Ғылыми міндеттер әдетте ғылыми зерттеудің нақты тақырыбына қатысты ғылыми тапсырмалар түсіндіріледі. Ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдау кезінде бағытталған мәселені талдау негізінде қалыптасады, және жалпылама түрде күтілетін нәтиже анықталады. Содан кейін мәселенің құрылымы жетілдіріліп тақырыптар, міндеттер, өндіріске енгізулер мен әксперименттік бағыттары тұрақтандырылады. Мәселенің негізін қалағаннан кейін және құрылысын тұрақтағаннан кейін ғылыми зерттеу тақырыбын анықтайды. Яғни ол өзектілігін (маңызды, тез арада шешуді талап ету), ғылымға пайдалы жаңалық енгізу, халық шаруашылығы үшін экономикалық тиімді болуы керек. Сондықтан тақырыпты таңдау арнайы техника-экономикалық есептеулер жүргізілуі қажет.
Тақырыптың маңызды сипаттамасы болып алынған нәтижелерді өндіріске жылдам енгізу мүмкіндігі табылады.
Тақырыпты таңдауға белгілі мамандық бойынша отандық және шет елдің өнертабыс, журнал, әдебиет көздерімен түпкілікті танысуымен жүргізіледі.
Тәжірибелік сабақ № 3, 4
Тақырыбы: Ғылыми ақпарларды іздеу, жинау және өңдеу
Ғылыми ақпарат көздері ретінде әдебиеттер, мерзімді басылымдар, кітапхана қорлары, ЭЕМ, байланыс құралдары т.б.жатады. Ақпараттық өнімдерді жинақтау, олардың базасын жасау қағазсыз информатикаға көшумен байланысты.
Ақпараттық қорлар салалық, политақырыптық, құжаттардың түрлеріне байланысты – патент, диссертация т.б. болуы мүмкін. Мұндай қорлар әр саладығы ғылыми зерттеу институтарында, ақпараттық органдарда жасалады.
ҒЗА – ғылыми-зерттеу ақпараттары – тез жету үшін периодты түрде шығатын басылымдар бар. Газет, журналдар, рефераттық басылымдар, ҒЗ жинақтар, стандарттар, патенттік құжаттар.
Құжаттардың қорларын тәртіпке келтіру үшін кітапханалық-библиографиялық классификация қолданылады. Әлемде ең көп тараған ӘОК (УДК) - әмбебап ондық классификация, көп елдерде қолданылады. ӘОК арқылы ақпаратты тез тауып алуға болады. Негізгі таблица 10 кластан тұрады – оларға ғылымның әр салалары бекітілген. Әр класс ары қарай 10 бөлімге, ол бөлімдер ары қарай 10 бөлімшелерге бөлінеді.
Патенттік ақпараттар құқықтық және ғылыми-техникалық негізге ие. Патенттану жаңалықтар мен өнертапқыштықтықты қорғау үшін қажет. Авторлық құқық заңмен қорғалады. Өнеркәсіптегі қолданылатын ой еңбегінің нәтижесі өнеркәсіп жекеменшігі деп аталады. Олар жаңалық, өнертапқыштық, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер және фирмалық атаулар деп бөлінеді. Өнеркәсіп жекеменшігін қорғау үшін Ұлттық патенттік орталыққа өтініш береді.
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін орынды дайындау маңызды. Оқу, оқығанды есте сақтау, белгілеу, конспектілеу, реферат жазу, ғылыми шолу жазу әдістері маңызды.
Тәжірибелік сабақ № 5, 6
Тақырыбы: Теориялық зерттеулерді ғылыми-техникалық тұрғыда моделдеу
Теориялық зерттеулерді жүргізу бірнеше сатылардан тұрады. Оперативтік шұғыл сатыда техникалық қайшылықтарды жою, қоршаған ортаның өзгерісі, есепті шешу үшін басқа ғылым саласын қолдану, т.б. қарастырылады.
Синтетикалық сатыда объектінің бір бөлігінің өзгерісінің оның басқа бөліктеріне әсері, өзгерген объектіні жаңаша қолдану жолдары қарастырылады. Бұл алғашқы сатылардың нәтижесінде мақсатты анықтау сатысына көшуге болады.
Талдау сатысында шынайы соңғы мақсатты анықтау, оған кедергі болатын жайттарды білу, т.б. жүргізіледі.
Тәжірибеде кезігетін есептерді математикалық тәсілдермен шешу үшін мақсатты математикалық жолмен өрнектеу, яғни оның математикалық үлгісін жасау қажет. Есепті математикалық өрнектеу сандар, геометриялық өрнектер, функциялар, теңдеулер жүйесі түрінде болады. Математикалық үлгілеудің бірінші сатысында есептің бағытын анықтау, зерттеудің мақсаты мен объектісін және критерийлерін белгілеу жасалады.
Тәжірибелік сабақ № 7, 8
Тақырыбы: Ғылыми жұмыстың нәтижесін дайындау
Ғылыми есеп, баяндама, мақала жазған кезде жалпы жоспар төмендегідей болуы мүмкін. Алдымен оның атын жазу керек, ол қысқа, анықтаушы, жұмыстың мазмұнына сай болу керек, өйткені осы аты бойынша ол каталогқа кіреді.
Мазмұны оны оқырман үшін қысқа түрде мазмұнын ашатындай болу керек, негізгі бөлімдер, тараулар және тағы басқа бөліктер көрсетіледі. Кейде ғылыми жұмысты жазғанда алғы сөз жазу қажет. Онда ғылыми жұмысты жазудың алғы шарттары, жұмыстың орындалған жері, т.б. келтіріледі.
Кіріспеде қысқаша проблема туралы, көкейкестілігі, мақсаты мен мүдделері, проблеманың қазіргі жағдайы сөз болады.
Әдебиеттерге шолу әдетте қарастырылатын мәселе бойынша беріледі. Бұл жерде ең маңызды әдебиетті қосымша әдебиеттен ажырата білу қажет. Әдебиеттің белгілі бір бөлігі соңғы жылдарда жарияланғаны дұрыс, шет елдік әдебиеттерде болғаны жөн.
Жұмыстың негізгі мазмұнына материалдар, зерттеу тәсілдері, тәжірибенің нәтижелері, қорытындылар мен талдаулар кіреді. Мәтінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері дәл, ұғынықты болуы керек. Жаңадан енгізілген терминдер мен ұғымдарды тиянақты түсіндіру қажет. Цифрлық материалды таблица, диаграмма не график түрінде беру керек. Олардың аттары мен нөмірлері болады.
Қорытындылар жұмыста келтірілген материалға сай болуы керек. Олар қысқа түрде, нөмірленген тезистер түрінде болады.
Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі келтіріледі. Осы тізім бойынша мәтінде оларға сілтемелер жасалады. Тізім библиографиялық тәртіпке сәйкес, мәтінде жазылған кезегі бойынша жасалады. Тізімде авторлардың аты-жөні, кітаптың аты, баспаның аты, шыққан жылы, жалпы бет саны, не беттің нөмірі көрсетіледі. Журнал болса шыққан жылы, нөмірі, беті. Тізімдегі әдебиеттің нөмірі мәтінде жақша ішіне жазылады.
Қосымшада көмекші таблицалар, графиктер, есептеулер, программалар, т.б. материалдар орналасады. Олардың әрқайсысының нөмірі бар.
5 ОСӨЖ және СӨЖ тақырыптарының тізімі
ОСӨЖ және СӨЖ жоспары
№
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ (рефераттар тақырыбының атауы, 10-15 бет)
|
аудиториялық (диалог)
|
Аудиториядан тыс (консультация)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Ғылыми тақырыбтарды таңдау
|
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері
|
Ет және балық өнімдерінің қазіргі кездегі технологиясы
|
2.
|
Тақырыптар бойынша ақпараттар жинау
|
Ақпараттарды талдау және өңдеу
|
Ет және балық өнімдеріне арналған қоспалар
|
3.
|
Тақырып бойынша патентті ақпараттар жинау
|
Патентті ақпараттарды талдау және өңдеу
|
Ет және балық өнімдерінің ссапасын жақсартуда қолданылатын дәмдеуіштер
|
4.
|
Интернет жүйесі бойынша ақпараттар жинау
|
Интернет бойынша ақпараттарды талдау және өңдеу
|
Ет өнімдерінің қазіргі кездегі жаңа технологиялары
|
5.
|
Шет ел және Ресей ақпараттарын тақырып бойынша жинау
|
Шет ел және Ресей ақпараттарын
|
Балық өнімдерінің қазіргі кездегі жаңа технологиясы
|
6.
|
Басылып шыққан мақалалар бойынша ақпараттар жинау
|
Басылып шыққан мақалаларды талдау және өңдеу
|
Ет өнімдерінің құрамы мен қасиеттерін жақсарту көздері
|
7.
|
Әдеби шолу жүргізу
|
Алынған ақпраттар бойынша әдеби шолу жүргізу және құрастыру
|
Балық өнімдерінің құрамы мен қасиеттерін жақсарту көздері
|
8.
|
Тақырып бойынша теориялық зерттеулерді ұйымдастыру
|
Математикалық және аналитикалық әдістер бойынша өнделетін өнімге модел жасау
|
Ет өнімдерінің түрлері, олардың жасалу технологисы
|
9.
|
Тақырып бойынша экспериментті зерттеулерді ұйымдастыру
|
Өткізілетін экспериментті зерттеулерді таңдау
|
Балық өнімдерінің түрлері, олардың жасалу технологисы
|
10.
|
Тақырып бойынша экспериментті зерттеулер нәтижелері
|
Өткізілген экспериментті зерттеулердің нәтижелерін қорытындылау
|
Ет және өсімдік шикізатты қосылып жасалған өнімдер
|
11.
|
Берілген тақырып бойынша ғылыми жұмысты бір жүйеге келтіру
|
Тақырыптың аты, мазмұны, алғы сөз, кіріспе, әдеби шолу.
|
Балық және өсімдік қосылып жасалған өнімдер
|
12.
|
Ғылыми жұмыстың мазмұны. Қорытынды, жалпы қорытындылау, әдебиет тізімі.
|
Арнайы бағытта дайындалатын ет өнімдері
|
13.
|
Ғылыми тақырып бойынша қорытынды жасау
|
Жұмыстың толық жасалуы
|
Арнайы бағытта дайындалатын балық өнімдері
|
14.
|
Тақырып бойынша мақала дайындау
|
Жиналған ақпараттардан мақала дайындап, оны өндеу
|
Емдік-сауықтыру қасиеті бар ет өнімдері
|
15.
|
Ғылыми жұмысты қорытындылау
|
Тақырып бойынша ғылыми жұмыстың қорытынды кезеңі
|
Емдік-сауықтыру қасиеті бар балық өнімдері
|
∑
|
22,5
|
22,5
|
45
|
4 Емтихан сұрақтарына қосымша сұрақтар
Дәндік массаның қасиетінің жалпы сипаттамасы
Өсімдіктің гүлдену және дәннің жетілу шарттары
Дәнді дақылдарды жинау шарттары.
Астықты жинағаннан кейін бірінші кезеңде дәннің сақталу және наубайханаларға тасымалдау шарттары.
Себулік
Қуыстылық
Ұзақ мерзімде сақталатын дәндік массаның өздігінен қызу үрдісінің пайда болуы
Өздігінен қызу үрдісінің жалпы сипаттамасы
Сақтау қоймасындағы ауа температурасы, сыртқы ауа, күн радиациясы
Өздігінен қызудың бастапқы сатыларының болыуын оқып-үйрену
Қоймадағы дәндік массаның күйі
Жылу түзілу кезінде дәндік массаның бөлек компоненттерінің мәні
Сақтау қоймаларының күйі және олардың конструкциялары
Артық мөлшерде суыту кезінде ылғал және сулы астық түйірдің мұздауы.
Дәндік массаның өздігінен қызу кезіндегі жәндіктердің және кенелердің, яғни нан қорының зиянкестерінің ролі.
Дәнді дақыл түрлері.
Соя және жүгері дақылдарының құрамы.
Дәнді дақылдарды қабылдау
Дәнді тұқымдастар.
Қарақұмық тұқымдастар.
Бидайдың түрлері.
Жаздық және күздік дәнге сипаттама беріңіз.
Жүгері қай аудандарда шоғырланған?
Күріштің химиялық құрамы қандай?
Жасымық деген не? Қазақстанның қай ауданында өседі?
Бұршақ түрлерін атаңыз
Жармаға сипаттама беріңіз
Үрме бұршақ дегеніміз не?
Жарма ассортименті
Тарының ботаникалық сипаттамасы.
Тарының химиялық құрамы
Астық кептіргішті сынау
Нан пісіру өндірісіндегі шикізаттар
Нан пісіру ұны
Ұн сорттарын пішіндеу және бақылау
Астықты жинаудан кейінгі дәнді өңдеу
Дәнді қандай температурадағы суда жуады?
Қара бидай дәнінің құрылымы қандай?
Ұнның химиялық құрамы
Астық түйірлеріндегі ақуыздар
Ақ бидай ұнының қасиеттері
Нанды дайындаудағы технологиялық үрдістері
Қара бидай ұнының қасиеттері
Ұнды қапты және қапсыз қоймада сақтау
Сақтау барысында ұнға жүргізілетін үрдістер
5 әдебиеттер
5.1 Негізгі
5.1.1. Основы научных исследований. Под. ред. В.И. Крутова, В.В. Полова. – М.: Высшая школа, 1989. – 400 с
5.1.2. Рогов И. А. «Технология мяса и мясопродуктов» Учебник. - М.: «Агропромиздат», 1988. –565 с.
5.1.3. Исследование и контроль качества мяса и мясопродуктов. Н.К. Журавская, - М., 1990
5.2. Қосымша
5.2.1. Тулеуов Е.Т. «Производства конины» М., Агропромиздат, 1986 г
5.2.2. Алехина Л.Т., Большаков А.С. и др.; Под ред. Рогова И.А. Технология мяса и мясных продуктов. Учебник. –М.:Агропромиздат,1988,538 с.
5.2.3. Касьянов Г.И., Иванова Е.Е., и др. Технология переработки рыбы и морепродуктов. Учебное пособие. – Ростов-на-Дону.: Издательский центр «МарТ», 2001. стр. 416.
5.2.8. Реферативные журналы.
5.2.5. Журналы «Мясная индустрия», «Мясная промышленность» и др.
5.2.6. Исследование и контроль качества мяса и мясопродуктов. Н.К. Журавская, -М., 1990.
5.2.7. Быков В.П. «Технология рыбных продуктов» М., Пищевая промышленность, 1971
5.2.8. Голубев В.Н. и др. «Обработка рыбы морепродуктов»: М.: ИРПО; Изд. центр «Академия». 2001 г.
5.2.9. Касьянов Г.И. и др. «Технология переработки рыбы и морепродуктов» М., 2001 г
5.2.10. Назаров Н. И. «Общая технология пищевых производств» - М.: «Легкая и пищевая промышленность», 1981. – 360 с.
5.2.11. Горбатов А.В. Реология мясных и молочных продуктов. – М. Пищевая промышленность,1989, 384 с.
5.2.12. Реферативные журналы. Журналы «Мясная индустрия», «Мясная промышленность»
Достарыңызбен бөлісу: |