Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 1,21 Mb.
бет6/7
Дата13.05.2018
өлшемі1,21 Mb.
#12180
1   2   3   4   5   6   7
Дәріс № 9-10.

Тақырыбы: 12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту ерекшеліктері. 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушыларды тәрбиелеу жүйесінің даму перспективасы
Елбасымыздың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында айтып кеткендей: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек». Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды.

Өмір талабына сай мектеп жаңа әлеуметтік тапсырысты орындауға, басқа мақсатты, формалы, сапалы білім беруге бағытталуы қажет. Ойлап қарасақ, барлық әлемдік кеңістіктегі білім беру идеологиясы «бүкіл өміріңнің білімі» принципінен «өмір бойғы білімге» ауысуда. Бұл идеологияны және ішкі резервті пайдалана отырып, жаңа нарықтық жағдайларға жүйелі бейімдеу механизмін орындау – біздің міндетіміз.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Ол 2008 жылдан бастап енетін, 12 жылдық білім беру мазмұнынан жан-жақты көрініс таппақ. 12 жылдық жалпы орта білім беру педагогикалық процестің әрбір қатысушысының шығармашылық потенциалы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дамуына жағдай жасауға, сондай-ақ негізгі мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге, жоғары сатыдағы оқушыларды бейіндеп оқытуға бағытталған біртұтас жүйе құруды қарастырады.

12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушыларды тәрбиелеу жүйесінің даму перспективасы

Қазіргі таңда Республикада 12 жылдық білім беруге көшу кезеңінде қоғам дамуында орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық түбірлі өзгерістер, ынталы бастамалар, мектепте жалпы білімнен таңдаулы білімге көшу және болашақ жасөспірімдерді ғылыми техникалық прогресс талабына сай тәрбиелеу мәселесі оқу мақсатын, мазмұнын, түрін, әдісін қарастырып, тәрбие үрдісіне көптеген өзгерістер енгізуді талап етеді.

Біз тәрбие мен білімді егіз дүние деп келеміз. Бұл екеуі бір арнада, бір мақсатта әрекеттескенде ғана оңды нәтиже бере алады. Ғылыми негіздерге сүйенсек адам тәрбиесі методологиясын екіге бөлуге болады. Бірінші биологиялық индивид, екінші сананы жетілдіру сатысы.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазіргі заманғы электронды оқулық басылымдарын әзірлеуге, жалпы білім беретін мектептің негізгі пәндері бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыру және оларды дәстүрлі оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыру керек. 12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылында 1-сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқи бастайды», - делінген.



12 жылдық білім берудегі оқушылар қызметінің мақсаты:

- жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, қарқыны) ;

- әрекет ету әдістерін, тәсілдерін,біліктілігін оқу мен әлеуметтік құзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;

- оқу жағдайларын шешуге немесе құзыреттіліктің пайда болуына арналған жұмыстардың әдістері әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен дағдыларын кіріктіру;

- жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы (оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, мультимедиалық бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, Интернет желісі т.б) берілген мүмкіндікті қолдану.



&&&

$$$002-010-100$Дәріс №9-10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Құзыретті тұлғаны қалыптастыру

  2. Қазіргі заманғы электронды оқулық басылымдары



Дәріс №11

Тақырыбы: Жаңа құрылым мектебінің мұғалімі

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп- жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағына экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Мұндай өнімді және нәтижелі, сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етеді. Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері мен қызметкерлерінің (мектеп кітапханасыы, мектеп асханасы, сабақ кестесі, сыныптар және т.б.) де түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапалары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп санайды.

Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі, арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай. 12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі үш бағытты басшылыққа алады. Олар 1-бағыт: оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 2-бағыт: оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ал отырып жеке даралық бағытта оқыту. 3-бағыт: ішкі қажетіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент –оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.

Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек? Деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде жалпы орта мектептің мұғалімдеріне қойылатын талаптар басшылыққа алына отырып, негізгі талаптар толықтырылып, жаңа реформалық үлгідегі талаптар ұсынылды. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы мен әдістерін меңгеру оның кәсіптік сапаларының қалыптасуы мен зерттеушілік қызметінің қалыптасуына өз септігін тигізеді. Сонымен, білім реформасы инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті, инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекет субъектісінің дамуы мен өздігінен дамуына бағыт беретін талаптарды түзеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерге зерттеушілік-шығармашылығы талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес бере алатын мұғалім қажет.

Оқу процесінде көптеген күтпеген жағдайлар болады. Атап айтсақ: оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі, ата-аналармен қарым-қатынас деңгейінің жеткілікті болмауы, құрдастарымен келіспеушілік жақтары және т.б. Бұл мәселелердің шешімін мұғалім әрбір баланы жеке дара зерттей отырып, мәселенің себебін зеректікпен анықтай алады. Егер ол мәселелер шешілмеген жағдайда бұл психологиялық соққыға тек қана мұғалім немесе мектеп, ата-ана ғана емес, қоршаған орта, құрдастары да әсер етуі мүмкін. Сондықтан асығыс шешім қабылдаудан бұрын мәселенің мән-жайын толық зерттеп біліп алу тағы да мұғалім үшін жауапты нәрсе. Мұғалім оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, оқушылардың не қалайтынын қанағаттандыруды ұйымдастыруы қажет.

Әрбір ұстаз үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өткен жөн:

- сабаққа педагогикалық-психологиялық талдау жасау;

- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

-сабақты ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері;

- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

12 жылдық білім беру барысында Информатика пәнін оқытудың нәтижелері


Білуі тиіс

Білуі тиіс

Білуі тиіс

- Компьютерде жұмыс жасағанда, санитарлық-гигиеналық талаптарды

- ЕТ кабинетінде компьютермен жұмыс барысында денсаулық-тарын сақтап, техника қауіпсіздік ережесін қадағалауды

- Мемлекеттік ақпараттық сақтану жүйелерін

- компьютердің қосымша, яғни перифериялық құрылғыларын және олардың функцияларын

- ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қосымша бөліктері мен олардың функцияларын


- ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердің қосымша бөліктері мен олапдың функциялары

- MS Windows стандартты ортасын

- MS Office элементарлық негіздерін



- негізгі қолданбалы бағдарламалар және жүйелік бағдарламалар: офистік бағдарламалар, корпоративті ақпараттық жүйелер, мультимедиа, интернет

- кең таралған қол-данбалы және жүйелік бағдарламалар: проектілеу жүйелері, ғылыми бағдарлама-лық жасақтама, геоинформациялық жүйелер

- ақпараттық жүйелердің қолданылу орны: ролі және функцияларын

- ақпараттық жүйелердің мазмұны, құрамын

- ақпараттық жүйелердің деңгейлерін


- ақпараттық технологияның ролі мен функцияларын

- ақпараттық технологияның мазмұны және құрамын

- ақпараттық технологияның деңгейлерін

- Интернеттің элементарлық негіздері

- веб-сайт, электрондық почта, веб-форум, веб-чат, электрондық магазин




- Ethernet, Extranet, Intranet және Internet желілік жүйелері-Google, Yandex, Yahoo, Aport ақпараттық-іздеу жүйелері

- e-Learning дистанциялық оқыту

- видеоконференц байланыс

- интерактивті технология

- электрондық сауда


- WWW – World Wide Web дүниежүзілік ақпараттық портал

- компьютер көмегімен өлшеу және есептеу технологияларының принциптері

- компьютер мониторингі

- интеллектуалды машиналар мен роботтар

- электрондық үкімет


- алгоритмдер мен программалар

- моделдеу, конструктрлеу, проектілеу және басқару бағдарламалары

- компьютерді басқару объектілері мен жүйелерінің негіздері

- Интернетке қосылу

- текстік, графикалық ақпараттарды құру, сақтау

- аудио және видео ақпараттарды демонстрациялау


- Интернеттен қажетті ақпараттық ресурстарды іздеу және табу

- инновациялық технологиялар білімін қолдана білу

- құжаттарды анализдеу және синтездеу


- қажетті ақпараттық ресурстар кітапханасын дүниежүзілік ақпараттық портал

-Интернет арқылы жіберу

- графикалық бағдарламалар Photoshop, Corel Draw, Adobe Illustrator

- AutoCAD БҚ



&&&

$$$002-011-100$Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Инварианттық компонент

  2. Тұлғалық компонент

  3. Профильдік компонент


Дәріс №12

Тақырыбы: 12 жылдық оқыту моделі

Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі – 12 жылдық оқыту моделі. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық» дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізін мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті. Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді. Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі-бүкіл әлем жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.

Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне суйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарын жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін қажет етеді. Білім беруді ұзақ және орта мерзімді дамытудың стратегиялық мақсаттары басым бағыттары мемлекет басшысының «Қазақстан – 2030» даму стратегиясында көрсетіліп, Қазақстан Республикасында 2005-2010 ж.бастап 12 жылдық көшу анықталған. 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі бағдарламаны даярлау «12 жылдық білім беру проблемаларының Республикалық ғылыми – практикалық Орталығы» РМКК бастамасымен дайындалды. Бағдарламаны жасау бейіндік оқытуда сапалы білім алу, әлеуметтік тапсырысты орындауға деген қажеттіліктен, сұраныстан туындап отыр. Қойылған мақсатқа жету және оны тиімді түрде жүзеге асыру үшін 12 жылдық оқытуға көшу процестерін оңтайландыру мүмкіндіктерін белсендіруге жайлы жағдай жасау қажет. 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі Бағдарлама – бейіндік оқытуға көшуді қамтамасыз ететін басты стратегиялық құжат. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетігі.

1. Ұйымдастырушылық – ақпараттық қамтылуы.

Жұмыстың осы бағытының мақсаты – 12 жылдық оқытуға көшуді ақпараттық, жарнамалық-насихат және білім беру жүйесінің ішкі пайдалы байланыстарын пайдалану.

2. 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары

Жұмыстың осы бағытының мақсаты – оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа технологиясы мен тәсілдерін қолдану, педагогтардың тұлғалық-бағдарлық оқытуға психологиялық даярлығы. Білім беру қызметінің сапасын арттыруда отбасы, мектеп және қоғамдық көпшіліктің өзара пайдалы әсері.

3. Мектептің білім беру бағдарламасының мазмұнын жаңарту

Жұмыс бағытының мақсаты – мектептің педагогикалық практикада 12 жылдық білім беру тұжырымдамасының ережелеріне сай бейімделуі, жаңа бағдарлы-әдістемелік бағдарлама, оқулық, дидактикалық материалдар, әдістемелік құралдармен қамтылуы.

1. Ұйымдастыру – басқарушылық қамтылуы.

Осы бағыт аясында өзара әрекет ету, 12 жылдық оқытуға қатысушыларды ынталандыру мен қолдау, Бағдарламаны іске асыру барысы мен нәтижесінің мониторингін жасау, бағалау.

V. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже.

Осы бағдарламаның стратегиялық мақсаттарын іске асыру қамтамасыз ететін 12 жылдық білім беруге көшу мен әрекет етудің моделін жасау.

Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың мағыналық жағын педагогикалық кадрларды кешенді түрде даярлау арқылы ғылыми-әдістемелік ұйымдастыру.

Оқушыларды мақсатты, тұрақты дамуы үшін жағдай жасау – оқу әрекеті мен әлеуметтену субъектісі.

&&&

$$$002-012-100$Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Бейіндік оқыту

  2. 12 жылдық білім беруге көшу мен әрекет етудің моделі


Дәріс №13

Тақырыбы: 12 жылдық білім беруде оқушыларда информатика сабағында қалыптастырылатын құзыреттіліктер

Қазақстан Республиксының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырландырудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұғырға көшу. 12  білім беру жағдайында әлемдік деңгейдегі белгіленген білім беру міндеттерін нәтиже ретінде көру мүмкіндігі туындайды. 12 жылдық білім беру проблемалыры орталығы дайындағын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты білім берудің мазмұнын жобалау және белгілеу тәсілдерінің жаңа үлгісін ұсынады. Бұрын мемлекеттік стандарттар берілетін материалдың көлемін мен құрылымынның нормаларын белгілеген болса, жаңа стандарт жобасында білім берудің нәтижелері норма ретінде бекітілген. Ең басты нәтиже құзыреттілік болып отыр.

Құзыреттілік тұғыры бойынша білім беру прагматикалық сипатта болады және мыналарға бағытталады: тәжірибеден пайдалыны ала білу; өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра білу және оны ретке келтіре алуы; өзінің алдындағы міндеттерін өздігімен шеше алу біліктілігі.

Бұл үшін «құзырет» және «құзыреттілік» деген ұғымдардың мән-мағынасын ашып алуды жөн көрдік. «Құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдарын, тұлғаның құрылуында феномен ретінде құзыреттілікке ие болудың мәнін және табиғатын түсінуде А.М.Аронов, Дж.Равен, А.Н.Тубельский, Б.И.Хасан және т.б. пайымдауларының мәні зор. Соның ішінде А.М.Аронов құзыреттілікті белгілі бір әрекетке даярлығы деп қарастыруды ұсынады, құзыреттіліктің іс-әрекеттік негізі қазіргі білімдік және болашақтағы практикалық әрекетті байланыстырады. Ғалымның ойын жалғастырушы .Г.Б. Голуб құзыреттілік тұғырда оқушының белгілі бір өнімі бар іс-әрекеті жатыр,  «іс-әрекет ойлау әрекетінің бөлігі», ал құзыреттілік «бұл іс-әрекеттің жіктелген субъектіленген іс-әрекеті» деп ерекше атап өткен. Бұл құзыреттілікті іс-әрекеттік категориясы деп түсінуге мүмкіндік береді. Автордың пікірінше, ол субъективтенген, яғни жеке іс-әрекет тәжірибесінен өткен, субъективті тәжірибеге айналады. Сонымен, құзыреттілік– оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, біліктілігін, дағдыны және әрекеттің барлық тәсілдерін меңгеруі, білім берудің нәтижесі.



Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталады:

Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік - оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын кабілеті, жоғары әдептілік. кұндылықтар негізіңде жасампаз коғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматгылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.

Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс кызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.

Оку-танымдык құзыреттілік — окушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оку-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік – зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін карастырады.

Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік — бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.

Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік қоғамдық жағдайларға накты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.

Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, енбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға таддау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік кадір-касиет сезімімен үйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты карау) жеке және коғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ыкпал етуді қарастырады.

Құзыреттілігі жоқ мұғалімнің оқушылары да құзыретсіз екендігін есте ұстаған жөн. Құзыреттілік құралдарының тізімі бәрінен бұрын оқушы ұстанымына да байланысты. Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру олардың белсенділігіне байланысты болады, яғни мұғалімнің «белсенділігі» оқушылардың белсенділігіне ауысқан кезде ғана болады.  Оқушыларды оқыту үдерісінде төменде көрсетілген технологияларды белсенді пайдалану керек: жобалар әдісі, жарыссөз әдісі, ойын технологиясы (рөлдік ойындар), проблемалық  пікірталас, интерактивтік оқыту технологиясы (жұппен, шағын топтарда), модульдік оқыту технологиясы.

Жобалар әдісі, мысалы, ақпараттық, коммуникативтік, жеке тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіру және т.б. сияқты құзыреттілікті қалыптастыруға қолданыла бастады.

Оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастыру — бұл оқу іс-әрекеті мен өз қызметін талдау біліктілік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жүйелілік дағдылары, мысалы, сұлбалар, алгоритмдер құрастыру арқылы қалыптасады. Осы құзыреттілікті қалыптастыру үшін сабақтарда өзін-өзі бақылау және өзара бақылау белсенді түрде қолданылады.

Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру ойын технологиялары, пікірталастар көмегімен сатылай жүргізіледі. Негізгі біліктілікті қалыптастыруда оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдары маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар информатика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келсек, оқушы құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр ұстаз өзіне тиімді әдіс-тәсіл мен технологияны қолдана алады. Ол “Модульдік оқыту технологиясы”, Қараевтың “Оқытудың педагогикалық технологиясы” болуы мүмкін, бірақ ең бастысы шәкірт қойылған проблеманың шешімін өзі табуы керек, әрекет жасай білуі керек.

Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілігі

  2. Ақпараттык-технологиялык құзыреттілігі

  3. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі

  4. Оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастыру

  5. Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру


Дәріс №14

Тақырыбы: 12 жылдық білім беру жүйесіндегі бастауыш мектеп оқушыларына информатика сабағын оқыту жолдары

ХХ ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық ауадай қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады.

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогика – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды.

Оқушыларға информатика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Ел болашағы сауатты ұстаздың қолында десек қателеспейміз.  Болашақты жасайтын бүгінгі жастар, олай болса оқушы қиялын дамыту әзденімпаз ұстаздың қолында. Ол үшін ұстазға өзінің білімін үздіксіз жетілдіру, оқытудың әдіс – тәсілдерін меңгеру, ғылыми әдістемелік басылымдарды көбірек оқу, ізденістерін тәжірибеде қолданып отыруы қажет. 12 жылдық мектептің информатика пәнінің ұстазы өскелен заман талабына сәйкес шығармашылыққа бейім зерттеу жұмысы тәсілдерін қолдана алатын маман болуы тиіс.  

Ғалымдардың, практик – ұстаздердің пікірінше, информатика курсын бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

-   бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;

-   ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;

-   бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.

Информатика сабағында оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі- бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы. Информатика сабағының тағыда бір мүмкіндігі оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.



Информатиканың бастауыш мектеп оқушыларына бергендегі тиімділігі:

1.     Алгоритмдік ойлау және ақпараттық мәдениетті, жүйелеу, талдау ерекшеліктерін қалыптастырады .

2.     Даралық интеллектіні және сезім-жігер қасиеттерін, есте сақтау және түйсіну, қиял,қабылдау негіздерін дамытады.

3.     Оқушыларда азаматтық және дүниетанымдық  тәрбиені,   ақыл- ой танымын,өмірге көзқарасын қалыптастырады.



Бастауыш мектеп оқушыларына арналған информатика сабағының құрылымы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі (1-2 минут)

2.     Бой сергіту. Мысалы логикалық есептер, математикалық есептер, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған есептер (3-5 минут)

3.     Үй жұмысын тексеру (3-4 минут)

4.     Жаңа сабақты түсіндіру немесе дәптермен жұмыс (10-12 минут)

5.     Сергіту сәті (1 минут)

6.     Үй жұмысын беру. Міндетті түрде түсіндіріп беру керек  (2- 3 минут)

7.     Компьютермен жұмыс (8-10 минут – 1 сынып; 10-15 минут – 2-4 сыныптар)

8.     Бой сергіту (1 минут)

9.     Сабақты қортындылау (2-3 минут) [2]



Сабақтың құрылымын осылай бөлудің себебі:

·     Оқушылар бір жұмыстан тез жалықпайды;

·     Сабақ үстінде шаршамайды;

·     Бастауыш сынып оқушылары жай жазып жай оқиды, сол себептен тақырыпты біз ауызша түсіндіруіміз керек, жеке жеке оқушылардың алдына жазылған дайын конспект таратсақ оқушы үйіне барған кезде өткен материалды асықпай қайталайды;

·     Сабақ үстінде дайын компьютерлік оқыту құралы болмағандықтан өзіміз әзірлеген флипчарттар мен презентацияларды қолдануға болады. Дайын флипчарттармен оқыту жылдам және жаза алмайтын оқушылар үшін суреттеме, бейнелер арқылы көрсетіліп түсіндіріледі, сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта сонымен қатар сабақ ортасында сергіту сәттерін қоса отыру әдістері өте тиімді ұйымдастырылуы тиіс;

·     Оқушыны сабаққа деген қызығушылығын қызықты әрі тартымды тапсырмалармен арттыру керек, мысалы осы тапсырманы орындағаннан кейін әсем сурет шығады, әріптердің барлығын дұрыс қойсан сиқырлы ертегідегі кейіпкер пайда болады, басқа оқушыларға қарағанда тезірек тапсырманы орында т.б. тапсырмалар оқушыға ойын түрінде түсінікті де және қызықты болады.



Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу жағдайы?

  2. Мектеп оқушысын әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау


Дәріс № 15

Тақырыбы: 12 жылдық білім жүйесіндегі бастауыш сыныпта информатика сабағын оқытудың маңызы
  Қазіргі заман мектеп оқушыларын құбылмалы әлемге бейімдеуге, өзінің жеке өмірінде болашақ кәсіптік әрекетті тануға мүмкіндік беретін өзгерістерді талап етеді.

12 жылдық білім беру барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзыретті тұлға қалыптастыруды және дамытуды» алдын ала болжайды.



Заман талабына сай білім беру жүйесі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың маңызды мәселелерін шешудің түрлі жолдарын қарастыруда. Оны қалыптастыру қоғамдағы негізгі сала-білім беру жүйесіне міндеттеледі. Елдің елдігін, бірлігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесі тең өркендейтін, болашағын айқын көрсететін білім беру жүйесі. Ұрпаққа білім беру отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін қамтитын іс. Бүгінгі 12 жылдық білім беру қажеттілігі еліміздің игі мақсатқа жетуі үшін көзделген сара жолы десе болғандай. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек.

Елімізде ақпарат ағымы қарқындап, ғылым мен техниканың өркен жаюы өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу жолын ерекше қарастыруды талап етеді. Мектеп жасындағы баланың жас ерекшелігін зерттеу, формальді тек іс қағаз, сауалнама арқылы жүргізіліп келген болатын. Жан-жақты зерттеудің тұтас бағдарламасы болған емес. Алғашқы күннен баланың үлгерімі мен іс-әрекетін бір-бірімен салыстыру арқылы шектелген көрсеткіштер бойынша бағаланатын. Осындай тәсілдердің кемшілігін бүгінгі күнде көріп отырмыз. 12-жылдық білім қазіргі өмір талабын айқындап, жаңа ғасыр білім жүйесін, тәрбиесін ұсынады.

Баланы барлық жағынан тәрбиелеу үшін оны барлық жағынан білу керек деген дана педогогикалық шындықты естен шығармауымыз керек. Қазіргі педагогика оқу мен тәрбиеге зерттеу әдісін ұсынып, мұғалімнің жұмысында оқушының даму деңгейіне, яғни ақыл-ой, адамгершілік, физиологиялық ерекшелігіне баса назар аударуды қажет ететіндігін көрсетеді. Қоғамдық және кәсіп иелері өмірінің салаларында қарқынды түрде өзгеретін еңбек жағдайы күнделікті жұмыс технологияларының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осы өзгерістер қоғамның болашақ мүшелерінің дайындығына қойылатын талаптарына да әсер етеді. Адамның өз өмірінің субъектісі, қоғамдағы белсенді, өз бетімен болатын күш,ең жоғары құндылық және барлық заттың өлшемі ретінде түсінуі білім берудің жаңа құндылықтарының тууына әкеп соқтырады. Қазірден бастап білім берудің іс-әрекеттік құндылық парадигмасының және білім беру қоғамдастығының кезеңі басталуда. Мектеп алдындағы міндет оқу бағдарламаларына осы өзгерістерді енгізіп, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытудың мазмұны мен әдістерін қайта құру болып табылады. Ақпараттық технологияның дамуы қоғамның әр мүшесінің танымдық көзқарасының жетілуіне, білім беру жүйесінің нәтижелі моделіне байланысты. Ақпараттандыру қоғамның барлық салаларына ерекше үлесін тигізбек.

Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол оқушының іс әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер - оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология, жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы.

Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісі болуы мүмкін.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған.

Бірақ, практика көрсеткендей, компьютер толыққанды оқу құралына әлі айнала қойған жоқ. Бұл көптеген дербес жағдайларға байланысты:

– Уақытша. Мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің өз ұйымдастырушылық-әдістемелік және мазмұндық ерекшеліктері болады, соған орай оған ақпараттық технологияны «енгізу» кезін таңдай алу керек.

– Техникалық. Дербес компьютерлердің техникалық сипаттамасы әрқилы. Сондықтан өзімізге қажет қосымша құрылғыларды (сканер, принтер, модем, наушниктер, микрофон және т.б.) таңдай білуіміз керек.

– Ұйымдастырушылық. Пәнді оқыту үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу барысында бағдарламалық жабдықтарды баптау және құрылғыларды жөндеу сұрағы тұрады. Сондықтан мұғалімдерге білікті көмекші қажет.

Осы шарттарды орындаған жағдайда қазіргі ақпараттық технологиялар әсер етуші дидактикалық құралдар болмақ. Оқу үрдісінде компьютерлік техниканы қолданудағы қиыншылықтар көбіне мұғалімнің дербес компьютерді дидактикалық құрал ретінде қабылдауына дайын екендігіне байланысты.

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.

Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының басында ҚР Президенті Н.Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты айтуға болады. Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады.

Ақпараттық технологияның қолданбалы информатика ұсынатын әртүрлі техникалық құралдары және құрылғылар көмегімен жинақтау, сақтау, іздеу, өңдеу жолдары және әдістер жүйесі ретінде қарастырамыз. Ақпараттық технология мақсаты қолданушының қажеттілігне сәйкес ақпараттық өнімді қолдану және сапалы құрастыру болып табылады. Оқытудың ақпараттық әдістерінің бірі-білім беруде интернеттің байланыс мүмкіндіктерін қолданып, шексіз ақпарат ресурстарын пайдалануға ұмтылу. Бүгінгі таңда оны қолдану үшін таным мүмкіндігін жүзеге асыруда, кез келген ақпарат ресурстарын бар жағдайда іс-әрекет жолдарын меңгерумен байланысты. Бұрынғы білім берудің әдістемесі қазіргі қоғамның талаптарына жауап бере алмайды, ал оқытуда жаңа технология қолдану мектептің дұрыс бағытта дамуына жол ашады. ХХІ ғасыр білім стандартын құрайтын үш маңызды құрам іске асырылуы тиіс:

• Ақпаратты іздеуді және таңдауды жүргізу дағдысы.

• Шет тілін білуі.

• Бастауыш қоғам түсініктерін білуі.

Педагогтер XXI ғасырды «Жаңа ақпараттық технология» кезеңі деп атайды, қазір кез келген ақпаратты табу жолдары оңай. Сондықтан оқушыларды қажет ақпаратты тауып, оны талдап ойластыруға үйрету - оқыту технологияларының бір аспектісіне айналып отыр, әрі таным белсенділігінің артуына тиімді әсерін береді.

Білім беру технологиясы - оқу барысын жоспарлау, оқушылардан тест алу және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс-әрекетін басқару үшін жүйелі тәсіл мен ілеспелі тәжірибелік білім жиынтығын құрады. Оқыту технологиясы-дидактикалық бағытта оптимальды жүйелердің принциптерін анықтаудың және жасаудың, алдын ала сипаттамалары берілген қайталауға келетін дидактикалық процестерді конструкциялаудың ғылыми зерттеу аясы.Ақпараттық технология білім берудің негізгі мақсаты қоғам талаптарына жауап бере отырып, қоғам өмірінің әр кезеңінде қажеттіліктің өзгеріп, соған орай білім берудің де негізгі мақсатын өзгертеді.

Стандартты білім берудің мақсаты, қарапайым сөзбен айтқанда, оқушыны жан-жақты дамыту. Оқу іс әрекеті белгілі бір құрамдас бөліктерден тұрады. Олар:

1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері);

2) оқу әрекеті;

3) бақылау;

4) бағалау;

Төменгі сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінде жаңа ұғымды меңгеру процесін түсіну, оны қорыту және қолдану сияқты үш кезеңнен тұрады. Сондай-ақ зерттеу нысаны мақсаттылықпен талдау нәтижесінде оның мәнді және мәнсіз жақтары сараланып, қорытындыланады да, содан соң соның негізінде жекеленген (мәселелер) шешіледі. Олармен қоса жас баланың бойында оқытудың бастапқы сатыларында оның білімінің жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған білімнің әмбебаб кешенін және әрекет (алгоритмдер) тәсілдерін қалыптастыру мәселесі де қойылады. Біздің пікірімізше, төменгі сынып оқушыларын білім беру салалары категориялары жүйесінде оқыту оларға арнайы қандай да бір пәндермен бірге жан-жақты әрекет, қызмет амалдарын үйрету аясында жүргізілуі тиіс. Бұл жинақтай келгенде, ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың негізін құрайды. Бұл процесті қалыптастыруда бақылау әрекетін қолдану арқылы іске асырылды. Ол үшін оқушыларда игерілген білімнің белгілі бір жиынтығын информатика пәнімен байланыстырып танымдық тапсырмалар арқылы бақылау жұмыс түрі жүргізілді.

Олардың бір қатары оқушылардың жаңа оқу курсын игеруге деген дайындық деңгейін бағалауға арналса, екіншілері оқушылардың біліміндегі нақты кемшіліктерді анықтауға, мақсатты түзету жұмысын жоспарлауға жәрдемдеседі, ал үшіншілері оқытудың кейінгі үрдісін және оның нәтижелеріне болжам жасауға ықпал етеді.

Тапсырмаларды орындау алдында информатика пәнінен оқушыларға тапсырмалардың орындалуындағы талаптарға көңіл аударуы сұралынады.

Берілген тапсырмаларда бала қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктерін пайдаланып онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін анықтайды. Материалдарды мағыналық жағынан топтап, оның жекелеген бөлімдерін салыстырады.

Бұл тапсырманы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін, логикалық ойын қорытып, оның елеулі байланыстары мен қатынастарын кеңінен талдап, есте сақтайды және басқа тапсырмаларды орындағанда қолдана бастайды.

Бастауыш сыныпта, информатика пәнінде бақылау әрекеттерін пайдалану барысында, оқушылардың ой қорытулары көрнекі алғы шарттарға, қабылдау деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау дәлелдер негізінде емес, қабылдаған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады.

Көрнекі бейнелеулер мен суреттеулер арқылы оқушылар заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттерін ұғынады. Сонымен қатар белгілі заттар мен құбылыстарды жіктеу іскерлігі бастауыш мектеп оқушыларының танымдық, ақыл-ой әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады.

Ақпараттық технология әдістері мәліметтер қорының әдістері болып табылады. Ақпараттық құрал ретінде математикалық, техникалық, ақпараттық және басқа құралдар жатады. Ақпараттық технология қолдануда оқушы өз іс-әрекетін, міндеттерін шешудің әдіс тәсілдерін қайта жаңғыртып игереді. Бұл әрекет пәндік те, ақыл-ой шеңберінде де орыдалады. Кейбір танымдық іс әрекеттер кез-келген оқу материалдарьн игеру, жұмыс істеу, кейбірін қайта жаңарту тән. Оқушылардық танымдық іс-әрекетін дамытуда кез-келген пән бойынша ақпараттық технологияның орны ерекше.

Сабақ барысында әр пәнге сай компьютерді пайдаланып сабақ жоспарын құруға болады,әр оқушы өз компьютеріндегі модульдік жұмыстарды пайдаланып өз іс-әрекетін көрсетеді. Компьютердің алгоритмдік құрылымы арқылы оқушы танымдық көзқарасын жетілдіреді, қызығушылығы артады.

Ақпараттық технология бүгінгі таңның өзекті мәселесі, сондықтан 12 жылдық білім жүйесінде осы бағыт орынды қолға алынған.



2 сыныптан бастап информатика пәні(инвариативті) жүретіндігі бізді қуантарлық жағдай, әрі ақпараттық технологияны бастауыш сыныпта қолданудың тиімділігі жоғары екені айқын көрініп отыр.

жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау