Пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



жүктеу 0,97 Mb.
бет5/5
Дата01.01.2018
өлшемі0,97 Mb.
#6662
түріСабақ
1   2   3   4   5

Бақылау сұрақтары:

  1. Шылаулар деген не?

  2. Демеулік шылауларға мысал келтір.

  3. Жалғаулық шылауларға мысал келтір.

  4. Септеулік шылауларға мысал келтір.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А.,Маржан, 2007

3. Әміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. Алматы, 1959.

4. Кенжебаева Ф. Шылау сөздер. «Қазақстан мектебі», №9, 1962.

5. Шақаман Ы. Демеулік шылаулардың зат есімге тіркесі мен қолданылу аясы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 1967, №9, 77-80б.

30 дәріс тақырыбы: Модаль сөздер
1.Модаль сөздер туралы түсінік.

2. Модаль сөздердің зерттелуі.

3. Модаль сөздердің синтаксистік қызметіне қарай бөлінетін түрлері.

Модаль, модальность термині латынның мере деген сөзінен алынған.

Айналада үнемі болып отыратын әр алуан құбылыстар, өмірдегі сан-сала болмыс түрлері, белгілі бір заттың сын қимылы, іс-әрекеті сөйлемде жалпы жалаң хабар түрінде ғана айтыла салмайды. Сөйлеушінің осы хабар туралы пікірі, яғни сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі оның көзқарасы, әдетте қоса беріліп отырады.

Сөйлем мазмұнының ақиқат шындаққа қатынасы және сөйлеушінің ол жөніндегі пікірі тіл білімінде, әдетте, сөйлемнің модальділігі деп аталады. Сөйлемнің модалділігі тіл білімінде жалпы объектиті модальділік және субъективтік модальділік деп екі тұрғыдан қарастырылады. Мысалы, Сөйлем мазмұнының ақиқат шындықпен сәйкестігі объективтік модальділік деп аталады. Бұл көбінесе райлар арқылы беріледі.

Субъективтік модальділік сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі сөйлеуші көзқарас пікірін айтады. Бұл модальділік арнаулы жеке сөздер арқылы беріледі. Сөйлемнің модальділігі әр алуан.. Ол, әсіресе, экспрессивті, эмоциялық мағыналармен де ұқсас келеді.

Модаль сөздер төркіні соңғы кезде ғана сөз болып жүр. Е.И.Убрятова, Н.А.Баспанов, Н.Ж.Дмитриев, А.Н.Кононов, В.В.Виноградов т.б. ғалымдар сөйлеуші адамның пікірін білдіретін сөздерді жеке тақырыпша етіп алып, бөлек талдайды.

Модальдық реңк одағайларда да, қыстырма сөздерде де, сұраулық шылауларда да кездеседі. Бірақ бәрін модаль сөз деуге болмайды. Сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі сөйлеушінің пікірін білдіретін мұндай арнаулы сөздерді модаль сөздер дейді (пікірлеуші сөздер деуге болады.)

Сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны жөніндегі пікірін білдіру үшін қолданылатын осындай арнаулы модаль сөздер өздерінің құрамы жағынан түрлі-тшүрлі болып келеді. Модаль сөздер өздерінің лексикалық және грамматикалық белгілеріне қарай есім сөз табынан да, етістіктен де, комекші сөзден де кейбір басқа сөз таптарынан да бола береді. Мысалы, мүмкін шамасы, рас, әрине, тәрізді, зайыры, әлбетте, бәлкім – синтаксистік функциясы жағынан қыстырма сөздер. Ал мағыналық ерекшелігі жағынан Яғни сөйлемдегі ой жөнінде сөйлеушінің пікірі қандай – мақұлдай немесе күдіктене не біржола айта ма, әлде нық сенімділік білдіре ме – осы тұрғыдан алғанда бұлар – модаль сөздер. Өйткені кейінгі жылдардағы көптеген лингвистикалық әдебиеттерде сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны, яғни ондағы айтылған ой жөніндегі күдігін я болжамын, мақұлдау пікірін немесе қалауын, не оның нық сенімін осылар тәрізді басқа да пікірін білдіретін сөздерді модаль сөздерге жатқызады.

Модаль сөздер қазіргі қазақ тілінде сан жағынан оншалықты көп емес. Бірақ олар өздерінің қолдану ерекшеліктеріне қарай әр алуан болып келеді. Мысалы, білем, көрінеді, керек тәрізді біраз сөз күнделікті қолдану процесінде бірте-бірте грамматикализацияланып, лексикалық мағынасының сыртында модальдық мағына да білдіреді. Бұлардың модальдың мағынасы әуелгі лексикалық мағынасының негізінде кейіннен қалыптасты. Мысалы, Мен оны көптен білем – Мені оятқан сен білем. Бұл жерден ауыл анық көрінеді – Мұны істеген Асқар көрінеді. Маған кітап керек – Төргі үйдегілер қонақтар болу керек. – ол ендігі шықса керек.

Сияқты модаль сөзінің синонимі ретінде тілімізде тәрізді, әлпетті, сықылды, секілді сөздері де қолданылады. Соңғы екеуі фонетикалық тұрғыдан екі вариантта айтылғанымен негізінде, бір-ақ модаль сөз. Сияқты тәрізді, сықылды модаль сөздері өздерінің негізгі лексикалық мағынасында қолданылғанда адамдардың, басқа да әр түрлі заттардың арасында болатын өзара ұқсастықты білдіреді. Яғни салыстыру мағынасында айтылатын –дай, -дей қосымшасының қызметін атқарады. Бұл сөздер кейде әр түрлі етістік қосымшаларын да қабылдайды. Бұлармен тақылетті, реуішті, мәзімді, іспетті сөздері де мағыналас.

Тақылетті сөзі өзінің лексикалық мағынасында да, сондай-ақ модальдық мағынада да қолданылады. Басқалары модалдылық мағынада жұмсалмайды.

Керек сөзі де екі түрлі мағынада

1. Негізгі лексикалық мағынасы – баяндауыш, анықтауыш болады.

2. Модальдық мағына – Көмекші сөз есебінде қолданылады.

Керек сөзінің 2 түрлі модальдық мағынасы бар

1міндеттілік мағынасы

2.болжамдылық мағынасы

Керек сөзімен қажет, тиіс синонимдес. Шамасы, тәрізді, зады – сөйлемде қыстырма сөз позициясында қолданылады. Модальдылық мағына біреу-ақ. Сөйлеуші адамның сөйлемде айтылған хабар жөніндегі болжамын білдіреді. Бұлармен кейде сірә, тегі сөздері де қолданылады.

Модаль сөздер синтаксистік қызметіне қарай екіге бөлінеді. Олар:

1. Әртарап сөздер (бар, жоқ, аз, көп, қажет, керек, тиіс, мүмкін)

2. Бейтарап сөздер (бәлки, әрине, бәсе, әйтеуір, әлбетте, бәлкім, сірә, тегі)

Әртарап сөздердің сөйлемдегі қызметі:

Бастауыш қызметін атқарады: Көп қорқытады.

Баяндауыш қызметін атқадады: Байдалыға соларды салу қажет.

Толықтауыш қызметін атқадады: Бұл нәрсе бір керекке жарар.

Анықтауыш қызметін атқадады: Маған керек кітап бітіп қалыпты

Пысықтауыш қызметін атқадады: Жиналысқа студенттер көп жиналды.

Әртарап сөздер көмекші қызметін атқарады. Мысалы, айтылған жоқ, алуға тиіс, бастамақ керек.


Бақылау сұрақтары:

1.Модаль сөздер дегеніміз не?

2. Модаль сөздерді кімдер зерттеген?

3. Модаль сөздер синтаксистік қызметіне қарай қалай бөлінеді?

4. Модаль сөздер сөйлемде қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А.,Маржан, 2007

3. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы. І-бөлім. 1967

4. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы. Астана.,2002


Тәжірибелік сабақтар







1.Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасамдық тәсілдер.

1

1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

2.Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.



2. Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдары.

Туынды сөздер.Сөзжасамдық ұя, тұлға, мағына, сөзжасамдық тип, үлгі, тізбек, тарам,саты ұғымдары.




1

1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

2.Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.



3. Грамматиканың зерттеу нысаны, салалары, зерттеу мақсатына қарай грамматиканың түрлері.

1

1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

2.Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.



4. Сөздің морфологиялық құрамы.

1

1. Н.Оралбай. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

5.Жалғаулар, оларға тән белгілер. Көптік категориясы мен көптік жалғау. Септік жалғауы, тарихы, зерттелуі.

1




6. Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері мен түрлері.

1

2. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

7. Сөз таптары, оларды таптастырудың ұстанымдары. Зат есімнің морфологиялық сипаты, құрылымы. Зат есімнің синтаксистік қызметі.

1

1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

8. Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаттары, семантикалық топтары, морфемалық құрамдары. Сын есімнің шырай категориясы.

1

1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

9.Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаттары. Есімдіктер және оның түрлері.

1


1. Н.Оралбай. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

2. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.



10. Етістік туралы түсінік. Негізгі, туынды түбір етістіктер. Дара, күрделі етістіктер, құрамды етістік, аналитикалық формалы етістік. Негізгі және көмекші етістіктер. Аналитикалық форманттар құрылымы.

1

1. Н.Оралбай. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

11.Етіс және оның түрлері. Тұйық етістік тұлғаларының етістіктің грамматикалық категориялары ішіндегі алатын орны.


1

1. Е.Маманов. Қазіргі қазақ тіл. Етістік. Алматы: 1966 (11-32беттер).

2. А.Хасенова. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. 1972.



12. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары. Есімше, көсемше.

2

1. Е.Маманов. Қазіргі қазақ тіл. Етістік. Алматы: 1966 (11-32беттер).

2. А.Хасенова. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. 1972.



13. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары. Рай категориясы. Шақ категориясы.

1

Н.Оралбай. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. 2007.

14. Үстеулердің морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары, мағыналары. Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипаты.

1

1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.

15. Көмекші сөздер. Шылаулар және олардың мағыналық түрлері. Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты.









15 сағат







5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


СӨЖ

Тексеру формасы.

1. Сөзжасамдық ұя, тұлға, мағына, сөзжасамдық тип, үлгі, тізбек, тарам,саты ұғымдары.



Мысал теру.

2. Негізгі грамматикалық ұғымдар.

Талдау жүргізу.

3. Қосымшалардың түрлері, пайда болу, даму жолдары.

Конспект жазу.

4.Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғау.

Реферат

5.Жіктік жалғау, зерттелуі, тарихы, оның мағынасы, жалғаулары, синтаксистік қызметі.

Жаттығу жұмыстары

6. Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері мен түрлері.


Реферат

7. Күрделі сөздер–лексика-грамматикалық единицалар.


Конспект

8. Адамзат, ғаламзат есімдері.Жалпы мен жалқы есімдер.Көптік мәнді білдіретін зат есімдер. Көмекші есімдер.

Реферат

9. Зат есімнің сөзжасамы.

Жаттығу жұмыстары, конспект

10.Сын есімнің сөзжасамы

Реферат

11. Қимылдың өту сипаты.

Реферат

12. Салттылық және сабақтылық категориясы.

Реферат

13. Етістіктің болымды-болымсыз категориясы.

Реферат

14. Жақ категориясы.

Реферат

15.Модаль сөздер.

Реферат


Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары


1.

Сөзжасамдық талдау үлгісі..

2.

Сөзжасамдық тәсілдерге талдау жасау.

3.

Қазақ тілі морфологиясының зерттелу жайы.

4.

Зат есімнің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарына морфологиялық талдау жасау.

5.

Сын есімнің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарына морфологиялық талдау жасау.

6.

Сан есімнің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарына морфологиялық талдау жасау.

7.

Есімдіктің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарына морфологиялық талдау жасау.

8.

Етістіктің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарына морфологиялық талдау жасау.

9.

Үстеулердің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарына морфологиялық талдау жасау.

10.

Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипатына қарай бөлінетін түрлеріне морфологиялық талдау жасау.

11.


Одағайлардың мағыналық түрлеріне морфологиялық талдау жасау.

12.

Шылаулардың грамматикалық мағыналарына қарай түрлеріне морфологиялық талдау жасау.

13.

Сөзжасамдық талдау жасау. Морфологиялық талдау жасау.

14.

Сөзжасамдық талдау жасау. Морфологиялық талдау жасау.



6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы


Дәріс сабағының

тақырыбы


Семинар сабағының тақырыбы

Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

1

2

4

5

6

1. Сөзжасам - тіл білімінің жеке саласы.

1.Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасамдық тәсілдер.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

2. Сөзжасамдық тәсілдер

2. Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдары.

Туынды сөздер.Сөзжасамдық ұя, тұлға, мағына, сөзжасамдық тип, үлгі, тізбек, тарам,саты ұғымдары.




Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

3. Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдары.

3. Грамматиканың зерттеу нысаны, салалары, зерттеу мақсатына қарай грамматиканың түрлері.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

4. Сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық саты.

4. Сөздің морфологиялық құрамы.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

5. Грамматиканың зерттеу нысаны, салалары, зерттеу мақсатына қарай грамматиканың түрлері.


5.Жалғаулар, оларға тән белгілер. Көптік категориясы мен көптік жалғау. Септік жалғауы, тарихы, зерттелуі.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

6. Негізгі грамматикалық ұғымдар.

6. Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері мен түрлері.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

7. Сөздің морфологиялық құрамы. Қосымшалардың түрлері, пайда болу, даму жолдары. Жұрнақтардың құрамы, түрлері.

7. Сөз таптары, оларды таптастырудың ұстанымдары. Зат есімнің морфологиялық сипаты, құрылымы. Зат есімнің синтаксистік қызметі.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

8.Жалғаулар, оларға тән белгілер. Көптік категориясы мен көптік жалғау. Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғау.


8. Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаттары, семантикалық топтары, морфемалық құрамдары. Сын есімнің шырай категориясы.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

9.Септік жалғауы, тарихы, зерттелуі. Жіктік жалғау, зерттелуі, тарихы, оның мағынасы, жалғаулары, синтаксистік қызметі.


9.Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаттары. Есімдіктер және оның түрлері.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

10. Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері мен түрлері.



10. Етістік туралы түсінік. Негізгі, туынды түбір етістіктер. Дара, күрделі етістіктер, құрамды етістік, аналитикалық формалы етістік. Негізгі және көмекші етістіктер. Аналитикалық форманттар құрылымы.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

11.Күрделі сөздер–лексика-грамматикалық единицалар.

11.Етіс және оның түрлері. Тұйық етістік тұлғаларының етістіктің грамматикалық категориялары ішіндегі алатын орны.


Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

12.Сөз таптары, оларды таптастырудың ұстанымдары.



12. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары. Есімше, көсемше.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

13.Зат есімнің лексика-семантикалық сипаты.

13. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары. Рай категориясы. Шақ категориясы.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

14. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты.

14. Үстеулердің морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары, мағыналары. Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипаты.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

15.Зат есімдердің сөзжасамы.

15. Көмекші сөздер. Шылаулар және олардың мағыналық түрлері. Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты.


Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

16.Сын есімнің лексика-грамматикалық құрылымы



Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

17. Сын есімнің лексика-грамматикалық құрылымы



Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

18.Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешеліктері




Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

19. Есімдіктер туралы жалпы сипаттама


Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

20. Етістіктің лексика-граммматикалық құрылымы.




Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

21. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары




Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

22.Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары






Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

23. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары



Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

24.Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары




Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

25.Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары



Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

26.Үстеулердің морфологиялық белгілері, жасалу түрлері.




Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

27.Еліктеу сөздер




Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

28.Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты


Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

29.Көмекші сөздер. Шылаулар.




Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

30. Модаль сөздер


Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Ғылыми әдебиеттерменжұмыс

Жазбаша, ауызша

ӘДЕБИЕТТЕРМЕН_ҚАМТАМАСЫЗ_ЕТІЛУ_КАРТАСЫ'>7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.

12

12

100%

2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Інжу-Маржан, 2007. - 390 б.

12

12

100%

3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы:Ана тілі, 1992. – 448 б.

12

12

100%

4 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2000. – 664 б.

12

12

100%

5. Хасанова С. Қазіргі қазақ морфологиясынан пысықтау жаттығулар. Алматы: Ана тілі, 1991. – 136 б.

12

12

100%

6. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы І-бөлім. 2003 .

12

12

50%

7.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2010. – 608 б.

12

12

100%



  1. ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиеттер:

      1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. – 384.

      2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: ЖШС Інжу-Маржан, 2007. – 390 б.

      3. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы. І-бөлім. Алматы: 2003.

      4. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А., 1992. – 190 б.

      5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.

      6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2010. – 608 б.

Қосымша әдебиеттер:

      1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1998.

      2. Оралбаева Н., А. Қалыбаева. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. А., 2001.

      3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2000. – 664 б.

      4. Хасенов Ә. Тіл білімі. Алдматы: Санат, 2003. – 416 б.

      5. Маманов Е. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. А., 1966. – 132 б.

      6. Шәкенов Ж. Күрделі сөздер. 2001 ж.

      7. Хасанова С. Қазіргі қазақ морфологиясынан пысықтау жаттығулар. Алматы: Ана тілі, 2004. – 136 б.

      8. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2008. – 472 б.

жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау