкнота мен монеталардан тұрады. Оларды ұлттық құны б-ша барлық төлем түрлеріне қабылдауға міндетті. Ақша бірлігі атауы. ҚР ақша бірлігі 100 тиыннан тұратын 1 теңге б.т.
Эммисия тәртібі. Қолма-қол ақшаны шығару оның айналымын ұйымдастыру Ұлттық банкпен банкноттар мен монеталарды сату формасында қолма қол ақшасыз эквивалент алу арқылы жүзеге асырылады. Ақша түрлері заңды төлем құралы болып табылады (қағаз н/е несиелік ақшалар). Валюталық бағам-бір елдің ақша бірлігінің қатынасы.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде ақша-қарыз және қаржы шаралары қолданылады. Солардың ішіндегі шешуші жоғарғысы мемлекеттің орта мерзімді экономикалык бағдарламасы. Ол көптеген мақсаттар мен оны жүзеге асыру жолдарын қамтып салалық, ғылыми-техникалық бағыттарды біріктіреді.
Нарықтық қатынастарды реттеудің тарихындағы көптен пайдаланылып, танымал болғаны ақша-қарыз шаралары. Ақша-қарыз шаралары арқылы ЭМР мәні бос ақшаның сұранысының мелшері мен қарыз қүиыныц өзгеруінде. Олар қарызға қажеттілік пен салым түсуінің мөлшерін анықтайды, былайша айтқанда қарыз қаражатының үсынысын туындатады. Реттеу шаралары қарыз қаражатының мөлшері мен қүнына әсер етіп, халықшаруашылығының қарызға сүранысы мен оны пайдалану жолдарына ықпал жасайды. Ақша-қарыз шаралары: ақша шығару (эмиссия денег, латынша - выпуск), қарыз қүнының (учетная ставка) өзгеруі,қарыз көлемін шектеу, сақтық қордың шегін жылжыту, құнды қағаз сатудағы әрекет (операции на открытом рынке).
Ақша-қарыз шараларының негізінде жүргізілетін мемлекеттің экономикалық саясаты теңге саясаты (монетаристкая политика) деп аталады (латынша топеіа -ақша белгісі).
Теңге саясаты дамыған нарықты экономиканы меңзейді, заңды және ережелік әсерлердің қүрылымының тиімділігін, кәсіпкердің жеке адам мен қүқықтық бейпелердің қарызга басым түрде тәуелді екендігін түбегейлі сіңіргендігін, ақша қүнсыздануынын томендігІн, межеленетін немесе мүлде болмайтындығын көрсетеді.
Ақша көбейту (эмиссия денег) деген жаңадан басып шығару ғана емес, қолдағы бары мен алым-берімге қолданылатынының молаюы.
Ақша көбейтудің үш міндеті (функция) бар:
Экономиканың қалыпты жүмыс істеуіне қатынас, төлем, қор тәсілдерімен, әлемдік ақшамен қамтамасыз ету. Халықшаруашылығының қызметіне керекті ақша мөлшерін белгілі кезеңдегі өндірілетін өнімнің, көрсететін кызметтің қүнымен, ақша айналымының жылдамдығымен есептеп шығаруға болады.
Қиын-қыстау мезгілдерде басқа жол болмаған жағдайда мемлекет қаржысының кемтігін толтыру. Ол соғыс, төңкеріс, бүліну, қирау, тамырлы, үзақ дағдарыс салдарынан туындайды. Артық ақша шығару оның қүнсыздануын туғызып (инфляция латын сөзі іпГепІіо - вздутие) бағаның өсуіне, шаруашылықтың шырқын бүзуына, әлеуметтік шиеленіске апарып соғады. Ақша қүнсыздануының басты себептерінің бірі оның артық санын шығару.
3. Мемлекет орынды мөлшерде акшаны азайтып, көбейтІп экономиканы жандандырып, нарық шиеленісін тоқтатып, қымбатшылықпен күреседі.
Акшз көбейтудің реттсу мақсаттарының бір багыты үлттық теңгенің түрактылығын қолдау. Ата заңға байланысты үкіметке тәуелсіз мемлекеттің экономикалык саясатын жүргізуі орталық қаржы орны (банк, итальянша Ьапсо - скамья, орындық), ол жеке дара ақша көбейтуге қүқылы.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қарыз жолдарын пайдаланушы басты саты орталык қаржы орны. Одан басқа қаржы саласында қызмет атқаратын мемлекеттік күрылымдарға мемлекеттік қаржы орындары, арнайы корлар, қаржы министрлігі мен мекемелері жатады. Олар қарыз беруге қатысады, бірақ ақша айналымы мен жекенін қарызға беретІн қаражатының өзгерісін реттемейді. Олар мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген қаржы, арнайы корлардағы жинақталған міндетті жарналар, өз қаржысы, тартқан қаржылардан жеңілдікпен бағытты қарыздар береді.
2. Ұлттық банк-жалпы мемлекеттік орган, елдегі банкнот шығаруға эммисиялық құқыққа ие елдегі жалғыз өнім құралы төлемдер мен қарыз қабылдауға міндетті.
Ұлттық банк банкнота мен валютаның керекті бөлігінің қажеттілігін, олардың жасалуын қамтамасыз етуді қолма қол ақша құралын жоюын және инкассациясын анықтайды. ҚР-да шығарылған банкноттар мен монеталардың атауы, құрамы, формасы және графигі болуы қажет. Банкноттар мен монеталар көрсетілген сипаттамалары баспада жарияланауы және ҚР-ның жоғарғы Кеңесінің валюта айырбастау құқығы бар. Ұлттық Банк ҚР-ның валютасының айырбасталғанын анықтағанда шетел мемлекетінің ақша бірлігіне қарап бекітеді. Қолма қол ақша айналымы банк кассасына тұрақты.
Екінші деңгейлі банктерге қолма қол ақша шоттары кореспонденциясындағы құрал жабдық қалдығының иемденуіне күш алады. Соған сәйкес операция кассадағы қолма-қол ақшаның лимиттік қалдығы белгіленеді. Сонымен қатар ақша айналымының көлемі банктердегі шоттар кореспонденциясындағы құралдардың болуына байланысты.
Ұлттық банк ақша базасының көлемі екінші деңгейлі банктердің құралдар көлемі арқылы олардың Ұлттық банк шоттар кореспонденциясының реттеледі. Сонымен қатар банктер ликвидтілігін реттеу құралдары арқылы реттеледі. Ақша айналысының қарқынды экон-да Ұлттық банктерді тура реттелмейді, бірақ оның көлемі инфляция деңгейіне әсер етіп және ақша айналысы қарқынының төмендегі тек қана тұрақты экономика кезінде болатын ұзақ мерзімде инвестициялық несие салымдары Ұлттық банкінің өуіне негізделіп және ақша массасының қолма-қол ақшаның үлесуінің өсуімен ұзақ мерзімді жинақтардың төлемінің төленбеуіне беріледі.
3. Ұлттық банктің басты құралдары болатындар:
- Қазақстан банктеріне Ұлттық банк несие мен сиақы ставкасының деңгейі
- Минималды міндетті резервтер Қ-ның ҰБ-не депозитті салу, сонымен қатар белгілі мерзім бой-ша дифференциялау.
- Мемлекеттік бағалы қағаздары ашық нарықта сатып алу операциялары
- Банктің несиелері
- Несиелік операцияларының тікелей төлемінің деңгейі және төлеміне тікелей сандық ставкалар. Ақша нарығындағы интернеция.
- Несие ставкасы
Қазақстанның ҰБ қайта қайталандырудың ресми ставкасын реттейді. Сонымен қатар басқа сыйақы ставкалары бойынша операцияларды жүргізеді. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша нарығының жалпы жағдайына сұраныс пен ұсыныс бойынша инфляцияға байланысты реттеледі. Қазақстанның ҰБ-і сыйақылар ставкасының саясатын нарықтық ставкасына әсер ету үшін қолданады және де мемлекеттің ақша-несие саясатының шегеруін жүзеге асырады.
Қазақстанның Ұлттық банктің резервтік ашық нарықтағы операцияларда қазынашылық вексельдерді, мемлекеттік облигацияларды және басқа мемлекеттік бағалы қағазаздарды сатып алу сатумен көрсетіледі және ақша массасын реттеу мақсатында қайталама нарықтар ақша массасын реттеу мақсат. ҰБ-н жүзеге асырылады. Қазақстанның ҰБ-і ресми сипатына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есептеп шығарады. Валюталық нарықтағы интервенция мен банк арқылы және биржалық нарықтары шетелдік валютаны сатып алу, сату операциялармен жүргізіледі.
4. Коммерциялық банктер қызметтерін реттеу 2 деңгейлі банктің ҰБ қарым қатынасы қолданылатын келесі принциптермен құрылады.
- ҰБ-банктердің оперативті қызметіе араласуға құқығы жоқ
- ҰБ-функцияларды реттеуде және қадағалауға ҚР-ң ҰБ туралы заңды күші бар Президенттің жарлығымен шектеледі
- ҰБ-2-ші деңгейлі банктер үшін, оның фаилдарына бірлескен банктерді экономикалық нормалар белгілейді
+ алғашқы жарғылы қордың ең төмен көлемі
+ банктің жеке қаражаты мен оның міндеттемелері (активтер және пассивтер)
+ баланстың өтімділік көрсеткіші
- ҰБ орналасқан міндетті көлемі
- 1 қарыз алушыға минималды тәуекелдік береді
- Нормативтік шеттеулер банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Олардың кредиторлармен үндесу қорлары сонымен қатар республикадағы ақша айналымын нығайту мақсатында
- ҰБ-бақылау функцияларын екінші деңгейлі банктер қатынасында жүзеге асырылады.
Сондықтан ҰБ-ң келесі құқығы бар:
* заңмен бекітілген ақшалай айыпыұл салу
* банктік операц. қолайсыз жағдайда банкте уақытша басқаруды өз қолына алады.
* кейбір банктің операц. орындау лицензиясынан
* ҰБ-н бекітілген жеке нормативтің өзгеруі.
СӨЖ: 1) ҰБ реттеуші бөлігінің дамуындағы факторлар қандай?
2) Экономикалық дағдарыс жағдайында коммерциялық. банк неге қысқа мерзімді несиені береді.
6. Дәріс. Мемлекеттің бюджеттік-салықтық саясаты
1. Салық саясатының құру принциптері, салық жүйесі
2. Бюджеттік жүйені қалыптастыру бюджеттің негізгі сипаттамасы
3. Бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы мем-к басқару
1. Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар мемлекеттің біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген белгілі бір мөлшерде жүргізетілетін қайтарымсыз және өтемсіз сипатта болатын бюджетке төленетін ақшалай төлемдер. Салықтық экономикалық мәні мыналар:
- салықтар ш.ж.с. және халық табысның қалыптасуындағы қаржылық қатынастың бір бөлігін білдіреді.
- салықтар Ш.Ж.С-ң, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы мемллекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын экономикалық категория.
- салықтар мемлекеттің құрылуы мен п.б. және мемлекеттің өмір сүруі негізі болып табылады.
Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қатанды болса. оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мем-те өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Сондықтан салықтар мемлекеттің тұрақты қаржы қоры.
Мемлекет салықтары экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық , экономикалық негізінде пайдаланылады. Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар: 1) реттеушілік
2) фискальды
3) қайта бөлу
Реттеушілік қызметі-салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы саклықтар ел эк-на өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықты реттеудің ең басты қызметі фискальды ж/е бюджеттік. Ол қызметі арқылы мем-к бюджет кіріс бөлімі құрылып, сал-ң қоғ-қ міндеттерді атқарады. Себебі салықтар мем-к бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеу-к-әскери қорғаны т.б шаралардың іске асуын қам-з етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы әртүрлі қызметтер табысының бір мөлшері мем-т пайдасына өтеді. Бұл қызметтердің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.
Салық салу принциптері-ҚР-ң салық заңдары салық ж/е бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттері салық салудың айқындығы әділдігі, салық жүйесінің біртұтастылығы ж/е салық заңдарының жариялылық принциптеріне негізделген.
1) Салық салудың міндетті принципі – салық төлеуші салық заң-на сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде ж/е белгіленген мерзімде орындайға міндетті.
2) Салық салудың айқындық принципі – ҚР-ң салықтары ж/е бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс, салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының ж/е тоқталуының барлық негіздерімен салық заңдарына белгілеу мүмкіндігі.
3) Салық салудың әділдік принципі – ҚР-да салықсалу жалпыға бірдей ж/е міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
4) Салық салудың біртұтастық принципі – ҚР-да салық салу жүйесі ҚР-ң бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас б.т.
5) Салық заңдарының жариялылық принципі – салық салу мәселесінің реттейтін нормативті-құқықтық актілердің ресми болымдылығы міндетті түрде жариял. тиіс.
Салықтар тікелей ж/е жанама б.б.
Жанама салықтарға қосымша құн салығы мен акциз жатады. Салық ж/е басқа да міндет. ҚР-ң заңдарына ж/е тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгіленген тәртіпке тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Қаражаггың кірісі дағдылы және төтенше болып екіге бөлінеді. Тетенше кіріс мемлекеггік меншікті жекешелендіруден шетелдіктерге әуе кеңістігіп, теңіз аймағын пайдалану қүқығын сатудан түседі, олар түрақты емес. Көп елдерде төтенше кірістің тұрақтысы мемлекеттің қарыз алуы (гос.займы). Мемлекетгік қаражатгың дагдылы кірісінің күрамы:
Салықтар, оның ішіндс жанама және кеден салықтары қор жинауы 75-85%. Салыққа жатпайтын түсімдср:
Экономиканың мемлекеттік бөлігіндегі мемлекеттік меншіктің кірісі, мемлекеттік сауданың кірісі 5-8%. Мемлекеттің олеуметтік сақтандыру қорына жарналар, зейиеткерлік жарна, жүмыссыздыкган сактандыру 10-12%.
Салық жоне оның жұйесі. Кейінгі екі мың жылдықта салық қалың бүқара қауыміи турақты назарынан қалған емес. Салық жинау жүйесі дүрыс см әділетсіз көп салық салынады дегенді көпшілік жиі айтад Салықтың әрбір өзгерісіне саяси оң беріліп, қаржылық, сынаула жалпы ақпарат орындарында хабарланады. Бүлай болуы орын да, себебі, салық: 1. Төлеушілердің табысынан алынады; 2. Көзі мемлекеттердің негізгі кірІс көзі; 3. Ақша-қарыз жүйесінде нарықты экономиканың реттеу жолдарының тиімдісі.
Нарық экономикасы дамыған елдердің мемлкет қаржысының 80-90% салықтан түседі. Басқасы мемлекст кәсіпорындардың таза пайдасы, қарыз алу, акша шығару, тағы басқадары.
Салық қаржы толтырудан басқа қоғамдық өндіріске, оның дамуы, өзгеруіне, салы бағытына, ғылыми, қарулану бағытына экономикалық осер студ: үлкен мүмкіндігін туғызады. Салық дегеніміз заң негізінде төлеушінің мемлекеттік және басқа арнайы қорларға төлейтін жарнасы, оның орны, уақыт жағдайы әрқилы. Әртүрлі мағынасына байланысты салықты аттары өзгереді, мысалы, орыс тілінде налог, пошлина, сбор тағы басқадай, қазақша салық, баж, алым.
2. Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруда қаржымен қам-з етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет жүйесі бюджеттің ж/е ҚР ұлттық қорының сондай-ақ бюджеттік процестермен қатынастардың жиынтығы. ҚР-да мынадай деңг. бюджеттер бекітіледі.
- Республикалық бюджет
- Облыстық бюджет
- Респ. маңызы бар қала-Астана бюджеті
- Аудан бюджеті
Республикалық бюджет – салықтық ж/е басқа да түсімдер есебінен қалыптастыратын ж/е орталық мем. орг-ң оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге ж/е мем-к саясаттың жалпы респуб. бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады. Тиісті қаржы жылна арналған респ. бюджет ҚР Заңымен бекітіледі.
Облыстық бюджет – салықты ж/е басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын ж/е облыстық деңгейдегі жергілікті мем-к органдардың респуб. маңызы бар қаланың-Астана н/е Алматының-оларға ведомствалық бағынышты мем-к мекемелердің міндеттері мен функциялары қаржымен қамтамасыз етуге ж/е тиісті әкімш.-аумақтық бірліктер мем-к саясатты іске асырылуына арналған орталықтандырылған ақша қоры обл. бюджет. Респуб. маңызы бар қала Астана бюджеті б.т. Тиісті қаржы жылына арн. обл. бюджеті Респ. маңызы бар қаланың Астананың бюджеті облысы Респуб. ж/е Астана маслихатының шешімімен бекітіледі.
Аудан бюджеті – салықтық ж/е басқа да түсімдер есебінен қалыптастыру арқ. ж/е ауданның (обл. маңызы бар қаланың-о.м.б.қ.) жергілікті мем-к орг-ң оларға ведозмствалық бағынышты мем-к мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге ж/е тиісті аудандағы мемл. саясатты іске асыруғак арналған орталықтандырылған ақша қоры.(Аудан н/е о.м..б.қ . маслихатының шешімімен бекітіледі).
Төтенше мем-к бюджет-республикалық ж/е жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады ж/е ҚР-дағы төтенше н/е соғыс жағдайларында енгізіледі.
Ұлттық қор – ҚР-сы Үкіметімен ҚР Ұлттық банкіндегі шотында шоғырландырылатын мем-к қаржыларды актив түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда өзег де мүлік түріндегі активтері.
ҚР-дың ұлттық қоры мем-ң тұрақты әлеу/к эк-қ дамуын қамтамасыз етуге эк-қ шикізат секторына тәуелділігін ж/е қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қоры жинақтау ж/е тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырылады.
Жинақтау функ-сы – қаржы ж/е материалдық емес активтерді қоспағанда өзге де мүліктердің қолданылуын қамтамасыз етеді.
Тұрақтандыру функ-сы – шикізат ресурстарына әлемдік бағның конъюктурасына Респуб-қ бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. ҚР-сы ұлттық қорының түсімі мен жұмсалуы Ұлттық ж/е шетел валюталарымен жүргізіледі.
Бюджеттің құрылымы:
• Кірістер – бюджет игіліктерін реттеу мем-ң қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мем-к қарыздар бюджеттің б.т.
• Шығындар – бюджет несиелері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар б-ша негізгі борышты өтеу бюдж. шығыстары б.т.
3. Мем-к басқарудың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын келесі органдар құрайды:
1) ҚР-ның Президенті
2) ҚР-ның Парламенті
3) Рес-қ бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
4) ҚР-ның Үкіметі
5) Эк-қ жоспарлау жөніндегі орталық үкіметті орган
6) Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық үкіметті орган
7) Бюджеттік атқару жөніндегі орт. үкіметті орган
8) Ішкі бақылау жөніндегі орт-қ уәк. орган
9)Маслихат
10) Жергілікті атқарушы орган.
Достарыңызбен бөлісу: |