«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогиканың философиялық бағдарлары



жүктеу 0,98 Mb.
бет22/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162
ПФжӘ дәріс

3. Педагогиканың философиялық бағдарлары


Философия ғылым әдіснамасымен толығып отырады. Бұл, бір жағынан, ғылымның алдында тұрған жаңа міндеттермен, сондай-ақ ол міндеттерді белгілі білім мен әдістер көмегімен шешуге болмайтындығымен, ал, екінші жағынан, ғылымның эвристикалык әлеуетімен түсіндіріледі. Әлемдегі болып жаткан құбылыстарды және пәнді тану сол үрдістің «өзіндік танымымен», оның өзіндік дамуының шарттары және заңдылыктарымен анықталады. Бұдан шығатын қорытынды: білім беру саласындағы ғалым-теоретиктер мен ғалым-практиктерге барлық күш-жігерін ғылымның тиімді жақтарын зерттеуде ғылымның әдіснамалық таным, әрі жеке ғылымдардың әдіснамалық мәселелерімен бірлікте қарастырылуын қағида ретінде басшылыққа алуы қажет. Педагогиканың философиялық бағдарлары ретінде ғылымтанушылар неомарксизм, экзистенциализм, феноменология, структурализм, прагматизм, герменевтика, аналитикалық философия, персонализм, постмодернизм, философиялық антропология сияқты бағдарларды ұсынады. Бұл бағыттарға қысқаша тоқталып көрейік.
Жаңа марксизм (В.И. Ленин, Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко). Философиялық ағым ретінде марксизм, яғни Карл Маркстің ілімі ХХ ғасырдың әлеуметтік және экономикалық ойының тағдырына мәнді әсер етті. Неомарксизм – адам мен қоғам болмысының заңдылықтарын жете білуге ұмтылған, Маркс ұсынған әлеуметтік және экономикалық құбылыстарды түсіндіру моделіне сүйенген ерекше ілім. Маркс шындық болмысты тек материалистік тұрғыдан қарастырды. Маркстің әлеуметтік-педагогикалық көзқарасында өндіріс күштері өндірістік қатынастардан озып дамиды деген тұжырым жатты. Бұл қайшылықты тек революциялық жолмен шешуге болады деп түсінді. Адамзаттың экономикалық тарихы өндіріс тәсілінің ауысуымен бейнелеуі тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру құралы болды. Адамдар, яғни әлеуметтік антагонистік қайшылықтарға негізделген азиаттық, антиктік, феодалдық, буржуазиялық өндіріс тәсілдерін бастан кешіреді, ал буржуазиялық қоғамды пролетариат қозғалысы жояды деген пікірін ұсынды. Марксизмді В.И. Ленин дамытып, Кеңес Одағындағы марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу ізденістерінің негізіне алынды. Материалистік диалектика, таным теориясы, диалектикалық логика, ғылым әдіснамасы мәселелерін зерттеуде Э.В. Ильенков, М.М. Розенталь, П.В. Копнин және адамтануда – Б.Г.Ананьев, Д.Н. Узнадзе, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурье, Л.С. Рубинштейн және басқалар іргелі және қолданбалы нәтижелерге қол жеткізді. Марксизм-ленинизм – жұмысшы таптың дүниеге көзқарасын құрайтын философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастардың ғылыми жүйесі, әлемді тану мен революциялық қайта құру қоғамның, табиғаттың және адами ойлаудың, капитализмді құрту мақсатындағы жұмысшы таптың революциялық күресінің, социалистік және коммунистік қоғам құрудағы жасампаз әрекетінің заңдары туралы ғылым болды.
Марксизмнің теориялық көздері: немістік философия, ағылшындық саяси экономия, француздық утопиялық социализм еді. Марксизм өзара байланысты үш құрамдас бөліктен тұрады: диалектикалық және тарихи материализм, саяси экономия және ғылыми коммунизм. ХХ ғасырда жаңа марксистік көзқарастар педагогика ғылымының ізденістеріне өзінің дүниетанымдық және әдіснамалық бірегейлігімен әсер етті. Батыста сыни педагогиканы дамытты. Кеңес одағында педагогика ХХ ғасырдың 80-жылдары марксистік ілімге құрылды, коммунистік тәрбиені негіздеді.

жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау