Оқушылардың ақыл-ойын дамытудың оқыту үрдісі
Оқыту барысында оқушылар оқу материалының мазмұнын игеріп, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларын меңгереді. Оның барлығы танымдық іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру арқылы жүреді. Қазіргі оқытудың жаңа технологиялары туралы жазылған еңбектерді саралап келіп, оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін анықтадым. Теориялық тұрғыдан қарағанда «дамыта оқыту» және « сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» тұжырымдамалары оқушылардың ақыл –ойын арттыруда жүзеге асырылады. Бұл тұжырымдамалардың мәні оқытуды шамалай отырып қиындықтың жоғары деңгейінде құруды дәріптейді.
8
Бұл үшін оқушының білім қоры жинақталған теориялық білімдерін, ғылымдағы жетекші қағидалардан тұруы қажет.
Осының негізінде қажырлы ақыл – ой еңбегіне қатыса отырып, оқушы жеке деректер мен құбылыстар сырына ене алады.
Сондықтан да дамыта оқыту мен сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістемелерінің негізі оқытудың мазмұнын іріктеу мен әдістерін таңдап алудан басқа, оқушы алатындай оқу қиындықтарының сипаты мен дәрежесін дәл анықтауды ұсынады. Мұғалімнің креативті шығармашылық еңбегі оқушылардың жалпы ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етіп, белсенді ақыл-ой еңбегіне қол жеткізеді. Осы тұжырымдамалар негізінде құрылған сабақтарда іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың түрлері де ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдаланылады. Ақыл-ой дамуы белгілі бір ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі талдау, жинақтау, салыстыру, жіктеу (топқа жіктеу) т.б. жатады. Талдау дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүттіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады. Жинақтау – заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Талдау мен жинақтау біріне- бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір- бірімен үздіксіз байланыста болады. Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтау салыстыру деп аталады. Салыстыру- жинақтаудың қажетті алғы шарты. Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды. Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді. [8]
Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін сақтап, ата- бабаларымыздың өсиеттеріне ден қоя бастағаннан бері мұғалімдер оқу – тәрбие үрдісінде де сол ғұламалардың, билердің шешендік сөздерін тиімді қолданып жүр. Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге- үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді. Халық ауыз әдебиеті үлгілері балаларға мейлінше жақын, барынша түсінікті дүние болғандықтан, ол арқылы балалар айнала қоршаған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік, әсемдік, әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрып туралы түсінік алады. Мұның өзі баланың жеке тұлға ретінде дамуына қажетті көркемдік, ізгілік қасиеттерді бойына жинауда халықтың рухани мұрасының құндылығын қуаттайды. Ауыз әдебиетінің қай жанрын алсақ та оның педагогикалық тұрғыдан тәрбиелік – білімдік мүмкіндіктерінің саналуандығы көрінеді.
9
Ана тілі сабағында халық ауыз әдебиет үлгілері арқылы оқушылардың ақыл-ойын дамыту мүмкіндігі зор екенін мен осы зерттеу жұмысымда дәлелдедім.
Халық ауыз әдебиет үлгілерін сабақта өтілетін тақырыпқа сай іріктеп алып, оқушыларға ұсыну керек. Халық ауыз әдебиет үлгілерін беруде оқушы-лардың жас ерекшеліктерін ескерген дұрыс. Шамадан тыс мөлшерде сабақта халық ауыз әдебиет үлгілерін ұсынған да дұрыс емес. Өйткені ол оқушыларды жалықтырып жіберуі мүмкін.
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі бесік жыры, тұсау кесу жыры, төрт түлік жырлары, арнау-тілек өлеңдері, ойын өлеңдері, өтірік өлеңдер, жаңыл-тпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар, батырлық ертегілер мен батырлар жырынан үзінділер оқыту төменгі сынып оқушыларының ақыл-ойын дамытуға зор ықпал етеді.
Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі ең негізгі талаптардың біріне саналады. Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Айнала қоршаған ортаның қыр-сырын, сын-сипатын танытып, таным әрекеттерін, яғни қиялын, ойлауын, еске сақтауын, тілін дамытады. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылып, халықтық шығармаларды оқып-танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды адам мұратына жеткізетініне, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді. Бұл оқушылардың ақыл-ойын дамыту мәселесін шешудің бір жолы деп білеміз.[9]
Балалар әдебиеті – руханият еліміздің көркем шежіресі. Балалар әдебиеті – келешек әдебиеті. Белгілі академик-жазушы М.Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген екен. «Бесік түзетудің бір жолы – бесік жырын түзеу». Бесік жыры – балалар әдебиеті. Бүгінгі балалар әдебиеті - өркесі иік, өрісі кең, жанры алуан, мәдениеті үлкен әдебиет.
Бала оқылған шығармаларын немесе мәтінді тыңдап қана қоймайды, соларды ұғуға талпынады. Соның негізінде біртіндеп ол жайында ұғым қалыптастыруға талпынады. Оның ойын тез түсініп, өз ойын да жүйелі жеткізе алады. Соныме қатар тіл мен ойлау бір-бірімен байланыста екенін ұғады. Тез ойлаудың болмайтыны, әрбір ой тіл арқылы көрінентін, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді.
Педагогика мен психология ғылымдары бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуды салаларымен бірге қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеті баланың жас ерекшелігіне сай айналадағы, қоршаған дүниенің сапасы, қолданылатын орны, қасиеттері, неден жасалатынын, не үшін қажеттілігі жайында нақты түсінік беру болып табылады.
10
Балаға мақсат көздей отырып, оның айналадағы дүниені шынайы, ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз ету, табиғатқа,адамға, қоғамқа дұрыс қарым-қатаныс қалыптастыруды ақыл-ой тәрбиесі дейміз. Ақыл-ой тәрбиесін бердуе баланың білуге құштарлығын, ақыл-ой қабілетін дамыту,
байқаған құбылыстарын талдауға, салыстыруға, қортынды жасай білуге, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта көркем шығарманы пайдаланады.
Ақыл-ой тәрбиесі мақсатқа сай жүргізілсе, ол баланың логикалық ойлауын, танымдық қабілетін дамытып, ой қорытындысын жасай білуге жеткізедң. Сондықтан, тәрбиеші көркем шығарманың мазмұынына сәйкес сабақтың мақсатын айқын, нақты қоя білген жөн. Ақыл-ой жағынан бала неғұрлым белсенді болса, сұрақтарды да соғұрлым көбірек қояды. Бала ойын үстінде тәжірибе жасайды, себеп-салдарлық байланыстар ен тәуелділікті анықтауға тырысады. Мысалы, ол қандай заттың батып, қандай заттың батпай жүзіп жүретіндігін өздігінен ажырата алады. Барлық адамзатқа, табиғатқа деген сүйспеншілікті тәрбиелеудің басты құралы- халықтың тілі, мәдениеті, ана тілінің құдыреті халық ауыз әдебиеті үлгілерінде десек қателеспейміз. Балаларға арналған көркем шығармаларды ана тілі сабағында пайдаланамыз.[10]
Адам өмірінде сөз өнерінің орын ерекше. Көркем шығармалар арқылы қоршаған ортаға дұрыс, табиғатта аялай білуге , оған қамқоршы болуға тәрбиелеу, яғни табиғатқа мәдени қарым-қатынас жасау негізінен ана тілі, дүние тану сабақтарында және сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады. Мазмұны экологиылық тәрбиені ашатын көркем шығармалармен бірге халық ауыз әдебиеті үлгілерін де жиі пайдалануға болады. Мысалы: «Бұлақ көрсең көзін аш», «құстардың ұясын, құмырсқалардың илеуін бұзба», «құраққа орақ салма», «көкті жұлма», су ішкен құдығыңа түкірме», т.б мұның өзі баланың экологиялық сауатын ашуға бағытталған, табиғатты қоғауға, аялауға, оған қамқоршы болуға тәрбиелеудің және тіл байлығын жетілдірудің құралы екенін көрсетеді
Көркем шығарма арқылы баланыңсанасына, сезіміне әсер етіп, ондағы нақты жағыдайларға көзқарасын тәрбиелейді. Көркем шығармада бейнеленген кейіпкедің қуанышына қуанып, ренішіне ренжиді, оған көмек көрсеткісі келетінін ашық айтады.
Балалар қуанышы мен ренішін, ұнатқаны мен ұнатпағаныын құптаған немесе наразылығын бірден білдіреді. Бұдан балалардың белгілі бір тақырыпқа деген сезімін, өзіндік көзқарасын көруге болады. Мысалы баланың көркемдік қабылдауын дамыту үшін фольклорлық шығарманы пайдаланып халқымздың өмірімен,
тұрмысымен танысуға болады. Бастауыш мектепте ауыз әдебиет үлгілері кеңінен пайдаланылады. Себебі олар балаларға түсінікті болып келеді.
11
Оқушылардың тілін дамытуды жүзеге асырудың негізгі жолдарының бірі-көркем шығармалар.Мектеп жасындағы балалардың көркемдік талғамын қалыптастырып, әсемдікті сезіну, әдемілікті көре білу, табиғаттағы үйлесімділікті көркем шығармалардағы суреттермен салыстыру, дүниетану, ана тілі сабақтары арқылы жасалады. Әсіресе «жыл мезгілдері»,Ұлттық өнер», «Менің елім қазақстан», т.б көптеген тақырыптарға арнайы ұйымдастырылған мақсатты топсаяхаттарда іске асыруға мүмкіндік туады. Онда оқушылар табиғаттың әсемдігін көріп, бақылап сезінуге үйренеді және оны ойымен жүйелі баяндап, әңгімелеп айтып бере алатын болдаы. әсіресе ұлттық музейлерге жасалған топсаяхатта көргендерінің (ұлттық аспаптар, ұлттық киімдер ұлттық тағамдар т.б әсемдігін айтып жеткізуде байқалады. Балалаарға эстетикалық тәрбие беруде халық ауыз әдебиеті шығармаларының (ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш) маңызы аса зор. Олар баланың қабылдауына, жан құбылысына жақын, өйткені бұл шығармалар мазмұны жағынан терең көлемі шағын, қарапайым да түсінікті. Көркем шығарманы оқып немесе әңгімелеп беруде мұғалім шығарма кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз екенін айыра отырып, неліктен бір кейіпкер ұнап, екіншісі ұнамайтынына өзі қорытынды жасап айта алады. Автордың кез-келген шығармасындағы әсемдікті өмірдегі шындықпен салыстыруға үйретіледі.
Көркем шыгармаларды сахналату, рөльдерге бөліп ойнату арқылы бала кейіпкерге еніп, яғни оның іс- қимылын, жүріс тұрысын барынша бейнелеуге тырысады. Мектеп оқушыларының тез әсерленгіш келетінін ескере отырып, халық қаһармандары туралы өлең немесе әңгімелерді өткенде олар туралы фильмдерден үзінді көрсету, батырлармен кзедесу ұйымдастырған өте тиімді екенін көрсетті. Сондай-ақ мектепте өтетін мерекелерде әсіресе, «Наурыз», «9мамыр жеңіс күні» ерекше көрініс табады.
Балалар да батырларға еліктеуге құмартып, мереке күндері өте белсенділік танытады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанынан бері халық қаһармандары Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Р. Бағыланова, т.б ер қорғаудағы ерлік істері, өнердегі ұлттық мақтаныш ететін аты аңызға айналған батырлардың еңбектерімен тереңірек таныстырып, олар туралы жазылған көркем туындыларды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдаландық.
Оқушылардың әдеби тілін дамытуда әдеби шығармаларды оқып беріп, тыңдап, оқылған әңгімелерді, ертегілерді саналы ұғынып, тәжірибе жүзінде қолдан білуге үйретуде ойын жаттығуларды қолдандық.
Мектеп оушыларының тілін дамыту құралдарының бірі - халық ауыз әдебеті үлгілеріндегі ертегілер болып табылады.
12
Халықтық шығармалардың ішінде ертегілердің балаларға тигізетін әсері ұшан теңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |