18 сурет. Эогиппус. 19 сурет. Мезогиппус.
Мэритерий қоршаған ортаға жақсы бейімделген жануар болып табылды, өйткені оның тұмсығынан айырылған келбеті өзі мекендейтін батпақты жерлердің шетінде өсетін шөптерді жұлып қоректенуіне мүмкіндік берді. Осы кездегі қызығушылықты көрсететін су ортасы жануарларының ішіндегі қазба түрі, 20 метр ұзындыққа жететін Зеуглодон киті.
Қазіргі кездегі киттерге қарағанда олар неғұрлым сымбатты, сыртқы пішіні алып теңіз жыландарына ұқсаған. Бұл қазба киттері ежелгі жыртқыш креодонттардың ұрпақтары болуы мүмкін және бұлар құрылықтағы бәсекелестіктен қашу мақсатында, жаңа ортаны – теңізді игерген.
Эоцендегі сүтқоректілер класының ең маңызды мүшелері болып, әрине, приматтар табылады. Жақсы дамыған миы мен саусақтары сүтқоректілердің көптеген ұсақ ағаш түрлерінің эволюциялық даму жолына түскен. Бұлар нағыз маймылдар емес, бірақ олардың ағашта тіршілік еткен жәндікқоректі арғы тектері мен маймылдардың аралық түрлері болып саналады. Жануарлардың қазба қалдықтары Еуропа мен Солтүстік Америкада табылғандығы, олардың қазіргі ұзынтабандылар мен лемурлерге ұқсаған болуы керектігін дәлелдейді. Осыдан 36 млн жыл бұрын басталып 25 млн жыл бұрын аяқталған келесі кезең олигоценде жылы климат сақталып, сүтқоректілердің дамуы жалғасты.
Эогиппус эволюция процесі барысында биіктігі жарты метрге жететін ірі жылқы Мезогиппуске айналды (19 Сурет). Мезогиппустің алдыңғы аяғында төртінші саусағы жойылған, бұл жүгіруге бейімделу болып табылады. Пілдер де мөлшері бойынша іріленіп, қазіргі ұрпақтарына тән тұмсығының бастамасы пайда болды.
Осы жануарлардың арасында өзінің есімін Испаниядағы таскөмір қабаттарының атауынан алған және осы жерде алғаш рет қазба қалдықтары табылған Антрекотериелер тобы болған. Осы жануарлар, сірә, сусиырлардың арғы тектері болып саналуы мүмкін. 25 млн жыл бұрын олигоценді алмастырған миоценде сүтқоректілер класы дамуының шыңына жетті.
Құрылық пен жануарлар қазіргі пішіні мен түрлерге бір шама ұқсас бола бастады. Иен палеонтология профессоры А. Мюллер (1955) түрлі геологиялық дәуірлердегі жануарлардың туыстары мен түрлерінің санын филогенетикалық дамуын сандық есептеу жолын қарастыра, оны үш кезеңдегі сүтқоректілердің адаптивті радиациясын триас, юра және кайнозой кезеңдерін гографиялық түрде көрсетті.
20 сурет. Сүтқоректілердің ұрпақты бұтағы (Ромер бойынша)
Тюбингенді палеонтология профессоры В. Гросс Марбург-Ландағы 30 қараша мен 1 желтоқсанда өткен сипозиумде өзі ұшақты схема деп атаған сүтқоректілердің ұрпақты бұтағын көрсетті, онда триаста аңтісті рептилилердің (Therapsida) адаптивті радиациясы көрсетілген, юра кезеңіндегі ежелгі қазба сүтқоректілердің радиациясы мен мел кезеңінің соңындағы қазіргі сүтқоректілердің дамуын көрсеткен.
21 сурет. Плаценталы сүтқоректілердің ұрпақты бұтағы
(Ромер бойынша)
Палеонтологтар Г. Тениус және Х. Хофер (1960) осыған ұқсас сүтқоректілердің ұрпақты бұтағын ұсынған. Сонымен, омыртқалылардың пайда болуы мен эволюциясының соңғы кездегі нәтижелерін қорытындылай келе Б. Матвеев (1968) филогенетикалық дамудың негізгі бағыты болып Ч. Дарвин өзінің ұрпақты бұтақтың аллеориясында көрсеткендей құрылысының өзгергендігі деп санайды. Бұл жерде осы құрылысындағы өзгерістер біркелкі емес, біртіндеп өтті, яғни құрылысындағы сапалы морфофизиологиялық өзгерістердің кезектесуімен, тіршілік әрекеті деңгейінің жоғарлауымен және жоғары сатыдағы белсенділігі, кейін түрлі тіршілік орталарына жекелей бейімделуімен кеңінен өткен радиация (түртүзілу) кезеңі өтті. Шет елдік әдебиеттерде бұл екі негізгі эволюциялық процестер бағытына анагенез және кладогенез атаулары берілді (Ренш, 1939, 1954); Хаксли (1942, 1957).
Кеңес әдебиеттерінде А.Н.Северцов 1925 жылдан бастап бұл эволюциялық даму жолдарына екі атау берілді – ароморфоз және идиоадаптация, және жануаралар әлемінің эволюциясында осы екі процестін кезектесіп өтуі белгіленген.
22 сурет. «Антропогениядан» алынған Э.Геккель бойынша систематикалық ұрпақты бұтағы.
18. Антропогенез
Жануарлар әлеміндегі адамның орны. Приматтардың мүшелер жүйесінің дамуы. Адамның жануарлардан пайда болуының дәлелдері. Приматардың эволюциясы. Адам эволюциясының кезеңдері. Архантропы, неантропы. Қазіргі кезеңдегі адам эволюциясы.
7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1. Ч.Дарвин ілімінің негізгі қағидалары
Тұқымқуалау өзгергіштігі – эволюциялық процесінің негізі. Тіршілік үшін күрес – эволюцияның негізгі факторы. Түраралық күрес. Түр ішілік күрес. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес. Тұқымқуалау өзгергіштігі мен тіршілік үшін күрестің нәтижесі – табиғи сұрыптау.
2. Эволюцияның молекулярлы-генетикалық негіздері
Өзгергіштіктің заңдылықтары. Тұқым қуалау (генотиптік) өзгергіштік. Мутациялық өзгергіштік. Мутациялар — элементарлық эволюциялық материал. Комбинативтік өзгергіштік. Фенотиптік өзгергіштік.
3. Микроэволюция туралы ілім
Микроэволюция туралы ұғым. Түр және оның критерийлері: морфологиялық, физиолого-биохимиялық, эколого-географиялық, генетикалық. Түр — биологиялық жіктелуінің негізгі категориясы. Популяция – жаңа түрлердің пайда болуының көзі. Мутациялар, популяциялардағы гендер жиілілігінің өзгеруі. Миграциялар. Популяциялардың кеністіктік изоляциясы. Популяцияның жаңадан өндіруі, оның ұзақ тұрақты тіршілік етуі.
4. Табиғи сұрыпталудың жетекшілік ролі
Табиғи сұрыпталудың түрлері. Тұрақтандырушы сұрыпталу. Дизруптивті сұрыпталу. Жынысты сұрыпталу. Жеке және топты сұрыпталу. Аллопатрикалық түр түзілісі. Симпатрикалық түр түзілісі. Организмдердің бейімделгіштігі - табиғи сұрыпталудың нәтижесі. Преадаптациялар және олардың эволюциялық маңызы.
5. Макроэволюция туралы ілім
Биологиялық прогресс және биологиялық регресс. Биологиялық прогрестің жетіктік жолдары. Арогенез. Аллогенез. Катагенез. Ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация, ценогенез.
6. Биологиялық эволюцияның негізгі заңдылықтары мен ережелері.
Дивергенция. Конвергенция. Параллелизм. Эволюцияның қайтып келмеу ережесі. Мамандырылмаған арғы тегілерден жаңа түрлердің таралу ережелері. Прогрессивті мамандырылудың ережесі. Отималдық заңы. Эволюцияның негізгі бағыттардың кезектішілігінің ережесі.
7. Палеонтология және эволюция. Палеонтологияның бөлімдері
Палеонтология ғылым ретінде. Палеонтологияның бөлімдері. Қазба организмдер туралы көне ғылыми жазба құжаттар. Ежелгі биосфералардың органикалық тіршілігінің реконструкциясы және олардың уақыт және кеңістік бойы дамуы. Жеке даму тарихының қалпына келтіру. Онтогенез, астогенез, филогенез. Парафилия, монофилия, полифилияның проблемалары.
8. Көму кезеңдері және сақталу формалары. Биоминерализация және фоссилизация
Көму кезеңдері: биоценоз, танатоценоз, тафоценоз, ориктоценоз. Тафономия. Көму процесіне әсер ететін факторлар. Қаңқаның бұзылу кезеңдері. Қазба қалдықтардың сақталу формалары.
9. Тіршіліктің пайда болуы
Қазіргі кездегі тіршіліктің пайда болуының туралы көзқарастар. Тіршіліктің пайда болуына бағытталған материяның эволюциялануына ғарыштық және планетарлық жағдайлар. Химиялық эволюция. Прокариоттардың пайда болуы. Автотрофты қоректенудің және аэробты зат алмасуының пайда болуы. Эукариоттардың пайда болуы. Көпклеткалылардың пайда болуы.
10. Алғашқы - су омыртқалыларының пайда болуы мен эволюциясы
А.О.Ковалевскийдің (1894) ланцетник және асцидияның дамуын зерттеу туралы еңбектері. Э.Геккель (І894-І896)- «Систематикалық филогения». Омыртқалылардың шығу тегі туралы териялар: омыртқалылардың жәндіктерден пайда болуы туралы Ж.Сент-Илер (1822) теориясы; Земпер және Дорнның (1675) аннелидтік теориясы; 3. Хаскелл (1908) және Паттеннің (1912) артроподтік теориясы. А.В.Северцовтің еңбектері.
11. Қосмекенділердің пайда болуы мен эволюциясы
Қосмекенділердің қостынысты балықтардан пайда болуы туралы идеялар. Қосмекенділердің девонды саусаққанатты балықтардан пайда болуы туралы теория. Саусаққанатты балықтардың құрлыққа шығуының ұйымдастырушылық жағдайлар. Саусаққанатты балықтардың аяғының құрылысы. Омыртқалылардың су ортасынан ауаға шығуының экологиялық жағдайлары. Қосмекенділердің пайда болуының экологиялық факторлары. Қосмекенділердің филогенетикалық бұтағы (Ромер және Шмальгаузен бойынша).
12. Бауырымен жорғалаушылардың пайда болуы мен эволюциясы
Рептиялия класының морфофизиологиялық өзгерістер. Бауырымен жорғалаушылар класының монофилетикалық пайда бболу жолы. Сеймурия. Котилозаврлар. Анапсиды, синапсиды, диапсиды.
13. Құстардың пайда болуы мен эволюциясы
Құстардың пайда болуы туралы гипотезаларының үш бағыты 1) Марш (1880) Пайкрафт (1910), Биба (І915) гипотезасы; 2) Нопша (1907, 1923) гипотезасы; 3) Штейнер (1915), Хейльман (1926), Такер (1938), Пивето (1950) гипотезасы. Археоптерикс. Палеонтологиялық мәліметтер. Юра дәуірі – птеродактилдер. «Нағыз құстар» - неорниты: гесперорнис, ихтиорнис.
14. Сүтқоректілердің пайда болуы мен эволюциясы
Сүтқоректілердің пайда болуы туралы мәселе Ресей (Солтүстік Двина), Африка мен Монғолияда табылған ежелгі мезозой кезеңінің сүтқоректілері мен рептилилер фаунасы. Сүтқоректілер ұйымдасуының негізгі белгілері. Қабыршақты жабындының түктіге ауысуы. Жүрек пен өкпенің өзгерістері және соған байланысты жылықандылықтың қалыптасуы. Тістердің күрек, ит және азу тістерге бөлінуі. Сүтқоректілерге тән төменгі жақтың жекелеп бас қаңқасына қосылуы және соған байланысты есту сүйекшелерінің құрылысы да күрделенді. Бас миының ілгері дамуы, сананың орталығы ретінде алдыңғы ми қыртысының дамуы, сонымен қатар иіс және есту мүшелерінің ерекше құрылысы. Балаларының тірідей тууы және сүтпен қоректендіруі.
15. Антропогенез
Жануарлар әлеміндегі адамның орны. Приматтардың мүшелер жүйесінің дамуы. Адамның жануарлардан пайда болуының дәлелдері. Приматардың эволюциясы. Адам эволюциясының кезеңдері. Архантропы, неантропы. Қазіргі кезеңдегі адам эволюциясы.
СОӨЖ кеңестерінің графигі
№
|
Виды занятия
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сембі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру
|
10.25-11.15
|
|
|
|
|
|
2.
|
Тәжірибелік сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
10.25-11.15
|
|
|
|
3.
|
СӨЖ сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
|
|
10.25-11.15
|
|
4.
|
Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру
|
10.25-11.15
|
|
|
|
|
|
11. Оқитын студенттер білімін тексеру кестесі
Дәріс және тәжірибелік қатынасу (семинарлық, зертханалық, жеке, студийлық) 0-100 баллмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмалардың жасау және тапсыру графигі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен міндеті
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындалу мерзімі
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру күні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Реферат
|
|
|
3 апта
|
|
4-ші апта
|
2
|
Реферат
|
|
|
2 апта
|
|
6-ші апта
|
3
|
Межелік бақылау
|
Модуль 1,2
|
|
|
коллоквиум
|
8-ші апта
|
4
|
Реферат
|
|
|
2 апта
|
|
9-апта
|
5
|
Реферат
|
|
|
2 апта
|
|
11ші апта
|
6
|
Межелік бақылау
|
Модуль 3,4
|
|
|
коллоквиум
|
15-ші апта
|
12. Студенттердің білімдерін анықтаудағы критерийлері
Сабақты жалпы қорытындылауы тест түрінде аяқталады, бұл барлық өтілген материалдарды қамтиды. Емтиханға жіберілуді алу үшін студент келесідей пән бойынша қамтылатын міндеттерді атқаруы қажет:
Әрбір тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.
Жіберілу рейтингі орташа арифметикалық барлық тапсырмаларды ағымдағы сабақтардағы орындалған түрі бойынша есептеледі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары, тәжірибе және т.б. тапсырмалары, межелік бақылау).
Жұмыс оқу бағдарламасындағы барлық орындалған тапсырмалары бойынша (барлық зертханалық жұмыстарды орындау және тапсыру, СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру), курстық жобаны қорғаудан оң баға алуынан және жіберілу рейтингі 50 баллдан кем болмаған студент қорытынды бақылауға (ҚБ) жіберіледі.
Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі әр бір пән бойынша, соның ішінде МЕ қорытынды бақылауынан, қорытынды бағамен анықталады, ол ЖР мен ҚБ есебімен есептеледі.
Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Салмақтық үлесімі әр жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР 0,6-дан, ал ҚБ 0,3-тен кем болмауы керек.
КЖ/КЖ комиссия алдында қорғалады. Бағасы көрсетілген жұмысы бойынша және жетекшісінің пікіімен қаралып есептеледі.
Қорытынды бақылау пән бойынша студенттің оң бағасымен және жіберілу рейтингісімен есептеледі.
Тұрмыстық құрал-жабдықтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі экологиялық талаптар.
Қалдықтарды жоюдың және тасымалдаудың зиянсыз әдіс-тәсілдері.
Қазақстанның өнеркәсіп орындары және оларға қойылатын экологиялық талаптар.
Рефератты жазуға арналған әдістемелік нұсқау
Рефератты орындау үшін материалдар ұсынылған әдебиеттерден алынады. Орындауға 1-2 апта уақыт беріледі. Реферат көлемі қолмен жазылса 10-15; компьютерде 10-12 бет болады. Компьютерде жазғанда текстің беттегі иллюстрациялар, таблицалар А-4 өлшемді бетте жазылуы тиіс. Тексті тергенде сол жақ 30 мм, оң-10, жоғары 20, төмен 20 мм-ден кем емес; шрифт көлемі 14, болуы керек, нөмерлеу оң жақ жоғары бүрышында нүктесіз қойылады.
Рефераттың аттестациясы.
Баға қою үшін рефератқа қойылатын талаптар:
1. Тақырыпты құрастыру дәрежесі
2. Ғылым әдебиетті қамту
3. Рефератты жазудың теориялық дәрежесі
4. Ғылыми негізде дұрыс қорытынды жасау
Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
1. Криптозойдағы тіршіліктің дамуы.
2. Орта протерозойдағы тіршілік.
3. Көпклеткалықтың пайда болуы.
4. Кембрий басындағы «Жарылыс эволюция»
5. Палеозойдағы тіршілік.
6. Палеозой теңіздеріндегі және тұщы су қоймаларындағы тіршілік
7. Құрлықты жаулап алу.
8. Кейіңгі палеозойдағы тіршілік.
9. Триастағы флора және фаунаның жаңаруы.
10. Мезозой теңіздеріндегі тіршілік.
11. Динозаврлар дәуірі.
12. Ұшқыш кесірткелер және құстар.
13. Мезозойдың екінші жартысындағы жергілікті биоценоздардың өзгеруі.
14. Ұлы құру.
15. Кайнозой – сүтқоректілер және құстар дәуірі
16. Палеогендегі тіршіліктің дамуы.
17. Неогендегі тіршіліктің дамуы.
18. Төрттік кезең
19. адамның пайда болуы мен эволюциясы.
20. Эволюциялық прогресс.
13. Оқытушының талаптары, саясаты және рәсімдері
Студент дәріс сабақтарына міндетті түрде қатысуы тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе аяғында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, бұл деканаттың қарастыруымен қаралып түсініктеме қағазымен беріледі. Сабақта 2 рет қана жоқ болуы жіберіледі. Сабаққа екі рет қалып келу, бұл бір рет жоқ деп есептелінеді. Егер де екі реттен жоқ болса, бұл әкімшілдік шешім сұрағымен қарастырылады. Дәрісте басқа топтың студенттеріне отыруға тыйым салынады.
Тапсырмаларды дәл уақытында тапсыру қажет. Ең соңғы кезі емтиханға дейін 3 күн қалғанда қабылданады. Осы аталған тапсырмалардың барлығы егер тапсырылмаса, студент емтиханға жіберілмейді.
Тақырыптарды қайталау және өткен материалдарды қамтуы әр кезде қаралып отыруы керек. Оқу материалдарын меңгеруі тестпен немесе коллоквиуммен қаралып бағаланады. Тестілеу кезі студенттерге айтылмай қабылдануы мүмкін.
14. Әдебиет тізімі
Негізгі:
Иорданский Н.Н. Эволюция жизни: уч. пособие для студ. Высш.пед.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2001.- 432 с.
Ходалевич А.Н., Торбакова А.Ф. Палеонтология. М.: Высш. шк., 1965. 412 с
Шпанский А.В. Основы палеонтологии тетрапод. - Томск. 2005. 216с.
Шеппард Ф.Естественный отбор и наследственность.- М.: Просвещение, 1970.
Шмальгаузен И.И. Проблемы дарвинизма. - М.: Наука, 1968.
Шварц С.С. Экологические закономерности эволюции.- М.: Наука, 1980.
Опарин А.И. Происхождение жизни. Тбилиси :Мецниереба, 1985.
Северцов А.Н. Главные направления эволюционного процесса. - М.: Изд-во МГУ, 1967.
Қосымша:
История биологии с древних времен до начала XX – века.- М., 1972.
Ламар Ж.Б. Философия зоологии.- М., 1935
Дарвин Ч. Происхождение видов путем естественного отбора. Соч. Т.З.- М-Л., 1939.
Дарвин Ч. Изменение домашних животных и культурных растений. Соч. Т. 4, М.-Л., 1951.
Дарвин Ч. Происхождение человека и половой отбор. Соч. Т. 5., М.-Л., 1953.
Жизнь растений.- М.:Просвещение. Т.Т. 1,2. 1975-76
Жизнь животных. - М.:Просвещение. Т.Т. 1-6. 1986.
Камшилов М.М. Эволюция биосферы. - М.: Наука, 1974.
Яблоков А.В. Популяционная биология. - М.: Высш. шк, 1987.
Яблоков А.В.. Юсуфов А.Г. Эволюционное учение. - М.: Высш. шк., 1989.
Достарыңызбен бөлісу: |