Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары.
№
|
Пән тақырыптарының аталуы
|
Апта
|
Дәрісханалық сабақтар
|
Тапсырма түрі (сипаттамасы)
|
Барлығы
(сағ)
|
Дәріс (сағ.)
|
Пр/сем./зертх./
студ саб (сағ.)
|
СОӨЖ (сағ.)
|
Бақылау түрі
|
СӨЖ (сағ.)
|
Бақылау түрі
|
1
|
Баскетбол добын әрі түрлі әдістермен алып жүру техникасын үйрету
|
1
|
3
|
3
|
1.
|
Сұрау
|
|
|
3
|
2
|
Баскетбол добын әрі түрлі әдістермен беру және ұстап алу техникасының әдістемесі
|
2
|
3
|
3
|
|
|
|
|
3
|
3
|
Баскетболдағы айып добын орындау техникасын жетілдіру
|
3
|
3
|
3
|
|
|
|
|
3
|
4
|
Допты торға лақтыру техникасын үйрету
|
4
|
3
|
3
|
|
|
|
|
3
|
5
|
Қосалқы қадамдармен қозғалуға үйрету техникасын жетілдіру
|
5
|
3
|
3
|
1
|
|
|
|
3
|
6
|
Допты иемдену және қарсы әрекет ету техникасын жетілдіру
|
6
|
3
|
3
|
1
|
Ауызша сұрау
|
|
Ауызша сұрау
|
3
|
7
|
Аландатарлық қимылдар Финттер . ойын тактикасын жетілдіру
|
3
|
3
|
3
|
1
|
Ауызша сұрау, бақылау жұмысы
|
|
Бақылау жұмысы
|
3
|
8
|
Баскетбол ойынындағы негізгі техникалық және тактикалық әрекеттерін жетілдіру
|
7-11
|
3
|
6
|
1
|
Ауызша сұрау, тест-сұрақ
|
|
Ауызша сұрау, тест-сұрақ
|
6
|
9
|
Қозғалыста допты беру және ұстау техникаларын жетілдіру
|
9-10
|
3
|
3
|
|
Ауызша сұрау
|
|
Ауызша сұрау
|
3
|
10
|
Шапшандықты және бағытты өзгертіп допты алып жүру.
|
10-12-
|
3
|
5
|
|
Ара
лық бақылау
|
|
Ара
лық бақылау
|
5
|
11
|
Қозғалыс кезінде допты лақтыру және беру техникасын жетілдіру
|
11-12
|
3
|
5
|
|
|
|
Практикалық түрде жасау
|
5
|
12
|
Допты жұлып алу. Қағып жіберу; қағып әкету техникасын жетілдіру
|
12-13
|
3
|
5
|
|
Аралық бақылау
|
|
|
5
|
13
|
Дағдыны қалыптастыруға арналған жаттығуларды жетілдіру
|
13-14
|
3
|
5
|
|
|
|
Практикалық түрде жасау
|
5
|
14
|
Кілт тоқтауды жетілдіру үшін орындалатын жаттығулардың техникасының әдістемесі
|
14-15
|
3
|
5
|
|
бақылау
|
|
|
5
|
15
|
Шабуылдағы ойын техникасымен тактикасы жетілдіру
|
|
3
|
|
|
бақылау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлық сағат саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
дәріс тезистері
Тақырып 1. Баскетбол добын әрі түрлі әдістермен алып жүру техникасын жетілдіру . Допты алып жүру. Ойыншының қозғалыста допты алып жүруі - баскетбол ойынындағы негізгі тәсілдің бірі.Допты бір қолмен алақан арқылы төмен үрғылап алып жүреді. Бүл қозғалыс шынтақгың бүгіліп жазылуына байланысты. Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл бүгіп қозғалады, жан-жағында болып жатқан жагдайды бақылау үшін денені тік үстайды. Қозғалыс жылдамдығы допты жерге багыттау мен допты қайтадан қабылдап алғандағы биіктікке байланысты.
Баскетбол камандалық спорттық ойын, оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру, сонымен қатар қарсылас каманда допты салдырмау әрекетін жасайды. 1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойының негізгі принціптерін құрастырды олар осы күнге дейін маңызын сақтады. Қазіргі заман техникасы – ол күрестің формасы мен әдісінің тарихы даму қорытындысы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді. Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көп деген ұтымды тәсілдерді ұсынды. Сондықтан, қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қәзіргі заманғы ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойының даму тенденция арсеналын білуі қажет.
Жіктеу – ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдер бөлім мен топ бойынша танықталған белгі негізінде топтастыру.
Техника – ол ойынның тәсілі, ойыншылардың қорғаны мен шабуылда нәтижені әрекеттерін қамтамассыздандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады .
Қазіргі заман техникасы – ол күрестің формасымен әдісінің тарихи даму қортындсы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді.
Ойынның белсенді түрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді. Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуылын сипаты жай және рационалды, ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық, тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді.
Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістердің дұрыс орындалуы сипатын анықтайды, соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек. Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі жылдамдықпен орындай отырып, адам ағза жүйесінде және ішкі құрлыстарына жақсы әсер алады.
Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоционалды жүктелген және үлкен қуанышқа бөленіп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор .
Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды иемден отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге, денсаулықты сақтауға, көңіл көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар. Баскетбол ойынымен балалар 9-10 жасынан бастап айналысуына болады (өз жастарына лайықты құрал жабдықтарды қолдана отырып). Ойынның белсенді түрде қазіргі заман техниканың алуан түрлілігіне алып келді. Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуыл сипаты жай және роционалды, ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық, тиімділік пән дәлдікпен үйлестіріледі. Қазіргі уақытта белгілі шарадағы техника әдістердің дұрыс орындалу сипатын анықтайды, соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайға ойыншыларының өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып әр түрлі, алуан түрлілігімен сипатталады. Яғни, барлық қозғалыстардың көмегімен әр түрлі әдістер жүзеге асырылады, ол былыққан сипат болмай, белгі бар заңдылықпен қалыпты жағыдайда қайталанады, оларды топтастыруға және жүйелеуге болады. Бұрын осындай барлық белгінің санына қозғалыстың кинематикалық және динамикалық құрылымының өзгешелігі, әрекет сипатын белгілеуге қатысты еді.
Әрекетті сипаттау бойынша барлық қозғалысты екі үлкен бөлімге бөлуге болады: шабуыл техникасы мен қорғаныс техникасы. Олардың әрқайсысына доппен және допсыз орындалатын қимылдың әртүрлі сипатты топтпар кіреді:ауысу техникасы, допқа ие болу техникасы, допты менгеу техникасы және тәсілдерге қарсы әрекет .
Барлық ойын барысында баскетболшы кенеттен болатын, әр түрлі әрекет орындауға дайын болуы қажет. Сондықтан ол әрдайым дайындық кезеңде болуы керек, яғни бұл оған қажетті тапсырманы орындауға мүмкіндік береді. Мүның бастапқы рөлі алға бір қадам жасау. Техника ол ойынның тәсілі, ойыншылардың қорғаныс пен шабуылда нәтижелі әректтерін қамтамассыз-дандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әректтесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады. Қазіргі заман техникасы ол күрестің формасы мен әдісінің тарихи даму қортындысы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді. Әрбір тарихи уақыт кесіндісі көптеген ұтымды тәсілдерді ұсынады. Сондықтан, қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қазіргі заманға ең тиімді әдістерінің бастысын анықтайтын ойынның даму тенденция арсеналын білу қажет. Ойынның белсенді тұрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді. Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуыл сипаты жай және рационалды, ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық, тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді. Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістерінің дұрыс орындалу сипатын анықтайды, соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек. Кез-кеген уақытта қарсыласынан допты алуға дайын болу қабілеттілігі мен бір қалыпты жағыдайды сақтау негізгі талап болып табылады.Бір қалыпты жүгіру ойынның ауысу жұмсақтығымен оның еркіндігімен ерекшеленеді.
Жүргізу (басқару) – допты ұзақ ұстай алаңды соққылау. Егер доп ұзақ қолда тұрса, жүгіру бітті деген сөз. Допты жүргізу үшін сәл бүгілген аяқтарға ауысып тұру керек. Допты еркіндікте басқару үшін оны алды жақта, бүйір тұсында ұстау керек
Қарапайым басқаруда доп қайтадан көтерілгенде белге дейін не жоғарыға жетеді. Төмендеген секіріспен басқаруда допты алаңға жақын жерде қарсы алу керек. Мұндай ойыншы аяғын қаттырақ бүгеді, допты соғу көбіне колдың басына жүктеледі.
Допты иелену және қарсы әрекет техникасы. Допты иелену тәсілдеріне қағып алу, жұлып алу және қалқаннан секіргенде алу жатады, ол қарсы әрекет тәсілдеріне адастыру, жұлып алу, лақтырғанда тартып алу жатады.
Бұл тәсілдердің ерекшіліктері қарсы әрекеттің тәсілінің таңдауы, оның атқарылу уақыты, әрекет озгешілігі әр қашан доп басқаратын қарсыласқа байланысты. Оның әрқашан әрекеті бірінші болып жасауға мүмкіндігі бар. Допты беру және қағып алуға арналған жаттығулар
«Квадрат» - төрт бағанға екі доппен:
1.Оң жаққа беру – оңға жүгіру
2.Сол жаққа беру – солға жүгіру
3.Диагональ бойынша беру – оңға жүгіру
4.Оң жаққа беру – Диагональ бойынша жүгіру
5.Оң жаққа беру - солға жүгіру
6.Оң жаққа беру – алдыңғы бағанаға барып қосылу.
Баскетбол ойынына жақындатушы ойындар
А) қорғаушының қосымша қадамын жетілдіру үшін “лашын, ұябасар, балапандар”
б) допты беру және қағып алуды жетілдіруге «Допты капитанға»
в) «12 шеңбер». Екі жүргізуші. Допты бір біріне беру арқылы ойыншыларға тигізу
г) “керме ау”. Дәл сол, тек олар жүргізушілермен бірге. Мақсаты: ойыншылардың өзара әрекеттестігі және алаңды жүргізуі.
е) дриблингті жетілдіру.
Ептілікті және қозғалыс координациясына арналған жаттығулар.
Қағып алу – қорғаныс техникасының ең белсенді тәсілдерінің бірі. Ол қарсы шабуыл жасауға және допты жүргізуге мүмкіндік береді. Оның арқасында қолдан-қолға беруге, жүргізуге қарсы тұруға болады. Қолдан-қолға бергенде қағап алу. Шабуылушыға қолдан-қолға беріп жатқан кезде қорғаушы оның жанына немесе арқасына орналасады. Доп беретін адамның қолынан шыққанда денеде алға шығп допты қағып ала білу керек .
Жұлып алу. Егер қарсылас допты ұстап тұрып айналып жатқанда жұлып алса пайдалы, жұлып алудың 2 тәсілі бар: өзіне қарай жұлқу және қарсыластан алға-төмен жұлқылау.
Өзіне қарайжұлқу арқылы жұлып алу. Ойыншы допты екі жағынан ұстап алып,жылдам әрекетпен өзіне қарай жұлқып тез теріс қарау керек. Алға төменге жұлқалау арқылы жұлып алу. Ойыншы допқа бірден бас салып оны қарсыласы жоқ жерге итереді.
Допты секіру кезінде ал. Бұл тәсіл өте маңызды және өте әсерлі. Ол кезде лақтыра шабуыллға және қарсы шабуылдауға мүмкіндік береді. Доп секіргенде екі жақтың ойыншылары да теңдей қалыпта болады және допты басқаруды ойластырып тұрады. Допты алу үшін бірінші болып алып шығып,жоғары секіріп,допты ұстап алуы керек. Жерге түскенде аяқтарды кеңінен ашып,шынтақтарды шетке кіріп, допты кеуденің астына тығу керек. Бұл тәсілдің сәттілігі допты алып үлгеруге және секіруге байланысты.
Тартып алу. Бұл тәсілді ойыншы орнында допты ұстап тұрғанда немесе жүгіртіп жүргенде орындауға болады. Қолдан тартып алу. Ойыншының жанына сәтті әрекет жасай алатындай немесе сәтсіздікке артқа шегінуге болатындай қалыпта жақындау керек. Шапшаң және өте аз уақытта тырыстыра ұстаған саусақтармен допты бос жерге ұрып үлгеру керек. Жүгірту кезінде тартып алу. Доп басқарған қарсыласты шеттегі сызыққа бағыттап сәл итермелеп допты жанынан тартып алады.
Алдынан тосу. Бұл тәсіл лақтыруға қарсы қолданатын тәсіл. Допты лақтырып жатқан ойыншыға жақындап, дәл лақтырар кезде доптқа қарсы шығу керек .
Тойтарыс беру. Бұл тәсіл допты тосуға немесе басқау болмағанда қолданылады. Доптың лақтыруың қолынан босағанын көре сала шапшаң әретпен доптың ұшу траекториясынан алып ұлгеру керек. Бұл тәсілдің сәттілігі әрекеттің өз уақыттылығына және әрект орындаушының секіру биіктігіне байланысты.
Ойын техникасының үйрету әдісі. Үйретуді дұрыс ауысудан сонымен қатар тосуды, беруді, лақтыруды, жүргізуді үйретуден бастау керек.
Ауысу. Ауысуды үйретуге әр тәсілдер. Бірінші тоқтап-тоқтап жүгіру, содан кейін секіру мен дұрыс үйретіледі. Әр әрекетке уақыт бөлінбеуі керек, бір тәсіл үйретіліп бола сала екіншісіне көңіл бөлу қажет.
Жүгіру. Жүгірудің табиғи дағдыларды қолдана отырып жүгіру техникасына алаңдап тоқтауды енгізеді жүгірудегі жаттығуларды, төмендегі тапсырмаларының орындалулары шешілмейтіндей кезек-кезек жасу керек: дағдылы жүгіру, тіке және жылдам жүгіру, бағытты өзгертуге (айқастыра, доғал, бұрылыстар) жылдамдықты үдете жүгіру т.б. Жүгіру жылдамдығына, жүгіріс бастаудағы талпынысқа көп көңіл бөлінуі керек ондай жаттығулар жүйелі түрде жасалуы керек. Алғашқы ойыншылардың барлығы айналып жүгіруі керек. Сонда үйретуші ойыншылардың барлығын бақылап, қателігін түзеп отырады. Барлық жарыс жаттығуларында қолдың ырғақ бойынша қимылдауына көп көңіл бөлуі керек, себебі ол тек жылдам жүгіруге көмектеспейді, доппен жасалатын басқа әрекеттер үшінде маңызды. Мысалы: қолдың ырғақты қимылдауы допты тосу мен берілісте маңызды роль атқарады.
Шабуылдау техникасы.
Доппен орындалатын әрекеттерді үйретуден бұрын оның серпінді қасиеті мен формасы мен танысып алу керек, себебі сондай техника тәсілдері тез игеріледі. Бұл мақсат үшін доп снаряд ретінде қолданылатын ортақ дамыған жаттығуларды қолдануға болады [16,38б.].
Үлгі жаттығулары:
1) допты қолдан-қолға ауыстыра отырып, оған тимей, денені айналдыра жүру;
2) доп арқада,екі қолда орындалады. Допты бастан асырып, алға лақтырып, сонда тосып алу. Егер допты алдын-артқа лақтырып тосып алу. Осы жаттығуды бір қолмен орындау;
3) Еңкейіп допты қолға ұстап, аяқтардың арасынан өткізіп алға қарай лақтырып алдынан тосып алу;
4) Допты өкшелерінің арасында қысып ұстап, доппен бірге секіріп, оны аяқпен жоғарыға лақтырып, тосып алу. Осы жүйеге сай көптеген жаттығулар ойлап табуға болады.
Тосып алу. Допты дұрыс ұстап қалу, тоқтатуды үйрену үшін келесі жаттығуларды қолдануға болады:
1) ойыншы қолын сзып тұрып білезігін доптың үстінде деп елестету;
2) дәл солай,бірақ отырып,қолды доптың үстіне қойады.Осы жерден көтеріп қолға ұстап тік тұрады;
3) алдағыларды қайталап,допты қолдан түсіреді, ол қайта көтерілгенде білезікті дұрыс ұстап оны тосып алады.
Қолдан-қолға беру. Алғаш болып кеуде тұстан екі қолымен беу мен иық тұсынан бір қолмен беру үйретіледі. Басқа тәсілдер киін сол жаттығулар арқылы үйретіледі, тек әдіске үйрену керек. Техника негізгі орында тұрып бергенде менгеріледі. Бұл жерде көңіл тоқтататын жер бастапқы қалып және жұмыс фазасы (қолмен жасалатын әрекеттердің орындалуы мен аяқтың бір уақытта созылады). Аялдау, жүргізу, бұр-ылысынан кейін жасалатын әрекеттерге көңіл бөлу керек. Төмендегі жаттығулар мен сап түзуеулеріне осы мақсатта қолданылуы мүмкін.
1) сапқа тұру. Допты жұп-жұп болып бір-біріне беру;
2) допты бір саптан 2-ші сапқа иректеп кезекпен беру;
3) дәл солай, тек допты берген соң оқушы қарсы алдындағының орнына барып тұрады;
4) екі сап қарама-қарсы түрады: доп әр саптан кезекпен беріледі;
5) ортаға біреуді қойып, барлығы дөңгеленіп тұрады. 1-ші доп ортадағы ойыншыға беріледі, ол допты басқаға береді, алдағы ойыншымен орын ауыстырыды.
6) екі сапқа түзеледі.1-ші жүгіріп шығып допты тосады, сөйтіп оны екіншіге шыққанға береді, ол өзі саптың соңына барып тұрады.
Допты беруді үйрету кезінде алаңнан ұшып көтерілген допты ойыншының тосу кезінде көңіл бөлу керек. Егер қадам ырғағына байланысты қате жасалса, оны келесі жаттығуларды жасау арқылы түзеуге болады:
1) допты алаңға ұрып, сол мезетте сол аяқпен алға қадам жасау керек. Аяқтың жерге тиюі доптың алаңға тиюі бір мезетте болуы керек;
2) дәл солай, тек аялдамай,2-ші қадам жасау керек [17,42б.].
Лақтыру. Лақтыруда оның далдігі маңызды. Жақсы техникалық дайындықтың басқа ойынша мергендігін де дамыту керек, себебі лақтырудың дәлдігін көздей білу, нысанаға зейін қою, арақашықтықты анықтау сияқты факторларға байланысты. Допты тапсыруды үйренгеннен кейін лақтыруды үйрену жеңіл болады. Лақтыру үшін қолды дұрыс созуға, қол мен аяқтың әрекеттерінің үйлесуіне, дененің түзелуіне көңіл бөлуі керек. Егер басынан кәрзеңкемен жаттықса үйренушілер допты кәрзеңкеге салуды ғана, ойлап оны жасау тәсілдеріне, ережелеріне көңіл бөлмейді. Кәрзеңкемен жаттығу басталғанда дұрыс көздеуге көңіл бөлінеді. Үйренушілер техниканы меңгер-генде, дұрыс көздей алғанда олардың көңілін допты дәл салуға аудару керек. Олардан кейін қимылдай жүріп жақыннан салу үйретіледі. Ол кезде тоса сала кәрзеңкеге қарай көз тастауға көңіл бөлінеді.Төмендегі жаттығулар:
1) саптан жүгіріп шығып,допты кәрзеңкеге салғандай елестетіп кәрзеңкенің үстіне секіру;
2) ұйретуші допты ұстап қолын созып тұрады.Ойыншы жер келіп допты кәрзеңкеге салады;
3) дәл алдағыдай,тек үйретуші допты беріп жатқан кезде тастай салады.
Орташа және қашықтықьан лақтыруды басында бір нүктеден бастау керек. Әр жаттыда 5-10 рет қайталау керек. Жаза ретінде лақтыру бөлек үйретіледі. Бұл әректті ойын ережесі бойынша орындалу тәртібімен үйрету керек [18,79б.].
Айып сызығын баспай бастапқы қалыпта тұрып көздеу.
Дәл алдагыдай,тек бастапқы қалыптан бұрын допты алаңға 2-3 рет ұрып алу керек. Бұл үйретушінің жинақтауға,дәл көздеуге дауындауға көмектеседі.
Дәл алдағыдай,тек лақтырмай тұрып дем тартып, яғни ішке ауа жинап, оны шығарып, демалмай тұрғанда лақтырады.
Қорғаныс тактикасы. Команданың қорғану әрекеттері үйренуге қиындау келеді. Жеке әрекеттер. Қорғанудың сәтті нәтижесі жеке әрекеттердің сәттілігінен байланысты. Әр ойыншының төмендегідей қасиеттері болу керек: әрекет жылдамдығы, іс барысын алдын ала қғыну, әр қашан қандаыда болса әрекет жасауға дайын болу, санай білу, бүкіл алаңды көре білу, бір әрекеттен екіншісіне көше білу.
1 Жұппен сапқа тұру. Шабуылшы бір сызықты қарсы сызыққа қарай допты жүргізеді, қорғаушы допты иеленуге тырысады.
2 Жұппен сапқа тұру. Шабуылшы допсыз бір сызықтан қарсы сызыққа өтуге тырысады, қорғаушы жол бермейді.
3 Жұппен сапқа тұру. Шабуылшы доппен кәрзенкеге бет бұрады. Қорғаушы кедергі болады.
Топтпса әрекеттесу. Шабуыл үшін қолданылатын барлық әрекеттестіретін жаттығулар қайта қосылу үшін,сақтандыру меңгеру үшін де қолданылады. Ойыншылар шабуылшыларының да әрекеттеріне қарсы тұруға тырысады. Жаттығулар үш қтысушы,екі қорғаушы бір шабуылшы болады. Шабуылшы допты қарсы сызыққа отпекші болды. Жақындағы қорғаушы оған белсенді түрде қарсылық жасайды, ол екінші қорғаушы оны сақтандырып тұрады.
Командалық әрекеттестік. Басында байытылған қорғанудың жүйесі үйретіледі. Үйрету жеке қорғанудың жүйесінен басталады, кейін зоналық, прессинг, зоналық прессинг көп уақыт қыжет етеді, бірінші жатығулар командаға қорғану әрекеттерін тез ұйымдастыруды қорғайтын орындарын тез табабілуді үйрету керек. Егер қорғану кәрзенке маңында болса, команда оз қалқанына ұайтып келуі керек. Әр ойыншы өз кәрзенкесіне жақындаған қарсыласына тоқтатуға тырысу керек. Қалай қайта қосу керектігін, сақтандыру керек,т.б айқын түсіндіру керек.
Жеке қорқау. Дайындық кезінде келесі нәрселерге, кезеңдерге көңіл бөлу керек. Қорғайтын жеріне уақытында оралу керек,орнын алу: егер бір ойыншы басқалардан бұрын келсе, қарсыласымен күресе түсуі керек. Егер жеке күреске түссе және жеңілсе, оның қатесін түзеу мүмкіндігі болмайды.
Зоналық қорғау. Басты міндет – ойда болғандай өз жерінде уақытында жету және орнына тұру. Ойыншыларға лаңға дұрыс ауысуды және қарсы әрекетте бклсемділікті үйрету керек орынды томендегідей жаттығыларда көрсете аламыз: алаңда әр кім өз орнын алады. Зонаға қарсы үштен көп ойыншы шабуылдайды. Олар допты бір-біріне беріп отырыды. Зонадағы ойыншыларға допқа қарай орын ауыстыры білу керек.
Үлгі жаттығулары:
1) Алаңның бірінші жартысында кәрсенкеге лақтырусыз дайындық ойыны жүргізіледі.Үйретушінің бұйрығымен шабуыл басталу керек. Келесі команда қайтып келіп белгіленген орынға тұру керек.
2) Ойын үш команда арасында өтеді. Екеуі қорғауға тұрады.Үшінші кәрзенкенін біреуіне шабуылдайды. Егер олар допты жоғалтса, қарсы команда қарсыдағы кәрзенкеге шабуылдайды, ол дрты жоғалтқан команда қорғауға тұрады. Жаттығу қорғауға бағытталған уақыттылы орын алуды үйретеді және белсенді әрекетке дайындалуға мүмкіндік береді.
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі жылдамдықпен орындай отырып, адамағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әсер алады. Адам ойын түрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа болініп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор. Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жктілдіруге,ден саулықты сақтауға,көңіл күйін котеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.Баскетбол ойынымен балалар 9-10 жасынан бастап айналысуына болады.
Допты бір-бірне беру баскетболдағы негізгі техникалық әдістердің бірі. Допты беру кезіндегі қолдың жағдайына байланысты бір және екі қолмен жоғарыдан және төменнен беру әдістері бар. Шабуыл техникасында біз тек жоғарыдан беру тәсілін қарастырамыз. Допты дұрыс берудің негізгі дер кезінде доптың астына қарай орын ауыстырып, негізгі тұрыс қалпына ену.
Қос қолмен жоғарыдан беру. Бұл негізгі тұрыс қалпында атқарылады. Бір аяқ алда, жауырын тік ұсталады.
Шынтақтан бүгілген қол беттің алдыңғы жағында ұсталады. Қолдың саусақтары доптың үлкендігіндей аумақта бүгіле ұстап ширыға түседі.
Қимыл тізенің жауырынан басталып, сонан кейін жауырын мен қол іске кіріседі. Қимыл қолдың саусақтары мен білек буынының серпіліп, доптың артынан сілтеуімен аяқталады. Бағытына қарай доп алға, төбеге, кері бір бүйірге бекітілуі мүмкін. Топты тқбеге, немесе артқа беру үшін ойыншы доптың дәл астына орын ауыстырып, саусақтарын төбесіне көтеріп, белін сәл бүгіу және иығын кері серпіу арқылы жүзеге асыруы қажет. Қол жоғары сермеледі де, саусақтар білек буынына қозғалмайды. Допты төбеге бергенде жауырын тік ұстап, қол жоғарыға тік серпіледі [20,66б.].
Қашықтығына және біиіктігіне қарай доп беру әртүрлі болады. Қашықтығы жөнінен ол қысқа және ұзын, биіктігі жағынан төмен, орта, жоғары болып бөлінеді. Допты алысқа және биік беру кезінде ойыншының иығы допты беретін бағытқа перпендикуляр орналасуына ерекше көңіл бөлген жөн.
Жоғарыдан берудың бір түрі допты секіріп беру болып табылады. Ол ешбір тірексіз атқарылатын болған соң тым күрделі. Доптың астына орын ауыстырған соң ойыншы жоғары секіріп , бүгілген қолын жоғары шығарады. Допты беру секірудің ең жоғары нүктесінде қолды шынтақ және білек буындарында жазу арқылы жүзеге асырылды. Шабуылдай соғу ишарасын жасай отырып жоғарыдан беру «кері серпәлу» деп аталады. Кей жағдайда жоғарыдан беру бір қолмен атқарылады.
Допты бір-біріне беру
Доп беруге оқыту бастапқы қалыпты дұрыс игеруден басталады. Ойыншы негізгі тұрыс қалпын қабылдап, орнықты күйде тұрып , кез келген бағытқа орын ауыстыруға даяр болуы керек. Негізгі тұрыс қалпында аяқты дұрыс қойып, оның бүгілуіне, жауырын мен қолдың жағдайына басқа көңіл бөлген жөн.
Доп беруге оқытудағы алғашқы жаттығу негізгң тұрыс қалпын қабылдап, доп беру ишарасын жасау болып табылады. Доп беру ишарасын жасаған кезде қимылдардың ретіне ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл жаттығуды әрі қарай орын ауыстырған соң жасаған жөн. Мұнан кейін саусақтардың доптың бетіне орналасуын қадағалау керек.
Ойыншы негізгі тұрыс қалпынан допты әріптесіне лақтырады.
Допты төбеге лақтырып барып, әріптеске беру.
Әріптесі допты лақтырған соң кері қайтару.
Екі адам болып әртүрлі қашықтықта бір-бірінен доп беру.
Доп беру кезінде болатын түрлі негізгі қателіктер
Ойыншы негізгі тұрысты қабылдамай, аяқты тік ұстап доп береді.
Доптың омыраудан, іштен берілуі – қолдың төменгі жағдайда болуы.
Доптың алақанда тиюі – саусақтардың бос ұсталуы.
Доптың бір бүйірден немесе бастан асырыла берілуі – доптың астына дәл шықпау.
Жоғарыдан доп беруді жетілдіруге арналған жаттығулар
Допты төбеге, содан соң әріптеске беру.
Допты жерге соғып, оның астына шығып барып әріптеске беру.
Алаңның бүйір сызықтарын жағалай отырып, допты екі адам болып бір-біріне беру.
Үш және тқрт адам болып бір-біріне доп беру.
Колоннаға тұрып бір-біріне доп беріп, содан соң саптың артына барып тұр.
5-ші жаттығудағыны, бырақ қарсы саптың соңына барып тұру.
Колоннаға болып тұрып, тор арқылы бір-біріне доп беру.
Допты 6-шыдан 3-ші, сонан соң 4-ші аймаққа және 4-шіден 6-шы аймаққа беру. Доптың бағытымен орын алмастыру.
Тордың бойымен 2-шіден 4-ші аймаққа ұзаққа өарсы доп беру.
8-ші жаттығуды қайталау, допты 6-3-2-6 аймақтарға беріп доптың бағытымен орын ауыстыру.
Екі-үш адам болып допты отырып беру.
Допты екі адам болып секіріп беру.
Үйретудің тапсырмаларын шешу-шұғылданушылардың қазіргі баскетбол туралы біліммен кең көлемде қарулануын қарастырады. Бүл оқылатын материалдың перспективалық дамуы мен оны түсіну үшін қажет. Жалпы сипаттама, баскетболдағы үйретудің реттілігі мен әдістемеі. Баскетболшы жетік меңгеруге міндетті арнайы біліктілік пен дагдыларды калыптастыру. Қалыптасқан дағдыларды үтымды пайдалану. Тәсілмен танысу. Тәсілді жеңілдетілген және арнайы жасалған жағдайда үйрету. Тәсілді күрделендірілген жағдайда жетілдіру. Тәсілді ойын кезінде бекіту.
Оқу процесінде пайдаланылатын педагогикалық принциптер. және ережелер. Ойынның техникалық-тактикалық тәсіліне үйрету реттілігі.
Үйрету сатылары: техникалық тәсілдер мен тактикалық әрекеттерді жалпы таныстыру, орындау барысында әрекеттердің кезегін жаттау, әдіс- тәсілдерді жетілдіру, ойын жағдайларындағы әдіс-тэсілдерді бекіту. Қорытындылау және еліктеу жаттығулары, үйрену және жетілдіру барысында кателерді жөндеу. Оқытудың біртұтас және жеке әдістері.
Оқыту процесіндегі оқытушының тәрбиелеушілік ролі. Тәрбиешілік жүмыстың әдістері: оқытушының жеке өнегесі, қатысу және үлгерім тәртібі.
Тақырып 2. Баскетбол добын әрі түрлі әдістермен беру және ұстап алу техникасын жетілдіру
Жұлқыну – тез шапшаңдау. Жұлқұнудың көмегімен қарсыласынан жұлып алу және бағытты өзгерту іске асырылады. Жұлқыну үшін жақын қашықтықта жүгіру қолданылады .
Қосымша қадам-қимыл бағыты бойынша бірінші тұратын аяғы баскетболшының тік тұру қадамынан басталады. Бір уақытта жұмсақ,айнымалы қозғалыспен екінші аяқ оған тартыла түседі. Қорғаныста қарсы әрекетке тәсілдерді қолдануда олар ерекше кең пайдаланады.
Секіру – барлық үйлесімді тәсілдерменбірге қолданылады және оның еш қарсы әрекетсіз және оның еш қарсы әрекетсіз және тиімді орындауына жақсы жағдай жасайды.Секіру екі аяқпен және бір аяқпен секіру болып бөлінеді.
Екі аяқпен жұлқына секіру тік тұру негізінде орындалады. Секіріс сәл ғана шамалап отырып алаңнан аяқтың бүгілуімен қоса қалдың алға жоғары бағытта серпілуі арқылы орындалады. Секіріп жерге қайтадан түскенде, тізкнің бүгілуі, жерге жайлап түсуге бір уақытта тік тұруына көмектеседі. Бір аяқпен жұлқына секіріп ол тек жүгіру кезінде орындалады. Жүгірудің соңғы қадамы жай қадамға қарағанда бір шама үлкенірек болады және алаңға бірінші өкше тиеді. Осы себептен отырыстың табиғи жағдайы қалыптасады, бұл алаңнан өзін итеру кезінде керек. Ұшудың жоғары нүктесінде бұлғанған аяқ жайлап жерге түседі, сона баскетболшы толығымен ұзарады. Жерге түсу екі бүгіліп жасалған аяқпен жасалады.
Аялдау – бұл әдіс, бір шама ауысуды тоқтатуға мүмкіндік береді, яғни қарсылыс топтың уақытын немесе ене белсенді кедергісіз әрекеттердің орындалу арақашықтығын ұтуына мүмкіндік береді. Аялдаманын екі тәсілі бар:екі қадам, секіру. Екі қадаммен аялдау аялдамаға дейінгі сонғы қадам жүгірістен кейінгі үлкен болдады, аяқтың қайырылыстан кейін аялдамадағы баскетболшының денесі біршама бір жаққа қарай ығысады, ол қарсы қозғалысқа байланысты болады. Жерге түсу аяқтың бүгілуімен яғни сәл отырынқырап орындалады. Екінші аяқ алға қарай яғни бастапқы қозғалыстың бағытына қарай қойылыды,баскетболшы тірек алған жаққа қарай бұрылыды. Тіреуші аяғы амортизация функциясы мен қозғалыстың жылдамдығын баяулату үшін қолданады. Жүгірістің жылдамдығы коп болған сайын жерге қону кезінде ол қатты бүгіледі. Екінші қадам тоқтату функциясын орындап дененің еш бір қалыптылығын жоғалтпайды,тіреу шегінде бір қалыпты ұстап тұру мен қамтамасыз етеді [9,46б.].
Секіру аялдау. Алаңнан денені итергенен кейін келесі жерге түскендегі жүгіріс қадамы,ал алдындағы тәсіл сияқты бірден екі аяқпен орындалады.
Бұрылыстар арқылы ойыншы допты қарсылысынан қорғап қала алады және де сол шарттар бойынша ойыншы қарсыласына жақындай және алыстай алалады. Бұрылыстар алға және артқа қарай болады. Келесі аяқ бұрыла қара қадам жасайды. Егер бұрылыс кезінде ойыншының кеудесі алға бұрылса, бұрылыс алға қарай болады, егер әрекет артқа қарай болса, демек бұрылыс артқа қарай болады. Тіреу болатын аяқтың бүгіліп тұрып тіке тербеліссіз ось айналасында айналуы негізгі талап болып табылады.
Допты билеу техникасы. Допты билеу техникасының қабылдануына тосып алы, қолға беру, допты басқару және жүгіріс жатады.
Тосып алу – баскетболистің допты басқару тәсілі. Сәтті тосып алу басқа тәсілдердің сәтті орындалуын қамтамасыз етеді. Егер ойыншы өз әрекетін белгілепалмаса, доп бел жаққа келіп тиеді.
Екі қолмен тосып алу. Допты алу үшін қолдарды жарты шар тәрізді етіп доп сыйып нететіндей дөңгелек жасап,қарсы ұшып келе жатқан допқа қарсы тосады.Допты тосып алысымен келесі тәсілді орындауға дайындалады. Қолдың иілуі доптың ұшу жылдамдығының амортизациясын қамтамасыз етеді. Қолдар ертерек иелгіндіктен доп қолға тигенде ұрылмауды керек.
Бір қолмен тосып алу. Бұл тәсіл екі қолмен тосу мүмкіншілігі болмаған жағдайда немесе келесі бір қолмен орындалатын балса қолданылады. Тосу соңында келесі қолмен тіреуге болады. Қолды доптың ұшу биіктігіне қарай сәйкес көтереді. Доптың ұшу траекториясын көріп бақылау маңызды шарт болып табылады [10,29б.].
Қолдан-қолға беру – ойыншылардың бір-бірімен бірлесіп әрекет қылуына және допты торға жақындатуға көмек тесетін ең басты тәсіл. Оны орындаудың түрлі тәсілдері бар, олар бастапқы қалыпқа және әрекет өзгешегіне байланысты. Кез-келген қолдан-қолға беруді дайындау фразасы доптың бастапқы қалпына келуін қамтамасыз етеді. Негізгі фразаның әрекетін керекті бет бұрыс пен доптың ұшу жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Қолдан-қолға беруді тпотастыруды оның алдынғы қалпына байланысты. Негізінде 3 құрылым бар:
а) Негізгі қалыптағы доп иықтан биік жерде тосылады. Бұл жағыдайда саусақ бастары иін алдында немесе иінде сүйеніп болады. Бұл тәсіл қолдың сәл бүгілуі және білезіктің көмегінен орындалады 2 және 1 қолмен допты жоғарыдан беру жатады.
Екі қолмен жоғарыдан қолдан-қолға беру қарсыластың белсенді қарсы әрекетінің қолданылады. Бұл жағыдайда доп бастан жоғарыда,ал шынтақ алда болады. Қолдың жай ғана бүгілуі арқылы доп ойыншының серігіне беріледі. Бір қолмен жоғарыдан қолдан-қолға беру доптың бір білезіктегі негізі қалпы. Алдыға қарай жасалған әрекет арқылы қол бүгіледі және білезік допқа шарпа тиуі арқылы доп қолға беріледі.
ә) Бастапқы қалыпта қол шынтақ бүгілген қалыпта допты ұстап тұрады. Қолдан-қолға беру допты кеуде тұстан лақтыру арқылы қолданады. Оған кеудеден екі қолмен лақтыру, бір қолмен иықтан лақтыру сияқты тәсілдер жатады. Кеуде тұстан екі қолмен қолдан-қолға берілу. Бұл тәсіл алты метірлік қашықтықта допты дәл және тез беруге мүмкіндік жасайды. Бастапқы қалыпта доп кеуде тұста тұрады. Қолдардың алға қарай иілуі мен аяқтардың да сол уақытта иілуі арқылы немесе алдыға бір қадам білезіктердің белсенді әрекеті арқылы доп керекті бағытқа лақтырылады. Иық тұсынан бір қолмен қолдан-қолға беру. Бұл тәсіл едәуір қашықтыққа тура лақтыруға мүмкіндік береді. Бастапқы қалыпта допты бір қолдың білезігінде иық тұсында ұстап тұрады. Екінші қол оның тіреуі болады. Қолды сермеу кезінде ойыншы беретін қолға қарай бұрылып қайтадан бұрылғанда қол иіліп доп керекті бағытқа қарай лақтырылады [11,34б.].
б) Бастапқы қалыпта доп белден томенгі қалыпта болады және беріліс серлеу әрекеті арқылы орындалады. Осы принципке байланысты екі қолмен төмене қолдан-қолға беру, бір қолмен бас үстінен қолдан-қолға беру әрекеттері ұйымдастырылады.
Екі қолмен төменен қолдан-қолға. Доп кең ашылған саусақтар арқылы жанынан артынан тосылады. Бір қолмен төменен қолдан-қолға беру. Бастапқы қалыпта доп ойыншының бір қолының білезігінде болады,ал қолдың алақаны бүйір тұста болады.
Лақтыру. Лақтыруға дайындалу және кәрзенкеге дәл тию ойын мақсатын құрайды. Лақтырудың дәлдігі көптеген факторларға байланысты, жақсы техника болып табылады, ал басқа факторлардың теріс әсерін төмендетеді және жәлдік қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Кәрзеңкеге лақтыруды берілістің барлық тәсілдері иен орындауға болады. Ең көп тараған түрі екі қолмен кеуде тұсынан лақтыру, екі қолмен жоғарыдан лақтыру, бір иықтың тұсынан лақтыру, бір қолмен жоғарыдан лақтыру. Екі қолмен кеуде тұсынан лақтыру. Негізі бір орында орындалады, алыс және жақын қашықтықтан орындалған да әсерлі болады. Бастапқы қалыпта доп кеуде тұсында болады. Аяқтардың біреуін сәл алға қойу болады. Аяқтардың иілуімен қатар, олар жоғары қарай тұзу көтеріледі. Соңғы кезде ойыншының денесі мен қолдары жоғарыға қарай созылады. Екі қолмен жоғарыдан лақтыру. Доп бастың үстінде кеңінен ашылған қолда орналасады, алақан алға қарай орнатылады, шынтақ барынша төмен түседі. Аяқ бүгіліп дене жоғары көтеріледі және ол қолдың шынтақ тұсының бүгілуімен бірдей тұзуленеді. Осы әрекет арқылы доп кәрзенкеге жөнелділеді. Бір қолмен иық тұсынан лақтыру орта және жақын қашықтықтан шабуыл жасау үшін қолданылады. Бастапқы қалыпта доп иық тұсында болады, қолдың басы алға қаратылады. Доп астынан екінші қолмен тіреледі. Аяқты бүгіп доп бар қол жоғары жіберіліп, бір қалыпты, жұмсақ әректпен доп нысанаға лақтырылады. Сонғы кезде қол тегісімен созылып, денінің ауырлық орталығы алда тұрған аяқа ауысады. Бір қолмен жоғарыдан лақтыру қарсы әрекетте әсері болып келеді. Допты дегеніне жеткізу үшін ойыншы жоғары секіріп, созылған қалпымен, ашылған саусақтармен допты жоғарғы нүктеде қарсы алуы керек. Жұмсақ әрекетпен допты кәрзенкеге қарай итеріп жібереді[12,29б.].
Секіріп лақтыру. Секіре лақтыру қандайда болса тәсілмен орындалады. Секіру үшін ойыншы екі және бір аяғымен де жұлқына көтеріле алады. Баскетболда «секіре лақтыру» термині екі аяқтап секіріп бір немесе екі қолмен жоғарыдан лақтыру дегенді білдіреді. Бұл жерде негізінен секіру мен лақтыру түйіседі.
Лақтыру үшін бастапқықалыпқа екі жолымен шығуға болады:
1) Ойыншы бел тұсындағы добымен тік тұрады. Содан кейін, секіріп допты бастапқы қалыпқа алып келеді, секірудің жоғаргы нүктесіне жетіп, қол бүгіліп нысанаға бағытталады. Бұл тәсіл көбінесе егер лақтыру бастапқы орында орындалса қолданылады.
2) Ойыншы тік тұрып допты ұстап лақтыруға негізгі қалыпта тұрады, содан соң секіріп лақтырады. Бұл тәсіл кобінесе ойыншының әрекетінен кейін қолданылады.
Тақырып 3 Баскетболдағы айып добын орындау техникасын жетілдіру. Баскетболдағы айып добын орындау.
Тең командалар кездескен жағдайда, ойынның қалай аяқталуын шешетін, шешуші факторлардың бірі айып добын ойдағыдай орындау болып табылатындығы белгілі. Орындалған айып добының үлесі ойындағы салынған доп санының 25-35%-ын құрайтындығын статистика көрсетіп отыр. Мамандардың көптеген зерттеулері айып доптарын лақтыру тиімділігі оқу жаттыгуларының уақытына қарағанда, ресми жарыстар кезінде бірден төмендейтіндігін дәлелдеп отыр. Біз ресми жарыстарда айып добын орындау тиімділігіне әсер ететін төмендегідей себептерді анықтауға және оларды ойдағыдай жүзеге асыруға қажетті алғышарттарды туындату үшін оңтайлы әдістерді табуға ұмтылдық. Негізгі себептердің бірі - жаттығу уақытында айып добын лақтырудағы тыныш, ешкім кедергі келтірмей орындайтын жағдай. Әңгіме екі серіктестің (кезекпен) лақтыруларды тізбекпен орындауы туралы болып отыр. Лақтырулар тыньпп, қалыпты жағдайда орындалады, ойыншылар шаршауды сезінбейді, ойынның қалай аяқгалатындығына қобалжымайды. Бұл әдістемелік тэсіл бэрінен бұрын лақтыру дағдысын тұрактандыруға қолайлы жэне ойындар кезінде доптардың лақтыру тиімділігін арттыруға себепші болады. Кейбір жаттықгырушылар жатгығу ойындарының барысында айып добын лақгыруға ойыншыларға мүмкіндік бермейді, лақтыруларды орындауды допты жандағы сызықтан ойынға қосумен алмастырады, айып добын жүзеге асыруда дэлдікті жетілдіру үшін жаттығу барысына аз уақыт бөледі.
Көрермендердің айқай-шулы жағымсыз әсері жэне онымен жалғасатын, лақтыруларды орындау нэтижесі үшін ойыншылардың қобалжуы, айып добын ойдағыдай орындауға сенімсіздіктің болуы (эсіресе, тең ойынның аяғында немесе есеп кейін қалып жатқанда) да айып добын лақтырудың тиімділігіне әсер етеді жэне т.б.
Біз жүргізген арнайы бақылаулар, ойындық жаттығуларды қолдану арқылы оқушыларда түрліше жаңсақ факторлерғе кедергі келтіретін тұрактылыкты өзінде қалыптастыратын, айып добын лақгыру дағдыларына бейімдейтін өзгермелі нүсқалар жинақталатындығын көрсетгі. Басқа сөзбен айтқанда, баскетболшьшарда айып добын лақтыруға бейімделудің өзіндік жагдайы жүріп жатады.
Жатгығу барысында ахуалды түрлендіру ойын жағдайына үқсас ерекше жағдайларды туындатады, мұның өзі баскетболшыларда күшті әсерленіп қозудың, еттің қарқынды күйзелісін және айып добын лақтыруда өзге де бөгде тітіркендіргіштердің әсерін сезінуге мүмкіндік туғызады.
Жағдайға байланысты жаттығуларды көп қайтара қайталау баскетболшыларға өзінің күшіне сенімділікті туындатады, қозғалысты талдауға және лақтыру кезінде бұлшық ет күшін жұмсауды реттеуге мүмкіндік береді, зейінді бағытгауға және ақырында доптың шығыршыққа түсу тиімділігін арттырады.Баскетбол ойынына сәйкес келетін жаттығулар кешені.
Тақырып 4. Допты торға лақтыру техникасын жетілдіру Ойындық жүктемелерді түрлендіру
Ойыншы алаңның ортасынан қапқанға қарай барынша жоғары шапшаңдықпен кенет алға ұмтьілады, секіріп екі қолды шығыршыққа (қалқанға) үш рет тигізеді, содан кейін екі немесе үш рет айып добын лақтыруды орындайды.
Ойыншы жақтау сызықтан алаңның ортасына қарай кенет алға ұмтылып, алаңның ортасында жүрғен серігімен доп беруді алмасады, секіру кезінде немесе қалқанның астынан өтіп бара жатып допты шығыршыққа лақтырады, содан кейін үш айып лақтыруынан тұратын тізбекті орындайды.
Ойыншы жауырынды алға сала, алаңның ортасынан қалқанға қарай оқыс алға ұмтылады, сосын қарама-қарсы қалқанга қарай ұмтылыс жасап, секіріп екі қолын шығыршыққа (қалқанға) тигізеді және айып доптарын лақтырады.
Ойыншы жақтау сызықтан айып добын лақтыратын сызыққа қарай оқыс ұмтылып, содан кейін тағы да жақтау сызыққа, қайталап айып добын лақтыратын сызыққа жүгіріп, секірулердің үш тізбегін орнында (төртіншісін 360°-қа бұрыла) орындайды жэне айып доптарын лақгырады.
Ойыншы қайталап жүгіріп, сосын айып добын лақтырады
Ойыншылар жағдайга байланысты жылдам бұзып-жару жаттығуларын орындайды (топтармен). Шабуылдардың әрбір топтамасынан кейін ойыншылар кезекпенен айып лақтыруларын орындайды.
Бұл да сондай, бірақ белсенді қарсылық көрсетумен.
Команда аңдысқан шабуылдың тактикасын игереді. Ойынмен үйлестірілген лақтыру аяқталғаннан кейін шабуылшы айып добын лақтыруды қайталайды.
Бұл да сондай, бірақ белсенді түрде қарсылық көрсетумен.
Айып добын лақтыруды қарсылас команда орындайды. Қорғанатын команда қарсыласы мүлт жіберсе допқа ие болып, жылдам бұзып-жаруды ұйымдастырады (аяқгалуы қалай болса да). Шабуылшы айып добын лақтырады.
Айып добын лақгыруды командалардың біреуі ғана орындайды. Лақтыруды орындайтын ойыншының серіктері доп мүлт кеткен жағдайда допты иемденуге және секіріп қайталагі лақтыруды орындауга қатысады, кейін айып добын лақгыру топтамасын орындайды. Айып добын лақтыруды орындаганнан кейін ойыншылар орын ауыстырады
Тақырып 5. Қосалқы қадамдармен қозғалуға үйрету техникасын жетілдіруҚосалқы қадамдармен қозғалуға үйретуде болатын кең таралған қателіктер. Қателіктерді жоюға арналған нұсқаулар. Секірулерді үйретуде көп кездесетін қателіктер.Бұрылулар .Бұрылыстарды үйретуде көп кездесетін қателіктер.Аялдау кезінде көп кездесетін қателіктер:
Шабуылдауда доппен ойнау тәсілі .Допты қағып алуда көп кездесетін қателіктер .Допты торға лақтыру әдістері.Төмен ұшып бара жатқан допты қағып алу.Жүргізуді үйренуде көп кездесетін қателіктер.Әдістік дайындық Жеке әдістік әрекеттер.Допсыз шабуылдаушыға қарсы әрекеттер.Добы бар шабуылдаушыға қарсы қарсы әркет. Топтық әрекеттер. Бірқалыптылықтан шығару.” кіші сегіздік “Айқастырыла шығу” ”Еселенген тосқауыл” әрекеттер.Қорғаныста ойнау тәсілі. Баскетбол тактикасы.Тактика шабуылының жеке әдісі.Тактика шабуылының топтық әдісі. Тактика шабуылының командалық әдісі. Қорғану тактикасының жеке әдісі. Қорғану тактикасының топтық әдісі.Қорғану тактикасының командалық әдісі. Ойын ережесі.Жарыс өтетін орын және құралдары. Баскетбол ойынының шабуылдау тәсілі. Баскетбол ойын алаңына қойылатын талаптар. Баскетбол ойынының қорғану тәсілі.
Жалпы сипаттама, түсініктер, техникалық және тактикалыө дайындықтың анықтамасы. Техникалық дайындықтың негіздері. Қозғалыс техникасын жетілдіру және дамыту негіздері, техникалық дайындықты шектеуші және анықтаушы формалар.
Ойнай білу бұл білім, бірліктілік және дағдылардың күрделі кешені. Тактикалық қызметтің шығармашылық сипаттамасы. Баскетболдағы тактикалық әрекеттердің үш түрі:
Жекелеген тактикалық әрекеттер(ЖТӘ)
Топтық тактикалық әрекеттер(ТТӘ)
Командалық тактикалық әрекеттер(КТӘ)
Ойынның техникасы мен тактикасының жіктелу қағйдалары.
Баскетболдағы техника тактикалық әрекеттердің терменологиясы және жалпы түсініктері.
Практикалық сабаққа арналған тапсырмалар.
Доптармен жаттығу.
Жоғары траектория бойынша қолдан қолға беру (доға бойынша);
Аяқ арасымен (сегіздік):
Кеуде айналасынан айналдыру;
Бас айланасынан айналдыру;
180 және 306 градусқа айналдыра отыра жоғарыға көтеру;
Өз жағынан алдымен тіке лақтырып – арт жақтан қағып алу;
Допты оң және сол жақ иық жақтан лақтыру;
Допты еденнен ең төмен секіріспен қағып алу;
Допты оң қолмен сол қол арқылы аяқ арасынан қағып алу;
Қозғалыс барысында лақтыруды меңгеру мен бекітуге арналған жаттығулар:
Орыннан екі адым – қабырғаға немесе серіктеске беру;
Дәл сол әрекет тек таяқ, скакалка немесе обручпен;
Бір орыннан жерге допты соғу, екі қадам допты беру;
Қалқан жанында 45 градус бұрышта бір соққымен екі адым қашықтықта;
Шағын жүргізуден кейін;
Беруден кейін, қағып алу, екі қадам – лақтыру.
Оң жағынан бірінші қадам оң аяқпен, сол – сол аяқпен. Лақтыру тіреусіз орындалады.
Ептілік пен координацияның дамуына арналған екі доппен орындалатын жаттығу:
Жонглерлік жасау;
Бірін итереміз – екіншісін жүргіземіз;
Екі қолмен бір уақытта кезектілікпен жүргізу;
Қабырғаға беру;
Жұп бойынша біреуін секіртіп және екіншісін ауамен;
Жұппен екі допты ауамен лақтыру;
Жұппен екі допты секірту арқылы.
Үшеулік жаттығулар
Сегіздік
Орынды ауысту арқылы доп алмасу
Орталық ойыншы арқылы беру
Шеңбер бойынша оң және сол жаққа беріп отыру
екінші допты қосуға болады.
Допты беру және қағып алуға арналған жаттығулар
«Квадрат» - төрт бағанға екі доппен:
1.Оң жаққа беру – оңға жүгіру
2.Сол жаққа беру – солға жүгіру
3.Диагональ бойынша беру – оңға жүгіру
4.Оң жаққа беру – Диагональ бойынша жүгіру
5.Оң жаққа беру - солға жүгіру
6.Оң жаққа беру – алдыңғы бағанаға барып қосылу.
Баскетбол ойынына жақындатушы ойындар
А) қорғаушының қосымша қадамын жетілдіру үшін “лашын, ұябасар, балапандар”
б) допты беру және қағып алуды жетілдіруге «Допты капитанға»
в) «12 шеңбер». Екі жүргізуші. Допты бір біріне беру арқылы ойыншыларға тигізу
г) “керме ау”. Дәл сол, тек олар жүргізушілермен бірге. Мақсаты: ойыншылардың өзара әрекеттестігі және алаңды жүргізуі.
е) дриблингті жетілдіру.
Ептілікті және қозғалыс координациясына арналған жаттығулар
Баскетболдағы техникалық және тактикалық дайындық негіздері.
Баскетболшылардың техникалық және тактикалық дайындығы
Баскетбол ойынына сипаттама. Спорттық ойын ретінде баскетболға тән белгілер мен қызметтер. Ойынның техникасы мен тактикасын топтастыру принциптері. Баскетболдағы технико-тактикалық әрекеттің терминологиясы және жалпы үғымы.
Шабуыл жасау техникасы: орын ауыстыра білу және допты иелену.
Қорғаныс техникасы: орын ауыстыра білу, допты иелену және тәсілдерге қарсы әрекет.
Шабуыл жасау тактикасы: жеке әрекет - допсыз, доппен; топтык әрекет - екі немесе бірнеше ойыншылардың байланысы; командалык әрекеттер — ұмтыла жэне позициялык шабуыл жасау.
Қорғану тактикасы: допты жэне допсыз ойыншыға қарсы жеке әрекет; топтык әрекет - екі немесе бірнеше ойыншылардың өзара әрекетіне карсы әрекет; командалык әрекет - шоғырланған және нақтылау жүйесі.
Тақырып 6. Допты иемдену және қарсы әрекет ету техникасын жетілдіру
Қозғалыс кезінде допты лақтыру. Әдетте, лақтырулар жүгірістен кейінгі секірулерде орындалады. Сөйтіп, қозғалыс кезіндегі лақтыруларга қозғалыс уақытындағы допты берулер секілді қимылдар кескіндемесі тән. Бұл жағдайда секірулер тіке, жоғары қарай орындалады.
Қозғалыс кезінде 180°-қа жэне 360°-қа бұрылыстар жасалуы мүмкін.
Допты қозғалыс кезінде беру. Доп бүл тәсілмен командалас екі ойыншы бір бағытқа жүріп, не жүгіріп бара жатқанда беріледі. Қабылдаушы қарсыласы жоқ ашық жерге шығуға тырысады, ал беруші ыңғайлы сәтті пайдаланып допты екі қолмен кеудеден, бір қолмен иықтан, бүйірден немесе төменнен, не допты еденнен шоршытып өз серігіне қарай лақтырады. Жаттығуды жұптасып не үш бұрышта тұрып үйренеді.
Қозғалыс кезіндегі лақтырулар бір аяқпен итеріліп секіру кезінде орындалады. Орын ауыстыра жүріп, баскетболшы тірексіз жағдайда допты ұстап, жерге түскеннен кейін бірінші адымды, сосын екінші адымды жасайды. Секіру үшін ол осы аяқпен серпіледі. Қолдар бұл ретте жоғары қарай созылып және қолдың бірқалыпты қимылымен лақтыру жүзеге асырылады.
Допты айып алаңынан баскетбол торына лақтыру. Айып добы кеудеден екі қолмен немесе бір қолмен екіншісіне жәрдемдесе отырып лақтырылады. Бұл төмендегідей шарттардың орындалуымен жүзеге асырылады: айып добын лақтыратын алаңда тұрып, допты еденге бір-екі рет соғып алады, кейіннен терең тыныс алып демді шығармастан допты торға секіріп лақтырады.
Допты жүлып алу, қағып жіберу, қағып әкету. Допты жұлып алу - қарсылас ойыншы допты ұстап тұрғанда қолданылады және қолмен өзіне қарай жүлқып тартып, немесе ілгері, төмен қарай итеру арқылы жүзеге асырылады. Екі жағдайда да бәрінен бұрын қарсыласқа өте жақын келіп, қолайлы кезеңде допты қатты ұстау қажет. Егер қарсьлас допты ұстап тұрса, онда допты өзіне қарай екі қолмен жұлқи тартып алып, денені бір мезгілде бұра, қарсыласқа арқаңды бересің.
Қолдан допты қағып жіберу - қолдың қырымен допты жоғарыдан не төменнен ұрып жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Допты қағып әкету - допты алып жүру мен беруге қарсы әрекет есебінде қолданылады.
Дағдыны қалыптастыруга арналган жаттығулар (орын ауыстыру техникасы). Баскетболшыға орын ауыстыру үшін жүру, жүгіру, жанымен жүру, секіру, тоқтау және эр түрлі бүрылыстар жаттыгуларын орындау қажет. Жаттығулардың бұл түрлері допты дұрыс бере білу және шығыршыққа допты тастау мақсатында қолданылады.
Жүгіруді жетілдіру үшін тез жүгіру, артқа қарай жүгіру, бағытгы тез өзгертіп жүгіру және жылдам жүгірулерді үйрену қажет болатындығын есте сақтаған жөн. Осы мақсатта әрдайым мынадай жаттығулар қолданылады:
тура жүгіру барысында аяқтың үшымен итерілуді қадағалау;
бір орында тұрып жүгіруден әр түрлі қашықтыққа жүгіруге ауысу;
бір аяқтан екінші аяққа секіруге ауысу арқылы жүгіру (белгілі жерге дейін), содан соң белгіленген межеге дейін жай жүгіру;
сөреден 10-15 м-ге қайталап жүгіру;
жай жүгіруден жылдам жүгіруге ауысу;
әдеттегі жүгірістен артқа қарай жүгіруге ауысу;
белгілі жерге дейін жүгіріс түрін және жылдамдықты өзгертіп жүгіру.
Бүйірге қарай жүру, жүгіру тепе-теңдікті сақтай отырып, қозғалыс бағытын тез арада өзгерту үшін қолданылады. Бүйірге қарай жүру, жүгіру әрқашанда қорғаныс ойынында қолданылады, себебі бұл тәсіл шабуылдаушының бағытына қарай қозғалуға және қарсы қимылдар жасағанда доптан айрылып калмау үшін өте қолайлы. Ең біріншіден, ол жанына және артқа орын ауыстыру үшін көп қолданылады.
Секірулер баскетбол ойынындағы барлық эдіс-тэсілдерді орындау үшін қолданылады. Секірулер бір немесе екі аяқпен серпілу арқылы бір орында немесе қозғалыста орындалады.
Баскетболда кең көлемде тараған секірудің бір түрі — қозғалыста бір аяқпен серпілу, әсіресе, секірудің бүл түрі допты беруде, лақтыруда көп пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |