Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Биогеография» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



жүктеу 0,67 Mb.
бет4/5
Дата11.01.2020
өлшемі0,67 Mb.
#26303
1   2   3   4   5

Шөлдер. Шөлді жерлердің бірлестік типі, қоңыржай, субтропиктік және тропиктік табиғат белдеулері жағдайыпда қалыптасады. Бұл әр түрлі шөлдердің жылу режимінде айтарлықтай айырмашылықтардың болуын анықтайды. Бірақ шөл бірлестіктернің сыртқы келбетін, құрылымын, белгілі бір тіршілік формаларының дамуын ең алдымен ылғалдың жетіспеуі анықтайды.

Шөлдерді сипаттағанда климаттық көрсеткіштер есепке алынады. Шөлдерге (қуаңшылық) құрғақшылық (жауын-шашын 200 мм-ден кем) пен жауын-шашынның тұрақсыздығы тән.



Жауын-шашынның түсу ырғағына қарай шөлді ауа райының бірнеше типін бөліп көрсетуге болады:

а) жауын-шашын қыста болады;

ә) жауын-шашын жазда болады, ал құрғақшылық кезі қысқа тура келеді;

б) жауын барлық маусымда да болады немесе жауын-шашын түсуінің екі кезеңі бар;

в) жауын-шашынның мөлшері тұрақсыз немесе тіпті болмайды (жаңбыр түрінде).

Өсімдіктер бірлестіктеріне: өсімдіктердің сирек болуы, өсімдіктердің ылғал жетіспеуіне бейімделуі, ксероморфты структура тән. Эфемерлер мен эфемероидтар өседі. Субстратына байланысты: шөлдер құмды, сазды, тасты, сортаң және т.б. болуы мүмкін. Сортаң шөлдердің қолайсыздығы — топырақтың сортаңданудан болған тұздары өсімдіктер үшін улы болуы мүмкің құмды шөлдерде - субстраттың қозғалғыштығы, тасты-топырақтың тығыздығы, сазды шөлдерде ылғал режимінің қолайсыздығы өсімдіктердің дамуын шектейді. Бұл шектеуші факторларға қарай өсімдіктерде өзіндік бейімделушіліктер пайда болады.

Ең үлкен территорияны солтүстік жарты шардың құргақ континенталды шөлдері — Сахарадан Орталық Азия шөлдеріне дейін Сахаро-Гобийлік шөл аймағы альш жатыр.

Оңтүстік жарты шарда шөл алып жататын территориялар үлкен емес, Оңтүстік Америка мен Африкада, Батыс мұхит жағалауларында жағалық шөлдер. Австралияның ішкі аймақтары шөлейт аймаққа жатады.

Шөлді формациялардың таралу аймақтары барлық континеттерде аралық өтпелі бірлестіктер шөлейттермен қоршалған. Биогеографиялық тұрғыдан алғанда шөлейттердің бірлестіктеріне астық тұқымдастардың қатысуы тән.

Азияның шөлейтті формацияларын зерттеушілер шөлге айналған дала немесе далаға айналған шөлдер ретінде қарастырады, солтүстік формациялар - дала типіне, оңтүстікке қарай шөлдерге жатады. Бұл жағдайда өсімдіктер бірлестіктерінде шөлейт зонасы көрінбейді. Шөлейтті формацияларда жыл бойынша жауын-шашьшның айтарлықтай өзгеруі байқалады. Құрғақшылық жылдары астық тұқымдастар кеміп, шөлде өсімдіктердің түрлерінің маңызы артады. Антропогенді фактордың әсерінен шөлейттер оңай шөлдерге айналады.



Қазақстанның территориясының 23%-ы шөлейт экожүйесіне жатады. Оның солтүстік шекарасы Орал қаласы, Теңіз көлі арқылы Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай өтеді ал оңтүстік шекарасы — Ырғыз елді мекені, Жезқазған қаласы, Мойынты станциясы арқылы өтеді.

Аймақтың ауа райы қатал, жазы ыстық, қысы салқын. Шілденің орташа температурасы +24 +26°С, кейде +40 +45°С-ға дейін жетеді. Қаңтардың орташа температурасы -14 -160С, ал кейде -42 -49 С-ға дейін төмендейді.

Топырақы ашық қызыл қоңыр, гумус қабаты күшті емес (25—35 см), ал қара шіріктің мөлшері 2—4%.

Өсімдіктер дүниесі тұтас емес, құрғақшылыққа төзімді астық тұқымдастар (тырса, жусан), жартылай бұталар (дермене), эфемерлер, қызғалдақтар кездеседі.

Жануарлар дүниесі дала және шөл өкілдерімен ұқсас. Сайгақтар, сарышұнақтар, кемірушілер, қасқыр, түлкі, құстардан — дала буркіті, дуадақ, тырна, бозторғай мекендейді.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Солтүстік Америка бірлестігі

2. Шөлдер

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

10 дәріс Жер бетіндегі негізгі климаттық экожүйелер мен олардың биоценоздары.


Мақсаты: Жер бетіндегі негізгі экожүйелер және олардың биомдарымен танысу.

Жоспар:

1.Тундра.Тайга.

2. Дала. Еуразия далалары.

Тундра.Тундраның негізгі белгісі - орманның болмауы. Өсімдіктер дүниесі астық тұқымдастардан, қияр, шағын ағашты өсімдіктер мен қыналы-мүкті бірлестіктерден тұрады. Топырағы қышқыл, қоректік заттарға кедей. Жұқа өсімдіктер жабыны оңай бұзылады және өте баяу қалпына келеді. Тундрада жануарлардың тіршілік ету аймағы негізінен топырақ-жабын, жер беті және бұталы бел деуден құралады. Белсенділігі жылы болатын 3-4 аймен шектеледі. Қолайсыз кезенде омыртқасыз жануарлар анабиоз жағдайында өткізеді, кейбір жануарлар қысқы ұйқыға кетеді, кейбіреулері миграция (құстар, сұтқоректілер) жасайды. Тундра жануарлары жыл бойы санының күрт ауытқуымен сипатталады. Бұл табиғат жағдайларының көп жылджық циклдері мен өсімдік және жануар текті қоректердің қорының ауытқуына байланысты болады. Топырақ жабын қабатында тіршілік ететін сапрофагтардың арасында саны бойынша өте ұсақ жұмыр құрттар-нематодалар, микроартроиодалар -коллемболалар, кенелер-гамазидалар мен орибатидалар, ұсақ құрттар -энхитреидалар, жауын құрттары мен қосқанаттылардың личинкалары басым.

Биомассасы бойынша бірінші орында жауын құрттары, негізінен бір ірі түр Норденшельд эйзениясынан тұрады, оның ұзындыгы 30 см-ге дейін жетеді. Әр түрлі қосқанаттылардың (маса, шыбын) дернәсілдері өлген өсімдік қалдықтарымен қоректеніп, тундраның су қоймаларында, су тубінде тіршілік етеді. Көптеген тундраның гүлді өсімдіктері анемофилді, яғни желмен тозаңданады. Бірақ бунақденелілермен тозанданатындар да бар. Мысалы, түкті аралардың дене температурасы 400С, гомойотермді деуге болады.

Жыл бойы жасыл өсімдіктермен ұсақ кемірушілер-леммингтер мен дала тышқандары қоректенеді. Палеарктикалық тундраның батыс секторында Норвегия леммиигі мекендейді, ал одан әрі оны шығысқа қарай сібір леммингі алмастырады.

Қыста леммингтер әр түрлі бұталардың (сүмбі тал, қайың) жапырақтарымен, өркенімен қоректенеді, ал жазда жидектермен, қыналармен, саңырауқұлақтармен қоректенеді. Жаз уақытында олар әрқайсысы 5-6 баладан 2-3, кейде 4 рет көбейеді. Тундра зонасына Миддендорф тышқаны тән. Олар тундраның ең оңтүстік аудандарында тіршілік етеді. Бұл туыстың басқа да түрлері — солтүстік сібір, экономка тышқаны кездеседі. Барлық тышқандар бүкіл жыл бойы белсенділікнен, қысқа арнап індерінде қорек қорын жинайды. Көбею жылдамдыгы өте жоғары, жылына 3—5 рет 6—10 баладан туады.

Таулы тундралардың Еуразияның солтүстік шығысында және Солтүстік Американың солтүстік батысында қыста ұйқыға кететін тиіндер тұқымдасьна жататын кемірушілер — суырлар мен сарышұнақтар кездеседі

Ұзынқұйрықты сарышұнақ Беринг бұгазының екі жағында (жағалауларында) таралған. Систематикалық жағынан суырлардың екі жақын түрі тіршілік етеді - Камчатка суыры және Американ ақбас суыры. Бұл аңдар ін қазып тіршілік етеді. Қыста ұйқыга кетеді. Бір інде 20-30 аң жиналып қыстайды.

Еуразия мен Солтүстік Америка тундраларында Америкада карибу деп аталатын солтүстік бұғысы кең таралған. Бұл бойының биіктігі 1,4 м жететін, үлкен бұтақтанған мүйізі бар бұғылар. Ұрғашысында да мүйізі болады. Өсімдіктермен, қыналармен, мүктермен қоректенеді.

Таулы тундраларда қар қойы немесе жуан мүйізді қой кездеседі. Казіргі уақытқа дейін мускусты қой қошқар тек Солтүстік Американың солтүстік жағалаулары мен бірқатар полярлық аралдарда соның ішінде Гренландияда сақталған.

Тундрада жасыл массамен құстар қоректенеді. Ақ құр және тундра құры жазғы қоңыр қауырсындарын қыста аққа ауыстырады. Жапырықтармен, бүршіктермен, жидектермен қоректенеді.

Тундра құстарының көпшілігі жыл құстары. Қаз тәрізділер негізінен өсімдіктермен қоректенеді. Аққулардан - тундрада кіші аққу немесе тундра аққуы, қаздардан — ақмандайлы қаз және шиқылдаққаз, казаркалардан — қара және канада казаркалары кездеседі.

Құстардың ішінде шүрілдектердің 2 түрі, татреңнің 3 түрі тіршілік етеді. Олар бунақденелілермен және олардың дернәсілдерімен, өрмекшілермен, моллюскалармен, құрттармен, ұсақ шаянтәрізділермен қоректенеді. Тундрада шағала тұқымдасының кейбір өкілдері ұя салады, мысалы қызғылт шағала және айыр құйрық шағала.

Зоофаг жануарларға топырақ жабын белдеуінде тіршілік ететін жыртқыш нематодалар, өрмекшілер, ұсақ жыртқыш көпаяқтылар, құмырсқалар жатады. Құмырсқалардың тек бірнеше түрі ғана кездессді. Мысалы, поляр құмырсқасы. Ақ үкі немесе полярлық үкі, қарсақ леммингтер мен дала тышқандарымен қоректенеді.

Тундра қасқыры солтүстік бұғыларына шабуыл жасайды, кемірушілермен қоректенеді.

Ірі сұңқар - лашын негізінен әр түрлі құстарға шабуыл жасайды. Тундра зонасының жартасты жағалауларында құстардың жиналған ұялары - құс базарлары құрылады. Мұнтазқұстар, шағалалар көп. Кейбір аудандарда, аралдардың құмды жағалауларында теңіз сугқоректілері - морж және гренландия түлені кездеседі.



Тайга. Бореалды қылқан жапырақты ормандар тайга деген атпен белгілі Циркумполярлық зона түзе отырып үздіксіз белдеу, түрінде Евразия, Солтүстік Америка арқылы өтеді. Евразиядагы қылқанжапырақты ормандардың енінің максимумы Енисей мен Лена өзендерінің аралығында болса, Солтүстік Америкада Тынық мүхит жағалауларында.

Тайганың климаттық жағдайлары салыстырмалы түрде қысқа вегетациялық кезеңімен, салқын қыс, салыстырмалы түрде салқын жазбен сипатталады.

Тайга ормандары моно немесе олиго - доминантты, әдетте қарапайым және анық бөлінген белдеулік құрылым тән. Ағашты, бұталы, шөптесін өсімдіктер белдеуін және қыналы-мүкті топырақ қабатың бөліп көрсетуге болады.

Қылқан жапырақты ағаштардың түрлері — шырша, арша, қарағай, самырсын — бүкіл тайга бойындағы негізгі орман түзушілер.



Солтүстік Америкада жоғарыда аталғандардан басқа тсуга және дугласий агғштары өседі. Евразия мен Солтүстік Американың негізгі орман түзуші ағаштарының арасында ортақ түрлер жоқ, себебі, миоценнен бастап Азия мен Солтүстік Америка ормандары әр түрлі жолмен дамыған.

Орман түзушілердін, экологиясына байланысты тайга ормандары қара қылқан жапырақты (шыршалар, самырсын, сібір қарағайы т.б.) және ашық қылқан жапырақты (қарағай, балқарағай) болып бөлінеді.

Түпкілікті қылқанжапырақты ормандар өрт пен кесуден соң екінші ретті ұсақ жапырақты (қайың тәрізділер) немесе ашық қылқанжапырақты қылқанын түсіретін, негізінен қарағайлы ормандармен алмасады.

Континенталды климатта сібір балқарағайы мен даур балқарағайынан құралған ашық қылқанжапырақты ормандар таралады. Балқарағайлы ормандар әдетте, қоспасыз, монодоминатты болып келеді. Кәдімгі қарағай ормандары тайга зонасында қолайсыз тіршілік ету аймақтарын қамтитын үлкен территорияларды алып жатыр. Қарағайлы ормандар ертедегі аллювиалды жазықтарда, құмды террасаларда, торфты батпақтарда өседі.

Қарағай — жылдам өсетін, жарық сүйгіш, жылу мен ылғалды қажетсінуі онша емес ағаш, ашық жерлерде оңай өседі. Солтүстік Американық циркумбореалды тайга зонасы, еуроазияның, ормандары тәрізді, қарақылқанжапырақты ормандары климаты жұмсак территорияларда таралса, ал анагұрлым континенталды жағдайларда олар қарағайлы ормандармен алмасады. Солтүстік американдық аймақтын, дендрофлорасы еуроазияның ормандарына қарағанда түрлік құрамы бай. Әсіресе, қылқанжапырақты түрлердің негізгі көп түрлілігі Тынық мұхиттық бөлігінде шоғырланған. Солтүстік шекарасын қылқанжапырақтылардың үш түрі құрайды — ақ шырша немесе канада шыршасы, қара шырша, американ балқарағайы. Кейбір жерлерде оларға қағазды қайың араласады.

Еуразиядан айырмашылығы мұнда қарағайдың түрлері көп. Ең көп таралғандары Бэнкс қарағайы, веймут қарағайы. Олар негізінен құрғақ құмды топырақтарда өседі. Тайга зонасының оңтүстік бөліктерінде орман түзуші ретінде канада тсугасы, шығыс туясы пайда болады.

Алясканың ең континенталды бөлігі Маккензи бассейні құрғақ, сирек қарағай мен балқарағай ормандарының басым болуымен сипатталады.

Тынық мұхит жағалауының (батыс ормандары) ең қолайлы климаттық жағдайда дамиды. Ауаның ылғалдылығы жоғары, жауын-шашын мөлшершің көп болуымен сипатталады (1000 мм-ден астам), жылдық температура амплитудасы 11—13°.

Бүкіл зонада 4 доминантты туыстың — туя, тсуга, псевдотсуга, самырсынның басымдылығы байқалады. Ал оңтүстікке қарай Энгельман шыршасы, секвойя пайда болады. Ормандар бірінші белдеудің полидоминанттылығымен сипатталады. Псевдотсугалар немесе дугласии ағаштарының биіктігі 75 метрге, ені 180 см, қатпарлы туяның биіктігі 60 метрге, епі 240 см-ге жетеді.

Мәңгі жасыл секвойя ормандарының өзіндік ерекшелігі бар. Олар ертедегі голарктикалық туысқа жатады.



Секвойя — реликт, бірақ көптеген реликттерден айырмашылыгы, оның ареалының қысқаруы байқалмайды. Секвойя әлемдегі ең биік ағаштардың біріне жатады. Биіктігі 112 м, ені 18 см. болады және 500 жылға дейін өседі. Орташа өмір сүру жасы 1800-2000) жылға дейін. Оған жақын туыс - мамонт ағашы (алып секвойя) қазір жеке туысқа жатқызылады. Жасы 4000 жыл. Мәңгі жасыл секвойядан айырмашылығы, мамонт ағашы жойылып бара жатқан түр.

Тынық мұхит жағалауындағы ормандар өңімділігі жоғары бірлестік болып табылады. Ағаштың қоры мысалы Британиялық Колумбия ормандарында 950 м3 /га.

Тайгадан оңтүстікке қарай аралық аймақ жатыр. Онда нағыз жапырақ түсіретін және қылқанжанырақты ормандар, бірақ онымен қатар аралас қылқанжапырақты, жалпақ жапырақты ормандар да дамиды.

Жануарлар дүниесі бұлан, қоңыр аю, сілеусін, тиін, сусар, ор қоян, түлкі, еліктерден және т.б. тұрады. Тайга құстарға бай, онда құр, саңырау құр, тоқылдақ қайшыауыз, үкі және т.б. тіршілік етеді Бауырымен жорғалаушылардан кәдімгі қара жылан, тірі туатын кесіртке кездеседі. Бунакденелілердің түрлері өте көп.



Дала. Қоңыржай белдеудің ксерофилді бірлестіктері әр түрлі аталады. Ксерофилді шөптесін өсімдіктердің таралу аймағына әр түрлі ұзақтағы қыс, жылы құрғақ жаз, жаздағы жауын шашын мөлшерінің максимум болуы тән. Солтүстікте қаңтардың орташа температурасы 20°С, абсолюттік минимум дейін жетеді, ал оңтүстігінде бірде-бір айдың температурасы 0°-тан төмендемейді.

Ксерофилді, шөптесін өсімдіктердің таралу аймағына жылы, құрғақ жаз тән. Еуразия далалары үшін климаттық көрсеткіштер-шамамен орташа жылдық температура 3,0-7,5°С, оңтүстік аймақтарда -10°-қа дейін, ең жылы ай шілденің орташа температурасы 19,5—24,5°С, жылына 300—500 мм жауын-шашын, соның ішінде 160—180 мм жазда түседі. Шығысқа қарай климаттың континенталдығы артады. Г. Вальтер (1975) бойынша далаларда қуаңшылық әдетте көктем мен жазда байқалады.

Солтүстік американдық прериялардың климаты далаларға ұқсас. Нағыз прериядардағы жауын-шашын мөлшері 700 мм. Құрғақшылық жылдары 25%-ке дейін кемиді. Температура, әсіресе кыс айларының температурасы, ендікке байланысты өзгереді.

Пампа далалар мен периялардан анағұрлым қолайлы температуралық режимімен ерекшеленеді. Аяздар болып тұрғанымен салқын, қыс кезеңі болмайды. Буэнос-Айрестің орташа жылдық температурасы 16,60 С, орташа минималды температурасы -5°С, аязы жылына 12 күннен артпайды. Пампаға күштіжелділік тән. Жылдық жауын-шашын мөлшері сол жылдың қалай болуына байланысты өзгеріп отырады (2030—550 мм/жылына).

Оңтүстік Жаңа Зеландияның табиғи астық тұқымдас туссокаларында 500 мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Құрғақ жазда, орташа жылдық температура 10-11°С, абсолюттік минимум -5-12°С.

Қоңыржай климаттың астық тұқымдас өсімдікті далалары бірқатар жалпы белгілермен сипатталады. Солтүстік далалары гүлдейтін қос жарнақты өсімдіктер бірлестігімен сипатталса, оңтүстікке қарай астық тұқымдастардың басымдылығы артады. Дала зонасының солтүстікке қарай орманды дала орналасқан.



Еуразия далалары. Қоңыражай белдеудің астық тұқымдас өсімдіктер даласы бірнеше жалпы белгілермен сииатталады. Олардың сипаты ылғалдырақ аудандардан құрғақ аудандарға қарай өзгереді. Дала зонасынан солтүстікке қарай орманды дала зонасы жатыр.

Дала өсімдіктерінің тіршілік формаларының жинағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Олардың арасында мыналар ерекше орын алады:

1) астық тұқымдас және өлең, қияқ өлең, боз, селеу, бетеге өсімдіктері;

2) арпабас, жабайы сұлы;

3) далаларға қаңбақ түзетін әр түрлі өсімдіктер тән — әрем (зопник) қаңбақ және петросимония;

4) эфемерлер (біржылдық) және эфемероидтар (көпжылдық) шөптесін өсімдіктер нағыз дала өсімдіктері болын табылады. Эфемерлер шөл және шөлейт зоналарында да таралған. Эфемерлер бүкіл даму циклын 40-60 күнде аяктайды

5) жаздық және күздік біржылдық өсімдіктер;

6) сабағының жоғары бөліктері құрайтын даланың жартылай бұталары мысалы, жебіршөп, кейбір астрагалдар

7) дала бұталары биіктігі 1 м-ге дейін жететін өсімдіктер — дала шиесі, дала баданасы (бадам тікенді қара өрік).

Дала экожүйесіне Казақстан территориясының 20% жатады (ұзындығы 2200 км, ені 40-140 км-ге дейін).

Орал тау жоталарынан бастап Алтайға дейін созыльш жатыр. Шекарасы Ақтөбе облысының шығысы, Қостанайдың оңтүстігі, Қарағандының солтүстігі, Семей облысының солтүстігі мен орталығы арқылы өтеді де, толығынан Ақмола мен Павлодар облыстарын алып жатыр.

Топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай кәдімгі қара топырақтан қызыл қоңыр және сұр топыраққа дейін өзгереді.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Тундра.Тайга.

2. Дала. Еуразия далалары.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

11 дәріс Құрлықтын биофилотикалық аудандары мен патшалықтары .


Мақсаты: Құрлықтын биофилотикалық аудандары мен патшалықтары танысу.

Жоспар:

1. Ориенталды патшалық

2. Эфопия патшалығы

3. Мадагаскар патшалығы


11 дәрістің қысқаша конспектісі
Ориенталды патшалықтың территориясына: Үндістан түбегі, Үндіқытай, Малакка түбегі, Арабия түбегінің шығыс шеті, сонымен қатар бірқатар аралдар - Шри-Ланка, Суматра, Ява, Калимантан, Филиппин, Каролин және Маршал аралдарынан Туамоту, Гавай аралдарына дейінгі аралыққа созылып жатыр. Патшалықтың шекарасы Руб-Эль-Хали шөлінің шығыс шетінен, Гималай тауының оңтүстік етегімен өтеді, Иравади және Меконг өзендерінің орта ағыстарын кесіп өтеді де, Сицзян өзенінің алабы арқылы мұхит жағалауына шығады. Ориенталды патшалықтың оңтүстік-шығыс шекарасы Австралия мен Тимор аралы аралдарынан, Флорес және Сулавеси аралдарының арасынан өтіп Филиппин аралының оңтүстігі арқылы айналып өтеді, содан кейін Жаң Гвинея мен Каролин аралдары және Фиджи мен Самоа арасынан өтеді.

Ориентальды патшалық 4 биофлотикалық облысқа бөлінеді. Үнділік, Үндіқытайлық, Малайлық, Тынық мұхитттық. Ориентальды биофлота жер шарының ежелгі және кейінгі таксондарға бай болып келеді. Әсіресе бұл құбылыс патшалықтың құрлықтық облыстарында көрінеді. Үндіқытай мен Малай аудандарында гүлдің ең ежелгі флорасы бар, көптеген жануарлар тұқымдастары бұл аудандардың эндемиктері болмаса да, шығу орталықтары осы аудандарға байланысты.

Малай түбегінің папоротник тәрізділердің алуантүрлілік орталығы орналасқан, олар ағаштардың, лианалардың, эпифиттердің немесе ұсақ жербетілік өсімдіктердің өмірлік формасымен сипатталады. Үлкен Зонд аралдары флорасының эндемиктік түрлеріне бай. Калемантанда- 11000, Явада- 6000 жоғары сатылы өсімдіктер түрлері бар. Патшалықтың биофлоталарының фаунасының компоненттерінің таралуы флораның компоненттерінің таралу заңдылықтарына бағынады, яғни өте бай, алуантүрлілік және эндемизм Малай облыстарына байқалса, палеарктикалық элементтердің әсерін Үнді және Үндіқытай облыстарынада көреміз, Тынықмұхитттық аудандардың фаунасы аралдық сипатқа ие. Патшалық өрмекшітәрізділер фаунасына бай. Сарышаяндардың отрядынан 100 түрі кездеседі. Сонымен қатар телифондар отряды эндемик болып келеді. Ява аралында құйрықты телифон өмір сүреді, оның түсі күрең-қара, ұзындығы 9 см. Жәндіктер фаунасы өзінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Ондағы туыстастарының саны 4000-нан асады, эндемизм 40 пайыз.

Эфиопиялық патшалық Африка материгінің көп бөлігін алып жатыр, солтүстікте Сахара шөлінің оңтүстігіне дейін, оңтүстікте Оранжевая өзенінің оңтүстік шекарасына дейін. Сонымен қатар, бұл патшалыққа Аравия түбегінің оңтүстігі, Сокатра аралы Вознесения және Әулие Елена аралдары кіреді. Бұл патшалықта 4 аймақты бөліп көрсетуге болады.


  1. Судан - барлық шөлді емес оңтүстік бөлікті, Шығыс Африканы патшалықтың солтүстігіндегі шекаралас аудандарды және Аравиялық бөлігін алып жатыр.

  2. Конгелез аймағы – Нигер және Конго бассейндегі тропиктік және экваторлық белдеудегі мәңгі жасыл ормандар кіреді.

  3. Калахари - Намби аймағы Оңтүстікте орналасқан Намиб және Калахари шөлдер территориясын қамтиды.

  4. Атлантикалық аймаққа - Вознесения мен Әулие Елена аралдары кіреді.

Эфиопиялық паптшалықтың биофлоты Үндімалайлық және Мадагаскарлық патшалықтартың биофлоттарымен ежелден бері тығыз байланыста. Палеоарктикалық патшалықпен солтүстігінде кең көлемді өтпелі зонамен байланысып жатыр. Кап патшалығымен құрлық арқылы шекараласып кейігі биофилотты компонентпен ғана байланыс байқалса, ежелгі флоралық және фауналық компонентте айтарлықтай айырмашылықтарды көруге болады. Эфиопия патшалығында эндемизімнің бірнеше ошағы бар. Ерекше назар аударуға тұрарлық Конгелез аймағы. Патшалықтың флорасы мен фаунасына өте бай. Гүлді өсімдіктердің 6-дан 9-ға дейнгі эндемик тұқымдастары таралған.

Калахари аймағында ең таңғажайып өсімдік- вельвичия- биіктігі шамамен 1м Намиб шөлінде өседі. Эндемик өсімдіктердің 25 түрі Судан аймағында өседі. Эндемик орталықтарын атап айтсақ Raridulaceae – биік емес бұталар, Bruniaceae – 70 түрі ұсақ және орташа бұталар кездеседі.

Судан аймағында үлкен өрмкешітәрізділер, қырықаяқ түрлері мекендейді. Патшалықта құйрықты қосмекенділер тобының 400 түрі Мадагаскар, Кап аралығында мекендейді .Ерекше мұнда ұзындығы 25см дететін Голиаф бақасы тіршілік етеді.

Эфиопиялық патшалықта соқыр сцинктер түрлері эндемиктердің ір түрі. Крокодилдердің 3 түрі мекендейді. Жыртқыштардың түрлері де аз есмес.



Мадагаскар патшалығының құрамына Мадагаскар аралы мен оны қоршаған кішкентай аралдар архипелагтары - Маскаренко, Сейшель, Амирант, Комор кіреді. Қазіргі геологиялық көрсеткіштерге сүйенсек, бор дәуірінің аяғына дейін Мадагаскар аралы мен Үндістан арасында құрлық жолы болған. Кейіннен Үндістан түбегінің Азияға қарай дрейфі нәтижесінде солтүстік-шығыстан қарай Сейшель аралдары жолы тізбек аралдар түрінде сақталған. Мадагаскардың Африкадан бөліну эоцен дәуірінде болды. Бұл жерде Комор аралдары сирек аралдар ретінде құрлық жолы болып Мадагаскарды Африкадан бөліп тұрды. Мадагаскар патшалығы эндемизмнің жоғарғы деңгейі көне жағымды рефугиумды топтардың болуымен сипатталады. Мадагаскар патшалығында изомеляциялар таралуы өте ерте болды да, осы жерлерде көне неогенді және полеогенді биофлоттың көптеген компоненттері сақталған. Патшалық Сейшель, Маскаренко, Комор аралдарымен салыстырғанда Мадагаскар өзі аудан ретінде қарастырылады. Ал аталған комплексті аралдар аудан құрамына енеді. Патшалықтың флорасы мен фаунасына өте бай. Гүлді өсімдіктердің 6-дан 9-ға дейнгі эндемик тұқымдастары таралған. Түрлік деңгейде эндемизм 85%- ға жетеді. Көп тарағаны Мадагаскардың батыс және оңтүстік-батыс аридтік аймақтарында Didieraceae тұқымдасының 11 түрі өседі. Ең кең таралған тұқымдастар: орхидея, күрделі гүлділер, және сүттігендер. Мадагаскар өсімдік әлемімен Африкададан принципті түрде ерекшеленеді. Патшалық пальма тұқымдасына ерекше бай. Сейшель аралдарында биіктігі-30м, салмағы-25кг эндемикалық сейшель пальмасы өседі. Жануарлар дүниесі ірі малюскалармен, клаваторлар, африкалық ахотиндер туысына бай. Өрмекші тәрізділердің сарышаян түрі кең таралған. Тұщы су балықтарының 20 шақты шағын түрі мекендейді. Кесіртке тұқымдастарының 700-ге жуық түрі, тасбақаның эфиопиялық және неотропиктік 3 түрі кең тараған. Кесіртке тұқымдастар: ешкемер, келес, лацерттер мекендейді. Осы тұқымдастардың мүлдем жойылып кеткен түрі агамит кесірткесі. Бірақ мұнда игуаның 2 түрі Chalarodon және Hoplurus мекендейді. Пантропикалық гекканды тұқымдастар мадагаскарда эндемикалық түрде мекендейді. Олардың күндізгі геккандар жиі кездеседі. Ең үлкен эндемик хамелион ұзындығы 60 см-лік және кішкентайы 45 мм-ге жететін түрі болып табылады. Монотипті эндемиктер-ағашта өсетін айдаһар болып табылады. Сонымен қатар құстар фаунасы 6 эндемик тобымен ерекшеленеді. Тырналардың түрінен-көкқұтан, Жаңакаледондық кагу. Эндемизмнің молдығы таралған ауданына байланысты. Құстар тұқымдастарынан кездеспейтіні көкшымшық, тағанақ, сары торғай, ағыз құнақтар. Бірақ, приматтар тобы кең тараған. Бұл жердің эндемигіне-лемур мекендейді. Жыртқыштардан фаналока, фалануг және мадагаскарлық мунго мен фосса эндемикті тіршілік етеді. Кеміргіштердің тұқымдастарынан аламан бар. Бұл түрдің 10 шақтысы, құмтышқан, қосаяқтар, егеуқұйрықтар т.б түрлері көзге түседі. Тұяқтылардың бір түрі-ұзынқұлақты шошқа және ергежейлі бегемоттар мекендейді.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Ориенталды патшалық

2. Эфопия патшалығы

3. Мадагаскар патшалығы



Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

12 дәріс Құрлықтын биофилотикалық аудандары мен патшалықтары.



Мақсаты: Құрлықтын биофилотикалық аудандары мен патшалықтары

танысу.


Жоспар:

1. Кап патшалығы

2. Австралия патшалығы

3. Антарктика патшалығы


12 дәрістің қысқаша конспектісі
Кап патшалығы Африка континентінің оңтүстік шеткі бөлігі өзіндік ерекше территория болғандықтан ауданы 200 мың км2 болсада бөлек Кап патшалығы ретінде бөлініп көрсетіліп отыр. Паташалықтың солтүстік шекарасы Роджерс тауынан өтеді. Бұл Оранжевая өзенініне солтүстікке бағытталған су бассейіні және оңтүстікке ағып жатқан өзендер арасындағы Роххефелдберг және Нювефелдберг тау жоталары су айырығы. Шығыстағы шекарасы Грейт-Фиис өзенінің төменгі ағысы, ал солтүстік батысы Блофельс өзенінің төменгі ағысы болып саналады. Сонымен Кап патшалығы перьм, триас кезеңіндегі қатпарлы жоталар, тасты үстірттер Кіші Карру және Үлкен Карру және құрлықтың оңтүстік бөлігі енеді. Бұл аймаққа Жерорта теңізінің климаты сәйкес келеді, жазы – құрғақ, ыстық және қысы – салқын, жауын-шашынды. Қазіргі геологиялық болжамдар бойынша бор кезеңіне дейін оңтүстік Африка мен оңтүстік Америка арасында континентальды байланыс болған, ал Антарктидамен үштік кезеңге дейін.

Кап патшалығына қырыққұлақтардың Todea barbara, Osmundaccae тұқымдастары тән. Бұл тұқымдас сонымен бірге Шығыс Австралия мен Жаңа Зеландияда кездеседі, бұдан біз Кап патшалығының ежелгі биофолотасының байланысын көреміз. Кап патшалығының өсімдік флорасы жоғары эндемизммен ерекшеленеді. Оның 7 туыстас түрі осы кішігірім ауданда таралған. Мұнда 210-нан астам эндемик тұқымдастары анықталған. Ал түрлік деңгейде эндемизм 80%-ке жуық. Эндемик орталықтарын атап айтсақ Raridulaceae – биік емес бұталар, Bruniaceae – 70 түрі ұсақ және орташа бұталар кездеседі.



Австралия патшалығы. Патшалықтың шекарасына Австралия материгі және жанында жатқан (Тасмания, Кенгуру т.б.) аралдары, сонымен бірге: Сулавеси, Жаңа Гвинея, Жаңа Гебрид, Фиджи, Саломон, Жаңа Каледон аралдары кіреді. Биофилотасының қалыптасуы мезозой дәуіріндегі Гондвананың бөлінуімен байланысты. Австралия материгінің платформасы Антарктидамен және сол арқылы Оңтүстік Америкамен ұзақ уақыт байланыста болғанын полеогеологиялық және полентологиялық мәліметтер арқылы білеміз. Австралия платформасының 50 млн жыл ішінде солтүстікке шамамен 150 ендік бойынша жылжуы Оңтүстік Шығыс Азиямен квазиконтинеттік қатынасқа әкелді. Аралдық көпірлер ориенталды және австралия биофилота элементтерінің өзара алмасуларына жағдай жасады.

Австралия патшалығында төрт аудан бар: Материктік, Жаңа Гвинеялық, Фиджиялық, Жаңа каледондық.

Материктік аудан территорясы үлкен және күрделі болып келеді. Оны үш подоблысқа бөледі: Солтүстік Шығыс, Оңтүстік Батыс, Эремейский.

Жаңа Гвинеялық ауданның биофилотының флористикалық компоненті Ориентальді патшалыққа ұқсас, ал фаунасы Австралия патшалығына ұқсайды.

Фиджиялық және Жаңа Каледондық аудан мұхиттық аралдырды қосып алады, басқа аудандармен қарым қатынасы әлсіз.

Австралия патшалығының флорасының көп бөлігі эндемикалық. Материктік аудандарда эндемиктердің түрлері басым -75% (12000 мынның 9000 мыңы) Жаңа Гвинея ауданында эндемиктер -85% (5800-6870). Жаңа каледондық флораның 80% эндемикалық түр (2400-3000). Эндемикалық флорасының алуантүрлілігі аздау Фиджиялық аудан, бұнда эндемикалық түрдің 75%. Материктік ауданда- 6 эндемикалық туыстас бар, Жаңа Каледонда- 5, Фиджияда-1.

Материктік ауданда папоротниктің 300 түрі. Бұл мезофильді өсімдіктер тек оңтүстік шығыс Австралияда және Тасманияда кездеседі. Осы жерде папоротниктің ежелгі түрлері де өседі. Қылқандылардың Материктік аудандарда Қылқандылардың Материктік аудандарда 36түрі, араукаридің 2 түрі кең тараған.

Материктік аудандарда гүлді өсімдіктердің кең тараған туыстастары бұршақ және миортвых, олардың әр қайсысы 1000 түрден бар.

Материктің шығыс және солтүстік жағалауында пальманың 26 түрі таралған.

Австралия биофилотық патшалығының фаунасы эндемикалық өсімдіктерге бай. Бұл эндемизм подкласс деңгейіне дейін жететін жалғыз патшалық.

Осы патшалықта жаңбыр құртының туыстастарының ең үлкен түрі кездеседі. (ұзындығы 2,5м)

Антрактикалық патшалыққа: Антрактида, Оңтүстік Антрактиданың оңтүстік аудандары, Жаңа Зеландия, Хуан-Фернандос аралдары, субантарктикаклық аралдар. Осы барлық регион әр бөліктерінде жатқанымен, бір құрлықтың бірлікті массивтерін құрайды және қалыптасуыны оралықтарын құрайды. Бор дәуірінің басталуына дейін Гондвана материгі әліде сақталған баолатын, орталық бөлігін құрылыстың учаскелері алып жатты, олардың бәрі Антарктикалық патшалыққа кіреді. Гондвананың бөліктерінің бөлінуі бор дәуірінің басындағы ең алғашқы голоантарктикалық биофлоттың қалғаны кедергі болды. Алыстап кеткен бөлек жерлердің дамуы, Антарктикалық патшалықты терең және олардан қарағанда биофилоттың кешірек қалыптасқан қабаттарының қалыптасуына әкеледі, бірақ бірінші антарктиканың биофлоттың ежелгі пластары басқа терриотриямен байланысын көрсетеді. Антарктикалық патшалыққа мына облыстар кіреді: Магелан, Хуан-Фернандессканы, Тиркумполярды, және Жаңа Зеландия. Магелан облыстарының биофлоты. Антарктикалық патшалықтың гүлді өсімдіктерінің флорасына 11 энд-қ тұқымдар кіреді. Көбісі біртүрлі және бірнеше түрі бар. Магеландық және Жана зеландиялық облыстардың голарктикалық ықпалын тигізіп, ол 3 тік кірген. Әсіресе ежелгі антарктикалық флораның Кап патшалығының байланысты болады. Ирисантарктиканың флорасының ішінен шыққан 3 түрі бар. Кап патшалығында таралған ал 1 еуі Порд-Хиу аралында орналасқан. Жалпы санының ішінде 200 түрлі яғни, 70 проценті эндантарктикалық болып табылады. Циркуполярлық облыстарда 2 монотиптік энд бар – кергеленская капуста Pringlea antis conbutica, lunllita Kengelensis. Антарктикалық аралдарының бірігуімен Тристан-да –Кунья аралы ерекше көзге түседі оның флорасы. Отты жер аралының флорасына ұқсас, Кергеленнің 30түрінің 17 проценті отты жерлермен 2 не атрық. Жаңа Зеландия 50энд түр енеді, оның ішінде аралында ол 40 процентке қалқандарының енедіаоасынан 100 проценті, ал гүлдерінің шамамен 80 проценті алад. Осы энд-қ тұқымдарының варасында: Норфлот, және Филип аралдарыда , Жаңа Зеландия орталығының қылқандары және гүлдерінің ішінде. Австралиямен өте ерте байланысты үзбегеннен кейін осы материкте қылқандарды жэәне гүлді флорасының бейнесіпайда болған. Магеланның облыстық биофлорасының фауналарынның компаненттеріне неотроптық патшалыққа қатты әсер етеді. Ринодерман –р – көптиптік тұқым немесе көп түрлері, қысқа қабаатты тұқымдыққа жатады, қалғаны неотропқа тән тек нанду тәріздіділер.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Кап патшалығы

2. Австралия патшалығы

3. Антарктика патшалығы



Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

13 дәріс Құрлықтын биофилотикалық аудандары мен патшалықтары.



Мақсаты: Құрлықтын биофилотикалық аудандары және патшалықтарымен танысу

Жоспар:

1. Неотропикалық патшалық

2. Неарктикалық патшалық

3. Палеарктикалық патшалық


13 дәрістің қысқаша конспектісі

Неотропикалық патшалық Оңтүстік Америка материгінің көп аумағын қамтиды. Бұл патшалықтың территориясы Антарктикалық патшалықтың солтүстік шекарасымен, Орталық Америка және Кариб архипелагымен шектесіп, солтүстік шекарасы Флорида және Калифорния түбегіне дейін созылады.

Патшалықтың территориясы мезозой дәуірінде ұлы оңтүстік материгі Гондвананың құрамына енді. Неотропикалық пен Эфиопия патшалықтарының арасында эоценаға дейін квазиконтинентальды байланыс сақталған. Ал Антарктикалық патшалығының Магеллан облысымен континентті байланысы мезозой дәуірінде теңіз трангрессиясы салдарынан үзілген. Сол кезеңде Антарктида арқылы Австралия патшалығымен биофилоттық алмасу жүріп жатқан. Эфиопия және Австралия элементтері неотропиктік биофилоттың жоғары дәрежедегі ежелгі ядросын құрайды.

Неарктикалық әсер екі есе көп. Өйткені Панама мойнағы палеоценаға дейін құрлықпен байланысып, кейін теңіз деңгейінен төмен түседі де, плиоценада қайтадан көтеріледі. Сондықтан неотропикалық биофилотта көне неарктикалық (лавразиялық) компоненттердің біршама мөлшерін табамыз.

Неотропиктік патшалық 5 облысқа бөлінген. Олар: Кариб, Гвиана, Амазонка, Оңтүстік Бразилия және Андия облыстары.

Флорасы бай неотропикалық патшалықтың 30-ға жуық эндемиктік туыстық таралған. Эфиопиялық, Ориентальдық, Австралиялық патшалықтарының тропикасындағы пантропикалық туыстық сипаттамалары ұқсас келеді. Мысалы: лавр, пальма және орхидея. Мұндай пантропикалық туыстықтың 450 түрлі өсімдіктері кездеседі.

Неотропиктік патшалық фаунасы өте бай және эндемиктер көп кездеседі. Амазонка облысы - эндемизм аймағы. Материктің тропикалық және қоңыржай белдеуінде кездесетін жауын құрттың түрі саналуан. Ең үлкен, ірі түрі 2 метрге дейін жеткен. Ежелден белгілі шаяндар мен өрмекшілер кездеседі.

Неотропиктік патшалықта ең көп қоныстанған құстың топтары: көкектер, көгершіндер, тотықұстар, тоқылдақтар.

Салыстырмалы түрде айтсақ, Неотропиктік патшалықтың фаунасының жас компоненттері ретінде тұяқты және жыртқыш сүтқоректілерді жатқызамыз. Олар: ягуар, ягуарунди және тапир.



Неарктикалық патшалық бүкіл солтүстік Америка материгін қасында жатқан аралдарымен бірге оңтүстікте Неотропиктерге дейін қамтиды. Неарктикалық патшалық ішінде 4 облысты бөліп көрсетуге болады. Материктің солтүстік бөлігін Канадалық аудан алып жатыр. Материктің шығыс бөлігін Миссисипия ауданы жатыр. Ал батыс бөлігінде – Кордильера мн Сонор облыстары орналасқан.

Патшалықтың флорасында 8 эндемикалық тустас бар.

Сонор ауданында 5 эндемикалық туыстас бар, солардың ішінде танымалы ксерофильді тікенекті шөптесінді өсімдік «окотильо».

Канада ауданында эндемизм туыстық рангіге ғана жетеді. Сонор ауданында туыстас рангідегі эндемизмнен басқа эндемикалық түрлер 40 пайызды құрайды.

Миссисипидің оңтүстігінде аллигаторлардың неотропикалық туыстасы мекен етеді.

Неотропиктерден бұл патшалыққа қалталылар жарқанаттар, американдық дикобраздар т.б. енген. Ал палеарктикалық патшалықпен ортақ көртышқандар, қоянда, тиін, тышқан тустастары кездеседі. Палеарктикалық патшалықпен сонымен бірге бірқатар түрлерді кездестіруге болады бұлар: құндыз, қасқыр, ақ қоңыр аю, бұлан, бұғы т.б.

Палеарктикалық патшалыққа Оңтүстік Аравия түбегі мен Үндістан және Үндіқытай жерлерінен басқа Еуразия материгінің көп бөлігі кіреді. Оның территориясына оңтүстік тропикалық Раккаға дейінгі жерлер және солтүстік Африканың солтүстік маны кіреді. Оңтүстікте патшалық Эфиопиялық және Ориентальдық патшалықпен ұзақ континентальды байланысса, солтүстікте неоарктикалық патшалықпен аралдық байланысады. Палеоарктикалық патшалықтың территориясында 7 биофилотикалық облыстар орналасқан: олар: Европалық, Ангаралық; Жерортатеңіздік, Сахара-Синділік, Иран-Туррандық, Орта Азиялық және Шығыс Азиялық. Шығыс Азиялық облыстарда флораның 20-ға жуық эндемиктік тұқымдастықтар кездеседі. Ол релитік тұқымдас Ginkgoaceae Перм дәуірінен белгілі жалғыз тұр оның биіктігі 30 метрге жетеді . Қазба байлықтардың қалдықтары төменгі Юра дәуірінде палеоартикалық патшалықтың көптеген аудандарында және неоартикалық патшалықтанда кездестіруге болады. 6 түрлі тұқымдастар: Cephalotaxaceace. Ол мәнгі жасыл ормандар мен қарағайлар, оларды Гималай тауы мен Жапония аралдарынан кездестіруге болады. Қазбалар күйінде төменгі Бор дәуірінен белгілі.

Палеоарктикалық патшалықтың қалған облыстарында да эндемиктік түрлер орналасқан. Олар оңтүстік таулы региондарының 50% алып жатыр. Солтүстік Ангара облыстарында эндемиктік түрге жататын крест гүлдерінде кездестіруге болады. Ол- Borodina, Redowskia, Gorodkova.

Флораның жерорта теңіздік облысы ежелгі кап флорасымен тығыз байланысты. Палеоарктикалық патшалықтағы флора жаланаш тұқымдастықтармен гүлді өсімдіктер болып табылады. Палеоарктикалық патшалықтың фаунасына эфиопиялық-аринтальдық патшалық әсер етеді. Патшалықтың биофилоттарының көптеген тамырлары тропикалық патшалыққа өтеді

Әлемдік фаунадағы 600 түрлі сарышаяндардың 100-ге жуығы палеоарктикада кездеседі. Жәндіктердің эндемизмі түрлік жағдайда жақсы байқалады (30%) және туыстыық қатардың эндемиктік түрлерден айырмашылықтары бар.



Палеоарктиканың Ежелгі Дүниесінде агамалар және егеу құйрықтар кеңнен таралған. Жаңа дүниеде оларды игаралар мен тейдтар алмастырған. Сонымен қатар патшалықта неоарктикамен ортақ бірнеше туысқандықтар бар. Олардың 53 түрлері құстар, шығу тегі ориентальдық және эфиопиялық. Сондықтан палеоартикалық патшалықпен неоарктикалық патшалықтың фаунасында ұқсастықтардан гөрі айырмашылықтар басым болып келеді.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Неотропикалық патшалық

2. Неарктикалық патшалық

3. Палеарктикалық патшалық



Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

14 дәріс Мұхиттардағы биогеографиялық аудандастырылу.


Мақсаты: Мұхиттардағы биогеографиялық аудандастырылумен танысу.

Жоспар:

1. Мұхиттарда тіршілік ететін организмдердін көптүрлілігі.

2.Мұхиттардың биогеографиялық жіктелуі. Арктика. Бореальды Атлантика. Бореаді Тынық мұхит. Тропикалқ Атлантика. Тропикалық Тынық мұхит. Нотальды-Антарктикалық (Субарктикалық). Антарктикалық облыстары.

14 дәрістің қысқаша конспектісі

Жер бетінің үштен екі бөлігін теңіздер мен мұхиттар, континенттерде орналасқан түрлі тұзды және тұщы тоғандар алып жатыр. Су экожүйелері энергия мен зат ағынының жалпы заңдылықтары, функциялары бойынша жер бетінің экожүйелеріне ұқсас. Сонымен қатар мұхиттар мен ірі тоғандарда байқалатың өзгешеліктер бар.

Теңіздер - ірі, күрделі экожүйе болып табылады. Олардың тереңдігіне қарамай, түбіне дейін тіршілік таралған. Теңіздерде үнемі су массаларының айналымы, ағыстардың пайда болуы, жағалауларда толу мен қайту құбылыстары болып тұрады.

Күн сәулесі судың тек беткі қабатына ғана ене алады. 200 метрден төмен тереңдікте балдырлардық фотосинтезі мүмкін емес. Сондықтан терең жерлерде тек гетеротрофты ағзалар - жануарлар меп бактериялар тіршілік етеді. Яғни өндірушілердің қызметі мен редуценттердің негізгі массасы мен консументтер кеңістікте бір-бірінен алшақ орналасқан. Өлген органикалық заттар теңіз түбіне түседі, бірақ босап шығатын минералды элементтер тек күшті жоғары қарай ағыстары бар жерлерде ғана беткі қабатқа көтеріле алады. Мұхиттардың орталық бөліктерінде балдырлардың көбеюін биогенді элементтердің жетіспеуі шектейді. Сондықтан мұхиттың бұл аудандардагы өңімділігі ең құрғақ шөлдердегідей төмен болады.



Гидробионттардың экологиялық жіктелуі. Гидробионттар - су ортасын мекендейтін ағзалар. Суда тіршілік ететін ағзалар нектон, планктон және бентос болып бөлінеді.

Нектон (грек тілінен аударғанда нектон – жүзетін) су тубімен тікелей байланысы жоқ еркін орын ауыстыратын, жүзіп журетін ағзалардың жиынтығы. Бұл жануарлар өте үлкен арақашықтыққа орын ауытыруға қабідетті және қатты ағыстарға төзімді болып келеді. Олардың дене пішіні сүйірленіп келген және қозғалу мүшелері жақсы дамыған.

Нектонды ағзаларға балықтар, кальмарлар, ескекаяқтылар, киттер жатады. Тұщы суларда балықтардан басқа, нектонға қосмекенділер мен белсенді орын ауыстыратын бунақденелілер жатады.

Планктон (грек тілінен аударғанда – қалықтаушы) - негізінен су ағысының көмегімен қозғалатын, жузетін ағзалардың жиынтығы. Олар жылдам және белсенді орын ауыстыруға қабілетсіз. Негізінен бұлар ұсақ жануарлар - зоопланктон және өсімдіктер - фитопланктон. Планктонды ағзалар су ртінде, терең жерлерде, тіпті су түбінде де таралады. Плейстон (грек тілінен аударғанда - кемеде жүзу) - денесінің бір бөлігі суда, екінші бөлігі судың бетінде жүретін ағзалар (фезалия, сифонофора). Нейстон (грек тілінен аударғанда жүзуге қабілетті су бетінде жүзіп жүретін ағзалар (бактериялар, қарапайымдылар, су қандаласы, балдырлар).

Фитоиланктон - су қабатында тіршілік ететін және су ағыстарының әсерімен қозғалатын негізінен балдырлардан құралған микроскоптық өсімдіктердін жиынтығы (диатомды және жасыл балдырлар, өсімдіктекті талшықтылар және т.б.).

Зоопланктон мен бактериялар барлық тереңдіктерде кездеседі. Теңіз зоопланктонында ұсақ шаянтәрізділер, қарапайымдылар, медузалар, жүзетін гребневиктер, кейбір құрттар басым. Тұщы суларда ірі шаянтәрізділер, коловраткалар мен қарапайымдылар таралған.

Бентос (грек тілінен аударғанда терендік су қоймаларының түбінде (грунтта) мекендейтін ағзалардың жиынтығы. Ол фитобентос, зообентос және бактериобентосқа бөлінеді. Теңіздердің фитобентосы негізінен бактериялар мен балдырлардан (диатомды, жасыл, қоңыр, қызыл) құралған. Әсіресе су түбінің жартасты, тасты бөліктері фитобентосқа бай.

Тұщы сулардың фитобентосы бактериялардан диатомды және жасыл балдырлардан тұрады. Зообентос негізінен бекінген немесе баяу қозғалатын грунтты қазып тіршілік ететін жануарлардан тұрады.

Су ағзаларының экологиялық жағынан бейімдеушілік қабілеті құрылық ағзаларына қарағанда төмен. Себебі, су - анагұрлым тұрақты орта, оның абиотикалық факторлары салыстырмалы түрде аз өзгереді.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Мұхиттарда тіршілік ететін организмдердін көптүрлілігі.

2.Мұхиттардың биогеографиялық жіктелуі. Арктика. Бореальды Атлантика. Бореаді Тынық мұхит. Тропикалқ Атлантика. Тропикалық Тынық мұхит. Нотальды-Антарктикалық (Субарктикалық). Антарктикалық облыстары.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
15 дәріс Биогеографиялық аудандастырулудың практикалық маңызы.
Мақсаты: Биогеографиялық аудандастырулудың практикалық маңызын анықтау.

Жоспар:

1. Биогеографиялық аудандастырудың табиғат рссурстарын тиімді пайдалан мен реттеудегі маңызы.

2. Қазақстандағы биогеографиялық аудандастыру мәселелері. Қазақстан зоогеографиясы.
14 дәрістің қысқаша конспектісі

Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.

Рио-де-Жанейрода өткен (1992ж.) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.

Қазір адамның азық-түлігі ретінде қолдануға болатын бірнеше мың түрлер белгілі. Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250-ден аспайтын турлері пайдаланады. Ауылшаруашылық өңімдерінің басым көпшілігін 12-15 өсімдік береді.

Жабайы түрлер-табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өңім көзі және әсіресе, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымары мен іріктемелерін шығаруда маңызы зор.



Биоалуантүрлілік экожүйелердегі байланыстардын толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Неғұрлым экожүйенің деңгейі жоғары болса, соғұрлым оны құрайтын элементтердің көпшілігі олардың алуан түрлілігін қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады, ал ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуында оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.

Мысалы, ғаламдық экожүйе ретінде биосферанық алуантурлілігі, олай болса оның тұрақтылығы және т.б. қасиеттері түрлернің, популяциялар мен экожүйелердің санына ғана емес, тіршілік ету орталарына, рельеф формаларына, климаттың типіне, табиғат белдеулеріне, геохимиялық аймақтар, ландшафттар жане басқа да құрылымдық бірліктердің ерекшеліктеріне де байланысты.

Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзалардың түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі бір уақыт қана өмір суреді. Шамамен 10—30 млн. жыл. Түрлердің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрлер-«тірі қазбалар» да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500 млн. жыл (силур дәуірінен бері), жалаңаш тұқымды ағаш гинкго дәуірінен бері 150 млн. жыл тіршілік етіп келеді. Жануарлардың ішінен тірі туатын балық латимерияны атауға болады. Ол 60 млн. жыл бұрын жойылып кеткен деп есептеліп келді. Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан табылған.

Жалпы алғанда жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын турлердің саны да артып отырады.

Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдыгы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады. Бұл процесс бір бағытта жүрді, сондықтан түрлердің жойылуы оған қарама-қарсы басқа жаңа түрлермен компенсацияланбайды.

Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 қүстар және 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.

П. Ревелль мен Ч. Ревелльдің (1994) болжамы бойынша алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін, олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер.

Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омырткалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60% жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану (30-35%), содан кейінгі орында азық қорының кемуі (4%), зиянкестерді жою (3%) және кездейсоқ жемтік (2%) тұр.

Шектен тыс пайдалану қандай да бір кәсіптік маңызы бар жануарлар үшін қауіпті. 1983 жылы тек қана тіс сүйектері үшін ғана 80 мың (барлық санының 8%) африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуьндағы маңызды себептердің бірі олардың интродукцияланған, яғни сырттан әкелінген түрлерімен бәсекелестікке қабілетсіз болуы. Мұыдай құбылыстарға шектелген территорияларда, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді.

Түрлердің алуантүрлігінің кемуінің әсіресе екі салдары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Біріншіден, бір түрдің жойылуы, әдетте онымен қоректік немесе басқа да байланыстармен тығыз байланысты, бірнеше түрдің тіршілік әрекетін бұзуға әкеліп соқтырады.

Екіншіден, қандай да бір түрді толық жоюдың қажеті жоқ. Олардың саны белгілі бір шамадан төмендеп кетсе, олар қайта қалпына келе алмайды. Ірі омыртқалы жануарлар үшін шекті деңгей 500-100 дара, ұсак. омыртқалылар үшін шамамен 10 мың дара, омыртқасыздар үшін шамамен 50 мың дара, өсімідіктер үшін бірнеше мың дара. Адам қызметінің нәтижесінде ағзалардың жойылуына кейбір мысалдар келтірейік.



1988 жылы Солтүстік теңізінде тулендердің жойылуы байқалды. Болжамдар бойынша, мұның себебін табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуынан іздеу керек: теңіз суларының биогенді элементтермен байытылуы алтын балдырлардың күрт артып кетуіне әкелді.

Түрлердің толық жойылуының нәтижелері өте ауыр. Жекеленген экожүйелердің түрлік алуантүрлілігінің кемуін басқа экожүйелерден әкелу арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік болса, ал толық жойылған түр жүйе ретінде биосфера үшін қайтымсыз.



Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы - Қызыл кітап. Табиғат ресурстары мен табиғатты қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.

Қызыл кітапқа сирек және жойылу қаупі төңіп отырған агзалар енгізілген. Қызыл кітап-қауіптіқ жаршысы. Қызыл кітапқа енген турдің шамамен санының кему себебі, таралу территориясы (ареал) қорғау үшін орындалатын іс-шаралар және т.б. маліметтер көрсетіледі. Қызыл кітапқа енген барлық түрлерді бірнеше категорияларга бөледі: жойылу қаупі төніп тұрған түрлер (арнайы қатал қорғау шаралары қажет), кеміп келе жатқан (тіршілігін сақтау үшін саны жеткілікті, бірақ жылдам кеміп келе жаткан) сирек (жойылу қаупі жоқ, бірақ саны аз немесе шектелген территорияларда ғана кездеседі), анықталмаған (қамқорлыққа алуға негіз бар, бірақ олар туралы мәліметтер аз).

Қызыл кітаптағы түрлердің тізімі үнемі өзгеріп отырады. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады. Ал тізім басқа тіршілік күйі нашарлаған түрлермен толықтырылады.

Қазақстанньң қызыл кітабы. Өркениеттің дамуы Жердің табиғат байлықтарының кемуін шекті дәрежеге дейін кемітеді 1948 жылы Халықаралық табиғат қорғау және табигат ресурстарының Одағының (ХТҚО) құрылуына әкелді. Бұл Одақтың мәліметтері бойынша 1600 жылдан 1973 жыл аралығында Жер бетінен сүтқоректілердің 63 түрі және құстардың 94 түрі жойылып кеткен. ХТҚО-ның үсынысымен Қызыл кітап ұйымдастырылды. Қызыл кітапқа енгізілген түр территориясында мекендейтін әрбір мемлекет адамзат алдында оны сақтап қалуға жауапты.

Қызыл кітаптың бірінші томы 1963 жылы шығарылды. 1972 жылы оның бес томы жарық көрді. Қызыл кітапқа сүтқоректілердің 236 түрі, құстардың 287, қосмекенділердің 36 және бауырымен жорғалаушылардың 119 түрі, балықтар мен жоғары сатыдағы өсімдіктердің тізімдері кірді.

Омыртқалы жануарлардың тағы 13 түрі қосылды. Республикамыздың Қызыл кітабына жыртқыш жануарлардың 15 түрі енген (қызыл қасқыр, европа кұндызы, қар барсы, гепард, түркістан сілеусіні, қаракал, бархан мысығы және т.б.).

Құстардан қызғылт және бұйра бірқазан, ақ жане қара дегелек, фламинго, шиқылдақ аққу, дуадақ, қырандарды атауға болады. Мензбир суыры тек Батыс Тянь-Шаның эндемигі болып табылады. Ол тек Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында ғана кездеседі.

Қазақстанның Қызыл кітабына бауырымен жорғалаушылардан кесірткелердің үш түрі және жыландардың 5 түрі енгізілген. Бұлардың ішіндегі ең ірі және ең сирек кездесетіні - сұр варан. Оның ұзындығы бір жарым метрге жетеді. Республикада тек Сырдарияның солтүстік жағалауында ғана кездеседі.

Қазақстанда мекендейтін қосмекенділердің 11 түрінің біреуі - жетісу тритоны Қызыл кітапқа енгізілген.

Сырдария Қаратауын іс жузінде реликттер мұражайы десе де болады. Мұнда Қызыл кітапқа енген 40 түр өседі. Мысалы, үшқұлақты астрагал, Батыс Тянь-Шанның сирек эндемиктерінің 50 турі Қызыл кітапқа кірген: Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Талас қайыңы, жабайы жузім, зеравшан аршасы және т.б.

Қазіргі кезде Қызылқум мен Сырдария жағалауларында өсетін дерменеге жойылу қаупі төніп тұр. Көптеген жылдар бойы бұл өсімдік дәрілік шикізат ретінде пайдаланылын келді.

Сирек өсімдіктердің барлығын атап шығу мүмкін емес. Қазақстандағы жойылу қаупі төңіп тұрған турлердің басым көпшілігі ареалының шағын болуымен сипатталады.

Сирек және жойылып бара жатқан жануарларды сақтап қалу ушін оларды қорықтарда, кіші қорықтарда қорғауға алынады. Егер жануар немесе өсімдіктің саны популяцияның минималды мөлшерінен төмен болса (мысалы, гепард, берқара терегі), онда оларды сақтап қалу ушін қолдан көбейтіи, өсіреді. Бұл жұмыстарды Қазақстан ҒА-ның ботаникалык бағы, хайуанаттар бағы жүргізеді.

Тек мемлекеттің қолдауымен, ғалымдар мен көпшілік халықтың бірлескен қызметі нәтижесінде ғана флора мен фаунаны қалпына келтіруге болады.

Халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету ушін биосфераның биологиялық алуантурлілігін сақтауга бағьпталған іс-әрекетін бір арнаға бағыттауы керек.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Биогеографиялық аудандастырудың табиғат рссурстарын тиімді пайдалан мен реттеудегі маңызы.

2. Қазақстандағы биогеографиялық аудандастыру мәселелері. Қазақстан зоогеографиясы.


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау