Шымкент қаласы. Абай ауданы
№ 81 Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің
География пәні мұғалімі: Сергазиева Улжалгас Калмуратовна
Сабақтың тақырыбы: Мұнай, газ және көмір өнеркәсібі.
1.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?
Білу: Көмір өнеркәсібі мен электр энергиясын өндіретін салалар туралы білу.
Түсіну: Ел экономикасын дамытуда отын өнеркәсібінің маңызын түсіндіру.
Қолдану: Көмір өнеркәсібі мен ЖЭС, СЭС орталықтары мен өндірілетін аймақтарды картадан анықтау.
Талдау: Қазақстанның көмір өнеркәсібі мен электр энергиясының дамуы туралы түсінік беру.
Жинақтау:Жылу электр станциялары мен су электр станцияларының ұқсастығы мен айырмашылығын және ортақ қасиетін анықтау, Қарағанды және Екібастұз көмір алаптарын салыстыру.
Бағалау: Жел, күн энергиялары және жергілікті жердегі электрстансиялар мен олардың қамтамссыз етілуі туралы өз ой—пікірін жазу.
2.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?
Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу
2.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау
3. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?
Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру
4. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?
Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында
Сабақтың барысы
Уақыты
|
Мұғалімнің іс –әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
-сабақтың өткізу жоспарын көрсету.
|
Оқушылар топқа бөлінеді.
Тақтадан күн ретін жазып алады.
сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады
|
10 минут
|
Кіріспе бөлім Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.
Оқулықпен жұмыс:
Электронды оқулық:
Қазақстандағы ірі көмір алаптары .................., ........................., .............................. .
Электр энергясына ........................., ............................., ......................., ..................,
Кокс бұл ........................................................ .
Қарағанды көмір алабына ............................... кіреді.
Екібастұз көмір алаптарына ............................. .......................... ...................................... .
Қазақстандағы негізгі көмір өндірушілер ...................... .............................. .......................... ...................... .............................. ..............................
Көмірді негізгі тұтынушылар .................... .......................... .................. .............. ........... елдері.
Энергия мен жылуды көп қажет ететін өндіріс орындары ................................., ..............................,
Қазақстандағы газдың ірі кен орындары ...................................................................... ................................................................
Жылу электрстанциялары ............................ .............................. ....................... жұмыс істейді
Еліміздегі электр энегриясын өндіретін электрстанциялар ............................ деп бөлінеді.
Қазақстандағы ірі СЭС –ы .........................................
Картамен жұмыс
Кескін картаға Қазақстанның ірі көмір алаптарын түсіріңдер.
Кескін картаға СЭС-ы, ЖЭС-ы және МАЭС-ді түсіріңдер.
|
Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.
|
20 минут
|
Негізгі бөлім
Видио көрсетіп Қазақстандағы отын өнеркәсіп орындарының орналасуын өнеркәсіпдің дамуынның негізгі бағытын анықтату
а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады
ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады
Отын өнеркәсібі
Су ресурсы
Отын-энергетикалық баланс
б)Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады
I-топ. Көмір өнеркәсібінің даму жағдайы мен болашағы.
II-топ. СЭС және ЖЭС өндіру.
III- топ. қазақстандағы баламалы энергия көздері.
IY- топ. Көмір және электр энергиясын өндіруге байланысты қандай экологиялық мәселелер туындайды.
|
а)Оқушылар тақырыпты жазып алады
ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады
б)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды,оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.
|
10
минут
|
Қорытынды бөлім
Венн диаграммасы арқылы:
ЖЭС пен СЭС –на салыстырмалы сипаттама жаса.
Кестемен жұмыс
Қарағанды және Екібастұз көмір алаптарын салыстыру арқылы кестені толтыру.
№
|
Салыстыру жоспары
|
Қарағанды көмір алабы
|
Екібастұз көмір алабы
|
1
|
Географиялық орны және тұтынушылары. (қолайлы ма, қолайсыз ба?)
|
|
|
2
|
Өндіру әдісі
|
|
|
3
|
Сапасы
|
|
|
4
|
Тасымалдау
|
|
|
5
|
Өзіндік құны
|
|
|
6
|
Табиғатты қорғау
|
|
|
7
|
Көмір қабатының қалыңдығы
|
|
|
Картамен жұмыс
Кескін картаға Қазақстанның мұнай мен газ кен орындарын және негізгі өндірілетін аудандарын түсіріңдер.
Оқушының жеке пікірі(көзқарасы)
Қазақстандағы газ өнеркәсібінің даму жолдары мен болашағы қалай деп ойлайсыңдар? Өз ойларыңды жазыңдар.
Туған жерлеріңде отынның қандай түрі көбірек пайдаланылады және неліктен?
|
Оқушыларға сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.
Сабақ рефлексиясын жазады.
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;
Ә) Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу; Б)Оқушылар назарын сабақ барысында білім алуға бағыттап, бірыңғайлап қою.
І-топ-«Мұнай»
ІІ-топ-«Газ»
II.Жаңа сабақ материалын түсіндіруге дайындық
Еліміздегі салааралық кешендердің қайсысы жетекші рөл атқаратынын естеріңе түсіріңдер. Оның негізгі міндеті қандай?
Оқушыларға жеке және жаппай сұрақтар қою арқылы отын түрлері, олардың орналасқан аудандары туралы 8- сыныпта алған білімдерін нақтылау
ІІІ. Жаңа сабақ материалын түсіндіру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Отын-энергетикалық кешен (ОЭК). Ол екі саладан тұрады. Отын өнеркәсібі мен элект энергетикасы. Оның негізгі міндеті-халықты, шаруашылықтың барлық салаларын отынмен және энергия қуатымен қамтамасыз ету. Отын және электр энергиясы шаруашылықтың барлық салаларына өте қажет. Еліміздегі отын өнеркәсібінің салаларын естеріңе түсіріңдер.
Отын-энергетика кешені
Балалар, біздер енді отынның түрлерімен жақынырақ таныс болу үшін екі топқа бөлініп әр-түрлі тапсырмалар орындаймыз. Әрбір топ оқушылары берілген тапсырмаларды орындайды.
1-кезең. Танысу
1-топ. Мұнай-қошқыл қоңыр, қара көк, қоймалжың сұйық зат. Мұнайды еш уақытта шикі күйінде пайдаланылмайды. Оны өңдеп 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар, оның ең соңғы қалатын қалдығы гудрон жол құрылысында пайдаланылады. 350 градус температурада қайнаған мұнайдан мазут бөлінеді, оны электор станцияларынды, металлургия пештерінде отын ретінде пайдаланады.
2-топ. Газ-толық қалдықсыз жанатын, ауаны ластамайтын, құбыр арқылы тасымалданатын газ пропан «СзН », метанды «СН » кейбір автокөлікті жүргізуге пайдалынады
Электронды оқулық арқылы түсінік беру.
Қазақстанның қандай аймақтарында мұнай қоры шоғырланғанын естеріңе түсіріңдер. Қазақстанда алғашқы мұнайдың 1-т-сы қай жылы және қай жерден алынды? (Батыс Қазақстанда шоғырланған, 1899 жылы Орал-Ембі алабындағы Қарашүңгілден игерілді)
2-кезең. Кім жылдам?
Картаданы пайдаланып, мұнай мен газ кен орындарын табыңыздарда, мына кестеге толтырыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |