Пән бағдарламасының Нысан (Syllabus) титулдық пму ұс н 18. 4/19



жүктеу 444,78 Kb.
бет2/2
Дата25.05.2018
өлшемі444,78 Kb.
#17776
түріБағдарламасы
1   2

БЕКІТЕМІН


ММжК факультетінің

деканы________

Т.Т. Тоқтағанов

«___»_____________2013 ж.


Құрастырған: т.ғ.к., профессор _____________ Т. Т. Тоқтағанов

оқытушы _____________ Ж. Р. Тәңірбергенова


Пән бағдарламасы (Syllabus)
Кәсіби қазақ тілі PKYA 2201

5B071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары және 5В090100 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығы бойынша күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Бағдарлама 2013 ж. «___» _____ бекітілген жұмыс бағдарламаға негізделіп құрастырылған.
2013 ж. «___»______ кафедраның мәжілісінде ұсынылған №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Қ. Қ. Абишев «___»______ 2013 ж.

Факультеттің Оқу әдістемелік кеңесінде құпталған «___»______2013 ж.

№___ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Ж. Е. Ахметов «___»______2013 ж.

1. Пәннің оқу құжаты
Пәннің атауы Кәсіби қазақ тілі
Кредиттер саны және оқытылу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 2

Семестр: 3,4


Аудиториялық сабақтар саны, барлығы – 30 сағат

Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 30 сағат

СӨЖ – 60 сағат

соның ішінде СӨЖМ – 20 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы - 90 сағат
Бақылау түрі

Қорытынды бақылау нысаны Емтихан – 3,4 семестр


Пререквизиттер

Қазақ тілі, Мамандыққа кіріспе. Көлік түрлері.


Постреквизиттер

Көлік саласындағы ЭЕМ қолданбалы бағдарламалары, Біртұтас көлік жүйесі, Көліктік моторлар, Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару



2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Тәңірбергенова Жанар Рамазанқызы

Ғылыми дәрежесі және лауазымы, қызметі: оқытушы.

«Көліктік техника және логистика» кафедрасы, аудитория Б-220

телефон: 67-36-23 (1216)

Е-mail: t_zhanar@mail.ru

3. Нысандары, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің нысаны «Кәсіби қазақ тілі» пәні екінші курс студенттерін мамандығында қолданылатын техникалық терминдерімен таныстыру. Осы терминдерді пайдаланып орысша, қазақша техникалық мәтіндерді бір тілден екінші тілге аударуға жатықтыру. Өз беттерімен техникалық мәтіндерді қазақ тілінде құрып жазуға үйрету.

Пәнді оқыту мақсаты

Студенттерді кәсіби лексика мен мамандыққа байланысты терминдер мен таныстырып, іс жүзінде пайдалану дағдысын қалыптастыру.


Пәннің міндеттері – Студенттердің кәсіби салада қазақ тілінде сөйлеп жазу деңгейін көтеру.

4. Білімге, іскерлікке, дағдыға, біліктілікке қойылатын талаптар
Кәсіби қазақ тілі пәнін оқу нәтижесінде студент келесілерді білуі керек:

  • мамандығы бойынша жиі қолданыста болатын терминдердің қазақшасын орысшасын.

істей білуі керек:

  • мамандық бойынша жиі қолданыста кездесетін мәтіндерді бір тілден екінші тілге аударуды;

  • техникалық мәтіндерді аударуда кездесетін сөйлем құру ерекшеліктерін.

дағдылануы қажет:

  • мәтіндерді бір тілден екінші тілге аудару;

  • қазақ тілінде мамандығы бойынша мәтін дайындауға.



5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сағаттарды бөлу

№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлерібойынша байланыс сағаттарының саны

Практикалық (сем)

СӨЖ

1

Кіріспе. Пәнді оқыту мақсаты, міндеті, ерекшеліктері

1




2

Қазақ тілінде мамандық тілін игерудің тиімді жолдары

2

10

3

Мамандық бойынша терминдермен танысып үйрену

10

10

4

Мамандық бойынша терминдер құрастырып қалыптастыру ерекшеліктері

4

10

5

Кәсіби тілде жиі қолданылатын құжаттар. Оларды жасау, талдау.

4

10

6

Ауызша және жазбаша кәсіби тілде сөйлеу тәртібімен мәдениетін қалыптастыру.

4

10

7

Практикалық бағытта жазу мәдениетін қалыптастыру (реферат, жарнама және т.б.)

5

10




БАРЛЫҒЫ :

30

60



6. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, олардың көлемі



1 тақырып. Кіріспе. Пәнді оқыту мақсаты, міндеті, ерекшеліктері.

Тапсырма:

1. Пәнді оқытудағы негізгі мақсаттар мен оның нәтижелері. [5, 20-25б.]

2. Мамандық тілі туралы түсінік. [1, 12-23 б. 2, 3-10 б.]

3. Кәсіби қазақ тілінің қазақ тілінде жүргізілетін пәндерден ерекшеліктері. [5, 15-25 б. 3, 6-15 б.]

4. Кәсіби қазақ тілін дамыту туралы мағлұмат. [2, 11-16 б.]
2 тақырып. Қазақ тілінде мамандық тілін игерудің тиімді жолдары.

Тапсырма:

1. Кәсіби қазақ тілінің мамандық дамытудағы рөлі. [2, 3-10 б.]

2. Терминдік сөздіктер, сөз байлығы және баламалық ұғымдарды қолдану. [3, 6-15 б.]

3. Диалог, әңгіме құру арқылы студенттердің тілді меңгеруін дамыту. [2, 11-16 б.]



3 тақырып. Мамандық бойынша терминдермен танысып үйрену.

Тапсырма:

1. Терминдік сөздер туралы ұғым. [5, 3-15 б. ]

2. Термин сөздер категориясы. [6, 10-15 б.]

3. Әр мамандық пен ғылым саласындағы терминдердің жасалу жүйесі. [2, 3-10 б.]

3. Терминдердің баламалық ұғымдары және аудармасы, қолданылу аясы. [1, 12-23 б. 2, 3-10 б.]

4. Мамандық бойынша терминдерді талдап, жаттау, қолданып жаттығу. [5, 15-25 б. 3, 6-15 б.]


4 тақырып. Мамандық бойынша терминдер құрастырып қалыптастыру ерекшеліктері.

Тапсырма:

1. Кәсіби қазақ тіліндегі стильдік ерекшелік. [5, 3-15 б. 6, 10-15 б.]

2. Кәсіби терминдерді қодану аясына қарай дұрыс айту нормалары. [5, 20-25б.]

3. Мамандық бойынша терминдер құрастыру ерекшеліктері. [11-16 б.]


5 тақырып. Кәсіби тілде жиі қолданылатын құжаттар. Оларды жасау, талдау.

Тапсырма:

1. Кәсіби тілдегі техникалық құжаттамалар түрі. [1, 12-23 б.]

2. Қазақ тіліндегі кәсіби жиі қолданылатын құжаттар. [2, 3-10 б.]

3. Құжат түріне қарай оларды құрастыру шарттары мен ерекшеліктері. [5, 15-25 б.]

4. Кәсіби құжаттарға қойылатын талаптар. [3, 6-15 б.]
6 тақырып. Ауызша және жазбаша кәсіби тілде сөйлеу тәртібімен мәдениетін қалыптастыру.

Тапсырма:

1. Мамандық тілін сауатты жазу мен мәдениетті сөйлетудегі амал-әдістер және білімді бақылау формалары (алғашқы, межелік, қорытынды). [5, 3-15 б.]

2. Кәсіби сөйлеу ортасы және кәсіби іскерлік. [6, 10-15 б.]
7 тақырып. Практикалық бағытта жазу мәдениетін қалыптастыру (реферат, жарнама және т.б.).

Тапсырма:

1. Кәсіби мәтіннің мазмұнын түсіндіру әдістемесі. Кәсіби тілдегі мәтін және оның ерекшеліктері. [5, 20-25б.]

2. Кәсіби мәтіндегі сөздік жұмысы. Кәсіби мәтіндегі аударма практикумы. [2, 11-16 б.]

5. Мамандық тілін сауатты жазу мен сөйлетудегі амал-әдістер және білімді бақылау формалары (алғашқы, межелік, қорытынды). Кәсіби сөйлеу ортасы және кәсіби іскерлік. [6, 20-25б. 3, 11-16 б.]


7. Өздік жұмысының тапсырмасы
1 Өздік жұмыс (№ 1 Самостоятельная работа)
а) Мәтінді оқыңыз, түсініңіз. Сөздікпен жұмыс. (Прочитать текст. Работа со словарем)

Қазақ тіліндегі негізгі сөздіктер

Тілдегі сөздердің жазылуы, мағынасы, бір тілдің сөздерін екінші тілге қалай аудару керектігі, т.б. жайлар сөздіктер арқылы түсіндіріледі. Осыған орай, әр тілдің алуан түрлі сөздігі болады. Олардың алға қойған мақсаттары мен міндеттері де әр түрлі.

Соның бірі - орфографиялың сөздік. Бүл сөздік тілдегі сөздің қалай жазылатынын көрсетіп береді. Орфографиялық сөздіктің айтқаны - жүрттың бәріне бірдей, бұлжымайтын заң. Сондықтан бір сөздің бір адамның бір түрлі, екінші адамның екінші түрлі жазуына болмайды.

Сөз мағынасы сан алуан болып келуі мүмкін дедік. Тілдегі сөздердің негізгі мағыналарын, көп мағыналы екенін, қандай ауыспалы мағынада қоланатынын түгел қамтитын сөздікті түсіндірме сөздік деп атайды. Сөз мағынасын аша түсетін мағыналас сөздерді түгел қамтып, оларды бірінің орнына бірін қалай қолдануға болатынын түсіндіретін синонимдер сөздігі де, тілдегі мақал-мәтелдер, нақыл сөздерді, үнемі бір қалыпта қолданылатын тұрақты тіркестерді қамтитын фразеологиялык, сөздіктер де болады.

Аса қажетті сөздіктің бірі - екі тілді, яғни аударма сөздік. Бұған қазақша-орысша, орысша-қазақша немесе қазақша-ағылшынша, қазақша-немісше сөздік сияқтылар жатады. Кез келген сөздің орысшасын немесе орыс сөздерінің қазақшасын, сондай-ақ шетел тілі сөздерінің аудармасын түсіндіретіндер - осындай сөздіктер.

Бұлардан басқа шетел тілдері сөздерінің сөздігі, жеке ақын-жазушылар тілдерінің сөздігі, әр түрлі ғылым терминдерінің сөздігі, әдеби тіл сөздігі, түрлі энциклопедия сөздіктері болады.

Ал бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес бұл тұрғыдағы келелі міндеттердің бірі - тіліміздің терминдер саласын қазіргі талапқа сай қайта жүйелеп, кемелдендіру. Осыған орай, ғылым, мәдениет, халық шаруашылығы салаларының барлығын қамтитын көп томдық казақша-орысша және орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер біртіндеп шығарылып жатыр.
ә) Мәтін бойынша сұрақтарга жауап беріңіз. (Ответить на вопросы по тексту)

1. Сөздіктер не үшін керек?

2. Сөздіктердің қандай түрлерін білесіздер?

3. Орфографиялық сөздіктің мақсаты не?

4. «Орфографиялық сөздіктің айтқаны - заң» дегенді қалай түсіндіңдер?

5. Түсіндірме сөздіктің мақсаты не?

6. Аударма сөздіктер не туралы мағлүмат береді?

7. Терминологиялық сөздіктің мақсаты не?

8. Өз үйлеріңде қандай сөздіктер бар?
б) Терминологиялық сөздіктер арқылы төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз. (С помощью терминологического словаря переведите нижеперечисленные слова)
Көлік-1

Автошеберхана, дизельді автомобиль, артқы жетекті автомобиль, карбюраторлы автомобиль, толық жетектелген автомобиль, автотартқыш, ершікті автотартқыш, автомобильдің алдыңғы белдігі, автомобильдің артқы белдігі, автомобиль доңғалағы, жетек доңғалақтары, іштен жану қозғалтқышы, екі тактілі қозғалтқыш, екі цилиндрлі қозғалтқыш, карбюраторлы қозғалтқыш, құрама қозғалтқыш, поршеньді қозғалтқыш, көліктік қозғалтқыш, қозғалтқышты іске қосу, түйіспені тазарту, автомобильді сынау, қозғалтқышты сынау, тежегішті сынау, жылдамдық, жөндеу.

2 Өздік жұмыс (№ 2 Самостоятельная работа)
а) Мәтінді сөздікпен орысшаға аударыңыз. (Переведите текст на русский язык)
БЕРІЛІС ҚОРАБЫ
Беріліс қорабының атқаратын жұмысы - жылдамдықтың және жүрістің бағытын өзгерту. Автомобиль козғалтқышындағы иінді біліктің айналу жиілігін азайтқан кезде айналу моменті біршама көбейеді, максимумға жетеді, ал айналу жиілігін әрі карай азайтқан кезде айналу моменті де азая бастайды. Бірақ автомобиль жаман жолдарда, өрге қарай немесе тоқтап тұрған жерден жүре бастағанда, тез екпіндегенде автомобильдің қозғалтқыштан жетек доңғалаққа апаратын айналу моменті күшеюі қажет. Сол жұмысты атқаратын беріліс қорабында автомобильді артқа қарай жүргізетін де берілісі бар. Одан басқа беріліс қорабының тағы бір қызметі - қозғалтқышты трансмиссиядан ажырату.

Беріліс қорабы бірнеше тісті доңғалақтардан тұрады. Доңғалақтар бірбірімен тістер арқылы ілініп, бірнеше беріліс сатыларды жасайды. Автомобильдердің беріліс сандары неғұрлым көбірек болса, оның әр түрлі жүріс жағдайларға икемділігі де соншама жақсы болады.

Беріліс қорабының тозуға төзімділігін ұстарту және шусыз жұмыс істеу үшін қиғаш тістері бар доңғалақтар қолданылады.

Алға жүргізу беріліс санына қарай беріліс қорабы төрт немесе бес сатылы болады. Төрт сатылы беріліс қорабы жеңіл автомобильдерге, шағын автобустар мен жүккөтергіштігі шамалы жүк автомобильдерге орнатылады. Ал үлкен автобустардың және жүк автомобильдердің беріліс қорабы бес сатылы болады.
ә). Сұрақтарға жауап беріңіз. (Ответьте на вопросы)
1. Беріліс қорабының атқаратын қызметі қандай?

2. Автомобиль қозғалтқышындағы иінді біліктің айналу жиілігін азайтқан кезде не болады?

3. Автомобиль жаман жолдарда, өрге қарай немесе тоқтап тұрған жерден жүре бастағанда, тез екпіндегенде автомобильдің қозғалтқыштан жетек доңғалаққа апаратын айналу моменті не істейді?

4. Автомобильді артқа қарай жүргізетін берілісі бар ма?

5. Беріліс қорабы неден тұрады?

6. Беріліс қорабында қиғаш тістері бар доңғалақтар не үшін қолданылады?

7. Төрт сатылы беріліс қорабы автомобильдің қай түрлерінде орнатылады?

8. Үлкен автобустардың және жүк автомобильдердің беріліс қорабы неше сатылы болады?

б) Лексиканы қазақ тіліне аударыңыз, олармен сөйлемдер құрыңыз. (Переведите на казахский язык и сформируйте предложения)
Ступени передач, частота вращения, момент вращения, коробка передач, разгон, ловкость, направление движения, қиғаш тістер, жүккөтергіштік, жылдамдық.
3 Өздік жұмыс (№ 3 Самостоятельная работа)
а) Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. (Прочитайте текст, переведите)
ҰЙЫМДЫҚ-БАСҚАРУ ҚҰЖАТТАМАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Кәсіпорын жүмысының тиімділігі, олар жасайтын мәмілелердің нәтижелілігі осы кәсіпорынның қызметінің қалай ұйымдастырылуына, әрбір бөлімшенің шешетін мәселерінің анық айқындалуына, өндірістік мүдде тұрғысынан әрбір қызметкердің құқықтары мен міндеттері және лауазымды тұлғалардың өкілеттіктері қаншалықты нақты белгіленгеніне, шешімдерді қабылдау және оларды орындау жүйесі қандай және құжаттама айналымының тәртібі қандай екендігіне тікелей байланысты. Осының бәрі кәсіпорынның ұйымдық-басқару құжаттарымен реттеледі. Мұндай құжаттарға кұрылымдың бөлімшелер туралы ережелер, бөлімдердің және жекелеген мамандардың жұмыс регламенті, лауазымдық міндеттер туралы нұсқаулықтар, басқару шешімдерін тіркейтін қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, алқалық отырыстардың және жиналыстардың хаттамалары, хаттар, актілер, т.б. жатады.

Ұйымдық-басқару құжаттарының негізгі ерекшелігі - олардың ішкі құжаттар болып табылуында. Кәсіпорында шығарылатын ішкі кұжат зандық күші болған жағдайда ғана қызметкерлер үшін орындалуы міндетті болып са-налады.

Құжаттың осындай күші болу үшін;


  • құжаттағы ережелер заңнаманың талаптарына қатаң сәйкес келуі тиіс;

  • осы өкілеттікке ие кәсіпорын басқармасының, бөлімінің лауазымды тұлғалары осы құжатты дайындауы қажет;

  • құжаттың деректемелері қабылданған нормаларға сәйкес болуы тиіс.

Егер осы нормалар сақталмаса, онда құжатты сот жарамсыз деп таниды.

Құжат жасаудың және сақтаудың кеңінен тараған шағын жүйесі ұйымдық-басқару құжаттары болып табылады, оған мынадай топтар кіреді:



  • ұйымдық;

  • басқару;

  • жеке құрам бойынша құжаттар;

  • қаржылық-бухгалтерлік; ақпараттық-анықтамалық.

Ұйымдық құжаттарға жататын құжат түрлері: құрылым және штат саны, штаттық кесте, лауазымдық нұсқаулық, «Қызметкерлер туралы» ереже, құрылтай құжаттары.

Басқару құжаттарға жататын құжат түрлері: бұйрықтар, өкімдер, нқсқау, шешім (қаулы).

Ақпараттық-аныңтамалық құжаттарға жататын құжат түрлері: хаттар (бастама және жауап хаттар, ілеспе хаттар, хабарлама хат, жарнамалық хат, шақыру хаты, растау хаттары, ескертпе хат, бастама хаттар, кепілдік беру хаты, коммерциялың хаттар, жауап хаттар), актілер, баяндау хат, түсініктеме, факстер E-mail, анықтамалар, сенімхат, ресми сенімхат, жеке сенімхаттар, телефонограммалар, шағым, шағымға жауап, талапарыздар, шағымдану.
ә) Мына лексиканының қазақша баламасын жазыңыз. (переведите на казахский язык)
Гарантийное письмо, личные доверенности, претензия, жалоба, официальная доверенность, справка, сделка, эффективность, интерес, должностное лицо, организационно-распорядительная документация, инициативные и ответные письма, результативность, сопроводительное письмо, письмо-извещение, рекламное письмо, письмо-подтверждение, производство, полномочие, постановление, распоряжение, законодательство, личный состав, информационно-справочные документы, докладные записки, объяснительная записка, ответ на претензию, исковые заявления, жалоба.
б) Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз. (Ответте на вопросы по тексту)

1. Кәсіпорын жұмысының тиімділігі неге байланысты?

2. Кәсіпорынның ұйымдың-басқару құжаттарымен не реттеледі?

3. Көсіпорынның ұйымдық-басқару құжаттарына құжаттардық қандай түрлері жатады?

4. Кәсіпорында шығарылатын ішкі құжаттың заңдық күші болу үщін ол ненің талаптарына қатал сәйкес болуы қажет?

5. Ұйымдық-басқару құжаттарын кім дайындайды?

6. Ұйымдық-басқару құжаттары қандай топтарга бөлінеді?

7. Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға жататын құжат түрлерін атаңыз.

8. Басқару құжаттарға жататын құжат түрлерін атаңыз.

9. Ұйымдық құжаттарға жататын құжат түрлерін атаңыз.


4 Өздік жұмыс (№ 4 Самостоятельная работа)
1. Тапсырма (задание): Мәтінді орыс тіліне аудару (переведите текст на русский язык)

Көліктің түрлері
Көлік – халық шаруашылығының бір саласы. Салалардың ішіндегі «күре тамыры» деуге болады. Көлік – экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі, көлік өзі тікелей ештеңе өндірмейді, ал енді кез келген өндірілетін тауар көліктің қызметін пайдаланбай өндірілмейді. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру – елдің өсіп – өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі.

Қазақстан жер көлемі жағынан ең жері үлкен он елдің қатарына кіреді. Біздің алдымызда Ресей (17075 мың кв.км), Канада (9971 мың кв.км.), Қытай (9597 мың кв.км.), АҚШ (9364 мың кв.км.), Бразилия (8547 мың кв.км.), Австралия (7741 мың кв.км.), Индия (3288 мың кв. км.), Қазақстан (2724,9 мың кв. км.).

Қазақстан Евромен Азияның ортасында орналасқан, сондықтан екі континентті жалғастырудағы рөлі өте зор. Осыны біз тиімді пайдалануымыз керек. Европамен Қытайды біздің елден өтетін жол арқылы жалғастырса, бұл елдерді су арқылы жалғастырумен салыстырғанда жол 2 есе қысқарады. Ал олар Ресейдің территориясы арқылы жалғасса біздегі жол 1 мың шақырымға қысқа болады.

Көліктің бүгінгі күнде пайдаланып жүрген бес түрі бар

– автомобиль көлігі;

– теміржол көлігі;

– сумен қозғалатын көлік;

– ауада қозғалатын көлік;

– құбыр көлігі.

Көлік төрт құрамдас бөліктен тұрады. Ол – көлік құралдары (автомобильдер, поездар, кемелер, ұшақтар), жолдар (темір, автомобиль жолдары, құбырлар, әуә, теңіз), ірі ұйымдар (авиациялық, теңіздік, теміржол компаниялары) және тиеп-түсіру пункттері (теңіз және әуе порттары, авто, темір жол станциялары). Көлік өте үлкен күрделі сала. Оның тиімді, үйлесімді, жұмыс істеуі елдің экономикасын дамытуға, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға әсері мол, сондықтан бұл салада қызмет істейтін мамандарға талап жоғары.



Құрлық көлігі.

Құрлық көлігі біздің елдің негізгі көлік түрі болып саналады. Құрлық көліктерін жүретін жолдарының түрлеріне қарап үш түрге бөлуге болады.

Темір жолмен жүретін көлік – поезд. Темір жолды қажет етпейтін, тас жолмен, топырақты жолмен және жолсыз жермен де жүре алатын көлік – автомобиль, трактор, желдің қуатымен қозғалатын шана т.т. және тасымалдаушы. Жер үстінде немесе жер астында орналасқан құбырларды пайдаланылатын, сұйық, газ іспетті заттарды тасымалдауғы аралған құбыр көлігі. Бұл көлік түрі Қазақстанда ең жылдам дамып келе жатан көлік түрі.
2. Форма отчетности (электронный вариант переведенного текста)
5 Өздік жұмыс (№ 5 Самостоятельная работа)
1. Тапсырма (задание): Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз (переведите текст на казахский язык)
История поездов
История поездов напрямую связана с историей рельсовых дорог и локомотивов. Первые поезда появились в Европе на рубеже XVII—XVIII веков и представляли собой вагонетку, приводимую в движение лошадью. Существовали такие дороги и в России. Так, в 1842 году в ходе изысканий трассы для будущей железной дороги Санкт-Петербург — Москва были обнаружены элементы «полосовой» деревянной железной дороги, проложенной по указу Петра I в начале XVIII века. В 1806 году под руководством инженера Петра Фролова была разработана, а в 1809 году сдана в эксплуатацию Змеиногорская железная дорога. Поезда на ней состояли уже из 3—4 вагонеток, соединённых железными кольцами.

В 1804 году английский изобретатель Тревитик создаёт первый паровоз, который использовался только как аттракцион для развлечения публики. Для этого к паровозу прицепили пассажирский вагон, создав таким образом первый поезд с локомотивной тягой. Первый грузовой поезд с локомотивной тягой появился в 1820 году в Англии и использовался для транспортировки угля от шахты Хэттон до Сандерленда. 27 сентября 1825 года на открытии первой общественной железной дороги Стоктон — Дарлингтон локомотив «Локомоушн» провёл первый магистральный грузовой поезд массой 80 тонн. 15 сентября 1830 года на открытии магистрали Ливерпуль — Манчестер был проведён первый магистральный пассажирский поезд, в составе которого находился и вагон, загруженный почтой — первый в мире почтовый вагон.

В России первый поезд с локомотивной тягой был пущен на Нижнетагильском металлургическом комбинате в 1834 году. Он приводился в движение паровозом, построенным Ефимом Александровичем и Мироном Ефимовичем Черепановыми. 30 октября (11 ноября) 1837 года была открыта Царскосельская железная дорога. Пассажирские поезда на ней состояли из вагонов четырёх классов: кареты («дилижансы») с отделениями первого класса, кареты с отделениями второго класса, открытые повозки с крышей («шарабаны») и открытые повозки без крыши («ваггоны»). Средняя скорость поездов составляла 32,8 км/ч, а к концу 1860-х возросла до 42,7 км/ч; интервал между поездами составлял 3—4 часа. 1 ноября 1851 года было открыто движение на магистрали Санкт-Петербург — Москва. Средние скорости пассажирских и грузовых поездов составляли 32 и 16 км/ч соответственно, также курсировал почтовый поезд со средней скоростью 37 км/ч. Пассажирские вагоны подразделялись на следующие типы: I и II классов — спальные и обыкновенные; III класса — обыкновенные и служебные. Грузовые вагоны были четырёхосными (на двух двухосных тележках) и имели грузоподъёмность не более 10 тонн. Для тяги пассажирских поездов использовались паровозы типа 2-2-0 массой около 30 тонн, для товарных — типа 0-3-0 массой 30 тонн. Для организации перевозок на дороге впервые был применён график движения поездов.
2. Форма отчетности (электронный вариант переведенного текста)
6 Өздік жұмыс (№ 3 Самостоятельная работа)
1. Тапсырма (задание): Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз (переведите текст на казахский язык)
Единая транспортная система и основная терминология
Во все времена у всех народов транспорт играл важную роль. На современном этапе значение его неизмеримо возросло. Сегодня существование любого государство не мыслимо без мощного транспорта и это в первую очередь относится к нашей стране занимающие 9 место мире по территорий, имеющий огромные природные запасы и расположенной между Азией и Европой.

На национальном уровне неадекватное развития транспортная системы, приводит к неоправданно завышенным затратам в сфере производства и представления услуг, сформированию развития других отраслей хозяйственной деятельности. В глобальном масштабе отсутствие должной интеграции транспортно – коммуникабельного комплекса в региональные и мировую транспортные системы влечет за собой ограничение доступа национальной экономики и мировым рынкам, отставание в ее развитии.



Транспортная система – транспортная инфраструктура, транспортные предприятия, транспортные средства и управления совокупности. Единая транспортная система обеспечивает согласованное развитие функционирование всех видов транспорта с целью максимального удовлетворения транспортных потребностей при минимальных затратах.

Транспортная система Казахстана представляет собой комплекс, включающий железнодорожный, автомобильный, городской пассажирский, водный, воздушный и трубопроводный виды транспорта, транспортную сеть, состоящую из железнодорожных путей и автомобильных дорог, воздушных трасс, внутренних водных путей, трамвайных путей и троллейбусных линий.

Транспортная инфраструктура включает, а также транспортные узлы или терминалы, где производятся перегрузки груза или пересадка пассажиров с одного вида транспорта на другой (например, аэропорты, железнодорожные станции, автобусные остановки и порты).

Управление транспортной системой – совокупность мероприятий направленных на эффективное функционирование данной системы посредством координации, организации, упорядочения элементов данной системы, как между собой, так и с внешней средой.

Количественными показателями транспортной системы является:

- протяжность путей сообщения;

- численность занятых;

- грузо – и пассажирообароб.

Протяжность железнодорожных сетей Казахстана составляет более 14 тыс. км., автомобильные дороги с твердым покрытием составляет свыше 90 тыс. км., внутренние водные пути ровно 3 982 км.

Плотность железнодорожных путей Казахстана равна 5.5 км/тыс. км2. Самая высокая плотность железной и автомобильной дороги у у Германии 129 км/тыс. км2 соответственно.

Транспорт в зависимости от сферы и области деятельности делят на:

- общего пользования;

- промышленный;

- городской;

- универсальный и не универсальный;

- дискретный и непрерывный.

Транспорт общего пользования – транспорт, который в соответствии с действующими законоположениями должен осуществлять перевозки грузов и пассажиров кем бы они, не были предъявлены: государственными, организациями, частными лицами.

Промышленный транспорт – транспорт промышленных предприятий, выполняющий перевозки только для своего предприятия.

Городскому транспорту относится пассажирские автобусы, трамвай и троллейбусы, метрополитены, обеспечивающие городскую перевозку пассажиров.

Универсальный транспорт – транспорт, способный осуществлять практический все виды перевозок: грузовые и пассажирские.

Железнодорожные, морские, речной, автомобильный и воздушный транспорт, а также соответствующие виды городского и промышленного транспорта является универсальными видами транспорта. Современные трубопроводы как магистрального, так и промышленного назначения, а также канатные и конвейерные виды транспорта, являются специализированными, хотя отдельные, перспективные конструкции могут быть приспособлены к транспортированию широкого ассортимента грузовой и пассажиров.



Не универсальный транспорт – специализированный и специальный транспорт, приспособленный и предназначенный для выполнения только какого – либо одного вида перевозок (грузовых или пассажирских) или для перемещения только одного вида грузов (сыпучих, жидких).

Дискретный транспорт – любой транспорт, на котором предметы перевозок (грузы и пассажиры) перемещаются по линиям единизациями или отдельными группами (партиями) с помощью независимо движущихся транспортных единиц (автомобилей, поездов, судов, самолетов и т.п.).

Непрерывный транспорт – транспорт, где предметы перемещаются в виде непрерывного потока с помощью различного рода гибких лент, шнеков, скребков, эскалаторов и др., а также трубопровод.

Транспортный процесс – термин, обозначающий деятельность транспорта, направленную на обеспечение перевозок грузов и пассажиров. В качестве синонима используется также термин «перевозочный процесс», который отражает комплекс операций, выполняемых при доставке грузов и пассажиров из пункта отправления в пункт назначения.
2. Форма отчетности (электронный вариант переведенного текста)
8. СӨЖМ кеңестерінің графигі (СӨЖМ-нің 25% СӨЖ құрайды)
Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семертрдің СӨЖМ графигіне сәйкес жүзеге асырылады
9. Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі
Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 баллмен бағаланады
Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру графигі



Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Қазақ тілінде мамандық тілін игерудің тиімді жолдары




2 апта




3-апта

2

Реферат

Мамандық бойынша терминдермен танысып үйрену




2 апта




6- апта

3

Реферат

Мамандық бойынша терминдер құрастырып қалыптастыру ерекшеліктері




2 апта




8-апта

4

Межелік бақылау

Тақырып 1-4







Перевод слов с русского на казахский

8- апта

5

Реферат

Кәсіби тілде жиі қолданылатын құжаттар. Оларды жасау, талдау.




2 апта




9- апта

6

Реферат

Ауызша және жазбаша кәсіби тілде сөйлеу тәртібімен мәдениетін қалыптастыру.




2 апта




11- апта

7

Реферат

Практикалық бағытта жазу мәдениетін қалыптастыру (реферат, жарнама және т.б.)




2 апта




14 апта

8

Межелік бақылау

Тақырып 5-7







Перевод слов с русского на казахский

15- апта

10. Студенттердің білімін бағалау өлшемдері

Пәнді оқу барлық өткен материалды қамтитын аралас (тестілеу+жазбаша) формада өтетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберудің міндетті шарты бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды орындау болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардағы (дәріске қатысу, үй тапсырмасы, СӨЖ тапсырмасы, тәжірибе тапсырмалары және межелік бақылау.) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалығымен есептеледі.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру) және жіберу рейтингін жинаған (50 баллдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Әр пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің дәрежесі қорытынды бағамен (Қ) анықталады, ол жіберу рейтингі (ЖР) және қорытынды баға (ҚБ) қосындысынан және бардық салмақтық үлестерді (СҮ) есепке алып анықтайды:


Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылым кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 артық емес және ҚБ 0,3 кем емес болуы қажет.

Пән бойынша қорытынды баға студенттің жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бағалары дұрыс болған кезле ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелсіз себеппен келмеу «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға тең келеді.

Пән бойынша емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында босла келесі күні жеткізіледі.

Межелік бақылау (рейтинг) және қорытынды емтихандағы студенттің бідім бағасын 0-100 дейнгі % саналады.

Рейтинг бағасы ағымдағы баға мен межелік бақылау бағасыларының қосындысына тең болады:
Р1(2)=АҮ(2)*0,5+МБ1(2)*0,5
«Кәсіби қазақ тілі» студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімі, ептілігі, икемділігі және құзыреттіліктері көп баллды әріптік жүйе бойынша анықталады:


Әріптік жүйесі бойынша баға

Балдың цифрлық баламасы

Пайыздық эквивалент

Дәстүрлі жүйемен баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз



11. Оқытушының талаптары, саясат және құзыреттіліктер
Студенттердің барлық аудиториялық сабақтарға қатысуы және қалып келмеуі міндетті болып табылады. Сабақ босатқан жағдайда деканатпен белгіленген тәртіп бойынша адалдайды (отрабатывает). Сабақты максималды екі рет босату рұқсат етіледі. Сабаққа екі рет қалып келі бір сабақ босатқанға тең болады. Егер екіден коп босату болса әкімшіліктің шешімі қабылданғанша оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.

Жұмысты белгіленген уақыт мерзімінде тапсыру қажет. Емтихандық сессия басталуына 3 күн қалғанда – барлық тапсымаларды тапсырудың соңғы мерзімі болып табылады.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағында өткен материалдарды қайталау және адалдау міндетті. Оқу материалдарын игеру дәрежесі тесстік және жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.



Оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын (ОСӨЖ) орындаған кезде келесі төрт негізгі қағидаларды ескеру қажет:

Бірінші – оқытушының пән бойынша бағыттау мақсатында жүргізген сабақтары кезінде берілген мәліметті студенттердің белсенді түрде қабылдауын қамтамасыз ему.

Екінші – оқытушының ақыл-кеңесін ескере отырып, студенттер өз бетінше оқу-әдістемелік әдебиет пен оқулықтарды зерделейді және үй тапсырмаларын, бақылау, курстық т.б. жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттердің жұмыс әдісін білуі және қажырлы болуы маңызды.

Үшінші – оқу барысында кездесетін қиындықтарды талдап, оның себептерін анықтауға тырысу, оқытушыға сұрақтар қойып, оған өзінше жауап табу.

Төртінші – оқытушымен әрдайым байланыста болып, ақыл-кеңес, нұсқаулар алу.

12 Әдебиеттер тізімі
Негізгі

1 Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004.

2 Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. Алматы: Арыс, 2007.

3 Жұмабаева З.Е. Мемлекеттік кәсіби қазақ тілі дидактикасы (Құқықтану). Паводар, 2010

4 Зейнулина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман Ә.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. 2009

5 Қожабаева Қ. Кәсіби қазақ тілі (Автомобильді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету мамандығына арналған оқу құралы), 2010

6 Төлеуп М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. Алматы, 2005.

Қосымша

7 Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған Ж. Малайсарин. Алматы: «Ана тілі», 2003.

8 Аханов К. Тіл білімінің негіздері – Алматы: Рауан, 2002

Сөздіктер

9. Көлік саласы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі, Т. Тоқтағанов, Г. Ибрагимова, А. Нуржауов, М. Сүйіндіков, А. Тұрышев 60б., 2002ж.

10 Тоқтағанов Т. Т. Автомобиль терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Павлодар: НПФ «ЭКО», 2002.-128б.

11 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10 томдық, Алматы, 1986



12 Қазақша-орысша сөздік (50 мыңға жуық сөздер) Алматы «Дайк Пресс», 2002

13 Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008
жүктеу 444,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау