Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1.Жаттап алуға лайықталған болуы керек.
2.Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3.Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланыста болуы керек.
Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылықжақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1.Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.
2.Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.
Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар:
-танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс-анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай жұмыс- анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, пробоемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
-әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсінктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар 3 кезеңнің бірінші деңгейі үшін-1,2 кезеңдерде игерілген теориялық материалды пысықтау мен қайталауға, ережелер мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған тапсырмалар және олар сынақ арқылы бағаланады.
Жоғары деңгейлер үшін-алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге, оларды тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі «басқаруға ыңғайсыз»-делініп, сыналып жатады. Сондағы айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате болады» дейді.
Мүмкін, дәстүрлі оқу үрдісінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар бойынша өздігімен оқытуға тырысып, өздік жұмыстарын жүргізген кезде солай болса, болған шығар.
Бірақ, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:
-Оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып;
-Оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
-Барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады.
Сондықтан да, жаңа технолоия бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқущылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған. Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде «екіліктер»жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған.
Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?»- деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.
Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз –өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады.
Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мен бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мен бағалаудың ерекшелігі неде?
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат-сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрді әртүрлі топтарға бөлуді бодырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен катар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушыныңбірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны «есепке» алынып отырылады.
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы окитындығына қарамастан, жұмысын «оқушылық», «міндетті», 1-ші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бip мезгілде бастап; әрқайсысы білім игерудегі өз кабілетіне қарай, өз билігіне жетедібұл нақты пән бойынша ең нашар үлгеретін оқушыға тірекбілімін ғана меңгеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйіктіпәніжоғарғы шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт унемдеуіне себеп болады. Нақтырак айтсақ:
Әр оқушының, әр пәннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және оқу пәнінен барлық тақырыбы бойынша ен болмағанда міндеттібіріншідеңгейдегі игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарынын орындалуына кепілдікберіп, Казакстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді, және дәстүрлі оқытудағы окушылардың артық жуктеме тарту проблемаеын шешедь
«Есепке алу »(зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар окушылар да, кем дегенде, «окушылық» денгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемізден байкадық. Ce6e6i ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді «Міндеттіi» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әpi қарай, iлrepi ұмтылады; өзіне өзінің ceнiмi артады.
Олардың әрқайсысы 1-деңгейлік тапсырмаларды орындауға мін¬детті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы. Осылайша әр оқушы, әcipece өзінее ұнайтын пәндерден, 6ip деңгейден келесі денгейге өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз кабілетін де жeтiлдipeдi. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушынын күнделікті мақсатына айналады. Басқа пәндерден 1-денгейлік тапсырма¬ларды толық орындап отырса жеткілікті. Осы уақытка дейін дайындалған жұмыс дәптерлерінде тапсырмалар үш деңгейде ғана берілген. Төртінші денгей тапсырмаларын (карточкалар түрінде) бәйгеден озып келген жүйріктерінің жеке кабілетіне сай құрастыру мумкіншілігін, сабақ беретін әр ұстаздың өз үлесіне қалтырдық.
Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындаганы үшін оқушылар сол деңгейді игергенше сәйкес ұпай алады: бірінші денгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін- 10 ұпай, үшінші деңгей үшін- 15 ұпай.
Әр жаңа тақырып бойынша жасалған денгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Ceбeбi, такырыпты меңгерудегі төрт денгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес кұрылғандыктан. бұл жұмыстарды толык, сабақ үстінде орындап бітруге, барлық окушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да, олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уакытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі
-бipiнші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға қалауы бойынша екінші, үшінші деңгейлердің тапсырмалары;
-екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға қалауы бойынша одан да жоғары денгейлік тапсырмалар¬ды жалғастырып орындай беру;
-т.с.с. деңгейден деңгейге көтеріле беру тапсырылады.
Ең жоғары деңгейдің шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларын, әрине, еңбекқор және нақты осы пән бойынша дарынды оқушы орындай алады.
Осылайша, сыныптан тыс уақытта оқушылардың сүйікті және өзінің қабілеті жететін пәндердің әр тақырыбы бойынша жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап, көтеріңкі баға алуына мүмкіншілік туады да, дамыта оқыту принципі орындалады.
Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі проблемалардың шешілуіне жақсы жағдай жасайды:
-әр оқушы барлық бойынша 100 % үлгеруіне кепілдік алады, әр тақырыптың бip деңгейінің тапсырмалары міндетті түрде және дұрыс орындағаны үшін сынақ алуы арқылы жоғарыда аталғандай, артық жүктеме тарту проблемасы шешіледі;
-оқушының «екі алып қалу», «үлгермей қалу», «үрейінің жойылуы»;
-әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблема¬сы (төрт деңгейлік тапсырмалардың сыныпта орындап үлгермегендерін үйде жалғастыра орындау мүмкіншілігін алу арқылы, сыныпта жинаған ұпай санын толықтырады, сондықтан жаңа тақырып бойынша қорытынды ұпай саны өседі) шешіледі. Бұл жерде: әр тақырып бойынша оқушы тіпті бір емес, екі қайта бағаланып отырады да журналды «бағамен толтыру жоспары» артығымен орындалады.
-оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі (өте жеңіл тапсырмалармен қатар, күрделі тапсырмалардың жауаптары дұрыс болса болады, жоғары беріле бepyi);
-оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оны қабілеті жететін саласының дарынын ашу проблемалары шешіледі.
Бұл оқушылар арасында, бip-бipiнің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жарыс тудырады. Бірақ, оқушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан жасалынатын демеп жіберуге рұқсат етіледі. Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабак әр оқушының, дұрыс орындаған барлық тапсырмаларының ұпайларын шығарумен аяқталады.
Сонымен:
-технологияның принциптері жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.
- өздiгiнeн оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрган басты мақсат - жаңа технологиясынын, талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады. Мұндай оқулыктар мен дидактикалық құралдардың бip ерекшелігі - олардың, мазмұнын қысқа мерзім ішінде ешқандай беймдетусізақ компьютерге енгізуге болады. Ceбeбi, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулыктардың құрылымына ұқсас.
Дәріс 4.
Тақырыбы: Педагогикалық технологиялардың белгілері мен қасиеттері
Педагогикалық техологиялардың белгілері: мақсаттылығы, диагностикалық құралдарының болуы, педагогикалық үрдісті жоспарлауға мүмкіндік беретін оқытушы мен оқушы іс-әрекетін реттейтін заңдылықтар, оқушы мен оқытушы іс-әрекеті мен үрдістерді талдайтын құралдардың болуы.
Осыған сәйкес педагогикалық технологияның төмендегідей қасиеттері мен сипаттары болады: біртұтастылық, тиімділік, нәтижелік, кез-келген мектептің нақты жағдайында қолдануға жарамдылық.
Мақсаттылық белгісі-оқушыны оқытуда, оның жеке тұлғасын дамытуда белгілі бір нақты технологияны қолдана отырып қандай нәтижелерге жетуге болатынын нұсқайды. Технологияның диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілуі мұғалімге педагогикалық ықпалдаң барысы мен нәтижелерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Талдау құралдары мұғалімге өз қызметін және оқушының өзін-өзі дамытуы мен тәрбиелеуі және олардың нәтижелерін бағалай алуы үшін қажет.
Педагогикалық технологияның келесі белгілер тобы- оқытушы мен оқушы қызметтерінің өзара қарым-қатынасын реттейтін, бір жүйеге келтіретін заңдылықтар. Көп жағдайда мұғалім түрлі талаптарды, әдістемелік нұсқауларды есепке алады да, оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын назардан тыс қалдырады. Мұндай жағдайда мұғалімге өз мақсатына жетуге ешқандай технология көмектесе алмайды.
Мұғалімнің қызметі (оның мақсаты, қажеттіліктері мен мотиві, іс-қимылдары, олардың құралдары мен іске асу шарттары т.б.) оқушының қызметі мен іс-ірекетіне (оның мақсаттарына, мүмкіндіктеріне, қажеттіліктері мен қызығушлықтарына т.б.) сәйкес келуі шарт. Тек осы негізде ғана мұғалім педагогикалық ықпал құралдарын таңдап, оларды іске асыра алады.
Аталған белгілер педагогикалық технологияның қасиеттерін анықтайды.
Технология тұтас болуы қажет- бұл технология барлық аталған белгілерге жауап беруі тиіс деген сөз. Мұғалімдер жасап шығарған авторлық технологиялар тұтастық принципіне сай емес; яғни, мұғалім ойлап тапқан бір ғана жетістікке көңіл бөлінеді де, технологияның басқа белгілері ұмыт қалады.
Педагогикалық технологияның келесі бір маңызды қасиеті-оптималдылық. "Оптималдылық" термині (латын тілінен аударғанда «optimus»-«ең жақсы» дегенді білдіреді)-белгілі бір шарттар мен міндеттерге ең сәйкесі, тиімдісі дегенді білдіреді. Ю.К.Бабанский педагогикалық үрдістің тиімділігінің бірнеше критерийлерін бөліп көрсеткен еді. Егер, педагогикалық технология сол критерийлерді қолдана отырып төмендегідей шарттарды орындаса неғұрлым тиімдірек болар еді:
Егер оның қолданылуы әрбір оқушының ең жақын даму зонасында білімділігін, тәрбиелілігін және дамуын қамтамасыз етсе;
Егер оның қолданылуы оқушы мен оқытушының ғылыми негізделген уақыт мөлшерінен артпаса, яғни, білім беру стандартымен және мектеп ережесімен айқындалған уақыт ішінде мүмкін боларлық «maximum» нәтижелерді бере алса.
Технологияның келесі бір маңызды қасиеттері- нәтижелілігі және қолдануға жарамдылығы.
Бір технологияның екіншісінен айырмасы-оны қолданудың нәтижесінде
оқушының дамуында, тәрбиесінде, білім алуында байқалатын жағымды өзгерістер. Нәтижелілік дегеніміз осы.
Кез-келген мұғалім кез келген технологияны қолдана алуы мүмкін емес, ол оның жұмыс тәжірибесіне, педагогикалық шеберлігіне, педагогикалық үрдістің әдістемелік және материалдық жабдықталу деңгейіне де байланысты. Сондықтан, нақты технологияны сипаттағанда немесе оқып зерттеген кезде оның басқа мектеп жағдайында жұмыс жасау мүмкіндіктерін, жарамдылығын ескру қажет.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз-дидактика да, тәрбие теориясы да немесе оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесі де емес. Педагогикалық технологияның ерекшелігі-осы технология негізінде құрылған педагогикалық үрдіс белгілеген мақсатқа жетуді кепілдеуі шарт. Технологияның екіші ерекшелігі-оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынастарының реттілігінде (алгоритмизация). Бұл қасиет дидактикада, тәрбие мен оқыту теорияларында немесе әдістерінде жоқ.
Педагогикалық технологиягың негізгі элементтері: педагогикалық қарым-қатынас, бағалау, талап, конфликт және ақпараттық әсер ету.
Педагогикалық қарым-қатынас 3 функция атқарады:
-баланың қарым-қатынаста «ашықтығы»-оған мектепте, сыныпта, сабақта қолайлы жағдайлар туғызу көзделген;
-педагогикалық қарым-қатынаста балаға деген жанашырлық- мұғалімнің баламен тығыз іс-әрекеті нәтижесінде туындайды;
-педагогикалық қарым-қатынаста баланы көтермелеу саясаты (стимул ретінде).
Педагогикалық бағалау дегеніміз- баланың тұтас жеке тұлғасын емес, оның дәл осы сәттегі мінез-құлқын бағалау. Жалпы бағалау дегеніміз, бір нәрсенің деңгейін, қасиетін, дәрежесін белілеу. Осы принциптерді педагогикалық бағалауда өз жұмысында шеберлікпен қолдана отырып педагог өз шәкірттері бойында құндылық қарым-қатынастарды қалыптастырады және кемшіліктерді түзетеді.
Педагогикалық бағалау функцияларына –баланың қоршаған дүниеге деген жағымды көзқарасын тәрбиелеу, осы жолдағы ұмтылыстарын қолпаштап отыру т.б. жатады. Бұл үнемі есте ұстау қажет. Педагогикалық бағалаудың түрлері- қолпаштау, қолдау, қолдамау, мақтау, материалдық қолдау, жазалау, ескерту жасау, сөгу т.б.
Педагогикалық талап-бұл тәрбие үрдісінде баладан әлеуметтік-мәдени қарым-қатынас пен мінез-құлық нормаларын талап ету. Адамның басқаларға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы субъективті еркін жағдайда, оның өмір тәжірибесі нәтижесінде қалыптасады. Педагогтың міндеті-бала позициясыныңнеғұрлым жағымды жағынан қалыптасуы. Белгілі бір жас кезеңіне сәйкес талаптар қою үшін міндетті түрде әр баланың психикалық ерекшелігін негізге алу қажет.
Дәріс 5.
Тақырыбы: Оқытудың дәстрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері
Дәстүрлі оқыту технологиялары екі негізгі әдісті қолданады:
Оқытудың түсіндірмелі-көрнекі әдістері, яғни, мұғалім оқу материалын көрнекі әдістерді қолдана отырып түсіндіреді.
Оған лекция, әңгіме, тәжірибелер көрсету, экскурсия т.б. жатады. Студенттің қызметі ақпарат алуға, есте сақтауға бағытталады.
Репродуктивтік әдіс (қайта жаңғырту)-оқытушы студенттердің білімді игеруі және қайталап айтып беруі үшін тапсырмалар құрастырады. Студент сұрақтарға жауап береді, есеп шығарады т.б.
Бұл екі әдістің де мәні-белгілі білімдерді студенттерге дайындап беру үрдісі. Дәстүрлі оқытудың көптеген кемшіліктері де бар, мысалы:
Материалды оқып-үйренудің орташа, жалпылама темпі;
Студенттер игеретін білімдердің көлемі де бірыңғай, орташа;
Студенттердің мұғалім арқылы білімді дайын күйінде алуы өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына кедергі жасайды;
Студенттің жаңа білімді игергендігі туралы мұғалімде еш ақпарат болмайды;
Зейінді төмендетуге әкеліп соғатын сөз әдістерінің басым болуы;
Студенттің жадына күш түсуі.
Осы айтылғандардың салдарынан (жаттау немесе есте сақтау әдістері) студенттер болашақта керек дағдыларды игермей қалулары мүмкін (өзіндік шешім табу үшін керекті материалдарды іздестіру, дербес шешімдер қабылдау т.б.). Осылайша, дәстүрлі оқыту әдістерінде оқу үрдісінде студентке қойылатын талаптар мен нақты кәсіби қызметте қажетті талаптар арасындағы алшақтықтар айқын байқалады.
Дәріс 6.
Тақырыбы: Бағдарламалап оқыту технологиясы
Дәстүрлі оқытудың кейбір кемшін жақтарын бағдарламалап (жоспарлап) оқыту технологиясы толтырады. Бұл технология XX-ғ. 60-шы жылдары педагогика, психология, кибернетика ғылымдарның тоғысында пайда болды. Оның негізіне оқыту туралы үш ұғым- 1)оқыту-басқару үрдісі ретінде;2)ақпараттық үрдісс;3)жекелендірілген үрдісс ретінде алынған.
Бағдарламалап (жоспарлап)оқыту-оқыту бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламада 1)оқу материалының өзі; 2)оны меңгерудегі оқушының іс-әрекеті; 3)меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келтірілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік логикалық тұрғыдан аяқталған. Студентбір бөлікті меңгергеннен кейін бірнеше вариантта құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс берілмесе материал қайталанып беріледі. Жоспарлап отырудың негізін салушы АҚШ ғалымы Скинер бұл технологияның негізін екі талапқа сай құрған:
Жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу
Педагогикалық жүйені оқушының өз бетімен білім алуына бейімделу.
Бұл әдіс бір бағытты деп ааталады.
Келесі әдістің авторы да-американдық ғалым Краудер. Әдіс –көптармақты деп аталады. Бұл бағдарламада студент қойылған мақсатқа өз жеке басы ерекшеліктеріне сай түрлі жолдармен жетеді. Студент бақылау сұрақтарына берген жауаптарына сәйкес не келесі бөлімге, немесе сол бөлімнің тағы бір тармағына (вариантына) көшеді. Тармақтар бірнешеу болуы мүмкін. Белгілі бір тармақты немесе бұтақты өткеннен соң студент бағдарламаның негізгі діңіне қайтып оралады. Дайындық деңгейіне, табиғи қабілетіне қарай тек қана діңмен жұмыс жасайтын студенттер де болады, ал әлсіздері тармақтарға ауысып отырады. Бірақ барлық жағдайда да нәтиже-студенттер берілген білім көлемін толық меңгеріп шығады.
Үшінші әдіс-бейімдендірілген (адаптациялық) деп аталады. Мұнда студенттің қиынырақ немесе жеңілірек тармақтарға ауысуына мүмкіндіктер қарастырылған. Қай тармаққа көшетіні студенттің алдыңғы жауаптары мен жіберген қателіктеріне байланысты. Студенттің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай ақпаратты беру тәсілдері, күрделірек деңгейі, сұрақтардың қасиеттері өзгертіліп отырады.
Жоспарлап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары:
Оқу материалының мөлшерленіп берілуі;
Студерттердің өздігінен белсенді жұмыстануы;
Студенттердің материалды меңгеру деңгейінің үнемі бақылауда болуы;
Оқыту типінің және оқу материалдары көлемінің жеке бас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
Оқытудың автоматтандырылған техникалық жүйелерін қолдану мүмкіндігі.
Жоспарлап оқытудың шығуы оқытуда техникалық құралдарды қолдануға және оларды жетілдіре түсуге жағдай жасады. Жоспарлап оқытудың басты міндеті-автоматтандырылған дағдыларды және мықты білім мен біліктерді қалыптастыру.
Дәріс 7.
Тақырыбы: Бағдарламалап (жоспарлап) оқытуды компьютер көмегімен жүргізу.
Бағдарлап оқытудың екі әдісі бар: машина көмегімен және дәстүрлік әдіспен.
Дәстүрлік әдісті қолданғанда оқыту бағдарламалары, оның құрамындағы блок материалдары мен тест сұрақтары баспа қағаз түрінде беріледі. Кеңес дәуірінде компьютердің әді дами қоймаған кезде соңғы әдіс көп қолданылды.
Бүгінгі күні бағдарламалап оқыту компьютер көмегімен жүзеге асырылып отыр. Енді осы жүйені қарастыралық.
Шын мәнісінде бұл оқыту жүйесін компьютермен жүргізу өте тиімді, себебі оның көмегімен оқушының кез-келген сұраққа берген жауабы тез арада өңделіп, нәтижесі электронды түрде басылып шығады. Оқу үрдісінің дидактикалық мүмкіншіліктері де кең ашылады.
Жоғарыда көрсетілген блоктық бағдарламалап оқытудың сұлбасы компьютер көмегімен мына принципте жүзеге асырылады.
Дәріс 8.
Тақырыбы: Проблемалық және қарқынды күшейте оқыту технологияларының ерекшеліктері
Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты-мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі-мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең маңызды мәселе-жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың (Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский т.б.) есімдерімен байланысты.
Проблемалық оқыту кезінде жүретін психологиялық үрдістер механизмі төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамда таңғалу, дағдарыс пайда болады да «оның мәні неде?» деген сұрақ туындайды. Әрі қарай ойлау үрдісі белгілі схемамен жүреді, яғни- болжам тастау, оны негіздеу және тексеру. Содан соң студент не өз бетімен ойша іздестіру жүргізеді, немесе оқытушының көмегіне сүйенеді. Шығармашылық ойлаудың белсенділігі-проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы: «субъект-объект-субъект» қарым –қатынастарына түседі.
Проблемалық оқыту- оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.
Сабақтың проблемалық құрылымы олардың ерекше ұйымдастырылуын талап етеді, ал, мұның өзі оқытудың таңдалынған әдіс-тәсілдерінен көрініс табады. Мұның бәрі оқытудың құрылымына әсер етеді. Сондықтан да, проблемалық оқытуды өзінің ерекше технологиясы бар жаңа дидактикалық жүйе деп санауға әбден болады.
Бұл дидактикалық жүйенің технологиялық негізгі ұғымдары- «проблемалық жағдай», «оқу проблемасы», «проблемалық міндет» т.б.
Проблемалық жағдай- субъектіден жаңа білімді, іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін іздестіруді талар етеді. Оны оқыту үрдісінің кез-келген кезеңдерінде (түсіндіру, бекіту және бақылау) құруға болады.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;
Кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту.
Проблемалық жағдайды құрудың әдістемелік тәсілдері төмендегідей:
Мұғалім оқушыларды қарама-қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығудың жолдарын өздеріне қалдырады;
Біркелкі сұраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;
Сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позицидан қарастыруды ұсынады;
Нақты сұрақтар қояды;
Проблемалық теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды;
Проблемалық міндеттерді қояды.
Проблемалық жағдайдың құрылуы және оның оқу проблемасына ауысуы,
проблемалық міндеттердің құрастырылуы-проблемалық оқытудың бастапқы кезеңдері ғана, әрі қарай оқушылар оқытушының бағыттауымен келесі шығармашылықпен ойлау операцияларын шешуге тиіс:
Проблеманы шешетіндей варианттарды ұсынып, болжамдарын айту;
Болжамдарды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;
Қорытынды жасау;
Шешілген проблеманың дұрыстығын тексеру.
Сонымен, проблемалық оқыту технологиясы бірнеше кезеңдерден өтеді.
Оның негізгі кезеңі ойлаудың кедергісін түсінуге алып келетін проблемалық жағдай. Проблемалық жағдай барысында пайда болатын оқу проблемасы да қиын, бірақ оқушылар шеше алатындай дәрәжеде болуы шарт. Проблеманың қойылуы және түсіндірілуімен бірінші кезең аяқталады. Екінші кезеңде оқушы сұрақтың жауабын толық алу үшін жетпейтін ақпараттарды белсенді түрде іздестіруге кіріседі. Үшінші кезеңде қажетті білімдермен қарулана отырып проблеманы шешіп, алынған нәтижелерді бастапқы болжаммен салыстыра отырып тексереді.
Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:
Проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатындай жеткілікті мотвациямен қамтамасыз ету;
Әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы (белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы);
Шешілетін проблеманың оқушы маңыздылығы;
Педагогтың оқушымен диалогының өзара түсіністік пен сыйластыққа құрылуы.
Проблемалық оқытудың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар екенін
атап өтуге тиіспіз. Бұл технолгияның артықшылығына-оқушының өзіндік шығармашылық іс-әрекеті негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктері, соның нәтижесінде оқу еңбегіне деген жоғары қызығушылығының, жемісті ойлау қабілеттеріне дамуы жатады. Ал, кемшін жағына-кей кездерде үрдіске қатысушылардың танымдық іс-әректтерінің әлсіз басқарылуын, жоспарланған мақсатқа қол жеткізуде уақыттың шамадан тыс көп шығындалуын атап көрсетуге болады.
Оқытуды интенсивтендіру (қарқынды күшейте оқыту) дегеніміз-оқытудың сапасын да, мерзімін де өзгертпей, бірақ, оқу ақпаратын кеңірек көлемде беру. Оқу үрдісін күшейте түсу үшін тұлғаның шығармашылық потенциалын іске қосатын танымдық үрдіске жетекшілік ететін ғылыми түрде негізделген әдістерді жасау және енгізу қажет.
Оқытудың жылдамдығын арттыру үшін оқу материалының мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдіру қажет. Мазмұнды жетілдіру үшін:
Оқу материалын рационалды таңдап іріктеу, яғни, оқулықтың негізгі, базалық бөлімі мен негізгі емес, қосымша ақпараттық бөлімін айқындап алу және орналастыру; соған сәйкес негізгі және қосымша әдебиет қарастырылуы тиіс;
Оқу материалын уақыт параметріне сәйкес бөлген кезде жаңа материалды сабақтың бас кезінде-оқушылардың зейіні мейлінше белсенді кезеңіне лайықтап беру;
Аудиториялық сабақтарды курстың бас кезінде басымырақ қойып, өз бетімен жемісті жұмыс жасаған кезде студентке тірек боларлық білім қорын жасақтау;
Бұрын берілген және жаңа ақпараттардың логикалық бірізділігін қамтамасыз ету.
Күшейте оқыту үрдісі жеке-психологиялық және ұжымдық
Психологиялық факторлардың үйлесімді қарым-қатынасына негізделген.
Дәріс 9.
Тақырыбы: В.Ф.Шаталовтың қарқынды оқыту технологиясы
Қазіргі кезде оқу –тәрбие үрдісін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар психологиялық-педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктері белгілі.
Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федоровий Шаталовтың есімі айрықша дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б. жатады.
Ерекше әсер қалдыратын нәрсе, бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-тәсілдерімен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті түрде, сындарлы бірізділікпен, белгілі бір әдістемелік жүйемен құрылуындағы жетістіктерді қөрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі. Мұны іс-тәжірибесінде жүзеге асыру авторды жалпы дидактикалық принциптерді және ұғынықты болу (мысалы, шама жету және ұғынықты болу принципі мен қиындығы өте жоғары деңгейдегі жұмыс принциптерінің арақатынасы және т.б.) талқылауға келтіріліп отыр.
Біздіңше В.Ф.Шаталовтың басты еңбегі-оқу ісін оқушылардың өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көрінуде. Жасыратыны жоқ, «Оқыту әдісі дегеніміз оқытушының іс-әректеі мен оқушының іс-әрекетінің бірлігі» деген формулада келтірілген оқушылардың танымдық іс-әрекетіне назар аударылуына қарамастан, мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген белсенділікті (кітапша авторының есебі бойынша әр оқушының бір күнгі әр сабақта 2 минуттан сөйлеуі) әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді. В.Ф.Шаталов оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан алғанда автор оқушылардың іс-әрекетін басқару жөніндегі совет психологиясында тұжырымдалған жалпы идеяларды (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина және басқалар) шынайы түрде жүзеге асырып және оларды әдістемелік жағынан «нақыштай» білген.
В.Ф.Шаталовтың оқушыларының оқу-әрекетінде қандай нақты формалар бар? Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа материалды игеру алдымен мұғалімнің көмегімен түсіндірілуін тыңдау түрінде өтіледі. Автордың атап көрсеткендей, мұнда ерекше тұрғыда ұйымдастырылған материалды «блокты қабылдау» жүреді. Сонан соң- мұғалім үлестірген тірек сигналды парақтарды оқып үйреніп және жазып жаттығады. Бұдан кейін оқу материалы бойынша жасалған «тірек сигналдарымен» қызу жұмыс істеу, осындай конспекті құрастыруға байланысты (шамамен 15-20 сабақта бір рет) творчестволықжұмыс орындау және т.б.
Психологиялық жағынан алғанда бұл мұғалімнің тексті мағыналық тұрғыдан өңдеу тәсілдерін қалыптастыруын оқушылардың өздерінің оқу ісін ұйымдастырудағы құралы ретінде тірек сигналдарын пайдалануын, мнемотехникалық тәсілдерді, оқушыларда ой еңбегі мәдениетінің жалпы әдістерін дамытуды білдіреді. В.Ф.Шаталовтың бақылауынша оқушылар жаңа текстермен жұмыс істегенде осы әдістерді кеңінен пайдаланылатыны есте қаларлық нәрсе.
Бұл тұрғыдан алғанда В.Ф.Шаталовтың тірек сигналды парақтары өзінің мәні жөнінен П.Я.Гальпериннің оперативті әрекет схемаларына, оқытылатын ұғымдардың қасиеттері мен белгілері және олар белгілі бір жүйе бойынша ақыл-ой әрекетін сатылы түрде қалыптастыру теориясына сай карточкаларға жазылған жұмысқа жақын. Глобальді, іріленген тақырыптар идеясының өзі психологиялық жағынан «меңгерудің негізгі бірліктері» түрінде жүзеге асырылады (П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин және басқалар).
Мұғалімнің сұрауы да сол сияқты. В.Ф.Шаталов оқушыларынан белсенді әрекеттің жаңа формаларын талап етеді. Сөйлеу практикасын, ең бастысы, оқу материалын-оның түрде қайта жаңғырту практикасын дамытып отыратын меңгерілген материалды жәймен магнитофонға ауызша йту (бір сабақта 20 оқушыға дейін); бұл жазылғандарды кезектесіп тыңдау және бағалау-міне осының бәрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындықтың қажеттігін тудырады, ал тірек парақтарын пайдалану бұл дайындық уақыты (әр сабақ үшін 20 минутқа дейін) қысқартады. Орындалған жаттығуларды тексергеннен кейін оқушылар шығарылған есептер парағындағы тор көздерді бояп қояды.
Сөйтіп, оқушылардың оқу материалындағы білімдердің глобальді, іріленген бірліктерін орындауы (басында мұғалімнің ізінше) және олардың жүйелері мен «байланыстарын» бөліп алу әрі оларды белсенді түрде жазбаша және ауызша қайта жаңғырту жөнінен оқуға деген белсенді іс-әрекет қолма-қол көрініп отырады. Сондай-ақ мұғалімнің күнделікті сабақ сұрау жүйесімен т.б. үнемі ұйымдастырылып жүзеге асырылатын оқушылардың үлгерімін кең түрде бағалау да айқын көрінеді.
В.Ф.Шаталовтың ең маңызды жетекшісінің бірі тұтасымен оқу үрдісінде және оның ішінде сабақ кезінде қолайлы психологиялық жағдай тудыра білуі және оқушылардың өздерінің еңбектеніп оқуға деген жоғары деңгейдегі ішкі әзірлігін қалыптастыруы болып табылады. Бұған оқытушымен оқушының өзара қарым-қатынасының мынандай көптеген ерекшеліктері септігін тигізеді: оқушыларға үйде тапсырма орындау міндеттелмейді, тек ұсынылады; есептерді шығару «жартылай міндетті» жағдайда жүргізіледі: сабақ сұрау ақырын, жәймен, сенімді, оқушылардың қателігі көзге түртіп көрсетілмейтін формада өткізіледі; оқушылар сабақ айту үшін орнынан тұрып жатпайды; мұғалімнің бағасының талассыздығымен қатар талап жағдайы жоқ және т.б. Нәтижесінде –әр оқушының жақсы оқуына болады деген сенім, әр оқушының өзін-өзі қадірлей білу сезімі нығайып, тіпті қиын жұмысты да орындауға шамасы жететініне сенім қалыптасады. Міне, осының бәрі автордың кітапшасының аты етіп қойған проблеманы шешу жолдарын көрсетеді. Автордың жазуынша мұндай жағдайда дәстүрлі оқытудағы келеңсіз көріністер – сыбырлап «көмектесу», көшіріп алу, уақытты босқа зая кетіру жойылады.
Оқушылар творчествосы бұл қашан да мұғалім творчествосының жаңғырығы. Кітапшаның әрбір беті мұғалімнің көптеген әдістемелік тақырыптарын ашып отырады: сабақ өткізуге ыңғайландыруға болатын 6-8 оқушының жауап беруіне арналған үлкен тақта (тақта алдындағы баспалдақ, тақтаға қосымша қондырылған «қанаттар» және т.б.), оқушыларға арналған кластағы анықтама-автомат, қабырғаға ілінген ашық үлгерім стендісі, оқу барысында «релелік тапсырмаларды» қабылдау, аралық мәреге жетер алдындағы мұғалімнің көмегі- «педагогикалық десант» т.б.
Сонымен, Донецскіде үлкен жұмыс жасалған және ол жүзеге асырылып, жалғасуда. Қандай да шын мағынасында озық тәжірибе сияқты Донецк мектептерінің тәжірибесі «көкейде, қиялда жүрген» идеяларды жүзеге асыруға бейімдейді. В.Ф.Шаталовтың қазіргі педагогикаға қосқан үлесі оның әлгі идеяларды зерттеп, нақтылап, дамытып және олардың әдістемелік жаңа шешімдерін табуында.
Ал енді осы әдістемелік жүйеге толығырақ тоқталайық. Мұнда тірек сигналдары оқытудың көрнекілік принципі кең жолға қойылған.
Мұғалім тірек сигналдарын пайдаланғанда олардың әрқайсысының мән-мағынасын ұғынықты түрде түсіндірсе және көрнекі суреттермен, бояулы схемалармен, сондай-ақ тірек сигналдары бар жеке парақтармен көрсетіп әңгімелесе, алғашқы онша күрделі емес тірек сигналдарын ойда қалуы бойынша еске түсіру қиын ба? Сызбалар мен жазуларды қағазға түсірудің алғашқы әрекетінің өзінде – ақ оқушы бұл істің қолынан келетінін сезеді. Ал бұл алғашқы, ең қарапайым қадам, мұны ең нашар деген оқушы да орындай алады. 2-3 күннен кейін ол бұл жұмысты ынталана орындайтын болады: себебі оның көз алдында бүкіл класс күн сайын үлкен қайтарыммен жұмыс істеп жатады және ол жазба жұмысы үшін күнде жоғары баға алуға болатынын көреді. Оларды дауыстап оқығанда қиындықтар туа берсін, практикалық жұмыс кезінде кейбіреулері ойдағыдай болмай-ақ қойсын- мейлі! Білімді жинақтау үрдісі, істің ішкі мәнін терең толғау үрдісі және жүйелі еңбекке белсене араласу жүріп жатады. Бұған қоса бұл арада қаншама бала ауызша жауап береді. Класс алдында қате жауап беруден оқушы қысылатындай дәстүрлі жауап беру емес. Өзінің білімсіздігін жұрт алдында жайып көрсету кімге жағымды? Ал мұнда мұғаліммен бетпе-бет отырып жәймен сабақ айтсын немесе одан да оңайы-магнитафонға жазсын. Нашар оқушы өзінің магнитафонға жазғанын мұғалімнің ешкімге тыңдатпайтынын және жауабымда қандай қателіктер жібергенін ешкімнің естімейтінің жақсы біледі. Оның есесіне жауабы жақсы болатын болса, ертеңіне оны бүкіл класс болып тыңдайды. Бұл өте қарапайым әдістемелік тәсіл кей жағдайда өзіне деген сенімділігін қалыптастыруды қажет ететіндерге қаншама рухани күш береді. Бірнеше ақырын және магнитафондық сабақ сұраулардан кейін балалар тақтаға батыл шыға бастайды және тарих, география сабақтары бойынша тірек сигналдарын еркін дауыстап айта алатын болады.
Тілді былайша дамыту спираль бойынша өрлеуді еске салады: математикалық цикл пәндерімен жұмыс кезінде қол жеткен табыстар тарихи оқиғаларды, табиғаттағы түрлі өзара байланыстарды неғұрлым терең ұсынып түсінуге және әдеби шығармалардың құрылымын логикалық түрде талдауға үйретеді.
Жаңа әдістеменің жетекші принциптерінің бірі- жариялық принципі. Оқушылардың магнитафонға жазғандарын ашық тыңдау-соның кішігірім элементі.
Магнитафондық сұрау енгізілгеннен кейін-ақ үйлерінде магнитафондары бар оқушылар өздерінің жауабын магнитафон лентасына жазып, оны таңертеңгі денешынықтыру жаттығулары кезінде, сызу жұмыстарын орындауда, әйтеуір оған деген сәл мүмкіндік болған кезде бірнеше қайтара тыңдайтын болады. Нәтижесінде, сабаққа әзірлену уақыты қысқарғаны, жауаптары сауаттанып, нақтылана түскені, көптеген оқушылар үшін тәртіп қатаң әрі ұтымды бола түскені бірден байқалады.
Ауызша сабақ сұрау кезінде оқушылар тірек сигналдары бар қағаздарды (магнитафондық және жәймен сұрау кезінде) немесе тірек плакаттарын пайдаланады (тақта алдында жауап берген кезде). Бұлай сабақ сұраудағы оқушылардың психологиялық еркіндігі мынадай объективті жағдайлармен айқындалады:
Бір мезгілде бірнеше операцияны орындау: әңгіменің жоспарын есте сақтау, әңгімені өзі айту және өзара байланысты тірек сигналдарының арасындағы абзацтарды толтыруға тиісті материалды ойша қорыту қажеттігі жойылады. Профессор В.В.Давыдовтың зерттеулері көрсеткендей, бір мезгілде бірнеше ой операцияларын орындау қатты шаршауға немесе бұл операциялардың әрқайсысының ойдағыдай орындалмауына әкеліп соқтырады.
Жаңа терминдермен, есімдермен, даталармен жұмыс істеу жеңілдейді, бұл өз кезегінде күтпеген эффектіге жеткізді: оқушының сөз сөйлеуіндегі орынсыз қыстырма сөздер («міне», «ой», «иә», «осылай» және т.б.) іс жүзінде толығымен жойылады. Өзі-ақ айтып тұрғандай бұрын бұл сөздер бір ғана қажеттілік үшін-жаңа сөздер мен тілдік құрылымдар ойлап табуға қажет уақыт өту үшін пайдаланылатын еді.
Тапсырмаларды еркін таңдап алудағы еріктілік өтілген материалды еске түсіруге көмектесетін және ауыз екі сөйлеуді қалыптастыратын тірек сигналдарының көрнекі жүйесі бәрі –бәрі бір ғана мақсатқа жұмылдырылған: оқушы оқуда жеңіске жетуі тиіс! Канадалық психиатр Ганс Сельенің әр түрлі жағдайда жүргізген көптеген психологиялық тәжірибелері қатты (стрестік) шаршаудың үнемі көңіл қалу меп сәтсіздіктің салдарынан болатынын дәлелдеген. Жұмыс әдеттегіден қиын болса да ондағы қол жеткен табыстар жұмыс тонусының көтерілуіне сабақ оқудағы еңбек өнімділігінің өсуіне ықпалын тигізеді.
Тірек плакаттарын пайдаланып ауызша сабақ айту кезіндегі оқушылардың ынта-ықыласы әдеттегіден жоғары, яғни 88-деп 92%-ке дейін (бақылаудағы кластарда 56-60%)болады. Айтарлықтай дәрежеде бұл белсенді және салғырт еске түсірудің үйлесімді болуымен түсіндіріледі. Әдетте әрбір оқушыда үйде сабаққа дайындалу кезінде берілген материалды айтып берудің өзіндік, жеке жоспары қалыптасады. Мұндай жағдайда басқа бір конструкцияны қабылдау өте қиын. Бұл арада түрлі салыстырулардың, бір жағынан оқушыны шаршата түсетін, екінші жағынан ынта-ықыласты әлсірете түсетін ішкі қарама-қайшылықтардың болатыны даусыз.
Көптеген есептеулер мынаны көрсетті: алдын ала дайындықсыз таныс емес тексті дауыстап оқығанда оқу жылдамдығы минутына 220 сөзден, ал таныс тексті оқығанда минутына 240-250 сөзден аспайды екен. Ал енді қандай да бір оқиғаны үлкен шапшаңдықпен әңгімелеп көріңіз, сіз бәрібір минутына 180 сөзден артық айта алмайсыз.
Сабақтың сөздік көлемі 2500 сөзге сирек жетеді. Жаңа әдістеме жағдайында жұмыс істеу сабақтың, сөздік көлемі 1,5-1,7 есе арттыруға мүмкіндік береді! Бұған ең алдымен тірек сигналдары көмектеседі. Бағыт-бағдар белгілерін пайдалана отырып, оқушы қиналмай-ақ сөйлеу шапшаңдығын арттыра алады және сөз арасындағы үнсіздікті қысқартады, артық, қыстырма сөздерді жояды. Егер бұған қоса сабақ сұраудың жаңа екі-жәймен және магнитафондық түрін ескетсек, онда әрбір оқушының үлесіне тиетін сабақтың сөздік көлемі 2,8-3,1 есе өсетінін ғылым дәлелдеген.
Тірек сигналдары бар парақ қағаздың толық толтырылған түрі төмеңгі суретте көрсетілгендей.
Бірінші көңіл бөлетін нәрсе-блоктардың орналасуының ассиметриясы және оларды шектейтін контурлардың стандартты болмауы. Бұл жайдан-жай емес. Өйткені, біріншіден тірек сигналдары қағазын толтыратын автордың, қолында симметриялық қатаң фигуралардың көп мөлшері жоқ және оларға сүйенуге болмайды, оқу пәндері көп болғандықтан олар бойынша жасалатын парақ-беттер де көп, сол себепті авторлар амалсыз шаблонға ұрынады, ал эстетикалық қабылдау тұрғысынан олармен жұмыс істеу қанша жабырқаңқы болса, адамның есте сақтау заңдылықтары тұрғысынан сонша қиын. Шеңбер, квадрат, үшбұрыш және тік төртбұрыштарды шұбырған сансыз көп қатары бір кітапша беттерінен екіншісіне ауыса отырып, бір сарын әрі жалықтыратындай көрініс береді.
Екіншіден, бұл схемаларды орындау, сабаққа дайындалу кезінде және тікелей сабақ үстінде, яғни репродукциялық жұмыс үрдісінде оқушылар белгілі дәрежеде еркіндік алады және алуан түрлі контурлар салуға алғаш рет дағдыланады. Осы арада мынадай бір детальды атап өткен қызықты болар. Қарапайым есептеулер бойынша тірек сигналдарымен 23 жыл жұмыс істегенде математика, физика, астрономия, география, тарих және басқа да бірқатар пәндер бойынша 2000-ға жуық парақ бет жасалыныпты. Бұл парақтардың бәріне 5000-дай блок салынған және олардың бірде –біреуі мына көрсетілгендей контурмен орындалмаған. Форманың көп түрлілігі-қоры ешуақытта сарқылмайтын психологиялық-педагогикалық қуатты қару.
Кейбір оқырмандарда (мұны тіпті алдын ала болжауға болады) барлық тірек сигналдарын есте сақтап қалуға және қағазға қайта жазып түсіруге қанша уақыт кететінін тексеріп көруге ынта пайда болады. Мұндай мини-эксперименттің мақсатқа сайлығы айқын: есте сақтау механизмдері мен іштей сөйлеуге тірек сигналдарының әсер күші кідірусіз жүреді. Жалған тұжырымның қауіптілігін ескерту қажет. Оқырман қолында тек осы кітіпшаның беттері ғана болған. Дыбыссыз және біркелкі. Оқушы оқулықты оқуға бірден кіріспей, тек жұмыстың бесінші кезеңінде ғана кіріседі. Ол кезеңдерді атап өтейік.
Мұғалімнің жаңа материалды түсіндіруі.
Өтілген жаңа материалды тірек плакаттарының көмегімен қайта баяндау.
Тірек сигналдары бар беттерді арнайы стендте көрсетілген үлгі бойынша бояу.
Тірек сигналдарын сол көрсетілген үлгі бойынша үзіліс кезінде алғаш керіп, есте сақтау. (Көпшілік жағдайда бір пән бойынша сабақ пен сабақтың арасында 12-18 үзіліс болады, сол уақыттарда тірек сигналдары бар қағаздар балалардың көз алдында болуға тиіс.)
Оқулықпен жұмыс істеу.
Осының бәрі тұтас алғанда материалды түгелдей есте сақтап қалуға қолайлы жағдай тудыруды және әр түрлі зерттеулер көрсеткеніндей оқушының сабаққа дайындалу уақыты, егер әңгіме тек теориялық материал туралы болса, 20 минуттан аспайды, ал бұдан да қолайлы жағдайда 10-15 минутпен шектеледі. Сонымен қатар, тірек сигналдары бар көлемді блокты конструкцияларды есте сақтап қалуды мнемоника тәсілдерін қолдана отырып, прозадан, поэзиялық шығармалардан үзінділерді немесе спектакль қоярдағы дайындық кезінде диалготарды жаттағандағыдай іске асыру керек.
Тірек сигналдарын қағазға қайта түсіру уақыты бірнеше рет жаттыққан соң біраз қысқарады. Сондықтан көпшілік оқушыларға белгіленген уақыт ішінде жазба жұмысын орындап шығу онша қиындық туғызбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |