233
Q2) Жазу-оқу құрылғысы ешнәрсені өзгертпей реттіліктің аяғына дейін
қозғалады;
Q3) Жазу-оқу құрылғысы бос ұяшықты көргенде оң жаққа қозғалады және
бірлікті жазады, егер ол бірілкті көрсе – шетінде символ жазу үшін әрі қарай қозғалады.
Бірлікті жазғаннан кейін Q4 күйге ауысады;
Q4) Жазу-оқу құрылғысы ешнәрсені өзгертпей жазылған бірліктерден өтеді.
Реттілікті бірліктерден айыратын бос ұяшыққа жеткеннен кейін жаңа Q5 күйге
ауысады;
Q5) Бұл күйде жазу-оқу құрылғысы ешнәрсені өзгертпей реттіліктің басына
қозғалады. Бос ұяшыққа жеткенсон жазу-оқу құрылғысы бұрылады және Q1 күйге
ауысады.
Жазу-оқу құрылғысы q0 күйін алады, егер ол Q1 күйде берілген реттіліктің
шетіне дейін өтіп бос ұяшықты кездестірсе.
Осындай программаны аламыз (сур. 6):
Сурет 6. Тьюринг машинасының программасы.
Сонымен, оқу барысында Тьюринг абстрактылы машинаның компьютерлік
моделінің пайдалануы алгоритмдеу және программалау мәселелерді толық зерттеп
түсінуге әкеледі. Информатика сабақтарының қызығушылығын
арттырады және
студенттің шығармашылық дамуына мүмкіндік тұғызады.
Әдебиет:
1. Тихомирова А.Н., Сафоненко Н.В. Практикум по теории алгоритмов: Учебное пособие. -
М.: НИЯУ МИФИ, 2011.
2. Игошин В.И. Теория алгоритмов: Учеб. пособие. - М.: ИНФРА-М, 2016.
3.
http://kpolyakov.spb.ru/prog/turing.htm
- учебная модель абстрактной вычислительной машины.
УДК 372.891
9-СЫНЫП ГЕОГРАФИЯСЫНДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ
ТАНЫМДЫҚ МАҢЫЗЫ
Ахмет М.А.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
9-сынып география оқу пәнінің базалық мәнін талдайтын болсақ, бірінші
«Кіріспе» сағатына 1 сағат бөлінген. Онда экономикалық және әлеуметтік география
ұғымы, мақсаттары мен міндеттері қарастырылған. «Қазақстанның экономикалық және
234
әлеуметтік географиясы» курсы, сонымен қатар әлеуметтік бағыттағы мәселелерді
халықтың өмірі мен еңбегін, демалысы, халыққа қызмет көрсету салаларының
дамуынжәне экологиялық проблемалары қарастырылады. Пәннің міндеті – оқушыларға
экономикалық, географиялық білім беру, оларды табиғат ресурстарын үнемдеп
айдалануға, қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық проблемаларды шешуге, сондай ақ
алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
9 сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1. тақырыптың «экономика», «экономикалық жүйе» терминдерін;
2. ел шаруашылығы дамуының негізгі кезеңдерін;
3. Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын;
4. экономикалық-географиялық жағдайдың түрлерін;
5. өндіріс факторларын және экономиканың негізгі сұрақтарын;
6. Қазақстан халқының орналасуын, санын, табиғи өсімін және ұдайы өсуін,
халық құрылымының, құрамының түрлерін, оның ерекшеліктерін;
7. елді мекендердің түрлерін, «урбандалу», «агломерация» ұғымдарын;
8. еңбек ресурстарын, еңбекпен қамтылу құрылымындағы өзгеріс және көші-қон
беталысын;
9. мұнай, газ, көмір алаптарының ірі кен орындарын, темір рудасы кен
орындарын, түсті металдар, химия және құрылыс өнеркәсібі шикізаттарының ірі кен
орындарын;
10. ірі электр стансаларын, негізгі металлургия базаларын, металлургия, ауыр
және еңбекті көп қажет ететін машина жасау, ауыл шаруашылық, көліктік машина
жасау, мұнай өңдеу орталықтарын, химия зауыттарын, негізгі көлік магистральдарын;
11. экономикалық аудандастыру, географиялық еңбек бөлінісі, экономикалық-
географиялық жағдайы, өнеркәсіп торабы, аумақтық-өнеркәсіптік кешен, кластер және
технопарк ұғымдарын;
12. экономикалық аймақтардың даму проблемаларын және негізгі беталыстарын;
13. табиғат
жағдайларының,
ресурстарының
және
шаруашылықтың
мамандануының себеп-салдарлық байланысын;
14. экономикалық аймақтардың «экономикалық жүзін» анықтайтын негізгі
маманданған салаларын, аумақтық-өнеркәсіптік кешенін (АӨК), өнеркәсіп тораптарын
және қалаларын;
15. геосаясат, геосаяси жағдай, саяси байланыстар, сыртқы экономикалық
байланыстар және адамзат дамуының индексі (АДИ) ұғымдарын.
9 сыныптың соңында оқушылар:
1. елдің, аймақтардың, облыстардың шекараларын, облыс орталықтарын, ірі
қалаларды және өз елді мекенін картадан көрсете;
2. 9-сынып атласындағы тақырыптық карталарды, карта-сызбанұсқалардың,
кестелердің, диаграммалардың, статистикалық кестелердің деректерін талдай, өзгеріс
динамикасын көре және қорытынды шығара;
3. берілген тақырып бойынша тақырыптық карталарды талдап, тұжырымдама
жасай;
4. халықтың табиғи өсімін, ұдайы өсуін, құрылымын, урбандалу дәрежесін
есептей және қорытындыны тұжырымдай;
5. жоспар бойынша елді-мекенге сипаттама бере;
6. Қазақстан экономикасы салаларына қажетті пайдалы қазбалардың негізгі кен
орындарын анықтай және көрсете;
7. экономика салаларының өнеркәсіп орталықтарын, байланыс жүйелерін, ауыл
шаруашылық өнімдерін шығаратын аймақтарды анықтау және көрсету, оларды кескін
картаға белгілеу және орналастыру факторларын түсіндіру;
235
8. жоспар бойынша экономиканың салаларына және өнеркәсіп аймақтарына
сипаттама беру, оларды жалпы және параметрлері бойынша салыстыру, нәтижені
тұжырымдау;
9. экономикалық аймақтарды, салаларды, аумақтық-өнеркәсіптік кешендерді
салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, қорытынды жасай;
10. тақырыпта аталған, экономикалық, саяси, саяси-экономикалық нысандарды
карталардан көрсете;
11. Қазақстанның дүние жүзілік экономикадағы орнын. Қазақстанның басқа
елдермен саяси, сыртқы экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын;
12. елдің саяси, сыртқы экономикалық байланыстарын түсіндіре;
13. тақырыпта аталған, экономикалық, саяси, саяси-әкімшілік нысандарды
карталардан көрсете алулары керек. [1].
Практикалық
тапсырмаларға
тоқталмастан
9-сынып
«Қазақстанның
экономикалық, әлеуметтік географиясы» пәнінің пәнаралық, басқа ғылым салаларымен
байланысына тоқтала өткен жөн.
«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
география» курсының жалпы пәнаралық мазмұнына тоқталсақ, бұл география курсы
тарих, химия, математика пәндерімен тығыз байланысты, сонымен қоса 9-сынып
географиясы өзге де әлеуметтану, саясатану, экономика сияқты басқа ғылым
саларымен байланысы бар (1-сызбанұсқа). Өйткені осы география курсы Қазақстанның
тарихынан басталады, экономикалық әл-ауқатына және халықтың әлеуметтік
жағдайына, көші-қоны, шараушылығы зертейді. Елдегі шарушылық түрлері,
металлургиялық, жеңіл өнеркәсіптік кешендер, химия өнеркәсібі, пайдалы қазбалар
түрлері олардың химиялық құрамы, ол химия пәнімен тікелей байланысы бар. Ал
еліміздегі пайдалы қазбалардың. Жалпы табиғат ресурстарының келешектері қорын
бағалау, неше жылдық қоры қалғанын болжау ол экономикалық және математиканық
есепті қажет ететіні мәлім, сол себепті бұл жерде математика пәнімен байланысы бекер
емес-ті. Жалпы география пәні математикамен тығыз байлыныста, себебі география
қайбір саласын ашсақ та онда матетматикалық есептеулер жасау қажеттігін байқау
қиын емес.
Практикалық жұмыстар – оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі. Мақсаты мен
міндеті лабораториялық жұмысқа ұқсас. Практикалық жұмыстар оқу бағдарламасына
енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Практикалық
жұмыстарды жүйелі түрде орындау – анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы
теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің
дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы. Практикалық жұмыстар
білімді бекітуге және нақтылауға себепші болады. Практикалық жұмыстарды орындау
мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты [2].
Оқулық мазмұнында оқушыларға практикалық тапсырмаларды орындауға
статистикалық материалдар, диаграммалар, кестелер, сызбалар мен карталар берілген.
Әрбір тақырыптан соң берілген сұрақтар мен тапсырмалар және қосымша деректер
оқушылардың оқулық мазмұнында алған білімдерін қорытындылай алады және
олармен жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар кітаптың соңғы беттерінде
қосымшалар берілген. Онда кесте түрінде берілген түрлі мәліметтер, мысалға айта
кетсек «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аймақтық бөлінуі», «Жан басына
шаққандағы тамақ өнімдерінің тұтынуы» т.с.с. көрнекілік кестерлер (2-кесте) жатады
[3].
1-сызбанұсқа. 9-сынып географиясының пәнаралық және өзге ғылым салаларымен
байланысы.
236
9-сынып география курсының басты ерекшелігі, басқа сынып география
курстарына қараған мұнда мамандандыру бағыты қарастырылған. Бұл 9-сынып
оқушылары үшін өте маңызды болып есептеліне, өйткені оқушылар өздерінің келешек
мамандарын таңдауды бастайды. Осы «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
география» курсындағы практикалық тапсырмалардың көмегі арқылы оқушылардың
негізгі танысатын мамандық салалары, танысатын мамандық салаларына көз жүгірсек:
металлургия, машина жасау, мұнай-газ, химия, темір жол, тамақ және жеңіл өнеркәсіп
т.с.с. маман түрлерімен танысып өтеді.
Практикалық
тапсырмалардың
география
сабағындағы
орны
ерекше.
Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы оқушыларды дәлдікке ұқыптылыққ,
іскерлікке, бірізділікке баулиды.
Бағдарлама бойынша 9-сынып география курсын оқытуға арналған практикалық
жұмыстар саны 8, яғни 68 сағаттың 8 сағаты практикалық жұмыстарға арналып отыр.
Ендеше практиклық жұмыстарға тоқтала кетсек:
№1 практикалық жұмыс
«Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайын және саяси-әкімшілік
құрылымын анықтау»
1. Қазақстан Республикасының географиялық орнына сипаттама бер.
2. Облыстардың атауларын, олардың орталықтарын және республикалық маңызы
бар қалалардың атауларын жаз. Қазақстанның Солтүстік, Шығыс, Оңтүстік,
Орталық және Батыс облыстарын әр түрлі түспен бояу (оқулық қосарбетін
қара). Номенклатураға дайындалу
3. Құрлықта бір мезгілде:
1) Түркіменстан мен Өзбекстанмен;
2) Ресеймен және Қытаймен;
3) Өзбекстанмен және Қырғыстанмен;
4) Ресеймен және Өзбекстанмен;
5) Қытаймен және Қырғызстанмен шектесетін Қазақстанның облысын тап.
2-кесте. Жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну кг есебімен.
237
Азық-түлік түрлері
1999
ж.
2000
ж.
2001
ж.
2002
ж.
Ет 1 т етке шаққандағы ет өнімі (табиғи май және
жартылай өнімді қоса)
44
44,4
44
45
Сүт және сүтке шаққандағы сүт өнімдері
211
235
235
232
Жұмыртқа, дана
101
105
109
113
Балық және балық өнімдері
4,4
4,7
8,3
8,6
Қант
20,3
21
26,4
21,7
Өсімдік майы
7,2
8,6
13,8
12,6
Картоп
60
66
66
65
Көкөніс және бақша дақылдары
76
86
83
81
Жеміс-жидектер (шарап үшін өңделмеген)
9
9
35
33
Нан өнімдері (нан және макарон өнімдері)
128
123
120
120
География пәніне арналған дидактикалық құралда оқушылардың білігі мен
дағдыларына талап, ағымдағы бақылаулар, оқушылардың логикалық ой-өрісін
дамытуға арналған сұрақтар беріледі. Бұл тапсырмалар оқушылардың өз беттерімен
талдау жасау дағдыларын жетілдіруге, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға
көмектеседі. Әр тарау бойынша берілген тапсырмалар тақырыпқа сай, оқушылардың
танымдық белсенділігі мен пәнге қызығушылығын арттыратындай түрлендіріп ,
күрделене берілген. Проблемалық, ситуациялық, логикалық сұрақтар оқу материалын
тиімді менгеріп, есте сақтауда көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалар тарауларды
қорытындылауда, қайталауда пән мұғалімдері мен оқушыларға көмектеседі. Сонымен
қатар практикалық тапсырмалар оқушылардың шығаршылық деңгейдегі қасиеттерін
оятады (3-кесте) [4].
Осындай практикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың дайындық деңгейін
анықтауға болады. Практикалық жұмыстар арқылы оқушлар елімзді жан-жақты танып,
еліміздің әл-ауқаты біліп, халқымздың көп екендігін, көп ұлтты мемлекет екенімзі
аңғарады. Елімізде сонымен қатар табиғат ресурстарына бай екенін біліп, өзінің еліне,
жеріне деген сүйіспеншілігі арта түспек.
Оқушылардың білім, дағды іскерліктерін тексеруге арналған деңгейлік
тапсырмалар.
І деңгей тапсырмалары:
1. Республикадағы темір кеніне бай жерлерді картадан көрсетіп, кескінін түсіру
2. Никель мен хромның кен орындары картадан көрсету
3. Химия өнеркәсібі салалық құрамын атау
4. Фосфорит кені мол жерлерді кескін картаға түсіру
5. Ең ірі суперфосфат зауытын картадан көрсет
ІІ деңгей тапсырмалары:
1. Экономикалық және әлеуметтік география______зерттейді
2. Қазақстанның дүние жүзі кртасындағы географиялық жағдайының басты
ерекшелігі_____________
3. Қазақстанның теңіздік шекрасы_____км, құрлықтық шекарасы_________км
ІІІ деңгей тапсырмалары:
1. 2012 жылы Астана қаласының халқы 760,7 мың болды. 19,4 мың сәби туылып,
3,5 мың адам қайтыс болды . Астана қаласының туу, өлу, табиғи өсім коффицентін
анықта.
2. 2012 жылы Қостанай облысына көшіп келгендер 5,6 мың, көшіп кеткендер 8
мың адам. Қостанай облысындағы көші-қон сальдосын есепте [5].
3-кесте. Оқушының шығармашылық потенциалына әсер ететін түрлі тапсырмалар.
238
Әдебиет:
1. Негізгі орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің оқу
бағдарламалары (5-9 сыныптар) Ы.Алтынсаринатындағы Ұлттық білім академиясы, Астана
2013, 18-20 б, 27-35 б.
2. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. – Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006, 55-57 бет
3. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-
сыныбына арналған /Е. Ахметов, Н. Кәрменова, Б. Асубаев - Алматы: «Мектеп» баспасы,
2005. – 176 бет, суретті.
4. https://infourok.ru
5. https://ust.kz/word/
УДК 378:37.018
ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОДГОТОВКА СТУДЕНТОВ В ВЫСШЕЙ ШКОЛЕ
Базарбеков К.У., Тарасовская Н.Е.
(Павлодарский государственный педагогический университет)
В недалеком прошлом в Казахстане работало 126 гражданских высших учебных
заведений (государственных и частных), где ежегодно обучалось свыше 363 тысяч
студентов по очной форме обучения по более чем 300 специальностям. Эти будущие
специалисты призваны были трудиться на разных должностях во всех областях
культуры и народного хозяйства. И у многих из них складывались лишь поверхностные
представления
о
реальной
картине
взаимодействия
человечества
и
природы.Современная критическая экологическая ситуация в мире и нашей стране
Шығармашылық тапсырмалар
Психикалық қасиеттерінің
дамуына ықпал етеді
Репродуктивті
деңгей
Сурет
Елестету
Хабарлама
Ауызша сөйлеу, жады
Сканворд, чайнворд, ребус
красворд
Есте сақтау,ойлау,зейіні
«Түсінік-термині» ойыны
Есте сақтау, зейін
ішінара ізденіс
деңгейін
Қатесі бар әңгімелер
Жад, зейіні
Логикалық тізбек
құрастыру
Логикалық ойлауы, зейіні
Объектті тап (контуры,
картадағы
фрагменті, сипаттамасы
арқылы,)
Зейін
Шығармашылық
деңгей
Саяхат
Зейіні, жады, ойлауы, елестету
Географиялық
тапсырмаларды орындау
Зейіні, логикалық ойлауы
Территория жасау үлгісі
Логикалық ойлвуы, елестеу
Достарыңызбен бөлісу: |