Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті 5В020500 «Филология» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



жүктеу 283,72 Kb.
бет17/106
Дата16.01.2022
өлшемі283,72 Kb.
#32570
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   106
0bba3ffa-a182-11e4-8a1d-f6d299da70eeМетодика-метод. материалы№1

 4. Қазақ тілін оқытудың ұстанымдары

Қазақ тілі әдістемесі - ана тілін ұғынудың заңдылықтарын, тілдің қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. Педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту; ұстанымдарын, оқуды ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін, білімді игертудің ең тиімді, ұтымды жолдарын, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың амалдарын зерттейді. Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту барысында мұғалім дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі теориялық қағидаларына сүйенеді.

XVIII ғасырда өмір сүрген әйгілі чех педагогі Ян Амос Коменский дидактика саласында еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырды. Педагогтің "Ұлы дидактика" еңбегінен кейінгі ұрпаққа өнеге болатындай сөздер орын алды. Кейбір педагогтар баланың сезім қабілетін ескермей, оның ақылын дамытуды ғана көздеген. Оқыту мен тәрбиелеудің бұл тәсіліне Я.А.Коменский қарсы болды. Ол әр түрлі сыртқы әсерлерді адамның қабылдауы сезімнен басталатындығын өз еңбегінде айтқан.  Оқу- тәрбие жұмысының негізгі әдісі - баяндау мен сөзге құрылған бақылау емес, дидактика заңдарын терең қолданып, жаттықтыру, яғни білімді іскерлік негізінде меңгеріп, оны дағдыға айналдыру. Осы тұрғыда Я.А.Коменскийдің мектепті жаттығу орнына балауының маңызы зор. Ол: "Білімнің негізі зат пен құбылыстың өз табиғатынан алынсын. Ұстаз аз сөйлеп, шәкірт көп үйренетін болсын. Тәртібі жоқ мектеп сусыз диірменге ұқсайды. Білімнің негізінде әдемі зат, көркем текст содан соң талдау, аяғында қорыту тұрады" - деген дидактикалық қағидалары осы күнге дейін өзінің құнын жойған жоқ.

Я.А.Коменскийдің идеясын одан әрі жалғастырған орыс педагогі К.Д.Ушинский ана тілін мектепте оқылатын пәндердің негізгісіне теңеп: "Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыстану ғылымдарын және математиканы үйренген кезде теореманы немесе математикалық есепті өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?"- деген болатын. К.Д.Ушинский оқу материалын меңгеруде әңгіме, салыстыру, пысықтау, бекіту сияқты әдістерді тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді.

Дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оны оқыту теориясын қарастыратын саласы. Ол білімнің мазмұнын, ғылыми негізін, оқыту әдістерін зерттейді. Нені оқыту керек, қалай оқыту қажет деген сұрақтарды шешіп отырады. Осы мәселелер женінде өзінің ұстанымдарын белгілейді.

Қазақ тілін оқыту жөніндегі әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде дидактикалық ұстанымдардың бірнеше түрлері қамтылған. Б.Құлмағанбетова дидактикалық ұстанымдардын сегіз түрін, атап айтқанда, оқытудың ғылыми ұстанымын, жүйелілік ұстанымын, материалды дұрыс орналастыру ұстанымын, алдын-ала болжау ұстанымын, саналылық ұстанымын, оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымын; теория мен практиканы өмірмен байланыстыру ұстанымын, оқытудың көрнекілік ұстанымын ұсынады.

С.Қазыбаев  балаларды  тәрбиелеу әрі дамыту,оқу материалын саналы меңгерту, ғылыми дұрыс білім беру, білім, білік, дағды беріктігі,   түсініктілік, көрнекілік, оқушылардың оқу еңбегінде көрсеткен белсенділігі мен өздік жұмысы, білімнің жүйелілік және бірізділігі,  оқытудың сабақтастығы ұстанымдарын -барлығы тоғыз ұстанымның қажеттігін айтады.

Әдіскердің ұсынған  сабақтастылық ұстанымы Б.Құлмағанбетова ұсынған алдын-ала болжау ұстанымына ұқсас. Дегенмен, айырмашылығы да бар. Бұл екі ұстаным да алдыңғы сабақта өтілген материалдың толықтырылатынын ескертеді. Бірақ, алдын-ала болжау - алдыңғы сабақта  оқытылатын материалды меңгертудің тиімділігін алдын-ала болжап, бастауыш сыныптарда өтілген тақырыптар жоғары сыныптарда   толықтырылып   өтілетініне   сүйенеді.   Ал сабақтастық ұстанымында әр күн, әр тақырып, әр бөлім бір-бірімен сатылап байланысады.

Ә.Исабаев ұстанымдарды ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдары деп топтастырады. Әдіскер ұсынған оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы басқа әдіскерлердің еңбектерінде кездеспейді.

А.Әбілқаев оқытудың тоғыз ұстанымын ұсынады. Әдіскер ұсынған жаңа ұстаным - перспективті ұстанымы. Перспективті ұстанымы оқыту тек әрбір сабақтың ғана мақсатын көздемей, сол сабақта не оқытылады, қазіргі оқытылып жатқан материалды оқушылар ұққанда, оның келешекте өтілетін материалды меңгеруге қандай көмегі бар дегенді негізге алады.

Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың формалары мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені анықтауда дидактикалық принципті басшылыққа алады. Принцип - латын сөзі основа первоначально-руководящая идея... қазақшасы - оқытуда басшылыққа алатын идея, қағида. Қазақ тілін оқытудың барлық сатысында бағыт беретін негізгі жұмыс бағыты осы.
Дидактикалық принципті алғашқы зерттегендер: чехтың ұлы педагогі Я.А.Коменскийден басталса, орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский, қазақ халқында Ы.Алтынсарин құнды пікір айтты. Оқытудың бағытын, принциптерін зерттеуде Одақ /кеңес/ кезінде педагог ғалымдарымыз көп еңбек сіңірді. Мысалы, Н.А.Сарокин оқыту принциптерінің 8 түрін тұжырымдап көрсетсе, М.А.Данилов /"Дидактика средней школы"/ 1975 ж. кітабында дидактикалық принциптің 7 түріне түсінік береді. Т.А.Ильина "Педагогика" кітабында оқытудың 7 түрлі принциптеріне анықтама береді. Ю.К.Бабанский /Педагогика, І977 ж./ оқыту принциптерінің 13 түріне тоқталады.
Қазақ балаларын оқытуда Ы.Алтынсарин мұғалімдерге өте жоғары талап қоя білген: «...әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру, өз оқулығында /"Қырғыз хрестоматиясы"/ тақырыптарға сәйкес суреттеу, сурет арқылы беру сияқты, көркем жазуды, әріптердің формасын дұрыс түсінуге, дағдыландыруды үйрету ...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің - көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру, баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру арқылы және оған өз бетімен жұмыс істеу керек», - дейді. Ы.Алтынсарин оқыту принциптеріне: түсініктілік принципі, көрнекілік принципі, жаттығу принципі, өз бетінше оқыту, саналылық принципін ұсынған. 
Қазақ тілін оқыту әдістемелерінде оқытудың 4 және 7 түрлеріне талдау жасалынған.
Сонымен қазақ тілін оқыту принциптері былайша топтастырылады:

а) Қазақ тілін оқытудың ғылымилық ұстанымы


ә) Жүйелілік ұстанымы
б) Көрнекілік ұстанымы

в) Саналылық пен белсенділік ұстанымы


г) Тероияны практикамен байланыстыру ұстанымы
ғ) Түсінуге жеңіл қолайлылық ұстанымы
д) Оқытудың психологиялық ерекшелігін ескеру ұстанымы

Заман талабына сай оқыту принциптері іздеуді, зерттеуді қажет ете береді. 



жүктеу 283,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   106




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау