35
Сондықтан, өсімдегі және бордақылаудағы малдардың есеп объектісі болып: төл, тірі
салмақ және тірі салмақ өсімі, ересек мал топтарына және негізгі табынға ауыстырылған
төлдер; негізгі табыннан шығарылып бордақылауға қойылған негізгі табын.
Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың қозғалысы, олардың сақталуын
қамтамасыз етуге байланысты барлық операцияларды дер кезінде бухгалтерлік есебін
жүргізіп отыру қажет.
Негізгі табыннан шығарылып бодақылауға, бодақылауға қойылған малдар
бухгалтерлік есепте баланстық құндарымен немесе сатудың таза құны бойынша бағаланады.
Басқа жақтан сатып алынған жас төлдер сатып алуға байланысты шығындарды ескере
отырып, әділ құны бойынша бағаланады.
Бордақылаудағы жас төлдердің және ірі малдардың тірі салмағы өсіру және
бордақылауға байланысты өзгеріп отырады, сондықтан кәсіпорын бордақылаудағы
малдардың тірі салмақ өсімін жүйелі түрде өлшеп отыруға тиісті.
Тірі салмақ өсімі ет алу үшін бағылатын малдың түрлері бойынша өлшеу жолымен
(ірі қараны, шошқаны) және есептеу жолымен (қой, лақ, құс, үй қояны) анықталады.
Өлшеу жолымен – тірі салмақ өсімінің ай басындағы және ай соңындағы салмағын
өлеу арқылы, салыстыра отырып анықтайды және оның нәтижесінде әрбір мал түріне қарай
алынған 1 центнер салмақ өсімі нақты өзіндік құны бойынша бағаланады. Есептеу жолымен
– алынатын тірі салмақ өсімі қозылардың, лақтардың, құстар мен үй қояндарының
шаруашылықта болу күндерін (азық-күндері) мен 1 (бір) азық құнының өзіндік құнының
негізінде анықталады. Осы топтағы малдардың тірі салмақ өсімі тоқсанға бір рет малдардың
ішінен таңдау арқылы өлшену жолымен шығарылады.
Өсімдегі және бодақылаудағы малдардың тірі салмақ өсімі былайша анықталады:
әрбір топтағы мал мен құстың ай соңындағы салмағына ай ішінде осы топтан шыққан мал
мен құстың салмағын қосып, ай ішінде түскен мал мен құстың салмағы мен ай басындағы
мал мен құстың тірі салмағын шегеріп тастайды. Алынған нәтиже есепті мерзім ішіндегі
бордақылауда тұрған мал топтары бойынша тірі салмақ өсімін көрсетеді.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында малдарды өлшеу төл алынған кезде,
малдарды сатып алу, бір топтан екінші жас тобына ауыстырған кезде, негізгі табыннан
бордақылауға
қойған кезде, сою, сату кезінде жүргізіледі.
Тірі салмағы есепке алынбайтын малдар бойынша (құлын, бота, күре, жас аң) өсім
құны нақты азықтандырылатын күн санымен және 1 күн ішінде өсірудің нақты өзіндік құны
бойынша анықталады.
Мал шаруашылығына алынған жас төлдер, яғни бұзау, қозы, құлын, бота және т.б.
бухгалтерлік есепте өзіндік құны бойынша есепке алынады және
оны төмендегідей тәртіппен
көрсетуге болады:
- сауын малындағы бұзаулар – 1
төлдің өзіндік құны бойынша;
- сойыс малындағы бұзаулар – бұзаудың туған кезіндегі тірі салмағы және енесінен
айырған төлдің 1 кг тірі салмағының
өзіндік құны бойынша;
- торайлар – туған кезіндегі тірі салмағы және енесінен айырған төлдің 1 кг тірі
салмағының өзіндік құны бойынша;
- қозылар – енесінен айырғанға дейін 1
қозының өзіндік құны бойынша;
- боталар мен құлындар – ірі жылқыны баққанда азықтандыруға жұмсалатын 60 азық
күніне теңестірілген 1 құлынның өзіндік құны бойынша бағаланады.
Бір жас тобынан екіншісіне ауыстырылған мал баланстық құны бойынша есепке
алынады.
Арам өлген немесе амалсыздан сойылған малдар баланстық құны немесе сатудың таза
құны бойынша бағалануға жатқызылады.
2. Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың қозғалысын құжаттау
36
Мал шаруашылықтарындағы өсірудегі жас малдар мен бодақылаудағы малдар өсіру
және бордақылаудың нәтижесінде құрамын, тірілей салмағын өзгертеді және олар тиісті
алғашқы құжаттар мен есеп регистрлерінде көрсетілуі тиіс.
Ірі қара малынан, қойдан, шошқадан және басқа да малдардан алынған төл үшін
«Мал
төлдерін кірістеу актісі» рәсімделеді. Бұл акт екі данада шаруашылық меңгерушісімен не
болмаса бригадирмен толтырылып, бір данасы ұйымның есеп бөліміне өндірістік есеппен
бірге тапсырылады, ал екінші данасы шаруашылық меңгерушісінде немесе бригадирдің
есебіне тіркеледі. Ал төлдерін кірістеу актісіндегі мәліметтер есепті мерзімнің соңында
«Малдар мен құстардың қозғалыс есебінің ведомостісіне» түсіріледі.
Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың салмағын кезеңдік немесе іріктеп өлшеу
кезінде
«Малдарды өлшеу ведомостісі» толтырылады. Оны шаруашылық меңгерушісі
немесе бригадир толтыру қажет.
Өсімдегі және бордақылаудағы малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыру үшін
«Малдарды топтан топқа ауыстыру актісі» рәсімделу қажет. Актіні шаруашылық
меңгерушісі (бригадир) осы мал топтарына жауапты тұлғалардың, яғни малдарды бір жас
тобынан тапсырушы екінші жас тобына қабылдаушы тұлғалардың қатысуымен толтырады
және бұл актінің мәліметтері есепті мерзімнің соңында малдар қозғалысының есебінің
ведомостісін жасау үшін негіз болып саналады.
Егер шаруашылық жеке тұлғалардан немесе басқа да ұйымдардан өсіруге және
бордақылауға жас төл мен малдар сатып алатын болса, жасасқан келісім шарттың негізінде
«Шот фактура» және
«Малдарды қабылдау, сатып алу актісі» жасалып, рәсімделуі қажет.
Шаруашылық жеке немесе заңды тұлғалардан өсіруге және бордақылауға жас төлдер мен
малдарды сатып құрамында шаруашылық меңгерушісі, бригадир, мал дәрігері,
қабылданатын малдарға жауапты тұлғаның қатысумен комиссия арқылы кірістеледі.
«Малдарды қабылдау, сатып алу актісі» үш данада толтырылып, оған барлық комиссия
мүшесі қол қойғаннан кейін, кәсіпорынның басшысымен бекітіледі, содан кейін бір данасы
есеп бөліміне тапсырылады, екінші данасы шаруашылықтың меңгерушісінде, үшінші данасы
сатушыда қалады. Бұл құжат малдарды сатушы жақпен есеп айырысу үшін және есепті
мерзімнің соңында малдар қозғалысы есебінің ведомостісін жасау үшін негіз болып
табылады.
Бордақылаудағы малдарды ет қабылдайтын комбинатқа немесе бөлшек сауда
орындарына сатуға жіберген кезде
«Тауарлық-транспорттық жүкқағазы» не болмаса
«Жүкқағаз» рәсімделеді.
Егер өсімдегі және бордақылаудағы малдар амалсыз сойылуына немесе олардың
өлуден жойылуына байланысты
«Малдарды және құстарды шығару актісін» малдарды
есептен шығаруға құрылған арнайы комиссия толтырып, оны кәсіпорын басшысы бекітеді.
Актіні ұйым басшысы бекіткеннен кейін есеп бөліміне тапсырылады және ол малдардың
қозғалысы есебін жүргізу үшін ақпарат көзі болып табылады.
Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың союдан немесе олардың амалсыз
сойылуына байланысты алынған ет, қосымша өнім, тері шаруашылықтың орталық
қоймасына
«Жүкқағазы» арқылы кірістеледі.
Ұйымның бөлімшелеріндегі малдар мен құстардың қозғалысы бойынша есепті
бөлімше меңгерушісі немесе бригадир
«Малдар қозғалысы есебінің ведомостісі» арқылы
жүргізеді. Бұл ведомості өсімдегі жас төлдер мен бордақылаудағы малдардың топтық
түрлері бойынша жасалады және есепті мерзімнің соңында осы ведомостідегі малдар
қозғалысы жөніндегі мәліметтер есепті кезең үшін
«Өсімдегі және бордақылаудағы малдар
қозғалысы есебін» жасауға негізгі жинақтаушы ақпарат көзі болып саналады. Бұл есепте
өсірудегі және бордақылаудағы малдардың жастық тобына және түріне байланысты есепті
мерзім
басындағы саны, есепті мерзімде түскені мен шыққаны
және есепті мерзім соңындағы
қалған малдардың саны көрсетіледі.
Егер ұйымның бірнеше мал өсіретін бөлімшелері болған жағдайда бөлімшелердегі
мал қозғалысының есебін бөлімше меңгерушісі ай сайын жасап отырса, ал жалпы кәсіпорын