Пәннің оқу-әдістемелік кешені 031100 «Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарына арналған біртұтас типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған



жүктеу 317,04 Kb.
бет4/5
Дата21.12.2019
өлшемі317,04 Kb.
#24762
1   2   3   4   5

Шабуылдауда доппен ойнау тәсілі. Допты саусақтарының арасын кең ашып, екі қолдап жан-жағынан қаусыра ұстайды. Допты дұрыс ұстай білуге үйрету: допты алып, оны жоғары көтеріп, тізе тұсына қарай шапшаң түсіру, содан соң қолды түзу ұстап допты оңға қарай көтеріп, шапшаң қимылмен солға ауыстырып, екі жаққа қарай шеңбер жасай ауыстыру. Допты саусақпен ғана, алақанның жоғары жағына тигізбей ұстау керек екендігін есте сақтаңыз.

Допты қағып алу. Допты екі қолдап қағып алу үшін бір орында тұрып, допқа қарай бір аяқпен қадам жасап, саусақтарды кең ашып, допқа қарай қолды түзу, еркін созу керек. Доп саусақтарға тиген кезде қолды сәл бүгіп, допты кеудеге қарай жылжытады. Биікте ұшып келе жатқан допты қағып алуды дәл осылай жасалады, тек доп жылдамдығын бәсеңдететін қимыл алдынан – жоғарыдан жасалады және осыдан кейін допты кеудеге қарай түсіреді.

Жүгіріп бара жатқан ойыншының соңынан ұшып бара жатқан допты қағып алу үлкен қиындық туғызады. Жүгіру жылдамдығын төмендетпей, доп келе жатқан жаққа қарай иық пен басты аздап бұру керек те, дәл осы сәтте сол жаққа қарай қолды созу керек. Саусақ допқа тиісімен, оны сырғанатып өзіне қарай тартып, екінші қолмен ұстап қалады.

Төмен ұшып бара жатқан допты қағып алуда қол алға қарай төмен созылу керек және мұнда аралары ашылған саусақтардың төмен, ал алақанның алға, ішке қарауын қадағалау керек. Траектория бойынша доппен амартизациялық қимылдар жасалады: тізеге-ішке-кеудеге, оңға немесе солға ұшып бара жатқан допты бір қолмен қағып алады, өзіне қарай жылжытып екінші қолмен ұстайды. Осыдан кейін доп кеудеге қарай өткізіледі, себебі осы жерден әперуде, лақтыру да қолайлы.

Допты әперу. Ойында кеудеден екі қолмен және бір қолмен әперу қолданыстары кеңінен таралған. Кеудеден екі қолмен әперу бастапқы қалыпта доп қарсыластан қауіпсіз жерде екі қолмен ұсталып тұрады, әперудің бұл түрі нақты да сенімді, оны бір орында тұрып та, қозғалыста да орындай беруге болады. Әперудің бұл түрінде доппен өзіне қарай жоғары-төмен түйін тәрізді кең емес қимылдар жасап, содан кейін оны қажетті бағытта лақтыру.

Ойында төменнен екі қолмен әперу қолданысы аялдаулар мен бұрылыстардан кейін жиі қолданылады. Доп лақтырарда төмен тізеге түсіріліп, санға қарай жылжытылады, сосын екі қолмен күрт қимыл жасай және алға қарай қадам жасап, қажетті бағытқа қарай жіберіледі. Әперудің бұл түрі өте ұзын бойлы қарсыласпен ойнағанда тиімді.

Иықтан бір қолмен әперу допты алыстан және тез беру керек болған кезде қолданылады. Бір қолмен «ілгек» әперуі – бастың астынан доға тәрізді кең қимыл жасау арқылы әперу.

Жалт беру алаңнан арқылы әперу шарт қозғалатын, епті қарсыласқа қарсы қолданылады. Әперудің бұл түрін бір қолмен де, екі қолмен де жасауға болады. Мұндағы негізгі шарттар: допты барынша қатты итеру керек, ал беру нүктесі ылғи да допты қабылдап алушы үшін жақын, ал әперуші үшін алыстау болуы қажет. Әперудің біл түрін допты алға немесе артқа қарай бұрау арқылы жасау өте тиімді.

Допты себетке лақтыру. Допты себетке лақтырарда ойыншыдан бұлшық ет күшін дәл есептеп, қол, дене, аяқ қимыладарының сәйкес келуі талап етіледі.

Кеудеден екі қолдап лақтыру – жалт беруден кейін допты шапшаң, бірақ жұмсақ лақтыра отырып қажетті траектория бойынша себетке түсіру. Көздеуде аяқ аздап бүгіледі, ал допты лақтыруда толық түзетіледі де, дене түгелімен доптың соңынан тартылғандай болады.



Екі қолдап жоғарыдан лақтыру – лақтырудың кеудеден екі қолмен жасалатын түріне ұқсас, тек бастапқы қалыпта доп маңдайдан жоғары ұсталады, ал бүгілген қол шынтақтары бет деңгейіне дейін көтеріліп алға – бір қырына қарай бағатталған. Сонымен бірге бұл лақтыру қалқаннан ыршып түскен допты қайта ұруда жиі қолданылады.

Бастан бір қолмен лақтырғанды орындауда доп қолдың бірінің саусақтарымен ұсталып тұрады, бұл жағдайда допты екінші қолмен ұстауға болады. Басқа қимылдар бастан екі қолдап лақтырудағылармен бірдей. Егер лақтыру орта не алыс қашықтықтан жасалса онда, шеңбердің алдыңғы шетінің ортасын көздеу керек. Жақын қашықтықтан лақтырғанда қалқанды қосымша нысана ретінде пайдаланып, дәл түсіруді жеңілдетуге болады.

«Ілгек» жасап лақтыру – бір қолмен кең доға тәрізді қимылмен жасалады. Лақтырушы шеңбер жағына бұрылады да, нысананы тауып кең қимылмен тізеден айналдыра әкеліп допты бастың үстінен шеңбердің 30-45 см. жоғары қалқанға қарай бағыттайды. Ілгек жасап лақтыру ұзын бойлы қорғаушыларға қарсы ойнағанда тиімді.

Жақын қашықтықтан лақтыру секіру арқылы жасалады, бір қолмен лақтыру кең таралған. Оны орындау үшін жүгіріп келудің соңғы қадаммен бірге доп қағып алынады да, екінші қадам жасап итеріледі, секіреді. Жоғарыға ұшып бара жатып, серпуші аяқпен алға-жоғары қарай қозғалыс жасайды да, сосын тіреуші аяққа қара түсіреді. Секірген сәтте допты қолмен жоғары көтеріп, ең жоғары нүктеде лақтыруды орындайды.

Қорғаныста ойнау тәсілі. Қорғаныстағы ойыншының әрекеті үнемі шабуылдаушы командаға қарсылық көрсетуге бағытталуы және допты себетке түсіргенше оған ие болуға бағытталуы қажет.

Аяқты алға шығарып тұру дене салмағын екі аяққа бірдей түсірумен сипатталады. Бір қол жоғары көтеріледі де, екіншісі бір жағына қарай төмен түсіріледі. Алға қай аяқ шығарылса, жоғары қарай сол қол көтеріледі.



Допты ұстап қалу қозғалыста қағып алудың жақсы дағдыларын талап етеді. Бұл қолданыста қарсыласты тыңғылықты бақылап және есте ұстап отыру әсіресе маңызды. Допты әперу жылдамдығы мен траекториясы және допты шабуылдаушының қолынан түсу сәтін бақылап отыру қажет.

Допты ұшырып түсіру қолдың қысылған саусақтарымен қарсыластың қолындағы немесе жүргізіп бара жатқан допты үстінен, астынан соғу арқылы орындалады. Қарсыластың қолындағы доп жасырылмай, ашық тұрған сәтте соғу керек. Егер доп деңгейінде немесе одан төмен болса, онда допты үстінен, ал басқа жағдайларда астынан соғу керек.

Себеттен немесе қалқаннан ыршып шыққан допқа ие болу - қажетті сәтте секіріп, допты қағып алуды талап ететін қолданыс. Алдын ала қолданысты жасайтын орынды таңдауды, доппен кездесетін уақытты дұрыс таңдауды және секіретін уақытты дәл анықтауды үйрену керек.

Жеке әдістік әрекеттерді үйрету.

Қауіпсіздендіру. Шабуылдаушылар жағына өту мүмкіндігін пайдаланып, қорғаныс кезінде серігіне көмек көрсететін қолданыс. Қауіпсіздендіру қарсылас қорғаушыдан құтылып, бірақ әлі алысқа ұзай қоймай және жылдамдығын арттырып үлгермеген кезде өте пайдалы.



Ауыстыру (алмасу) – қорғаныс айласы, қорғаушылар өздерінің қамқарлығындағы ойыншылармен ауысады. Бұл жағдай қорғаушылардың бірі тосқауылға ұшырап, өз қамқоршысына ілесе алмаған кезде қажет болады. Ауысар кезде ойыншылар сөз немесе басқа белгілер арқылы түсінісе алады.

Топтық әрекеттерге үйрету. Топтық өзара әрекеттерге екі немесе үш ойыншының өзара әрекеттері жатады. Осының негізінде командалық ойынның бүкіл тактикасы құрылады.

Тосқауыл – серігін аңдушыдан босатып алуда көмек көрсететін қолданыс. Тосқауыл қоюдың арқасында ойыншы қорғаушының іс-әрекетін тоқтатып оны ең ұзын жолға түсуге мәжбүр етеді.

Бірқалыптылықтан шығару – шабуылдаушының қозғалмай тұрған серігін қорғаушыны аңдушының қойылған тосқауыл ретінде пайдаланатын қолданыс. Шабуылдаушы серігінің дәл қасынан үлкен жылдамдықпен жүгіріп өтіп бара жатып, аңдушыны не сол серігіне, не қорғаушыға соғып кетуге мәжбүр етеді.Бұл қолданыста добы бар ойынщы да, допсыз ойыншы да қолдана алады.

Үштік. Үш ойыншының өзара әрекеті үшбұрыш түрінде өтеді. Ең жоғары басында қарсылас қалқанынан қалған екіуіне қарағанда алысырақ орналасқан шабуылдаушы доппен тұрады, ал ол екеуі алға шығыңқырап себетке қауіп төндіріп тұрады. Үштіктің өзара әрекеті шабуылдың бір жақ қанатында допты әперу мен екінші жақ қанатында тосқауыл қоюдың бірлігіне негізделген.

Жарыс ережелерінің негізгі қағидалары.

Баскетбол - әрқайсысы 5 адамнан тұратын екі команда арасындағы ойын.Бұл командалардың мақсаты бір жағынан қарсыластың себетіне допты мүмкіндігінше көп лақтыру болса, екінші жағынан қарсылас команданың осындай әрекетеріне кедергі келтіру.

  1. Допты бақылау.

  2. Команда 10 адамнан, жаттықтырушыдан және оның көмекшісіне тұрады.

  3. Ойыншыларды ауыстыру.

  4. Ереже бұзғаны үшін жазалау.

  5. Жаттықтырушы ойын кезінде командаға басшылық етеді.

  6. Команда капитаны - ойыншылардың ішінде төреші мен кез-келген мәселе бойынша сөйлесе алатын жалғыз ойыншы.

  7. Бастапқы лақтыру алаң ортасында әр таймның немесе қосымша уақыттың басында жасалады.

  8. Таласушы ойыншылар ауадағы допқа 2 рет қана қол тигізе алады.

  9. Допты ұстап жүру және жүгіру.

  10. Ойыншылардың бұрылулары допты бақылау кезінде ғана жасалады.

  11. Допты жүргізу бір аяқпен немесе кезек-кезек бір және келесі қолмен жасалады.

  12. Айыптық лақтыру аймағында ойнау.

  13. Алаң сыртынан допты ойынға лақтыру.

  14. Допты торға лақтыру.

  15. Жеке ескерту.

  16. Айып доп лақтыруды орындау.

  17. Команданың 7 рет тәртіп бұзуы.




  1. Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Бағдарламада жоспарланбаған

9. Студенттің өздік жұмысы.
1. Секіртпемен жаттығу.

Әдебиеттер: А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва., 1967 год

Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

2. Жалпы әсер ететін жылдамдық қабілеттерін дамытушы жаттығулар.

Әдебиеттер: А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва., 1967 год

С.Стонкус., «Индивидуальная тренировка баскетболистов» Москва., 1967 жыл

Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

М.А.Давыдов,. «Судейство в баскетболе» ФиС., Москва,. 1983 год

3. Жалпы және арнайы дамыту жаттығулары.

Әдебиеттер: А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва., 1967 год

М.А.Давыдов,. «Судейство в баскетболе» ФиС., Москва,. 1983 год

4. Қол бұлшық еттеріне және иық бөлігіне әсер ететін жаттығулар.

Әдебиеттер: Ф.Линдеберг., «Баскетбол, ойын және үйрету», Москва., 1971 ж М.А.Давыдов,. «Судейство в баскетболе» ФиС., Москва,. 1983 год

5. Денені бүгетін бұлшық еттерге әсер ететін жаттығулар.

Әдебиеттер: Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

6. Аяқ бұлшық еттерінің бүгіліп, жазылуына әсер ететін жаттығулар. Әдебиеттер: Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

7. Арнайы-дайындық жаттығулары..

Әдебиеттер: Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

8. Қол бұлшық еттері мен иық буын бұлшық еттерін дамытудағы жаттығулар.

Әдебиеттер: Ф.Линдеберг., «Баскетбол, ойын және үйрету», Москва., 1971 ж

С.Стонкус., «Индивидуальная тренировка баскетболистов» Москва., 1967 жыл

9. Жалпы және арнайы дамыту жаттығулары.

Әдебиеттер: А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва., 1967 год

М.А.Давыдов,. «Судейство в баскетболе» ФиС., Москва,. 1983 год

А.Зинин «Детский баскетбол» ФиС., Москва., 1969 год

10. Аяқты бүгіп-жазушы бұлшық еттерді дамыту.

Әдебиеттер: Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

11. Жалпы әсер ететін ететін жаттығулар (жеке және қос).

Әдебиеттер: А.Зинин «Детский баскетбол» ФиС., Москва., 1969 год

Е.Р.Яхотов., Л.С.Кит., «Индивидуальные упражнения баскетболистов» Москва., 1981 год

12. Жылдамдық-күштілік қабілеттерін дамытатын жаттығулар.

Әдебиеттер: С.Стонкус., «Индивидуальная тренировка баскетболистов» Москва., 1967 жыл

Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва., 1967 год

13. Дене, қол, аяқ бұлшық еттерінің күштілік төзімділігін дамытушы жаттығулар.

Әдебиеттер: Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва., 1967 год

14. Арнайы төзімділікті дамытатын айналма машықтануда қолданылатын жаттығулар кешені.

Әдебиеттер: И.А. Горбашев., «Баскетболды жоғары оқу орындарында оқыту» Алматы., 1994 жыл.

«Баскетбол» Москва., 1967 жыл

Ф.Линдеберг., «Баскетбол, ойын және үйрету», Москва., 1971 ж

15. Икемділікті дамытатын, жалпы әсер ететін жаттығулар.

Әдебиеттер: Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва., 1967 год

М.А.Давыдов,. «Судейство в баскетболе» ФиС., Москва,. 1983 год

16. Арнайы-дайындық жаттығулары.

Әдебиеттер: Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва., 1967 год

17. Үйлестіру қабілеттерін дамытуға жалпы әсер ететін жаттығулар.

Әдебиеттер: Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

18. Арнайы-дайындық жаттығулары.

Әдебиеттер: М.А.Давыдов,. «Судейство в баскетболе» ФиС., Москва,. 1983 год

А.Зинин «Детский баскетбол» ФиС., Москва., 1969 год

Е.Р.Яхотов., Л.С.Кит., «Индивидуальные упражнения баскетболистов» Москва., 1981 год

19. Жалпы және арнайы дамыту жаттығулары.

Әдебиеттер: И.А. Горбашев., «Баскетболды жоғары оқу орындарында оқыту» Алматы., 1994 жыл.

«Баскетбол» Москва., 1967 жыл

Ф.Линдеберг., «Баскетбол, ойын және үйрету», Москва., 1971 ж

20. Жалпы дене дайындығы.

Әдебиеттер: Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва., 1967 год

М.А.Давыдов,. «Судейство в баскетболе» ФиС., Москва,. 1983 год

А.Зинин «Детский баскетбол» ФиС., Москва., 1969 год

21. Жалпы және арнайы дамыту жаттығулары.

Әдебиеттер: Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва., 1967 год

М.А.Давыдов,. «Судейство в баскетболе» ФиС., Москва,. 1983 год

22. Денені бүгетін бұлшық еттерге әсер ететін жаттығулар.

Әдебиеттер: С.Стонкус., «Индивидуальная тренировка баскетболистов» Москва., 1967 жыл

Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

23. 1. Секіртпемен жаттығу.

2. Аяқ бұлшық еттерінің бүгіліп, жазылуына әсер ететін жаттығулар.

Әдебиеттер: И.А. Горбашев., «Баскетболды жоғары оқу орындарында оқыту» Алматы., 1994 жыл.

«Баскетбол» Москва., 1967 жыл

Ф.Линдеберг., «Баскетбол, ойын және үйрету», Москва., 1971 ж

24. Жылдамдық-күштілік қабілеттерін дамытатын жаттығулар.

Әдебиеттер: М.А.Давыдов,. «Судейство в баскетболе» ФиС., Москва,. 1983 год

А.Зинин «Детский баскетбол» ФиС., Москва., 1969 год

Е.Р.Яхотов., Л.С.Кит., «Индивидуальные упражнения баскетболистов» Москва., 1981 год

25. Жалпы дене дайындығы, кросс.

Әдебиеттер: И.А. Горбашев., «Баскетболды жоғары оқу орындарында оқыту» Алматы., 1994 жыл.

«Баскетбол» Москва., 1967 жыл

Ф.Линдеберг., «Баскетбол, ойын және үйрету», Москва., 1971 ж

26. 1. Сәл жүрелеп, аяқтарын иық көлемінен сәл ғана кеңірек ашып, допты аяқтарының арасынан сегіздік жасап қолдан қолға әперу .

2. Қол қоспасына әсер ететін жаттығулар.

Әдебиеттер: Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва., 1967 год

27. 1. Жалпы және арнайы дамыту жаттығулары.

2. Секіртпемен жаттығу.

Әдебиеттер: Ф.Линдеберг., «Баскетбол, ойын және үйрету», Москва., 1971 ж

С.Стонкус., «Индивидуальная тренировка баскетболистов» Москва., 1967 жыл

Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

28. 1. Иықтан бір қолмен әперу.

2. Төменнен бір қолмен әперу.

Әдебиеттер: А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва., 1967 год

М.А.Давыдов,. «Судейство в баскетболе» ФиС., Москва,. 1983 год

А.Зинин «Детский баскетбол» ФиС., Москва., 1969 год

Е.Р.Яхотов., Л.С.Кит., «Индивидуальные упражнения баскетболистов» Москва., 1981 год

29. 1. Допты бақылау.

2. Команда жасақтау, ойыншыларды ауыстыру.

Әдебиеттер: М.А.Давыдов,. «Судейство в баскетболе» ФиС., Москва,. 1983 год

А.Зинин «Детский баскетбол» ФиС., Москва., 1969 год

Е.Р.Яхотов., Л.С.Кит., «Индивидуальные упражнения баскетболистов» Москва., 1981 год

30. Топтық әрекеттерге үйрету.

Әдебиеттер: С.Стонкус., «Индивидуальная тренировка баскетболистов» Москва., 1967 жыл

Н.В.Семашко «Баскетбол» Учебник для физ. институтов, Москва., 1976 г

Ю.М.Портнов., «Баскетбол» Ю.М.Портнов, ФиС., Москва., 1988 год

А.Грасис., «Специальные упражнения баскетболистов», ФиС., Москва., 1967 год

10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі (егер пән бойынша қажет болса).

Бағдарламада жоспарланбаған
11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет.

Бағалау саясаты: Шынайылық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.



Семестрдің 7 (8) аптасында (1-7) апта нәтижесі бойынша және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 баллдық шкала бойыншы рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі.

U = ((Р1 + Р2) * 0.6 + E * 0.4

Р1- Бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті.

Р2- екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті.

Е- емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті.

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).

«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:



«Баскетбол оқыту әдістемесімен» пәні бойынша білімді бағалау кестесі




Бағалау

критериясы

Бағалау түрі

Апта







Жұмыс үшін%

Бар-

лығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Үй тапсырмасы

0,6

8,4

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




2

Жеке тапсырма

4,8

9,6



















+













+










3

Бақылау жұмысы

2

28

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




4

Практика-лық сабақтар-дағы белсенділігі

1

14

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

..

Т.б.























































Р1 + Р2




60














































..

Емтихан




40














































Барлығы




100














































жүктеу 317,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау