Археоптерикс
Палеонтологиялық дәлел өліп біткен тірі ағзалардың қазынды қалдықтарына негізделген. Бұл салада дәлелді мынадай екі топқа бөлуге болады: өтпелі формалар және филогенездік қатар. Өтпелі формалар деп бір мерзімде екі ірі жүйелік топтың белгілерін үйлестіретін ағзаларды айтады. Оған тек өліп біткендер ғана емес, сондай-ақ қазір де тірі ағзалар мысал бола алады. Мәселен, біржасушалы эвгленаларға жататын балдырлар фотосинтезді іске асыру мүмкіндігі болмаған кезде (жасыл эвглена)гетеротрофты жолмен қоректенуге көшеді, яғни олар өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы өтпелі форма. Клоақалы (жұмыртқалаушы) үйректұмсық пен түрпі (эхидна) - жорғалаушылар мен сүтқоректілер арасындағы жануарлардың өтпелі формасы. Ал тірі қазынды латимерия (саусаққанатты балық) — балықтар мен қосмекенділер арасындағы өтпелі форма. Қазындылардан ең мәлім өтпелі формалар - көнеқұс (археоптерикс) жәнеиностранцевий.Көнеқұс (археоптрикс) - жартылай құс, жартылай кесірт (ящер). Бұл - мөлшері қазіргі кептердей немесе сауысқандай, шағын денелі тіршілік иесі. Ол ағашта немесе жер бетінде өмір сүрді. Сірә, бір бұтақтан екіншісіне ұшып-қонып, едәуір қашықтыққа ұша алған болса керек. Кесірттерден көнеқұс қанатындағы тырнағы бар саусақтарды алған. Қабырғалары төс бөлімінде ғана емес, бүкіл омыртқа жотасы бойлай орналасқан. 20 омыртқасы бар нағыз сүйектен тұратын құйрығы болған. Көнеқұстың құстармен туыстастығы қауырсынды жабынының және қанатының болуы. Тұмсығы да бар, бірақ жақсүйектің түр өзгеру үдерісі аяқталмағандықтан, тұмсығында мүйізді қаптамасы болмайды. Қазіргі заманғы құстардың барлығы көнеқұс ұрпағы деп бір жақты тұжырым жасауға болмайды. Алайда зерттеушілердің көпшілігі көнеқұс осы заманғы қанаттылардың негізін қалаушысы деген пікірді қолдайды. Кенеқұстан басқа (әзірге 5 данасы табылған) геологиялық түрғыда сақталмаған немесе қазіргі құстар түріне бастама болған, әзірге палеонтологтар таба алмаған езге де өтпелі формалардың өмір сүруі мүмкін. Алайда біз көнеқұс мысалында жорғалаушыларды құстарға жеткізген эволюциялық өзгерістердің жолын бақылай аламыз.
Иностранцевий - екі түрден тұратын өліп біткен кесірттер туысы. Бұл тұрқы 3-3,5 м, басы үлкен (0,5 м) ірі жыртқыш жануар болған. Жиі-жиі оларды аңтісті кесірттер деп те атайды. Олардың тіске тән белгілері айқын көрінеді. Үстіңгі жақсүйекте ірі күрек тістері бар. Аузынан өте үлкен тістері сорайып шығып тұрады. Иттістер екі жағынан қысыңқы, имек және ішкі жағы ара тісті болып шектеледі. Азу тістері де бар. Тістердің күрек тіске иттіске және азу тіске бөлінуі сүтқоректілерге тән маңызды белгі. Жалпы айтқанда палеонтологтар кесірттерді әжептөуір жақсы зерттеді, өйткені олар едәуір бұрынырақ және ұзақ уақыт үстемдік етті. Олардың қалдығы көптеген мөлшерде табылды. Көптеген ғалымдар қазірдің өзінде қазіргі сүтқоректілерге тән ерекшеліктерің кесірткеде болуы туралы пікірді мақұлдауда. Мәселен, балыққесірткелердің (ихтиозаврлардың) тірілей туатыны (болжалды) байқалды. Ұшатын кесірттерде (ықтималдығы зор) төрт бөлімді жүрек болған. Сондай-ақ олардың түкті терісі және жылықанды екендігі де жорамалдануда. Жәндіктерде (омыртқасыздарда) де өтпелі формалар бар. Мысалы, өліп біткен қалқаншаян шаянтәріздестерден бастама алған өрмекшітәріздестердің алғашқыларының бірі болды деген болжам болды. Тұқымды қырықжапырақтар өсімдіктердің өтпелі формаларына мысал бола алады.
Қазып табылған және эволюциялың жүйелілікте орналастыру арқасында бұрынғы қалпына келтіру мүмкіндігі болған осы заманғы жануарлардың (сирек те болса өсімдіктердің) барлық ата тектері осылай аталады. Палеонтология саласында ашылатын жаңалықтар өлі де жалғасуда, сондықтан бұл «қатар» үнемі толықтырыла түседі. «Филогенездік қатар» термині барлық ата тектерді түгелдей немесе түгелге жуық табу мүмкіндігі болып, жинақтама айтарлықтай толық болғанда қолданылады.Осы заманғы, мысалы, жылқы және адам үшін филогенездік қатарлар жақсы орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |