Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



жүктеу 0,77 Mb.
бет3/5
Дата01.01.2018
өлшемі0,77 Mb.
#6335
1   2   3   4   5

Дәріс тақырыбы. Жанұялық қарым-қатынастардың типтері.

Жоспар.


1.Жанұялық қарым-қатынастардың типтері.

2.Қарым-қатынас ерекшеліктері.

3. Жанұядағы ересектермен балалар қатынасы.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Әр түрлі елдерде отбасының әр түрлі типтері болады. Кейде терең ертелікке тән қатынас

формаларын сақтаушы экзотикалық түрлері де кездеседі. Бір айта

кететін жайт, отбасылық-некелік дәстүрлер мен салттар архаикалық белгілерін қатаң сақтайды. Ал екінші жағынан қазіргі өндіріс пен өмір сүрудің урбанизациялық стилінің кең тарауы көптеген елдерде үлгісі жағынан ұқсас келетін отбасылардың кездесетінін дәлелдейді. Мұндай тұжырым біздің елімізге де тән.

Отбасының өмір сүру айналымы мен оның мүшелеріне қатысты мәселелерін қарастыру педагог көмегінің ерекше әрі нақты болуын қажет етеді. Әлеуметтік жұмыс принципінің мәнін мынадай мақалмен жеткізуге болады: «Адамды балықпен тойдырғанша, балықты ұстау әрекетін үйрету дұрыс». Яғни, отбасы мүшелеріне өз мүмкіндіктері мен күшін пайдалану арқылы еңбек ету барысында өмірде бірдеңеге қол жеткізуге болатынын түсіндіру керек. Бұл ең бірінші ішімдікке салынған, есірткіге отырған, т.б. адамдарға қатысты болады.

Осыған сәйкес, әлеуметтік жұмыс әр отбасы типіндегі оның мүшелерінің денсаулығына, табыс көлеміне, білім деңгейіне, мекен ету орнына сәйкес көмек түрінде жүргізілуі қажет, және де бұл көмектің мазмұны өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге бағытталуы шарт.

Отбасы- адамның туғаннан өлгенге дейінгі даму ортасы болғандықтан маңызды әлеуметтену институты болып табылады. Отбасының әлеуметтену стилі ұлттық мәдениетпен, салт-дәстүрлермен байланысты болады, ал оның ішінде ата-аналардың білім деңгейімен әлеуметтік орнына да байланысты болады. Бұл жағдайлар бала тәрбиесінің сипатына ықпал етеді.

Отбасын тәрбиелеудегі типтерді сипаттаудағы басты бағыт – бұл тәрбиелік, ата-аналық нұсқаулар мен бағыт-бағдарды қарастыру болып табылады.

Келесі тип – баланы қабылдамау және шеттету. Ата-аналық қатынастың жалпы формуласы: «Бұл баланы жек көремін, ол жайлы қобалжымаймын, толғанбаймын». Ата-аналар балаға назар аудармайды, қарым-қатынаста қаталдық, онымен қарым-қатынасқа аз түсе білуге ықыласы көрінеді. Ғалымдардың үшінші тобы, тәрбие типтерін талдай келе, тәрбиенің дәл бағасы бір ғана емес, бірнеше аспектілерге негізделеді – деген қорытынды айтты. Бір жағынан – балаларға қатынастың эмоциялық аспектісі, басқа жағынан мінез-құлықтың бейнеленуі. Осы аспектілердің үйлесімі тәрбиенің төрт типін ұсынады:

1. Баланың өз бетінше әрекет етуі мен бастамашылдығын дамыту мақсатында балаға мейірімді қатынас беру;

2. Суық шешу тәрбие, оның барысында балаға суықтық білінеді, ата-аналық сезімдердің жеткіліксіздігі оның еркінділігімен үйлеседі;

3. Жылы шектеуші тәрбие, мұның барысында балаға эмоциялық түрде реңкі кірген қарым-қатынас пен оның мінез-құлқын аса бақылап отырумен үйлеседі;

4. Суық шектеулі тәрбие, ол балаға деген әрдайым сыни көзқарас білдірумен, мазақтаумен кейде тіпті баланың өз бетімен орындалып жатқан мінез-құлқына аса назар аударумен орындалады.

Соңғы кезде тәрбиенің үш түрлі үлгісінен құралған тағы да бір бағыт анықталды. Ата-ананың балаға қатынасын білдіретін үш аспект жіктелді: ұнату-ұнатпау, сыйластық-сыйламау, жақындық-алшақтық. Бұл аспектілер-дің үйлесімділігі ата-ана тәрбиесінің сегіз типін бөліп қарастыруға мүмкіндік берді. Ұнату, сыйластық және жақындыққа негізделген іс-әрекеттік тәрбие. Ата-ананың балаға қатынасының формуласы мынадай: «Менің балам бақытты болса екен деймін, бұл мәселеде өзім көмектесемін». Отбасында қарым-қатынастың жылы эмоциялық қарқыны білінеді, баланың еліктеулеріне, қабілеттеріне, құқықтарына назар аударылып қызығушылықтар мен белсенді тәрбие көрінеді, талаптарға дұрыс қатынас орнатылған.

Отбасы ішіндегі барлық күрделіліктерден қашып құтылуға болмайды. Бірақ сезімталдықты, өзіне сенімділікті тәрбиелеу отбасы мәселелерін жеңіл шешуге көмектеседі.

Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудын 90 пайызы тұрмыс қолайсыздығы мен дайынсыздықтың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс-жанжал, отбасылық кикілжіңнің алдын алады.

Кейінгі кезде немере, шөбере туыстарды айтпағанның өзінде бірге туған бауырлардың да туыстық қатынастары салқындай бастағандығы аңғарылады. Көп балалы отбасының балалары ауылда, мектепте, ұжымда, қатар құрбылары арасында тез сіңісіп кетеді, өйткені олар отбасында бір-біріне қамқорлық, құрмет жасауды көріп өседі. Ал бір баламен шектелген отбасылардың бұқаралық сипат алуы балалар арасында жатырқау, тасбауыр

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


  1. Жанұялық өзара қарым-қатынас туралы өз пікіріңіз сипаттаңыз.

  2. Адамдар қатынасының қандай түрлері мен формаларын білесіз?

  3. Жанұялық қарым-қатынастың функцияларын атаңыз, әр функциясының мазмұнын түсіндіретін мысал келтіріңіз.

Әдебиеттер:
1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991


Дәріс тақырыбы. Жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктері.

Жоспар.


1.Жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктері.

2. Жанұяның негіізгі қызметтері.

3.Жанұя тұрмысының ерекшеліктері.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

Отбасы жүйесін- бірыңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы құрылымдық қатынас кез- келген нуклеарлы ( жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ -сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы - баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінін қажеттіліктері бірдей өтелетін болады. Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды

топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.

Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір - біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын кұру, бір-бірімен тығыз эмоционалды байланыста болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі ез маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік - психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уакытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір - біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.

Баланың ата-ана және құрбыларымен қарым-қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез-құлық үлгісін кұрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы-құрдастарымен қарым - қатынасы және мектеп, коршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарынын тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс-әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.

Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезендерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы, осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп - бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата - анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала ез өміріне ата - ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі-зайыптылар жеке қалып, бағып - қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп- жетілуіне орай ата - ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата - аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып - қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен рөлдерге қатысы жоқтай сезінеді.

Ата-аналық позицияны қабылдау ерекшеліктері.


Ана болу - филиологиялық менизмдері, эволюциялық тарихы, мәдени және жеке даралық ерекшеліктері бар күрделі феномен. Қоғамда қоғамдық қатынастарға сәйкес ана мен бала моделдері үнемі өзгеріп отырады. Әйел адамның ана рөліне деген қатынасы да өзгереді. Ана болудың (әкенің де) жеке даралық онтогенезі бірнеше сатылардан өтеді. Бұл сатылардан өту процесінде әйел адамның (еркектің) ата-аналық рөлге табиғи бейімделуі жүзеге асады.
Жанұя құрылымы – бұл отбасы құрамы және оның мүшелері, олардың өзара қатынастарының жиынтығы. Жанұя құрылымы деп сондай-ақ оның әлеуметтік институт ретінде бірлігін және қызмет етуін қамтамасыз ету тәсілі. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - -деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1. Жанұядағы мүшелерінің атқаратын қызметтеріне тоқталыңыз.

3. Ата-анамен балалардың бірі-бірін қабылдауы туралы ойыңыз.

Әдебиеттер:
1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991


Дәріс тақырыбы. Жанұядағы дағдарыстар.

Жоспар.


1.Жанұядағы дағдарыстардың түрлері.

2.Жанұядағы дағдарыстардың себептері.

3.Жанұядағы дағдарыстардың алдын алу жолдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны.

Отбасы психологиясыңда- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі қалыпты деп есептеледі.

Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір - бірін ашық түсті көзілдірікте кереді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дагдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі - зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі -бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады.

Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады.

Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасыңда 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата - ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды.



Қарым - қатынастағы дагдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке бартннан кейін де пайда болуы мүмкін.

Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың катар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата - ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата - аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата - ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.

Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл - ерлі - зайыптылардың бір - бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезенде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс - әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді.

Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама- қайшылықтарға әкеліп соғады.



Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.

Одан әрі өсіп калған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты - дагдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата-ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен аукымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.



Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз - өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезенге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата - ана қамқорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі - зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі – зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым - қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.

Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі - зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқгы жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез - келген отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы- ажырасуы орын алады.

Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.
Өзін -өзі тексеруге сұрақтар.

1.Отбасылық дағдарыс ұғымына сипаттама беру.

2. Отбасындағы қалыптан тыс дағдарыстарболу себептеріне тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991

2.Сысенко В.А. Супружские конфликты. М., 1989

3.Трапезникова Т.М. Этика и психология семейных отношений. Учебн. Пособие.Л., 1988

4.Рогов Е.И. Психология отношений мужчины и женщины. М., 2002


Дәріс тақырыбы. Ата-аналар алғашқы тәрбиешілер.

Жоспар.


1.Ата-ана алғашқы тәрбиешілер.

2.Бала тәрбиесіндегі жанұя мүшелерінің әрқайсысының орны.

3.Бала тәрбиелеу жолдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.

Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.

Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктері Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.  Ата - бабаларымыздың сондай-ақ, тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай. Туа бітті тектілін, табиғи қадір - қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы жекжат болуға ұмтылған. Тарих қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымызда тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек.

Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әже, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі. Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген Әке - әулет басшысы, отбасы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұлт тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби : «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» - деген. Адам өмірге бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады.

Қазіргі уақытағы мәселе тудыратын себептердің бірі – отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихта көз жүгіретін болсақ, кең байтақ өлкемізде буынынан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргеділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.

 Екінші себеп - отбасындағы ұрыс - керіс, ата - аналардың мінез-құлқы.  «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды  тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың  өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы- тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» - деген болатын А.С.Макаренко. Ал, ұлы ата - бабамыз: «Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - деп түсіндіреді. 

Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы , ұстамдығы, кішіпейілділігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.

Ұрпақ тағдыры дегеніміз – ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білімі де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтарының қолында. Адам тәрбиесі-үдемелі қозғалыспен жүріп отыратын мәңгілік үрдіс. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1.Ұрпақ тағдыры – ұлт тағыдыры дегенге өз ойыңыз.

2.Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер.

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Жарикбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001

Дәріс тақырыбы. Жанұялық тәрбие.

Жоспар.


1.Жанұялық тәрбиенің маңызы мен ұйымдастырылуы.

2. Тәрбиедегі қателіктер және оларды болдырмау.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

«Отбасы – семья, үй деген сөздің синонимі», яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар.
«Жанұя - өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі»
«Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы”»
«Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы».
Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.
Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.
Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру .
Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.
Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:
-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);
-экономикалық (өндіру және тұтыну);
-қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);
-балаларды оқыту-тәрбиелеу;
-эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі);
-әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу).
Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп отырады.
Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының) өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф.Энгельс өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазды: «Қоғамның материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады.,

Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы... бірқатар міндеттерді іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық институт ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген.
Отбасының өзіндік тарихи даму формалары бар. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі, белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады.
Ал, педагогикалық – психологиялық тұрғыда отбасы – ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Дүниежүзіндегі әрбір халықтың өзіне тән отбасы тарихы бар. Сол сияқты, қазақ отбасы да өзіне тән ерекшеліктермен сыйпатталады. Қазақтың отбасы мәселесіне байланысты бұрын-соңғы жазылып, кезінде баспа жүзін көрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектер, әдеттік құқық туралы жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті - фольклор деректері де көптеп табылады. Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді.
Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.
Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы - кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру - күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған.
Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.
Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.
Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы, т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жазып, осы проблеманың негізін қалаған.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1.Бала тәрбиесі туралы өз ойыңыз.

2. Отбасылық тәрбиенің маңызы қандай?



3.Отбасы мүшелерінің өзара үйлесімділігі пікіріңіз.

Әдебиеттер:

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991



жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау