Шәкәрім жоғары колледжі
Пән: «Фармакология және токсикология»
Топ:ВМ-21
Тақырып: №42 Инсектицидтік және акарацидтік заттар.
Жоспары
Инсектицидтік препараттар
Акарацидтік препараттар
Қолданылуы
Акарицид дәрілерді жануарлар денесіне кене жабысардың алдында қолдану шарт. Ол үшін неғұрлым әсері ұзаққа созылатын дәрілерді таңдап алу керек. Бірақ әр препараттың кенелердің балапан-кене, нимфа және имаго сатыларына тигізетін әсері әр қилы екенін ескеру керек.
Акарицидтерден мал уланып қалуы да мүмкін. Акарицидтердің әсеріне төл және арық мал, сондай-ақ ұзақ айдаудан келген мал өте сезімтал екендігі белгілі. Күннің ыстығы да дәрінің теріден тез сіңуіне әсерін тигізеді. Сондықтан 3 айға дейінгі төлге тууына 1 ай қалған буаз малға кенеге қарсы дәрі қолдануға болмайды. Уланудан сақ болу үшін малды күннің салқын кезінде дәрілеу шарт. Әрбір дәрінің әсерлі заттарының (әз) мөлшерін көрсеткен паспорты болуы керек. Онсыз дәріні қолдануға болмайды. Акарацид дәрілер улы болғандықтан оларды арнайы орындарда сақтап, оларды сақтау мерзімі және қолданылу мөлшерін мұқият тексеру қажет. Мал ауруларымен қатар адам ауруларын тасымалдайтын кенелерге қарсы күрес жүргізгенде кене денеге жабыспас үшін арнайы комбинезон кию, малмен жұмыс істегеннен кейін денені қарап шығу және т.б. сақтық шараларын қолдану қажет. Малға жабысқан кенелерді жою үшін акарицид дәрілерді бүрку арқылы немесе сол дәрілермен тоғыту арқылы дәрілеу жұмысы жүргізіледі. Ірі қара мен қойды шомылдыру үшін арнаулы жүзіп өтетін тоғытпа жасалады. Тоғытпа кірпіштен, тастан, темір бетоннан жасалған күрделі құрылыс. Қой тоғытатын тоғытпаны ферма маңына салады. Тоғытпа маңында құдық болуы тиіс, оған мал тоғытылған сұйықтықты ағызып, біртіндеп жерге сіңіртеді. Малды тоғыту үшін акарацид ерітінділері мен эмульсиялары қолданылады.
Ірі қараны бүрку әдісімен дәрілеу үшін 0,2% бензофосфат, 0,5% циодрин, 0,15% дурсбан эмульсияларын әрбір 7 күн сайын, әр жануарға 1-3 л мөлшерде қолдануға болады. Жеке малдарға аэрозольді дерматозол баллонын әр малға 60-80 г есебімен қолданады.
Қойды арнайы тоғытарда шомылдырады. Ол үшін 0,2% бензофосфат, 0,05% неоцидол, 0,1% дурсбан акарацидтермен әрбір 9-10 күн сайын шомылдырады. Суық маусымда ірі қарада Hyalomma туысына жататын кенелер кездеседі. Оларға қарсы севин дустын пайдалануға болады. Малды дустпен емдеу сыртқы аула ішінде жүргізіледі. Оны арнаулы дайындықтан өткен және арнаулы киімі, көз әйнегі, қолғабы және тыныс алатын аспабы бар адамдар ғана жүргізеді. Дусты әуелі сеуіп, сонан соң оны кенесі бар жерлерге ысқылау шарт. Әрбір ірі малға 300-400 г дуст жұмсалады. Жануарлар үстінен артық дәрі түсіп қалу үшін оларды 1-2 сағат сыртта ұстау қажет.
Уақытында B.calcaratus кенелері үш ұрпақ береді. Балапан кенелері 6-7 айдай ашығуды көтереді. Тың жерлерді игеруге байланысты B.calcaratus кенелерінің саны жылдан жылға азайып келеді. Бұл кенелердің биотоптары ағашты-бұталы тау етегінде өмір сүруге қолайлы жағдайлар бар жерлерде кездеседі.
2-сурет. 1,2 – Ixodes туысы; 3,4 – Dermacentor туысы, сол жағындағылары еркегі, оң жағындағылары ұрғашысы
3-сурет. 1,2 – Boophilus туысы; 3,4 – Hyalomma туысы
4-сурет. 1,2 – Haemophysalis туысы; 3,4 – Rhipicephalus туысы
Достарыңызбен бөлісу: |