Пән «Экономикалық теория» Мамандықтар 50506 – Экономика, 50509 – Қаржы, 50508 – Есеп және аудит Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы


«Экономикалық теория» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары



жүктеу 0,51 Mb.
бет2/5
Дата13.01.2020
өлшемі0,51 Mb.
#26501
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5

«Экономикалық теория» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары




Тақырып атаулары
СӨЖО өткізу формалары

1.Экономикалық теорияның пәні мен әдіс-тәсілдері Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.*

2.Қоғамдық өндірістің негіздері. Қоғамдық өндірістің нышандары.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, мақсаттар бұтағын құру.*

3.Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

4.Сұраныс пен ұсынысы теориясының негіздері. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *

5.Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы. Кәсіпорын (фирманың) шығындары мен табыстары

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

6.Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасап, оны рецензиялау және оппонирлеу.*

7.Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамуыдың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, мақсаттар бұтағын құру. *

8. Жұмыссыздық және инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көріністері ретінде. Экономикалық саясаттың негіздері және экономикалық өсу

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат жазу, жек шолу жасап, топтық жобаларды өңдеу.*

* - СӨЖ (СӨЖО) қосымша немесе баламалы формадағы тақырыптар бойынша тыңдаушылардың инициативалық ұсыныстарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған

ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІС-тәсілдері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.

  2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

  3. Берілген тапсырмаларды орындау.

  4. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

  5. Тақырып бойынша глоссарий құру.

  6. Экономикалық теорияның дамуында пайда болған ғылыми мектептер (меркантилизм, физиократ, марксизм, бейклассикалық теория, кейнсиандық, институционализм) бойынша академиялық эссе жазу.

  7. Семинар сабақтың сұрақтарын дәстүрлі жүйеде, сондай-ақ презентация ретінде талқылауға болады.


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар

  1. Өз дамуында экономикалық теория қандай кезеңдерден өтті? Әр кезеңге сипаттама беріңіз.

  2. Экономикалық теорияның пәні және атқаратын қызметтері.

  3. Экономикалық заңдар мен категорияларға сипаттама беріңіз.

  4. Экономикалық теорияда ғылыми танудың қандай әдістері қолданылады?


Тапсырмалар:

  1. Көп нүктенің орнына анықтамасына сай сөзді тауып қойыңыз.

А. Экономикалық теория.

Ә. Экономика

Б. Саяси экономия.



  1. .......... пайданы ұлғайту мақсатында фирмаларды басқару, шаруашылық өмірдің экономикалық заңдылықтарын зерттейді.

  2. ........... материалдық игіліктерді тұтыну, бөлу, айырбастау, өндіруде адамдардың қатынастарын зерттейді.

  3. ........... шектелген ресурстарды оптималды пайдалануда материалды және материалдық емес игіліктерді тұтыну, бөлу, айырбастау, өндіруде адамдардың қатынастарын зерттейді.

2. Көрсетілген категорияларды экономикалық теория құрылымы бойынша орналастырыңыз: сұраным, баға, ұсыным, бәсеке, экономикалық өсу, жұмыссыздық, жалақы, еңбектің халықаралық бөлінуі, бағаның жалпы деңгейі, жиынтық сұраным, жиынтық ұсыным, инфляция, протекционизм, либерализация, баға белгілеу.






Экономикалық теория құрылымы

Категориялары

1

Микроэкономика




2

Макроэкономика




3

Әлемдік экономика







  1. Позитивті және нормативті пайымдауларды анықтаңыз.



Пайымдаулар

Сіздің таңдауыңыз: позитивті немес нормативті экономика

1

Инфляция деңгейін төмендету және өндірістің құлдырауын бәсеңдету немесе тоқтату үшін шаралар кешенін ойластыру




2

Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының экономикасы өсу үстінде.




3

Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құру басқа мақсаттармен қатар, халықтың өмірін сапалы деңгейге көтеруге бағытталған



4. Төменде экономикалық ғылым пәніне берілген анықтамалардың авторларын табыңыздар (А. Смит, Д. Рикардо, А.Маршалл).



Анықтамалар

Авторы

«Экономикалық ғылым экономикалық таңдаудың заңдылықтары мен мәселелерін, шаруашылық салада адамның мінез-құлқының оятқыш мотивтерін зерттейді». Оның міндеті – практикалық өмірде адамның мінез – құлқын басқару. Оны «саяси экономиядан» кең мағыналы «экономикс» терминімен алмастырған дұрыс».




«Саяси экономияның негізгі міндеті әр елдің байлығын көбейту». Сауданың түрлі болуы пайдалы ғана емес, сонымен бірге ол қажет.




«Жерден алынатын өнім – бұл капитал, машина, еңбекті біріктіру жолымен алынатынның барлығы, - қоғамның үш табының арасында бөлінеді. Осы бөлуді басқаратын заңдылықтарды анықтау –саяси экономияның бірінші міндеті»





Тестілік сұрақтар:

1. Қай экономикалық мектеп өз талдауының заты ретінде айналым саласын емес, өндіріс процесін қолданды?

а) меркантилизм;

ә) физиократтар;

б) классикалық саяси экономия;

в) маржинализм.

2. Қоғам мен табиғат заңдарының бірлігі неде?

а) объективті сипатта болуы;

ә) адам әрекеттеріне тәуелсіз;

б) адамның экономикалық қызметінде көрінуі;

в) тарихи өтпелі сипатта болуы;

г) мәңгілік болуы.

3. Жалпы экономикалық теорияның толық мәнін ашатын анықтаманы табыңыз:

а) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің қозғалысы туралы ғылым;

ә) адамның мінез – құлқы мотивациясы туралы ғылым;

б) игіліктерді өндіру және бөлу туралы ғылым;

в) табиғи байлық туралы ғылым;

г) шектелген ресурстар кезінде адам қоғамының дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.

4. Позитивті экономика:

а) қолда бар ресурстарды анықтау;

ә) дағдарыстан шығу жолдарын табу;

б) ішінара және өзара бір- бірімен байланысты экономикалық процестердің және құбылыстардың мазмұнды жақтарын анықтау;

в) әлеуметтік- экономикалық сұрақтар бойынша шешімдер қабылдау.

5. Нормативті экономика:

а) мәнді анықтау мақсатында құбылыстарды, процестерді, фактілерді зерттеу;

ә) экономикалық процестер мен құбылыстар арасындағы өзара байланысты анықтау;

б) табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты анықтау;

в) нақты әлеуметтік- экономикалық міндеттерді шешуде экономикалық заңдар мен принциптерді қолдану.

6. Ресурстардың сирек болуы:

а) адамдардың қажеттіліктерінің шектеулі болуы;

ә) адамдардың материалдық қажеттіліктерінің шексіз болуы;

б) жер ресурстарының қайта жаңарту мүмкіндігінің болмауы, адамдардың материалдық қажеттіліктерінің шексіз болуы.


Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, әр экономикалық мектеп және бағыттарына көңіл қойып, экономикалық теорияның қызметтерін нақты анықтап алу қажет. Сосын қажеттілік, игілік, қызмет, экономикалық ресурстар сияқты экономикалық түсініктерді, экономикалық теорияда қолданылатын ғылыми танудың әдістерін меңгеру керек.
ТАҚЫРЫП 2. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЫШАНДАРЫ.

СӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.



  1. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

  2. Берілген тапсырмаларды орындау.

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

  4. Тақырып бойынша глоссарий құру

  5. «Экономикалық адамның рационалды іс-әрекетінің түрлі модельдері», «Тауар және оның қасиеттері. Тауардық пайдалылығы мен құндылығы», «Қазіргі таңдағы ақша қызметтерінің ерекшеліктері», «Ақша жүйесін ұйымдастыру қағидалары» атты тақырыпқа реферат жазу

  6. «21 ғасыр экономикасындағы адам, нарық және капитал», «Қазақстандағы өндіріс» атты тақырыптарға баяндама дайындау.


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Адамның «экономикалық іс-әрекеті» деген не?

  2. Экономикалық адамның рационалды іс-әрекетінің түрлі модельдерін атаңдар

  3. Еңбек құралдары және заттарының бір-бірінен айырмашылықтары қандай?

  4. Пайдалы қазбаларды алу өндіріс процесі деп атала ма?

  5. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау өндіріс процесі деп атала ма?

  6. Спекуляция (алыпсатарлық) өндіріс процесі бола ала ма?

  7. Материалдық және материалдық емес өндіріс деген не?

  8. Өндірістік фунция мен оның мәніне анықтама беріңдер

  9. Қоғамдық өнімнің қозғалу кезеңдерін атаңдар.

  10. Қазіргі заман талабына натуралды шаруашылық сай келе ме және оның келешегі қандай?

  11. Шаруа бидайды өз шаруашылығында пайдаланса, тігіншінің өзіне арнайы тіккен көйлегі, яғни өзі тұтыну үшін өндірілген зат қалай аталады? Тауар немесе өнім?

  12. Егер тауар сатылмаса, оның тұтыну құны өзгере ме?

Тапсырмалар:

1. Кестеде көрсетілген анықтамалардың қайсысы натуралды шаруашылықты, қайсысы тауар шаруашылығына түсінік беретінін табыңыз.






Анықтамалар

Ұйымдастыру формалары

1

Тұйықталған экономикалық шеңберде дайын өнімді өндіру және тұтыну жүреді




2

Жеке сала щеңберінде шаруашылық байланыстармен дәстүрлік салтта еңбек процесі жүзеге асырылады.




3

Өндіріс меншіктің дара еңбегіне негізделе отырып, жалдамалы жұмыс күшін де қолданады.




4

Дайын өнім меншік иегерінің иелігінде болады және рынокта еркін сатуға белгіленген.







  1. Бос төртбұрыштарға сәйкес келетін анықтаманы қойыңыз.




Натуралды шаруашылық

3. Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы марксистік экономикалық ілімге, қайсысы –неоклассикалық теорияға дұрыс келеді?




Анықтама

Теория

Тауар – сату-сатып алу жолымен айырбасқа арналған еңбек өнімі




Тауар – төлемқабілетті сұранымға ие айырбасқа арналған шектелген экономикалық игіліктер.



4. Келесі тезистер ақшаның қай теориясына сай келеді?






Тезистер

Ақша теориясы

1

Бұл теорияның өкілдері ақша табиғатының құнын теріске шығарып, ақша мәнін айырбастың техникалық құралы ретінде қарастырады.




2

Бұл теорияға сай ақша құны номиналмен анықталады



5. Кестені толтырыңыз.






Ақшаның мазмұнды қызметі

Ақша қызметтерінің атауы

1

Келешекте қоғамда тауарлар мен қызметтерді тұтынуды жақындастырудың мүмкіншіліктері мен қабілеттерін қамтамасыз ету.




2

Тауарлар мен қызметтердің құнын өлшеу қабілеті




3

Тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ салықтарды төлеу қабілеті



6. Төмендегі ситуацияның қайсысы ақша қызметінің мәнін толық көрсетеді:






ситуациялар

Ақша қызметтері

1

Көлік сатып алу үшін сізге ақша керек, ол үшін қала шетіндегі үйіңізді сатпақ ойыңыз бар.




2

Сіз үнемделген ақшаны жинақ банкісінен шот ашып салып қойдыңыз.




3

Ақша жетпегендіктен, Сіз тоңазытқышты несиеге сатып алдыңыз.






Тестілік сұрақтар:

  1. Қоғамдық өндіріс құрымына не жатады:

а) материалдық өндіріс

б) материалдық емес өндіріс

в) материалдық емес және материалдық емес өндіріс, өндірістік емес сала

г) материалдық және материалдық емес өндіріс

д) ұлттық өндіріс көлемі

2. Өндірісті сипаттау үшін келесі экономикалық категориялар қолданылады:

а) өндіріс факторлары, игілік

б) қажеттілік, өндіріс факторлары

в) өндіріс факторлары, игілік, қажеттілік

г) игілік, қажеттілік

д) фирма үшін неғұрлым пайдалы ресурстардың төменгі бағаларындағы өндіріс көлемі

3. Экономикалық тиімділік:

а) шаруашылық іс-әрекет нәтижелерінің қоғамның әлеуметтік мақсататрына сәйкестігі

б) аз шығынмен жоғары нәтижеге жету

в) өндірістің соңғы нәтижесі мен жиынтық еңбек шығындарының ара-қатынасы

г) өндіріс факторларын сандық ұлғайту есебінен қоғамдық өнімді арттыру

д) фирма үшін неғұрлым пайдалы ресурстардың төменгі бағаларындағы өндіріс көлемі

4. Адам еңбек процесінде ықпал ететін заттар кешені:

а) еңбек құралдары

б) өндірістік күштер

в) өндірістік қатынастар

г) еңбек заттары

д) еңбек күштері

5. Төменде көрсетілген анықтамалардың қайсысы натуралды шаруашылықты теріс сипаттайды:

а) натуралды шаруашылықта адам өзіне қажетті заттарды өзі өндіріп алады;

ә) натуралды шаруашылықта өндірілген өнім айырбасқа түспейді;

б) натуралды шаруашылықта өндірушілердің бір – біріне тәуелділігі күшейеді;

в) натуралды шаруашылықта өндіріс тиімділігі төмен (өндірілген өнім өндірушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға әрең жетеді).

6. Тауар шаруашылығы мәнін қай анықтама теріс бұрмалайды:

а) тауар шаруашылығы еңбек бөлінісі болғанда ғана өмір сүреді;

ә) тауар шаруашылығында өндірушінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім өндіріледі;

б) тауар шаруашылығы айырбассыз мүмкін емес;

в) тауар шаруашылығында тұтынушыларға қажет өнім өндірісі жүзеге асады.

7. Несиелік ақшалар қандай қызметтерді орындайды:

а) айналым құралы;

ә) төлем құралы;

б) жинақ құралы;

в) дұрыс жауап жоқ.

8. Ақшаның номиналды құны өзгермесе, ал тауарлар мен қызметтердің бағасы екі есеге артса, ақшаның төлем қабілеттілігі:

а) екі есеге артады;

ә) екі есеге азаяды;

б) төрт есеге азаяды;

в) өзгермейді;

г) 1,5 есеге артады.


Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, оқу барысында ең алдымен, адам, экономика, өндіріс, ресурс, фактор, шектеулік деген категорияларға, «натуралды шаруашылық», «тауарлы шаруашылық» түсініктеріне анықтама беріңіз, құнның жалпы эквивалент ретінде ақшаның пайда болу процесі мен айырбас қатынастарының мәніне назар аударыңдар. Еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік түсініктерін ажыратыңдар.

Тақырып 3. меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі

СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.



  1. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

  2. Берілген тапсырмаларды орындау.

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

5. Төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындау:

«нарықтық экономикадағы мемлекеттік меншік»

«Қазақстан Республикасындағы меншіктің қазіргі құрылымы»

6. Ұсынылған кейстердің біреуін талқылау.


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. «Меншік» категориясы нені білдіреді?

2. Меншік субъектісі, меншік объектісі, меншік құқығы деген не?

3. Меншік формасы деген не? Нарықтық экономикаға меншіктің қандай формалары тән? Олардың мәнін түсіндіріңдер.

4. Мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру деген не?

5. Қазақстандағы меншікті жекешелендіру кезеңдерін сипаттаңдар.



6. Қазақстанда жекешелендірудің қандай әдістері қолданылған?
Тапсырмалар:

  1. Келесі анықтамадағы қателікті табыңыз.

Меншік- капитал мен тауарды меншіктену- шеттету бойынша адамдар арасындағы қатынастар.

  1. Суретте ҚР меншік құрылымын қарастырып, құрылымның жетіспейтін элементтерін толтырындар.



жеке

3. Сәби 2-5 жастан бастап бөтен ойыншықты рұқсатсыз алуға болмайтынын біледі. Оны қайдан білуі мүмкін?

а) туа біткен инстинкт

ә) азаматтық және қылмыс құқығы негіздерін білуі;

б) жанұяның мінез-құлық ережелерін түйсінуі.


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау