Пәндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 289 Kb.
бет1/4
Дата07.02.2020
өлшемі289 Kb.
#28550
  1   2   3   4

ПОӘК 042-18-10.1.46/03-2014

11.09_2014 ж. №1 басылым

36 беттің беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.46/03-2014





ПОӘК

«Химико-технологиялық өндіріс пен қауіпсіздік негіздері» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


__11.09_2014 ж.

№ 1 басылым



ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Химико-технологиялық өндіріс пен қауіпсіздік негіздері»
5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2014

Мазмұны


  1. Глоссарий

3

  1. Дәрістер

5

  1. Практикалық сабақтар

30

  1. Білім алушылардың өздік жұмысы

34



  1. ГЛОССАРИЙ


Тәртіптік жауапкершілік келесі бағынуды шектеу ретінде міндетті тұлғаға ескерту: сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату.

Материалдық жауапкершілік міндетті тұлғаның еңбек заңын бұзғаны үшін кәсіби ауру немесе кездейсоқ жағдайдан зардап шегушінің өндіріс төлеген толық немесе бөлшекті сомасын алумен сипатталады, сонымен бірге жұмыстан қажетті сұранған жұмыскердің заңсыз босатылуы.

Қылмыстық жауапкершілік міндетті тұлғаның ҚР қылмыстық кодексімен анықталады.

Жарақат – кездейсоқ жағдай нәтижесінде денсаулыққа зиян келтіру.

Кәсіби ауру – қауіпті еңбек жағдайында жұмыскерге әсер еткен ауру.

Өндірістік жарақат – бұл еңбек қауіпсіздігі талабын сақтамағаннан туған және өндірістегі жұмыстан алған жарақат.

Еңбек қауіпсіздігі бойынша ереже – еңбек қауіпсіздігі бойынша – еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің бір құралы әрі өндірістегі кездейсоқ жағдай мен кәсіби ауруды ескерту.

Технологиялық процесс бұл кез келген өндірістің алдын ала тексерілген әрі практикалық талданған процесі.

Өндірістің технологиялық режимі технологиялық көрсеткіштер жиынтығы.

Автоматты басқару құрылысы технологиялық процес жағдайы туралы ақпарат үшін қызмет етеді.

Ескерту белгісі одан әрі авария тудыруы мүмкін, технологиялық процесстердің қауіпті өзгерістері туындауы туралы қызметкерге мәлімет береді.

Бақылау белгісі жеке құрылғылар, машиналар мен механизмдер жұмыстары туралы операторға ақпарат береді.

Аппаттық белгі құрылғының апаттық ауытқуы туралы мәлімдеуге қызмет етеді.

Автоматты қорғаныш құралы апатты еакертуге арналған.

Флегматизатор бұл тұтанудың жоғары концентрациялық шегін төмендетіп әрі тұтанудың төменгі концентрациялық шегін жоғарылататын сол арқылы флегматизатордың белгілі бір құрамында тұтанудың екі шегі де қандай да бір критикалық нүктеде түйісетін зат. Флегматизаторлар ретінде азот, көміртек диоксиді, арнаулы дайындалған түтіндік газдар, су булары қолданылады.

Мықтылық бұл жобалар мен олардың элементтері белгілі ыдырау шегінде кедергіге және механикалық әсерден қалдық бұзылуға ұшырайтын материал қабілеті.

Жобалық материалдық ыстыққа төзімділі ол ұсынылған қызмет мерзімінде және белгілі температурада релаксация мен сырғуға қарсы тұратын қабілетімен анықталады.

Сырғу ол өзгермеген салмақта үздіксіз, ақырын өзгеретін материал қабілеті.

Ыстыққа тұрақтылық жоғары температурада ұзақ мерзім жұмыс жасау жағдайында ортаның химиялық әсеріне қарсы тұру қабілеті болып табылады. Графитизация құбылысы 475 0С жоғары температураның ұзақ әсерінен шойында Fe3C карбиді ыдырауы жүреді және бос графиттер тізбектері түзіліп, ол металдың механикалық қасиетін төмендетеді.

Кристалларалық коррозия, метал дәндері шекарасы бойынша дамитын әрі оның арасындағы байланыстар бұзылуына әкелетін және коррозияның ешқандай сырт белгілерісіз металдық үлкен тереңдікте бұзылуы.

Химиялық коррозия металға коррозиялық орта әсерінен туындайды.

Электрохимиялық коррозия металдың электролит ерітіндісі әсерінен туындайды, онда металл атомдары иондануы мен тотығу компоненті пайда болуы бір актіде жүрмейді, ал олардың жылдамдығы металдың электродтық потенциалы шамасынан тәуелді.

Жану деген тотығу химиялық реакциясы, үлкен жылу бөлінуімен бірге жүреді. Оның екі түрі бар; толық жану – оттектің артық мөлшерінде және толық емес жану – оттек аз болғанда.

Біртекті жану газтәрізді заттар жануы, әртекті жану - әртүрлі агрегаттық күйдегі заттар жануы.

Жану жылуы – жанғыш заттың аса маңызды жылутехникалық сипаты. Жоғарғы және төменгі жану жылуы деп бөледі.

Жану температурасы бұл жану жылуы аймағынан бөлінген жану өнімдері, соның артынан жану температурасына дейін қызады.

Калориметрлік температура ол өнімдер толық жанғанда қызғанда барлық бөлінген жену жылуы оның қызуына жұмсалатын жану температурасы.

Теориялық температура жану өнімдері диссоциациясына жылу жоғалуын ескеріле анықталатын

Өздігінен тұтану температурасы. Экзотермиялық реакция жылдамдығы бірден жоғарлағанда жонғыш заттардың төменгі температурасы, ол жалындап жану туындауымен аяқталады.

Төменгі температуралық шек ауаның тұйық көлемінде қаныққан бу концентрациясы қоспа тұтану қабілеті шамасына дейін жетеді егер оны тұтану көзіне тигізгендегі сұйық температурасы.

Концерогенді заттар организмге жүйелі түрде түсе отырып тұрақты қайта туындау тудыратын және бірқатар кандар? өсіп жамансипатты жаралар түзіледі.

Мутагенді заттар адам ұрпағына әсер ететін бұзылыстар тудырады.

Жүйкелік улы заттар орталық жүйке жүйесін бұзып, жиі парақорлық қасиетке ие болады. Оған бензин, керосин, қаныққан әрі қанықпаған көмірсутек газдары мен аромат көмірсутектер, күкіртгаздарды, тетраэтилқорғасын, метанол, аммион жатады.

Қандағы улы заттар әсері бойынша әртүрлі.

Көміртек тотығы мен бірқатар органикалық питриттер мен питраттар, қандағы гемоглабинмен әрекеттесіп карбоксигемоглабин және метгемоглабин түзеді. Түзілген қосылыстар гемоглабинді тасымалдаушы ролін бұзады.

Механикалық тазалау ірі дисперсті қоспаларды кетіру үшін қызмет етеді және тазалаудың жалпы жүйесінде алғашқы саты ретінде қолданады. Ол сүзу, тұндыру немесе фильтрлеу.

Физико-химиялық әдістер. Ол тазалаудың әртүрлі тәсілі және көп жағдайда реагент қолдануды қажет етеді. Оның біршамасы ластаудың физикалық күйі өзгеруіне негізделген, ол оны ағыннан бөлінуін жеңілдетеді. Оған флотация жатады.

Ағын суды биохимиялық тазарту бірқатар микроорганизмдердің суда ерігіш органикалық және неорганикалық заттармен қоректену қабілетіне негізделген. Осы заттарды қолдану процесінде суда еріген оттекпен тотығу жүреді.

Ағын суды термиялық тазарту деген органикалық қоспалар жоғары температурада толық тотыққанда газтәрізді жану өнімдері мен қатты қалдықтар алынады.



  1. ДӘРІС ОҚУЛАР


Микромодуль 1 - Кіріспе. Зиянды өндірістік факторлар және олардың адамға әсерін төмендету жолдары.
Дәріс № 1. Кіріспе. Еңбек қорғау. Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау бойынша ережелермен стандарттар, нормалар.

  1. Еңбек қорғау бойынша заң бұзылу жауапкершілігі.

  2. Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау бойынша ережелер мен стандарттар, нормалар.

  3. Еңбек қорғау бойынша жіктелулер.

  4. Кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттың көрсеткіштері.

Өндірістік ғимараттарды салғанда, жобалағанда және эксплуатациялағанда еңбек қорғау бойынша нормалар мен ережелер сақталуы керек. Ешқандай да өндіріс, цех, өнеркәсіп қауіпсіз және дені сау еңбек шарты сақталмаса қабылданбауы тиіс.

Әкімшілік құрылыс алаңдары мен өндіріс орындарындағы жұмыс тәртібі мен жұмыстың орындалу ережесін қалыптастыратын жобаны талдайды әрі жұмысшы еңбегін қорғайтын ережемен таныстырады сонымен қатар ереже орындалуы туралы тұрақты бақылауды жүзеге асырады. Жұмысшылар мен қызметкерлер бұл ережені сақтауға міндетті әрі өзін қорғайтын жеке құралдарды қажет кезде қолдана білуі керек.

Еңбек қорғау бойынша заңның бұзылуына жауапкершілік. Еңбек заңын бұзуға кінәлі міндетті тұлға тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тәртіптік жауапкершілік жауапты тұлғаға мына ретпен ескерту жасатады: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, ақысы төмен жұмысқа үш ай мерзімге төмендету немесе сондай төмен қызметке ауыстыру, жұмыстан босату.

Әкімшілік жауапкершілікке еңбек қорғау бойынша заңды бұзған жауапты тұлға тартылады. Бұл жауаптылық бақылаушы органдар жағынан ақшалай штраф салумен көрсетіледі.

Материалдық жауапкершілікке еңбек заңын бұзған жауапты тұлғадан кездейсоқ жағдайдан немесе кәсіптік аурудан зардап шеккен жанғатолық немесе бөлшекті соманы алумен суреттеледі, сонымен бірге жұмысты көп қалдырғаны үшін жұмысшы заңсыз босатылса.

Қылмыстық жауапкершілік ҚР қылмыстық кодексімен анықталған.

Өндірістік жарақат пен кәсіптік ауру жайлы түсінік. Қалыпты жұмыстан ауытқу және қауіпсіздік техникасының талабын бұзу жұмысшы еңбегіне зақым келтіруі мүмкін.

Жетекші тапсырмасын немесе еңбек міндетін жұмысшы орындағанда жұмысшыға қауіпті өндіріс факторының әсер ету жағдайы өндірістегі кездейсоқ жағдай деп аталады. Кездейсоқ жағдай нәтижесінде денсаулық зақымдануы жарақат деп аталады. Өндірістік жарақаттар механикалық (сынықтар, жаралану), химиялық (химиялық күйік, улану), электрлік (соққы, күйік) және тағы басқалары болып табылады. Барлығы топтасқан жарақаттар да кездеседі.

Өндірісте жұмыс жасағанда еңбек қауіпсіздігін сақтамағаннан алған жарақат өндірістік жарақат деп аталады.

Кәсіби ауру – бұл жұмысшыға қауіпті еңбек жағдайынан туындаған аурудың түрі.Мұнайөңдеу және мұнайхимия өнеркәсібіндегі қауіпті еңбек жағдайына мысалы, мұнайөнімі әсерінен денені улауға әкелетін, сонымен бірге өткір немесе қалыптасқан тері аурулары; мұнай өңдеу өнімдерінде канцорегенді заттар болуы, соның себебінен кәсіби түзілімдер тудырушы; тербеліс пен шу, ол тербеліс ауруы мен кереңдікке әкеледі және тағы басқа факторлар. Кәсіби аурулардың жеке бір түрлері кәсіби уланулар болып табылады. Сала жағдайында қажетті қорғаныш құралы болмағанда қолданылатын және алынатын заттар өткір және қауіпті улану туғызуы мүмкін. Өткір уланулар әдетте организмге улы заттар жылдам өтіп кенеттен туындаудан болады. Орнығып қалған улану біртіндеп дамып, организмге ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде түскен заттар әсерінен туындайды. словиях отрасли применяются и получаются вещества, которые при отсутствии необходимых предохранительных мер могут вызвать острые и хронические отравления.

Кәсіби аурулар жиынтығын сипаттайтын құбылыс кәсіби аурушаңдық деп аталады.

Мұнайөңдеу және мұнайхимиясы өнеркәсібіндегі жарақат сипаты. Мұнайөңдеу және мұнайөнеркәсібіндегі 3 күннен жоғары мерзімде еңбекке қабілеттігін жоғалтатын кездейсоқ жағдайлар себебін келтіруге болады

1. Құрал жабдықтар, механизмдер мен машиналар ақаулануы 9,3

2. Қауіпті және ауыр жұмыс механизациясы болмауы 2,6

3. Технологиялық процестердің бұзылуы мен технология жетіспеушілігі 4,0

4. Құралдың жобалық жетіспеушілігі 4,7

5. Еңбек қауіпсіздігі бойынша ереже мен норма сақталмауы 25,2

6. Мамандығы бойынша жұмыс жасамағандар 2,3

7. Қауіпсіз еңбек ережесіне үйренбеу 6,6

8.Өндіріс аумағының қанағаттанғысыз мазмұны мен дұрыс жарықтанбау 9,0

9.Басқалар 14,2

Келтірілген мәліметтерден техникалық себеп үлесіне (1-4) 29, ал органикалық себеп үлесіне 65 келетіні көрініп тұр. Бұл деген қарапайым, белгілі көп салымды қажет етпейтін ұйымдастыру шараларын қолданып одан әрі өндірістік және еңбек тәртібін күшейтіп жарақатты азайтуға үлкен мүмкіндік туады деген сөз. Сонымен бірге техникалық ретті шара да қажет.

Жарақат сипаты бойынша келесідей бөлу :

1. Механикалық жарақат 78,3

2. Термиялық күю 7,7

3. Химиялық күю 3,0

4. Электрожарақат 1,2

5. Улану 0,9

6. Араласқан және басқалар 8,8

Егер механикалық жарақатты талдаса, онда бұл жарақаттың техникалық себебіне барлық жарақаттың 19,2 ғана, ал қалғаны ұйымдастыру шараларынан болады. Механикалық жарақат тудыратын жарақаттаушы факторлар ды мына ретпен орналастырса болады: 1. құрылғы, 2. механизжмдер, 3. құрал-жабдық, 4. көлік құралы, 5. құлау, зат түсуі. 6. жарақаттанушының биіктен құлауы, 7. қозғалушы жүктер.

Осыдан, жарақатты төмендетудің басты бағыты – бұл ұйымдастыру шараларын жүргізу екені болады.



Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау бойынша ережелер мен стандарттар, нормалар. Қалыпты санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайымен қамту үшін әрі жұмысшы қауіпсіздін жасау үшін өндірістік жарақат пен кәсіби ауруды тұрақты төмендету үшін белгілі ұйымдастыру жұмысын жүргізуді талап етеді.

Ережені қарастырады, анықтайды егер онда қауіпсіздік режесі толық болмаса толықтырады. Ережені жеткеші талдап, қауіпсіздік техникасымен келісіп, оны бас инженер бекітеді.

Өндірісте жыл сайын еңбек қорғау бойынша жұмыс жоспары талданады. Оны көбнесе номенклатуралы жұмыс жоспары деп атайды.

Онда еңбек қорғау бойынша, қауіпсіздік техникасы мен өнеркәсіптік санитария ол еңбек қаіпсіздігінің стандартынан шыққан, санитарлық нормалар мен өзге нормативті құжаттардан тұрады. Оған технологиялық немесе басқа өндірістік құрылғының өзгеруі, технологиялық процестерді дистанционды және автоматты басқару мен автоматы қорғау, өндірістік құрылғыны орналастыруды қайта жоспарлау, желдету жүйесін қайта өзгерту мен шу және тербеліс жүйесін ГОСТқа сәйкес реттеу әрі өндірістік орынды тазалауды механикаландыру жатады. Жүйелі жұмыс жоспары цехтың жалпы жиналысында талданып, жетекші бекітеді.

Қауіпсіздік техникасы бойынша ереже – еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір құралы, өндірісте кездейсоқ жағдай мен кәсіби ауруды ескерту. Оған жұмыстың қауіпсіз әдістері мен құралдары кіреді. Осыдан олар еңбек қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасы әрі өндірістік санитария бойынша ережені оқып ол білімдері тұрақты тексеріліп отырады.
Негізгі ұғымдар: еңбек заңдылығы; өндірістік жарақат; кәсіби ауру; термиялық күю; химиялық күю.
Бақылау сұрақтары:


  1. Еңбек қорғау бойынша заң бұзылса міндетті тұлға қандай жауапкершілік шегеді?

  2. Өндірістік жарақат пен кәсіби ауру негізіне қандай түсінік жатады?

  3. Өндірістік жараөқат сипатына қандай факторлар әсер етеді?

  4. Мұнайөңдеу және мұнайхимия өндірісінде қандай режелер арқыдлы жүйелі жұмыс жоспары талданады?


Негізгі әдебиет 1 [8-40], 2 [7-36, 50-93]

Қосымша әдебиет 4
Микромодуль 1 - Кіріспе. Зиянды өндірістік факторлар және олардың адамға әсерін төмендету жолдары.
2 дәріс. Өндірістік санитарияның жалпы сұрақтары.

  1. Өндірістік санитарияның және еңбек гигиенасының белгіленуі және анықталуы

  2. Өнеркәсіпті кәсіпорынға көрсетілетін санитарлы-гигиеналық талаптар

Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау бойынша ережелер мен стандарттар, нормалар. Қалыпты санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайымен қамту үшін әрі жұмысшы қауіпсіздін жасау үшін өндірістік жарақат пен кәсіби ауруды тұрақты төмендету үшін белгілі ұйымдастыру жұмысын жүргізуді талап етеді. Ережені қарастырады, анықтайды егер онда қауіпсіздік ережесі толық болмаса толықтырады. Ережені жетекші талдап, қауіпсіздік техникасымен келісіп, оны бас инженер бекітеді.

Өндірісте жыл сайын еңбек қорғау бойынша жұмыс жоспары талданады. Оны көбінесе номенклатуралы жұмыс жоспары деп атайды. Онда еңбек қорғау бойынша, қауіпсіздік техникасы мен өнеркәсіптік санитария ол еңбек қаіпсіздігінің стандартынан шыққан, санитарлық нормалар мен өзге нормативті құжаттардан тұрады. Оған технологиялық немесе басқа өндірістік құрылғының өзгеруі, технологиялық процестерді дистанционды және автоматты басқару мен автоматты қорғау, өндірістік құрылғыны орналастыруды қайта жоспарлау, желдету жүйесін қайта өзгерту мен шу және тербеліс жүйесін ГОСТ-қа сәйкес реттеу әрі өндірістік орынды тазалауды механикаландыру жатады. Жүйелі жұмыс жоспары цехтың жалпы жиналысында талданып, жетекші бекітеді.

Қауіпсіздік техникасы бойынша ереже – еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір құралы, өндірісте кездейсоқ жағдай мен кәсіби ауруды ескерту. Оған жұмыстың қауіпсіз әдістері мен құралдары кіреді. Осыдан олар еңбек қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасы әрі өндірістік санитария бойынша ережені оқып, білімдері тұрақты тексеріліп отырады.

Нұсқау жүйесіне: кіріспе нұсқау, біріншілік нұсқау және оқу, периодты қайталанатын нұсқау және оқу, кезектен тыс нұсқау жатады.

Барлық жұмысшы кәсіпорынға жаңадан түсетіндер, инженерлі-технологиялық жұмысшылар және қызметкерлер алдын ала құрылған медициналық тексерістен өткеннен кейін кіріспе нұсқаудан өтуі керек.

Кіріспе инструктаждың мақсаты – жұмысқа орналасатын қызметкердің өндірістегі қауіпті және зиянды негіздерімен, ішкі тәртіп ережелерімен, апат, өрт жағдайда тәртіппен танысу болып табылады.

Басқа цехтан келген немесе өз мамандығын ауыстырған әрбір қызметкер: а) біріншілік инструктаждан; б) жұмыс орындағы қауіпті жұмыс әдістерін теориялық және практикалық оқытудан өтуі керек.

Біріншілік инструктаж, цех бастығымен немесе орынбасарымен жүргізіліп, өндіріс сипаттамасымен, қауіптілік негіздермен, жеке сақтандыру шараларымен және цехтағы жалпы қауіпсіздік ережелерімен таныстырады.

Теориялық және практикалық оқыту инженер-техник қызметкер басшылығымен жұмыс орнында жүргізіледі.

Теориялық оқыту кезінде әрбір жаңа қызметкер қауiпсiздiк техникасының, өрт қауiпсiздiгiнің нұсқауларын зерттеуді, апатты жою жоспары бойынша әрекеттерді, дәрiгер келгенге дейiнгi көмек ережелерін меңгеруi керек.



Практикалық оқытуда қызметкер теориялық оқыту кезінде алынған білімді іс-жүзінде бекітуі керек. Ол барлық операцияларды жөн-жобамен және оқыту үшiн белгiленген беттiң қадағалауымен ғана орындауы керек.

Оқыту аяқталғаннан кейін қызметкердің білімін құрамында жұмыс жетекшісі бар арнайы комиссия, қауiпсiздiк техника қызметiнiң өкiлдерi тексереді.

Еңбек гигиенасы- еңбекті және айналадағы өндірістк ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермей салаларын қарастыратын гигиена саласы. Еңбек гигиенасы физиология, токсикология, химия, физика, санитария, статистика және кәсіби патология ғылмдарымен тығыз байланысты. Еңбек гигиенасының тәжірибе жүзіндегі ұсыныстарының орындалуынсанитарлық-эпидемологиялық стансалар қағидалап отырады.

Еңбек гигиенасы 2-ге бөлінеді:

1) Жалпы еңбек гигиенасы өндірістің барлық саласына тән физикалық факторлардың, шаңның токсикалық заттардың әсер ету заңдылықтарын зерттейді. Жақын арада шешімді талап ететін сұрақтар тізілімі, яғни өндірістік желдетумен газдардан тазарту және өндірістік тастамаларды залалсыздандыру әдістерінің тиімділігі.

2) Жеке еңбек гигиенасы ауыл шаруашылығының жеке салаларында еңбек жағдайын, жеке мамандықтардың еңбек гигиенасын зерттейді. Жеке еңбек гигиенасының міндеті кәсіптік зияндылықтардың денсаулыққа және жұмыс қабілеттілігіне кешенді әсерін зерттеу және оларды болдырмау шараларының жүйесін құрастыру .

Еңбек гигиенасының шешетін мәселелері:

1.Еңбек гигиенасы жұмысшылардың жұмыс жағдайларын жақсарту үшін гигиеналық нормативтерді негіздейді.

2.Өнеркәсіп мекемелерінің құрылысын салуға қажетті санитарлық ережелерді шығарады.

3.Жұмыс орындарын тиімді пайдалану, еңбек процестерін ұйымдастыру және еңбек пен демалыс тәртібінің сақталуын қадағалайды.

4.Салынып жатқан өнеркәсіптік орындарда, ауылшаруашылықта санитарлық сақтық қадағалау жүргізу.



Негізгі түсініктер: номенклатуралы іс-шаралардың жоспары, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау, кіріспе нұсқауы, біріншілік нұсқау, периодты қайталанатын нұсқау, кезектен тыс нұсқау.

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру үшін қандай іс-шараларды жүргізу керек?

2.Санитарлы-қорғаныс зонасының кеңдігіне байланысты өндіріс классификациясы қандай?

3. Қызметкердің оптималды және тиімді еңбек шараларын атаңыз.

4. Микроклиматқа анықтама беріңіз.

Негізгі әдебиет 1 [76-86 ], 2 [50-59 ]

Қосымша әдебиет 4
Микромодуль 1 - Кіріспе. Зиянды өндірістік факторлар және олардың адамға әсерін төмендету жолдары.
3 дәріс. Заттардың улылығы және алдын-ала уланудан ескерту.


  1. Улы заттардың жіктелуі.

  2. Ауадағы шекті рұқсат етілген концентрация және зиянды заттар классы.


Улы заттардың жіктелуі. Мұнай өңдейтін және мұнай-химия өндірісінде зиянды заттар кеңінен қолданылады. Зиянды деп, адам денесіне тиген кезде өндірістік жарақат, кәсіби ауру немесе денсаулығына зақым келтіретін заттарды атаймыз. Өндірістік шикізат, аралық және соңғы өнім, сонымен қатар қоспалар, катализаторлар, қалдықтар – зиянды заттар болып табылады.

Өндірістік улы заттар адам ағзасына тыныс алу, ішек аурулары, терінің бұзылуы арқылы келіп түседі. Газ, бу, тұман, аэрозольдер, шаң секілді улы заттар тыныс алу арқылы адам ағзасына енеді (уланудың 95-98 %).

Химиялық зиянды және өндірістік қауіпті факторлар адам денесіне енуіне байланысты, жалпы улы, қоздыратын, сенсибилизацияландыратын, канцерогенді, мутагенді болып бөлінеді.

Сенсибилизацияландыратын заттар - онымен ұзақ уақыт қатынаста болғанннан кейін, сол затқа сезімділігін күшейтеді. Ол заттар адам денесінде тері аурулурын (дерматит, экзема), астмалық құбылыс, қанның бұзылуына әкеп соқтырады. Мұндай заттардың құрамына: сынап, платина, альдегидтер, ароматты нитро-, нитрозо-, аминоқосылыстар жатады.

Кейбір заттар ағзаға ене отырып, ұлпаның ұлғайуын және қатты ісіктерді болуын туғызады. Мұндай заттар канцерогенді деп аталады. Оларға азбесті щаң, кейбір полициклді көмірсутектер: 1,2,5,6 – дибензантроцен, 3,4 – бензпирен, метилхлорантрен, холантрен жатады. Жоғары температурада қайнайтын мұнай өнімдерінен де канцерогенді заттар табылды – гудрон, пиролизді шайырлар, пека, сульфофрезол олар шикі затты 5500С-қа дейін қыздырғанда алынатын заттар және ароматты қатардың полициклді қосылыстары.



Мутагенді заттарға адамның тұқым қуалау аппаратына, оның ұрпағына зиян келтіреді. Оларға жүйке улары, яғни орталық жүйке жүйесіне зақым келтіретін және наркотикалық қасиеті бар улы заттар жатады. Мұндай заттарға бензин, керосин, қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің газдары, ароматты көмірсутектер, күкіртсутек, тетраэтилсвинец, метанол және аммиак.

Қан улы заттары әсерлесуіне байланысты әртүрлі болады. Көміртегі оксиді және кейбір органикалық нитриттер, нитраттар қандағы гемоглобинмен әрекеттесе отырып, карбоксигемоглобин, және метагемоглобин түзеді. Түзілген қосылыстар гемоглобиннің өкпеден ұлпаға оттегін тасу қабілетін жояды, соның нәтижесінен оттегінің жетіспеуінен, өлім қаупіне әкеп тудырады.

Заттардың көп бөлігі тітіркендіретін улы заттарға жатады. Олар жоғарғы тыныс жолына (күкіртсутек, хлор, аммиак), кейбіреулері – терең тыныс жолдарына (азот оксиді, ароматты көмірсутектер, қышқылдар ангидриді) әсер етеді.



жүктеу 289 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау