Ата-аналарға арналған нұсқаулық 1 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



жүктеу 193,4 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.03.2018
өлшемі193,4 Kb.
#11761


 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



 

 



«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  дербес  білім  беру  ұйымының  «Астана 

қаласындағы Халықаралық мектебі» филиалы

 

 

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!



 

Сіздерді  2016-2017  оқу  жылында  Астана  қаласындағы  Халықаралық 

мектебінде  қарсы  алғанымызға  өте  қуаныштымыз!  Биылғы  оқу  жылы  жаңа 

зерттеулер  мен  жаңалықтардың,  білім  беруде  алға  қойылған  мақсаттардың 

жемісі мен жоғары нәтижелердің жылы болар деген үміттеміз.

 

Біз  оқушыларымызға  толыққанды  сапалы  білім  беруге,  оқуға  қолайлы 



ортаны  қалыптастыруға  талпынамыз.  Бізде  балаларды  және  өз  ісін  сүйетін, 

өзінің кәсіби деңгейін үнемі жоғарылатып отыратын білікті ұстаздар жұмыс 

жасайды.

 

Біздің  мектебіміз  Халықаралық  Бакалавриат  бағдарламасы  бойынша 



бастауыш  және  негізгі  мектепте  авторизация  алуды  мақсат  етеді.  Аталған 

бағдарлама  баланың  жеке  ерекшеліктерін,  оның  мүмкіндіктері  мен 

қызығушылықтарын  барынша  дамытуға  септігін  тигізеді.  Осыған  орай  көп 

жұмыс  атқарылды  және  біршама  іс  атқарылуы  қажет.  Біз  алға  қойылған 

міндеттерді  жүзеге  асырып,  өз  мақсаттарымызға  қол  жеткіземіз  деген 

сенімдеміз.

 

 

Астана қаласындағы Халықаралық мектебіне қош келдіңіздер!



 

 

 



 

Директор Бауыржан Ұзақбай

 

 

 



 

 

 



 

 



 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



 

 



Мазмұны

 

Мектеп туралы қысқаша мәлімет  ......................................................................... 3



 

Халықаралық Бакалавриат миссиясы  .................................................................. 3

 

Астана қаласындағы Халықаралық мектептің миссиясы ................................... 4



 

Құндылықтар ........................................................................................................... 4

 

Оқу бағдарламасы ................................................................................................... 5



 

Бастауыш мектептегі (PYP) Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы ............ 6

 

Халықаралық Бакалавриат оқушысының моделі ................................................. 7



 

Күн тәртібі  ............................................................................................................... 8

 

Үй жұмысын орындау  ............................................................................................ 9



 

Мектепке келуі ......................................................................................................... 9

 

Оқушының сабақта болмауы  ............................................................................... 10



 

Киім үлгісі ...............................................................................................................11

 

Оқушылардың жеке мүлкіне жауапкершілігі ......................................................11



 

Сыныптан тыс жұмыс ............................................................................................11

 

Ассамблеялар ......................................................................................................... 12



 

Мұғалімдер мен ата-аналардың қарым-қатынас формалары ........................... 12

 

Бағалау .................................................................................................................... 13



 

Оқу жетістіктерінің портфолиосы ....................................................................... 13

 

Академиялық адалдық  ......................................................................................... 14



 

Тамақтану  .............................................................................................................. 15

 

Сұрақтар туындаған жағдайда  хабарласатын тұлғалар ................................... 16



 

Мектеп әкімшілігімен байланысу ақпараттары ................................................. 17

 

Мектептің мекен-жайы ......................................................................................... 17



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



 

Мектеп туралы қысқаша мәлімет

 

Астана қаласындағы Халықаралық мектеп (бұдан әрі АХМ), «Назарбаев 



Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  филиалы  2013  жылдың  қыркүйек  айында  өз 

жұмысын бастады. Мектеп, 21 ғасырда жетістікке қол жеткізуде негізгі болып 

саналатын жоғары сапалы халықаралық білім алуға мүмкіндік береді.

 

Қазіргі  уақытта  АХМ  Халықаралық  Бакалавриат  Ұйымы  «кандидаты» 



дәрежесін  иеленіп,  бастауыш  және  негізгі  мектеп  бағдарламалары  бойынша 

авторизация  алуға  бағытталған.  Халықаралық  Бакалавриат  философиясына 

сәйкес АХМ:

 

• 



оқушылардың  зияткерлік потенциалын қалыптастыруға;

 

• 



әр оқушының жеке мүмкіндіктерін дамытуға;

 

• 



оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға;

 

• 



толеранттылық  және  жауапты  азаматтық  ұстанымдар  ұғымын 

қалыптастыруға;

 

• 

оқушылардың бойында өмір бойы үздіксіз білім алуға деген ұмтылыстар 



мен мүмкіндіктерді тәрбиелеуге;

 

• 



оқу мен шынайы өмір арасындағы байланысты бекітуге;

 

• 



АХМ  аяқтағаннан  кейін  оқушылардың  өз  білімін  жалғастыруға 

дайындайтын  білім  беру  жүйесін  құруға  жағдайларды  қамтамасыз  етуге 

ұмтылады.

 

 



АХМ  жергілікті  және  шет  елдік  мұғалімдерден  қалыптасқан  мықты 

оқытушылар құрамына ие.  

 

АХМ – бұл бірлескен жұмысы мектептің әр оқушысының сапалы білім 



алуына  жағдай  жасауға  бағытталған  әкімшіліктен,  оқытушылардан, 

оқушылардан,  ата-аналардан  және  мектептің  басқа  да  қызметкерлерінен 

тұратын ұйымшыл қауымдастық.

 

 



 

Халықаралық Бакалавриаттың миссиясы:

 

Халықаралық Бакалавриат Ұйымы (бұдан әрі ХБҰ) әлемді халықаралық 



түсіністік пен сыйластық арқылы жақсартуға септігін тигізетін білімге құштар, 

білімді және қамқоршыл жастарды тәрбиелеуге ұмтылады.

 

Осыған орай ХБҰ уақыт талабына сәйкес келетін және мұқият жасалған 



бағалаумен  халықаралық  білім  беру  бағдарламаларын  дамыту  мақсатында 

мектептермен, үкіметтермен және халықаралық ұйымдармен жұмыс жасайды.

 

Берілген  бағдарламалар  өмір  бойы  білім  алуға  және  дүниетанымы 



әртүрлі болса да басқа да адамдардың көзқарасын қабылдауға дайын белсенді, 

адамгершілігі мол тұлғаларды дамытуға ықпал етеді.

 



 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



 

АХМ миссиясы

 

Жоғары адамгершілік құндылықтары қалыптасқан,  өз елінің мәдениетін 



бағалай білетін және өзгелердің  мәдениетін құрметтейтін, өмір бойы білім ала 

отырып, 


әлемді 

өркендетуге 

үлес 

қосуға 


дайын, 

дені 


сау, 

зияткер,  шығармашыл, табысты тұлғаны тәрбиелеу.

 

 

АХМ түлектері:



 

• 

өз елінің патриоты;



 

• 

нәтижелі көшбасшылық қасиеттерге ие;



 

• 

жоғары адамгершілік құндылықтарға ие;



 

• 

қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген;



 

• 

сыни тұрғыдан ойлайды және қалыптан тыс шешім қабылдай алады;



 

• 

дербес;



 

• 

жауапты;



 

• 

салауатты өмір салтын ұстанады;



 

• 

өзінің  және  өзге  халықтардың  мәдениеті  мен  құндылықтарын 



құрметтейді;  

 

• 



елде және дүниежүзінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және 

саяси үрдістерге белсенді қатысады.  

 

Өз жұмысында АХМ келесі құндылықтарды басшылыққа алады:

 



  

патриотизм (Отанға  деген  сүйіспеншілік,  өз  мемлекетінің  тарихына, 

дәстүрлері мен мәдениетіне деген құрмет, өз елінің мүддесі үшін қызмет етуге 

ұмтылу);

 

 



   


халықаралық ойлау (әлемнің біз өмір сүріп жатқан қоғамнан әлдеқайда 

ауқымдылығын түсіну;  дүние  жүзі  бойынша  адамдармен  қарым-қатынас 

жасай  білу;  басқа  көзқарастарды,  мәдениетті  және  тілдерді  құрметтеу  және 

түсіну);


 

 



     

адамгершілік (ар, ақиқаттылық, ұждан, парыз, әділдік, құрмет, махаббат, 

мейірімділік және эмпатия принциптерін ұстану)

 



   



тұлғаны  үздіксіз  жетілдіру (рухани,  интеллектуалды  және  физикалық 

дамуға ұмтылу, өз білімдері мен дағдыларын жетілдіру, өзін-өзі дамыту және 

есеп беру дағдыларын дамыту, әлеуметтік маңыздылығын жоғарылату)  

 

 



 

  



 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



 



    

жауапкершілік (адамның өмір сүру сапасы, табыскерлік деңгейі және өзін-

өзі  дамытуы  тек  өзіне  байланысты  екендігін  түсіну;  өз  міндеттерін  жоғары 

деңгейде орындауға  даярлығы;  күрделі жағдайларда  тек өзі  үшін  ғана емес, 

өзіне тәуелді өзгелер үшін де шешім қабылдау)

 

 



 

бірлік (мектеп  қауымдастығы  мүшелері  жұмысының  тұрақтылығына, 

беріктігіне  және  реттілігіне  негізделген  тұлға  аралық  өзара қарым-

қатынастарды қалыптастыра білу); 

 

 



   


бейілділік (ұйымдастырушылық  мақсаттарды  өзіндік  мақсат  ретінде 

түсіну;  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  жекелей  қатысуға  деген  құлшыныс, 

өзіндік үлес қосу, ұйымдастыру және онымен байланысты болу);

 

  



 

ойлау  икемділігі (өз  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  дағдылану 

мүмкіндігі, қалыптан тыс ойлау мүмкіндігі, кез-келген жағдайда өз мақсатына 

жете білу). 

 

 

Оқу бағдарламасы



 

АХМ  Халықаралық  Бакалавриаттың  оқу  бағдарламасын  Назарбаев 

Зияткерлік  мектебі  мұғалімдерімен  және  Кембридж  университетінен  (ИОП) 

әріптестермен бірлесе отырып жасалған бағдарламамен біріктіреді.

 

Халықаралық  Бакалавриат  барлық  қатысушы-мемлекеттердің  оқу 



жоспарына  ортақ  халықаралық  білім  беру  бағдарламасын  ұсынады. 

Халықаралық  Бакалавриат  бағдарламасы  қатысушы-мемлекеттердің  мектеп 

біліміндегі  үздік  жетістіктерін  жинақтады.  Оның  үстіне  Халықаралық 

Бакалавриат  ұлттық  білім  беру  жүйесін  алмастырмайды,  керісінше  ұлттық 

стандарттан  жоғары  сапалы  жаңа  деңгейге  көтереді.    Қазіргі  уақытта 

Халықаралық  Бакалавриат  бағдарламасы  бойынша  дүниежүзінің  147 

мемлекетінде  4527  мектеп,  Қазақстанда  7  мектеп,  соның  ішінде  Астанада  3 

мектеп авторизацияланған.

 

Халықаралық Бакалавриат төрт білім беру бағдарламасын ұсынады:



 

3-12  жас  аралығындағы  мектепке  дейінгі  және  бастауыш  мектептерге 

арналған (PYP);

 

11-16 жастағы негізгі мектеп оқушыларына арналған (MYP);



 

16-18 жастағы жоғары сынып оқушыларына арналған дипломдық бағдарлама 

(DP)

 

16-19  жастағы  жоғары  сынып  оқушыларына  арналған  кәсіби  бағытталған 



бағдарлама (СР)

 

Халықаралық  Бакалавриат  Ұйымына  оның  философиясын  қолдайтын 



және барлық қатысушы-мектептерге міндетті жоғары академиялық, әлеуметтік 

технологиялық стандарттарға сәйкес келетін білім беру мекемелері кіре алады.

 

Халықаралық  Бакалавриат  бағдарламасының  негізгі  мақсаты  – 



оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істеу  дағдыларын,  жеке  және  ұжымдық 

эксперименттер  мен  зерттеулерді  жоспарлауды  және  өткізуді  дамыту. 




 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



 

Бағдарлама  оқушылардың  шығармашылық  мүмкіндіктерін  жан-жақты 



дамытуға, олардың тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.

 

 Халықаралық Бакалавриат мектептерінің артықшылықтары:  



 

• 

Халықаралық  Бакалавриат  оқушыларға  үлкен  академиялық  мүмкіндіктер 



ұсынады;

 

• 



Халықаралық  Бакалавриат  аса  қатал  академиялық  стандарттарға  жауап 

береді;


 

• 

Халықаралық 



Бакалавриат 

стандарттарына 

дүниежүзінің 

үздік 


университеттерінің әкімшілігі сенім артады.

 

• 



Халықаралық  Бакалавриат  дипломы  әлемнің  көптеген  мемлекеттерінде 

танылған.

 

 

Бастауыш мектепте (PYP) Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы 



 

Бастауыш мектептегі (PYP) Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы 3-

тен  12  жасқа  дейінгі  оқушыларға  қарастырылған,  балалардың  зерттеу 

қызметіне  және  практикалық  бағдарланған  оқуына  негізделген.  Бағдарлама 

аясында  6  пәндік  саладағы  пәндер  оқытылады:  математика,  тілдер,  ғылым, 

қоғамтану, өнер, дене тәрбиесі.  

 

Бағдарламаның мақсаттары:



 

• 

оқуға деген қызығушылықты дамыту;



 

• 

қалай оқуы тиіс дағдыларын меңгеру;



 

• 

баланың  ойлау,  физикалық,  рухани  және  эстетикалық  мүмкіндіктерін 



үйлесімді дамыту;

 

• 



зерттеушілік қасиеттерін, оқуға деген ынтасын дамыту;

 

• 



айналадағылармен нәтижелі қарым-қатынас жасау.

 

 



PYP бағдарламасы баланың оқу үрдісінен рахат алуына, жаңа ақпараттар 

мен  идеяларға  шынайы  қызығушылық  танытуына,  өзінің  табиғи  білімге 

құштарлығын  үнемі  дамытып  отыруына  бағытталған.  Бұл  еркін  ойлауды 

дамытуға,  жарқын  және  жылдам  ойлауға,  жүйелі  және  саналы  пайымдауға 




 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



 

мүмкіндік береді.



 

PYP білім беру бағдарламасының негізін 5 негізгі элементтер құрайды:

 

• 

білім: оқушылар меңгеруге міндетті пәндердің академиялық мазмұны;



 

• 

концепциялар: зерттеулерді бағыттайтын және пәндерді терең түсінуді 

қамтамасыз ететін сұрақтар түрінде ұсынылған маңызды идеялар.

 

• 



дағдылар: оқушыларға аса күрделі және жиі өзгеретін әлемде табысқа 

жету үшін дамытуға қажетті мүмкіндіктер.  

 

• 

қарым-қатынас:  оқу  үрдісіне,  қоршаған  ортаға  және  адамдарға 



қатысты негізгі құндылықтар, пікірлер, сезім.  

 

• 



әрекет:  ойланылған  әрекеттерді  жүзеге  асыру  арқылы  жауапты  іс-

әрекетті түсіну және  негізгі элементтердің практикада байқалуы.

 

 

Халықаралық Бакалавриат оқушысының моделі



 

 

Зерттеуші 

оқушы зерттеуге және өз бетінше оқуға қажет дағдыларды 

игере отырып, өзінің табиғи қызығушылығын дамытады. Оған білім алу 

ұнайды және осы сүйіспеншілік өмір бойы сақталады.

 

 



Білімді   

оқушы  жергілікті  және  жаһанға  маңызды  мәселелерді, 

идеяларды  және  концепцияларды  зерттейді.  Кең  ауқымды  және 

үйлесімді  пәндер  жиынтығы  арқылы  терең  түсінік  қалыптастырып, 

білім аясын кеңейтеді. 

 

 



Ойшыл 

оқушы


 

бастамашыл,  күрделі  мәселелерді  шешуде  сыни, 

шығармашылық  және  этикалық  тұрғыдан  негізделген  парасатты 

шешімдерді қолданады.

 

 

Тіл  табысқыш   



оқушы  қатынастың  әртүрлі  тәсілдері  арқылы 

ақпараттарды,  идеяларды  түсініп,  бірнеше  тілде  шығармашылық 

тұрғыдан сенімді түрде жеткізе алады. 

 

 



Ұстамды   

оқушы  әділеттілікті  сүйеді,  тұлғаны,  топты,  қоғамды 

құрметтей біледі, адал әрекет етеді. Ол өз іс-әрекеті мен нәтижесі үшін 

жауап бере алады.

 

 

Кең-ойлайтын 



оқушы өз мәдениетін, тарихын түсінеді және бағалайды. 

Басқа  ұлттар  мен  қауымдастықтардың  дәстүрі  мен  мәдени 

құндылықтарын  құрметтейді.  Ол  үнемі  әртүрлі  көзқарастарды  жан-

жақты қарастыра отырып, тәжірибе жинақтайды.

 

 

Қамқоршыл 



оқушы  өзге  адамдардың  сезімдері  мен  қажеттіліктеріне 

құрметпен қарап, жанашырлық танытады. Оның қоғамға қызмет етуде 

өз ұстанымдары бар. Ол қоғам мен қоршаған ортаға белгілі бір дәрежеде 

оң ықпал етуге тырысады.

 

 

Тәуекелшіл 



оқушы  таныс  және  бейтаныс  жағдайларда  өзін  сенімді 

ұстайды,  бұл  ретте  жаңа  рөлдер,  идеялар  мен  стратегияларды  зерттеу 

кезінде дербес рухын сақтап қалады.

 

 



Үйлесімді  

оқушы өзі үшін де, өзгелер үшін де табысқа жету мақсатында 




 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



 

зияткерлік,   дене  және  эмоциялық  тепе-теңдіктің  маңызды  екендігін 



жақсы түсінеді.

 

 



Талдағыш 

оқушы оқуына және жеке дамуына жағдай жасау үшін өзінің 

мықты және әлсіз жақтарын бағалай және түсіне отырып, өзінің білімін 

және алған тәжірибесін талдай алады.

 

 

(Making the PYP happen, IBO, 2009)



 

 

Мектептің күн тәртібі

 

Бастауыш сыныптарда оқу күні 8.20 басталады және 1 сыныптарда 16.00-



де, 2-8 сыныптарда 17.00-де аяқталады.  

 

1 сыныптар 



2, 4 сыныптар 

3, 5 сыныптар 

6-8 сыныптар 

Іс-шара 

Уақыт 

Іс-шара

 

Уақыт

 

Іс-шара

 

Уақыт

 

Іс-шара

 

Уақыт

 

Таңғы ас 



8.20-8.40 

Таңғы ас


 

8.20-8.40 

1 сабақ

 

8.20-9.00 



1 сабақ

 

8.00-9.00 



1 сабақ

 

8.45-9.25 



1 сабақ

 

8.45-9.25 



Таңғы ас

 

9.05-9.25 



Таңғы ас

 

9.05-9.25



 

2 сабақ


 

9.30-10.10 

2 сабақ 

 

9.30-10.10 



2 сабақ

 

9.30-10.10 



2 сабақ

 

9.30 -10.30



 

3 сабақ


 

10.20-11.00 

3 сабақ

 

10.20-11.00 



3 сабақ 

 

10.20-11.00 



3 сабақ

 

10.35-11.35



 

4 сабақ


 

11.05-11.45 

4 сабақ

 

11.05-11.45 



4 сабақ

 

11.05-11.45 



Демалыс

 

11.35-11.55



 

Динамикалық 

үзіліс 

11.50-11.55 



Динамикалы

қ үзіліс


 

11.50-11.55 

Динамикалы

қ үзіліс


 

11.50-11.55

 

4 сабақ


 

12.00 -13.00

 

Түскі ас 



12.00-12.25 

Түскі ас


 

12.00-12.25 

5 урок 

12.00-12.40



 

Түскі ас


 

13.05-13.30

 

Демалыс


 

12.30-12.50

 

Демалыс


 

12.30-12.50

 

Демалыс


 

12.45-13.05 

5 сабақ

 

13.35-14.35 



5 сабақ

 

12.55-13.35



 

5 сабақ


 

12.55-13.35

 

Түскі ас


 

13.10-13.35 

6 сабақ

 

14.40-15.40 



6 сабақ

 

13.40-14.20



 

6 сабақ


 

13.40-14.20

 

6 сабақ


 

13.40-14.20 

Бесін ас

 

15.45-15.55 



Бесін ас 

14.25-14.35

 

Бесін ас


 

14.25-14.35

 

Үй жұмысын 



орындау 

14.25-15.25

 

Үйірмелер 



уақыты

 

16.00-17.00 



Үйірмелер 

уақыты


 

14.40-15.40

 

Үйірмелер 



уақыты 

 

14.40-15.40



 

Бесін ас


 

15.30-15.40

 

 

 



 

 

Үй жұмысын 



орындау

 

15.45-16.45



 

Үйірмелер 

уақыты

 

15.45-16.45 



  

 

 



1-сынып оқушыларының мектепте дағдылану кезеңі

 

АХМ  мектепке  келу  1-сынып  оқушысының  өмірінде  айтарлықтай 



өзгерістер  енгізетіндігін  ескереді.  Балаға  жаңа  мектеп  талаптарына,  оқу 

үрдісіне, өмір салтының өзгеруіне дағдылану қажет.  Сол себепті қыркүйектің 

2-16 аралығында оқыту сағат 13.00-де аяқталады.

 

Осыған  орай,  1  сынып  оқушыларының  ата-аналарынан  балаларын 




 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



 

аталған  кезеңде  12.45-13.00  аралығында  мектептен  алып  қайтуларын 



сұраймыз.

 

 



Үй тапсырмаларын орындау

 

Үй тапсырмасының мақсаты – сабақ барысында меңгерген дағдыларды 



қайталау және бекіту, сондай-ақ оқушылардың бойында өзін-өзі бақылау және 

өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту.

 

Үй  тапсырмасының  көлемін,  формасын  және  оны  орындауға  арналған 



уақытты  анықтау  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне,  өткен  тақырыптарына 

байланысты  өзгеріп  отырады.    Оқушылардың  қажеттіліктері  әртүрлі,  сол 

себепті  мектепте  оқытудың  бағытына  байланысты  әртүрлі  үй  тапсырмасы 

болуы мүмкін. Мектеп, үй тапсырмаларының сапасы олардың санынан басым 

болуына  ұмтылуы  қажет.  Үй  тапсырмасы  ата-аналардың  сұрауы  бойынша 

берілмейді. Үй тапсырмасы мұғалімнің ұсынысы бойынша демалыс күндері, 

демалыстарда және мереке күндері берілуі мүмкін.

 

 Мектепте  күн  тәртібіне  сәйкес  үй  тапсырмасын  орындауға  күнделікті 



бір сағат уақыт беріледі. Оқушылар мұғалімдермен кеңесе алады және мектеп 

кітапханасы қорларын пайдалана алады.  

 

Үй  тапсырмасын  орындауға  жұмсалатын  уақыт  барлық  оқушыларда 



бірдей  болмауы  мүмкін,  өйткені  бір  ғана  тапсырманы  орындау  үшін  оларға 

әртүрлі  уақыт  қажет.    Оқушының  білім  алуға  деген  қатынасы,  тапсырмаға  

зейін қоюы, оқу  және/немесе жұмысты орындау жылдамдығы, ұқыптылығы 

және    басқа  да  көптеген  факторлар  үй  тапсырмасын  орындауға  қажетті 

уақытты бекітудің күрделілігін байқатады.  

 

Үй  тапсырмасын  орындаудан  бөлек  оқушының  өмірінде  басқа  да  іс-



әрекеттері  бар.  Мектепшілік  іс-шаралар,  мәдени  қызығушылықтар,  отбасы 

алдындағы  міндеттер  бірдей  тең  дәрежеде  меңгерілуі  тиіс,  ал  мектеп 

оқушыларды шамадан тыс жүктемеуге ықпал етуі қажет.

 

Мектепке келуі

 

Біз,  білім  беруде  жоғары  жетістіктерге  қол  жеткізу  үшін,  оқушыға 



мектепке үнемі келу керек деп санаймыз. Оқу жылы ішінде оқушы сабақтарды 

босатпауы  керек.  Мектепке  8.10  кешікпей  келуі  қажет.  Мұғалімдердің 

ассистенттері  күнделікті  сабақтарға  қатысу  есебін  жүргізетін  болады  және 



 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



10 

 

келмеген  оқушыларды  қатысу  журналында  белгілейді,  сондай-ақ  сабаққа 



кешігулерді белгілейді. Бірінші сабаққа кешіккен оқушы екінші сабаққа сынып 

жетекшісінің рұқсатымен ғана қатыса алады.  Жиі кешігулер мектептің Тәртіп 

саясатына сәйкес тәртіпті бұзушылық ретінде қарастырылатын болады.

 

Бірінші  сыныптарда  оқу  жылының  ұзақтығы  –  33  оқу  аптасын,  2-5-



сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.

 

Оқу жылы 2016 жыл қыркүйектің 1 басталады. Оқу жылы ішінде келесі 



демалыстар бекітілген:

 

күзгі – 6 күн (2016 жыл қарашаның  24 мен 29 аралығы);



 

қысқы – 18 күн (2016 жыл желтоқсанның 2017 жыл 22 мен қаңтардың 8 

аралығы);

 

көктемгі – 6 күн (2017 жыл наурыздың 20 мен 25 аралығы);



 

жазғы – 2017 жыл мамырдың  26 басталады.

 

1 сыныптарда қосы АХМ демалыстар – 7 күнді құрайды (2016 жыл ақпанның 



6 мен 11 аралығында).

 

 



 

Балаңыздың  оқу  кестесіне  өзгерістер  енгізбес  үшін,  отбасы 

демалыстарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.  

 

 



Сабақтар  аяқталғанға  дейінгі  оқушылардың  мектептен  шығуы  келесі 

жағдайларда мүмкін:

 

• 

мектептің жоспарына сәйкес алдын-ала жасалған тапсырыс 



бойынша 

мұғалімдер 

мен 

мектептің 



басқа 

да 


қызметкерлерінің    алып  жүруімен  экскурсияларға  және 

басқа да іс-шараларға қатысу;

 

• 

отбасы жағдайларына байланысты, қағаз жүзіндегі өтінішке 



сәйкес ата-аналардың немесе отбасы мүшелерінің  ертуімен  

бару;


 

• 

ата-аналардың (заңды өкілдердің) жазбаша өтініші негізінде 



мектептен тыс қосы АХМ білім беретін мекемелерге қатысу.

 

   



 

Оқушылардың сабақтарды жіберіп алуы

 

Оқушылар сабақтарды дәлелді себептерсіз босатпауы керек. Егер оқушы 



сабаққа қатыса алмайтын жағдайда, ата-аналар ертеңгілік сынып жетекшісіне 

қатыспау себебін хабарлайды. Сабақтарды босатқан жағдайда оқушы сынып 

жетекшісіне медициналық мекемеден анықтама немесе ата-анадан түсініктеме 

ұсынуы тиіс.  Дәлелді құжатсыз сабақтарды босату себепсіз қатыспау болып 

саналады.  Оқушы  сабақтарды  босатқан  жағдайда  барлық  өткен 



 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



11 

 

материалдарды өз бетімен меңгеруге міндетті.



 

Киім үлгісі 

 

Оқушылар міндетті түрде мектеп формасын сақтайды. Мектеп формасы 



қатаң, ұқыпты киім үлгісіне сәйкес келуі керек. Ата-аналар мектеп формасын 

өз қаражатына алады.  

 

Ер  балалар  үшін  бұл  -    шалбар,  жилет/пиджак,  жеңі  ұзын  және  жеңі 



қысқа жейделер, күн суытқан кезде трикотаж свитер.

 

Қыз балалар үшін бұл – ұзын және қысқа жеңіді жейде, белдемше немесе 



сарафан,  шалбар,  күн  суытқан  кезде  трикотаж  свитер.  Киімнің  түстер  реңін 

сақтау қажет: жоғарыға ақ түсті, төменге қара түсті киім.

 

Дене  тәрбиесі  сабақтарына  оқушылар  спорттық  киім  үлгісін  және 



спорттық аяқ киім киуі қажет.

 

Мектепте  джинсы,  кең  жейделер,  көйлектер,  футболкалар,  шолақ 



шалбарлар,  қысқа  топ,  терең  ойықты  жейделер,  ашық  және  қанық  түсті 

киімдер киюге қатаң тиым салынады.

 

Сырт  келбет,  киім  үлгісі  ережелерін  бұзу  мектептің  Тәртіп  саясатына 



сәйкес тәртіп бұзушылық болып саналады.  

 

   



Оқушылардың жеке мүлкіне жауапкершілігі

 

Бастауыш  мектеп  оқушыларына  мұғалімнің  нұсқауынсыз  немесе 



рұқсатынсыз өзімен бірге мектепке қатысы жоқ жеке мүлкін (ұялы телефондар, 

электронды құрылғылар, MP3, CD-DVD ойнатқыштар, спорттық жабдықтар, 

ойыншықтар, ойындар және т.б.) әкелуге тиым салынады. Мектеп жоғалған, 

ұрланған немесе бүлінген жеке заттарға жауапкершілік алмайды.

 

 

 



Сыныптан тыс жұмыс

 

Сыныптан тыс жұмыстармен оқушылар күнделікті 1-2 сыныптарда сағат 



14.40 -тен 15.40 -ке дейін, 3-5 сыныптарда 15.40-тен 16.40-ке дейін айналыса 

алады.


 

Тәрбие  жұмысының  күнтізбелік  жоспары  «Назарбаев  Зияткерлік 

мектептері»  Дербес  білім  беру  ұйымдары  филиалдарының  үлгілік 

нұсқаулығына  сәйкес  жасалады.    Тәрбие  жұмысының  негізгі  бағыттары 

патриоттық  тәрбие,  адамгершілік  тәрбие,  зияткерлік  дамыту,  көшбасшылық 

қасиеттерді  дамыту,  физикалық,  эстетикалық,  полимәдени  дамыту  болып 

табылады.  Аталған  бағыттарды  дамыту  мақсатында  АХМ  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  мерекелеріне  және  халықаралық  күндерге 

арналған әртүрлі іс-шаралар өткізеді, фестивальдар мен байқаулар, спорттық 



 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



12 

 

ойындар  мен  эстафеталар  ұйымдастырады,  сондай-ақ  Астана  қ.  әртүрлі 



мәдени орындары бойынша экскурсиялар жүргізеді.

 

АХМ  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  арқылы  оқушы 



тұлғасын  дамытуға  баса  назар  аударады.    Мектепте  спорттық,  көркем-

эстетикалық,  декоративті-қолданбалы,  зияткерлік  бағытта  үйірмелер  мен 

клубтар жұмыс жасайды.

 

 



 

 

Ассамблеялар

 

Мектеп ассамблеялары мектептің жұмыс жоспарына сәйкес әр дүйсенбі 



күндері өткізіледі.

 

 



Мұғалімдер мен ата-аналардың қарым-қатынас формалары

 

Отбасы және мектептің нәтижелі ынтымақтастығы үшін педагогикалық 



ұжым  мен  оқушылар  ата-аналары  қарым-қатынасының  келесі  басым 

формалары қарастырылған:

 

 

Сыныптық  ата-аналар  жиналысы  –  барлық  сыныптарда  оқу 



жылының басында және соңында өткізіледі.

 

 



 

Ата-аналардың жеке кездесулері бастауыш мектеп оқытушыларымен 

және пән мұғалімдерімен жылына 4 рет тоқсан аяқталғаннан кейін өткізіледі.

 

Олар отбасы және мектептің тығыз қарым-қатынас орнатуына септігін 



тигізеді,  ата-аналарды  оқушының  жетістіктері  жөнінде  ақпараттандырады, 

үлгерім мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.

 

 

Оқушылардың  ата-аналарға  арналған  жеке  конференциялары 



(Student-led  Conferences)  жылына  бір  рет  ақпанның  аяғында  өткізіледі.  Бұл 

кездесулер  барысында  бала  Портфолио  және  басқа  да  қажетті  ресурстарды 

пайдалана отырып ата-анасына өзінің оқуы мен жетістіктерін көрсетеді және 

айтады.


 

 

Ата-аналарға  арналған  семинарлар  ата-аналарды  алуан  түрлі 

тақырыптарға  арналған  педагогикалық  тұрғыда  ақпараттандыру,  отбасылық 

тәрбие  тәжірибесімен  алмасу,  бастауыш  мектепте  (PYP)  Халықаралық 

Бакалавриат бағдарламасын енгізу бойынша белгілі бір мәселелерді талқылау 

мақсатында өткізіледі.

 

 

Coffee mornings (ертеңгілік кездесулер) айына бір рет мектеп әкімшілігі, 



ата-аналар  және  мұғалімдермен  (уақытпен  қолайлы  болған  жағдайда) 

өткізіледі.  Ертеңгілік  әңгімелесу  барысында  бастауыш  мектепте  (PYP) 

Халықаралық  Бакалавриат  бағдарламасы  бойынша  Сізді  қызықтыратын 

сұрақтарды талқылай аласыз.

 

 



 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



13 

 

Ата-аналарға  арналған  ақпараттық  хаттар  АХМ  зерттеу 

бағдарламасы  бойынша  юнитті  оқытудың  басталуы  жөнінде  ата-аналарды 

ақпараттандыру мақсатында жасалады.

 

 

Бағалау



 

 

АХМ  бағалауды  оқыту  мен  оқудың  ажырамас  бөлігі  деп  санайды. 



Бағалаудың басты мақсаты әр оқушының оқу үрдісі мен үдерісі туралы ақпарат 

алу  және  оқумен  кері  байланыс  орнату  болып  табылады.  Мұғалімдер 

оқушылардың  оқу  үлгерімі  жөнінде  ақпаратты  талдайды  және  оқушының 

үдерісіне сәйкес өзінің одан кейінгі жұмысын жоспарлайды. (Making the PYP 

Happen, IBO, 2009).

 

АХМ-да оқушылардың оқу үлгерімін бағалау жүйесі қалыптастырушы 



бағалауды және бекітуші бағалауды қамтиды.

 

Қалыптастырушы  бағалау  оқушылардың  білімді,  іскерлік  пен 



дағдыларды меңгерудің ағымдағы деңгейін анықтау үшін жүзеге асырылады 

және    білім  беру  барысында  мұғалім  мен  оқушылардың  жұмысын  түзету 

мақсатында  әртүрлі    нұсқада  (ауызша  сұрау,  жазбаша  және  практикалық 

жұмыстар және басқалар)   өткізіледі.

 

Бекітуші бағалау тоқсан немесе жарты жылдықтың аяқталуы бойынша 



пәндерден  оқушылардың  білімі,  іскерлік  пен  дағдыларының  қалыптасу 

деңгейін  анықтауға  арналған.  Ол  әртүрлі  тапсырмалар  арқылы  ұсынылуы 

мүмкін (тесттер, есептер, бақылау, жоба, зерттеу жұмыстары және басқалар).

 

Қалыптастырушы  және  бекітуші  бағалаулар  оқушылардың  пәндер 



бойынша оқу жетістіктерін бағалау критерийлері арқылы жүзеге асырылады.

 

1-сыныптың  1  жарты  жылдығында  баға  қойылмайды,  1-сыныптың  2 



жарты  жылдығынан  бастап  3-сыныпқа  дейін  қалыптастырушы  бағалаудың 

нәтижелері  бойынша  қойылады,  3-5-сыныптарда  қалыптастырушы  және 

бекітуші жұмыстардың нәтижелері бойынша тоқсан соңында қойылады.

 

Бекітуші бағалау 1-5-сыныптарда әр тоқсанның соңында: «Бірінші тіл», 



«Екінші тіл», «Шет тілі», «Математика», «Дене тәрбиесі» пәндері бойынша; 

жарты  жылдықтың  соңында:  «Ғылымға  кіріспе»,  «Дүние  тану»,  «ИКТ», 

«Музыка», «Бейнелеу өнері» пәндері бойынша өткізіледі.

 

 



Оқу жетістіктерінің портфолиосы

 

  1-8 сыныптарда оқушы жетістіктерінің портфолиосы жасалады. Портфолио 



белгілі  бір  кезеңде  оқушының  жеке  жетістіктерін  белгілеу,  жинақтау  және 

бағалау  тәсілі  болып  табылады.  Портфолиода  оқушының  әр  таңдаған  пәні 

бойынша жұмыстары, сонымен қатар зерттеу бөлімі бойынша жұмыс барысы 

туралы, оқушы моделінің қаситеттері және біртұтас-дара    қатынастары 

туралы  рефлексиялармен  жұмыстар,  оқушының  оқу  жетістіктері  туралы 

есептері сақталады.

 

 

 




 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



14 

 

Академиялық  адалдық

 

АХМ  әрбір  мүшесі  академиялық  адалдық  принциптерін  құрметтейтін 



және ұстанатын қауымдастықты құруды нысанаға алған.

 

Академиялық    адалдық    -  бұл  оқу  үрдісі  барысында  жеке  адалдықты 



таныту, пайдаланған көздердің авторлығын құрметтеу, сондай-ақ, бағаланатын 

қалыптастырушы  және  бекітуші  жұмыстар,  емтихандар,  эссе,  зерттеулер, 

презентациялар өткізу кезінде өзін-өзі дұрыс ұстау.

 

Оқушылардың академиялық адалдық принциптерін сақтау мақсатында:



 

• 

үнемі ақпарат көздерін көрсету;



 

• 

цитаталар мен сілтемелерді түпкілікті  ақпарат көздерімен дұрыс 



рәсімдеу;

 

• 



анық жұмыстар жасау;

 

• 



өз жұмысында Интернет материалдарын қолдану кезінде «көшіру-

қою»  (copy-paste)  әдісін  қолданбау  және  алынған  материалды 

өзінің түпнұсқа жұмысы ретінде ұсынбау;

 

• 



сабақта  және  сабақтан  тыс  жұмыс  уақытында,  сондай-ақ 

қалыптастырушы  және  бекітуші  бағалау  жұмыстарын  жазу 

уақытында адал іс-әрекетті қамтамасыз ету қажет.

 

Ақпарат көздерін дәйексөз келтірудің үлгілері: 



Веб-сайт: 

•  Мақала атауы (курсивпен белгілеу) 

•  Күні 

•  Веб-сайттың мекен-жайы 

Мысалы: Энергия дегеніміз не (2015). 

http://www.kids.myenergy.ru/theory_and_power_practice/what_is_the_energy/

 

 

Кітап (бір автор):



 

• 

Автордың тегі, есімі



 

• 

Жыл



 

• 

Кітаптің атауы



 

• 

Жарыққа шығу орны



 

• 

Басылым



 

Мысалы: Флинн,К (2008). Көне өркениеттер. Австралия, Пенгуин Букс

 

Энциклопедия.



 

• 

Мақала тақырыбы  (жақшада)



 

• 

Энциклопедия атауы



 

• 

Том номері



 


 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



15 

 

• 



Жарыққа шыққан жылы

 

Мысалы: «Медведи». Балалар энциклопедиясы, 2 том, 2003. 



 

 

Тамақтану 

 

Мектепке келу кезінде балалардың ыстық тағаммен тамақтануы олардың 



денсаулығы  мен  нәтижелі  білім  алуы  үшін  мектептегі  аса  маңызды 

талаптардың  бірі  болып  табылады.  Мектепте  тамақтануды  жақсы 

ұйымдастыру  адамдардың,  бірінші  кезекте  оқушылардың  өз  уақытының 

ауқымды  көлемін  мектепте  өткізетіндігін  ескере  отырып,  денсаулық  деңгейі 

көрсеткішінің жақсаруына әкелетіндігін байқауға болады.  Тамақтану өскелең 

ұрпақтың  денсаулығын  анықтайтын  аса  маңызды  факторлардың  бірі  болып 

табылады.

 

Мектеп үш реттік тамақтануды: таңғы ас, түскі ас және түстік ұсынады. 



Тағам  асханада  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  минстрлігінің 

стандарттарына сәйкес диетологтың қатаң бақылауында әзірленеді.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



16 

 

Сұрақтар, мәселелер туындаған жағдайда хабарласатын тұлғалар 

 

Егер Сізде қандай-да бір сұрақтар туындаған жағдайда, алдымен сынып 



жетекшісімен талқылап көріңіз және тек содан кейін ғана берілген жағдайға 

байланысты мектеп директоры орынбасарларына жолығуға болады.

 

Сізді жауап қанағаттандырмаған жағдайда, мектеп директорымен кеңесе 



аласыз.

 

• 



Егер  балаңыздың  білім  алуына  байланысты  мәселелер  туындаған 

жағдайда, сынып жетекшісіне немесе пән мұғаліміне жолығыңыз.

 

• 

Егер  балаңыздың  эмоционалды  жағдайымен  байланысты  мәселелер 



туындаса, Сіз мектеп психологына жолыға аласыз.  Сынып жетекшісімен 

хабарласып, Сізге психологпен кездесу уақытын белгілеуді сұраңыз.

 

• 

Егер мәселені шешудің алғашқы екі пунктісі көмектеспеген жағдайда, Сіз 



мектеп директоры орынбасарларына жолыға аласыз. Сынып жетекшісімен 

хабарласып, Сізге кездесу уақытын белгілеуді сұраңыз.

 

• 

Егер мәселеңіздің шешімін әлі де таба алмаған жағдайда немесе ол мектеп 



Директоры  құзырлығында  болса,  кездесу  өткізу  уақыты  жөнінде  мектеп 

хатшысымен хабарласыңыз.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 

 



17 

 

Мектеп әкімшілігінің байланыс ақпараттары

 

Мектеп директоры



 

Узакбай Бауржан Сайлаубайулы

 

 

e-mail: Uzakbay_b@isa.nis.edu.kz



 

 

 



Дамыту 

бойынша 


директордың 

орынбасары

 

Мадхалыкова А.О.



 

e-mail: madhalikova_a@isa.nis.edu.kz

 

Оқу  бөлімі  бойынша  директордың 



орынбасары 

 

Кабидолданова К.Ч. 



e-mail: kabidoldanova_k@isa.nis.edu.kz

 

 



 

 

Тәрбие  ісі  жөніндегі  директордың 



орынбасары

 

Мухамедьярова Ф.Н.



 

e-mail: 


mukhamedyarova_f@isa.nis.edu.kz

 

 



Ғылыми-әдістемелік  ісі  жөніндегі 

директордың орынбасары

 

Бекболатов Ж.С.



 

e-mail: bekbolatov_zh@isa.nis.edu.kz

 

 

Бастауыш мектептегі (PYP) 



Халықаралық Бакалавриат 

бағдарламасының координаторлары

 

Боскин Т.Б.



 

e-mail: boskin_t@isa.nis.edu.kz

 

Садыков Е.С.



 

e-mail: sadykov_e@isa.nis.edu.kz

 

Кунанбаева М.Б.



 

e-mail: kunanbayeva_m@isa.nis.edu.kz

 

 

Негізгі мектептегі (MYP) 



Халықаралық Бакалавриат 

бағдарламасының координаторлары

 

Зайкен Ж.Г.



 

e-mail: zaiken_zh@isa.nis.edu.kz

 

Сайлыбаева Г.А.



 

e-mail: saylibaeva_g@isa.nis.edu.kz

 

 

 



 

Мектеп мекен-жайы:

 

Қазақстан Республикасы, 010000,



 

Астана қ., Түркістан көшесі 32/1 



Байланыс телефоны: 8 (7172) 916177

 

Е-mail: 

info@isa.nis.edu.kz

 

Веб-сайт:  



www.isa.nis.edu.kz

 

жүктеу 193,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау