Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43

29 
 
4.  Тайгашинова  К.Т.  ,  Лапбаева  С.Ш.,  Бердимурат  Н    «Вопросы  организации  кластера  в 
фермерском хозяйстве», Алматы,2008 г. 
Қосымша әдебиеттер: 
1.Ержанова    С.Ж.,  Нурумов  А.А,  Чернова  Н.М.:  Бухгалтерский  учет  в  крестьянских 
хозяйствах» Алматы 
2. МСФО-41 «Сельское хозяйство» 
3. НСФО №1 Бюллетень бухгалтера, 2008г. 
4.  Международные  стандарты  финансовой  отчетности  (Общий  обзор  и  разъяснения). 
Составители Сейдахметова Ф. и др. - Алматы :ТОО «Издательство LEM», 2009 г. 
5.    Тайгашинова  К.Т.  ,  Тлеукабылова  К.Б.  “Значение  производственной  бухгалтерии  в 
условиях формирования рынка”, Алматы , 2009 г 
6.  Ержанова  С.Ж  .,  Нурумов  А.А.,  Чернова  Н.М.,  “Бухгалтерский  учет  в  крестьянских 
хозяйства 
 
Дәріс тақырыбы: 
3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ 
ЕСЕБІ 
 
Дәріс мақсаты: 
 
Ауыл  шаруашылығы  саласындағы  негізгі  құралдар  ұйымдардың  қызмет  істейтін 
активтерінің негізгі бөлігін құрайды 
Дәріс сұрақтары: 
1. Негізгі құралдарды жіктеу, бағалау және есепте алғашқы тану 
2. Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша құжат айналымы 
3. Негізгі құралдардың талдамалық және жиынтық есебі 
4. Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясының есебі 
5. Негізгі құралдарды жөндеу есебі 
  
1. Негізгі құралдарды жіктеу, бағалау және есепте алғашқы тану 
Ауыл  шаруашылығы  саласындағы  негізгі  құралдар  ұйымдардың  қызмет  істейтін 
активтерінің  негізгі  бөлігін  құрайды.  Негізгі  құралдарға  материалдық,  яғни  материалдық-
заттық  нысаны  бар  активтер  жатады,  мысалға  жылжымайтын  мүлік  (жер,  ғимараттар  мен 
құрылыс-жайлар  және  жермен  байланысты  басқа  да  объектілер),  машиналар  мен 
құрылғылар, көлік құралдары және т.б., яғни төмендегі талаптарға жауап беретіндер: 
-  өнімдер  (жұмыстар  мен  қызметтер)  өндіруге,  тауарларға  жеткізуге,  басқа  ұйымдарға 
жалға беруге немесе әкімшілік және шаруашылық мақсаттарға пайдалануға арналған; 
- бір жылдан артық пайдаланылатын; 
- сатып алушыларға қайта сатуға жатпайтындар. 
Негізгі  құралдар  есебін  дұрыс  ұйымдастыру  үшін  алдыменен  олардың  жіктемесін 
ажыратып алу қажет. 
Пайдалану  мақсатына  қарай  негізгі  құралдар  өндірістік  және  өндірісітк  емес  болып 
бөлінеді. 
Өндірістік  негізгі  құралдар  өндіріс  процесіне  тікелей  қатысатын  немесе  оған  қажетті 
жағдайлар жасайтын негізгі құралдар. Оларға төмендегілер жатады: 
Жер  (жер  учаскілері).  Есеп  бірлігі  болып  меншік  құқығындағы  немесе  тұрақты 
пайдалану құқығындағы жекелеген жер учаскілері саналады. 
Ғимараттар өндірістік цех, шеберхана ғимараттары. 
  Құрылыс-жайлар ( 
Машиналар мен құрылғылар, олар келесі топтарға бөлінеді: 
Көлік  құралдары  адамдардың  қозғалысын  және  жүктер  мен  басқа  да  заттардың 
тасымалын қамтамасыз ететін қозғалыс құралдары. 
Басқалары:  


30 
 
а)  құрылғылар  (электр  тескіштер,  бұзу  балғалары  және  басқалары)  –  қол  еңбегі 
кезінде немесе машиналардың қызметтерін күшейту үшін оларға бекітілгеннегізгі құралдар; 
ә)  өндірістік  құрылғылар  мен  оның  құрамдас  бөліктері  (бөшкелер, дүңгіршіктер  мен 
мүліктік  ыдыстық  заттар)  –  жұмыс  кезінде  өндірістік  операцияларды  жеңілдету  үшін 
қолданылады;  
б) жұмыс және өнім малы (жылқы, сиырлар, асыл тұқымды биелер, бура және інген 
түйелер,  қабан  және  ұрғашы  шошқа  және  т.б.).  Бұл  топтағы  есеп  объектісі  болып  әрбір 
жоғары жастағы малдар саналады. 
в) көп жылғы көшеттер (көгалдандырғыш, декоративтік, өнім беретін көшеттер және 
т.б.);  
Өндірістік  емес  негізгі  құралдар  –  тұтынуға  арналған  негізгі  құралдар.  Олар  өндіріс 
процесіне  қатыспайды,  бірақ  мәдени-тұрмыстық  қажеттілктерге  қызмет  көрсетуге  арналған 
негізгі құралдар. Оларға төмендегілер жатады: 
Тұрғын-үй  ғимараттары  және  басқа  да,  әкімшілік-шаруашылық,  әлеуметтік-
тұрмыстық  мақсаттағы  құрылыс  объектілері.  Бұл  топта  есеп  бірлігі  болып  өзіндік 
шаруашылық  мақсаттағы  әрбір  бөлек  тұрған  ғимараттар  мен  құрылыс-жайлар  саналады 
(қоймалар,  гараждар  және  т.б.).  «Ғимараттар»  тобының  есеп  бірлігі  құрамына  оны  толық 
пайдалану үшін қажетті барлық коммуникациялар (жылыту жүйелері, жарық, желдеткіш, су 
және газбен жабдықтау, ішкі телефон және сигнализация, лифті шаруашылығы). 
Басқа  да  негізгі  құралдар  (кітапхана  қорлары,  мұражай  құндылықтары,  жалдағы 
негізгі  құралдар  үшін  күрделі  шығындар,  қару-жарақтар,  қызмет  бағытындағы  иттер  және 
басқалары). 
Негізгі  құралдарды  пайдалану  деңгейіне  байланысты  есепте  пайдаланудағы, 
пайдаланудан  тыс  және  қордағы  деп  бөледі.  Сонымен  қатар,  бухгалтерлік  есепте  негізгі 
құралдар  меншікті,  яғни  ұйымның  меншігіндегі,  жалдағы,  яғни  ақылы  уақытша 
пайдаланудағы болып бөлінеді. 
Негізгі құралдардың өзіндік құнына төмендегі шығындар енгізіледі: 
-  негізгі  құралдардың  құрылысына  және  оларды  сатып  алуға  тікелей  байланысты 
қызметкерлердің еңбек ақысына арналған шығындар, 
- құрылыс учаскесін дайындауға арналған шығындар; 
- тиеу-түсіру жұмастары мен бастапқы жеткізу шығындары; 
- орнатуға және монтаждау жұмыстарына арналған шығындар; 
- негізгі құралдарды алғашқы іске қосуға байланысты шығындар;  
- қызметкерлерге сыйақылар; 
-  негізгі  құралдардың  құрылысына  байланысты  жер  учаскесін  қалпына  келтіру 
бойынша шығындар.  
Бастапқы  танылғаннан  кейін  негізгі  құралдар  барлық  жинақталған  амортизацияны 
есептен шығарғанда олардың өзіндік құны бойынша ескеріледі.  
Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері. Есепте және есеп беруде   негізгі 
құралдарды көрсету үшін бағалаудың келесі түрлері қолданылады: бастапқы құн, дұрыс құн, 
баланстық құн, ағымдағы құн, орын толтыру құны, амортизациялық құн. 
Бастапқы құн – активтерді сатып алу, салу кезінде оларға төленген ақша қаражаттары 
мен олардың баламалары немесе басқа да орын толтырудың дұрыс құндары. 
Баланстық  (қалдық)  құн  –  негізгі  құралдардың  жинақталған  тозу  құндарын  шегеріп 
тастағандағы баланста мойындалған құны. 
Дұрыс  нарықтық  құн  (сату  құны)  –  тәуелсіз  жақтардың  арасында  негізгі 
құралдардың объектісіне байланысты мәміле жасасу кезінде төленетін ақша қаражаттарының 
сомасына тең болады. 
Жою  құны  –  ұйымның  негізгі  құралдарды  пайдалану  мерзімі  аяқталған  соң  оларды 
жоюға  байланысты  шығындарды  шегеріп  тастағандағы  анықтаған  таза  сомасы.  Атап  өту 
қажет,  активтердің  жойылу  құны  тікелей  өлшеу  арқылы  емес  шама  (балама)  көрсеткіштері 
негізінде есептелгентіктен, есепті болып саналады. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау