«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



жүктеу 0,98 Mb.
бет59/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   162
ПФжӘ дәріс

Кузьмина Нина Васильевна 1923 жылы 23 қыркүйекте Нальчик қаласында дүниеге келген. 1947 жылы Герцен атындағы Ленинград педагогикалық институтын бітірген, 1950 жылы аспирантураны бітіріп, Б.Г. Ананьевтің ғылыми жетекшілігімен «Бастауыш сыныптардың жас мұғалімінің жұмысындағы қиындықтар мен табыстарға психологиялық-педагогикалық талдау» тақырыбында кандидаттық диссертация, 1965 жылы «Мұғалім әрекетінің психологиялық құрылымы және оның тұлғасының қалыптасуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізінен педагогика және педагогикалық психология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Н.В. Кузьмина кәсіптік білім берудің акмеологиясын зерттеді. Н.В. Кузьминаның еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық құрылымына сипаттама беріледі. Ол барлық студенттің педагогикалық мамандыққа бағыттылығын және педагогикалық икемділігін қалыптастыруды педагогикалық меңгерудің маңызды міндеттерінің бірінен санайды. Сонымен қатар маман дайындаудың тиімділігін арттыру үшін студенттерді болашақ кәсіби іс-әрекетінің құрылымына икемдей отырып, мұғалім тұлғасын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Педагогикалық қабілетке ол педагогикалық байқампаздық, педагогикалық қиял, педагогикалық такт, назар аударып, көңіл қою және талапшылдықты жатқызады.
Педагогикадағы құзыреттілік тұғыры туралы ғылыми жұмыстардың арасында Н.В. Кузьминаның зерттеулері ерекше мәнге ие. Мұғалім еңбегінің психологиясын қарастыра отырып және педагогикалық қызметінің құрылымын анықтай келе, ғалым педагогтің тұлғасына үлкен мән береді. Көрсетілген кәсіби шеберлік пен бірізді дағдылар даярлық үдерісінде тұтас тетік құрайды. Н.В. Кузьмина кәсіби даярлаудың төрт компонентін атап көрсетеді, олар: құрастырушылық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және гностикалық. Оларды автор белгілі бір педагогикалық қабілеттердің қатарына жатқызады: оқу-құрастырушылық материалдарын балалардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдау, баланың жеке тұлғасының жобалану, диагностикалық және даму бейнесін есепке алу; коммуникативтік-балалармен қарым-қатынас қалыптастыру, оларды ситуацияға байланысты әрекет етуге бейімдеу; ұйымдастырушылық-іс-әрекеттің алуан түріне қатыстыру, ұжымды әрбір жеке тұлғаға ықпал жасау құралына айналдыру; гностикалық – заңдылықтарды анықтайтын, тәуелділікті белгілейтін талданған педагогикалық ситуацияларды оңтайлы шешуге қабілетті болу.
Н.В. Кузьмина құзыреттілікті жеке тұлғаның қасиеттері ретінде қарастырады. Оның пікірінше құзыреттіліктің бес түрі бар:
1. Оқытатын пән бойынша арнайы және кәсіби құзыреттілік.
2. Оқушылардың білім, біліктерін қалыптастыру тәсілдері бағытындағы әдістемелік құзыреттілік.
3. Қарым-қатынас аясындағы әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік.
4. Оқушылардың ынтасы, қабілеті аймағындағы дифференциалды-психологиялық құзыреттілік.
5. Тұлғаның өзінің және өзіндік іс-әрекетінің жетістіктері мен кемшіліктері айналасындағы аутопсихологиялық құзыреттілік.
Н.В. Кузьмина Бүкілодақтық акмеология ассоциациясын құрды. 1991 жылы акмеология білімнің жаңа саласы ретінде тіркелді. 1992 жылы Акмеология ғылымдарының қоғамдық академиясының негізі қаланды.

жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау