Пән оқытушысы: Төреқожаева Шолпан
Тобы: МДБ – Т – 14к
Күні: 06.11.2014
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесінде формуламен жұмыс.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың Microsoft Excel кестелік процессоры жайлы түсінік бере отырып, қарапайым формулаларды құру және қолдану, құрылған формулаларды түзету тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау есте сақтау қабілеттерін дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, білім-білік, дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, әдептілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу. Мұқияттылыққа, өз-өзіне сенімді болуға баулу.
Кәсіби: Оқушыларды ақпараттық мәдениетке, кәсіби сауаттылыққа тәрбиелеу отырып, болашақ мамандығына байланысты кәсіби бағыт беру.
Сабақтың типы: аралас сабақ
Қолданылатын пед.технология: Дамыта оқыту технологиясы /ДОТ/,
компьютерлік оқыту технологиясы /КОТ/;
Оқыту әдіс-тәсілдері: түсіндіре-баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі,
миға шабуыл әдісі, ақпарат әдісі, көрнекілік әдісі;
Қолданылатын техникалық құралдар, көрнекілік: интерактивті тақта, компьютерлер, электронды оқу құралы, лабораториялық жұмыстар нұсқасы, таратпалар.
Пәнаралық байланыс: математика, экономика
Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. «Информатикадан 30 сабақ», Бөрібаев, Балапанов
2. «Информатика», М.Байжұманов, Л.Жапсарбаева
3. «Информатика негіздері», Г.Жапарова
4. «Информатика», К.Беркінбаев.
5. «Информационные технологии», О.Голицына
6. «Ақпараттық сауаттылық» министрлікпен бекітілген электронды оқу құралы.
Күтілетін нәтиже: Microsoft Excel-де формулалар енгізе білу, есептер шығару, функцияның графигін салу.
Оқушы білу керек: Microsoft Excel-де кестеге мәліметтер жазу және оларды өңдеуді, адрестерді дұрыс көрсетуді, кестені безендіру әдістерін;
Оқушы меңгеру керек: Әр түрлі типтегі формулаларды енгізе білу, есептеулер түріне байланысты формуланы өзгертіп отыруды, функцияның графигін салуды, эканомикалық есептерді шығарудың тиімділігін;
№
|
Кезеңдері
|
Мазмұны
|
Жұмыс түрі
|
Әдіс – тәсілдері
|
|
1.Ұйымдастыру кезеңі:
|
Кабинет тазалығы, сабаққа дайындығын қадағалау
Оқушыларды түгендеп журналға белгі соғу
Оқушылар назарын сабаққа аудару
Топты екге бөліп, топтың атын әр топ өзі қояды, топ басшысы сайланады.
Оқушыларға бағалау парағын таныстырамын. Әр тапсырма соңында MS Excel-де бағалау парағы баллдық жүйемен қойылады, ең соңында топтағы оқушы санына бөлінеді әр оқушы тиесілі бағасын алады.
|
|
|
|
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
|
/Электронды оқулықпен жұмыс/
Оқушыларға өткен материалды қайталау мақсатында «Компьютерлік сауаттылық» электронды оқулығынан 8 модуль тапсырмаларын орындау.
|
|
|
|
ІІІ. Жаңа мағынаны тану кезеңі.
Жаңа сабақты түсіндіру.
|
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру;
Жаңа сабақтың жоспары бойынша интерактивті тақта арқылы көрсете отырып, оқушыларға тапсырма беру арқылы ауызша баяндау;
Microsoft Excel электрондық кестесіне есептеулер формула арқылы жүргізіледі. Формула сандық тұрақтылардан (ұяшықтағы сілтемелерден және математикалық амалдардың таңбалары мен байланысқан кестелік процессорың функцияларынан) тұрады.
Формулалар мен функцияларды қолдану мүмкіндігі электронды кестелерді өңдеу бағдарламасының аса маңызды қасиеттернің бірі болып табылады. Бұл мүмкіндік кестедегі сандық көрсеткіштерге есептік талдау жасауға мүмкіншілік береді. Кестенің ұяшығына формуланы енгізгенде Excel бағдарламасында оны мәтіннен айыру үшін, алдына міндетті түрде теңдік «=» белгісін қою керк. Теңдік белгісінен кейін ұяшыққа арументтерден, арифметикалық операциялар мен функциялардан тұатын математикалық амалдар жазылады.
Формула жұмыс беттеріндегі немесе басқа файлдағы кестеде орналасқан ұяшыққа сілтеме жасауы мүмкін. Бір рет енгізілген формула әр уақытта модификациялануы мүмкін. Формула менеджері қолданушыға қатені табуға немесе үлкен кестедегі дұрыс емес сілтемені табуға көмектеседі.
Формуладағы ұяшыққа сілтеме салытырмалы түрде жасалады.
Салыстырмалы сілтеме формуланы көшіру барысында келесі ұяшықтардың адресі салыстырмалы түрде өзгеріп отыады.
Абсолютті сілтеме формуланы көшіру кезіне ұяшықтың адресі өзгермей сол күйінде қалады.
Excel бағдарламасы енгізілген мәліметті мәтін ретінде немесе сандық көрсеткіш ретінде қабылдайды. Формула енгізу үшін алдымен теңдік белгісі қойылған алгебралық амалды енгізу керек. Мысалы: A1 ұяшығында 100 саны B1 де 20 саны екі саның бөліндісін есептеу үшін C1 ұяшығына нәтиже шығатындай етіп =A1\B1 теңдеуін енгізу керек.
Мысал: жылдың басында жинақ есепшотының жарнамасы 200000 теңгені құрайды, жылына 10% пайыздық мөлшермен 7 жылдан кейін есепшотта қанша ақша болатынын анықтаңыз
|
|
|
|
Жаңа сабақты бекіту
|
|
|
|
|
Сабақты қорытындылау.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |