Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етеді. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалық бақылау әдістемелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалық бақылау әдістеріне бөлінеді.
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысынада оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, біріне бірі сұрақ қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен таспырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялды оқыту барысында нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал.
Дәрісті қорытындылау: Қайталау сабақтары. Жинақтай қайталау. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Қайталау сабақтарында қолданылатын әдістер
Қайталау сабағының тәсілдері
Қазақ тілін оқытудың қосымша түрлері
Әдебиеттер:
Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. –А. 2001
Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001
3. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005
Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1 2008 (15)
Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
Достарыңызбен бөлісу: |