ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
Құжат СЖМ 3 деңгейлі
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-Х. 1.ХХ/01- 20
|
ПОӘК
Пәннің оқу-әдістемелік материалдары
Орта мектепте ИОӘ-нің өзекті мәселелері
|
Редакция №
|
|
ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«5В011100» – «Информатика» мамандығы үшін
«Орта мектепте ИОӘ-нің өзекті мәселелері»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей 2014
Құрастырған: 28.08.2014 ж
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
аға оқытушысы _______ Абишова А.А.
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
отырысында талқыланды.
Хаттама №1 05.09.2014 ж.
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.к. _______ Берикханова Г.Е.
Физика-математика факультетінің Оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде бекітілді.
Хаттама №1 11.09.2014 ж.
Физика-математика факультеті
Оқу-әдістемелік бюросының төрайымы ____________ Батырова К.А.
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
Хаттама №1 18.09.2014 ж.
ОӘК төрайымы _________ Искакова Г.К.
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Зертханалық сабақтар
Студенттердің өздік жұмысы
1.ГЛОСАРИЙ
Педагогикалық-пpограммалық құралдар (ППҚ) курстың белгiлi бiр тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу пpограмасында көрсетiлген, практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етедi
Бейімделушілік (адаптивность) - өзгермелі жағдайлармен оларға қойылатын талаптарға бейімделушілік және үздіксіз өзгеру мүмкіндігі;
Интегралдылық (интегрированность) - шешілетін тапсырманың толықтылығын қамту және оның ішкі құрылғыларымен оны құраушы бөліктер арасындағы байланысты алу;
Унифицирлілік (унифицированность) - ішкі және сыртқы интерфейстердің бірлігіне, сонымен қоса өңдеу үрдісінің мазмұнына және оған барлық қатысушылар арасындағы ақпарат алмасуға көзқарастардың бірлігін қамтамассыз ету;
Таратушылық (распределенность) - орындалатын қызметтердің уақыттық және кеңістіктік бөлінулерімен есептеу техникасының компоненттері арасында тарату. Бұл таратулар өзара байланысқан есептеу ресурстарында орналасуы тиіс;
Дербестік (персонализация) - нақты қолданушының сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігі;
Саундбластер. Дискіге немесе компакт дискіге жазылған цифрлық аудиоинфор-мацияны дыбыстық информацияға түрлендіруге арналған құрылғы
Стример – бұл винчестердегі мәліметтерді жоғалтпай (вирус, сыртқы әсерлерден) жазып алу үшін көшіруге арналған құрылғы
Postmaster– әрбір доменнің өзінің әкімшісі бар, оған почталық жүйенің жұмысына қатысты сұрақтар мен хабарларды жолдауға болады
Гиперсілтеме – ол қандай да бір құжатқа, файлға, немесе құжат ішіндегі бір бөлімге, жолға символға жасалған сілтеме.
ТЕГ - HTML тіліндегі маркерлер (арнайы белгілер, символдар) арқылы көрсетіледі.
TYPE – енгізу өрісінің типін анықтайды. Үнсіздік бойынша ол бір жол енгізуге арналған қарапайым өріс.
NAME – енгізу өрісінің аты.аты дегеніміз өрістің қолдануышының осы өріске енгізген мәліметтерін алуға мүмкіндік беретін идентификаторы ретінде қолданылады.
SIZE – экранда символдарды енгізу өлшемі.
MAXLENGTH – енгізу өрісіне қолданушының енгізетін символдар санын анықтайды. Егер енгізуге болатын символдар санынан артық мән енгізсеңіз браузер дыбыстық белгі береді де, ол символды енгізбейді
Презентация - мәтіндер, графика, суреттер орналасқан слайдтар жиыны
Қарапайым режим – ең алғаш ашылған терезе. Онда қарау режимі, слайдтар ржеимі, құрылымы орналасқан.
Слайдтарды сұрыптау (Сортировщик слайдов) – барлық слайдтарды кішкентай көлемде көрсетеді.
Слайдтар – жеке слайдатрды құруға өңдеуге қолайлы режим.
Құрылым (Структура) – презентацияның мәтіндік құрылымын және мазмұнын көрсететін режим.
Ескерту беттері (Страницы заметок) – қолданушыға енгізетін материалдарын жеңіл енгізуге, түсінуіне мүмкіндік береді.
2.ДӘРІСТЕР
Дәріс 1.
Тақырыбы: Педагогикалық технологиялардың дамуы. Әлемдік білім беру жүйесіндегі «технология» ұғымы. Педагогикалық технологияны жобалау
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдеиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «тенология дегеніміз не?»-деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған үрдістердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама алған жоқ.
Білім беру жүйесі-басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез- келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған үрдістерге ғана қатысты қолданылады. Егер бұл үрдісті оқыту үрдісі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осв салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.
«Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне»-өнер, шеберлік және «логос»-білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қаза тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген технологияның мәнін айқындаймыз.
Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:
1.Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операцилардың, әдістер мен үрдістердің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.
2.Белгілі бір өндірістік үрдісті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.
Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырылады.
Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:
Технология дегеніміз- белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.
Технология дегеніміз –оқу үрдісін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.
Технология дегеніміз- білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің сипаттамасы.
Технология дегеніміз- тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.
ЮНЕСКО-ның бір құжатында педагогикалық технологияға мынандай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз- бүкіл оқу үрдісін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымаөтастығы.
Соңғы жылдары біздер отандық білім беру кеңістігінің барған сайын жаһандана түсу үрдісінің куәгері болып отырмыз. Ал бұл үрдістің, шын мәнісінде, оны орындаушыларды күтпеген тосын жағдайларға тап қылатын өте күрделі үрдісс екендігі дау тудырмаса керек. Оқу орындарының білім беру стандарттары жағдайына көшуі, яғни стандарттау үрдісі өкінішке орай, қажетті әдістемелік дайындықсыз, педагогикалық технологияның рөлі мен қызметін толық түсінбеушілік жағдайында басталды.
Орын алған дәл осындай келеңсіз жағдайдың нәтижесінде кейбір оқытушылар педагогикалық білімдердің дәл осы саласындағы өзгерістерге дайын болмай шықты, сөйтіп олар әдістеме мен технология арасындағы айырмашылықтарды сезіне де алмай қалды. Егер әдістемені көп жағдайларда оқу үрдісін ұйымдастырып және өткізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болсақ, онда педагогикалық технологияның бойынан екі принципиалдық сәтті аңғаруға болады: 1) технология- ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі; 2) технология- ол болашақ оқу үрдісінің жобасы. Демек, педагогикалық технология –бір ретке келтірілген білім беру шараларының жүйесі болып табылады. Біздің ойымызша, оның мүлтіксіз орындалуы белгілі бір жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ете алады. Ал біхдің тақырыбымыздың аясы тұрғысынан қарастырғанда, бұл- мемлекеттік білім беру стандарты болып табылады.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз- ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс шаралар жиынтығы.
Біздің пайымдауымызша, оқу үрдісін жобалаудың технологиялық дәрежеге шығуы және бұл жобаның ойдағыдай орындалуы ұстаздың кәсіби деңгейін одан әрі арттыра түседі, оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, оқытушының оқу үрдісіндегі рөлін күшейтіп, оқытушының шығармашылық жағынан дамуына жаңа мүмкіншіліктер тудырады. Ал бұл оқытушының жаңа рөлі мен қызметі болып табылады.
Дәріс 2.
Тақырыбы: Білім үрдісіндегі технология мен әдістеменің өзара байланысы
АҚШ пен Батыс Европада XX- ғасырдың екінші жартысынан бастап оқу үрдісінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50- жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім беру технологиясы» термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен «педагогикалық технология» деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде баспасөз беттерінде және халықаралық конференцияларда кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті техникалық құралдарды қолданумен байланыстырса, екіншісінің көлемінде оқу үрдісінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да «оқытудың технологиясы» деген термин пайда болды.
60-шы жылдардың аяғы,70-ші жылдардың бас кезінде көптеген елдерде (АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т.б.) оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан «оқыту технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай кемшілік «тәрбиенің технологиясы», «дамыту технологиясы», «қалыптастыру технологиясы» ұғымдарына да тән.
Қазіргі батыстағы педагогикалық әдебиеттерде білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін «an educational technology»ұғымы қолданылады, оны дәстүр бойынша «білім беру технологиясы» деп аударып жүрміз. Осы ұғым ғана мейлінше аясы кең білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту үрдісінде және т.б.) қолданылатын кез келген технологияны сипаттай алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы» терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге (дисциплина) қатысты қолданса дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек тектептегі оқу үрдісі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр.
Сондықтан, бұдан әрі қарай «білім беру технологиясы» ұғымын- мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас үрдісі технологиясы ретінде қолданамыз.
Білім берудің технологиясына –оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Әрбір нақты жағдайда білім беру технологиясының белгілі бір түрі туралы сөз болады, сондықтан, оларды жеке қарастырған кезде түрлік ерекшелігін атап көрсетуге тиіспіз. Бұл ережеден тыс тұрған тек «педагогикалық технология» ұғымы ғана. Бұл бұрын оқу үрдісінің «педагогикалық үрдіс» деп аталуына байланысты. Кей жағдайда бұл екі ұғымды синоним ретінде қолдануға болар еді. Бірақ, әлемдік терминологияның бірегейлеуіне байланысты «білім беру технологиясы» ұғымына тоқталуға тиіспіз.
Сырт көзге оқу үрдісіндегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдерде қарама-қайшылық жоқ. Себебі, «оқытудың әдістемесі» ұғымы «білім беру технологиясы» ұғымынан әлдеқайда кең.
Әдетте, әдістеменің пәні-білім берудің мақсатын, мазмұнын, оқу үрдісін ұйымдастырудың әдістерін, түрлерін, құралдары мен тәсілдерін қамтитын әдістемелік жүйе деп саналады. Дәлірек айтсақ, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады: не үшін, неге және қалай оқыту керек? Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс –әрекетін, жолдарын анықтауға келген кезде ғана іске кіріседі. Сондықтан, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына ғана жауап береді.
Схема түрінде бұл жағдай төмендегіше сипатталар еді:
Бір қарағанда, технологияның әдіс жеке әдістемелер ішінде де дами алар еді деген ой туады. Бірақ, әдістемелік және технологилық амалдардың мақсаттық ұстанымдары әртүрлі.
Әдістеме мен технологияда қолданылатын оқу үрдісін сипаттайтын тілдік құрал (терминология) да әртүрлі.
мақсаттар
Әдістеме
мазмұн
технология
әдістер
формалар
құралдар
тәсілдер
Нәтижеде, көптеген тамаша әдістемелік жүйелер (В.Ф.Шаталов, В.К.Дьяченко т.б) іске асырылар деңгейге келген кезде қиындықтарға жолықты. Себебі, жаңа жағдайда жүйені жұмыс жасатуда алынған сипаттамалар жеткіліксіз болып отырды.
А.Кушнир: «Технология әдістемеден өзінің нәтижелерінің тұрақтылығымен, тез қайта қалпына келетіндігімен, көптеген «егерлердің» жоқтығымен (егер оқушылар талантты болса; егер оқытушы талантты болса; егер мектеп бай болса ... т.б.) ерекшеленеді. Әдістеменің тәжірибені қорытындылаудан білімді үйренудің жаңа әдістері ойлап табылғанда ғана дүниеге келетіні үйреншікті жағдай. Технология болса, ықтимал нәтиже емес, берілген бастапқы нақтылы жағдайларға байланысты жобаланады.
Технология ұғымы тар мағынада –бір нақты объектінің иехнологиясы ретінде, және кең мағынада- ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, онда тікелей дидактиканы қарастырамыз:
1.Дәстүрлі дидактика- әдістемелік тәсілдерді жинақтауға бағытталған оқытудың теоиясын және сондай-ақ, оқушылардың оқу қызметі барысында дағды, білік, білімдерін игеру үрдісін оңтайландыра түсетін оқытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін жасауды өзінің басты ретінде қояды.
2. Әдетте, дидактиканың пәні- білім берудің мазмұны және оқыту үрдісін ұйымдастыру деп қысқаша көрсетіледі. Толығырақ дидактиканың пәнін былай сипаттауға болады: бұл- оқытудың мақсаттары, мазмұны, заңдылықтары, әдістері және принциптері.
3.Дидактиканың міндеттері: а) оқыту үрдісін суреттеп түсіндіре отырып оны іске асыру жолдарын көрсету; б) оқыту үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілдірілген модельдерін, жаңа оқыту жүйелері мен технологияларын жасау, ұсыну.
Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидаетикадан кейінгі орынды алады. Оқытудың технологиясын- қолданбалы дидактика десе де болады.
Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы-оқыту іс –әрекетінің әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.
Сонымен, технологиялық әдіс дидактикалық немесе жеке әдістемелік әдістерден туындамайды, оқу үрдісін зерттеудің дербес бағыты болып табылады екен.
Енді, білім беру технологиясының белгілі анықтамаларын қарастырайық:
1.Қажетті адами, техникалық ресурстарды есепке ала отырып, олардың арасындағы білім беруде неғұрлым жоғары жетістіктерге жету үшін қарым-қатынасты, бүкіл оқыту үрдісін жүйелі түрде жоспарлау, іске асыру, бағалауға бағыттау әдістері және білімді меңгеру жолдары;
2.Материалдарды жобалау және тәсілдерді қолдану арқылы білім беру үрдісінің принциптерін айқындау және тиімді тәсілдерін жасау.
Өзін-өзі тексеруі үшін берілетін сұрақтар:
1.Әлемдік мәдениеттегі технологиялық көзқарастар қандай?
2.«Технология » ұғымының шығу тарихы қай кезден басталады?
3.Білім беру технологиясына тән құбылыстар дегеніміз не?
Технология оқу үрдісімен –оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерімен, яғни, құрылымы, құралдары, әдістері және түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан, педагогикалық технологияның құрылымына:
а) концептуалдық негізі;
ә) оқытудың мазмұндық бөлігі:
• Оқытудың мақсаттары: жалпы және нақты;
• Оқу материалының мазмұны;
б) үрдіссуалдық бөлігі немесе технологиялық үрдіс:
• Оқу үрдісін ұйымдастыру;
• Оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері мен формалары;
• Оқытушының әдістері мен формалары;
• Оқытушылардың оқу материалын игеруін басқарудағы оқытушының іс-әрекеті;
• Оқу үрдісін диагностикалау жатады.
Технологияның анықтаушы критерийлері:
• Концептуалдық. Әрбір педагогикалық технология оқу мақсаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет.
• Жүйелілік. Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастық логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс.
• Технология басқарылуы тиіс, яғни, мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін жобалау, әрбір этапқа сай диагностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс –тәсілдердің көп варианттылығы.
• Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялар нәтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет.
• Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бұл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъектілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.
Дәріс 3.
Тақырыбы: Педагогикалық технологиялардың жіктелуі
Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктеме берілген:
• Оқытумен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б.Т.Лихачев);
• Алдын ала жобаланған оқу-тәрбие үрдісінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы (В.П.Беспалько);
• Оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі (В.М.Монахов);
• Педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық тұлғалық, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қызмет ету реті мен жүйелі жиынтығы (М.В.Кларин).
Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар, бұл: «педагогикалық технологиялар –бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағдайлар жасайды» (М.М.Жанпейісова).
Бүгінгі таңда П.М.Эрдиневтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльдокин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы Ш.А.Амоншавилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары танымал.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Соның бірі –деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы.
Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын оқу үрдісіне енгізуді пән бойынша күнтізбе жоспарын жаңаша құрудан бастайды. Ол үшін дәстүрлі оқытудағы екі бақылау жұмысының арасында өтетін оқу материалын Модуль деп қарастырып (ол тарау болуы мүмкін) оның құрылымы анықталады:
1-сабақ:§1
2-сабақ:§2
...
...
n-сабақ: §n
(n+1)-сабақ: (§1-§n) бойынша 3 деңгейлік қорытынды өздік жұмыс
(n+2)-сабақ: Өздік жұмыстан шыққан қатерлерді түзету сабағы
(n+3)-сабақ. Модуль бойынша Бақылау жұмысы
Модульдің дәстүрлі оқытудағы тараудан негізгі айырмашылығы әр бақылау жұмысының алдында оған дайындық екі сабақ өтіледі. Бірінші (n+1)- сабақта оқушылардың модуль бойынша түсінбей қалған кемшіліктерін анықтап, оларды екінші (n+2)- сабақта жою мақсаты көзделген. Әр тоқсанның және жылдың соңында алынатын бақылау жұмыстарының да алдында осындай екі дайындық сабақтары өтеді. Бұл жағдайда: модульдік бақылау жұмыстарынан –тоқсандық, төрт тоқсандық бақылау жұмыстарынан жылдық бақылау жұмыстары құрылады. «Қосымша» сағаттарды ұқсас материалдарды блокқа біріктіріп оқыту арқылы үнемжеуге болады. (n+1),(n+2)- сабақтарын біріктіріп бір 45 минутта өткізсе де болады.
Әр параграфтың мазмұнын (45 минут немесе 90 минутқа арналуы мүмкін ) технологияның талабы бойынша меңгертуді ұйымдастыру үшін оның үш кезеңі анықталған.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы –оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.
Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, толқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз ғой. Ол- оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет. Ол оқуылқтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктернің мол екендігін ескере кету қажет, себебі компьютелік техника –оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай, оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Бұл жерде оқу мазмұны мен жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда-оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет.
Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, оқулықтағы теориялық материалдардың берілу жолы осы мақсатты қанағаттандыра алатындай болып, оқушылардың өз бетімен білім ала алуына бейімделіп құрылуы керек. Ол бойынша өнер тапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория-Л.С.Выготскийдің «оқыту үрдісінде оқытушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу» туралы теориясы. Бұл ауысу –тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай төрт іс-әрекет деңгейлердің тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орындау арқылы оқушы оқу материалының әр түрлі деңгейіне көтеріледі:
Ресей ғалымы В.П.Беспалько бұл деңгейлерді:
Бірінші деңгей- «міндетті, оқушылық»,
Екінші –алгоритмдік,
Үшінші-эвристикалық және
Төртінші-шығармашылық деңгейлердегі қабылдау деп атайды.
Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімлесуші –оқулық бойынша (сабақтың 1,2-кезеңдерінде):оқушылар а)жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп: анықтама, ережелерін өзі шығарады. Мұндағы тапсырмалар «сұрақ-жауап» диалогы түрінде келтіріледі; б)жаңа меңгерген теориялық білімін үлгі ретінде қарапайым жаттығу-мысалдармен бекітеді. Бұл тапсырмалар оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады.
Жұмыс дәптерлеріндгі (3-кезеңде): төрт деңгйлік тапсырмалар оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін дамытып, тереңдетуге арналады. Оларды барлық оқушы бірдей бірінші деңгейден бастап орындауға көшеді де, әркім орындап үлгерген тапсырмаларына сәйкес ұпайларын жинайды.
Аталған екі оқу құралының да мазмұндары кейінгі кезде технология бойынша әр пәннен құрастырылып жүрген оқушылардың арнайы оқу құралдарында, әзірге біртұтас беріліп жүр. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы, арнайы пәннен, төмендегідей талаптар қойылады:
Достарыңызбен бөлісу: |