Негізгі ұғымдар: механикалық беріктілік; ыстыққа берік; графитизация; кристалларалық коррозия.
Бақылау сұрақтары:
Құрал-жабдықтың беріктігімен механикалық төзімділігі қандай жағдайлармен анықталады?
Ыстыққа төзімді және ыстыққа берік құрылымдық материалдар қандай мінездемелермен анықталады?
Қоршаған ортамен әсерлескенде, химиялық таттануға сейкес келетін үрдіс.
Қоршаған ортамен әсерлескенде, электрохимиялық таттануға сәйкес келетін үрдіс.
Құрал-жабдықтардың герметикалығы немен сипатталады?
Қысым астында жұмыс істейтін түтіктердің эксплуатациялық қауіпсіздігі кезінде қандай талаптар қажет етіледі?
Негізгі әдебиет 2 [171-185], 3 [56-58]
Қосымша әдебиет 5
Микромодуль 3 – Өрт және қопарылыс береті қауіпті технологиялық үрдістер
Дәріс №7. Технологиялық үрдістердің өрт қауіптілігін бағалау және өрт пен қопарылыстың алдын алу
Технологиялық үрдіс кезіндегі өрт қауіпсіздігіне баға және өрт, қопарылыс болуының алдын алу.
Жану үрдісіне қажетті жағдайлар. Жану түрінің жіктелуі.
Жану өнімдері, жылу, жану температурасы.
Жану үрдісінің механизмі. Жанғыш заттардың қопарылыс және өртқауіпсіздігі көрсеткіштері.
Қатты заттардың, ауадағы щаң қоспаларының, сұйықтықтардың жануы.
Технологиялық үрдіс кезіндегі өрт қауіпсіздігіне баға және өрт, қопарылыс болуының алдын алу. Кез-келген технологиялық үрдісті жүргізген кезде, өрт қаупі мен қопарылыс болуы заттардың физико-химиялық қасиеті және өңделіп алынатын заттардың санына, аппараттар мен құрал-жабдықтардың жұмыс істеу режімі, жану көздерінің болуы және өрттің жылдам таралу жағдайына байланысты болады.
Профилактикалық тапсырма берген кезде, алдымен технологиялық үрдіс кезіндегі өрт қауіпсіздігіне баға береді, соның негізінде қауіпсіздікті алдын алу шараларының профилактикасы талданады. Заттардың өрт қауіпсіздігін жану шектігінің температурасымен концентрациялылығына байланысты анықтайды. Өндірістік цехтарда өрт пен қопарылыс болуының негізгі себептері: 1. технологиялық аппараттың ішінде жанғыш қоспаның пайда болуы; 2. Концентрациялы қоспада жарылыс және қопарылыс беруге қабілетті заттардың түзілуі және олардың технологиялық аппараттан газ, бу түрінде ауада таралуы; 3. төгіліп қалған жанғыш сұйықтықтар.
Технологиялық үрдісті жүгізген кезде өрт қауіпсіздігінен қамтамасыз ететін жалпы шаралар:
қауіпті технологиялық үрдісті қауіпсіз үрдіске алмастыру
қауіпті технологиялық құрылғылармен құрал-жабдықтар изоляциялау
қймаларда сақталатын жанғыш кауіпті заттардың мөлшерін азайту
желдеткіш жүйелерде, газ өткізгіш құбырларда, аппараттарда жанғыш қоспалардың түзілуін алдын-алу.
Өндірісте өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең тиімді шараның бірі өртқауіпті ұшқыш заттардың орнына, аз қауіпті үнемі қолданатын, қайнау температурасы 1100С – тан аспайтын (амилацетат, этиленгиколь, хлорбензол, ксилол, амил спирті) немесе жануға қабілетсіз еріткіштер қолдану керек. Мұндай еріткіштерге төрт хлорлы көміртегі, хлорлы метилен, трихлор этилен, хлорланған көмірсутектер жатады. Жанғыш заттардың қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және олармен жұмыс жасар кезде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау, әр жұмыс жасар алдында, өңделетін, сақталатын, тасмалданатын еріткіштің физико-химиялық қасиетін, жағдайын анықтау керек.
Мұнай – химия өнеркәсібінде сұйықтық, газ-, бу толтырылған құбырларда өрт қауіпі болуы мүмкін.
Мұндай өрт қауіпі болуының алдын алу шаралары төмендегідей:
сұйықтық толтырылған құбырларда қайтымды клапандар, торлы фильтр, сулы бөгеттер орнатылады;
газ трубаларында сулы бөгеттер, өрт тоқтатқыштар орнатылады
шаң сорғыш құбырларда өрттің бір диаметрлі құбырынан басқа диаметрлі құбырға баяу өтетіні қарастырылады.
Жану үрдісіне қажетті жағдайлар. Жану түрінің жіктелуі. Кәдімгі жағдайда жану дегеніміз, тотығу үрдісі немесе жылу және жарық шығара жүретін, жанғыш заттардың ауадағы оттегімен әрекеттесуі. Бірақ кейбір заттар ауадағы оттегінсіз жылу және жалын шығара отырып, қопарылыс беруі мүмкін. Мысалы: ацетилен, хлорлы азот, озон және қопарылғыш заттар. Сонымен қатар, сутегі және көптеген металлдар ауадағы хлормен әрекеттесіп жанады, ал мыс күкірттің буында, магний көміртегінің асқын тотығында жанады. Барлық жылу шығарғыш тотығу үрдістері жану түріндегі формада жүреді. Бірақ этил спиртінің сірке альдегидінде баяу тотығуы немесе SO2 -нің SO3-ке өтуін жану үрдісіне жатқыза алмаймыз.
Жану дегеніміз жарықта көп жылу бөле жүретін химиялық тотығу реакциясы. Жану - үрдістің жылдамдығына байланысты жану, қопарылыс, детонация түрінде жүреді. Жанудың жоғарғы жылдамдығы таза оттегімен әрекеттескенде, ал орташа- ауада 14-15% оттегі болғанда, оттегі мөлшері одан төмен болғанда жану үрдісі тоқталады. Жану құрамында оттегі бар заттармен әрекеттескенде жүреді. Ондай заттарға оттегіңң асқын тотығы, хлораттар жатады. Жану үрдісі жүру үшін жанғыш тотықтырғыш немесе жану негізі болу керек. Жану қажетті жағдайдан тыс жүрсе ғана тоқтатылады.
Жанудың екі түрі болады: толығымен – оттегі жеткілікті немесе артық мөлшерде болғанда, және жартылай жану - оттегі жетпеген жағдайда. Гомогенді дегеніміз газ тәрізді затардың, гетерогенді – басқа да агрегатты күйдегі заттар арасында жану болғанда жүретін үрдіс.
Жану өнімдері, жылу, жану температурасы. Толығымен жану үрдісінің өнімдері: көміртегі диоксиді, су, азот, күкірт және фосфор ангидриді. Жартылай жанған кезде, әдетте улы жанғыш, қопарылғыш өнімдер, көміртегі тотығы, спирттер, кетондар, альдегидтер, қышқылдар және де басқа заттар түзіледі.
Жану үрдісі кезінде жану өнімдерінің түзілуімен қатар, жылу бөлінеді. Жану жылуы – жанғыш заттардың ең маңызды жылу техникалық сипаттамасы. Жану жылуы кезінде, жанғыш заттардың бірлік көлемінде жылу сандық мөлшерін анықтаймыз. Жану жылуы жоғарғы және төменгі болып бөлінеді.
Құрамы бірдей емес заттардың жану жылуы (мұнай, тас көмір), менделеевтің эмприкалық формуласын қолдана отырып, элементтік құрамы бойынша анықтауға болады.
Qнр = 81 Ср + 246Нр – 26 (Ор -Sp) – 6 (9Нр + WP)
Мұдағы Ср Нр Ор Sp WP – көміртегінің, сутегінің, оттегінің ( азотпен бірге) үлесі, органикалық күкірттің және ылғалдылықтың жұмыс уақытындағы массасы, %.
Газ және бу тәрізді заттар жанғанда, жылу жалын аймағында бөлінеді, ал қатты заттар жанған кезде газ бен бу беткі жарық деңгейінде бөлінеді. Жану аймағында жылу жану өнімдерімен жанасып, жану температурасы деп аталатын температураға дейін қызады.
Жану температурасы калориметрлік, теориялық және нақты болып бөлінеді.
Жанудың калориметрлік температурасы деп, жану кезінде бөлінген жылудың барлығы қыздыруға жұмсалып, өнімнің толығымен жануы.
Жанудың теориялық температурасы деп, жылудың шығыны жанған өнімнің диссоциациясымен анықталатын температура.
Өрт кезінде жоғарлайтын температураның 30-50%-ті теориялық температурадан қоршаған ортадағы жылудың жоғарлауымен түсіндіріледі. Ағаштың анық жану температурасы 10900С, ал бензиндікі 14000С.
Қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың жану үрдісі бірнеше фазадан тұрады: тотығу, өздігінен жалынның болуы, жану. Реакцияның жылу жылдамдығын артқан сайын өздігінен тұтанып, жалын пайда болады.
Жану үрдісінің механизмі. Жанатын жүйеде тотығу реакциясының болуы, жалынның әсерінен жылу жүйесінің қызуына байланысты. Жану жүйесін қыздрған кезде жанатын молекуланың энергиясы мен тотығуының жоғарлап, белгілі бір шекке жеткен кезде, активацияланады да нәтижесінде жанатын зат молекуласы ауадағы оттегімен жеңіл әрекеттеседі.
Тотығу экзотермиялық реакция және белгілі бір жағдайда өздігінен жылдам жүреді. Бұл тотығу реакциясының өздігнен жылдам жүруі, жануға айналуы өздігінен тұтану деп аталады.
Өздігінен тұтану температурасы. Экзотермиялық реакцияның жоғарлауы, және оның жалындап жанумен аяқталатын жанғыш заттың минимальды температурасы, өздігінен тұтану температурасы деп аталады.
Өздігінен тұтану температурасы бірнеше факторларға тәуелді:
жанғыш қоспаның құрамы (жанғыш заттың компоненттерімен ауа арасындағы қатынас)
жанғыш қоспаның көлемі; көлемнің ұлғайуынан өздігінен жану температурасы төмендейді,
қысым; қысым жоғарлауынан, өздігінен жану температурасы төмендейді.
Көптеген зерттеулер нәтижесі төмендегідей:
екі немесе үш сұйықтықтан тұратын бу қоспасының өздгінен жану температурасы, жеке сұйықтықтардың өздігінен жану температурасы орташа арифметикалық есеппен тзмен болады.
өздігінен жану температурасы гомологиялық қатардың шегінде заттың молекулалық массасының ұлғайуынан төмендейді, тармақталған тізбекті заттың молекуласы қалыпты құрылысты заттың температурасынан жоғары болады.
қаныққан көмірсутектердің өздігінен жану температурасы сәйкес келетін қанықпаған көмірсутектермен салыстырғанда неғұрлым жоғары болады.
- көміртегі атомы бірдей бензол қатарының төменгі көмірсутектері, май қатарындағы көмірсутектермен салыстырғанда, өздігінен жану температурасы жоғары болады.
көмірсутектердің өздігінен жану температурасы, сәйкес келетін спирттермен альдегидтерден жоғары болады.
Өрт және қопарылыс беретін затардың көрсеткіштері. Жанудың температуралық және концентрациялық шегі. Жанатын зат пен тотықтырғыш қоспасын анықталған концентрацияда, ары қарай тұтанып кетпейтіндей етіп жағу керек. Тұтану аймағында максимальды және минимальды концентрация деп тұтанудың концентрациялық шегін айтамыз. Тұтану шегі негізінен қоспадағы инертті компонеттердің құрамына, және кейбір жағдайда қысым мен температураға байланысты.
Тұтанудың концентрациялық шегі, көлемдік пайызбен және массасына байланысты концентрациясымен өрнектеледі. Бастапқы температураны көбейткенде жану аймағы кеңейеді. Бастапқы температураның мөлшері, әр 1000С – та жанудың төменгі шегі, бастапқы көрсеткіштен 10% - ке кемиді, ал жоғарғы шегі 15% - ке ұлғаяды.
Қысымды 3-4 МПа дейін көтеру жанудың концентрациялық шегіне әсер етпейді. Жану аймағының азайуы қысымның төмендеуінен болады. Қысымның беогілі шегіне жеткен кезде жану аймағының төменгі және жоғарғы шегі бір-бірімен жанасады.
Сұйықтықтың қопарылыс беретін буы жанудың температуралық шегімен сипатталады. Төменгі температура шегі деп, қаныққан будың концентрациясы жабық ыдыста тұтатса, белгілі бір шекке дейін тұтана алатын, сұйықтық температурасын айтамыз. Жоғарғы температура шегі деп, қаныққан будың концентрациясы жабық ыдыста тұтатса, белгілі бір шекке дейін тұтануға қабілеті бар, сұйықтық температурасын айтамыз.
Сұйықтықтың, ауа мен шаң қоспасы және қатты заттардың жануы. Барлық жанғыш сұйықтықтар булануға қабілетті және олардың жануы будың мөлшері сұйықтықтың құрамы мен температурасына тәуелді болатын сұйықтықтың бетінде, яғни бу фазасында жүреді. Беткі қабатта бу түзіп тұтана алатын жанғыш заттардың төменгі температурасы, температуралық ұшқын деп аталады. Температуралық ұшқынға дейінгі сұйықтықты қыздыру жануға дайын емес, тек тұтануға дайындық болып табылады. Температуралық ұшқын арқылы (Тв) жанғыш заттардың өрт қауіпсіздігі денгейін анықтайды. Жанғыш сұйықтықтар екі класқа бөлінеді: тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар.
Тез тұтанатын сұйықтықтар - өздігінен жануға қабілетті, жабық тигельде температураның ұшқындануы 610С-тан жоғары болмайтын, ал жабық тигельде 660С болатын сұйықтықтар.
Жанғыш сұйықтықтар - өздігінен жана алатын, жабық тигельде температураның ұшқындануы 610С-тан жоғары болмайтын, ал жабық тигельде 660С болатын сұйықтықтар.
Тез тұтанатын сұйықтықтарға эфир, бензин, керосин, ал жанғыш сұйықтыщтарға майлар, мазут, глицирин, және т.б. Қыздыру температурасы ұшқындану температурасын жоғарлап кететін жанғыш сұйықтықтар жарылыс беретін заттардың құрамына жатады.
Жанғыш заттардың шаңы өрт қауіпті болады. Ауадағы шаң (аэрозольдер) қопарылыс беретін қоспа түзуі мүмкін.
Ұсақ дисперсті шаңның меншікті беттік қабаты, ірі дисперстіге қарағанда үлкен болады, химиялық активтілігі жоғары, өздігінен жану температурасы төмен, жанудың төменгі шегінде және жану аймағы үлкен болады.
Жану реакциясының жылдамдығы шаңның меншікті беттік қабатының ұлғайуынан артады. Бөлмеде ауаның қозғалу жылдамдығы артса шаңның диперстігі азайып, ауада оның концентрациясы жоғарлап, қопарылыс туғызуы мүмкін. Жанғыш шаңның өздігінен жану температурасы 700-9000С аралығында болады; ал өздігінен жану температурасы төмен болады (3600С).
Қатты заттардың жалынсыз жануы (кокс, ағаш көмір, сілтілі металлдар) және жалыныдап жану деп екіге бөлінеді (ағаш, торф).
Тотығу кезінде жалын шығармай жану екі фазаның беткі қабатында жүреді. Заттың жану жылдамдығы температураға, қысымға, заттың меншікті беттік қабатына шекаралық қабат арасындағы оттегі диффузия жылдамдығына, тотығу реакциялар жылдамдына байланысты. Көміртегі жанған кезде диоксид және көміртегі оксиді түзіледі. Бұл реакциялардан басқа екіншілк реакциялар жүреді:
С + СО2 = 2CО 2СО + О2 = 2СО2
Көміртегі оксидінің тотығуы, аздаған мөлшерде ылғалдың болуымен жоғарлайды.
Сілтілік металдар жанған кезде балқыған металлдың бетінде поралы масса оксидтер түзіледі. Сілтілік металдар қиын балқиды. Олардың балқуы көп уақытты талап етеді.
Жану көздері. Тұтандыратын жылу көзі болып үйкегенде немесе жанасқанда, химиялық реакция кезінде қызып тұрған беттік қабатпен жанасатын, жанатын заттың температурасының жоғарлауынан болатын ашық жалын, электрлік ұшқын, доға, отынның жанбай қалған бөлігі болып табылады.
Ең көп тараған жану көзі – электрлік ұшқын. Температуралық ұшқынға дейін қыза алатын, газдың минимальды бөлігі байланысты тұтана алатын ұшқын болады. Бензин және басқа жана алатын сұйықтық буы үшін, энергияның минимальды мөлшері 0,15мДж, сутегі мен ацетилен үшін – 0,01мДж. Метан қоспасының ауамен жану энергиясы 3,8 мДж.
Қоймаларда газдың, будың қоспалары бар жарылғыш заттар болса, ұшқын тудырмайтын металдан, материалдан тұратын құралдар қолдану керек.
Негізгі ұғымдар: өртұстағыштар; өртұстағыш тетіктер.
Бақылау сұрақтары:
Қандай химиялық реакциялар жануға жатады?
Жанудың қандай түрін білесіздер?
Жану жылуының түрлері және қандай формула бойынша жану жылуын анықтауға болады?
Өрт қауіпті жанғыш заттардың қандай көрсеткіштері тұтанудың концентрациялық шегін анықтайды?
Жану температурасының өздігінен жану температурасынан айырмашылығы қандай?
Барлық жанғыш сұйықтықтардың ұшқын температурасы немен анықталады.
Жанғыш сұйықтықтар қандай класстарға бөлінеді?
Жану жылуының көп тараған көзі?
Негізгі әдебиет 1 [181-208], 3 [112-144]
Қосымша әдебиет 4
Микромодуль 3 – Өрт және қопарылыс береті қауіпті технологиялық үрдістер
№8 дәріс. Өрт сөндіру құралдары мен әдістері
Өрт сөндіру құралдары мен әдістері.
Өрт сөндіру тәсілдерінің жіктелуі.
Өрт сөндіру құралдарын таңдау принциптері.
Өрт сөндіру құралдары мен әдістері. Өрт сөндіру тәсілдерінің жіктелуі. Өртті сөндіру кезінде реакцияның төзімділігі жойылып, жану аймағымен активті әрекеттесе бастайды.
Жану төзімділігі, біріншіден қоршаған ортаның жылу алмасу жағдайларымен химиялық реакцияның аумағындағы температураға байланысты. Бөлінген жылудың жылдамдылығы q t = q d / qt мен жылу жоғалтуы арасындағы қатынасқа тәуелділігі жану аймағындағы температураның болуы үш жағдайға байланысты:
- q t = Q t болған жағдайда температура тұрақталады, жану жылу тепе-теңдігінің бұзылуына дейін, тұрақты күйде болады;
- q t > Q t болған жағдайда температура жоғарлайды да, реакция жылдамдығын жылу шығара отырып, жүру жылдамдығын арттырады және жану аймағында температураның көтерілуін жылдамдатады;
- q t < Q t болған жағдайда температура төмендеп, реакция жылдамдығы, жылудың бөлінуі қатар, жану аймағында температураның шамасы да төмендейді.
Температураның tкр дейін төмендеуі, жану үрдісінің өздігінен тоқтауына аяқталуына әкеп соғады.
Өрт сөндірген кезде жылу жылдамдығының шығынының және жылу бөліну жылдамдығының азайуы, жылу аймағында жылу тепе-теңдігінің бұзылуы мен температураның төмендеуіне әкеледі. Жану үрдісі жылу сипатында жүретін реакцияларда өрт сөдіру, қоршаған ортаның жылу шығы арқылы физикалық өрт сөндіру тәсілдерімен жүзеге асады.
Химиялық өрт сөндіру тәсілі кезінде жану реакциясы тізбекті сипатта болады, жану реакциясында жылу аз бөлінеді. Өрт кезінде жану аймағындағы жану үрдісінің толық сөнуі, өрт сөндіргіш заттар қолданған кезде ғана тоқтатылады.
өрт сөдіргіш заттар қатты, сұйық, газ күйінде де бола алады. Бұл заттарды қолдану арқылы өрт сөдіру, оның ыстық заттармен фихико-химиялық әрекеттесуіне негізделген. Өрт сөдіруде су, бу және әртүрлі қатты, газ түріндегі сөндіруге қабілеті бар заттар қолданылады.
Өрт сөндіру құралдарын таңдау принциптері. Таңдау әдістері өрттің болу деңгейіне қарай, жану масштабына, жанған заттың немесе материалдың ерекшелігіне байланысты.
Өрт кезінде қатты және сұйық жанғыш заттардың өрттің жүру жағдайына байланысты үшке бөлінеді:
өрт аймағында төменгі температурада, жану тұрақсыз болады. Бұл жағдайда қарапайым заттардың қолданылуы дереу тоқтатылады.
ыдырау үрдісінің нығайуы, жанғыш заттардың булануы. Бұл жағдайда қоршаған ортаның температурасы, энергияның әрекеті көтеріледі
жану аймағының ұлғайуы, температураның, зерттелетін беттік қабаттың неғұрлым көтерілуі, құрлымдардың бұзылуы, деформациялануы.
Өрт жалындап жанған кезде бұл жағдайларды ажырату қиын. Дұрысы өрттің болмауын алдын алуды қадағалау.
Судың өрт сөндіргіш қасиеті. Су басқа өрт сөндіргіштерге қарағанда жылу сыйымдылығы үлкен және көптеген жанғыш заттарды сөндіруге қабілетті. Сонымен қатар, су үш түрлі өрт сөндіргіш қасиетімен ерекшеленеді: 1. жану аймағын суытады, 2. жану аймағында әрекеттесетін заттарды араластырады, 3. жанғыш заттарды жану аймағынан бөліп алады.
Өрт сөндіргіш көбіктер. Жеңіл балқитын сұйықтықтарды сөндіру кезінде газ бен сұйықтық араласқан қоспа – көбіктер қолданылады. Өрт сөндіруде төзімділігі мықты, көбік түзетін қабаты сумен әсерлескенде бұзылмайтындай болуы керек. Көбіктерге лакри қабығының экстракты, сапонин, никель, керосинді байланыс, альбулиндер жатады.
Төзімді өрт сөндіргіш көбіктің химиялық және ауа-механикалық түрі кеңінен қолданылады.
Химиялық көбік натрий карбонаты мен бикарбонатының қышқылмен, көбік түзуші қатысында түзілетін зат. Көбік түзуші порошок күкірт қышқылды алюминийден мен бикарбонат натрий қоспасынан және лакри қабығының экстрактысынан немесе басқа көбік түзушіден тұрады. Күкірт қышқылды алюминийден мен бикарбонат натрий қоспасы сумен әрекеттесіп, көбік түзуші еріп, көміртегі диоксидін түзе отырып, көбікке төзімділік қасиет береді.
Ауа-механикалық көбік ауаның, судың, беттік активті заттардың механикалық әрекеттесуінен пайда болады. Ауа-механикалық көбіктің 90%-ті ауадан, 10%-ті көбік түзушінің сулы ерітіндісінен тұрады.
Инертті газдармен өрт сөндіру. Инертті газдар (CО2 және N2) мен су буы оттегінің концентрациясын төмендететін жанғыш заттардың жануын тоқтататын, ыстық газ және бумен әрекеттеседі.
Қатты өрт сөндіргіш заттар. Жануды тежеу үшін, су және басқа өрт сөндіргіш затарды қолданғанда сөндіру іске аспаған кезде, порошок түріндегі инертті қатты заттар қолданылады. Мұндай затарға сілтілік және сілтілік-жер металлдарының хлоридтері, натрий екі көмірқышқылы, поташ, квацы жатады.
Сұйық өрт сөндіргіш заттар. Судан басқа натрий көмір қышқылы және екі көмірқышқылды, поташ, хлорлы аммоний, ас тұзы, күкірт қышқылды мыс сонымен қатар галогенді қосылыстардан тұратын ерітінділер қолданылды.
Сұйық өрт сөндіргіш заттар, өрт сөндіргіш қасиеті суларға қарағанда, қосымша жылу сіңіре алатын, жанғыш заттардың беттік қабатында қосымша қабық түзетін инертті газдар.
Негізгі ұғымдар: өрт сөндіргіш көбіктер; қатты өрт сөндіргіш заттар; сұйық өрт сөндіргіш заттар.
Бақылау сұрақтары:
Өндірісте туындайтын өрт пен қопарылыстың негізгі себептері және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қандай шараларын бар?
Бөлінген жылудың жылдамдылығы q t = q d / qt мен жылу жоғалтуы арасындағы қатынасқа тәуелділігі қандай үш жағдаймен сипатталады?
Негізгі әдебиет 1 [209-235], 2 [195-205], 3 [165-174]
Қосымша әдебиет 4
Микромодуль 4 – Атмосфера мен су қоймаларын ластанудан қорғау
№9 дәріс. Атмосфераны өндірістік қалдықтардан және су қоймаларын зиянды қоспалардан ластанудан қорғау
Мұнай өнеркәсібінің қалдық заттарымен атмосфераны ластанудан қорғаудың негізгі бағыттары.
Ластану көзі және су қоймаларын ластанудан қорғау.
Суды үнемдеп пайдаланудың тәсілдері.
Қоршаған ортаны ластанудан қорғау – қазіргі таңдағы өте маңызды мәселелердің бірі. Табиғатты өнеркәсіптік қалдықтан қорғаудың принцпиальды бағыты, қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық үрдістер дайындау.
Мұнай өнеркәсібінің қалдық заттарымен атмосфераны ластанудан қорғаудың негізгі бағыттары. Мұнай өңдеу өнеркәсіптері атмосфераны газ, шаң тәрізді қалдықтармен ластайды. Газ тәрізді заттардың сапасымен құрамын анықтау үшін, мұнайдың қайтпайтын баланысын және мұнай өнімдерін өңдеу үрдісі кезінде анализ жасап білуге болады.
Зауыттар ауаға ұсақ дисперсті қалдықтарды, көміртегі оксиді, күкірт сутек сияқты күшті улы заттарды шығарады. Күкірт ангидриді ауада SO3 дейін тотығады, ал атмосфералық ауамен әрекеттсіп, өсімдіктерге зиян келтіретін, топырақта қышқыл орта жасайтын, металл коррозиясын түзетін үрдіске әкеп соғатын күкірт қышқылы түзеді.
Тұрғылықты мекен ететін жерлерде, атмосферадағы қалдық заттардың шекті рұқсат етілген концентрациялары бекітілген. Бір күндік шекті рұқсат етілген концентрацияның максимальды көрсеткіштен аспаса, онда адам ағзасына зияны болмайды. Атмосфераға түсетін ең қауіпті көмірсутекті қалдық технологиялық құрылғылардан және факельді шаруашылықтан бөлінген өнімдер. Бұндай қалдықтар өте көп мөлшерде бөлінетіндіктен оларамен қарсы күресу өте қиын. Көміртегі оксидінің қалдықтарын, көміртегі екі оксидіне дейін каталитикалық күйдіру арқылы азайтуға болады. Күкірт ангидридінің қалдықтарын қолданылатын отынды алдын-ала күкірттендіру арқылы жүзеге асыруға болады.
Шаң қалдықтарын газдарға қарағанда тазалау оңайға түседі. Шаң тазалайтын құрылғыларды бірнеше түрге бөлуге бөледі: 1. механикалық тазалау құрылғылары, ауырлық күшінің әсерінен шаңның ұсақ бөлшектері тұнады немесе ротационды шаң ұстағыш, орталық күш –циклондардың пайда болунынан, 2. дымқыл тазалау құрылғылары, 3. матадан немесе ұсақ сүзгі материалдан тұратын фильтр, 4. электрофильтрлер. Мұнай өңдеу өнеркәсіптерінде көбінесе бірінші топтың құрылғылары және циклондар қолданылады.
Ластану көзі және су қоймаларын ластанудан қорғау. Суды үнемдеп пайдаланудың тәсілдері. Өнеркәсіп қалдықтарының кез-келгені суқоймаларын (ау суын) ластап, өсімдіктер мен жануарларға зиян келтіреді.
Мұнай өңдеу өнеркәсіптерінен әртүрлі органикалық заттар шығарылады. Бұл заттар микроорганиздер қатысында атмосферадағы келетін және су қоймаларындағы оттегінің пайдалана отырып, тотығады. Бұл үрдісті схемалық түрде төмендегідей көрсетуге болады:
СnH2nOn + O2 = CO2 + H2O -∆H
Органикалық заттар CO2 және H2O дейін тотығады. Бұл зиянсыз және өздігінен суқоймаларын тазалауға қабілеті бар. Бұл кезде суқоймаларындағы оттегі жұмсалады. Белгілі уақыт аралығында органикалық заттардың бір литрде оттегінің бір граммы тотығу саны оттегінің биологиялық қажеттілігі деп аталады. Мұнай өңдеу өнеркәсіптерінде оттегінің биологиялық қажеттілігі 250-450 мг/л құрайды. Тазаланбаған ағындарға қалдықтардың түсуі суқоймаларындағы оттегінің мөлшерін азайтады немесе толығымен жұмсалады. Соның салдарынан оттегін қажет етпейтін анаэробты организмдер түзіліп, суқоймалары шіри бастайды. Суқоймаларынан түскен мұнай өнімдері әртүрлі формада ластанады: 1. мұнай қабыршақтары ретінде су бетінде жүреді; 2. судағы еріген немесе эмулбцияланған мұнай өнімдері; 3. тұнып қалатын ауыр фракция; 4. суқоймаларының грунттармен адсорбцияланады. 1 грамм мұнай суқоймаларының беткі қабатында 1м3 дақ болып, ал 1 тонна мұнай 500 га алқапты алып жатады.
Еріген және эмульцияланған мұнай өнімдері микроорганизмдермен қиын тотығатын заттар болғандықтан, оларады тазалау үлкен алқапта жүреді. Концентрациясы 0,2 мг/л күкіртті мұнай жас шабақтарға үлкен зиян келтіреді. Концентрациясы 0,1 мг/л болатын автокөлік бензині ауыз суын жарамсыз етеді. Беттік-активті заттар жағымсыз иіс пен дәм береді де берік көбік түзіп, суда аэрацияның болуына кедергі келтіреді.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келсек ағын суларды су қоймаларынң суларымен араластырған кезде, оның тазалығы нормативтік заңдылықтарға толығымен сәйкес болу қажет. Ағын суларды су қоймаларының суларымен араластырған кезде, оттегінің мөлшері 4 мг/л ден аспау керек, оттегінің биологиялық қажеттілігі 3 мг/л, өлшенген заттардың мөлшері 0,75 мг/л, хлоридтер-359 мг/л, сульфаттар - 500 мг/л болуы керек. Судың иісі, дәмі болмау керек, сутектік көрсеткіш 6,5 ≤ рН ≤ 8,5 аралығынан аспау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |