М.Н. Скаткин дидактиканың іргелі мәселелерін зерттеді (4.1 тармақшаны қараңыз.). Ол білім бері мазмұны мен оқыту әдістерітеорияларының қосалқы авторы болып табылады.
Академик Исаак Яковлевич Лернер көптеген дидактикалық мәселелрдің ғылыми шешімін тапты. Ол білім мазмұнын пеадгогикалық бейімделгенәлеуметтік тәжірибе деп қарастырды. И.Я. Лернер білім мазмұнын таңдаудың факторларын, оның құрамы мен құрылымын, оқу бағдарламаларын құрастырудың нормативтерін қарастырды
Л ернер Исаак Яковлевич (1917-1996 жж.) - әйгілі педагог, ПҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы (1971), профессор (1990) Исаак Яковлевич Лернер 1917 жылы Украинаның Хмельницкий облысында дүниеге келген. РСФСР–дің ғылымға еңбегі сіңген қайраткер (1987), 1939 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді. 1937 жылдан Мәскеудің, Мичуринскінің Воронеждің және басқа қалалардың педагогикалық жоғары орындарында дәріс берді. 1959 жылдан ПҒА жүйесінде жұмыс жасады. 1964-70 жылдары гуманитарлық білім берудің дидактикасы зертханасын, 1972-1974 жылдары жалпы және политехникалық білім берудің ғылыми-зерттеу институтында дүниеге көзқарас қалыптастыру зертханасын басқарды. 1970 жылдан Жалпы педагогика ғылыми-зерттеу институтының дидактиканың жалпы мәселелері зертханасында істеді.
Исаак Яковлевич Лернер алғашқылардың бірі болып, дидактиканың әдіснамалық қызметін негіздеді, проблемалық оқыту теориясын дамытты, оқыту әдістерінің дидактикалық негіздері мен әдістер жүйесін жасады. Ол оқыту әдістерінің, оның ұйымдастыру формаларының, құралдары мен әдістерінің өзара байланысын ашып көрсетті, әлеуметтік тәжірибеге сәйке білім мазмұнының құрамы мен құрылымын негіздеді. Исаак Яковлевич оқу-тәрбие үдерісінің жүйе ретіндегі тұжырымдамасын жасады, орта білім берудің базалық мазмұнының тұжырымдамасын ұсынды.
1985-1991 жылдары қазіргі заманауи мектеп оқулықтарын түзу теориясын жасау жұмысына басшылық етті.
И.Я. Лернер ғылыми зерттеулерінің нәтижелері оның 1981 жылы жарық көрген «Дидактические основы методов обучения» монографиясында және, 1989 жылы басылып шығарылған «Теоретические основы процесса обучения в советской школе» атты ұжымдық монографияда көрініс тапты.
Оқыту үдерісін, білім беру мазмұнын, оқыту әдістерін жеке қарастыра отырып, И.Я. Лернер замануи оқыту үдерісінің әмбебап, жалпы кезкелген оқу орнын қамти алатын дидактикалық моделін жасау идеясын терең ойластырды. Оның бұл ұмтылысы «Философия дидактики и дидактика как философия» атты кітабында, одан да бұрын «Современная дидактика: теория — практике» атты монограиясынан орын алды.
Шығармалары: Содержание и методы обучения истории в V-VI классах веч. (сменный) школы, М., 1963; Проблемное обучение, М., 1974; Процесс обучения и его закономерности М., 1980, Дидактические основы методов обучения М., 1981, Развитие мышления учащихся в процессе обучения истории М., 1982, Теоретич. основы содержания общего ср. образования М., 1983 (ред. и соавт), Теоретические основы процесса обучения в школе М., 1989 (соред и соавт).
Н.М. Шахмаев дидактиканың әдіснамалық мәселелерін зерттеді, дидактикалық білімнің нысанын, пәнін, қызметтерін, дидактиканың негізгі ұғымдарын анықтады, білім мазмұнының қалыптасу деңгейлерін негіздеді, оның құрылым туралы түсінікті толықтырды.
Ш ахмаев Николай Михайлович (1919-1991 жж.). оның еңбектері физиканы оқытуда техникалық құралдар пайдаланудың дидактикалық мәселелеріне арналды. Ол жоғары оқу орындарына арналған физика пәнінен оқу және оқу-әдістемелік құралдардың авторы, саралап оқытуды теориялық негіздеді және оны тәжірибеде жүзеге асыру сұрақтарын қарастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |