Практикалық сабақ 5. Металсиымдылық, тораптар мен бөлшектердің құрылмаларын жасауды жеңілдету.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Металсиымдылық және оның түрлері.
2. Металсиымдылықты азайтудың негізгі бағыттары.
3. Материалды пайдалану коэффициентін көтеру.
Сабақтың мақсаты:
Тамақ өндірісінде қолданатын материалдардың металсиымдылық және оның түрлерімен танысу, металсиымдылықты азайтудың негізгі бағыттарын зерттеу.
Бақылау сұрақтары:
1. Металсиымдылық қандай түрге бөлінеді?
2. Құрылымдық металсиымдылық деген не?
3. Өзіндік металсиымдылық деген не?
4. Металсиымдылықты азайтудың негізгі бағыттары қандай?
5. Массаны азайту жолдарын айтыныз?
6. Материалды пайдалану коэффициентін көтеру әдістері қандай?
Әдістемелік нұсқау:
1. Металсиымдылық және оның түрлері.
Металсиымдылық құрылымдық және өзіндік болып бөлінеді.
Құрылымдық металсиымдылық - таңдап алынған материал номенклатурасын тиімді пайдалануды; қымбат және табылмайтын материалдарды қолданбау мүмкіндігін; стандартты профилдерді пайдалануды т.б. зерттейді.
Өзіндік металсиымдылық – көлемнің машинаның негізгі өлшемдеріне (қуат, өнімділік т.б.) қатынасын зерттейді.
, (5.1)
Өзіндік металсиымдылық (яғни техника-экномикалық сипаттама бірлігіне қатысты) қуаттылығы және өнімділігі әртүрлі, бірақ бірдей жағдайда пайдаланатын машиналарды салыстыру үшін қажет.
2. Металсиымдылықты азайтудың негізгі бағыттары.
Металсиымдылықты азайтудың негізгі бағыттары мынадай:
1) Салмақты (массаны) азайту;
2) Материалды пайдалану коэффициентін көбейту (машинаның негізгі өлшемінің салмағына қатысты);
3) Тораптар мен бөлшектердің унификациясы;
4) Қатаңдықтың артық мөлшерін азайту, метал материалдарды метал емес түрімен алмастыру, берік материалдарды қолдану арқылы құрастыру сұлбаларының тимділігін арттыру.
3. Материалды пайдалану коэффициентін көтеру.
Материалды пайдалану коэффициентін көтеру жолдары мынадай:
соғылма бөлшектерді құйма бөлшектермен ауыстыру;
ыстық және суық қалыптаумен дайындау;
стандарттық және арнайы жеңілдетілген профилді қолдану.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. А.Е. Проников. Надежность машин,-М.: Машиностроение,1978.
2. Соколов В.И. Основы расчета и конструирования машин и аппаратов пищевых производств. - М.: Колос, 1992. – 399 с.
3. Харламов С.В. Практикум по расчету и конструированию машин и аппаратов пищевых производств. – Л.: Агропромиздат. Ленинградское отд-ние, 1991. – 256 с.
Практикалық сабақ 6. Құрылма қатаңдығын анықтайтын факторлар.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Құрылма қатаңдығын анықтайтын факторлар.
2. Қатаңдықтың өзіндік көрсеткіштері.
3. Қатаңдықты арттырудың құрамалық тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Тамақ өндірісінде қолданатын құрылма қатаңдығын анықтайтын факторлар танысу, қатаңдықты арттырудың құрамалық тәсілдерін зерттеу.
Бақылау сұрақтары:
1. Құрылма қатаңдығын қандай факторлар анықтайды?
2. Әр түрлі материалдардан жасалған бөлшектер массасын, беріктігін және қатаңдығын салыстыру кезінде қандай жағдай қарастырылады?
3. Қатаңдықтың салыстырмалы коэффициентін қалай анықтауға болады?
4. Қатаңдық қорын қалай анықтауға болады?
5. Бөлшек массасын қандай формуламен анықтауға болады?
6. Қатаңдықты арттырудың құрамалық қандай тәсілдері бар?
Әдістемелік нұсқау:
1. Қатаңдықтың өзіндік көрсеткіштері.
Құрылма қатаңдығын келесі факторлар анықтайды:
- материалдың серпімділік модулі (созылу-сығылу кезіндегі қарапайым серпімділік модулі−Е; айналу, иілу кезіндегі модуль−G).
- кесіндінің геометриялық сипататтамалары (F кесіндісінің ығысу, созылу-сығылу кезінде; I−иілу кезіндегі инерция моменті; Iр−айналу кезіндегі).
- деформацияланатын дененің сызықтық өлшемі (L);
- ауырлық және тірек түрлері ( коэффициенті).
2. Қатаңдықтың өзіндік көрсеткіштері.
Әр түрлі материалдардан жасалған бөлшектер массасын, беріктігін және қатаңдығын салыстыру кезінде төрт түрллі жағдай қарастырылады:
- Конфигурациялары бірдей бөлшектер (бірдей салмақ кезінде кернеуі де бірдей, ).
- Қатаңдығы бірдей бөлшектер
- Беріктігі бірдей бөлшектер .
- Массасы бірдей бөлшектер.
3. Қатаңдықты арттырудың құрамалық тәсілдері.
Қатаңдықты арттырудың құрамалық тәсілдері төмендегідей:
- Иілуді барлық шарттар арқылы жою, сығылу немесе созылу арқылы оны ауыстыру.
- Иілетін бөлшектер үшін – мақсатқа сәйкес тіректер қою және қатаңдық бойынша әртүрлі тиімсіз салмақтарды жою.
- Рационалды, бірақ массаны біртіндеп өсіру арқылы кесіндінің инерция моментін арттыру.
- Сығылуға жұмыс істейтін қабырғаларды рационалды күшейту.
- Бір кесіндіден екіншіге өту және тығындау аудандарын күшейту.
- Диагоналды және тура байланыстарды енгізу арқылы деформацияны тоқтату.
- Қатаңдыққа аралас бөлшектерді пайдалану .
- Қорапты бөлшектер үшін әртүрлі сфералық, жұмыртқа тәріздес және т.б. формаларды пайдалану.
- Диск түріндегі бөлшектер үшін конусты, сфералық формаларды, гофрлеуді пайдалану.
- Плитка түріндегі бөлшектер үшін берік қорапты, екі денелі, ұяшықты және ұялы құрылмаларды қолдану.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. А.Е. Проников. Надежность машин,-М.: Машиностроение,1978.
2. Соколов В.И. Основы расчета и конструирования машин и аппаратов пищевых производств. - М.: Колос, 1992. – 399 с.
3. Харламов С.В. Практикум по расчету и конструированию машин и аппаратов пищевых производств. – Л.: Агропромиздат. Ленинградское отд-ние, 1991. – 256 с.
Достарыңызбен бөлісу: |