Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Ішкі жадының ұйымдастырылуы



жүктеу 2,08 Mb.
бет4/12
Дата07.12.2017
өлшемі2,08 Mb.
#3464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ішкі жадының ұйымдастырылуы. Ішкі жадының ақпараттық құрылымын екілік ұяшықтар тізбегі – биттер ретінде ұсыну керек. Ішкі жадының биттік құрылымы, оның бірінші – дискіреттілік қасиетін анықтайды. Уақыттың әр сәтінде, жадының әр биті екі мәннің біреуін 0 немесе 1-ді, яғни бір бит ақпаратты сақтайды.

Компьютердің жұмысы барысында, бұл нөль және бірлер ұяшықтарда, жанып-сөніп «жыпылықтайды». Оқушыларға мынадай бейнелі образбен түсініруге болады: мысалы, компьютер жадын, көпқабатты үйдің түнгі фасады түрінде елестетейік. Бір терезелерде жарық бар, басқасында жоқ. Терезе – жадының биті. Жарығы бар терезе – бір, жарығы жоқ – нөль. Егер, тұрғындар шамдарын тез-тез жағып-өшіретін болса, онда үйдің фасады жұмыс істеп тұрған компьютер жадына ұқсайтын болады.



Адрестеу – ішкі жадының екінші қасиеті. Биттер емес, жадының қатар орналасқан 8 биті, яғни байттар адрестеледі. Байттың адресі – оның жадыдағы реттік нөмірі. Мұнда, тағы да үймен ұқсастырайық: пәтерлердің реттік нөмірі – оның адресі болады. Әйтсе де, жадыда байт нөмірлері нөлден басталады. Жедел жадыдағы ақпаратқа қатынасу адрес бойынша жүргізіледі: деректерді жедел жадыға жазу үшін қандай байтқа енгізілетіні нұсқалады. Дәл солай, жадыдан оқу да адрес бойынша іске асады. Процессордың жұмысы жедел жадымен осылай жүреді. Үймен ұқсастықты жалғастырсақ: керекті пәтерге хат жазу немесе бару үшін оның адресін білу керек.

Сонымен, ішкі жадының ақпараттық құрылымы – биттік-байттық. Оның көлемі әдетте килобайт, мегабайтпен көрсетіледі.



Сыртқы жадының ұйымдастырылуы. Сыртқы жады құрылғыларында ақпарат файлмен ұйымдастырылады. Файл – сыртқы жадының ең кіші бірлігі. Оқушыларға бұл ұғымды кітапқа ұқсастырып түсіндіруге болады. Мысалы, файл – аты аталған кітаптың ең кіші бөлімі.

Файл (file – қапшық, десте) – белгілі бір атпен, өңдеуге логикалық байланыспен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпарат (мәтін, бейнелеу, бағдарлама, бейнефильм, т.б.) жиынын айтады. Файлда сақталған ақпаратта бит, байттан тұрады. Әйтсе де, ішкі жадыдан айрмасы дискілерде байттар адрестелмейді. Сондықтан сыртқы тасушыда керекті ақпаратты табу үшін файлдың аты нұсқалуы керек.

Винчестердің құрылымы: герметикалық корпустың ішінде бір осьте қабатпен орналасқан бірнеше қатты магниттік дискілердің дестесінен тұрады. Олар өте үлкен жылдамдықпен айналады. Ақпарат дискінің екі бетіне де (орысш. – поверхность) жазылады.

Дискінің әр беті (магнитті беттер) концентрлі жолдарға, оның әрқайсысы секторларға, ал секторлар «торшаларға», байттарға бөлінеді.

Бір дискідегі барлық секторлардың көлемі бекітілген болады. Әр дискіге жақындатылған магнитті бас тиектер көмегімен ақпаратты оқу/жазу үрдісі бір уақытта дестенің барлық дискілерімен қатар орындалады. Деректерді дискіден оқу және жазу жұмыстарының барлығы толық секторлармен орындалады. Винчестерге дәстүрлі C: атауы беріледі. Әдетте жұмысқа ыңғайлы және сенімділік үшін оны бірнеше логикалық дискілерге: C: D: E: – атауларымен бөлінеді.

Кітапқа ұқсастырып түсіндіру дискінің түбірлік каталогы қызметін айқындауға көмектеседі. Кітаптың мазмұны сияқты, дискінің түбірлі каталогында файлдар туралы мәліметтер тізімінен тұрады. Кейде оны дискінің директориясы дейді.

Каталогта файл жөнінде мағлұмат болады (аты, байтпен көлемі, құрылған күні және уақыты, соңғы өзгертулердің уақыты мен күні). Бұл ақпарат әрқашан белгілі бір жолдарда сақталады. Егер де файлдар тізімін экранға шығаратын болсақ, онда кітаптың мазмұнындағы сияқты дискінің құрамы жөнінде мәлімет алуға болады.

Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы – оның негізгі бөліктерін: процессорды, жедел сақтау құрылғысын (ЖСҚ), бейнежүйені, диск жүйесін, сыртқы құрылғыларды және енгізу-шығару құрылғыларын қиыстыру (орысша компоновка) болып табылады..

IBM корпорациясы құрастырған дербес компьютердің ашық архитектурасы мыналардың:

- жалпы жүйелік шинаның болуы, оған кеңейту қосқыштары (орысша разъем) арқылы қосымша құрылғылар қосылуын;

- компьютердің модульді құрылуын;

- барлық жаңа құрылғылардың және бағдарламалық құралдардың бұрынғы нұсқаларымен үйлесімділігін ұсынады.

Ашық архитектура принципі – бұл жалпы компьютерді және оның бөліктерін, жасап шығарған фирмаға тәуелсіз, өзара толығымен үйлесімді жаңа құрылғыларды қолданып әрқашан кемелдендіру мүмкіндігі. Бұл пайдаланушыға үлкен пайда береді, олар жаңа құрылғыларды сатып алып оны жүйелік (аналық) тақшаның бос қосқыштарына (слотына) қойып, өз компьютерлерінің мүмкіндіктерін кеңейте алады.

Дербес компьютердің модульді құрылуы – ақпарат алмасуы да магистральді (шиналық) принципке сүйенеді. Құрылғылар арасында ақпарат алмасу көп сымды ортақ байланыс ақпараттық магистралі – шиналар арқылы жүреді (3.3-сурет).

Мұндай құрылымды – магистральды-модульдік немесе ортақ шиналық архитектура деп аталады. Суретте дербес компьютерлерге тән ақпараттық өзара әрекеттестік принципі қарапайым түрде бейнеленген Сыртқы құрылғылар магистральға контроллермен (үшбұрыштармен белгіленген) арқылы жалғанады.

Джон фон Нейман принциптері. Есептеу машинаның архитектурасы туралы ілімнің негізін қалаған американдық математик Джон фон Нейман1 болған. Ол 1946 жылы «Предварительное рас-смотрение логической конструкции электронно-вычислительного устройства» деген классикалық мақаласында, есептеу машинасының құру принциптерін баяндаған. Сондықтан Нейман принциптері деп аталған. Оған мына тұжырымдар жатады [21]:

1) бір процессорлық ЭЕМ құрылғыларының құрамы және құрылымы;

2) машиналық арифметикада екілік санау жүйесін қолдану;

3) ЭЕМ жадын адрестеу;

4) ЭЕМ ортақ жадында деректерді және бағдарламаларды сақтау;

5) машиналық бұйрықтың құрылымы және процессордың жүйесінің құрамы;

6) процессордың жұмыс циклы (процессордың бағдарламаны орындау алгоритмі);

Информатиканың базалық курсында ЭЕМ архитектурасын оқыту, аталған принциптерді ашуға тіреледі. Жоғарыда баяндалған материалда бірінші төрт принциптің шеңберінде сөз қозғалды. Аталған тізімдегі 5 және 6 принциптерді білу қәсіпқой бағдарламашыларға қажет.


Дәріс №5 ЭЕМ бағдарламалық қамсыздандыруын оқыту әдістемесі
Қарастырылатын сұрақтар:

-ЭЕМ бағдарламалық қамсыздандыру қызметі;

-ЭЕМ бағдарламалық қамсыздандыру классификациясы;

-қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру (БҚ) деген не;

-бағдарламалау жүйелерінің қызметі;

-операциялық жүйенің негізгі қызметтері;

-файлдарды ұйымдастырудың бастапқы мәліметтері.

Базалық курстың осы сызығының негізгі педагогикалық міндеті – оқушылардың көздерін қазіргі компьютердің аппараттық (техникалық құрылғылар) және ақпараттық (бағдарламалық қамсыздандыру) бөліктерден тұратын – бірыңғай екі жүйе екенін жеткізу. Оқушыларды hardware (қатты) және software (жұмсақ) терминдерімен таныстыру қажет.

Компьютер = Құрылғылар (hardware) + Бағдарламалық қамсыздандыру (software)

Мұғалімнің бұл тақырыпты ашу логикасы мына ойқорытулармен айқындалады. Қазіргі компьютермен жұмыс жасауға кез келген кісінің мүмкіндігі бар. Себебі компьютер бай бағдарламалық қамсыздандыру жиынымен жабдықталған.

Бағдарламалық қамсыздандыру (жасақтама) – көпшілік пайдалану үшін компьютердің ұзақ уақытты жады құрылғыларында сақталған бағдарламалар жиыны. Компьютерде қандайда бір жұмысты жасау үшін пайдаланушы сол мақсатқа сай бағдарламаны таңдап және оның орындалуын инициалдау (алғашқы рет іске қосу) керек.

Қолданбалық бағдарламалық қамсыздандыру. Қолданбалы бағдарлама дегеніміз пайдаланушының ақпараттық мұқтаждықтарын қанағаттандыратын бағдарламалар: компьютерлік ойын ойнау, сурет салу, мәтін теру, компьютерлер көмегімен есептеу, т.б.

Мұғалімнің мақсаты оқушыларға қазіргі компьютерлердің қолданбалы мүмкіндіктері туралы айтып беруі, не көрсетіп беруі керек. Бүгінгі ақпараттық технология деп атайтынымыз көптеген қолданбалы бағдарламалардан тұрады. Бірінші сабақты мектеп компьютерінде бар кейбір қолданбалы бағдарламаларды көрсетуден бастаңыз. Мысалы: WINDOWS операциялық жүйенің кіріктірілген «Стандартные» тобынан: «Калькулятор», «Блокнот», «Paint» бағдарламаларын көрсетіңіз.

Қолданбалық бағдарламалық қамсыздандыру құралдарын тереңірек «Ақпараттық технологиялар» мазмұндық сызығына жататын тақырыптарды оқығанда қарастырылады. Базалық курстың шеңберінде оқушылар тек жалпыға ортақ қолданбалы әмбебап бағдарламалармен танысады. Олар: мәтіндік және графикалық редакторлар, кестелік процессорлар, деректер қорын басқару жүйесі, желілік бағдарламалар, броузерлер, іздеу серверлері.

Бағдарламалау жүйелердің қызметі. Алғашында бағдарламалау жүйелері туралы ұғымдарды жалпы түрде берген дұрыс. Оқушылар мына түсініктерді білуі керек:

-компьютерге арналған бағдарламаларды бағдарламашы (орысш. – программист) жасайды;

-бағдарламашы бағдарламаларды бағдарламалау тілінде жазады;

-көптеген бағдарламалау тілдері бар (Бейсик, Qbasic, Visual Basic, Pascal, Turbo Pascal, Delphi, Сi+, Borland Ci++ және т.б);

-бағдарламалау жүйелері бағдарламашыға компьютерге бағдарламаны енгізуге, өңдеуге, тестілеуге, орындауға мүмкіндік береді.

Оқушыларға қандай бағдарламалау тілдерімен танысатындарын айтып кетуге болады. Көбіне мектептерде Паскаль немесе Бейсик тілдері оқытылады.



Операциялық жүйенің негізгі қызметі. Оқушыларға жүйелік БҚ бағдарламалары, ең алдымен, компьютердің өзіне қызмету ету, оның құрылғыларын басқаруға арналғанын түсіндіру қажет.

Жүйелік бағдарламалар қамсыздандырудың ең маңызды және басты бөлігін– операциялық жүйе (ОЖ) құрайды. ОЖ – өте күрделі бағдарламалық жүйе. Базалық курстың шеңберінде оның қызметін және құрамын жете түсіндіру мүмкін емес. Әйтсе де, жүйелік БҚ-сыз компьютер жұмыс жасай алмайтындығына оқушылардың көзін жеткізу - мұғалімнің міндеті.

Басында оқушыларға мектепте қолданылатын ОЖ атауын айту керек. Мысалы: «Біздің компьютерлер Windows XP операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс жасайды». Сөйлемді дәл осылай құру керек, сонда, компьютерлер операциялық жүйенің «...басқаруымен жұмыс жасайды» – дегенге ерекше көңіл аударылады. Одан соң «ОЖ басқарады» түсінігін былай ашуға болады:

Операциялық жүйе (ОЖ) – компьютердің ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын, қолданбалы бағдарламаларды қосып, олардың жұмысын сыртқы құрылғылармен, басқа бағдарламалармен үйлестіретін, деректерді қорғайтын, пайдаланушы және бағдарламаның сұранысы бойынша сервистік қызметтерді орындайтын бағдарламалар жиыны.

Операциялық жүйе компьютердің бағдарламалық жасақтамасының қажетті құрамасы болып табылады. Ол компьютердің барша аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмысын басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен, тұжырымдай келе ОЖ компьютердің барлық аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмыс жасауын, өзара байланысын қамтамасыз етеді және пайдаланушыға оның аппараттық ресурстарына қатынасуға мүмкіндік береді.

Кез келген операциялық жүйелердің, қай типі болмасын, үш негізгі қызмет атқарарады:

1) компьютердің құрылғыларын басқару;

2) пайдаланушымен әрекеттестік жасау;

3) файлдармен жұмыс жасау.

ОЖ төрт модульді құрайтын бағдарламалардан тұрады:

1) файлдық жүйені басқаратын, негіздік модуль;

2) командалық процессор;

3) сыртқы құрылғылардың драйверлері;

4) графикалық интерфейсті қамтамасыз ететін модульдер.

Компьютердің жұмыс үрдісі, оның құрылғыларының арасында файлдарды алмастыруға түйінделеді, яғни файлдық жүйені басқару болып табылады. Файлдармен жұмысты – негіздік модуль деп аталатын арнайы бағдарлама қолдайды.

ОЖ жүктеу үрдісі. ОЖ файлдары әдетте қатты – жүйелік дискіде тұрады. Жедел жадыға әуелі ОЖ орындалатын бағдарламасы жүктеледі. ОЖ барлық файлдары қатарынан жедел жадыда түруы мүмкін емес, себебі олар ондаған мегабайт орын алады.

Компьютерді қосқан соң жедел жадыға ОЖ жүктелуі басталады, яғни жүктеуші программа (загрузчик) орындалады. Жүктелу кезеңмен өтеді. Тұрақты сақтау құрылғысында (ТСҚ) тұрған, бірінші кезеңдегі жүктеуші және компьютерді тестілеу бағдарламалары, компьютерді қосқан кезде жұмыс жасай бастайды.

Бұл үрдістің барысы туралы ақпарат экранда шығып отырады. Процессор жүктеуші дискінің басынан кішкентай жүктеуші бағдарламаны іздейді де, ол бағдарламаны жедел жадыға көшіріп жазып, басқаруды соған береді.

Одан әрі, дискіден ОЖ негіздік модулін іздейді және жедел жадыға жүктейді де, басқаруды соған береді.

Негіздік модульдің құрамына кіретін басты жүктеуші, ОЖ басқа модульдерін іздейді де, оларды жедел жадыға жүктейді.

Бұл тәртіп, әрдайым компьютердің қоректену блогын қосқан сайын орындалады (орысша “холодный" старт).

Көбінесе қайтадан жүктелу тәртібі (Reset пернесі басылғанда) жиі қолданылады, бірақ бұл жағдайда компьютердің құрылғыларының тестіленуі орындалмайды (орысша “горячий” старт).

ОЖ жүктелуі аяқталған соң, басқару командалық процессорға беріледі де, экранға жұмыс істеуге шақыру хабарламасы шығады.



Файлдарды ұйымдастыру. Оқушыларға баяндалатын негізгі түсініктер: файлдың атауы, файлдың типі, файлдық құрылымы, логикалық диск, каталог, файлға баратын жол, каталогтар ағашы.

Файл атауы – файл атынан және нүктемен бөлініп жазылған файл кеңейтімінен тұрады. Мысалы: sys.com, io.sys, norton.exe.

Файлдың кеңейтімі (типі, заты) – сақталған ақпараттың затын, яғни қай программада құрылғанын және қандай файл (орындалушы, архивтік, т.б.) екенін көрсетеді.

Дискінің файлдық құрылымы — ол дискідегі файлдар жиынтығы және олардың өзара байланыстары.

Логикалық диск — ол меншік атауы берілген нақтылы диск немесе нақтылы дискінің бөлігі. Логикалық дискілердің атаулары қос нүкте жалғасқан латын алфавитінің бірінші әріптерімен беріледі. Әдетте қатты диск бірнеше логикалық (С:, D: т.с.с.) дискілерге бөлінеді.

Каталог (директорий) – белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай магниттік дискіде бір-бірімен қатар орналастырылған файлдар, ішкі каталогтар жиынына қойылған атау.

Түбірлі каталог деп – C:\, D:\ т.с.с. дискілерінде орналасқан, немесе басқа каталогтардың ішіне жатпайтын, ең жоғарғы деңгейдегі негізгі каталогты айтады.

Файлға жол — түбірлі каталогтан бастап тікелей файл сақталған каталогқа дейінгі «\» символымен бөлініп жазылған каталогтар атауларынан тұратын тізбек.

Мысалы, C:\SIMP\SET\REM.EXE жазуында REM.EXE файлы C: дискіде SIMP каталогындағы ішкі SET каталогында тұрғанын көрсетеді.

Файлдың толық аты – файл адресінің толық маршруты, яғни «\» символымен бөлініп жазылған дискінің аты, түпкі каталогтың аты, ішкі каталогтардың аты, ең соңында файлдың өзі атауы тұрады. Мысалы: D:\STUDENT\IF-11\Docum.doc.

Бір каталогқа аттары бірдей бірнеше файлдарды орналастыруға болмайды. Әртүрлі каталогта ондай болуы мүмкін.

Файлдар және каталогтармен жасалатын әрекеттер: жаңадан құру; көшірме жасау; орнын ауыстыру; атын өзгерту; өшіру, жою.

Каталогтар «ағашы» – бір каталогтың ішінде екінші, оның ішінде үшінші каталогтың сатылы, ағаш (ағаш және оның бұтақтары) түрінде орналасуы. Төменгі деңгейдегі каталог жоғарғысына бағынышты болады. Ағаш: дискідегі иерархиялық файлдық құрылымның графикалық бейнесі.

Пайдаланушының операциялық жүйемен жұмыс жасауы мына негізгі дағдыларды игеруге тіреледі:

-қажет бағдарламаны табу және оны орындауға жіберу;

-файлдармен негізгі амалдарды орындай білу, олар: көшірме жасау, орынын ауыстыру, жою, атауын өзгерту, мазмұнын қарау, сақтау, іздеу;

компьютердің жағдайы, дискілердің толуы, файлдардың типтері және өлшемі туралы анықтамалық ақпаратты ала білу.

Windows ОЖ ортасында жұмыс жасағанда оқушылардың Drag&Drop әдісін және мәнмәтіндік (орысш. – контекстное) мәзірін қолдану дағдысын қалыптастыру қажет.



Дәріс №6. Ақпараттық модельдеу сызығын қарастыру әдістемесі.

Модельдеу бағытының негізгі оқу мазмұны – ақпараттық модельдеу болып табылады. Бұл сызықтың мазмұны мына түсініктердің – модельдеу танымдық әдісі ретінде, формализациялау, материалдық және ақпараттық модельдер, ақпараттық модельдеу, ақпараттық модельдердің негізгі типтері тізбесімен анықталады.

Ақпарат және ақпараттық үрдістер сызығымен қатар, модельдеу сызығы информатиканың базалық курсының теориялық негізі болып табылады. Әйтсе де, модельдеу сызығы курстың басқа сызықтарымен тығыз байланыста. Базалық курстың көптеген бөлімі, оның ішінде технологиялық сызыққа жататын тақырыптар, модельдеуге тікелей қатысы бар. Ақпарататты өңдеудің технологиялық әдістерін және оған сәйкес бағдарламалық құралдарды (кестелік процессорлар, деректер қорын басқару жүйелері, т.б.), әртүрлі ақпараттық модельдермен жұмыс жасауға арналған саймандар ретінде қарастыруға болады. Алгоритмдеу және бағдарламалау тақырыптары модельдеуге тікелей қатысы бар деп саналады. Демек, модельдеу сызығы базалық курстың бір қатар бөлімдері үшін ортақ болып табылады. Жалпы білімдік информатиканың базалық курсының ары қарай дамуы осы мазмұндық сызықтардың тереңдеуімен байланысты.

Теориялық материалды баяндаудың әдістемелік нұсқаулары

Қарастырылатын сұрақтар:

- модель ұғымы;

- материалдық (заттық) және ақпараттық модельдер;

- ақпараттық модельдердің типтері;

- формализациялау ұғымы;

- ақпараттық модельдердің кестелік пішімі.

Ақпараттық модеьдеу сызығының мазмұны. Материалдық модельдер тақырыбы ең басында модель ұғымын анықтауға байланысты қарастырылады. Модельдерді материалдық (орысш. – натурные) және ақпараттық деп бөлуге болады [26]. Ақпараттық модельдеу өз алдына былай бөлінеді:

- объектілер мен процестерді модельдеу;

- білімді модельдеу.

Білімді модельдеу тақырыбы жасанды интеллект тақырыбымен байланысты болғандықтан, информатиканың базалық курсында тек іздеу, зерттеу түрінде ғана жүреді. Сонда да, оқушыларға жасанды интеллектпен мына жағдайларда: компьютерде терілген мәтіннің орфографиялық қателері автоматты тексерілгенде, машиналық аударма жасалғанда, оқу және бақылау бағдарламаларымен жұмыс жасағанда кездесетіндерін айта кеткен жөн. Бұл мәліметтер оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, білімді жүйелеуге және кәсіптік бейімдеуге мүмкіндік береді.

Объектілердің және процестердің модельдері – ұсыну пішіндері бойынша жіктеледі. Бұл белгі бойынша модельдер – графикалық, вербальдік кестелік, математикалық, объектілі-ақпараттық болып бөлінеді.

Математикалық және объектілі-ақпараттық модельдер компьютерлік технологияларда, объектілі-бағытталған бағдар-ламалауда, қазіргі жүйелік және қолданбалы БҚ-да пайда болып, дамуда.

Бөлінген сағат санына және оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты модельдеу және формализациялау сұрақтары әртүрлі дәрежеде оқытылуы мүмкін:

-бірінші - минималды;

-екінші – толықтырылған;

-үшінші – тереңдетілген деңгей.

Модель ұғымы. Ақпараттық модельдердің типтері. Базалық курстың алғашқы минималды деңгейінде тақырыптың негізгі ұғымдарының жүйесі қарастырылады. Бұл тақырыпты оқушылармен әңгіме түрінде өткізуге болады. «Модель» термині көбіне таныс. Олар өз беттерімен әртүрлі модельдердің мысалдарын келтіре алады. Сондай мысалдарды келтірулерін сұрап, мұғалім «автомобиль моделі», «ұшақ моделі», т.б. деген жауаптарды естуі мұмкін.

Информатика ақпараттық модельдерді қарастырады. Әйтсе де, материалдық және ақпараттық модельдері ұғымдарының арасында ұқсастықтар баршылық. Материалдық модельдердің мысалдары оқушыларға таныс және көрнекі. Осындай мысалдар арқылы модельдердің кейбір қасиеттерін талқылаған соң, ақпараттық модельдердің қасиеттеріне көшуге болады.

Материалдық (заттық) модельдердің тізімін кеңейтіп (глобус, манекен, қаланың құрылысын салу, т.б.), оқушылармен олардың бәріне ортақ қасиеттерді талқылаған жөн. Осы модельдердің бәрі түпнұсқа-объектіні қарапайым түрде көрсетеді. Объектінің кейбір қызметін жаңғыртатын модельдер болады. Мысалы, кеменің моделі жүзеді, бұрамалы кішкентай автокөлік жүреді. Айтылғандарды қорытындылай келе, оқушыларды мынадай анықтамаға әкелу қажет:

Модель – нақты объектінің немесе процестің қарапайым ұқсас түрі. «Модель» термині латынның «modelium» – шара, кейіп, сипат, әдіс, т.с.с сөзінен шыққан. Оның алғашқы мәні құрылыс өнерімен байланысты болды, ол еуропа тілдерінің баршасында дерлік кейіпті, образды немесе елесті, немесе басқа зат іспеттес затты белгілеу үшін қолданылды.

Модель – нақты объектіні зерттеу үшін натуралды экспериментті жасау мүмкіндігі болмай, әрі қымбат, ұзақ, қауіпті болған жағдайда, сол объектіні ауыстыру тәсілі. Көбінесе зерттеу үрдісінде объект – түпнұсқаны ауыстыратын модель ретінде басқа материалдық немесе ойша елестетілетін объект ұсынылады.

Модель және модельдеу – бұл бесаспап (орысш. – универсальный) ұғымдар, кез келген кәсіби аймақта, объектіні1, үрдісті құбылыстарды танудың ең бір қуатты әдістерінің анықтауышысы (атрибуты).

Модельдеу мақсаты. Модельде нақты объектінің тек келешекте қолданысқа ие болатын негізгі қасиеттері ғана қайталанады. Сондықтан, модельдеуде ең маңызды ұғым – модельдеу мақсаты болып табылады. Модельдеу мақсаты – келешек модельдің атқаратын қызметі. Мақсат – нақты объектінің (түпнұсқаның) моделінде болатын қасиеттерді анықтайды.

Материалдық объектілерді ғана емес, процестерді де модельдеуге болатынын, ерекшелеп айта кеткен жөн. Сондықтан модельдеу ұғымын кең мағынада түсіну керек. Мысалы, синоптиктер, атмосфералық процестерді қуатты компьютерлерде модельдеп, ауа райы болжамын береді, физиктер зертханаларда әртүрлі физикалық процестерді модельдейді, авиациялық конструктор аэродинамикалық моржаны, ұшақтың моделін ауа ағынымен айналу процесін модельдеу үшін қолданады. Мұндай модельде ұшақтың тұлғасына түсетін күш өлшенеді, ұшақтың беріктігі зерттеледі. Физикалық процестердің модельдерімен экпериментші-физиктер жұмыс істейді.

Ақпараттық модельдер – ақпараттық үрдістерді (ақпараттың пайда болуын, жіберуін, түрлендіруін және пайдалануын) табиғаты әртүрлі жүйелерде сипаттайтын таңбалы модельдер топтары .

Модельдерді құру және қолдану жанды және жансыз табиғаттанудың барлық ғылымдарында, қоғамтануда танымның қуатты құралы болып табылады. Ғылыми танымда модель жүйелі және мазмұнды құрастырушылық рөлін атқарады. Модельдеу арқылы заттардың белгісіз қасиеттері зерттеледі. Модель құбылыстардың құрылымын, оның басты аспектілерін неғұрлым ашық көрсетуге ұмтылады.



Формализациялау – нақты объектіні немесе процесті, оның формалды сипаттауымен, яғни ақпараттық моделімен ауыстыру.

Сонымен, ақпараттық модельдерді құру үшін әртүрлі тәсілдер және саймандар қолданылады. Мысалы, вербальді модельді құру үшін табиғи тілдермен суреттер қолданылады.

Вербальды (мәтіндік) модельдер объектілердің немесе қатынастардың шындығын сипаттау үшін формалданған табиғи тілдердің диалектілерінің сөйлемдерінің тізбегін қолданады (мұндай модельдердің мысалы ретінде жол жүру ережелерін, милиция хаттамысын айтуға болады).

Әйтсе де, вербальдік құралдар, күрделі зерттеулер жүргізуге жеткіліксіз. Сондықтан математиктер, физиктер, химиктер баяғыдан объектілердің, құбылыстардың және процестердің математикалық модельдерін жасауда.

Математикалық модельдер – объектінің немесе үрдістің мәнді жақтарын теңдеулермен немесе математикалық басқа құралдарының тілімен бейнелейді. Олар теориялық физика, механика, химия, биология және әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда зерттеудің дәстүрлі түрі болып қалыптасты.

Математикалық модельдерді сипаттау үшін арнайы – формалды тіл – математикалық ұғымдар, алгебралық формулалар, геометриялық функциялар, т.б. қолданылады. Оқушыларға белгілі химиялық формулалар, нота тілі, тіпті қалта телефонымен мәтіндік хабарды жіберуге қолданылатын смайликтер, бәрі формалды тілдердің мысалдары. Баяндалған мысалдардың бәрі «формализациялау» ұғымын айқындайды.



Ақпараттық модельдердің кестелік пішімі. Ақпараттық модельдерді ұсынудың ең кең тараған формалары – кестелер. Әртүрлі, анықтамаларда, әсіресе есеп-шот немесе статистикалық, және т.б. құжаттарда ақпаратты кестелік түрде ұсыну жиі қолданылады. Кестелік пішім деректерді құрылымдайды, сипаттамалық заңдылықтарын көруге мүмкіндік береді.

Деректерді кестелік түрде құрылымдай білу – жалпы әдістемелік және өте пайдалы дағды. Мектепте оқылатын пәндердің барлығы дерлік кестелерді қолданады, бірақ олардың ешқайсысы оқушыларды кестелерді құру әдістемесін үйретпейді. Бұл міндетті информатика пәні алуға тиіс.

Деректерді кестелік формаға келтіру – ақпаратты жүйелеу тәсілдерінің бірі болып табылады.

Базалық курстың ақпараттық технологиялар сызығына жататын электрондық кестелер мен деректер қоры, кестелерге тікелей қатысы бар. Кестелердің классификациясы, дайындау тәсілдері туралы алдын ала баяндау осы технологияларды оқудың пайдалы проподевтикасы болады.



жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау