Пәнді оқу бағдарламысының (SYLLABUS) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым миністірлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
Педагогика мен психологиядағы гендерлік зерттеулер пәні бойынша 6М010300—Педагогика және психология, 5В030500-Психология, 6М090500-Әлеуметтік жұмыс мамандықтарының
магистранттарына арналған
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
Павлодар, 2013
Пәнді оқу бағдарламысының Нысан
(SYLLABUS) парағы ПМУ ҰСН 7.18.4/19
БЕКІТЕМІН
ГП факультетінің деканы
_________Сарбалаев Ж.Т.
«___»__________20 ___ ж.
Құрастырушы: аға оқытушы Жомартова А.Д.
Психология және педагогика кафедрасы
Педагогика мен психологиядағы гендерлік зерттеулер пәні бойынша
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
Оқу жұмыс бағдарламасы оқу жоспары және 6М010300—Педагогика және психология, 5В030500-Психология, 6М090500-Әлеуметтік жұмыс мамандықтарының элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген, С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінде мақұлданған.
Кафедра отырысында ұсынылған 20 _ ж. «___ « ________ № хаттама
Кафедра меңгерушісі ______ Бурдина Е.И. “____”______20 ___ж.
ГП факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен қабылданды
20 _ж. «_____» ________ № ____ хаттама
ГП факультетінің оқу-әдістемелік ОӘК төрайымы _______Ксембаева С.К.
«____»______ 20 ___ж.
1 Оқу пәннің паспорты
Пән атауы: Педагогика мен психологиядағы гендерлік зерттеулер
Таңдау пән
Оқу мерзімі және кредит саны
Барлығы – 3 кредит
Курс:1, 2
Семестр:1, 2, 3
Жалпы аудиторияда оқу сағаты – 45 сағат
Дәрістер - 30 сағат
Тәжірибелік /семинарлық оқу сағаттары - 15 сағат
Зертханалық - жоқ
МӨЖ – 90 сағат
Оның құрамында МОӨЖ – 22,5 сағат
Жалпы көлемі - 135 сағат
Қорытынды бақылау түрі емтихан –1, 2,3 семестрде
Пререквизиттер: Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды- машықтар қажет «Педагогика», «Психология», «Әлеуметтік жұмыста психологиялық кеңес беру».
Постреквизиттер: Пәнді меңгеру кезінде алынған білім икемділік және дағды- машықтар келесі пәндерді меңгерту үшін қажет магистерлік диссертацияны жазу.
2.Оқытушы туралы мәлемет және контактілік ақпарат:
АЖТ: Жомартова Айсулу Далеловна аға оқытушы
Кафедра «Психология және педагогика» аудитория 149
Телефон _____________
3. Пәні, мақсаттары мен міндеттері
Пән нысаны: магистранттардың педагогика мен психологиядағы гендерлік зерттеулер мәселелері бойынша кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру
Пән мақсаты: Пән бағдарламасы гендерлік тұрғының негізгі жүйесін, гендерлік зерттеулердің пәнаралық сипатын ашады, гендерлік қарым-қатынасты салыстармалы әлеуметтік-тарихи талдау жасауға магистранттарды бағыттайды. Магистранттар шетелде және Қазақстанда гендерлік зерттеулердің пайда болуы мен эволюциясының ерекшеліктерімен, әлеуметтік антропология, стратификациялық теориялар, әлеуметтік психология, әлеуметтік жұмыс теориясы, феминисттік теория, отбасы әлеуметтануы саласында гендерлік зерттемелердің негізгі түсініктері мен тақырыптарымен танысады. Оқыту барысында заманауи қоғамда гендерлік бірегейліктің қалыптасуына әсер ететін негізгі гендерлік әлеуметтенудің моделдері мен факторлар жүйесі қарастырылады.
Пән міндеттері:
Педагогика мен психологиядағы гендерлік зерттеулер туралы ғылыми тұрғыда теориялық білім негізін қалыптастыру;
Педагогика мен психологиядағы гендерлік зерттеулер туралы біртұтас түсінік қалыптастыру;
Педагогика мен психологиядағы гендерлік зерттеулердің гуманистік ерекшелігін ашу;
Магистранттарды әлеуметтік жұмыстың тікелей байланыс үрдісінде қолданылатын гендерлік тұрғының кәсіби технологиялармен, әлеуметтік салада гендерлік бағытталған тәжірибемен таныстыру;
Магистранттарға гендерлік зерттеу жүргізу дағдылары мен біліктерін меңгеруге көмектесу;
Магистранттарда гендерлік ойлау және тәртіп мәдениетін қалыптастыруға көмектесу.
4. Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар:
білу керек:
- педагогика мен психологиядағы гендерлік зерттеулер пәнінің міндеттерін;
- жыныс теориясының негізгі сұрақтарын, гендерология мен феминологияның базалық түсініктерін;
- әлеуметтік жұмыс саласында гендерлік зерттемелердің негізгі бағыттары туралы түсініктері;
- гендерлік факторларды есепке ала отырып әлеуметтік жұмыста жобаларды жасау және болжау, талдау барысында алған білімдері мен дағдыларын қолдана алуы керек;
игеру керек:
- әлеуметтік жұмыстың тікелей байланыс үрдісінде гендерлік тұрғының тәсілдерін меңгеруі керек;
құзыретті болу керек:
- гендерлік зерттеулердің заманауи мәселелері мен өзектілігінде.
5 Тақырыптық жоспар
Оқытудың түрлері бойынша академиялық сағаттарды үлестіруі
№ п/п
|
Тақырыптар атауы
|
Аудиторияда оқитын сабақ сандары мен түрлері
|
СӨЖ
|
дәрістер
|
тәж(семинар) сабақтар
|
Зертхеналық және дербес сабақтар
|
Барлығы
|
Оның құрамындағы СОӨЖ
|
1
|
Курстың пәні, міндеттері, құрылымы және негізгі түсініктері.
|
4
|
2
|
-
|
10
|
|
2
|
Гендер қоғамдық феномен ретінде.
|
4
|
2
|
-
|
10
|
5
|
3
|
Гендерлік әлеуметтенудің және гендерлік бірегейліктіің концепциясы.
|
4
|
1
|
-
|
10
|
5
|
4
|
Гендерлік стратификация - түрлі гендерлік теориялық позициялардан.
|
4
|
2
|
-
|
10
|
|
5
|
Адам құқығы жүйесінде гендерлік қарым-қатынас.
|
5
|
2
|
-
|
10
|
2,5
|
6
|
Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту саласында гендерлік мәселелер.
|
4
|
2
|
-
|
10
|
5
|
7
|
Отбасы мен некеде гендерлік қарым-қатынас.
|
5
|
2
|
-
|
15
|
5
|
8
|
Әлеуметтік жұмыстың гендерлік аспекттілері.
|
4
|
2
|
-
|
15
|
|
|
Барлығы
|
30
|
15
|
-
|
90
|
22,5
|
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 Тақырып Курстың пәні, міндеттері, құрылымы және негізгі түсініктері..
Жоспар
1) Гендерология ғылым ретінде.
2) Гендерология ғылымының адамтану жүйесінде алатын орны.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Сабақ мақсаты – ғылым және оқу пәні ретінде гендерология мен феминология туралы түсінік алу.
Гендерлік психология - жынысқа байланысты болатын адамдар арасындағы психологиялық айырмашылқытрады зерттейтін психология саласы.
Гендерлік психологияның зерттеу заты болып жынысқа байланысы болатын психикалық айырмашылықтар табылады7.
Гендер психологиясы келесі теориялық және практикалық мәселелерді шешуге бағытталған:
Ғылыми – зарттеушілік.Олардың қойылымдары кезінде ғылым пәні әртүрлі деңгейде қарастырылыды: гендерлік дамудың жалпы заңдылықтар деңгейінде және өмірдің жекелеген кезеңдерінде олардың спецификалық көрініс беруінің деңгейінде. Бұл мәселелер объект пен зерттеу пәні аса толық және терең түсінуге бағытталған.
Диагностикалық. Олар адам жыныстық дамуының әртүрлі кезеңдерінде оның сипаттарының индивидуалды және тұлғалы ересектік дәрежесін бағалауға және білуге, әртүрлі жастағы адамдардың психикалық дамуындағы әртүрлі ауытқуларды бағалауға, психикалық дамудың потенциалдық мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Коррекциялық. Психикалық дамудағы жыныс саласындағы дефекттерді түзетуге және әртүрлі ауытқуларды тудыратын себептерді алып тастауға бағытталған. Гендер психологиясы пәнінің күрделілігіне байланысты психологиялық ғылым тармақтарында әдістемелік тұрғыдан аса бір байы, нәрлісі.
Әдебиет [1,2.]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
2 тақырып. Гендер қоғамдық феномен ретінде.
Жоспар
Гендерлік стереотип туралы ұғым.
Қоғамда бар гендерлік стереотиптерді анықтау.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Гендерлік таптаурын – дегеніміз қарапайым жүйелі, эмоционалды боялған белгілі бір гендерлік топтың немесе қауымдастың тұрақты бейнесі. Ол, сонымен бірге барлық оның өкілдеріне онайлықпен тарайды. Гендерлік стереотипты анықтағанда әдетте оның тұтастығын, ашық бағалаушылығын және «қате» компоненттің болуымен сипатталатыныны айтамыз. Сонымен бірге, гендерлік таптаурынның динамикалық сипаттамасы болады – тұрақтылық, консерватизім және оның өзгеруіне бағытталған кез келген ақпаратқа қарсылық қабілетті бар. Гендерлік таптаурын анықтауда оған гендерлік шындықты бұрмалайтынын және адамдардың өзара түсінушілігіне кедергі болатын негативті феномен тән.
Адам қоғамның мүшесі ретінде түрлі әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне, түрленуіне себепші болады. Әйел заты мен ер заты арасындағы айырмашылықтарды ежелгі философтардың өздері ақ қарастырып, өз ойларын білдіріп кеткен болатын. Платон ең алғашқы болып әйел адам мен ер адамның теңдестігі туралы сөз қозғаған еді.
Тұрмыстық жағдайларға байланысты қоғамда әйел мен еркекке байланысты қалыптасқан стереотиптер көп. Стереотип деп қандай да болмасын құбылысқа байланысты көпшіліктің қалыптастырған сипаттамасын түсінеміз. Әр елдің өзіне тән осындай әйел мен ер адамға қатысты қалыптастырған стереотиптері мол. Өкінішке орай осындай стереотиптер әйел болсын, ер болсын оларға кейде тұлғалық потенциалын толықтай көрсетуге бөгет жасайды.
Әдебиет [1,2.]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
3 тақырып. Гендерлік әлеуметтенудің және гендерлік бірегейліктіің концепциясы.
Тұтас педагогикалық процесте оқушы тұлғасының базалық мәдениетін қалыптастыру.
Жоспар
Жыныстық рөл және оның мәнін сипаттау..
Жыныстық ролдік әлеуметтенудің негізгі мәселелері.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Адам психологиясы және жүріс-тұрысының әртүрлі айырмашылықтарын белгілегенде ажыратудың бір негізі - ол гендерлік фактор, басқаша айтқанда әйел және ер адам арасындағы айырмашылықтар. Көптеген адамдар осы айырмашылықтар ер және әйел адам ағзаларының генетикалық, анатомиялық және физиологиялық өзгешеліктермен себептелінеді деп санайды. Екі жыныс ұқсамастығы көптеген аңыздарда, қандай болмасын ұлт дәстүрлерінде, әдебиеті мен мәдениетінде бейнеленеді. Әртүрлі әлеуметтік ұжымдарда, институттарда, ұйымдарда, мысалы әскери, құқықтану, тәрбиелеу мен оқыту мекемеерінде жыныстық аспект аңызды орынға ие болады.
Бірақ ер адам мен әйел адам арасындағы ерекшеліктер тек ғана денелік айырмашылықтармен шектелінбейді. Конституциялық аспекттің сыртында мәдени-әлеуметтік аспектке де көңіл қою қажет. Биологиялық айырмашылықтармен бірге әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер де гендерлік өзгешелікті себептейді.
Әдебиет [1,2]
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
4 тақырып. Гендерлік стратификация - түрлі гендерлік теориялық позициялардан.
Жоспар
Гендерендерік стратификация түсінігі.
Бұқаралық және жеке өмір саласында ерлер мен әйел адамдардың жағдайы
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Гендерлік психология әртүрлі гендерлік қауымдардың, топтардың, ұжымдардың психологиялық көріністерін, яғни олардың көңіл – күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін, т. б. топтар мен ұжымдардағы адамдар арасындағы өзара қарым – қатынастар сипатын, олардағы жеке адамның алатын орнын зерттейді.
Қазіргі таңда әлі де болса бұл ғылымның анықтамасы жасалына қойған жоқ. Көбінесе, гендерлік психологияның пәні әртүрлі гендерлік топтарға біріктірілген адамдардың қарым- қатынасының заңдылықтарын, және де сол топтардың өзінің психологиялыық сипаттамаларын зерттейтін ғылым деген қөзқарас басым.
Принциптер жалпы ғылымның ,сол ғылымның жалпы ғылыми және де жекелік прициптері болып табылады. Гендерлік психологияның принциптері жекелік принциптер қатарына жатады. Ол, жалпы ғылыми емес, нақтыланған және толықтырылған психология ғылымдарының принциптерінен тұрады.
Әдебиет [1,2.]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
5 тақырып. Адам құқығы жүйесінде гендерлік қарым-қатынас.
Жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |