Ақпараттық хат
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді 2014 жылы 31-қазан–1-қараша күндерінде Алматы қаласында өтетін
ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ СЕССИЯСЫНА
қатысуға шақырамыз.
Қазақстан ПҒА-ның сессиясына ғалымдар Академияға мүшелілігіне қарамастан шақырылады.
ҚАЗАҚСТАН ПҒА-НЫҢ СЕССИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Салыстырмалы білім беру: әдіснамасы, заманауи үрдістері мен мәселелері» тақырыбында VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу (Қосымша №1).
Өткізілетін орны: Гранд отель «Тянь-Шань», мекен жайы: Бөгенбай батыр, 115 (Қонаев көшесінің қиылысы), Алматы қаласы.
Академия мүшелерін сайлау. Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясына сайлану туралы Ережесіне сәйкес 2014 ж. 1-қараша күні сағ. 10.30-да өткізіледі. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қарасай батыр к-сі, 85-үй, 122-офис (үміткердің қатысуы міндетті).
Академияға сайлану туралы Ережемен www.apnk.kz сайтында танысуға болады.
Қосымша №1
«Салыстырмалы білім беру: әдіснамасы, заманауи үрдістері мен мәселелері» тақырыбында VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция 2014 ж. 31қазан–1қараша күндерінде өтеді
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Салыстырмалы зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі;
Білім беру жүйесін басқару мен инновациялық дамуы ;
Оқытушы білім беру үдерісінің объектісі және субъектісі ретінде;
Жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі;
Білім беру жүйесін жобалау технологиялары;
12-жылдық білім беру: халықаралық тәжірибе;
Терминологиялық сөздіктер дайындау тәжірибесі.
Конференция өткізу кезінде «Білім сапасын көтеру: проблемалар және оларды шешу жолдары» деген тақырыпта дөңгелек стол отырысын өткізу жоспарланып отыр.
Материалды рәсімдеу ережесі: 5 беттен аспайтын WORD редакторында жазылған мәтін, 12 кегль, жоларалық – 1,5, қаріп түрі – Times New Roman, парақтың параметрі – барлық жағы-нан – 2 см. Баяндаманың тақырыбы бас әріптермен, кіші әріптермен автордың тегі, аты-жөні жұмыс орны мен қызметі жазылады, содан кейін баяндаманың толық мәтіні беріледі. Әдебиеттер тізімі мәтінде пайдалану ретіне қарай рәсімделеді.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын. Конференцияға қатысу үшін 2014 ж. 30 қыркүйекке дейін ұйымдастыру комитетіне мынадай материалдар жіберу қажет: 1) қатысушының өтініші (ұсынылған үлгі бойынша); 2) қағазға шығарылған және электронды түрде баяндама мәтіні; 3) тіркелу жарнасын төлегенін растайтын түбіртектің көшірмесі.
Тіркелу жарнасы 4 000 тенге. Жинақты поштамен жіберу 700 теңге, Сертификат – 500 теңге. Конференциядан кейін кешкі ас-фуршет қарастырылған, бағасы – 4 500 теңге. Тіркелу жарнасын міндетті түрде, ал басқа жарналарды өз қалауыңызбен 7 қазанға дейін төмендегі банкілік реквизитке төлеу керек:
«Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ
СТН 600700537343; БСН 040340015818
ИИК KZ138560000000419866; «БанкЦентрКредит» АҚ
БИК KCJBKZKX, кбе 18
Төлем тапсырысында: «Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы, аты-жөні» жазылуы керек. Қосымша құн салығы салынбайды.
Іс сапар шығындары – жіберуші жақтың есебінен төленеді.
Жеке төлем бойынша қатысушының сертификатын беру, конференция материалдарын поштамен жіберу және кешкі ас-фуршет өткізу қарастырылған.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Мұнарбаева Ақторғын Орынбекқызы, Қоңырова Жұлдыз Бақтыбайқызы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, 1-этаж, 122-кабинет, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85-үй, 050000, тел./факс: +7 727 267-59-54, +7 727 261-08-81, e-mail: apnkaz@mail.ru.
Веб-сайт: www.apnk.kz
Конференцияға қатысу үшін
ӨТІНІШ
Автордың тегі, аты-жөні (толығымен) ____________________________________________
Мақаланың аты _______________________________________________________________
Жұмыс орны, қызметі __________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________________________
Пошталық мекен-жайы (индексімен) _____________________________________________
Байланыс телефоны и электронды поштасы ________________________________________
Телавтор туралы мәлімет (БАР, саны / ЖОҚ) ______________________________________
Қатысу формасы: ТІКЕЛЕЙ / СЫРТТАЙ __________________________________________
Қонақ үйдің қажеттілігі _________________________________________________________
Конференция қатысушысының сертификатының қажеттігі (ИӘ /ЖОҚ) ________________
Кешкі ас-фуршет (ИӘ/ЖОҚ)_____________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |