Пән атауы: “Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия” Мамандығы


Бастауыш сыныпта жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқыту



жүктеу 262,98 Kb.
бет9/13
Дата20.01.2022
өлшемі262,98 Kb.
#33833
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Курстық жұмыс роза

Бастауыш сыныпта жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқыту

Мақал - сөз анасы. Әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылған нақыл сөздердің мәйегі.Көбінесе екі тармаңтан құрылады. Бірінші тармағында ойдың түп нұсқасы пайымдалады, екіншісінде ой қорытындыланып түйінделеді. Мақал сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.
Мәтел-мақалға ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш тармақты емес, өлең сипатында құрылатын ықшамды, кестелі нақыл сөз. Ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жаттала тараған өнеге, үлгі, өсиет сөздердің киелі түзілімі. Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдер тақырып сайын және әр бөлім сайын оқытылады. Олар арнайы сағат ретінде де өткізіледі.[12]
13

Жұмбақ - халық шығармаларының ең көне түрінің бірі және барлық жұрттың фольклоріне ортақ тұр. Ерте заманда пайда болғанымен жұмбақ бергі заманда да, тіпті, бүгінгі біздің дәуірімізде де маңызын жойған жоқ.


Қай кезді алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлың сөздері мен бірге саяси құрал есебінде жауға қарсы қолданған.
Сырт қарағанда, соңғы уақыттарда жазба әдебиеттің күшейуімен "Жұмбақ азайған шығар. Жаңадан жасалмайтын шығар" деген ойлар болушы еді. Анығында бұл теріс боп шықты. Жұмбақ қазақ халқы мен қатар басқа халықтардың арасында да әлі күнге, өмір сүріп, дамып келеді. Олай болса халықтың жұмбақ қорын жинап, зерттеу қажет.
Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы - дәні тәрізді. Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ, оны мектеп балалары тілді ұстарту мақсатымен оқып, жаттайды. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек - кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер -білім, техника, т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар, мазмұнына айналды. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ әлеміне енгенде, әрқайсысы жалпылама емес, бөлшектене, жекелене алынады.
Мақал-мәтелді қазақ тілі сабағында көптеп қолдануға болады.
МЫСАЛЫ: Сын есімді өткенде:
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болады.
Бұлттан шыққан күн ащы, жаман кісінің тілі ащы,-деген сияқты сан есімдерді өткенде:
"Ел құлағы елу.
Қырықтың бірі - қыдыр.
Қызға қырық үйден тыю.
Ұлға отыз үйден тыю.
Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыстағы шал келіп сәлем берер.
Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық - ақ жаулық,
Үшінші байлық - он саулық.
деген сияқты есімдіктерді өткенде:
Кісі еліне сұлтан болғанша,
Өз еліңе ұлтан бол.
Бұлай тартсаң, өгіз өледі,
Олай тартсаң, арба сынады.
деген мақал-мәтелдерді қолдану, олардың мағынасын ашу жоғарыдағы қойылған мақсаттардың кейбірін іске асырады.

14

Мұндай сабақтарда оқушыларға да тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді жазып келуге тапсырма беруге болады.


Мұны оқушылар ынтамен орындайды, өйткені, мақал-мәтелдер - сөз мәйегі, әрі қысқа, әрі нұсқа, оқушылардың жаттауына да жеңіл, әрі балалардың тілін дамытып, ой-өрісін өсіре түсері сөзсіз. Тиісті жерде тыныс белгілерін қойғызып, оларды сөйлем мүшелеріне талдауды оқушылардың қызығушылығын туғызып, сауаттылығын арттырады.
Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту және де сауаттылығын нығайту мақсатында қазақ тілі пәнінен 3-сыныпта "Жалпы және жалқы есімді" қайталау сабағының бекіту бөлімінде оқушыларды 3 топқа бөліп мақал сайысын өткізуге болады. I бөлімінде: Еңбек туралы мақал айтып жарысу.
II бөлімінде: Мақалдың соңын жалғастыру және мәнін-мағынасын айту.
III бөлімінде: Белгілі тақырыпқа байланысты мақал айту.
Мысалы: Ат айналып қызығын табар,
Ер айналып елін табар.
Тіліңмен жүгірме
Біліммен жүгір.
Адам баласының ең жаманы
талапсыз.
IV бөлімінде: Әр топқа белгілі тақырып беріліп, сол
тақырыпқа байланысты мақал айтып жарысу. Мысалы:
I топқа: "Оқу білім туралы мақал"
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Қына тасқа бітеді.
Білім басқа бітеді.
II топқа: Мал жөнінде:
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.
Ат ерінді келеді,
Ер мүрынды келеді.
III топқа: Тіл өнері туралы мақал:
Өнер алды қызыл тіл.
Өнер - ердің қанаты.
Сонымен қатар "Әрі қарай жалғастыр" жарысында топ басшыларына арналған өлең шумағын жалғастыру.
1. Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
М.Мақатаев.
2. Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай мақтанба.

15

А. Құнанбаев.


3. Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге ыңыласпен тоқылық.
Ы. Алтынсарин.
Бұл жарыста III топ басшысы толық жауап беріп жеңіске жетті.
Мақал-мәтелдер әр бөлімнің, әр тараудың соңында беріледі.
Оқушылар сабаққа белсенді түрде қызығушылықпен қатысады.
Халықтық педагогиканың тарам-тарам жолдарын орынды пайдалана білу әр мұғалімнің өз үлесінде. Тек оқушыларымыздың ұлттық санасын оятып, жүргеніне жол таба білсек болғаны.
Халықтық педагогика қағидаларын игеруге айлар емес, жылдар керек. Оның үстіне жинақталып, кітап болып басылып ғылыми тұрғыдан жүйеленбеген, сараланбаған қазынаны тауып алу оңай емес. Сондықтан ел аузындағы есті сөздерге құлақ түре жүру, ата-бабалардың баспа сөз бетінде жарық көрген ұлағаттарын тере жүру тәрбие тұтқасындағыларға тартымды да татымды білім олжасы. Өзің пісірген астың дәмді болатыны сияқты, өзің терген сөздің қадір-қасиетін де тере бойлай танисың, тәжірибеңде тиімді, ұтымды, орынды пайдаланасың.
Өз педагогикасын тудырған халың әр дәуірде ақылды сөзбен, парасатты мінезбен ұрпақтарын игілікке тәрбиелеген. Осы тұрғыдан К. Ушинскийдің "Қандай да тарихи тірлік жасаушы халық - жер бетіндегі ең тамаша жаратылыс, тәрбиеге тек қана осы бай да таза қайнар көзден керектіні ала білу керек!" - деген даналық ойына құлақ асу әр ата-ананың парызы. Өйткені халық педагогикасының ғылыми тәрбиеге кесе-көлденең келер сәті жоқ, қайта керісінше қоян-қолтық қабысып, тигізер себебі көп. [13]

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді оқытып, оқушылардың шығармашыл ойлауын қалыптастыру – бүгінгі өмір талабына сай азаматты тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі.

Себебі оқыту үрдісінде тиімді қолданылған мақал-мәтелдер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, сол арқылы шәкірттердің ана тілінің терең қатпарларын игеруіне, асыл маржандарын түсінуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілі, ана тілі пәндерінде мақал-мәтелдерді оқыту мемлекет тарапынан білім беру.

Мақал-мәтел – ата-бабамыздан қалған өшпес мұра.

Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, уақыт өткен сайын мағынасы терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтелдердің ұрпақ тәрбиесіндегі орны айрықша, тәрбиелік мәні зор рухани байлық.[14]

16

Бастауыш сынып оқулықтарында берілген мақал-мәтелдерді қамтитын тақырыптар төрт түлік туралы, кішіпейілділік пен адамгершілік, еңбек пен кәсіп, өнер мен білім, батырлық пен ерлік, туған жер, ел табиғатына байланысты. Осыған шолу жасасақ:




жүктеу 262,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау