Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Биогеография» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



жүктеу 0,67 Mb.
бет3/5
Дата11.01.2020
өлшемі0,67 Mb.
#26303
1   2   3   4   5

БИОГЕОЦЕНОЗ = БИОЦЕНОЗ + БИОТОП

Биоценоз терминін ғылымға неміс биологі К.Мебиус (1877) енгізді. Бұл ұғым тіршілік жағдайлары ұқсастау табиғи ортада өмір суріп жатқан тірі организмдердің (жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер) қауымдастықтары.

Биогеоценоз бір-бірінің тіршілігін қамтамасыз етіп тұратын тірі табиғаттың бірнеше бөлімдері бар күрделі құрамды қауымдастықтардан тұрады:

1. фитоценоздан - өсімдіктік организмдердің қауымдастығынан;

2.зооценоздан - топырақты ортада өмір сүретін жануарлық организмдердің (омыртқасыздар мен омыртқалылар) биоқауымдастығынан;

3микробиоценоздан - топырақта, ауада және сулы ортада өмір суретін микроорганизмдер (бактериялық, саңырауқұлақ және т.б.) қауымдастарынан.



Биотоп деп (немесе экотоптеп) биоценоз орналасқан өзінің геоморфологиялық, климаттық, геохимиялық және басқа да абиотикалық қасиеттері біркелкі аймақты айтады. Биотопқа өлі табиғаттың бір-бірімен тығыз байланыстағы екі компоненттерінің жиынтығы (бірлестігі):

1.температурасы, ылғалдығы, қысымы, күн радиациясы жәнс т.б. осы сияқты қасиеттермен мінезделетін және құрамында атмосфералық ылғалдылығы мен биогеңді газдары (оттегі, көмір қышқыл газдары) бар атмосфера кіреді;

2. құрамына топырақ асты жыныстары мен жер-асты сулары бар жердің беткі толырақты қабаты кіреді.

Соныменен биогеоценоз дегеніміз бұл шектеулі кеңістік пен абиотикалық қасиеттері біртекті аймақ бөлімінде өмір сүретін және бір-бірімен әрі биотоппен тығыз әрекеттесу жағдайындағы әр турлі тірі организмдердің бірлестігі.

Биогеопеноз үғымына фация - бүкіл даму барысында жыныстардың бір құрамы, рельефтің, ылғалдың бірдей сипаты, бір микроклимат пен бір биоценоз сақталатын ең кіші табиғи-аймақтық комплексі (кешені) ұғымы жақын келеді; "биогеоценоз" "қарапайым ландшафт" үғымдарымен де үйлеседі.

Рельеф - жердің кескіні, көлемі, пайда болуы, жасы және даму тарихы бойынша өр түрлі үстіңгі қабатынын формаларының жиынтығы; жағымды (шығыңқы) және жағымсыз (ойыс) формалардан қалыптасады. Оны масштабы бойынша макрорельеф, мезорельеф, нанорельеф деп бөледі.

Микроклимат - шағын аймақтың немесе жасанды түзілістің (орман шетінің, төбенің беткейінің, қаланың т.б.) климаты.

Биогеоценоздың (экожүйенің) тірі құрауыштарына — продуценттер, консументтер мен редуценттер, ал өлілерге күн энергиясы, ауа, су, субстрат (құрлықта - топырақ, суаттар түбінде - грунт) жатады.

Биогеоценозға мысалдарды көп келтіруге болады. Мысалы, күннің жарығын, минерал тұздар мен суда ерітілген көмірқышкыл газын пайдаланып органикалық заттарды синтездейтін балдырлардың, фитопланктонның айкын шекарасы бар. Зоопланктон фитопланктонмен қоректенеді. Оны ұсақ балықтар, ал оларды жыртқыш балықтар жейді. Осылайша, мысалы, көлде жеке түйіндері бір-бірімен байланысты болатын қоректік тізбек бар. Фитопланктонның жойылуы міндетті түрде басқа түрлердің құруына әкеп соғады.

Ағза (В.И.Вернадский бойынша) - құрылымы тұйық, сатылы ұйымдасқан, тепе-тең емес, өздігінен қалыптасатын, заттар мен энергия алмасулар бойынша ашық жүйе.

Түр - еркін будандасатын және жемісті ұрпақ беретін, морфологиялык, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерінің тұқым қуалаушылық ұқсастығына ие дарақтардың жиынтығы.

Дарақ, түлға - тіршіліктің бөлінбес бірлігі.

Популяция - түрдің тіршілік ету формасы, бір түрдің ортақ тектік қоры бар және мекендеу жағдайлары бірыңғай белгілі бір кеңістікке қоныстанатын дарақтарының жиынтығы.

Тектік кор (популяция) - популяция геңдерінің жиынтығы, популяция немесе түр топтары.

Қауымдастық - табиғи шектелген тіршілікке жарамды кеңістік шекарасындағы түрлердің өзара байланысы мен озара тәүелділігінің жиынтығы.

Биоценоз - құрлықтың немесе су қоймаларының біріңғай аймағына қоныстанған микроағзалардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтар мен жануарлардын өзара байланысқан жиынтығы (биотоп).

Биотоп (экотоп) - бір биоценоз жайлаған биосфераның сулық, жер бетілік, жер астылық бөліктерінің шегіндегі абиотикалық факторлары бойынша біршама біркелкі кеңістік. Биотоп - түрдің мекен ету жерінің синонимі.

Фитоценоз - аймақтың бірыңғай бөлігінде өзара әрекеттестікке түскен өсімдіктердің үйлесуінің нәтижесінде тарихи қалыптасқан өсімдіктердің қауымдастығы. Оны белгілі бір түрлік құрам, тіршілік қалыптары, жер бетілік және жер астылык қабаттар, молдығы (түрлерінің кездесу жиілігі), таралуы, аспектісі (сыртқы түрі), өміршеңдігі, дамуының мезгілдік өзгерістері (қауымдастықтың ауысуы) сипаттайды.

Зооценоз - жануарлардың қауымдастығы.

Микробоценоз - микроағзалардың топтары.

Микоценоз - саңырауқүлақ топтары.

Популяциялар экологиясы – бір тектес дарақтардың табиғи топтамалары, яғни популяцияларды зерттейтін экология бөлімі.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:


  1. Биоценоз, оның құрылымы қазіргі жағдайы туралы жана көзкарастар. Биоценоздын экологиялык кұрылымы.

  2. Биоценоздағы организмдердің карым-катынастары Биоценоздағы популяциялардың сакнының реттелуі.

  3. Тіршілік формалары. Популяция туралы түсінік.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

6 тақырып Ареал және өсімдіктер мен жануарлардың шығу орталықтары.


Мақсаты: Ареал типтерімен танысу

Жоспар:

1. Ареал туралы тусінік. Ареал типтері: топтанып, бөлшектеніп және біртұтас таралуы.

2. Ареалдың бөлінуі: космополитті, сызықтық және шашыранды.

3. Ареал шекарасының динамикасы, ұлғаюы, қысқаруы, біртектілігі. Организмдердін активті және пассивті таралуы; мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Космополиттер. Эндемиктер. Реликті организмдер.


Ареал деп белгілі бір түрдің жер бетінде, не акваторияда кездесетін белгілі жер бөлігін айтамыз. Ареал - өсімдіктер мен жануарлардың түрлері, туыстары және басқа категориялары таралған аймақ. Өсімдіктер мен жануарлар жер бетіне және теңіз, көл, мұхит суларына таралады. Ол табиғи және жасанды ареал деп бөлінеді. Ареалдардың орталығы түрлердің ық таралған және аз таралған жерлері кездеседі. Түрлер әртүрлі факторлар шығарып кең аймаққа бөлінеді. Ареалдар белгілі бір түрлердің таралуына және жайылып кетуіне байланысты үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Сонымен бірге реликті ареал кездеседі. Ол көне заманнан бері қарай дамып келе жатқан құбылыс. Оларды көне заманда тіршілік өткен кейбір түрлерінің жойылып кетпей сақталып келе жатқанын көрсетеді. Ареалдың тұтас, жалпылама және бөлшектеніп жүргені кездеседі. Биік таулар, көлдер, теңіздер кроалдарды бөлуі мүмкін. Мұны ареалдардың табиғи кедергісі дейді.

Эндемик - белгілі бір шағын ауданда ғана таралған, дүние жүзінің басқа жерінде кездеспейтін өсімдіктер мен жануарлар.

Реликт - өткен геологиялық заманда тіршілік еткен фаунаның немесе флораның белгілі бір жерде сақталуы. Реликт түрлері сирек немесе жойылып бара жатқан түрі.

Космополиттер - бүкіл жер шарында таралған жануарлар мен өсімдіктердің түрлері.

Ареалда органикалық түрлер бірдей болып таралмайды. Ареалдың бір бөлігінде көптеп кездессе, ал басқа жерінде аздап немесе мүлдем болмауы да мүмкін. Ареалда түрлердің болмауы уақытша заңдылық болуы мүмкін. Ареалдың шекарасын анықтау қиын емес, егер түрлер тұрақты немесе бір территорияда немесе акваторияда көшіп-қонып жүрсе. Кейбір түрлер жыл мезгілі ауысқан кезде өздерінің орнын ауыстырады, яғни миграциялық процесс жүреді. Мұндай түрге байланысты 2 қөзқарас бар:


  1. Тіршілік ету аймағы (өзіндік ареал)

  2. Түрдің көшіп – қонуы

Біріншіге түрдің ұзақ уақытқа дейін тіршілік етіп, көбейіп, өз тығыздығын өз бетінше сақтай алатын территориялар жатады.

Екінші территорияда түр көбеймейді, тек қана бегілі бір жыл мезгілінде келіп, сол уақыт аралығында тіршілік етеді. Мысалы: құстардың қыста жылы жаққа ұшуы. Көбею аймағы мен миграция бірігіп ареалдың біріккен, күрлделі түрін құрайды.

Бабринский түрлердің өмір сүру жағдайында жиі кездесіп тұратын территорияны немесе акваторийді ареал деп атайды.

Панфилов түрлердің өмір сүру циклі толық аяқталғанға дейінгі тұратын жерін – ареал деп атайды.

Сонымен, ареал түрлері: көбею, қыстау, қоректену, миграциялық жол.

Ареал – әртүрлі геоелогиялық дәуірде жануарлардың эволюциялық процесі және олардың тіршілік ету ортасының өзгеруінен пайда болады.

Ареалдың құрамының өзгеруі маңызды рөлді судың іс-әрекеті әсер етеді. Организмнің таралуы, олардың тіршілік ету орталығына байланысты. Өздеріне қолайсыз ортада олар тіршілік ете алмайды және ұрпақ қалдыра алмайды. Өмір сүру ортасының адамдардың іс-әрекеті арқылы өзгеруі түрлердің орналасуын немесе ареалдың кеңеюіне әкеледі.

Ареалдарды көлемі, шекара конфигурациясы бойынша, географиялық орналасуы жағынан классификацялай аламыз.

Ен үлкен ареалдарды космополиттік деп аталады. Жалпы алғанда бүкіл жер бетінде, яғни түгелдей құрылықты немесе мұхитты алып жатқан белгілі бір түрлер кездеспейді. Жер бетіндегі организмдерді космополит деп атау үшін, Антарктиданы санамағанда барлық материктерді кездесулері керек.

Космополитке қарама қарсы эндемиктерді көлемі жағынан кіші ареалдарды келтіруге болады.

Кейбір дизъюнктивті ареалдар, және дизъюнкциялар арнайы атауларға ие. Мысалы биполярлы ареалдар тропиктерде үзіліп солтүстік және оңтүстік ендіктерді алып жатады. Ал амфипацификалық және амфиатлантикалық таралу Атлант және Тынық мұхиттары мен бөлініп жатады. Еуразияда жазықтармен үзіліп жоғары ендіктер мен оңтүстіктегі биік тауларды қамтиытың арктоалпілік ареалдарды мысалға келтіруге болады. Циркумополярлы терминің поляр шеңбері бойында жатқан ареалдарға қолданылады. Пантропиктік ареалдар бүкіл континенттердің тропиктерің алып жатыр.

Қандайда бір ареалдың ішінде өзіне тән организмдер барлық кеңістік тепе-тен таралмаған. Ареалдың бір бөлігінде көп мөлшерде жиналса, екінші бір бөлігінде аз аздан шоғырланып немесе мүлде кездеспейді. Ареалдың бір бөлігінде белгілі бір түрдің кездеспеуі уақытша және кездейсоқ, уақытша және заңды болуы мүмкін (мысалы құстардың жыл мезгіліне байланысты ұшып кетіп отыруы). Ареалдың бір бөлігінде белгілі бір түрдің кездеспеуі өмір сүруге қалыпты жағдайдың бомауына байланысты болады. Бұл жағдайда ареал контуры картаға түсірілгенде, таралу олысының негізгі контурының ішінен организмдер таралмайтың участок ашық қалып қояды. Барлық мәліметтер жиналып картадағы бейнеленіп отырған территорияның масштабын үлкейткен соң, белгілі бір организмдер таралмаған участоктар көбие түседі де ареал өзіне тән күрделі өрнекке ұқсайды. Егер ареал ішіндегі белгілі бір түрдің сандық көрсеткіштерін штрихпен бояп көрсетсек жоғарыда айтылған өрнек күрделене түседі.

Уақыт өте келе ареал ішіндегі белгілі бір түр азая түсетің болса. Ареал өрнегі жұқарып, бөлініп кетеді. Тұтас ареал үзіліп, жыртылып, дизъюнктивті ареалға айналады. Дизъюнктивті ареалдың түрлі бөліктері бір бірінен бөлініп кетіп организмдердің көшіп қонуы тоқтайды.

Көптеген өсімдіктер мен жануарлар үшін ареалдың бір бөлігі негізгі ареалдан 100 шақырымға ұзап кетуі изоляцияға яғни дизъюнктивті ареалдардың пайда болуына әкеледі. Кейбір организмдердің негізгі ареалдан тәуелсіз ары қарай дамуына бірнеше жүз метр жеткілікті, егер белгілі бір тосқауыл болса (мысалы үлкен өзен немесе бұғаз).



Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Ареал туралы тусінік. Ареал типтері: топтанып, бөлшектеніп және біртұтас таралуы.

2. Ареалдың бөлінуі: космополитті, сызықтық және шашыранды.

3. Ареал шекарасының динамикасы, ұлғаюы, қысқаруы, біртектілігі. Организмдердін активті және пассивті таралуы. Космополиттер. эндемиктер. Реликті организмдер.



Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

7 тақырып. Құрлықтағы организмдердің горизонтальды және биіктік белдеулер бойынша таралуы


Мақсаты: Организмдердің горизонтальды және биіктік белдеулер бойынша таралымен таныстыру.

Жоспар:

1. Құрлықтағы географиялық белдеулер.

2. Биіктік белдеу және оның құрылымы.

3.Организмдердің горизонтальды және биіктік белдеулер бойынша таралуын рсттейтін факторлар. Негізгі немесе шектеуші факторлар.


Жердің бетінде су мен құрылықтың таралуы, сондай-ақ материктік бетінің сипаты географиялық қабықтың структура-сын анықтайтын маңызды факторлар қатарына жатады. Егер шар тәріздес фигурасы және Жердің айналымы, оның осі кеңістікте белгілі жағдайда түрғанда жер бетіне күн жылуының зоналы таралуын (экватордан полюс бағытына оның санының заңдылықпен өзгеруі), демек, географиялық қабықтағы да зональдықты тудырады, ал су мен қүрылыстың әр түрлі таралуы — зональдықтан жылу мен ылғалдың белінуінде едәуір ауытқулық себебінен және ірі региондардың (аудандардың) пайда болуынан болады.

Климаттың ландшафттық – ботаникалық бойынша жіктелуі тек құрылықты ғана қамтиды: Бұған сәйкес климат былайша жіктеледі: мәңгі аяз; тундра; тайга; қоңыржай зонасындағы топырақты орман; қоңыржай ендіктегі муссонды климат; дала; жерортатеңіздік; субтропиктік орман; тропиктен тыс шөл; саванна; ылғалды тропиктік орман.

Таулардағы өсімдіктер мен жануарлар тау жотасының етегінен бастап, шынына дейін белдеулердің өзгерүімен сипаттталады. Жазықтарда өсімдіктері мен жануарлары оңтүстіктен солтүстікке қарай өзгеріп зоналар деп аталады, ал тауларда аналогиялық жолақтар белдеулер деп аталады. Зоналар мен биіктік белдеулерінде бірқатар ортақ белгілер бар, дегенмен өзіндік ерекшеліктер де бар. Биіктік белдеулер жүз метрмен ал зоналар жүздеген км территориямен өлшенеді. Белдеулердегі зоналарда зоналық биомдар территорияның басым бөлігін алып жатса, биіктік белдеулерде территорияның басым бөлігін шатқалдар, сырғымалар алып жатыр. Жазықтардағы белдеулер мен биіктік белдеулердің бар болуы температура мен ылғалдылыққа байланысты. Бірақ биіктік белдеулердегі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің сипатына биіктікке байланысты атмосфералық қысымның өзгеруі, осыған байланысты парциалдық қысым оттегі мен көміқышқыл газының өзгеруі өз әсерін тигізеді.

Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің географиялык таралу заңдылықтары.

Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің географиялык таралу заңдылыктары туралы экология, ботаника, зоология, биология, ғылымдарында көптеп кездеседі. Оларға негізгі әсер етуші абиотикалык факторлар: абиотикалык жарык, температура, ылғалдылык. Биотикалык фактор: тіршілігі бар ортаның факторы. Антропогендік фактор - адамның шаруашылык әрекетінен тікелей немесе жанама түрінде туындайтын фактор.

Жарык - биосферадагы ең маңызды процесс. Фотосинтез тек жарыкта ғана жүзеге асады сонымен қатар жарық өсімдіктің даму жылдамдығына, фотосинтездің интенсивгілігіне, жануарлардың белсенділігіне, коршаған ортаның ылғалдылығы мен температураның өзгеруіне әсер етеді. Тәүліктік және маусымдық циклдерді қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Полюстерден экваторға карай жарык мөлшері артады.

Температура. Тірі агзаның жер бетінде таралуын аныктайтын факторлардың бірі. Ол организмдердің тіршілігі мен дамуы, таралу үшін кажетті факторлардың бірі. Сондыктан организмдер төменгі және жоғарғы температураға байланысты бейімделе отырып, өзінің калыпты жағдайын үйлестіріп отырады.

Ылғалдылық. Су тірі ағзаның өміріндегі маңызды экологиялык фактор, олардың тұракты кұрамдас бөлігі. Мысалы, балдырлар денесінде 96-98%, шөптесін өсімдіктердің жапырағының 83-86%, мүк пен қына 5-7%), қосмекенділерде 93%, сүткоректілерде 63-83%) су кұрайды.

Өсімдіктің физиологиялык құрылымын зерттейді. Либихтің минимум заңын айта кету керек: «Факторлар жиынтығының ішінде кай факторлар төзімділік шегіне жақынырақ тұрса, соның ыкпалы күштірек болады». Мысалы, топыракта азот пен фосфор мөлшері өсімдіктерді жеткілікті болса да, темір, бор, кальций жеткіліксіздігін толтыра алмайды. Осы элементтің ең болмаса біреу ғана кажетті мөлшерде топыракта аз болса, онда өсімдіктің өсуін тежейді. Бүл заң адамдарға да қатысты. Адам өз организіміне жетіспейтін элементтерді, минералды суда витаминдерді пайдалану аркылы толтырады. Ал, биотикалык факторларга келетін болсак ол әр түрлі түрдегі организмнің бір - біріне әсер етуі.

Эдафитгік фактор топырактың ерлігімен сипатталады. Мысалы, тірі организм топырақтың түзілуі мен кызметінде маңызды роль аткарады. Оларға бірінші, жасыл өсімдіктерді жатқызуға болады. Ол топырақтан қоректі химиялык зат алып. Өздерінің өлген ұлпаларын кайтадан жаңартып отырады. Топырак түзілу процесінің негізгі рольді атқаратын, топыракта кездесетін тірі организмдер: микробтар, омырткалы микроорганизмдер комегімен химиялык қосылыстардың трансформациясы мен миграциясы, өсімдіктің коректенуі жатады.



Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Құрлықтағы географиялық белдеулер.

2. Биіктік белдеу және оның құрылымы.

3.Организмдердің горизонтальды және биіктік белдеулер бойынша таралуын рсттейтін факторлар. Негізгі немесе шектеуші факторлар.



Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

8 тақырып Жер бетіндегі негізгі климаттық экожүйелер мен олардың биоценоздары.


Мақсаты: Жер бетіндегі негізгі экожүйелер және олардың биомдарымен танысу.

Жоспар:

1.Мәңгі жасыл тропикалық және эквоториалды ормандар.

2.Саванналар мен тропикалық ормандар.
8 дәрістің қысқаша конспектісі
Сулы орта тәрізді, жер үстілік ауалық орта үшін де айкын көрінетін географиялык белдемділік бар. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінін кез келген үйлесімділігі Жердін географиялык кабығынын морфологиялык бөлшектеріне - климаттык белдемдерге сәйкес келеді.

Табиғи белдемдер ендікті, меридиандык немесе бойлықты болып бөлінеді. Алғашқылары - батыстан шығыска қарай, екіншілері - солтүстіктсн оңтүстікке карай созылады.

Жануарлар мен өсімдіктер өздері мекен ететін әрбір белдемге тән жағдайлармен тығыз байланысты және олар ең алдымен өз кезегінде сол жердің топырағының күйіне, рельефіне, географиялық және басқа да бірқатар ерекшеліктеріне байланысты болатын қлиматтық факторлардың кешеніне бейімделеді. Өсімдіктерді, жануарлар мен микроағзаларды арнайы жинақтаған биогеоценоздарды бөлудің негізіне жер шарының климаттық белдемдерінің салынуы мүмкін екендігі міне, осыдан. Г.Вальтер алты басты климаттық белдемдерді бөледі:


  1. Экваторлық белдем.

  2. Тропиктік белдем.

  3. Құрғақ субтропиктер белдемі.

  4. Өтпелі белдем (Жерорта теңізі жак, Калифорния, Австралиянын. оңтүстігі мен оңтүстік-батысы, Оңтүстік Американын онтүстік-батысы және т.б.)

  5. Қоңыржай белдем мына белдемшелерге бөлшеді:
    жылы қоңыржай климатты (Оңтүстік Африка);
    калыпты қоңыржай климатты (орталык Еуропа);

континенттік типті куаң коңыржай климатты (орталык Азия);

желді немесе суық қоңыржай климатты (Солтүстік Америка мен Еуразияның солтустік бөлігі).

6. Арктикалық (аңтарктидалық) белдем.

Әрбір климаттык белдем өзіне тән өсімдіктермен және жаңуарлардың қоныстануымен сипатталады. Тропиктік ормандар, ірі өзендердің жайылмалары, субтропиктер мен өтпелі белдемдердің шалғынды аймақтары және ормандары аса құнарлы, әрі тіршілік иелеріне бай. Шөлдер, көгалдар мен далалардың өңімділігі одан төмен.

Биогеоценоздарды белдемдік болу бірқатар факторлармен себептелген. Егер, мысалы, сол немесе басқа өсімдік, не жануар кандай да бір табиғи белдемде ұшыраспаса, оның себептеріне биік тау жоталары немесе су кеңістігі, ылғалдылық жағдайы, қоректің жетіспеуі және т.б. жатуы мумкін. Ылғалды экваториалды ормандар. Ылғалды экваториалды және тропиктік ормандар өсімдіктер жабынының максималды өнімділігін қамтамасыз ететін ылғалдылық пен температураның ең қолайлы жағдайында өседі.

Жер бетіндегі ылғалды троииктік ормандардың негізгі таралу аймақтары Оңтустік Америкада Анд тауларының шығыс беткейіне дейін Амазонка бассейнінде, Үнді-Малайя аймағы, Зонд, Филиппин, Жаңа Гвинея аралдары, Батыс Африка — Конго өзенінің бассейні. Аталған негізгі өсу аймақтарынан басқа ылғалды тропиктік ормандар Анд тауының беткейлерінде, Орталық Америкада, Кариб теңізінің аралдарында, Шри-Ланкада, Солтустік Шығыс Үндістанда, Тынық мұхитының көптеген аралдарьшда кездеседі. Экваториалдық және тропиктік ормандардың климаттық жағдайлары жылдық температураның біркелкілігімен сипатталады: орташа айлық температура өзгерісі 1—2°С. Конго бассейнінің ормандарьшдагы темпратураның абтолюттік шамасы; ең жоғарғысы + 36°, төменгісі + 180С.

Ылғалды тропиктік ормандардың таралу аймағына циклондар тән. Дауылдар жиі больш тұрады мықты ағаштарды сындыруы мүмкін).

Ылғалды тропиктік орман жауын-шашынның басым бөлігін ұстап қалады, қалғандары жапырақ беттерінен буланса, біразы топырақтың тамырлар көп қабатына төмен қарай сіңіп кетеді.

Ылғалды тропиктік ормандардың топырағы қызыл, қызыл сары және ферралитті сары. Ағаш жапырақтарынан түзілген жабын 1—2 см (кейде болмайды). Азот, калий, әсіресе фосфор мен көптеген микроэлементтермен жеткіліксіз дәрежеде қамтамасыз етілген жауын суы шайып кетеді немесе өсімдіктер жылдам сіңіріп алады).

Ылғалды тропиктік ормандардың вертикалды структурасы, яғни ярустылығы күрделі, әдетте 5 белдеуді бөліп көрсетеді. Жоғары биік ағаштар белдеуі 1, оларды эмердженттер деп атайды. Негізгі тығыз белдеу II, аласалау III ағаштар белдеуі II белдеуіне кіріп жатады; IV белдеуін, әдетте бұталы деп атайды. Ол негізінен ағаш тәрізді өсімдіктерден түзілген. Ең төменгі V белдеуі шөптерден, ағаштардың өскіндерінен тұрады. Көбіне бір ағашты белдеу екіншісіне байқалмай біртіндеп өтеді. Монодоминантты бірлестіктерде полидоминанттылармен салыстырғанда ағашты белдеулер жақсы бөлінген.

Тропиктік ағаштар жыл бойы гүлден, жеміс салуы мүмкін немесе периодты түрде жылына бірнеше рет ал көптегн түрлер жыл сайын. Кейбір жағдайда монокарпиктер де кездеседі, яғни бір рет жеміс бергеннен соң өледі (кейбір бамбуктер, пальмалар).

Ылғалды троииктік ормандардың таралуын тек ылғал мен температура ғана анықтамайды, сондай-ақ эдафиттік факторлар да әсер етеді. Биомасса өнімділігі 350-700 т/га-ға дейін жетуі мүмкін.

Ылғалды экваториалды ормандардың өсімдіктер дүниесі ғана емес, сондай-ақ жануарлары да көптүрлілігімен сипатталады. Тұрақты жоғары ылғалдылық ағзалардың дамуына қолайлы температура, жасыл қоректің көптігі территориалдық және трофтық құрылымы бойынша күрделі, полидоминантты жануарлар бірлестігін қамтамасыз етеді.

Жылдың барлық маусымдары да жануарлардың көбеюіне қолайлы. Жануарлар популяцияларының саны бірқалыпты. Жануарлар бірлестігінде мына белдеуледі бөліп көрсетуге болады: топырақ жабындык және жер бетіндегі белдеу, ал одан жоғары бір-біріне біртіндеп өтетін ағаш белдеулері орналасады. Ағаш бедеуінде әр түрлі топырақ және сулы жерлерге жануарлар тіршілік етеді. Оларга шаян тәрізділер, нематодалар, сүліктер, қосмекенділер жатады.

Сапрофаг жануарлар топырақ - жабын қабатында кең таралган. Олар өсімдік қалдықтарымен қоректенеді.

Ылғалды тропиктік ормандарыыың сапрофаг жануарларының ішінде термиттердің орны ерекше. Бұл қоғамдық бунақденелілер оз ұяларын топырақта және ағаш бұталарында салады. Саванна термитниктерімен салыстырғанда бұлардың мөлшері кеңірек. Әдетте саңырауқұлақ тәрізді (жауындарға бейімделу). Ағаштарда орналасқан термитниктердің пішіні тамшы тәрізді, әдетте қара түсті болады. Ұяның бұлай биік орналасуы судың шектен тыс мөлшерінен қорғалу болып табылады.

Бірақ ұяларының қайда орналасқанына байланыссыз олардың негізгі қоректенетің белдеуі — топырақ және жабын қабаты. Олар түскен жапырақтармен, жануарлар экскременттерімен қоректенеді. Сондай-ақ, олар ағашпен де қоректенеді (талшықтылар, олардың ішегінде симбиозды тіршілік етеді).



Термиттердің ылғалды тропиктік ормандағы өсімдік қалдықтарын өндеудегі маңызы зор. Оларды жасыл өсімдіктер сіңіре алатын минералдық қосылыстарга дейін өзгертеді.

Сондай-ақ бұл процеске басқа да омыртқасыз жануарлар қатысады. Оларға жұмыр құрттар, ұсақ кенелер, алғашқы қанатсыз бунақденелілер, қоңыздар, қосқанаттылар, жауын құрттары, қосқанаттылар, бітелер т.б. жатады. Жауын құрттарының кейбіреулерінің ұзындыгы 1 метрге дейін жетеді. Жабын қабатында әр түрлі тарақандар, ірі бауыраяқты моллюскалар тіршілік етеді.

Жасыл өсімдіктермен фитофаг жануарлар қоректенеді. Олардың ішінде өсімдіктердің тамырларымен коректенетін ризофаттар бар.

Ағашты белдеуде жасыл жапырақтармен қоректенетін жануарлар көп. Оларга әр түрлі қоңызда, көбелектердің жұлдызқұрттары, құмырсқалар жатад

Сондай-ақ жасыл жапырақтармен тікқанаттылар, шегірткелер де қоректенеді. Өсімдік тозаңдары мен нектармен қоректенетін жануарлар өсімдіктерді тозандандырады. Оларға қоңыздар, көбелектер, қосқанаттылар, омыртқалылардан — құстар мен қолқанаттылар жатады. Жасыл өсімдіктермен, олардың гүлдері мен жемістерімен маимылдар қоректенеді: жылауық маймылдар, мартышкалар, гиббон, орангутан, лангурлар. Нағыз маймылдар жоқ жерде Жаңа Гвинея мен Солтүстік Австралияның жауынды ормандарында ағашта тіршілік ететін қалталылар — кускустар мен ағаш кенгурулері, ал Мадагаскарда - әр түрлі лемурлар олардың орнын басады.

Африканың жауынды ормандарында адам тәрізді маймылдар гориллалар мекендейді. Тұяқты жануарлар көп емес шошқалар, банго киіктері, ергежейлі бегемот, бұғылар, тапир, кемірушілерден — тышқандар, нака, агути өсімдіктермен қоректенеді. Сондай-ақ өсімдіктермен қоректенетін құстар көп: әр түрлі торғай тәрізділер, колибри, көгершіндер, тотықұстар, ағаш тауықтары, гоациндер т.б.

Рептилиядардан тасбақалар мен кесірткедердің ішінде өсімдіктермен қоректенетін түрлері бар. Мысалы, ұзындығы бір жарым метрге жететін жасыл игуана.

Ылғалды тропиктік ормандағы жыртқыш омыртқадылардың арасында құмырсқалардың маңызы зор. Құмырсқалар өсімдіктерді зиянкес бунақденелілерден қорғайды. Ылғалды трониктік ормандағы қосмекенділер тек жер бетінде ғана емес, сондай-ақ ағаштық белдеуге де таралған. Ағаш белдеуінде тіршілік етеітін қосмекендідерге жасыл, кейде қызыл, көгілдір бақбақылдар жатады. Олар Амазония мен Оңтүстік Азияның тропиктік ормандарында мекендейді.

Оңтустік Америкада қалталы бақбақылдар тіршілік етеді. Тропиктік ормандардың ағашты белдеуінде геккондар тұқымдасына жататын кесірткелер тіршілік етеді. Ағашты белдеуде тіршілік етуге бейімделген жануарларға хамелеондар жатады. Олар әсіресе Африка мен Мадагаскарда көп. Олардың аяқтары екі саусақты, көзінің құрылысы ерекше, денесінің тусін тез өзгерте алады. Хамелеондардың мөлшері жарты метрден бірнеше сантиметрге дейін жетеді.

Ылғалды тропиктік ормандарда кемірушілермен, рептилиялармен, амфибиялармен, ұсақ тұяқты жануарлармен қоректенетін ірі жыландар тіршілік етеді. Амазонка суларында ең ірі жылан — анаконда мекендейді. Ұзындыгы 11 м-ге дейін жетуі мумкін. Питон, кара жыландар да кездеседі

Ылғалды тропиктік ормандарда нағыз жыртқыш кұстардан әр турлі гарпия — маймыл жегіш, үкілер, қырғи т.б. құстар мекендейді. Олар маймылдармен, жыландармен, жарғанаттармен қоректенеді.

Ылғалды тропиктік ормандардың сүтқоректі жануарларының көпшілігі құмырысқалар мен термиттермен қоректенеді. Ағаш құмырсқа жегіші Амазония ормандарында тіршілік етеді.

Түн мезгілінде орманның жоғары ярустарында бунақденелілермен әр түрлі жарғанаттар қоректенеді. Ірі жыртқыштар негізінен мысық тәрізділерден құралған: Амазонияда - ягуар, Африка мен Оңтүстік Азияда -леопард, мангустар. Жануарлардың көптігіне қарамай, олар жалпы биомассасының шамамен 200 кг/га, яғни 0,02%-ын құрайды. Бірақ фитофагтар мен зоофагтардың белсенді тіршілік қызметіне байланысты олардың ылғалды тропиктік ормандардың экологиялық жүйелеріндегі энергия ағымы мен зат алмасудағы алатын орыны ерекше.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Мәңгі жасыл тропикалық және эквоториалды ормандар.

2.Саванналар мен тропикалық ормандар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

9 дәріс Жер бетіндегі негізгі климаттық экожүйелер мен олардың биоценоздары.



Мақсаты: Жер бетіндегі негізгі экожүйелер және олардың биомдарымен танысу.

Жоспар:

1.Солтүстік Америка бірлестігі

2.Шөлдер

9 дәрістің қысқаша конспектісі



Солтустік Америка бірлестіктері материктің ортасында өте үлкен территорияны алып жатқан далалардың аналогы — прериялар Альберта, Саскачеван, Манитобаның (Канада) Оңтүстік-Батыс бөлігін, Дакотаның шығыс бөлігін, Миннесоттың шығыс, бүкіл Айованы, Небраски, Иллинойс, Комдостың үлкен бөлігін Охлахоманың Солтүстік-Батыс бөлігін, Мексика шығанағы бойынша Техастан Флоридаға (АҚШ) дейінгі жерді алып жатыр. Шығыс Еуропа далаларынан айырмашылығы Солтүстік Америка прерияларында астық тұқымдастарының ішінде тропиктік туыстардың өкілдерінің маңызы зор.

Оңтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде де астық тұқымдас өсімдік бірлестігі таралған, Оларға ең алдымен Шығыс Аргентинаның астық тұқымдасты бірлестіктері жатады. Оларды ботатанктер пампа деп атаған. Памианың солтүстік бөліктерінде боз селеу таралған. Астық тұқымдас өсімдіктердің 26 түрі өседі оның 9-ы жерсіндірілген түрлер. Сонымен қатар әр түрлі шөптердің 46 түрі кең таралған.

Грунт сулары жер бетіне жақын келетін жерлерде үлкен тығыз шым түзетін паспалумның бірлестігі дамыған туссокалар пайда болган. Содалық сортаңдану бөліктеріне өту туссокалар түзетін астық тұқымдас өсімдіктердің өсуімен сипатталады. Қазіргі кезде табиғи астық тұқымдас шөптер бірлестіктері толық жыртылған. Солтүстік жарты шардың астық тұқымдас өсімдіктер даласы оңтүстікпен салыстырғанда ксерофилділігінің жоғарылығымен сипатталады.

Далалар, прериялар мен пампалардың жануарлары әжептеуір қатал гигротермиялық режимге бейімделген. Құрғақ жаз кезеңі салқын, қарлы қыспен ауысады соған байланысты жануарлардың көпшілігі, әсіресе топырақта тіршілік ететін, белсенділігін тек көктем, күз кезеңдерімен шектейді. Салқын қыс жағдайындалар анабиоз күйіне түссе, ол жазғы қуаңшылық жағдайында белсенділігін төмендетіп, жартылай тыныштық күйге өтеді.

Ұсақ омыртқалы жануарлар — кесіртке, жылан, кейбір кемірушілер қысқы ұйқыға кетеді, ал ірі сүтқоректілер оңтүстік аудандарға орын ауыстырады, ал құстардың көпшілігі қыста ұшып кетеді.

Ағаш, бұталы белдеудің болмауы жануарлар дүниесінің вертикалды құрылымының қарапайымдылығына әкеледі. Іс жүзінде тек бір — жер бетіндегі белдеу ғана бар. Бірақ жануарлардың топырақ горизонтына енуі күшейеді.

Шөптесін өсімдіктер шөпқоректі жануарларға мол жем қорын қамтамасыз етеді. Геофит - өсімдіктердің (түйнектері, пиязшық тамыршалары) жер асты мүшелерімен ризофаг жануарлар қоректенеді, Қалың топырақтың жабындық қабаты мен гумуста әр түрлі сапрофаг жануарлар тіршілік етеді Олай болса, басқа бірлестіктерге қарағнда дала, прерия және пампаларда жануарлардың жер асты белдеуі жақсы жетілген.

Баскаларға қарағанда дала, прерия және пампалардың ландшафты адамның қызметі нәтижесінде көп өзгеріске ұшыраған. Олардың үлкен бөлігі егістікке пайдаланып, жыртылса, қалған территориялар жайылым ретінде пайдаланылады.

Шөптесін өсімдіктермен сондай-ақ әр түрлі тұяқты жануарлар қоректенеді. Еуразия далаларында бірнеше ғасыр бұрын жабайы бұқалар, турлар, ақбөкен, сайгақтар, жабайы жылқы — тарпандар, дала зубрлары жайылып жүрген. Бұл тұяқтылар басқа фитофагтармен бірге жасыл массаны пайдаланьп қана қоймай, жоғарғы топырақ жабын белдеуінің құрылымына әсер еткен.

Пампада ірі шөпқоректі жануардар тіршілік етеді. Памнаға тән түр -сүйелаяқтылар отрядына жататын өркешсіз түйе — гуанако. Гуанако үйірлік топтар немесе шағын үиір болып тіршілік етеді. Олар маусымдық миграциялар жасайды: жазда жасыл жайылымдар мен суға қарай, қыста ауа райы жайлы, қарсыз аудандарға қарай көшеді. Гуанакодан басқа пампада қазір өте сирек болса да пампа бұғылары сақталған.

Өсімдік қоректі құстардың бірлестіктері негізінен тауық тәрізділердің әр түрлі тұқымдастарына жатады. Далаларда сұр құр, кәдімгі бөдене, прерияларда - шалғындық дуадақтары, калифорния бөденесі кездеседі. Далаларға тән құстар — бозторғай, дуадақ. Кейбір аудандарда бұл құстардың бірнеше түрі тіршілік етеді. Шөптесін бірлестіктердегі бауырымен жоргалаушылардың түрлері көп емес. Далаларда кесірткелер, қара жылан мекендейді. Прерияларда игуаналар туқымдасына жататын аномис техас жыланы тіршілік етеді Пампада ұсақ игуаналар, каскавела улы жыланы мекендейді.

Жыртқыш құстардан бүркіттер, дала бүркіті мекендейді. Прерияларда ең кішкентай қыран мекендейді. Олар негізінен бунақденелілермен қоректенеді. Прерияларда, пампаларда өте сирек болса да тұйғындарды кездестіруге болады.



Жыртқыш сүтқоректілер негізінен кемірушілермен қоректенеді. Тек қасқыр ертеректе тұяқты жануарларға шабуыл жасаса, қазір үй жануарларымен де қоректенеді. Жыртқыш сүтқоректілерден дала тулкілері, аққалақ пен ақкіс мекендейді.

Прерияларда кайот, ұзынқұйрықты ақкіс жыртыш сүтқоректілер тобын құрайды. Пампада бұл топқа пампа түлкілері, жалды қасқыр, патагон ақкісі жатады.

Қоңыражай белдеудің ксерофилді шөптесін бірлестіктердтң биомасса қоры шөптің калыңдығы мен биіктігіне байланысты 150 т/га-дан бастап 10 т/га дейін ауытқиды. Орташа қоры 50 т/га. Кемірушілері мен тұяқтылары көп табиғи бірлестіктерде зоомасса 10—50 кг/га құрайды, бұл шамамен тропиктік саванналардың зоомассасына сәйкес келеді.

жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау