37
бойынша малдар қозғалысы жөніндегі есепті бөлімшелерден алынған ай сайынғы
«Малдар
қозғалысы есебінің ведомостісі» негізінде тоқсанға бір рет жасауға болады.
3. Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың бухгалтерлік есебі
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мал шаруашылығынан алынған төл және
бордақылауға қойылған ересек малдардың жиынтық есебін 2500 «Биологиялық активтер»
бөлімшесінде 2520/3 «Өсімдегі жас малдар» және 2520/4 «Бордақылаудағы ересек малдар»
аралық шоттарын ашып, жүргізе алады. Шаруашылықта өсірілетін жас малдың және
бордақылаудағы ересек малдардың түрлеріне байланысты ұйым бұл шоттарды әріқарай
жіктей алады. Оған: 1. «Жас төлдер» (жынысы, жасы, түрі бойынша); 2. «Бордақылаудағы
ересек мал» (түрлері бойынша); 3. «Құстар» (түрлері бойынша); 5. «Жануарлар» (түрлері
бойынша); 6. Негізгі табыннан шығарылған ересек малдар» (бордақылауға қойылмай
сойылған және сатылғандары) және т.б.
Өсімдегі жас малдар мен бордақылаудағы ересек малдардың қозғалысы бойынша
төмендегідей бухгалтерлік жазулар беруге болады:
4 кесте – Өсімдегі және бордақылаудағы малдар қозғалысы бойынша шоттар
коррепонденциясы
№
Шаруашылық
операциялары
Шоттар коррепонденциясы
Дебет
Кредит
1
Мал шаруашылығынан алынған жас
төлдің өзіндік құны
2520/3
2930
8110/2
2
Аналық жұмыс малдарынан алынған төлдердің өзіндік
құны
2520/3
8310
3
Өнім немесе жұмыс малдарын әділ құндары бойынша
негізгі табыннан бордықылауға қойғанда
2520/4
2520/1,
2520/2
4
Ұйымның есеп беруге тиісті тұлғасы арқылы өсіруге
және бордақылауға малдар сатып алған кезіндегі әділ
құны
2520/3,
2520/4
1250
5
Жабдықтаушылардан және жеке тұлғалардан сатып
алынған жас малдар мен
ересек малдардың әділ құны
2520/3,
2520/4
3310,
3390
6
Еншілес, қауымдастырылған және біріккен ұйымдардан
алынған,
өсіруге
және
бордақылауға
қойылған
малдардың әділ құны
2520/3,
2520/4
3320,
3330
7
Өсірудегі жас малдарды ересек
топқа айыстырған кезде
2520/3
2520/4
8
Өсірудегі және бордақылаудағы малдарды союға
тапсырғанда немесе сатқанда
7410
2520/3,
2520/4
9
Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың өлімі немесе
оларды амалсыз сойған кезде сатудың мүмкін құны
өндірістік шығындар ретінде есептен шығарылғанда
(қызыл жазу)
10
Жауапты тұлғалардың кінәсі бойынша өсімдегі жас
малдар мен бордақылаудағы ересек малдардың өлімі
немесе жоғалуы
жауапты тұлғаға апарылса
1250
2520/3,
2520/4
11
Төтенше жағдайлардың нәтижесінде (жауапты тұлғаға
апару негіз болмаса) өсімдегі жас малдар мен
бордақылаудағы ересек малдардың өлімі немесе
жоғалуы
7470
2520/3,
2520/4
Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың талдамалық есебін төмендегідей өндірістік
және жас топтары бойынша жүргізуге болады:
2520/3,
2520/4
8110/2
38
А) 2520/3 «Өсірудегі жас малдар»:
1. Ірі қара мал бағыты: екі жастан жоғары бұзаулар, екі жасқа дейінгі бұзаулар,
бұқалар (жасына қарай);
2. Шошқа бағыты: аналық шошқа, екі айға дейінгі торайлар, екі айдан төрт айға
дейінгі торайлар, төрт айдан жоғары торайлар (бордақылаудағы);
3. Қой және ешкі бағыты: негізгі табынға ауыстырғаға дейінгі өткен жылдың жас
малы мен тоқтылар, есепті мерзімде туылған қозылар мен лақтар. Осы топта қойлар биязы,
жартылай биязы және басқа да түрлері бойынша өсіріледі.
4. Жылқы және басқа да мал түрлері: құлындар, боталар жас топтарына қарай.
Б) 2520/4 «Бордақылаудағы ересек малдар» аралық шоты бордақылауға қойылған
қолда ұсталатын және жайылымдағы жүретін ірі қара мал, қойлар мен ешкілер, шошқалар
бағыты
бойынша жіктеліп, бордақылаудағы малдардың есебін жүргізуге арналған.
Ауыл шаруашылығы ұйымында бірнеше мал өсіретін және бордақылайтын
бөлімшелер болса, онда бөлімшелерде өсірілетін жас төлдер мен бордақылаудағы малдардың
қозғалысы жөнінде есепті бөлімше меңгерушісі жасауға тиісті. Бөлімше меңгерушісі
өсімдегі және бордақылаудағы малдар қозғалысы жөнінідегі бөлімшелік есепті ай сайын
жасайтын болса, ал жалпы кәсіпорын бойынша малдар қозғалысы жөніндегі есепті
бөлімшелерден алынған ай сайынғы
«Малдар қозғалысы есебінің ведомостісі» негізінде
тоқсанға бір рет «
Өсімдегі және бордақылаудағы малдар қозғалысы жөніндегі есепті»
шаруашылық меңгерушісі (бұрынғы бас зоотехник) жасай алады. Бұл есепте есепті ай ішінде
мал бөлімшелеріндегі өсіріліп және бордықыланып отырған малдардың нақты бары,
олардың кірісі мен шығысы жөнінде ақпараттарды жинақтайды.
Есеп берілетін мерзімнің соңында (тоқсан) «
Өсімдегі және бордақылаудағы малдар
қозғалысы жөніндегі есеп» мәліметтері бойынша тиісті бухгалтерлік жазулар беріліп,
журнал ордерге, Бас кітапқа, егер кәсіпорында бухгалтерлік есеп автоматтандырылған болса
машинограммаға түсіріледі.
Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында
шаруашылық бөлімшелері бойынша оларға кемінде тоқсанға бір рет түгендеу жүргізіп отыру
қажет. Түгендеу жүргізу үшін ұйымның ішінде арнайы түгендеу комиссиясы құрылып,
комиссия өсірудегі жас төлдер мен бордақылаудағы малдардың өндірістік және жастық
топтарына қарай санап, қажет болған жағдайда малдардың салмағын іріктеу арқылы өлшеп,
түгендеудің
нәтижесінде «Түгендеу актісі (анықтамасы)» рәсімделеді.
Түгендеудің нәтіижесінде артық шыққан мал құнына Дт 2520/3, 2520/4 Кт 6280; ал
кем шыққан мал құнына (жауапты тұлғаға апарылмаса) Дт 7470 Кт 2520/3, 2520/4
бухгалтерлік жазу беріледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың есеп объектісіне сипаттама беріңіздер.
2. Өсімдегі және бордақылаудағы малдарды бағалау тәртіптеріне сипаттама беріңіздер.
3. Өсімдегі және бордақылаудағы малдар қозғалысы бойынша алғашқы құжаттарды
атаңыз.
4. Өсімдегі және бордақылаудағы малдар қозғалысы бойынша алғашқы құжаттардың
рәсімделу тәртіптеріне сипаттама беріңіздер.
5. Өсімдегі және бордақылаудағы малдар есебін қай шоттар жүргізеді және оған сипаттама
беріңіздер.
6. Шаруашылық бөлімшелеріндегі өсімдегі және бордақылауға қойылған малдар
қозғалысы есебіне шолу жасаңыздар.
7. Өсімдегі және бордақылауға қойылған малдар қозғалысы бойынша қандай алғашқы
құжат үлгілерін қолдануға болады?
Негізгі әдебиеттер: