Пәнді оқу бағдарламысының (SYLLABUS) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым миністірлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс пәні бойынша 5В090500 – әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттеріне арналған
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
Павлодар, 2013
Пәнді оқу бағдарламысының Нысан
(SYLLABUS) парағы ПМУ ҰСН 7.18.4/19
БЕКІТЕМІН
ГП факультетінің деканы
____________Сарбалаев Ж.Т.
«___»_____________20 ___ ж.
Құрастырушы: аға оқытушы Жомартова А.Д.
Психология және педагогика кафедрасы
Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс пәні бойынша
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
Оқу жұмыс бағдарламасы оқу жоспары және 5В090500 – әлеуметтік жұмыс мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.371-2006 Мемлекеттік стандарты және типтік оқу жоспары негізінде әзірленген, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінде мақұлданған.
Кафедра отырысында ұсынылған 20 _ ж. «___ « ________ № хаттама
Кафедра меңгерушісі ______ Бурдина Е.И. “____”______20 ___ж.
ГП факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен қабылданды
20 _ж. «_____» ________ № ____ хаттама
ГП факультетінің оқу-әдістемелік ОӘК төрайымы _______Ксембаева С.К.
«____»______ 20 ___ж.
1 Оқу пәннің паспорты
Пән атауы: Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс
Міндетті пән
Оқу мерзімі және кредит саны
Барлығы – 4 кредит
Курс: 3
Семестр: 6
Жалпы аудиторияда оқу сағаты – 60 сағат
Дәрістер - 30 сағат
Тәжірибелік /семинарлық оқу сағаттары 30 сағат
Зертханалық - жоқ
СӨЖ – 120 сағат
Оның құрамында СОӨЖ – 130 сағат
Жалпы көлемі - 180 сағат
Бақылау формасы
емтихан – 6 семестрде
Пререквизиттер: Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс пәнін меңгеру үшін студенттер келесі пәндерден білім, білік, дағдылары болуы тиіс: әлеуметтану; мәдениеттану; әлеуметтік психология.
Постреквизиттер: Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс пәнінен алынған білім, білік, дағдылар келесі пәндерді оқу кезінде керек: әлеуметтік жұмыстың теориясы мен әдіснамасы; әлеуметтік жұмыстың технологиялары, іс тәжірибе түрлері.
2.Оқытушы туралы мәлемет және контактілік ақпарат:
АЖТ: Жомартова Айсулу Далеловна аға оқытушы
Кафедра «Психология және педагогика» аудитория 149
Телефон _____________
3. Пәні, мақсаттары мен міндеттері
Пән нысаны: болашақ әлеуметтік жұмыскердің отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс істеу саласындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
Пән мақсаты: «Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс» бағдарламасының мақсаты қоғамның әлеуметтік- мәдені дамуы мен жас ұрпақты әлеуметтендірудің маңызды факторы ретінде отбасы институтының мәнін ашу, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерінің негізгі принциптерімен, әлеуметтік жұмыстың әртүрлі тобындағы әдісі мен тәсілдерімен таныстыру.
Пән міндеттері:
отбасы және балалармен жұмыс істеу үшін керекті білім мен дағдылармен студенттерді қаруландыру;
республикадағы отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс спецификасын, ерекшеліктерін ашатын қазақстандық авторлардың жұмысын, балаларды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша ҚР заңды және нормативті актілерін оқу;
студенттердің қажетті кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту;
болашақ мамандардың гуманистік көзқарастарын қалыптастыру.
4. Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар:
білу керек:
- отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыстың құрылуы мен тарихы жайлы білімдер;
- отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыстың қазіргі жаңа мәселелері.
игеру керек:
- теориялық білімдерді практикада адекватты қолдану;
- зерттеу іс-әрекетіне деген дағдылар;
- кәсіби қарым-қатынас дағдылары.
құзыретті болу керек:
- қазіргі халыққа көмек көрсету технологияларының заманауи мәселелері мен өзектілігінде.
5 Тақырыптық жоспар
Оқытудың түрлері бойынша академиялық сағаттарды үлестіруі
№ п/п
|
Тақырыптар атауы
|
Аудиторияда оқитын сабақ сандары мен түрлері
|
СӨЖ
|
дәрістер
|
тәж(семинар) сабақтар
|
Зертхеналық және дербес сабақтар
|
Барлығы
|
Оның құрамындағы СОӨЖ
|
1
|
Отбасымен әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде
|
2
|
2
|
-
|
7
|
2
|
2
|
«Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс» пәннің оқып үйрену курсы
|
2
|
2
|
-
|
7
|
2
|
3
|
Адам қоғамы тарихындағы отбасының эволюциясы
|
2
|
2
|
-
|
7
|
2
|
4
|
Әлеуметтік қызметкер отбасымен іс-әрекеттің негізгі түрі ретінде
|
2
|
2
|
-
|
7
|
2
|
5
|
Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тарихынан
|
2
|
2
|
-
|
7
|
2
|
6
|
Отбасымен әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибедегі әдістемелер мен әдістік аспектілер
|
2
|
2
|
-
|
7
|
2
|
7
|
Отбасымен жұмыс жүргізудегі отандық қалыптасу тарихы
|
2
|
2
|
-
|
7
|
2
|
8
|
Отбасының әлеуметтік мәселелері
|
2
|
2
|
-
|
7
|
2
|
9
|
«Қауіп- қатері бар тобындағы» отбасылардың әлеуметтік проблемаларының ерекшеліктері
|
2
|
2
|
-
|
7
|
2
|
10
|
Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкердің кәсібі және рухани адамгершілік қасиеттері
|
2
|
2
|
-
|
7
|
2
|
11
|
Ана болу қазіргі қоғамдағы әйелдердің басты рөлі
|
2
|
2
|
-
|
10
|
2
|
12
|
Отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық қөмек беру орталығы - әлеуметтік тәрбие институты
|
2
|
2
|
-
|
10
|
2
|
13
|
Отбасылық қатынастардың мәселелері (отбасылық келіспеушілік және ажырасу)
|
2
|
2
|
-
|
10
|
2
|
14
|
Психоәлеуметтік кенес беру әлеуметтік жұмыстың технологиясы ретінде
|
2
|
2
|
|
10
|
2
|
15
|
Студент жастарды отбасылық өмірге дайындау
|
2
|
2
|
|
10
|
2
|
|
Барлығы:180
|
30
|
30
|
-
|
120
|
30
|
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 Тақырып Отбасымен әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде.
Жоспар
1) «Неке» және «Отбасы», «отбасы әлеуметтендірудін алғашқы институты ретінде.
2) Неке және отбасы институттарын танудың әдістемелік негіздері.
3) Отбасының түрлері және құрылымы (туысқандық, жұбайлар арасындағы басқарушылығының анықталуы, балалар саны бойынша, тұрмыстық міндеттердің сипатына қарай бөлінуі, бос уақытты өткізудің сипаты)
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолдасымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді.Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі менктеппен тығыз байланыста болуды өте жақсы көреді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі- бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- ананың борышы.
Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Әдебиет [1,2.]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 2 «Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс» пәннін оқып үйрену курсы.
Жоспар
«Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс» пәнінің мақсаты.
«Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс» пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.
Қазіргі отбасының институционалдық сипаты.
«Әлеуметтік қызметкер», «әлеуметтік көмек » т,б.б. ұғымдардың мәні
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Адамдардың отбасылық өмір мұратының негізгі ерекшеліктері, В.А.Сухомлинский айтқандай, некенің материалдық жағына қарағанда өмірдің рухани мазмұны басымырақ мән беруге келіп саяды. Оның айтуынша, адал және кіршіксіз махаббат - өзіңнің рухани байлығыңды екінші біреуге үнемі беріп отыру деген сөз. Атап айтқанда берсең ғана аласың. Егер адамдардың бір-біріне беретінін болмаса, олар іштей сарқылып, бір-бірін жалықтырады, ақыры бұл ренжісуге, айрылысуға апарып соқтыруы мүмкін.
Бұл пәннің негізгі міндеттерінің бірі қазіргі отбасыға пайдақұмарлық пен дүниеқорлық жат екенін, қайт оның негізінде адамның жоғары рухани байлығы - өзара сыйласу мен махаббат жатқандығына зейін аударту керек. Сондықтан адамды сүйе білуді үйрену – отбасы иесінің жеке басының ең құнды сапаларын дамыту деген сөз. А.С.Макаренко: Адамды бақытты болуға үйрету мүмкін емесе, оны бақытты боларлықтай етіп тәрбиелеуге болады деген.
Отбасының негізгі міндеті – белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру. Отбасы қоғамдық, топтық және жеке адамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Қоғамның әлеуметтік ұясы бола отырып, отбасы біраз ең маңызды қажеттіліктерді, соның ішінде халықтың санын ұдайы жаңартып отыру қажеттілігін де қанағаттандырады. Сонымен қатар отбасы, әлбетте, өзінің мүшесінің жеке бастық қажеттіліктерін де, сондай-ақ жалпы отбасылық қажеттіліктерді де қанағаттандырып отырады. Осыдан барып, отбасының міндеті туындайды. Отбасының негізгі міндеттері болып репродукциялық, шаруашылық-экономкиалық, бос уақыт пен демалуды ұйымдастыру, комуникативтік және тәрбиелік міндеттер саналады.
Әдебиет [1,2.]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 3 Адам қоғамы тарихындағы отбасының эволюциясы.
Жоспар
Адам қоғамы тарихындағы отбасы мен некенің ретроспективасы.
Шетел ғалымдардының отбасы және неке эволюциясы туралы зерттеулерің негіздеу (Дж. Баховен, Дж. Мак– Леннан, С. Мин, Л. Морган).
Ф. Энгелстің «Отбасының қалыптасуы, жеке меншік және мемлекет»
Кеңес үкіметі кезіндегі отбасы тәрбиесінің қалыптасу теориясының ерекшеліктері.
Адамзат қоғамның тарихындағы неке және отбасы эволюциясының сатылары: тұрпайы, қаскөйлік, өркениеттік
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Адамзат отбасы неке қарым-қатынасына ежелден-ақ үңіле назар аударып келеді. өткен заманның асқан ойшылдары өз дәуірінің мүмкіндігіне қарай отбасын зерттеуге ұмтыды. Олар отбасының пайда болу, даму процесін түсіндіруге; қызметін даму заңдылықтарын, қоғамдағы орны мен өрістеуін анықтауға тырысты.
Ежелгі грек философы Платон патриархалдық отбасын (яғни, барлық қарым-қатынастың өзегі – ата-ана және оларға толық бағынатын балалары бар отбасын) алғашқы және негізгі қоғамдық ұя деп есептеді. Оның пікірінше, мемлекет патриархалдық отбасылардың одаққа бірігуі нәтижесінде пайда болған. Платон одан басқа келешек ұрпағының денсаулығын ойлаған жұбайларға нақты ұсыныс жасап отырды. Платон 20 дан 40 жасқа дейінгі әйелдер 55 жастан аспаған еркектерден ең мықты балалар туады деп есептеді. Ол әрбір 35 жасқа дейінгі еркектің үйленуін, ал одан жалтарғандарға айып салуды талап етті. Платон отбасының ішкі және сыртқы өмірін қатаң бақылауға алуды талап етті.
Платонның шәкірті Аристотель оның отбасына деен көзқарасын сынады,, алайда қоғамның ұясы және мемлекеттің негізі ретінде патриархалдық отбасы идеясын қолдап дамытты. Аристотель отбасын мемлекетпен тығыз байланыстырды. “Әрбір отбасы мемлекеттің бөлігін құрайды, жоғарыда көрсетілген барлық адамдар отбасының бөлігі және жеке бөліктердің адамгершілігі бүтіннің адамгершілігіне сәйкес елуі тиіс, сондықтан балалар мен әйелдерді тәрбиелеуді мемлекеттік құрылысқа үйлесімді қатынаста қою қажет; лайықты құрылысқа ұмтылатын мемлектке бұл парықсыз болмаса, онда лайықты балалары мен әелдері болуы керек. Мұнымен санасу керек, өйткені әйелдер халықтың жартысын құрайды, ал балалардан саяси өмірге қатысушылар өсіп шығады.”
Көптеген философтар мен ойшылдардың шығармашлығы жұбайлық проблемасына көп көңіл бөлгенін дәлелдейді. Алайда, олар өзінің жұмысында көбінесе қоғамдық қарым-қатынасты отбасылық қарым-қатынастан бөліп, отбасы мен мемлекеттің арақатынасына назар аударған; отбасын жеке әлеуметтік институт ретінде аз қарастырған. Мысалы, француз ағартушысы Ж.-Ж.Руссо отбасы туралы былай деген: “Барлық қоғамдардың ең көнесі және жалғызы – ол отбасы... Сонымен, отбасы керек болса, саяси қоғамдардың болашақ иүлгісі: әкім - әкеге ұқсайды, ал халық - балаларға”.
Әдебиет [1,2]
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 4 Әлеуметтік қызметкер отбасымен іс-әрекеттің негізгі түрі ретінде.
Жоспар
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс іс– әрекеті объектісінің ерекше түрі ретінде.
Отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізудегі мазмұны және мәні.
Әлеуметтенудің басты институты ретіндегі отбасының белгісін тұрақтандыру.
Қазақ отбасыларындағы тәрбие ерекшеліктері.
Ата – аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік педагог іс– әрекетінің рөлі Ата – аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік педагог іс– әрекетінің рөлі
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Қазақ өмірінде сақталып келген көптеген салт-дәстүрлері – қазақ отбасы мен некесінің де бүкіл дүние жүзі халықтарының отбасы тарихына тән көне кезеңдерінің барлығын басынан өтікзгендігін дәлеледейді. Осы жағдайларды ескере отырып, біз бұл еңбекте қазақтағы отбасы мен неке формаларын, әртүрлі отбасылық, некелік қарым-қатынастарды жан-жақты сипаттаймыз.
Қазақстанның ұшы-қиыры жоқ байтақ жерінде мекендеген қазақ халқының неке құру түрлері мен үйлену тойын ұйымдатсыру тәртібі және оған байланысты қалыптасқан сан алуан әдет-ғұрыптары жайында толып жатқан деректер бар. Қазақ арасында жастай некелестіру ежелден келе жатқан дәстүр. Кей уақытта қыздарды 13-14 жасында ұзатса, ел балаларды 15-16 жасында балағатқа толды деп үйлендіре берген.
Халқы түсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте үйлендірсе, олар әрбір жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпақтары мықты болады деген сенімде болған.
Әдебиет [1,2.]
Мультимедиялық сүйемелдеу
1) ABBYY Fine Reader;
2) Microsoft Offise;
3) AVAST Free Antivvirus;
Тақырып 5 Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тарихынан.
Жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |