Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Дәріс №10. Ақпараттық технологиялар сызығын оқыту әдістемесі



жүктеу 2,08 Mb.
бет6/12
Дата07.12.2017
өлшемі2,08 Mb.
#3464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәріс №10. Ақпараттық технологиялар сызығын оқыту әдістемесі
«Ақпараттық технологиялар» сызығы аймағында қарастырылатын әрбір тақырыптық бөлімінің теориялық және технологиялық мазмұнын мұғалім анық айыра білуі қажет.

Теориялық мазмұнға әртүрлі ақпараттың ЭЕМ жадында ұсынылу мәселелері, деректерді құрылымдау, тап осы технологиялық құралдың көмегімен ақпараттық есептердің шешу әдістерін қарастыру кіреді.

Технологиялық мазмұнға жататыны:

-қолданылатын аппараттық құралдарды білу, үйрену: тап осы технологияда қолданылатын және ЭЕМ архитектурасы туралы оқушылардың ұғымын кеңейтетін, компьютердің жеке құрылғыларының жұмыс жасау принциптерімен жете танысу;

-қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыруды білу және игеру: редакторларды, кестелік процессорларды, ДҚБЖ және т.б.

Оқушыларды әрбір жаңа ақпараттық технологиямен таныстыруды, оның қай салада қолнылатындығы туралы әңгімеден бастау қажет.

Әрбір қолданбалы бағдарламалық құралды оқып білу, игеру, оның мына тараптарынан қарастырылуы қажет: өңделетін деректер, ортасы (интерфейсі), жұмыс режімі, басқару бұйрықтары. Оны мына методикалық схема түрінде бейнелеуге болады.

Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы

Қарастырылатын сұрақтар:

-мәтіндік редактордың өндейтін деректері;

-аппараттық құралдар;

-қолданбалы бағдарламалық құралдар;

-мәтіндік редактордың ортасы;

-жұмыс режімдері;

-мәтіндік редактормен жұмыс жасау бұйрықтары;

«Ақпараттық технологиялар» мазмұндық сызығына жататын «Мәтіндік ақпараттарды өңдеу» тақырыбы, әдетте, базалық курста бірінші болып оқытылады.

Қолдану аймағы: мәтіндік құжаттарды дайындау, баспа қызметі. Мамандандырылған компьютерлік құралдар баспа жүйелері деп аталады.

Мәтінмен жұмыс жасаудың компьютерлік технологияларының теориялық негізіне – мәтіндік ақпаратты кодтау, мәтіндік құжаттарды және файлдарды құрылымдау мәселелері жатады. Мәтіндік ақпаратты ұсыну, кодтау мәселелері жоғарыда бөлімдерінде қарастырылды.

Деректер. Мәтіндік редактор, символдық ақпаратпен жұмыс жасайды, онда құрылымның мына формаларын ерекшелеуге болады:

- символдар;

- сөздер;

- жол; символдар жолы;

- абзацтар;

- мәтіннің үзінділері (блоктар);

- файлдар.

Бұйрықтар жүйесінде осы құрылымдардың әрқайсысымен тұтастай жұмыс жасайтын бұйрықтар бар.

Символ – символдық ақпараттың ең кіші бірлігі, МР өңдеуге жататын минимальды объект. Символдар мен амалдар негізінен оларды енгізгенде, әр символды түзеткенде жүреді.

Сөз – оң және сол жағынан бос орынмен (орысш. – пробел) немесе тыныс белгілерімен шектелген, символдар жиынтығы; мәтін бойы тез жылжыту, үзінділерді жою бұйрықтарында қолданылады.

Жол – нүктелер арасындағы символдық ақпараттың ерікті тізбегінің кесіндісі. Символдар жолы – мәтінде бір жол алатын деректер, оның өлшемі мәтінді пішімдеумен анық сызылады.

Абзац (нем. absatz – бөлім, мәтіннің бөлігі) – бірнеше сөйлемнен құралған жазбаша сөздің кесіндісі. Абзац ойы, тақырыбы, идеясы және сюжеті бірлескен мәтінді логикалы бөліктерге бөлуге қолданылады.

Абзац әрқашанда жаңа жолдан басталады. Әр абзацқа сол және оң жақ шекаралары және бірінші жолдың ығысуы қойылады. Жаңа абзацқа өту үшін міндетті түрде пернесін басу қажет.

Оң абзацты шегініс (орысш. – отступ) – мәтіннің бірінші жолының оң жаққа жылжуы (қызыл жол).

Мәтіннің үзінділері – тізбектелген жолдардың жиынтығы, олармен тұтастай жұмыс жасауға (жоюға, орнын ауыстыруға, көшірме алуға) болады.

Файл ұғымы ақпаратты магниттік дискіде сақтау, оқу, және жазумен байланысты. Мәтіндік файлдарды – аты аталған мәтіндік деректер деуге болады.



Аппараттық құралдар. Мәтіндік редактордың көмегімен мәтіндік құжатты жасау үрдісі кешенді сипат алады, онда компьютердің барлық негізгі құрылғылары іске қосылып отырады. Осы тақырыптың аясында оқушылар ЭЕМ әртүрлі аппараттық компонеттерінің жұмыс жасау принциптері туралы білімдерін кеңейтулері қажет. Ақпараттық технологиялар сызығымен «Компьютер» сызығының қиылысқанын осыдан байқауға болады.

Пернетақта – мәтіндік редакторды басқару, мәтінді енізу үшін негізгі құрылғы болып табылады. Мәтіндік редактормен жұмыс жасағанда мына перне топтарының бәрі қолданылады:

-функционалды;

-басқарушы;

-режімдерін ауыстыру;

-меңзердің жылжулары;

-басқа пернелер.

Дисплей. Біріншіден, оқушылар кез келген бейне экранға жарқыраған нүктелер жиымы – пиксельдерден құралып шығатынын білуге тиіс. Мәтіннің символдары үзіліссіз сызықтардан емес, жеке нүктелерден құрылады. Символдардың бұл дискреттік құрылымын экранға зейін салып қарағанда көруге болады.

DOS жүйесіне бағынышты жұмыс жасайтын барлық мәтіндік редакторлар, экранның символдық режімін қолданады. Бұл режімде экранға шығарылатын символдардың позициясы және өлшемі қатал анықталады.

Экранның символдық режіміне бағытталған мәтіндік редакторлар, символдардың өлшемін өзгертуге, әртүрлі шрифттерді қолдануға мүмкіндік бермейді. Тек қана бір стандартты шрифт болады. Мысалы, Паскаль бағдарламалау жүйесіндегі мәтіндік редакторы MS-DOS жүйесіне бағытталған, сондықтан экранның символдық режімін қолданады.

Windows операциялық жүйесі және оның барлық қосымшалары дисплеймен, тек қана графикалық режімде жұмыс жасайды. Сондықтан экранға символдарды әртүрлі өлшемде және пішінде, кез келген позицияда шығара беруге болады. Әйтсе де, экранның дискреттік пиксельдік құрылымы қала береді, соның нәтижесі символдардың мозаикалық бейнелену принципі болып табылады.

ЭЕМ жадысы. Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау барысында, компьютердің ішкі (жедел) және сыртқы жадыларының қайсысы болсын іске қосылып тұрады. Осы жады формаларының қайсысы қандай мақсатта қолданылатынын оқушылар жақсы білуге тиіс.

Мәтіндік редактордың (МР) өзі (ДК барлық бағдарламалық жасақтамалар сияқты) магниттік дискіде (винчестерде), яғни сыртқы жадыда сақталып тұрады. Оқушыларға МР-дың қай каталогта (қапшықта) тұрғанын көрсетіп, оның жұмысқа қалай жіберілетінін түсіндіру қажет.

Мәтіндік редактордың жіберілуі – МР-дың бағдарламасының файлын жедел жадыға көшіру және инициалдануы (алғашқы рет іске қосылуы) арқылы жүзеге асады. Жұмысқа қосылып тұрған уақыт бойы МР бағдарламасы жедел жадының белгіленген бөлігінен орын алып тұрады. МР жабылған соң жедел жады босайды.

Пайдаланушының енгізетін мәтіні, жедел жадының сол үшін тағайындалған арнайы орынға – МР жұмыс аймағана кіргізіледі. Жедел жадының тағы бір бөлігінде алмасу буфері орын алады. Алмасу буфері (ағылш. – clipboard) – ақпаратты уақытша сақтауға арналған жадының аралық аймағы (6.2-сурет). Буфер қапшықтардың, файлдардың, құжаттардың, т.б. көшірмесін жасағанда және қолданбалы бағдарламалардың арасында ақпарат алмасуына қажет.



Қолданбалы бағдарламалық құралдар. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасауға арналған қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру қатарына – мәтіндік редакторлармен мәтіндік процессорлар жатады.

Мәтіндік редактор – мәтіндік файлдарды құру және өзгерту үшін, сонымен қатар, оларды экранда қарау, баспаға шығару, мәтіннің кесінділерін іздеу және т.б. арналған компьютерлік бағдарлама. Оған Windows жүйесінің стандартты қосымшасына кіретін «Блокнот» және Word Pad қарапайым мәтіндік редакторларын жатқызуға болады.

Мәтіндік процессорлар – бұл, графиктерді, формулаларды, кестелерді және көптеген басқа объектілерді енгізу мүмкіндігі бар, мәтінді пішімдеу қызметтері кеңейтілген редакторлар.

Мұндай редакторларды мәтіндік процессорлар деп жиі атайды, олар, жеке хаттардан бастап ресми қағаздарға дейін, неше түрлі құжаттарды құру, жасау үшін арналған. Қазіргі кездегі ең кең тараған мәтіндік процессорлардың бірі Microsoft Word болып табылады.

Microsoft Word – Windows операциялық жүйесіне үйлестірілген, әртүрлі мәтіндік құжаттарды теру, түзету, графикалық объектілерді (суреттер, графиктер, формулалар, т.б.) қою, жөндеу мүмкіндігі мол, графикалық-объектілі, көп терезелі редакторлық процессор.

Word редакторының өте кең баспагерлік, типографиялық мүмкіндіктері, пайдаланушының жұмысын мамандандыруға ынталандырады. Оқушылардың ең бірінші игеретін қолданбалы бағдарламасының типі – мәтіндік редактор.

Орындауға жіберілген мәтіндік редактормен қоса, компьютерді мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасайтын мамандырылған орындаушы деп айтуға болады:

Бұл орындаушы адамның (пайдаланушының) басқаруымен жұмыс жасайды. Бұл жүйемен жұмыс жасау барысында, адамның орындайтын барлық әрекеттерін (символды енгізу, символды жою, үзіндіні буферге жіберу, мәтінді файлда сақтау және т.б.) орындаушының басқару бұйрықтары деп қарастырылады.

Сондықтан мәтіндік редакторды оқыту (басқа да ақпараттық технологиялардың қосымша құралдарын оқыту сияқты) әрбір орындаушыға тән дәстүрлі әдістемелік схемамен жүргізіледі:

-деректер: мәтіннің құрылымды бірліктері;

-МР ортасы;

-МР жұмыс режімдері;

-бұйрықтар жүйесі.

МР ортасы. Сабақта нақты қандай мәтіндік редактор қарастырылмасын, оның бас терезесінің интерфейсі мына бес негізгі аймақтан тұратынына оқушылардың назарын аудару қажет:

-тақырып жолы – стандартты жүйелік: «Свернуть» (жинау), «Развернуть» (жазу), «Закрыть» (жабу) батырмаларынан тұрады;

-мәзір жолы мәзірдің негізгі бұйрықтарынан тұрады. Барлық бұйрықтар иерархиялық болып келеді, яғни бұйрықтардың біреуі таңдалғанда, экранға оған бағынышты бұйрықтар тізімі төменге жазылып шығады. Сонымен қатар, көптеген амалдарды тездету үшін, мәнмәтіндік мәзір (орысш. – контекстное меню) қолданылады. Мәнмәтіндік мәзірді шақыру үшін объектіні белгілеп, тінтуірдің оң батырмасы немесе Shift+F10 пернелер тіркесі басылады. Мәнмәтіндік мәзірмен жұмыс жасау оқушылардың тұрақты дағдысына айналуға тиіс.

-басқару тақталары – бұйрықтарды тез орындау үшін біздің қолдануымызға ыңғайлы құралдарын ұсынады. Керек тақтаны экранға қою үшін: Вид -- Панели инструментов шыққан тізімнің ішінен керегін таңдап, мысалы, «Таблицы и границы» қасына қанатша қойса болғаны. Әдетте, экранда жиі қолданылатын «Стандартная», «Форматирование», «Рисование» тақталары тұрады.

-терезенің жұмыс өрісі – мәтін бейнеленетін экрандағы бос орын. Онда бір немесе бірнеше мәтіндік құжаттар ашық тұруы мүмкін. «Окно» бұйрығы арқылы құжаттан - құжатқа ауысуға

болады.

-жағдай жолы терезенің төменгі жағында орналасқан. Жағдай жолының сол жағында ағымды құжаттың жағдайы: ағымды беттің және бөлімнің нөмірлері; құжаттың басынан ағымды бетке дейінгі бет саны және беттердің жалпы саны; беттің жоғарғы шетінен меңзерге дейінгі қашықтық және жол саны сол жақ өрістен, меңзерге дейінгі символдар саны бейнеленеді. Сонымен қатар, жағдай жолында тап осы сәтте мәтіндік редактордың қай режімде екенін хабарлайтын индикаторлар бар.

Жұмыс режімдері. Мәтіндік редактордың, айқын бір жұмыс түрін орындауға бағытталып, нақты белгіленген жағдайын – оның режімі деп түсініледі.

Құжатты жасау режімі. Құжатты жасау үшін мына амалдарды орындау қажет:

1. Мәтінді енгізу.

2. Мәтінді редакциялау.

3. Символдарды пішімдеу.

4. Абзацтарды пішімдеу.

5. Иллюстрацияларды енгізу.

6. Колонтитулдарды енгізу.

7. Беттерді пішімдеу.

8. Сілтеме1 (орысш. – сноска) енгізу;

Мәтіндік Word процессорында жаңа құжатты жасаудың мына әдістері қолданылады: жаңа бетті ашып құжатты теру, дайын шаблон бойынша жасау, бар құжаттың негізінде жасау.

Жаңа құжатты жасау (таза беттерді «алу») – Файл  Создать  Новый документ  ОК. Немесе саймандар тақтасындағы «Создать» батырмасы шертіледі.

Жаңа құжатты дайын үлгі (шаблон) бойынша жасау – Файл  Создать  (На моем компьютере, На моих Web-узлах, Шаблоны Office Online), құжаттың типін таңдау (Письма и факсы, Записки, Другие документы, Web-страницы), таңдалған типтен нақты құжаттың атауын шерту, мысалы, Изысканное письмо немесе Современное резюме. Мұндай құжатта ұсынылған қасиеттер бойынша деректерді енгізсе болғаны.

Бар құжатты (файлды) шақыру (ашу) – Файл  Открыть, дискілерде, қапшықтарда тұрған керек файлды тауып, оның атауын екі рет сырт еткізу. Немесе тақтадағы «Открыть» батырмасын шертіп Открытие файла терезесінен  ... .керек қапшықтан файлды табу Мәтінді енгізу. МР енгізу режімін жағдай жолы анықтайды. Мәтін алфавитті-цифрлық пернелер көмегімен енгізіледі. Үлкен әріпті енгізу үшін SHIFT пернесі қолданылады. Үлкен әріптердің ұзын тізбегін енгізу CAPSLOCK пернесімен пернетақтанің режімін ауыстыру арқылы жүзеге асады. Мәтінді енгізгенде мына ережелерді ұстану қажет:

-қазіргі мәтіндік редакторлардың бәрінде, мәтінді теру барысында жаңа жолға өту автоматты түрде жүреді;

-абзацтың аяғы Enter пернесін басу арқылы белгіленеді;

-тыныс белгілерінен кейін міндетті түрде бос орын қажет; алдында бос орын терілмейді. Арнайы тыныс белгілері пернелердің мына комбинациясы арқылы жүзеге асады (6.1-кесте):

6.1-кесте


Белгілер

Перне немесе пернелер комбинациясы

Сызықша (дефис)

<->

Үзіліссіз сызықша

+ + <дефис>

Тире

< Alt > + 0150

Үзіліссіз бос орын

+ + <пробел>

©

< Alt > + 0169

Меңзер (сілтеуіш) ұғымы. Мәтінді енгізу жыпылықтаған меңзер деп аталатын, тік сызық –тұрған жерден басталады. Меңзерді тінтуірдің меңзерімен шатыстыруға болмайды. Оқушылардың назарын осыған аудару қажет. Тінтуірдің меңзері – ол басқарудың белсенді элементі, ал меңзер құжаттың аймағынан шықпайтын тек маркер ғана.

Әрекеттерді кері қайтару және күшін жою құралдары. Мәтіндік редакторда мәтінді енгізу, редакциялау және пішімдеу амалдарының бәрі хаттамаланып жатады, сондықтан соңғы әрекеттердің қажет санын кері қайтаруға болады. Ол үшін «Стандартная» тақтасындағы дөңгелек тілді «Отменить» батырмасы шертіледі немесе CTRL+Z пернелер комбинациясы қолданылады.

Мәтінді редакциялау. Редакциялау – бар құжатқа қандайда бір өзгерістерді енгізу. MS Word редакторы құжаттарды редакциялау құралдарының жиынын кеңінен ұсынады.

Тікелей редакциялау құралдарына көшпес бұрын MS Word редакторының ортасында құжатпен жұмыс жасау режімдерін қарастырып кетейік.

Экранда құжатты ұсыну құралдары. MS Word редакторында құжатпен жұмыс жасау, экранда ұсынудың мына режімдердің біреуінде жүреді:

-«Обычный» режімі.

-«Разметка страницы» режімі.

-«Структура» режімі.

-«Схема документа» режімі.

-«Web-документ» режімі.

-«Во весь экран» режімі.

-«Предварительный просмотр» режімі.

«Обычный» режімі – құжатпен жұмыс жасаудың жылдамдығын қамтамасыз етеді. Әйтсе де, бұл режімде элементтердің көбіне қол жеткізу қиындап қалады.

«Разметка страницы» режімі – пайдаланушыға ең ыңғайлысы, себебі мәтіннің терезедегі пішімі, қағазға дәл сондай пішімде шығарылады.

««Структура» режімі – құжаттың құрылымын жасауға ыңғайлы құралдарды ұсынады.

«Схема документа» режімі – арнайы құжатты экраннан оқуға арналған. Бет екіге бөлінеді: құжаттың схемасына және мәтінге. Үлкен құжаттың ішінен керек бөлімді іздеуге ыңғайлы.

«Web-документ» режімі – Интернет құжаттарын дайындауға арналған.

«Во весь экран» және «Предварительный просмотр» режімдері әдетте, құжатты редакциялауда қолданылмайды.

Мәтінді редакциялау кезінде – мәтінді ерекшелеу, түзеу, құжаттың үзінділерін көшірмелеу, орнын ауыстыру, әртүрлі символдарды, суреттерді, т.б. объектілерді енгізу әрекеттері орындалады. Осы әрекеттер мәзір жолында орналасқан: Правка, Вставка бұйрықтарына бағынышты опциялар арқылы жүзеге асырылады.

Мысалы, мәтіндегі бір сөзді басқа сөзге ауыстыру үшін мына әрекеттер тізбегі орындалады: Правка  Заменить  шыққан диалогтық терезенің «Найти» жолында ауыстырылатын, «Заменить на» жолында соны ауыстыратын сөздерді теріп, (мысалы руб сөзін тенге сөзіне)  Найти далее  Заменить. Немесе мына жылдам пернелер тізбегі қолданылады:



Ctrl + f немесе а (орысша)

Табу (Найти)

Ctrl + h или р (орысша)

Ауыстыру (Заменить)

Shift + F7

Синонимдер

F7

Жазу ережесі (Правописание


Мәтінді форматтау (пішімдеу). Бұл режім мәтінді керекті түрде құрастыруға мүмкіндік береді. Мәтін элементтерін пішімдеуге арналған батырмалар, шрифтердің түрін, өлшемін таңдайтын, мәтінді туралау және т.б. қажет құралдар МР форматтау саймандар тақтасында орналасады. Мәтіндегі символдарды, абзацтарды пішімдеу, тізім жасау, әріптердің регистірін (кіші/үлкен), мәтінде бағамдар (колонки) жасау, т.б. амалдарды – «Формат» бұйрығына бағынышты – Шрифт, Абзац, Список, Колонки, Регистр, т.б. бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

Символдарды пішімдеуге – шрифттің әртүрлі параметрлерін, символдар арасындағы интервалдарды, жоғарғы және төменгі индекстерді қою жатады. Шрифттің параметрлеріне – шрифттің типі және өлшемі, кескіні, түсі, арнайы эффектілері жатады.

Абзацтарды пішімдеуді қарастырғанда оқушылармен мына ұғымдарды талдап алу қажет:

- шегініс (жол басындағы бос жер) – беттің сол жақ өрісінен абзацтың мәтініне дейінгі қашықтық, әдетте 1,25 см қойылады;

- мәтінді туралау – жолдағы мәтінді туралау;

- табуляция – әр абзацтың бірінші жолының басында, белгіленген шегініс жасау үшін қолданылады;

- жоларалық интервал – абзац жолдарының арасындағы қашықтықты қоюға мүмкіндік береді; абзацтардың арасында да қашықтықты қоюға болады.

Мысалы: Форматтау тәртібі: қажет абзацтарды ерекшелеу  Формат  Абзац  «Абзац» терезесінде мына параметрлер: выравнивание: по ширине, отступ-1,25, слева-0, справа -0, междустрочный: одинарный – қойылады.



Анықтама алу режімі. Бұл режімге, мәзір жолындағы «Справка» бұйрығы арқылы ауысқанда экранда қосымша анықтама алу терезесі ашылады. Мысалы, MS Word 2010 мәтіндік процессорында ?– белгісімен бейнеленген батырманы шерткенде, «Справка Word» анықтама алу терезесі шығарылады. Қазіргі Word тектес мәтіндік редакторлары, Интернет арқылы Office.com сайтымен байланысу мүмкіндігі бар, қуатты анықтамалық қамтамасыз ету жүйесімен жабдықталады. Көптеген танымал бағдарламаларға ұқсас MS Word мәтіндік редакторының мәнмәтіндік-тәуелді анықтамалық жүйесі бар.

Орфографиялық тексеру режімі. Бұл режімде жұмыс жасау үшін сөздіктер қорының болуы қажет. Орфографиялық тексеру режімін редакциялау режімімен сәйкестіруге болады. Орфографиялық (лексикалық) тексеру – емле ережесін (орысш. – правописание) автоматты түрде тексеру. Ол үшін магниттік дискіде (винчестерде) орфографиялық сөздіктің файлы сақтаулы тұрады. Және де әртүрлі тілдегі мәтіндерді тексеру үшін ондай сөздіктердің бірнешеуі болуы мүмкін, мысалы, орысша немесе ағылшын сөздіктері. Сонымен қатар, мәтіндік редактормен жұмыс жасау анықтамасы да магниттік дискіде тұрақты сақталып тұрады.

Файлдармен жұмыс жасау режімі. Жедел жадының жұмыс аймағында қалыптасқан мәтінді сақтағанда магниттік дискіде (винчестерде) құжаттың файлы пайда болады. Пайдаланушыға дискіде файлдың сақталатын орынын (дискінің атын, каталогты) нұсқауға мүмкіндік беріледі.

Файлдармен жұмыс жасау режіміне ауысу – <Файл> бұйрығымен орындалады. Пайдаланушы оған бағынышты мына бұйрықтардың бірін: <Создать>, <Сохранить>, <Открыть>, <Печать> – қажеттілікке байланысты таңдайды.

Жасалған құжатты бірінші рет сақтау үшін – Файл  Сохранить как  құжатты сақтайтын қапшықты (директорияны) таңдау және Имя файла жолында құжаттың атауын теріп «Сохранить» батырмасы басылады.

Файлдарға атау бергенде, оқушылар міндетті түрде мына ережелерді қолданулары қажет:

-MS Word мәтіндік редакторында файл атауының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін;

-латын және орыс алфавитінің үлкен және кіші әріптерін (А — Z, a — z, A — Я, а — я), цифрларды (0 — 9) және де арнайы символдарды қолдануға болады;

-қолдануға болмайтын символдар: жұлдызша (*), қос нүкте

(:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), көлбеу сызық символдары ( / немесе \ ), бөлу символы ( | ), үлкен ( > ) және кіші ( < ), тырнақша ("), және қазақ алфавитіне тән – І, Ң, Ғ, Ү, Ұ, Ө, і, ң, ғ, ү, ұ, ө, әріптерін.

-Арнайы символдардың арасынан келесілерді қолдануға болады: !, @, #, $, % ,,&,(, ), _, -, { и }. Нүктені файлдың атымен оның кеңейтімінің арасындағы шекара ретінде ғана қолдануға болады.

Баспа режімі. Бұл режімде мәтін қағазға басылып шығарылды. Оқушыларға принтермен жұмыс жасау кезінде принтердің өзінің кішігірім буферлік жадысы бар екенін ескерте кету керек. Құжатты баспаға жібергенде алдымен принтердің буфері толтырылады, одан соң мәтін буферден қағазға жіберіледі. МР көмегімен принтердің жұмысы басқарылады: – басылатын беттердің диапазоны, көшірме саны, қағаздың бір бетіне мәтіннің екі бетін басу, кітап немесе альбом бағытына бейімдеу, т.б. параметрлерді қоюға болады.

Мәтіндік редакторлар файлға стандартты кеңейтулерді меншіктейді. Бұл Windows жүйесінің қосымшаларының бәріне тән. Мысалы, MS Word редакторында файлдар .DOC кеңейтімімен сақталады. Дискіде сақталған құжаттың мәтіні оның атын нұсқау арқылы ОТКРЫТЬ бұйрығының орындалуы бойынша қайтадан редактордың жұмыс аймағына шақырылады.

Сонымен, пайдаланушы МР мен жұмыс жасағанда мына негізгі файлдық амалдарды орындау мүмкіндігі бар:

- жаңа файлды жасау;

- мәтінді файлда сақтау;

- файлдан мәтінді жедел жадыға жүктеу

- файлды қағазға басып шығару.

МР бұйрықтар жүйесін – жұмыс режімдеріне байланысты мына топтарға бөлуге болады:

-интерфейс бұйрықтары – мәзірге кіру және шығу, оның ішінен қажет пунктті таңдау;

-МР жағдайын өзгерту бұйрықтары – редакциялау режімінде шрифтті, төменгі/жоғарғы регистрді таңдауға, енгізу/ауыстыру режіміне ауысуға және т.б. мүмкіндік беретін бұйрықтар;

-мәтін бойы жылжу бұйрықтары – екі топқа бөлінеді: қадаммен жылжу (оңға, солға, жоғары, төмен стрелкалары); мәтін бойы тез жылжу (жолдың басына/аяғына, мәтіннің басына/аяғына, беттерді парақтау және т.б.);

-символдарды редакциялау бұйрықтары – символды енгізу/жою, кіші әріпті үлкенге ауыстыру және т.б.;

-үлгі бойынша іздеу бұйрықтары – нұсқалған символдар

жиынынан тұратын (әріп, сөз, фраза) мәтіндегі орынды табу үшін қолданылады;

-буферге көшіру, буферден алу бүйрықтары;

-МР режімдерінің аясында қолданылатын жалпы бұйрықтар.

Компьютерде практикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар

Мәтінді енгізу және редакциялау дағдыларын қалыптастыру, кез келген интерактивті режімде, қамсыздандыру бағдарламаларымен кәсіптік жұмыс жасаудың негізі болып табылады. Ең алдымен, оқушылар редакциялаудың негізгі стандарттық әдістерін игерулері қажет.

Редакциялаудың негізгі стандарты – символдарды енгізудің барлық нұсқасына бірдей орындалатын редакциялауды операциялар жиыны. Оған мыналар жатады:

1. Мәтін бойы жылжыту пернелері: [], [], [],[ ], [Home], [End], [PageUp], [PageDown].

2. Символды жою пернелері: [Backspace], [Del].

3. Символды ендіру/ауыстыру режімінің пернесі: [Insert].

4. Жолдарды үзу/біріктіру үшін [Enter] пернесі; бірінші біріктірілетін жолдың аяғы болса – [Del], екінші жолдың басы болса – [Backspace] пернелері қолданылады.


жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау