Дәрісті қорытындылау: Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы. Морфологияны оқытудың ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар жүйесі. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыш сөздер мен көмекші сөздерді оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Морфологияны оқытудысинтаксистік негізде жүргізудің маңызы
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Грамматиканы оқытудың мақсаты.
Морфологияны оқытуға қатысты еңбектерге талдау жасаңыз
Әдебиеттер:
1 Ж. Мұсаұлы, Р. Әміренова «Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» Көкшктау, 2003 жыл.
2 Ш. Есмағанбетова «Оқушылардың танымдық іс- әрекетін қалыптастыру» Алматы «Ғылым» Ғылыми баспа орталығы, 2002 жыл.
3 «Әдіскер» журналы. 2005 жыл.
4 «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2001 жыл.
5 Қазақ тілі мен әдебиеті 2005ж. №9.39-42бб.
6 Ізденіс 2003ж.№4. 129б.
7. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
№9 Дәріс. Синтаксисті оқыту әдістемесі Сөз тіркесін оқыту әдістемесі
Мақсаты: Синтаксис - грамматиканың көлемді құраушы бөлігі екендігін атап өту. Мектепте оқылатын синтаксистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар туралы ұғым қалыптастыру.
Сөз тіркесінің коммуникативтік бірлік – сөйлем құрау материалы екендігі. Сөз тіркесінің құрамы мен сөз тіркесінің түрлері.Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айырта алуға үйрету. Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды танудың алатын маңызды орнын көрсету.
Жоспар:
Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі
Мектепте оқылатын синтаксис үғымдар жүйесі және синтаксисстік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.
Оқушыда қалыптасуға тиіс машық – дағдылар мен іскерлік жүйесі.
Синтаксистік талдау түрлері.
Сөз тіркесін талдау жолдары, жаттығулар және оның түрлері, көрнекіліктер мен оқу - әдістемелік құралдар жүйесі.
Синтаксис – грамматмканың морфологиядан кейінгі бөлімі. Тілдің қатынас құралы деп сипаттама бергенде, сол сипаттамаға сәйкес келетіе тілдік бірлік синтаксис болады. Тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық жүйелерінің бәрі тек синтаксис ардықы қатынас құралы құрамына ене алады. Синтаксис тілідің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық жүйелеріне сүйене, оларды жинақтай әрі олармен дидактикалық тұтастыққа ене отырып, адамның ойын қалыптастыруды, оны жарыққа шығарып, қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді.
Өздеріңізге мәлім, синтаксистің «сөйлем», «сөз тіркесі» деген екі үлкен обьектісі бар. Сөйлем дәрежесінде с –с тілдің қарым-қатынас бірлігі болып, адамның ойын білдіреді, осы тұрғыда ол – тілдің логикамен байланысын жүзеге асырады. Демек, с-с курсының мектепте оқытылуының тілдік жүйе түрінде түсініп біліуінде үлкен маңызы бар. Синтаксистік бірліктер, алдымен сөйлем, бірініші сыныптан бастап оқытылады. Оның жүйелі курсы 5-7 сыныптарда, 6-7 сыныптарда әр сөз табының синтаксистік қызметі оқытылады.
Мектепте синтаксисті оқытудың міндеттері:
Синтаксистік ұғымдар мен ережелер жүйесін саналы қабылдау негізінде ана тілінің құрлысы жайында оқушыларға саналы білім беру;
Тілдің синтаксистік нормаларына сәйкестік тұрғыда оқушылардың тілін, сөйлеуін дамыту;
Оқушы тілінің синтаксистік құрлысын мақсатты түрде байыту;
Пунктуация ережелерін оқушылардың ойдағыдай қабылдауына негіз қалау;
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту ана тіліне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеу, тілдіктәсілдер арқылы, оның материалын оқып үйрену арқылы оқушыларға тәрбие беру.
Достарыңызбен бөлісу: |